Бастауыш мектепте дүниетануды оқыту


1. Пән туралы ақпарат
3 курс, 5 семестр
Базарбек Бағи
оқытушы
2. Пәннің қысқаша сипаттамасы.
«Қоршаған орта» пәнін оқыту әдістемесінің теориялық негізі студенттер оқыған «Жаратылыстану негіздері», «Экология», «Жас ерекшелік физиологиясы» мен «Педагогика» және «Психология» пәні болып табылады. Бұл пәннің көп бағыттылығы, көп пәнділігі және олардың арасындағы пәнаралық байланыс, оқытудағы жүйелік және болашақ «Қоршаған орта» пәнінің мұғаліміне қажетті білім мен білік деңгейі көрсетілген.
«Қоршаған орта» пәнін оқыту әдістемесі ғылыми педагогикалық пән. Оның бастауыш білім беру стандарты, оқу бағдарламалары, қазіргі кездегі көп нұсқалық бағдарламалы оқулықтар талданады; оқыту әдістемелері оқытылады; әдістемелік тәсілдер; сабақ түрлері (кіріспе, аралас, заттық, қорытынды, топсеруен, ойын, сарамандық, пікірталас) пайдаланылады.
Семинар сабақтарда күнделікті сабақтар әдістемелері, сабақтан тыс, сыныптан тыс жұмыстар талданады, көпшілік жұмыстарды өткізу, ұйымдастыру және дайындау жұмыстары. Оқушылардың мұғалімнің көмегімен өз бетімен орындайтын тапсырмаларында бастауыш сынып оқушыларына қажетті тақырыптар шығарылады. Онда сабақ түрлері бойынша әр түрлі сабақтардың кеңейтілген сабақ жоспарлары талданады.
Оқушы білім - білігін, дағдысын бағалаудың жолдары мен түрлері қарастырылады.
Материалдық база, көрнекіліктер, тірі табиғат мүйісі, оны ұйымдастыру жолдары қарастырылады. Шағын кешенді мектептер, олардың ерекшелігі талданады.
Студенттерді дүниетану пәндерінің мазмұнын экологиялық, табиғат қорғау, адамгершілік т. б. бағыттарды көре білуге үйрету.
Бағдарлама студент қандай әдістемелік білм мен білік дағдыларды жаратылыстану циклі және педагогика - психология пәндерінен білуі қажет екендіктері көрсетілген.
«Қоршаған орта» пәнін оқыту әдістемесі бағдарламасының мазмұны болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерінен оқу-тәрбиелік мақсаттарын дұрыс анықтау және табиғатта, адамды, қоғамды, еңбек адамдарын оқуда оқыту тәсілдерін дұрыс таңдауды қажет етеді.
білім алушыларда білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында оқу және сабақтан тыс қызметті ұйымдастыру бойынша кәсіби міндеттерді табысты шешу үшін қажетті білім беру технологияларының ғылыми-теориялық негіздері мен оларды қолдануға қойылатын әдістемелік талаптар жүйесін қалыптастыру. Пәнді оқытудың негізгі міндеттері:
- студентерге мектепалды дайындығын жүзеге асыруда ұйымдастыратын жұмыс түрлерімен әдістерін меңгерту;
- бастауыш мектеп оқушыларын қоршаған ортамен таныстырудың балаларды дамытудағы маңызын саралау;
- қоршаған ортамен таныстыру бойынша ұйымдастырылатын жұмыс түрлерін үйрету;
- түрлі сабақтар түрлерін ұйымдастыруға жаттықтыру;
- бақылау түрлерін, оны ұйымдастырудың әдістерін және бақылау нәтижелерін қорытындылауды үйрету;
- оқытудың әдістері мен құралдарын іріктей білуге үйтеру, жаттықтыру;
- топсаяхатты, серуенді ұйымдастыру түрлері мен әдістерін үйрету;
- мектеп алды балаларының қоршаған дүниені танып білу дағдыларын қалыптастыру жолдарын үйрету;
- оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың белсенді жаңа технологиясын қолдануға жаттықтыру.
Пәнді оқу нәтижесінде студенттербілуге тиіс:
- жергілікті жердің өсімдік жануарларын;
- мектеп алды балаларының физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерін;
- арнайы және ғылыми терминдермен атауларды.
