Бастауыш мектепте
1. Пән туралы ақпарат
Пәннің атауы Пәннің коды Кредит саны Курс, семестр
Бастауыш мектепте MYSN-2305 5 3 курс,
функционалды 6семестр
сауаттылық дағдысын
қалыптастыру
деңгейінің
мониторингісі
Мамандық атауы Мамандық шифры кафедра факультет
Бастауыш оқытудың 6В01301 Педагогикалық Педагогика,
педагогикасы мен білім және психология және
әдістемесі менеджмент мәдениет
Оқу түрі (күндізгі, сырттай), (ОКБ, ЖБ) Оқыту тілі
Күндізгі, күндізгі ТжКБ негізінде Қазақ тілі
Пәнді өткізу уақыты және орны
Кеңес беру уақыты
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ №1 ғимаратындаауд. сабақ кестесіне сәйкес
өткізіледі
Рейтинг кестесі (семестр аптасы)
7, 14 апта
Оқытушының АТӘ, Байланыс ақпараты (телефон, e-mail)
лауазымы, дәрежесі,
атағы
Базарбек Бағи оқытушы тел: 87781068500, e- mail-dar_bag_nur@mail.ru
Оқытушының қолы Кафедра меңгерушісі п.ғ.к., Радченко Н.Н.
2. Пәннің қысқаша мазмұны:
Қазіргі әлемдік білім кеңістігіндегі халықаралық стандарт талаптарына
сай оқыту үдерісінің орталық тұлғасы білім алушы субъект, ал ол субьектінің
алған білімінің түпкі нәтижесі құзыреттіліктер болып белгіленуі білім беру
жүйесінде функционалдық сауаттылықты қалыптастыру мәселесін негізге
алудың өзектілігін арттырып отыр.
Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа
түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым-
қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Олай болса, функционалдық
сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп
саналатын және оның әлеуметтік қарым-қатынас жасауын қамтамасыз
ететінбілім, білік, дағдылардың жиынтығынан құралады. Ал кең мағынасында ол
тек білік пен білімділік әлеміне барудың жолы ғана емес, ол – ұлттың, елдің
немесе жеке адамдар тобының мәдени және әлеуметтік дамуының өлшемі. Осындай
сапалық сипаты тұрғысынан қарағанда функционалдық адамды дамытудың тетігі
ретінде қолданылады.
Мақсаты: Студенттерге бастауыш мектепте функционалдық сауаттылықты
қалыптастырудың ерекшеліктерін теориялық және практикалық тұрғыдан
меңгерту. Кәсіби деңгейі жоғары, жан-жақты дамыған, білім нәрімен,
сусындаған, теориялық білімі терең, практикалық дағдысы қалыптасқан, ұлттық
минталитеті жоғары маман даярлау.
Міндеттері: - функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың даму
тетіктері;
- функционалдық сауаттылықты оқыту мазмұны мен жүйесін;
- функционалдық сауаттылықтың нақты қағидалары;
- функционалдық сауаттылықты оқыту принциптері
Пәннің құзіреттілігі:
- ойлау мәдениетін меңгеруі, қорытындылау мен талдау жасауға
қабілеттілігі, ақпараттық қабылдай алуы, мақсат қою және таңдау жолындағы
жетістігі;
- ауызша және жазбаша сөзді нақты және жүйелі, дұрыс логикалық
қабілеттілікпен құра алуы;
- жұмыс істеуге ұжымда және әріптестермен дайын болуы;
- жалпы ұжымда, сондай-ақ өзінің жеке әрекетін сыни талдау
қабілеттілігі;
Оқыту нәтижелері:
- функционалдық сауаттылықты оқыту әдіс-тәсілдерін;
- сабақта қосымша жұмыс түрлерін (дидактикалық материалдар, ойындар,
ребустар, т.б.) жүргізуді;
- сабақ беруді;
- сабақта қолданылатын көрнекіліктерді жасауды;
- оқулықтарды талдауды және сызбамен көрсетуді;
- реферат жазуды;
Пререквизиттер
№ Пәндердің атауы, олардың бөлімдері (тақырыптары)
1 Бастауыш мектепте функционалды сауаттылық дағдысын қалыптастыру
деңгейін мониторнигі берілетін білім студенттердің мектеп
қабырғасында алған білімдеріне және алғашқы курстарда Қазіргі
қазақ тілі, Педагогикадан курстарынан алған білімдеріне
негізделеді.
Постреквизиттер тізімі

1 Бұл пән Қазіргі қазақ тілі, Бастауыш мектепке қазақ тілін
оқыту әдістемесінің тарихы, Балалар әдебиеті пәндерімен
байланысты оқытылады. Студенттер осы курсты аяқтаған соң,
бастауыш сынып оқушыларына қазақ тілі пән бойынша практикада
білімдерін қолдана алады.
5. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
№ Пән тақырыптарының АптСабақ түрі бойыншаСабақ түрі бой Барлы
атауы а аудиториялық сағатынша аудитория ғы(с.
саны лық емес сағат )
саны
Дәріс Прсем. БОӨЖ (с)БӨЖ (с)
(с.) зертх-қ.
студ (с.)
2 Бастауыш сынып 2
оқушыларының
функционалдық
сауаттылығын
қалыптастырудың
психологиялық негізі
3 Бастауыш сынып 3-4
оқушыларының
функционалдық
сауаттылығын
қалыптастырудың
педагогикалық негізі
4 Бастауыш сынып 5
оқушыларының оқу және
жазу сауаттылығы
ерекшкліктері
5 Бастауыш сынып 6
оқушыларының жазу
каллиграфиясын дамыту
6 Бастауыш сынып 7
оқушыларының
математикалық
сауаттылығы
7 Бастауыш сынып 8-9
оқушыларының
компьютерлік
сауаттылығы
8 Бастауыш сынып 10-
оқушыларының 11
жаратылыстану
ғылымындағы
сауаттылығы
9 Бастауыш сынып 12-
оқушыларының құқықтық 13
сауаттылығы
10 Қазақ тілінен 14-
оқушылардың 15
функционалдық
сауаттылығын
қалыптастырудың
психологиялық
негіздері
Барлығы
Ағымдағы бақылау Пәннің жалпы сағат санының 10% (санын
көрсету)
6. Дәріс сабақтарының мазмұны
Тақырып 1: Бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын
қалыптастырудың теориялық негізі
Функционалдық сауаттылық ұғымына қатысты мектеп оқушыларының
функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған
ұлттық іс-қимыл жоспарын (ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы №832
қаулысы), Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, пәндік сауаттылық,
функционалды сауаттылық, оқытудың түпкі нәтижесі ретінде оқушылардың
игерген құзіреттіліктеріне байланысты ғалымдар, В.В. Давыдов, А.А.
Леонтьев, Д.Б. Эльконин, В.А. Болотов, О.Е.Лебедев, И.А. Зимняя, А.К.
Маркова, С.Г. Молчанов, Г.К. Селевко, В.В. Сериков, В.А. Сластенин, А.В.
Хуторской, М.Ж.Жадрина, С.Д.Мұқанова, И.И.Бим, Ф.Ш.Оразбаева, Е.И.Пассов,
В.Л.Ляховицкий, Н.Сауранбаев, С.Кеңесбаев, С.Жиенбаев, Т.Ахметов,
Ғ.Бегалиев, А.Айдаров, Ж.Д.Адамбаева, Б.Б.Құлмағамбетова, К.Ы.Сариева,
М.М.Артықова, жүргізілген зерттеулерді қарастыра келе, бүгінгі таңда
отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектерінде функционалдық сауаттылық
ұғымын қолдануда бірізділік жоқ екені байқалды.
Әдебиет: [1].
Тақырып 2: Функционалдық сауаттылықты іске асыру жолдары
Функционалдық сауаттылықты жүзеге асырудың екінші тетігі – оқыту
нысандары мен әдістері. Тәуелсіз қазақ елінің оқулықтарының мазмұны ұлттық
құндылықтарды басшылыққа ала отырып жазылып, оны оқыту мен жүзеге асырудың
жаңа әдістері, яғни аралық белсенді әдістер арқылы жүзеге асуы тиіс. Осы
негізде білім алған мектеп оқушылары теориялық білімдерін практикалық
тұрғыда қолданумен қатар ана тілінің келешегіне үлкен жауапкершілікпен
қарауға тәрбиеленеді.Ұлттық жоспарда көрсетілген функционалдық
сауаттылықтың үшінші тетігі – оқу нәтижелерінің бағалау жүйесін өзгерту.
Яғни бағалау жүйесі функционалдық сауаттылықта сырттай бағалау және іштей
бағалау болып бөлінеді. Іштей бағалау – оқу пәні бойынша оқыту сапасын
диагностикалау және мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты
өлшеміне сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Ал сырттай бағалау – әрбір деңгейді
аяқтау бойынша білім алушының оқу жетістіктерінің нәтижелеріне сәйкес (ҰБТ,
ОЖСБ және т.б.), сондай-ақ халықаралық зерттеулерге (ТIMSS, PISA және
PIRLS) қатысуы арқылы жүзеге асырылады. Нақтырақ айтар болсақ, сыртқы
бағалау белгілі бір мамандық иелеріне қатысты болса, іштей бағалау көбіне
білім алушыларға қатысты. Сонымен қатар білім алушылардың өзін-өзі
бағалауы, ұйымдастыруы, жетілдіруі және жеке жетістіктерін бағалау арқылы
жүзеге асырылады. Біздің тәжірибемізде, осы аталған білім алушының бағалау
жүйесі ұлттық төл технологиямыз Сатылай кешенді талдауда қолданылып
келеді. Бұл жоғарыдағы аталған басқарушылық, ақпараттық, коммуникативтік,
әлеуметтік, тұлғалық, азаматтық, пәндік құзыреттіліктерді білім алушы
бойына дарытады. Оның дәлелі - Сатылай кешенді талдау технологиясымен
білім алып отырған оқушылар мен оларға білім беруші мектеп мұғалімдерінің
жыл сайынғы жетіп отырған жетістіктері, яғни мектеп бітіруші түлектердің
ұлттық бірыңғай тестілеуде жоғары пайыздық көрсеткішке жетуі және Қазақстан
Республикасы Кіші ғылым академиясының республикалық ауызша командалық
олимпиадасына республикамыздың әр өңірінен бастауыш сыныптан бастап, орта,
жоғары буын сыныптарынан оқушылардың қатысып, жүлделі орындарға ие болуы.
Бұл туралы әр өңірдегі баспасөз құралдарында жарияланып отырады.Ал
функционалдық сауаттылықтың төртінші тетігіне тоқталар болсақ, оған қосымша
біліммен және мектептен тыс сабақтармен қамтуды жатқызады. Шынтуайтына
келгенде, бұл мәселе бізде толыққанды жүзеге асып отырмағандығы белгілі.
Әдебиет: [2-4].
Тақырып 3: Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын
қалыптастыру мәселелері
Қазақстан-2050 ұзақ мерзімді Стратегиясында білім беру маңызды
басым бағыттарының бірі болып табылады. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан
Республикасын әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына қосуды
міндеттеді. Бұл міндетті жүзеге асыруда білім беру жүйесін жетілдіру
айтарлықтай рөл атқарады, ал білім беруді жетілдіруде біліктілікті арттыру
жүйесі маңызды міндеттерді орындауда.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасында оқушылардың функционалдық сауаттылығын
дамытудың жалпы бағдары жалпы білім беретін мектептерінде зияткерлік, дене
және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық
құбылмалы әлемге әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы
қажеттіліктерін қанағаттандыру,- деп көрсетілген[1].
Бұл қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында оқушылардың
функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған
Ұлттық іс-қимыл жоспар қабылданды, ол білім сапасын жетілдірудің негізгі
бағдары ретінде мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту іс-
қимылдарының мақсаттылығын, біртұтастығы мен жүйелілігін қамтамасыз етуге
бағытталған[2].
Функционалдық сауатсыздық барлық ұлттың экономикалық, интеллектуалды
және әлеуметтік мәдени болашағы үшін елеулі қауіп төндіреді. Бүгінгі
күнде әртүрлі зерттеу материалдарына жасалған талдау көрсетіп отырғандай,
функционалдық сауатсыздық бүкіл әлем бойынша ілгерілеп барады.
Әдебиет: [5,6,7].
Тақырып 4: Бастауыш мектеп оқушыларының қазақ тілінен функционалдық
сауаттылығын қалыптастырудың теориялық негіздері. Бастауыш сынып
оқушыларының оқу және жазу сауаттылығы
Қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын
қалыптастырудың теориялық негіздеріне психология және педагогика ілімдері
жеке тұлғаны қалыптастыру мен дамытуға бағдарланған жаңа оқыту
технологиялары, қазақ тілінің функционалдық грамматикасы, мектепте қазақ
тілін оқытуды ұйымдастыру тәсілдері, мектеп
фоқушыларыныңбілімінқұзыреттілік негізде бағалау жүйесі алынып отыр.
Білім берудегі сауаттылық мәселесі, біріншіден, нақты бір елдегі
халықтың әлеуметтік жағдайына, екіншіден, мемлекеттің экономикалық дамуына,
үшіншіден, елдегі мәдени ахуалға тәуелді болатындығы айқын. Бүгінгі
өркениеттің даму деңгейі білімділік пен сауаттылық ұғымдарының мазмұны мен
оны түсінудің сара жолдарын іздестіруді қажет етіп отыр. Ғылыми еңбектерде
сауаттылық ұғымының белгілі бір деңгейде ана тілінің грамматикалық
нормаларына сай оқу, дұрыс жаза алу дағдыларын игеруі екені байқалады.
Әйтсе де адамның өмір сүруіне қажетті деп танылып, меңгеруге ұсынылған
бастауыш мектеп деңгейіндегі белгілі бір білім, білік пен дағдылардың
жиынтығы (оқу, жазу, санау, сурет салу және т.б.) ретіндегі тілдік
сауаттылық қазіргі кездегі әлеуметтік сұраным талаптарымен сәйкес келе
бермейді.Сауаттылық мазмұнының нақты мазмұны дара тұлғаның дамуына
қойылатын қоғамдық талаптарға байланысты құбылмалы сипатқа ие болады. Ол
қарапайым оқу, жазу, санау біліктіліктерінен бастап адамның әлеуметтік
үдерістерге саналы түрде қатысуына мүмкіндік беретін, қоғамдық қажеттігі
айқын кешенді білімдер мен біліктерден құралатын функционалдық сауаттылықты
меңгеруді де қамтиды. Яғни, функционалдық сауаттылық белгілі бір кезеңге
сай субъектінің алған білімі мен білігі негізінде сауатты іс-әрекет ете
алуы деген мағынаны білдіреді. Қоғамның дамуына байланысты сауаттылық
ұғымының мәні тарихи тұрғыдан өзгергенін, тұлғаға қойылатын талаптарда оқу,
жазу, санай білу қабілеттерінен гөрі белгілі бір қоғамда өмір сүруге
қажетті білім мен біліктердің жиынтығын игеру, яғни функционалдық
сауаттылыққа жету деген сипатта ұғынылады.Қазіргі әлемдегі, еліміздегі өріс
алып отырған түрлі бағыттағы дамулардың әсерінен қоғамның адамға қоятын
талаптарының өзгеруі нәтижесінде функционалдық сауаттылық ұғымы кең тарала
бастады.
Әдебиет: [1-2].
Тақырып: 5 Бастауыш сынып оқушыларының жаратылыстану ғылымындағы
сауаттылығы
Жаратылыстану бағытында 1-4 бастауыш сыныптарда Дүниетану пәні
оқытылады. Пәннің ерекше мәнге ие болу себебі ол – барлық жаратылыстану
пәндерінің, оның ішінде биология, география, химия, экология пәндерінің
бастамасы болғандықтан, сол пәндер бойынша элементарлық білім негізі
қаланады. Бала дүниеге келегеннен кейін өзін қоршаған барлық дүниені тануға
талпынады. Бастауыш сынып бүлдіршіні – белсенді дүниетанушы. Сондықтан осы
пәнді оқыту арқылы оқушы тұлғасын тәрбиелеуге басты назар аударылады.Кез-
келген ғылым саласы сияқты жаратылыстану бағытындағы пәндер оқушының ғылыми
дүниетанымын қалыптастырып, ғылыми білім жүйесіне негізделіп, танымның
логикалық–саналы тәсілдеріне арқа сүйей отырып, оқушыға берілетін теориялық
біліммен сипатталып, ғылыми категориялар мен дәлелдерді кеңінен пайдалануға
машықтандырады. Дүниетаным – әлемге және адамға деген жалпылай көзқарастар
жүйесі, ол адам мен қоршаған әлем арасындағы қарым-қатынастар жүйесі.
Дүниетаным жеке тұлғаның өмірлік бағдарламасын, сенімін және арман-
мұраттарын, құндылықтары мен мүдделерін анықтайды.Дүниетанымның негізі
ретінде философияның барлық құбылыстары, жайлары, салалары бір-бірімен
тығыз байланыста және бір-біріне кірігіп жатқандықтан бастауыш мектепте
қарапайым түсініктер ретінде қалыптасады.
Әдебиет: [5].
Тақырып 6: Бастауыш сынып оқушыларының математикалық сауаттылығы
Математикалық сауаттылықтың әдістемесі мазмұнын кіші жастағы
оқушыларға математиканы оқытудың әдістемелік ерекшеліктерін сипаттайтын
ережелер, сондай-ақ оқытуда дамытушылық және тұлғалық-іскерлік тұрғыдан
қарау әрекеті құрайды.Математикалық сауаттылықтың мақсаты бүгінгі күн
талабына сай, жан-жақты дамыған, белсенді, өмірге талпынысы, тұрақты
қызығушылығы бар, алған білімді іс- әрекетте еркін қолдану дағдысы
қалыптасқан тұлға. Математика білім мазмұнының ең алғашқы бастамасы
бастауыш буында жүзеге асатыны белгілі. Себебі, бастауыш буында жоғары
сыныптарда оқылатын бүкіл пәннің іргетасы қаланып қана қоймайды, сонымен
қатар білім алуға талпынушылық, яғни балалардың оқу әрекеті, танымдық
белсенділік, жеке бастың адами қасиеттерінің негізі осы кезеңде қаланады.
Сонымен қатар, осы кезеңде баланың белсенділігі, оның рухани және дене күші
де дами бастайды. Осы жасқа лайықты мазмұн мен оны оқытудың әдісін саралау,
бала жанына жақын қарым-қатынас арқылы оларды дамыту мәселесін ғылыми жолға
қою оңай мәселе емес. Бастауыш баласы үшін жаңа рөл - оқушы, жаңа әрекет -
оқу болса, осы мәселелерге олардың шаршамай, жалықпай, қызығушылықпен
араласып кетуіне, маңайы мен қарым-қатынасының күшеюіне жағдай жасау
мұғалімнің шеберлігін және осы жастағы оқушының психологиялық ерекшелігін
жете білуін керек етеді.Бастауыш сыныптардағы математикалық сауаттылық
оқыту материалының мазмұны кіші жастағы оқушылардың математикалық
дайындығына, білім, білік және дағдылар деңгейіне қойылатын талаптардың
өзгеруімен байланысты дәстүрлі модельге елеулі түзетулер енгізген жаңа
мектеп бағдарламасымен анықталады. Ал функционалдық сауаттылық пәндік
сауаттылыққа қарағанда кіші ұғым, немесе оның саласы болып есептелінеді.
Осыған орай функционалдық математикалық сауаттылық дегеніміз - пәнде
игерген білімді іс-әрекетте, тұрмыс- тіршілікте қолдана білуі.
Әдебиет: [3-7].
Тақырып 7: Бастауыш сынып оқушыларының компьютерлік сауаттылығы
Соңғы кезде компьютерлік сауаттылық негізін қалайтын информатика пәнін
қай сыныптан бастап оқытылуы қажеттілігі туралы түрлі пікірлер туындауда.
Осының негізінде оқытуды төменгі сыныпқа көшіру тиімділігі практика жүзінде
дәлелденген. Себебі кез келген мектеп жасына дейінгі баланың танып-білуге,
оқуға қатысты қызығушылығының өте жоғары болатыны белгілі. Ал
психологтардың айтуы бойынша, баланың негізгі логикалық ойлауы 5-11 жаста
қалыптасады екен. Сондықтан балаларды ақпараттық қоғамда өмір сүруге
дайындау үшін бастауыш сыныптан-ақ оларды логикалық ойлауға, талдау жасай
білуге, ақпараттық технологиялардың негізіне, ақпараттық сауаттылық пен
мәдениетке тәрбиелеу қажет.Информатика пәнін бастауыш сыныпта 12 жылдық
білім стандарты жобасында және 11 жылдық білім беру жүйесінде вариативтік
компонент ретінде енгізу қажет.Бастауыш мектепте информатиканы оқыту келесі
мақсаттарға жетуге бағытталған:
· ақпараттық мәдениеттілігін, сауаттылығын, алгоритмдік ойлауын
қалыптастыру;
· интеллектуалды тұлғалық және эмоциялық - жігерлік сапаларын,
қабылдау түрлерін және есте сақтауын дамыту;
· оқушыны азаматтыққа және дүниетанығыштыққа тәрбиелеу.
Сондай-ақ негізгі білім бағдарламасы мазмұнының міндетті минимумы Логика
және алгоритм бағыты және де Компьютер және ақпараттық технологиялар
бағыты деген мазмұндық бағытта берілген. Осы минимумға орай қазіргі
кездегі информатика пәнін оқытудың әдістерінің күн сайын жаңарып отыруына
қарамастан бастауыш сыныптарда информатика курсын оқытудың мақсатын
төмендегідей түрде сараптауға болады:
· компьютерлік сауат ашудың бастау негізі;
· ойды логикалық түрде дамыту;
· алгоритмдік білімді жетілдіру мен мақсатты шешудегі жүйелілік;
· компьютерді үйренудің оңай жолдарын іздеу.
Жоғары сыныпта информатиканы оқыту жеке бағдарламамен жүзеге асуда. Ал
бастауышта бұл жеке пән ретінде ғана емес, басқа негізгі пәндерді қолдаушы
пән ретінде жүргені тиімді. Өйткені, компьютерді үйрену кезіндегі мәтін
теру, қате түзету, сурет салу, есептің немесе әрекеттің алгоритмін құру
сияқты практикалық жұмыстар мен тапсырмалар қазақ тілі, орыс тілі, бейнелеу
және математика пәндерімен сабақтасады.
Әдебиет: [1-2].
Тақырып 8: Бастауыш сынып оқушыларының құқықтық сауаттылығы
Оқушыларға берілетін құқықтық білім беру жүйелі, мақсатты оқушылардың
құқықтық мәдениетін тұлғаның дамуының деңгейін көтеруге бағытталған болуы
керек. Оқушылардың құқықтық сауаттылығы келесі әрекеттер арқылы
қалыптасады: құқықтық білімді меңгеруі, әлеуметтік - құқықтың мәнін
түсініп, әлеуметтік құндылық ретінде қабылдауы, тұлғаның ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz