Мақсаттың оқушылардың әрекеті арқылы қойылуы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
0.1. Бағалаудағы критериалды тәсілдер
Білім берудегі технологиялық тәсілдің маңызды ерекшелігі мақсаттың болуы, ол өз кезегінде мұғалімге өз жұмысы мен оқушының әрекетін бағалап, білім беру үрдісіне жедел түрде өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді. Педагогикалық технологияда мақсаттар нақтылануда.Оның нәтижесінде мұғалімнің нақтылауынан кейін келесі қасиеттерге ие мақсаттар тұжырымдалуы тиіс:
* оқытудың мақсаты, мазмұны және пәннің логикасымен қисынды байланысқан;
* өлшемді(оқитындардың алған білім, білік, дағдысы көлемінде);
* белгіленген уақыттық межесі бар.
Бағалаудағы критериалды тәсілдер:
1. Оқу мақсаттары: Білім беру жүйесін жобалаудағы Кері дизайн;
2. Бағалау түрлері: қалыптастырушы бағалау, жиынтық бағалау;
3. Бағалау критерийлері: ойлау деңгейлері (білу, түсіну, анализ, синтез, бағалау), сөйлеу әрекетінің түрлері (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым), әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар, дескрипторлар;
4. Бағалау шәкілі: белгілі пайыздық қатынаста бағалау рәсімдері топтамасының балдар қосындысы ретінде;
5. Бағалау қағидаттары.

Белгілі ғалым М.В.Кларин педагогикалық технологияға педагогикалық мақсатқа жету үшін пайдаланылатын барлық дара инструменталдық және әдіснамалық құралдардың қолдану реті мен жиынтығының жүйесі деген анықтама берген. Ол әдебиеттерге талдау жасай отырып, оқу мақсаттарын қоюдың негізгі тәсілдерін қарастырады:
1.Мақсатты зерделеленетін мазмұн арқылы анықтау.
Мақсат қоюдың бұл тәсілі неғұрлым кеңінен танылған дәстүрлі жол болып табылады(мысалы, Параграфтың мазмұнын оқу..., Теореманы зерделеу...).Оқытудың технологиялық тәсілінің жақтастары бұндай мақсаттарды сөзсіз жеткіліксіз деп есептейді, себебі оған қол жеткізілгенін бағалау өте қиын.Дегенмен, бұл мақсаттар қолдануға жарамды, себебі олар оқытудың мазмұнын көрсетіп тұр.
1. Мақсаттарды мұғалімнің әрекеті арқылы анықтау.
Бұндай мақсат мұғалімнің әрекетіне шоғырланады.Мақсатты бұлай қою кезінде өз жұмысына шоғырланған мұғалімнің оқушылар қол жеткізген нәтижені бағалауына мүмкіндігі бола бермейді(мысалы, Оқушыларды ...таныстыру, ... көрсету, ... түсіндіру. Сөйтіп, мақсат қоюдың технологияланбаған тәсілі еңсерілмейді, тек бүркемеленіп қалады.
3. Мақсаттарды оқушы дамуының зияткерлік, эмоционалдық, тұлғалық үдерістері арқылы қою. Аталған мақсаттар жалпы білімділік мақсаттарды бейнелейді(мысалы, білігін қалыптастыру (дамыту), оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту).Бұндай мақсаттардың қойылуы мүмкін, бірақ белгілі бір қиындықтармен ықпалдасады.Бір сабақта (тіпті бірнеше сабақтар аясында) білік пен дағды қалыптастыру сияқты мақсатқа қол жеткізу мүмкін емес, себебі мұғалімнің қолында оны өлшеудің құралы жоқ.
4.Мақсаттың оқушылардың әрекеті арқылы қойылуы.
Мақсаттардың бұндай тұжырымдамасы сабақты жоспарлау мен өткізуге анықтық, белгілілік енгізеді(мысалы, Сабақтың мақсаты-шешу(орындау, шығару).Бірақ мақсатты бұлайша етіп қою мұғалімге оқушы қол жеткізген нақты нәтижені анықтауда белгілі бір қиындықтар туғызады.
Сонымен, педагогикалық технологияда оқу мақсаттарын қоюдың қандай тәсілдері неғұрлым тиімді болып табылады? Оқытудың мақсаты оқушының іс-әрекетінен көрінетін оқыту нәтижелері арқылы тұжырымдалады.Сонымен бірге оқытудың нәтижелері оларды дәлме-дәл анықтайтындай етіп анықталады.Нәтиженің нақтылығын түсіну екі түрлі жолмен іске асады:(1)мақсаттардың деңгейлерге бөлінген айқын жүйесін (таксономиясын) құру.Оқушы неғұрлым жоғары деңгейге қол жеткізсе, ол да, мұғалім де үлкен жетістіктерге жетеді; (2)мақсаттарды мейлінше дәлме-дәл және нақты тілмен сипаттау [1].
Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасына сай оқу мақсаты мен оның нәтижелері жоғарыда айтылған тәсілдерге негізделіп анықталады.Үшінші деңгей бағдарламасы бойынша Оқу мақсаты - мұғалім оқушыларға үйреткісі келетін нәрселер.Осыған байланысты, оқу мақсаттарын қалыптастыру шаралары төмендегілерді білуге бағытталған:
* Сіздің ойыңызша, оқушылар нені білуге тиіс?
* Оқушылар қандай түйінді идеяларды түсінулері керек?
* Оқушылар қандай мәселелерді зерттеп, талдаулары керек?
Ал, оқу нәтижелері мұғалім сабақта қойылған мақсаттарына қол жеткізе алды ма, жоқ па екенін білуге мүмкіндік береді.
Оқу нәтижелері:
* оқушыға бағытталуы керек;
* белгілі бір дағдыны сипаттайтын етістік болуы керек;
* оқушының оқу үлгерімі тұрғысынан жазылуы керек.
Деңгейлік бағдарламалар курсының мұғалімдері бірінші Бетпе-бет кезеңінің төртінші аптасының үшінші және төртінші күндері өтетін сабақтарда тізбектелген сабақтар топтамасының орта мерзімді жоспары мен бір сабақтың жоспарын, яғни қысқа мерзімді сабақ жоспарын жасап үйренеді. Педагогикалық шеберлік орталығының білім беру порталынан мұғалімдер жоспарлауда пайдалануға болатын көптеген ресурстарды пайдаланады.
* Жоспарлау жөніндегі нұсқаулық мұғалімдерге сабақтар топтамасы кім үшін жоспарланғанын, нені үйрету керек екенін және бағалаудың қандай әдістерін пайдалану қажет екенін түсінуге мүмкіндік береді.
* Толтыруға арналған кестеорта мерзімді жоспарлау кезінде қолданылатын нысан болып табылады.Оны мұғалімдер оқу мақсаттарын жазуға, оқытудың белсенді стратегияларын, оқу нәтижелерін, жоспарланған бағалауды, оқушылардың барлығының сабаққа қатысқандығын және әр сабақ үшін қажетті ресурстар тізімін жазу үшін пайдалана алады.
* Кестені толтыру жөніндегі нұсқаулықта орта мерзімді жоспарлау нысанының қандай тарауына не жазу керектігі туралы толық мәлімет ұсынылған.
* Орта мерзімді нәтижелерді бағалауға арналған бақылау парағы мұғалімдерге өз жоспарларына қажетті мәселелелердің барлығы кіргізілгендігін тексеруге мүмкіндік береді[2].
Критериалды бағалау -- бұл білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушының оқу- танымдық құзырлығын қалыптастыруда алдын-ала белгіленген жетістіктер мен салыстыру үрдісі . Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты -- жаңа үрдістегі оқытудың сапасын арттырады. Білім алушылардың білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру болып отыр.
Критериалды бағалау -- бүгінгі білім жүйесіндегі жаңа талап. Оқушы сын тұрғысынан ойлау арқылы алдына мақсат қоя біледі. Әрі нәтижеге жетуге үлкен талпыс болатынын уақыт байқатып отыр. Сондықтан маңызды істі жауапкершілікпен атқарғанда ғана жұмыс жүйеленетіні белгілі.

1.2.Оқушыларды критериалды бағалау жүйесі.
Сыныптағы қалыптастырушы бағалаудың мәдениеті мен тәжірибесін дағдыландыру бағалау жүйесін реформалау үрдісіндегі әрекеттердің күрделі
бағыттарының бірі болып табылады. Мұғалім санасының философиясында туындаған асимметриямен байланысты, санада қабылданатын объект бұрынғы қалыптасқан пікірі мен артықшылықтарына сәйкес емес жағдайда туындайды. Сана философиясына сәйкес асимметрияның болуының жақсы
жақтары да бар: нысананы қабылдауда объективтілікті арттырады, ол асимметрияны тудырады және оның дамуына әкеледі. Демек, қалыптастырушы бағалауға сыни және күмәнмен қараған мұғалімдер қалыптастырушы бағалаудың негізінде алынған нәтижелерді бұдан әрі объективті түрде бағалауы мүмкін. Өз кезегінде бұл педагогикалық қоғамда ынталандыратын және қолдайтын кәсіби орта қызмет жасайды деген шартпен мұғалімге өз тәжірибесінде шынайы өзгерістер мен жақсы нәтижелерді алуға мүмкіндік береді. Сана философиясына сәйкес асимметрия санадағы объект алдыңғы қалыптасқан сенім мен артықшылықтарға сай болмаған жағдайда туындайды. Оңтайлы сәті оның дамуына алып келетін берілген объектіні қабылдаудың объективтілігін арттыру болып табылады.
Педагогикалық мақсаттардың ең алғашқы үлгісінің авторы американдық ғалым Б.Блум болды. Ол Таксономия еңбегінің бірінші бөлігін жарыққа шығарды(1956).Блум таксономиясы - танымдық саладағы оқытудың педагогикалық мақсаттарының жіктелуі.Оған ойлау дағдыларының алты деңгейі кіреді:білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау. Келесі онжылдықта Д.Кратволь және басқа да ғалымдар Таксономия еңбегінің екінші бөлігін (аффективті сала бойынша) жазды.Бірінші бөлігі танымдық (когнитивті) мақсаттар саласын сипаттайды. Алдымен іс-әрекет саласы мен ол қамтитын сәйкес мақсаттарға тоқталайық.
1.Когнитивті(танымдық) сала.Бұның құрамына зерделенген материалды есте сақтау мен қайта жаңғыртудан бастап проблемаларды шешуге дейінгі мақсаттар енеді.Оның барысында жаңа нәрсе құруды енгізе отырып, бар білімді қайта ойлап (басқаша ойлау) оның алдын-ала зерделенген идеялармен, әдістермен, тәсілдермен жаңа байланысын құру қажет болады. Танымдық салаға бағдарламалардағы, оқулықтардағы, мұғалімдердің күнделікті тәжірибесіндегі оқыту мақсаттарының басым бөлігі қатысты болады.
2.Аффективті (эмоциялық-құндылықтық) сала.Оған қоршаған ортаның құбылыстарын қарапайым қабылдаудан бастап құндылықтық бағдарлану мен белсенділік танытуды қалыптастыру мақсаттары енеді.Бұл салаға қызығушылық пен қабілеттерді қалыптастыру, басқа да бір сезімге алаңдау, оны әрекеттің барысында ұғыну мен көрсетуі сияқты мақсаттар кіреді.
3.Психомоторлық сала.Бұнда қимыл-қозғалыс (моторлық), манипулятивті әрекет, жүйке-бұлшық ет үйлесімділігін қалыптастырумен байланысты мақсаттар қамтылады.Бұл жазу дағдысы, тілдік дағдылар, дене тәрбиесі мен еңбекке баулу ұсынатын мақсаттар [3].
Блум таксономиясы негізіндегі оқу пәнінің мақсаттарын нақтылау екі кезең бойынша жүреді:алғашқысында курстың мақсаты анықталады да, екіншісінде күнделікті іс-әрекеттің мақсаты анықталады. Мақсаттарды толық өлшемдіетіп, ал оқытуды қалпына келтіру үшін әр мақсатқа қол жеткізудің критерийлерін ұсыну керек. Басқаша айтқанда, оқу мақсаты мен оның жетістігі және бір мағыналылығы жөнінде кесіп-пішіп айтатындай болып сипатталуы тиіс.
Блум таксономиясындағытанымдық деңгейдің алты қадамы бойынша мақсатты айқындау мұғалімдер үшін қиындық туғызары анық. Сондықтан төмендегі кестелердемұғалімдер үшін мақсаттарды айқындаудың шартты түрдегі талаптарыкелтіріледі(1, 2-кестелер).
1-кесте.Когнитивті саладағы оқу мақсаттарының категориялары
Оқу мақсаттарының негізгі санаттары
Оқу мақсаттарының жалпыланған типтерінің үлгілері
1. Білім
Бұл категория зерделенген материалды есте сақтау мен қайта жаңғыртуды білдіреді.
Оқушы:терминдерді, нақты фактілерді, әдістер мен тәртіпті, негізгі түсініктерді, ережелер мен қағидаттарды біледі.
2. Түсіну
Зерделенген материалды түсіну қабілетінің көрсеткіші оны бір формадан екінші формаға, өзгерту, (трансляция) бір тілден басқа тілге ауыстыру(мысалы, тілдік формадан математикалық формаға) болып табылады. Оқушының оқу материалын өзінше түсіндіруі (қысқаша түсіндіруі) немесе оқиға мен құбылыстың әрі қарайғы барысын жорамалдауы да (салдарын, нәтижесін алдын-ала болжауы) түсінудің көрсеткіші болып табылады. Бұндай оқу нәтижелері материалды құрғақ есте сақтаудан асып түседі.
Оқушы:фактілерді, ережелер мен қағидаттарды түсінеді, тілдік материалды, графиктер мен диаграммаларды түсіндіреді (интерпретациялайды), тілдік материалды математикалық өрнекке өзгертеді, қолдағы бар деректерден туындайтын нәтижелерді жобалап сипаттайды.
3. Қолдану
Бұл категория нақты материалды нақты және жаңа жағдайда қолдану білігін білдіреді. Бұған ережелер, түсініктер, заңдар мен теориялар, әдістерді қолдану кіреді. Оқытудың сәйкес нәтижелері материалды түсінгеннен де гөрі неғұрлым жоғары деңгейді талап етеді
Оқушы:түсініктер мен қағидаттарды жаңа жағдайда қолданады, заңдар мен теорияларды нақты практикалық жағдайларға қолданады, әдістерді дұрыс қолдануды көрсетеді.
4.Талдау
Бұл категорияға бүтінді бөліктерге ажырату, олардың арасындағы өзара байланысты анықтау, бүтінді құрастыру принциптерін сезіну жатады.Сонымен бірге, оқу нәтижелері түсіну мен қолдануға қарағанда неғұрлым жоғары зияткерлік деңгеймен ерекшеленеді, сондықтан оқу материалының мазмұнымен қос оның ішкі құрылымын сезінуді де талап етеді. Дәйектер мен себептерге сәйкес ақпаратты тексеру және жіктеу. Қорытынды жасау және жалпылаудың болғанын растайтын дәлелдерді анықтау.
Оқушы:жабық(жасырын) болжамдарды бөледі, пайымдау логикасындағы қателіктер мен жетіспеушіліктерді көреді, фактілер мен салдар арасындағы айырмашылықтарды келтіреді, мәлеметтердің маңыздылығын бағалайды.
5. Жинақтау
Бұл категория жаңалығы бар тұтас дүние алу үшін элементтерді қиыстыру білігін білдіреді. Бұндай жаңа өнімге хабарлама, сөйлеулер, баяндама, іс-жоспарлар жатады.Сәйкес оқу нәтижелері жаңа жүйе мен құрылымға ерекше назар аударатын шығармашылық сипаттағы амалды меңзейді.
Оқушы:шағын шығарма, эссе жазады, эксперимент жүргізудің жоспарын жасайды, қандай-да бір проблеманы шешудің жоспарын салыстыру үшін түрлі саланың білімін қолданады.

6. Бағалау
Бұл категория кейбір материалдың (пікірдің, көркем шығарманың, зерттеу деректерінің) нақты мақсат үшін маңыздылығын бағалай алуды білдіреді.Оқушының пайымдамасы анық критерийлерге негізделуі тиіс. Критерийлерді оқушылар өздері немесе сырттан (мысалы, мұғалімнен) ұсынылуы мүмкін. Аталған категория барлық алдыңғы категориялар бойынша оқу нәтижелеріне жетуді оған қоса анық бейнеленген критерийлерге негізделген бағалау пайымдарын болжайды.
Оқушы:жазбаша мәтін түріндегі материалдың қисынды құрылуын бағалайды,қорытындылардың қолдағы бар деректерге сәйкестігін, сапаның сыртқы критерийлерінен туындайтын іс-әрекет өнімінің маңызын бағалайды.
2-кесте. Пайдаланылатын етістіктер
Оқу мақсаттары
Пайдаланылатын етістіктер
Білу
еске түсіру, анықтау, мақұлдау, қайталау, атау, әңгімелеу, ұсыну, табу
Түсіну
қайта қарастыру, сәйкестендіру, талқылау, тарту, мойындау, қайта қарау, түсіндіру, әңгімелеу, айқындау
Қолдану
көрсету, тағайындау, орындау, суреттеу, қолдану, пайдалану, айналысу
Талдау
ажырату, саралау, үміт арту, даулау,жатқызу, салыстыру, тәжірибеден өткізу, қарама-қарсы қою, зерделеу
Жинақтау
тұжырымдау, оқыту, әзірлеу, дамыту, қайта анықтау, ұсыну, жасау
Бағалау
жорамалдау, бағалау, таңдау, баға қою, анықтау, санау, өлшеу, айыптау

1.3.Оқытудың кіріктірілген үдерісі
Оқу мақсаттары
Олар қандай? Мен қайда талпынамын?
Оқу мақсаттарына қатысты оқушының қарым-қатынасы Мен қай тұстамын?
Бөлімтақырыптардың негізгі идеясы қандай?
Критерийлер
Оқушылар мен мұғалімге түсінікті ме?
Сапалы жұмыс қандай болады? Өзімнің қай деңгейде екенімді қалай білуіме болады?
1-сурет. Сабақтағы қалыптастырушы бағалау.

1. Оқу мақсаттары мен күтілетін нәтиже. Қол жеткізілетін және күтілетін нәтижелердің арақатынасын есепке ала отырып, сондай-ақ, оқушылардың қажеттілігіне қарай мақсатты анықтау.
2. Бағалау құралдары. Оқу мақсатына жетуді бағалауға мүмкіндік беретін құралдарды (критерийлер, дескрипторлар, деңгейлер және т.б.) құрастыру.
3. Оқыту әдістері мен бағалау.Сабақта оқу мақсатына жетуді қамтамасыз ететіндей іс-әрекеттерді жоспарлау.

Таксономияның басты принциптерінің бірі - ол практик - мұғалімнің қолында тиімді құралы болуы тиіс. Б.Блум педагогикалық техникалардың бірнеше соны тәсілдерінің авторы болып табылады. Соның бірі -Блум текшесі.
Текшенің қырларында сұрақтар жазылған:
Неге,
Түсіндір,
Атап шық,
Ұсын,
Ойлап тап,
Бөліс
Мұғалім (немесе оқушы) текшені лақтырады.Текшенің өзіне қараған қыры бойынша оқу материалына сай сұрақ құрастыру керек.Мысалы, Атап шық... сөзінен басталатын сұрақ репродукция деңгейіне, яғни білімді қайта жаңғырту деңгейіне сай келеді.
Неліктен... деп басталатын сөздің сұрақтары процессуалды білімге сай келеді.Оқушы бұл жағдайда себеп-салдарлы байланыстарды табуға, белгілі бір заттар мен құбылыстарға қатысты болған үдерістіреді сипаттауы тиіс.
Түсіндір... сұрағына жауап беруде оқушы ұғым мен түсініктерді жаңа жағдайға қолданады, заңдар мен теорияларды нақты практикалық жағдаяттарда қолданады, әдіс пен тәсілдерді дұрыс қолдана алуын көрсетеді.
Ал, Ұсын..,Ойлап тап...,Бөліс... тапсырмалары оқушының ойлау әрекетін жандандыруға бағытталады.Ол жабық (жасырын) болжамдарды шығарады, фактілер мен салдарлар арасындағы айырмашылықты анықтайды, мәліметтерді талдайды, маңыздылығын бағалайды, әртүрлі салалардың білімін қолданады.Қарабайыр жаттаудың оқу материалын оқушының нәтижелі игеруіне көмектеспейтіні анық.
Бұл тәсілді қолданудың екі түрлі жолы мүмкін болады:
* мұғалім сәйкес сұрақтар қояды:
* оқушы сұрақтар құрастырады.
Әрі репродуктивті сипатты сұрақтарға жауап беру ғана емес, оларды құрастырудың анағұрлым жеңіл екенін аңғаруға болады.Себеп-салдарлы байланыстарды іздеуге бағытталған сұрақтарды құрастыру қиынырақ. Ұсын..., Ойластыр..., Бөліс... сөздерімен басталатын сұрақ-тапсырмаларын құрастыру одан да қиын. Әрине, мұғалім сұрақ-тапсырмалар құрастырумен байланысты оқушының еңбегін нақты бағалауы керек [4].

ІІ.ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚҰРАЛДАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
2.1.Тапсырманы құрастырудың мақсаты
Мектеп оқушыларын оқыту нәтижелерін бағалау жүйесін дамыту мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үрдісі оқу қызметінің барлық түрлерінің нәтижелігін оқу материалын меңгерудің процессуалды жағын және жеке тұлғалық қасиеттердің пайда болуын есепке алатын бағалаудың жаңа жүйесін енгізуді айқындайды. Үрдіс оқушының функционалдық сауаттылығын ең маңыздысы - оқу үрдісінің өзі, жетістік критерийлері арқылы оқушы өзін-өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, әрі қарай қалай даму керектігін түсінеді [5]. Бұл жүйеде оқушының қалай жұмыс жасағаны, қалай ойланғаны белгілі болады. Білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім үрдісінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критерийлермен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген үрдіс.
2-сурет. Ойлау дағдыларының деңгейлері.

Білім беру жүйесінде ұзақ жыл бойы оқушылардың білімі бес балдық жүйемен және басқа оқушының жетістігімен салыстырылып бағаланып келді.

Оқушылардың оқу бағдарламасындағы оқу мақсатына жетуі оқушылардың дағдыларының дамуына мүмкіндік тудырады. Дағдыларды нақты бағалау біліктілігі жетістік критерийі арқылы бағалаудың маңызды аспектісі. Берілген кестеде оқу бағдарламасына енгізілген, бағалауда дағдылардың қалыптасқанын немесе даму деңгейінің бағалауы көрсетілген.

3-кесте.Оқушылар бойында қалыптастыру қажет рухани құндылықтар мен дағдылар
Рухани құндылықтар
Дағдылар
* шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;
* коммуникативтік қабілеттер;
* өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау;
* жауапкершілік;
* денсаулық, достық және айналасындағыларға қамқорлық көрсету;
* өмір бойы оқуға дайын болу.
* сын тұрғысынан ойлау;
* білімді шығармашылық тұрғысынан қабылдау қабілеті;
* мәселелерді шешу қабілеті;
* ғылыми-зерттеу дағдылары;
* коммуникативтік дағдылар (тілдік дағдыларды қоса);
* жеке және топпен жұмыс жасай алу қабілеті;
* АКТ саласындағы дағдылар.
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау - бұл оқушылардың жоспарланған оқу мақсаттары мен шынайы нәтижелерінің сәйкестік деңгейлерін орнату болып табылады. Жетістік критерийі арқылы бағалау - алдын ала белгілі критерийлерге сәйкес, оқушының жеке оқуын түзетуге мүмкіндік беретін, оқу мақсаттарына сәйкес күтілетін нәтижеге жетуде оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау. Сол арқылы бағалау оқушылардың дағдыларын дамыту деңгейін бағалауға мүмкіндік береді және сабақ беру, бағалау мен оқытудың өзара байланыс қағидаттары негізінде дайындалады (4-кесте).

4-кесте.Бағаланатын дағдылар сипаттамасы
Дағдылар
Сипаттамасы
Білу
Нақты деректерді, ақпараттарды білу және еске түсіру және оларды баяндау.
Түсіну
Ақпараттарды түсіну арқылы дұрыс жеткізу, болжау
Қолдану
Алған білімдері мен ақпараттарды таныс немесе таныс емес жағдайларда, контексте қолдану.
Сыни ойлау
Ақпарат пен идеялардың маңыздылығы мен сенімділігі туралы шешім қабылдау немесе әр түрлі көзқараста болу.
Анализ
Жалпы ереженің негізін дәлелдеу үшін жәненемесе ой қорытындысының әр түрлі шешімдерін ойлауда ақпараттарды жинақтап тұжырымдарды бөлікке бөлуі және сол бөліктердің өзара сәйкестігін анықтай білу.
Синтез
Алған білімдерін әр түрлі жаңа контексте құрастыра білу.
Бағалау
Белгілі критерийлер арқылы идеялардың құндылығы немесе дәлелдер туралы тұжырымды қалыптастыру.
Коммуникация
Басқа адамдардың қызығушылығын және көзқарастарын өз қызығушылығымен және көзқарасымен сәйкестендіріп және негіздеп қабылдау, адамдармен қарым-қатынаста болу және келісу қабілеттілігі.
Тыңдалым арқылы коммуникация
Оқу бағдарламасы шеңберінде әр түрлі тақырыпта ауызша сөйлеудің негізгі мазмұнын түсіну және одан өзекті ақпаратты бөлу; сөйлеген адамның пікірін айырып тану, контекст бойынша сөздердің мағынасын анықтау; оқушының деңгейіне сәйкес келетін әр түрлі стратегияны пайдаланып, әр түрлі типтегі мәтіндердің мазмұнын түсіну және қабылдау; естігеннің негізгі мазмұнын, мәтін бөліктерін таныс сөздерге, фразаларға және естігені арқылы түсіну, нақтыкеректі ақпаратты таңдау және түсіну.
Оқылым арқылы коммуникация
Оқу бағдарламасы шеңберінде әр түрлі ғылыми және әдеби мәтіндердің негізгі мазмұнын түсіну және олардағы өзекті мәселелерді бөлу, ақпарат іздеудің әр түрлі стратегиясын қолдану, контекст бойынша сөздердің мағынасын анықтау, автордың пікірі мен көз-қарасын тану, оқығанды түсіну тереңдігін және сөз мағынасын тексеру үшін әр түрлі сандық және қағаз түпнұсқасын қолдану.
Жазылым
Оқу бағдарламасы шеңберінде әр түрлі мәтіндегі әңгімелеуде ауызекі және ресми стильді пайдалану; қажетті ақпаратты алу үшін күрделі сұрақтарды қоя білу біліктілігі; күтпеген сұрақтарға жауап қайтару; тапсырма орындау барысында өз құрбыларымен қарым-қатынаста болу; лексикалық ерекшеліктерді сауатты пайдалану; оқиға және оның жүйесін мазмұндау.
Шығармашылық
Өзіндік тәсілдерді немесе әр түрлі жолдарды қолданып, мәселені шешуді іздеу және жаңа идеяны дайындау.
Зерттеу
Зерттеу мақсатына сәйкес деректер және ақпараттарды жинау жолдарын дайындау.
Техника және тәсілдер
Өзара жоспарлауды, орындауды және бағалауды қоса пән бойынша практикалық біліктілікті, оларға сәйкес рәсімдерді мен технологияны көрсету. Әр түрлі іс-әрекетке қатысу үшін негізгі техникалық тәсілдер мен моторикалық дағдыларды көрсету; топта және жеке жұмыс жасау жағдайында стратегия туралы өз ойын көрсету; рухани дамуды және физикалық дайындықты жоғарылату үшін тиімді әр түрлі әдістерді қолдану
Рефлексия
Іс-әрекет жасауда шешім қабылдау жәнетұжырымды қалыптастыру, пікірлер, ойлар және оқиғалар туралы ой пікір ұсыну.
Сандық ойлаудың математикалық қабілеті
Санды қолдануды, есепті шығаруды, график, кесте және кең диапазондағы математикалық ұғымды, контексті және күнделікті жағдайда көрсетуді түсіну.

Келтірілген құндылықтар мен дағдылар ескеріліп, пән бойынша білім деңгейі, дағдылар мен құзыреттіліктер қарастырылады [8]. Жоғарыда аталған құндылықтар мен дағдылар пәнді оқытатын оқу бағдарламасында белгіленген, пәннің оқу бағдарламасы стандартты оқу жоспарының негізі болып табылады. Бұл ақпараттар тапсырмаларға сәйкес келеді және осы оқу мақсаты бойынша қалыптастырушы бағалауға қатысты дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі.
Бағалау критерийі арқылы бағалау жүйесінің өзіндік тиімділігі бар:
* заман талабына сай бәсекеге қабілетті, білімді, іскер, ойлау жүйесі дамыған, логикалық тұжырым жасауға бейім, еркін ойлай алатын жеке тұлғаны қалыптастырады;
* жеке жұмыстар жүргізу арқылы білім дәрежесін, ой-өрісін әрі қарай дамытады;
* оқушылардың білім сапасын арттырады;
* оқушының тұлғалық бағытын белсенді ұстанымына бағыттауға мүмкіндік беретін бірден-бір бағалау жолы;
* тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұғырлы нәтижеге, бағытқа жеткізетін, шығармашыл бағалау жүйесі.
Тапсырмаларды әзірлеуде жетістік критерийлерін құрастыру бойынша ескерілетін мәселелер:
Жетістік критерийі бойынша дайындалған тапсырманың бағдарламадағы сілтеме мен оқу мақсатына негізделіп жасалуы:
* тапсырманың шұбалыңқы емес, оқушыға түсінікті тілде құрылуы;
* қысқа көлемді тапсырмалардың қолданылуы, көлемі, орындау уақытын алдын ала жоспарлау;
* бағалауда бақылауды қажет етпейтін артық ақпараттың тапсырмада қолданылмағаны жөн;
* кейбір күрделі тапсырмаларда міндетті түрде орындау қадамдары берілуі керек( мысалы, жазылымда және айтылымда) шығармашылық сатыға арнап ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәрбие мақсаты туралы түсінік
Тәрбиенің мақсаттары мен міндеттері
Педагогикалық іс - әрекет
Тәрбие процесін ұйымдастырушылардың педагогикалық статустары мен функциялары
Оқушылардың білім сапасын арттырудаға оқу іскерліктерін қалыптастыру процесін зерделеу
Технология туралы ұғым, артықшылықтары
Технологияның кезеңдері
Қойылған мақсатқа жетуді көздей отырып, өз іс-әрекеттерін жоспарлау және нақты міндеттерді түйіндеу, орындау іскерліктері
Сынып-сағатының, тәрбиенің мәні мен мағынасын ашу
Мектептің оқу тәрбие процесін басқару
Пәндер