Студенттер меңгеретін дағдылар:
- қоршаған орта бойынша білім беруге байланысты тақырыптык жоспар құру;
- сабақта жана технологияны пайдалану, бөлме өсімдіктерімен жануарларын күту;
- фенологиялық бақылау жүргізу;
- табиғатқа бақылау жүргізу дәптерін жүргізу;
- серуен мен топ саяхат жоспарларын жасау;
- көрнекі кұралдар дайындау оны тиімді пайдалану;
- мектеп алды дайындығында педагогикалык диагностиканы қолдана білу;
- алдыңғы қатарлы педагогикалық зерттеулерді сабақта пайдалану;
- балалардың экологиялық мәдениетін көтеру және экологиялық ұғымдарды қолдану.
Пререквизиттер тізімі
Постреквизиттер тізімі
Студенттердің оқушымен бірігіп орындайтын және өздігінен орындайтын жұмыстары кезінде әртүрлі топтағы балаларды қоршаған ортамен таныстырудың мазмұны, әдістері талқыланады. Семинарлық сабақтарда әістемеге байланысты жүргізіліп отырған жаңа бағыттағы педагогикалық, психологиалық зерттеулерді, белгілі педагогтардың туындыларын, алдыңғы қатарлы озық іс-тәжірибелерді саралап, оны студенттер өз тәжірибесінде қолдануға тиісті.
5. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
апта
пр/сем. /зер. /
(с. )
1-бөлім. Жаратылыстану пәндерін оқыту әдістемесінің даму тарихы, кезеңдері. Дүниетануды оқытудың жалпы мәселелері
XVIII ғасыр - жаратылыстану пәнінің оқу пәні ретінде енгізілуі. Академик В. Ф. Зуев - жаратылыстану әдістемесінің негізін салушы, XIX ғасырдағы А. Я. Гердтің жаратылыстану пәнін оқыту әдістемесі бағытындағы еңбектері. Д. Н. Кайгородов, В. В. Половцов еңбектері. Кеңес дәуірі. Б. Е. Райковтың, И. И. Полянскидің, Н. К. Крупскаяның, К. П. Ягожовскийдің әдістемелік еңбектері.
Қазіргі кезең. М. Н. Скаткин, П. П. Завитова, Л. Ф. Мельчакова, З. А. Клепининаның жаратылыстану пәндерін оқытытудағы еңбектері.
ҚР ғалым әдіскелері - Т. Мұсақұлов, Б. В. Мұханов, А. К. Аймағамбетова, К. Жүнісова, т. б. еңбектері. Жаңа бағдарлама мен оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер, олардың рөлі, маңызы.
Дүниетануды оқытудың жалпы мәселелері. Бастауыш мектепте дүниетануды оқыту
Бастауыш мектепте дүниетануды оқып үйрену міндеттері. Дүниетану әдістемесінің пәні және міндеттері. Бастауыш мектептегі дүниетанудың базалық білім мазмұны.
Бастауыш сыныптардағы дүниетану курсының міндеті мен мазмұны
Дүниетану стандартын талдау. Дүниетану оқулықтарын талдау. Дүниетанудан пәнаралық байланыс. Білім, білік, дағдыларға қойылатын талаптар. Бастауыш сыныпты бітіруші оқушыларға дүниетанудан қойылатын талаптар.
2-бөлім. Бастауыш мектепте дүниетануды оқыту әдістері мен тәсілдері
Оқыту әдістері мен тәсілдері. Бақылау - табиғатты өздігінен оқып үйренудегі бірден-бір негізгі әдіс. Табиғи көрнекі құралдармен жұмыс. Дүниетану сабақтарында «Әңгімелесу». Дүниетану сабақтарында «Әңгіме»
Оқу процесін ұйымдастыру формалары
Дүниетану сабақтарының негізгі типтері. Заттық сабақтар. Экскурсия сабақтары. Үй тапсырмалары. Пысықтау және білім тексеру. Дүниетану сабақтарында тест қолдану.
Дүниетану түсініктері мен ұғымдарын қалыптастыру және дамыту
Жекеленген табиғат құбылыстарын қабылдау. Түсініктер. Ұғымдар. Сабақта дүниетану түсініктері мен ұғымдарын қалыптастыру әдістері мен тәсілдері.
3-бөлім. Дүниетанудан оқу құралдары, сыныптан тыс жұмыс және шағын кешенді мектептерде дүниетануды оқыту
Оқулықпен жұмыс істеу. Бейнелеу құралдарымен жұмыс. Сұлбамен, картамен, глобуспен жұмыс істеу. Экрандық құралдармен жұмыс. Дүниетану сабақтарында тәжірибелер. Дүниетану сабақтарында сурет салу. Дүниетану сабақтарында ойын тәсілдерін және танымдық материалдарды пайдалану.
Дүниетану сабақтарының материалдық базасы
Дүниетануды оқытудағы әдістемелік жиынтық. Тірі табиғат бұрышы. Өлкетану бұрышы. Географиялық алаң.
Сыныптан тыс жұмыс
Сыныптан тыс жұмыстың маңызы. Сыныптан тыс жұмыстардың формалары.
І-ІҮ сыныптардағы дүниетану пәнінің мазмұны және әдістемесі
І-ІІ сыныптарда табиғатпен танысу және бақылау. Топсаяхаттар. Экологиялық, зертханалық және практикалық жұмыстар. ІІІ-ІҮ сыныптардағы бақылаулар. Топсаяхаттар.
Шағын кешенді мектептерде дүниетануды оқыту
Дүниетанудан шағын комплектілі мектептегі жұмыс. Бақылаулар. Топсаяхаттар.
1-бөлім. Жаратылыстану пәндерін оқыту әдістемесінің даму тарихы, кезеңдері. Дүниетануды оқытудың жалпы мәселелері
XVIII ғасыр - жаратылыстану пәнінің оқу пәні ретінде енгізілуі. Академик В. Ф. Зуев - жаратылыстану әдістемесінің негізін салушы, XIX ғасырдағы А. Я. Гердтің жаратылыстану пәнін оқыту әдістемесі бағытындағы еңбектері. Д. Н. Кайгородов, В. В. Половцов еңбектері. Кеңес дәуірі. Б. Е. Райковтың, И. И. Полянскидің, Н. К. Крупскаяның, К. П. Ягожовскийдің әдістемелік еңбектері.
Қазіргі кезең. М. Н. Скаткин, П. П. Завитова, Л. Ф. Мельчакова, З. А. Клепининаның жаратылыстану пәндерін оқытытудағы еңбектері.
ҚР ғалым әдіскелері - Т. Мұсақұлов, Б. В. Мұханов, А. К. Аймағамбетова, К. Жүнісова, т. б. еңбектері. Жаңа бағдарлама мен оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер, олардың рөлі, маңызы.
Дәріс тезистері (5-8 сөйлем көлемінде)
Ушинский Константин Дмитриевич (1824-1870) - бастауыш білім беру саласындағы аса ірі методист және педагог. Ол кіші мектеп жасындағылардың логикалық ойы мен тілін дамыту үшін бастауыш мектептерде жаратылыстану мен географияны оқып үйренуге үлкен мән берді. Ол балаларды оқыту сөзге негізделмей, олардың тікелей қоршаған әлемнен алған әсерлеріне негізделуі керек деп есептеді.
К. Д. Ушинскийдің бастауыш кластарда география мен жаратылыстануды оқыту жөніндегі көзқарастары оның кіші мектеп жасындағыларға оқуға арналған «Ана тілі» және «Балалар әлемі» деген кітаптарында, сонымен бірге оқытушыларға арналған «Ана тілі» кітабында және «Балалар әлемі» оқулығының кіріспесінде ашып көрсетілген. Мәселен, ΙΙ класқа арналған «Ана тілі» кітабының басында, «Айнала төңіректе» деген бөлімінде кластың, үйдің, бау-бақшалы қоражайдың планы берілген. Оқытушыларға арналған кітабында К. Д. Ушинский «Төңіректі зерттеу» деген арнаулы тарау бөліп, онда балаларға планды оқуды және сызуды қалай үйрету керектігін, бірте-бірте оқушылардың ой-өрісін кеңейте отырып, мектеп төңірегіндегі жерді зерттеуге дейін қалайша баруды көрсетеді.
Герд Александр Яковлевич (1841-1888) - Россия мектептерінде жаратылыстанудан сабақ берудің озық орыс методикасының негізін қалаушы. Ол бастауыш кластарда балаларды жаратылыс ғалымдарының негіздерінде дұрыс оқыту мүмкінділігі үшін күресті, Ч. Дарвиннің ізбасары оның еңбектерінің аудармашысы болды және Россияда алғашқылардың бірі болып орта мектепке арналған зоология оқулығында дарвинизм идеясын жүзеге асырды.
«Заттық сабақтар» деген бастауыш мектеп мұғалімдеріне арналған методикалық құралына А. Я. Герд мұғалімдерге бастауыш кластарда табиғат зерттеу жөнінен қалай жұмыс істеу керек екенін түсіндіреді, неліктен алдымен өлі табиғатты, ал содан кейін барып тірі табиғатты зерттеу керектігін дәлелдейді. Ол заттық сабақтардың мақсаты оқушыларды дамытумен қатар, оларға қоршаған әлем туралы, Жер туралы және Жерде тіршілік ететін жан иелері туралы дұрыс және біртұтас ұғым беру деп жазды.
Әдебиет: [1-3] .
Дүниетануды оқытудың жалпы мәселелері. Бастауыш мектепте дүниетануды оқыту.
Бастауыш мектепте дүниетануды оқып үйрену міндеттері. Дүниетану әдістемесінің пәні және міндеттері. Бастауыш мектептегі дүниетанудың базалық білім мазмұны.
Дәріс тезистері (5-8 сөйлем көлемінде)
1. Бастауыш мектепте дүниетануды оқып үйрену міндеттері
Дүниетану - оқу жоспарындағы жаңа пән, «Адам», «Қоғам», «Табиғат» білім блоктарын біріктіреді. Интеративті пән болғандықтан, оны оқып-үйренудің негізгі мақсаты - адам, қоғам, табиғат, яғни реалды дүниенің ірі үш құрамдас бөлігі туралы оқушыларда біртұтас көзқарас қалыптастыру және осы біртұтас дүниедегі адамның орны мен рөлін түсінуге көмектесу.
Пәнді оқыту мынадай нақтылы міндеттерді шешеді:
- оқушыларда индивидтің қасиеттері, сапалары, мүмкіндіктері, қабілеттері және дамуы туралы ғылыми түсініктер қалыптастыру; өзінің көңіл-күй (сезім) ахуалына, денсаулығына деген дұрыс қатынасын тәрбиелеу; іс-әрекетін дұрыс басқарып, ұйымдастыра білуге үйрену;
- табиғат объектілері мен облыстарының алуан түрлілігі, олардың қасиеттері, сапалары, күйі туралы ғылымдарды меңгерту; табиғат объектілері мен облыстары арасындағы өзара байланысты, тәуелділікті, олардың уақыттың және кеңістіктің өзгерістерін түсінуін қамтамасыз ету; оқушылардың экологиялық мәдениеті мен экологиялық ойлау стилін тәрбиелеу;
- оқушыны әлеуметтендіріп, оның жеке бас тұлғасының барлық жақтарын, ең алдымен, адамгершілігін, еңбекке құлшынысын және еңбек ете білуін, эстетикалық сезімдерін тәрбиелеу.
2. Дүниетану әдістемесінің пәні және міндеттері
Дүниетанудан сабақ беру әдістемесіне балалардың жас ерекшеліктеріне және дайындықтарына сәйкес дүниетану курсының мазмұнын әр сынып бойынша талдау кіреді, әдістеменің міндеті - балаларға курстың мазмұнын қайткенде де тәуір әдіспен жеткізу керек деген сұраққа жауап береді. дүниетану әдістемесі дидактика принциптеріне, балалардың жаңа білім игеруінің психологиялық заңдылықтарына, дүниетану курсының өткен сыныптардағы мазмұнына сүйенеді.
Дүниетануды оқыту әдістемесі педагогика ғылымдар цикліне жатады. Болашақ мұғалім бастауыш сыныптардағы дүниетану курсының мазмұнын, балаларды бұл пәнге оқытудың негізгі формаларын, әдістерін және тәсілдерін білуі керек.
Педагогикада оқытылатын жалпы дидактикалық принциптердің, пән мақсатына, оқытылатын материалдың көлеміне, оны оқушылардың ұғу ерекшеліктеріне байланысты тікелей дүниетану сабақтарында қалай пайдаланатынын білуі қажет.
Болашақ мұғалімдер бастауыш мектеп алдында ғылыми жаратылыстың білім беру саласында тұрған міндеттерді жүзеге асыра алатын болуы үшін дүниетану стандартын, оқулықтар мазмұнын, олардың идеялары мен құрылу принциптерін жақсы білуі тиіс. Оқыту процесінде жан-жақты тәрбие берудің, балалардың жалпы дамуының, өмірге және еңбекке дайындығына міндеттерін жүзеге асыра білуі; оқытудың бүкіл сан алуан сыныптан тыс дүниетану жұмыстарын ұйымдастыра және жүргізе білуі керек.
3. Бастауыш мектепте дүниетанудан базалық білім мазмұны
Адам. Адам ағзасы. Сыртқы түрі. Сезімдері, өсу және даму жағдайлары.
Адамның әрекеті. Оқу біліктері. Өзін-өзі бақылау және бағалау. Оқу кітабымен жұмыс. Коммуникативті біліктері.
Қоғам. Адам және басқа адамдар. Этика. Адамның өзін ұстау мәдениеті. Адам еңбегі. Өндіріс. Өнер.
Табиғат. Табиғи және жасанды денелер, заттар. Табиғи құбылыстар. Әртүрлі заттар мен денелердің қасиеттері. Табиғатты зерттеу әдістері. Жер. Планета. Күн. Жұлдыз. Глобус. Карта.
Өсімдік және жануар - тірі ағза. Қылқан жапырақты, жапырақты өсімдіктер. Шөл, дала, орман, тау өсімдіктері. Өсімдіктердің өсуі, көбеюі, дамуы.
Бунақденелілер. Балықтар. Қосмекенділер. Жорғалаушылар. Құстар. Сүтқоректілер. Олардың тіршілік ортасы, өсу және даму жағдайлары. Адам және табиғат. Табиғатты қорғау.
Әдебиет: [ 8, 9, 10 ] .
Бастауыш сыныптардағы дүниетану курсының міндеті мен мазмұны
Дүниетану стандартын талдау. Дүниетану оқулықтарын талдау. Дүниетанудан пәнаралық байланыс. Білім, білік, дағдыларға қойылатын талаптар. Бастауыш сыныпты бітіруші оқушыларға дүниетанудан қойылатын талаптар.
Дәріс тезистері (5-8 сөйлем көлемінде)
1. Дүниетану стандартын талдау
«Дүниетану» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1) 1-сыныпта - аптасына 1 сағат, оқу жылында - 33 сағат;
2) 2-сыныпта - аптасына 1 сағат, оқу жылында - 34 сағат;
3) 3-сыныпта - аптасына 1 сағат, оқу жылында - 34 сағат;
4) 4-сыныпта - аптасына 1 сағат, оқу жылында - 34 сағатты құрайды.
7. «Дүниетану» оқу пәнінің 1-сыныпқа арналған базалық мазмұны келесі бөлімдерден тұрады:
1) «Мен және қоғам» бөлімі: отбасы; отбасы мүшелеріне қатысты туыстық байланыстар жүйесіндегі өз орнын анықтау; «шежіре» ұғымы; отбасындағы қамқорлық; тауар-ақша қатынасының қарапайым түрлері; тұтыну заттарына деген өз қажеттіліктерінің құрылымы; мектеп және мектеп қауымдастығы; мектептің адам өміріндегі маңызы; мектептегі функционалдық аймақтардың орналасқан жері; күн тәртібі; тәулік уақыты мен апта күндерінің атаулары; өзін мектеп оқушысы және сынып ұжымының мүшесі ретінде сипаттау; менің атамекенім; мекенжай атауы және елді мекенінің географиялық орналасқан жері; өзі тұратын елді мекеннің басты көшесі, ғимараттары және көрнекі жерлері; денсаулық пен қауіпсіздік; жеке бас гигиенасын сақтаудың маңыздылығы; тамақтану режимі; үйдегі қауіпсіздік ережелері; жолда жүру тәртібі; жаяу жүргіншілердің қозғалысын реттейтін жол белігілерінің мәні; мерекелер; отбасылық мерекелер;
2) «Еліміздің табиғаты» бөлімі: жергілікті жерде бағдарлану; жергілікті белгілер бойынша көкжиек тұстарын анықтау; табиғатта өзін-өзі ұстау ережелері; климат және ауа райы; ауа райының адам өміріне және оның іс-әрекетіне әсері; табиғи жағдайлар және олардың адам өмірі мен қызметіне әсері; жыл мезгілдеріне орай табиғатта бос уақытты өткізу мүмкіндіктері; туризм; туризмнің мәні; туристердің негізгі мақсаттары;
3) «Тарих беттерінен» бөлімі: ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер: ежелгі адамдар, сақтар, Томирис патшайымы, ежелгі заманның танымал тарихи ескерткіштері және жәдігерлері туралы алғашқы мәліметтер; Қазақстан аумағындағы көне жазулар туралы түсінік; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздермен танысу, оларды сипаттау; Қазақстан елордасы - Астана қаласы.
8. «Дүниетану» оқу пәнінің 2-сыныпқа арналған базалық мазмұны келесі бөлімдерден тұрады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz