Глобалдық мәселелерді философиялық ойластыру
Қазақстан Республикасының
Министерство
Білім және ғылым
Образования и науки
министрлігі Республики
Казахстан
Д.Серікбаев атындағы ВКГТУ
им.Д.Серикбаева
ШҚМТУ
БЕКІТЕМІН
МТФ деканы
________ М.В. Дудкин
______________
2014
ФИЛОСОФИЯ
Дәріс конспектілері
ФИЛОСОФИЯ
Конспект лекции
Барлық мамандықтарға арналған
Өскемен, 2014
Дәріс конспектілері барлық мамандықтары бойынша мемлекеттік тілде
күндізгі бөлімде оқитын 1 және 2 курс студенттеріне арналып жасалған.
Философия және адамды дамыту кафедрасының отырысында талқыланды
Кафедра меңгерушісі
Н.Л. Краснобаева
№2 Хаттама
Жасаған
Л.И. Абдығалиева
Норма бақылаушы
Т. Тютюнькова
Философия пәні: ұғымы мен мазмұны
Негізгі мақсаты: философия пәні туралы түсінік қалыптастыру, оның құрылымы
мен атқаратын қызметі жөнінде студенттердің сауатын ашу.
Негізгі түсініктер: философия, дін, мифология, агностицизм, метафизика,
диалектика.
1. Философия туралы түсінік. Философия бүкіл ғылыми жүйелердің көкесі.
2. Философия пәні, құрылымы және атқаратын қызметі.
3. Дүниетаным және философия.
4. Қазіргі кезеңде философияның алатын орны.
Философия пәні. Философияның ежелгі грек ойшылдары дәуірінен бері
даналыққа құштарлық деп анықталып келді. Платон ... геометрия ж\е басқа
философиялар деген сөздерінде философия ұғымын ғылым сөзінің мағынасына
жақын қолданды. Даналыққы құштарлық деп аталатын философияда:
Құштарлық белгілі нәрсеге таңдануды , өзіңнен жоғары тұрған нәрсені
сезіміңнен мойындауды ж\е басқа осындай әсерлерді білдірумен қатар ,өзге
үшін өзіңді ұмыту , өзіңнен бас тарту сезімін де аңғартады. Философия
дегеніміз адамның өзінің шеңберінен шығуға мүмкіндік беретін рухани
форма.Адамға қоршаған ортада бағдар жасауына, оны өзгертуге көмек беретін
ғылым. Дүнитаным ғылым жетістіктері негізінде қалыптасады,қоғамның тарихи
тәжірибесіне ,оның мәдениетіне сүйенеді,әлеуметтік дамудың жеткен деңгейі
мен өмір сүру тәртібін бейнелейді.Мұның бәрі білімнің ерекше жүйесі-фны
қажет етеді.Дүниедегі өзінің орны туралы,жеке же қоғамдық өмірдің мақсат
мүдделері туралы,өзінің өмірлік ұстанымы мен іс-әрекеті туралы ойлана
отырып адам белгілі бір фқ көзқарастар қалыптастырады.Өзінің мәдени
деңгейіне байланысты,арнаулы же жалпы білім дәрежесіне орай,әр түрлі өзара
әнгімелесудің әсерімен же бұқаралық ақпарат құралдары мен әдеби
кітаптардан алынған мағлұматтарды жинақтай отырып,ол өзінің жеке өмірлік ф-
н,жүйелі же ғылыми негізделген болмаса да өз дүниетанымын
қалыптастырады.Философиянық білімді жіктеуде көптеген әдіс тәсілдердің бар
екендігін ескерткеніміз жөн. Мысалы, философиядағы ең кең танымалы –
теориялық фил\сы ж\е практикалық фил\сы. 1 шісіне болмыс теориясы
(онтология) мен таным , білім теориясы (гносеология) жатады.2-ң өзегін , ең
алдымен , этика құрайды, оған құқық фил\сы, тарих фил\сы ж\е т.б жатқызылуы
мүмкін. Табиғат болмысына қатысты, ондағы заттар мен үрдістерге қатысты
білімнің ерекше саласы – натурфилософия.Ал табиғаттағы адам болмысы,оның іс-
әрекетіне қатысты фқ білім шеңберңнде натурфил\мен қатар фқ
антропология,яғни техника фясы мен ноосфера концепциясы қалыптасты же
өмір сүруде. Өз кезегінде бірнеше әлемдерге бөлінетін адамзат рухының
болмысына қатысты философия мынадай салаларға бөлінеді: мысалы, дін ф,
этика ,эстетика ,рух феноменологиясы , фил\лық герменевтика, жаратылысы
жағынан фил\лық болып табылатын психология ж\е риторика, ғылым ф\сы ж\е де
фил\лық антропология , онтология ,гносеология. Философия болмыстың мәнін
осылай игерумен адамның әлемге қатынасының мәнін ж\е ондағы адамдық
мәнділік орнын танымен айналысады.
Философия рухани мәдениеттің ең көне және адамзат ілімінің жауапты бөлімі.
Оның тарихы 25 – ғасырға созылады, философия ежелгі шығыс (үнді қытай)
елдерінде пайда болып өзінің класикалық деңгейінде ежелгі Греция еліне
жетті. Ежелгі грек ғалымдарының еңбектерінде философия деген термен пайда
болды, ғалымдардың ішінде өзін алғашқы философпын деп атаған грек
математика ойшылы Пифагор ( б.э.д 580 -500). Ал ғылымның ерекше саласы деп
философия терминін енгізген Платон 428 -347. Философия грек тілінен
аударғанда даналыққа құштарлық, ежелгі дәуірде даналық бұл асқақтық мәні
бар құбылыс. Философияның негізгі тақырыбы дүние және адам туралы. Алғашқы
философтар универсалды энциклопедист ғалымдар мысалы: Фалес 624 – 547ж. ол
ірі математик геометрия негізін қалағн астраном гидротехник болған ол тек
философия проблемасымен айлалыспаған сонымен қатар физика медицина
математика техника логика т.б. Алғашқы философтар өздерінің еңбектерінде
мынадай сұрақтарға жауап іздеді: дүниенің мәні неде, дүниенің құрлымы,
құрылыс неде, дүние шектеулі ме, әлде шексіз бе, жақсылық пен жамандық
деген не?
Ежелгі дәуірде күні бүгінге дейін дүниетанымдық сұрақтарды негіздеу
дүниетенымның негізгі принциптерін қалыптастыру философияның кәсіби ісі.
Философияның теориялық білімге және ерекшелігіне анықтаған философ ойшыл
Аристотель б.э.д 384 – 322.
Философияның негізгі сұрағы дүниетанымдық сұрақтар 2000 ж. өтсе де
философия пәні туралы түсінік үнемі өзгеруде бірақта ол өзінің тұрақты
түсінікте ойлар ерекшеліктерін сақтап қалды. Дүниетаным адамның дүниеге
қатынасы бұл жерде эмоциальдық психологиялық және интелектуалдық
факторлерге байланысты.
Дүниетаным адамның тәртібі мен қызметінің принциптерімен анықталды оның
идеялары мен моральдық нормалары әлеуметтік және саяси аринтацияларын
қалыптастырады.
Ең алғашқы дүниетанымдық пікір мифология түрінде пайда болды. Бұл
гректердің екі сөзінен құралған : mifos – аңыз, logos – ілім. Мифологиямен
бірге жазу мәдениеті пайда болды. Мифология негізінде дін дүниеге келді.
Барлық діндер мифологияда кездесетін ертегі, аңыздарды пайдаланады. Ал дін
нәрсенің себебін ашып көрсетпеді. Олар тек илануды талап етті. Философия
дүниеге келген кезінен бастап мифологиямен қатар және онымен бірге діни
түсініктерге қарсы күресте шыңдалып, дамыған. Егер дін мифологияны
қабылдап, оның қағидаларын, аңыздарын бүтіндей қолдану негізінде
қалыптасқан болса, философия ойлау, зерттеу, сын көзбен қарау негізінде
дүниеге келді. Философия барлық ғылымдардан бұрын дүниеге келгендіктен, оны
ғылымдардың ғылымы деп те атаған. Өйткені, ол кезде әлем туралы барлық
алдыңғы қатарлы тұжырымдар мен пікірлер өз алдына ғылым ретінде дараланып,
бөлінбеген соң, ол туралы пікірлерді философия өз бойына жинақтаған
болатын. Сондықтан да философ әрі дана, әрі табиғатты зерттеуші, сынаушы,
байқаушы ретінде бой көрсетті.
Адамзат дамуымен қатар философия да өз алдына дүниеге көзқарас ілім ретінде
қалыптаса түсті. Сонымен қатар ол басқа ғылымдарға методологияляқ жол
сілтейтін әдістемелік рөл де атқаруда.
Философия пайда болғаннан бастап дүниені тұтас және бірліктегі құбылыс деп
қарастырады дүниенің тұтастығын оның заңдарымен байланыстырады. Философия
табиғаттын даму заманының қоғам және ойлау проблемаларын зерттейді
қолданыста мынадай философиялық категорияны пайдаланады. Болмыс, сана,
қозғалыс, шексіздік т.б. Философия дүниенің мәні және адам туралы білім
Дүние және адам қарым қатынастарын зеттейді осы тұста болмыс және ойлау
физикалық және психикалық материалдық және идеалдық рух және табиғат
объективтік және субъективтік, яғни философия универсалды ілім.
Философияның негізгі сұрағының екі жағы бар:
1. Ең алғашқы материя және сана?
2. Дүниені тануға бола ма?
Философияда екі бағыт қалыптасты, материализм және идеализм.
Материализм бағытын ұстаушылар материя алғашқы санаға қарағанда ал идиализм
сананы бірінші кезекке қояды.
Дүниені танылады деген философтар материалистер ал дүние танылмайды деген
ілімнің өкілдері агностицизм философия тарихында материализм мынадай
бағыттарын ажыратамыз:
1 Ежелгі ойшылдардың материализімі (Демокрит, Гераклит, Эпиркур).
2 Метафизикалық материализм (16 – 18ғасыр өкілдері Бэкон, Спиноза, Дидро
т.б.)
3 Диалектикалық материализм.(К.Маркс Ф.Энгельс).
Идеализмнің екі негізгі түрін ажыратамыз.
1 Объективтік (Платон, Гегель, Неотомистер)
2 Субъективтік идеализм өкілдері ( Беркли, Юм, Мах, Экзистенциалистер).
Философияның тарихи 2 әдісі бар Диалектика және Метофизика диалектиканың
негізгі принципі даму принципі және жалпылама байланыс принципі
философияның екі функциясын ажыратамыз дүниетанымдық және методолоиялық.
Ақыр соңында, философтар әрбір тарихи кезеңдерде жеке – жеке емес, топ
болып, кездейсоқ емес, белгілі қоғамдық заңдылықтарға сай дүниеге келген.
Себеп олардың өмір талабы күн тәртібіне қойған сұрауларға жауап іздеуден
туындағандығы.
Сонымен, философия дегеніміз материя мен сана, таным мен болмыс, адам мен
қоғам жайлы адамзат ой – санасының дамуы барысында жинақталған, жүйеленген
ғылыми ой – пікірдің теориялық жиынтығы.
Кіріспе
Философияның басқа пәндер арасындағы орны оның предметі мен атқаратын
қызметтері арқылы айқындалады. Ол, бір жағынан, басқа пәндердің
дүниетанымдық және методологиялық маңызы бар нәтижелерін жалпылайды, екінші
жағынан, олар үшін дүниетанымдық және методологиялық негіздемелер
қорытыңдылайды, сөйтіп арнайыланған ғылыми білімнің салаларына қойылатын
міндеттерді шешудің негізгі стратегияларын және соларға қол жеткізудің
тәсілдерін анықтауға, рационалды түрде ой елегінен өткізуге көмектеседі. Ең
ақыры, философия, өмірлік-практикалық тәжірибенің, дүниені танымдық және
құндылықтық игерудің неше түрлі формаларына сүйене отырып, өз ұғымдары мен
принциптерінде өнегелік, діни, көркемдік, саяси, құқықтық, ғылыми-
техникалық сана тудыратын дүниетанымдық идеяларды тасымалдайды
(трансформациялайды). Философия, практикалық білімнің көп түрлі жүйелерін
синтездей отырып, дүниенің ғылыми суретін қалыитастыруға қатынасады, іс-
әрекеттін барлық формаларын интеграциялауды іске асырады, мәдени-тарихи
дәуірдің өзіндік санасы ретінде көрінеді. Мәдени-тарихи дәуірдің өзіндік
санасы бола отырып, философия қазіргі рухани ахуалда постиндустриалдық,
техногендік өркениет салаларына деген жауапкершілік сананы жасақтауға ат
салысады. Философия әртүрлі мәдени-рухани позициялардың өзара әрекеттесу
процесінде келісімдік, консенсустік стратегияны жасауға үлес қосады. Ол
қоғамдық жүйенің тұрақты да орнықты формасының мәдени үлгісін, ұлттық
қауіпсіздікке және мәдени бірегейліктің таңдап алынған үлгілеріне қатер
төндіретін деструктивтік әрекеттерге қарсы тұрудың стратегиясын жасақтауға
қатынасады.
Философия ғылымында мынадай үш мәселені қарастыру маңызды:
• Бірде бір жеке ғылым әлем туралы, адам туралы, жалпы тұтас, интегралды
білімді зерттей алмайды.
• Философия әлемді тек қана танымайды, сонымен қатар бағалайды.
• Ол дүниені тану әдістерін меңгереді.
Философия дүние мен адам туралы тұтас ілім ретінде өзіне мәнді, маңызды
мәселелердің жиынтығын қоса қарастырады. Философия адамзат қоғамының басты
құндылықтарының жағымды және жағымсыз қатынастарын анықтайды. Философиялық
білімнің негізгі мәнісі оның екі жақтылығында:
1. Оның ғылыми біліммен ұқсастықтары өте көп, мысалы - пәні, әдістері,
логикалық - түсініктік ойлау аппараты.
2. Бір жағынан философия таза күйдегі ғылыми білім емес.
Философияның басқа ғылымдардан басты айырмашылығы — ол
философия адамдармен жалпы игерілген білімнің теоретикалық дүниетанымы
болып табылады.
Сөйтіп, философия дүниеге көзқарастың жоғарғы деңгейі мен түрі, оған
рационалдық, жүйелілік, логикалық пен теориялық зерделеу тән.
Дүниеге көзқарас - объективтік дүниеге, болмысқа, адамға және тіршілікке
деген неғұрлым жинақталған, қорытылған біртұтас көзқарастар мен қағидалар.
Дүниетаным – бұл ақиқатты дүниеге және ондағы адамның алар орнына, оны
қоршаған болмысына және өз-өзіне қатынасына деген көзқарастар жүйесі,
сонымен қатар, адамдардың осы көзқарастар арқылы қалыптасқан негізгі
өмірлік ұстанымдары, наным-сенімдері, мақсат-мұраттары, таным мен қызмет
принциптері, құндылық бағыттары. Дүниетаным қоғамдық және жеке адам
санасының ұйтқысы болып табылады. Дүниетанымды қалыптастыру – тек жеке
тұлғаның ғана емес, сонымен қатар белгілі бір әлеуметтік топтың, қоғамдық
таптың жетілуінің елеулі көрсеткіші.
Болашақтағы болмыс шынайылығының тәсілдерін анғара отырып, дүниетаным өзіне
өмірлік қағидаларды енгізеді, адамдардың іс-әрекетінің сипаттамасымен
байланыстырады.
Дүниетаным қоғамдық сананың жалпы және жоғарғы түрі болып табылады. Ол өз
түрлеріне тән бірнеше элементтерден қалыптасады (философия, ғылым,
эстетика, мораль, т.б.) Осылардың ішінде философиялық, ғылыми, саяси,
адамгершілік және эстетикалық көзқарастар үлкен рөл атқарады.
Философиялық көзқарастар мен сенімдер бүкіл дүниетаным жүйесінің негізін
құрайды. Философияның өзі таным қызметтерінің ұтымды-ұғымды мәнерін және
дүниетаным бағдарын негіздейді: ол ғылыми деректер мен тәжірибе жиынтығын
теориялық тұрғыда ұғындырады және шындық бейнесін объективті және тарихи
тұрғыда айқындауға ұмтылады.
Ғылыми білім дүниетаным жүйесіне ене отырып, адамды қоршаған әлеуметтік
және табиғи орта шындығына бағыттау мақсатында, сондай-ақ шындыққа қатысты
тиімділікке, адасулар мен ескілік көзқарастардан арылуға қызмет етеді.
Адамгершілік қағидалар мен өлшемдер адамдардың мінез-құлқы мен өзара қарым-
қатынасын реттеуге және эстетикалық көзқарастармен бірге қоршаған ортаға
қарым-қатынасын анықтауға, іс-әрекет түрлеріне, мақсаттары мен нәтижелеріне
қызмет етеді.
Білімнің, тәжірибенің және көңіл-күй бағамын жалпылай отырып, адамның
қоғамдық тұрмыс-тіршілік ерекшеліктерін бейнелейді, тұлғаның
дүниетанымдылығы мен тарихи айқын жүйенің бүкіл өмірлік және іс-әрекетінің
бағытын анықтайды.
Егер дүниетаным ақиқат дүние дамуының объективті тенденциясының дамуын
бейнелесе, адам ойлауының және қоғамның, табиғаттың заңдарын ғылыми тұрғыда
тануға негізделсе, онда ол барлық адамзаттың қызығушылығының және ақиқатты
өзгертудің күшті құралы болып табылады.
Дүниеге көзқарастың негізгі үш формасы бар.
• Мифология
• Дін.
• Философия.
Мифология (грекше мифос - аңыз, шежіре; логос - сөз, ілім) алғашқы қауымдық
қоғамға тән дүние туралы қиял-ғажайып, танымдық қоғами сана формасы.
Әдетте, миф мына негізгі мәселелерге көңіл аударады:
• Әлем, жер және адамның пайда болуы;
• Табиғи құбылыстарды ұғыну;
Мифтiң негiзгi қызметi - дүние қайдан пайда болғаның түсiндiру,этикалық
және эстетикалық түсiнiктер арқылы белгiлi бiр мораль нормалары
менқұндылықтар жүйесiн орнықтыру.(мыс.Сфинкс туралы миф табиғаттын құпиясын
бiлдiредi; Кентаврлар-адамның хайуаннаң жаралғаның бiлдiредi, Прометей-
оттың пайда болуы, Икар-аспанға ұшу ұмтылысын бiлдiредi, Сизиф-өмiрдiн
мәнiң түсiну әрекетi.) Мифтердi тек ертегiлер,аңыздар деп түсiнген дұрыс
емес, өйткенi миф бұл индивидтiң қоршаған әлемдi игеруi,адамдардың
табюиғаттаң және әлеуметтiк ортадан болмыстан тәуелдiлiгi және мифтерде
дiннiң, философияның, ғылымның бастамалары бар.Мифтердiң дiннең
айырмашылығы сенiмге ғана емес,ақал –ойғада,парасаттылыққа да сүйену.
Мифтер өздерiнiң мазмұнына қарайкосмогониялық-әлемнiң жаратылысы
туралы,теогониялық-құдайлардын пайда болуы туралы,астрогониялық-планеталар
мен жұлдыздар туралы, антропогендiк - адамның пайда болуы, этногендiк-рулар
мен тайпалар туралы, эхатологиялық - ақрзаман, топан суы туралы,
каһармандық т.б. болып тарайды. Сондықтан, мифология-адамдардың өздерiн
қоршаған орта туралы түсiнiгiн тарихи, өздiгiнен долды деп сенетiн түрлi
бейнелер, кейiпкерлер мен өқиғалар арқылы жеткiзуi деугеде болады. Мәселе
шешу Мифтер мен мифологияны дүние таным ретiнде тек алғашқы қауымның даму
денгейiмен байланыстырады. Ал,мифология рухани-практикалық феномен ретiнде
қоғам дамуының басқа кезендерiнде де,әсересе қазырғы заманда өмiр сүредi
деп айтуға болама (мыс. 20ғ. Д.Джойстың, Ф.Кафканың, Т.Манның,
Ч.Айтматовтың т.б. әдеби шығармаларында дәстүрлi мифтер тек пайдалана ғана
қоймай ерекше өзгертiлiп те қойған)
Дін - жаратылыстан, адам мен адамзаттан тыс трансцендентальдық, құдіретті
күшке сенуге негізделген дәстүрлі қоғами сана формасы.
Дін мына мәселелерді қарастырады:
- Құдайдың бар екеніне шек келтірмеу;
- Табиғат құбылыстарын өздігінше ұғыну;
- Әлемнің, адамның, фәни мен бақидағы өмірдің, барлық тіршіліктің пайда
болуы, жаратылуы.
Дiн-рухани мәдениеттiң бөлiгi,ең тұжырымды түрде Құдай мен адамның
арақатынасы,адамның танымнаң тыс күштердi мойындау және соған илану деп
анықтауға болады (дiн-алғашқы қауымда пайда болды-тотемизм, фетишизм,
анимизм; ұлттық, мемлекеттiкдiндер - индуизм, иудаизм; әлемдiк дiндер-
буддизм, христиан, ислам). Дiн құлшылық жолындағылар мен Құдiрет арасындағы
бiр байланыстың барлығына деген сенiмге негiзделедi және ол сенiм белгiлi
бiр дiни iлiм түрiнде тұжырымдалып, тұрмыста дiни салттар мен ғұрыптар
түрiнде көрiнiс тауып, арнаулы дiни институттармен атқарылады (шiркеу,
мешiт, әр түрлi секталар т.б.). Алғашқы дiни жүйесi политеистiк болды-
пантеон құдайларының болуы, кейiн мемлекеттiк билiктiн бiр ортаға
жиналуымен байланысты монотеизм-бiр құдайға сену келедi. Философияның
тарихында құдайдын бар екендiгiн дәлелдеуге сынақ жасағандар болды
(А.Аврелий,Ф.Аквинский, И.Кант т.б.). Мұндай дәлелдiн төрт түрi белгiлi 1)
космологиялық дәлел-осы әлем пайда болғаннан соң,оны бiреу жарату керек.
Өмiр қайдан пайда болды 2) теологиялық-дүниеде барлығы
мақсатқа,сәйкестiлiкке негiзделедi. Дүние қандай мақсатпен жаратылған 3)
онтологиялық-адамдар құдайға сенген сон, құдай болу керек. Ендеше адамдар
неге сенедi 4)этикалық-И.Кант құдайдың бар екенiң, не жоқ екенiң бiлуге
болмайды деген. Адамдардың құдайдан қорққаны тәртiп үшiн керек.
Философия (б.д.д. 6-5 ғғ) Үндiстанда, Қытайда, Мысырда, Грек елiнде пайда
болды.Бұл терминды алғашқы қолданған антик философы, математигi Пифагор, ол
оны даналыққа құштарлық деп түсiндi. Бұл сөздiн тiркесiндегi құштарлық
белгiлi бiр нәрсеге тандануды, өзiңнен жоғары тұрған сезiмiңмен мойындауды
және басқа осындай әсерлердi бiiлдiрумен қатар, өзге үшiн өзiңдi ұмыту,
өзiңнен бас тарту сезiмiн де аңғартады.Осылай зерделеудiң нәтижесiнен
мынадай түйiн келiп шыығадыфилософия-адамның өзiнiң шенберiнен шығуға
мүмкiндiк беретiн рухани форма.. Сонымен, философияны даналық түсiнiгiмен
байланыстырар болсақ, онда бұл сонғы ұғым бiлiмнiң жоғары синтезi,
белгiлi бiр нәрсе туралы толық жетiлген бiлiм деген мағынаны бiлдiредi.
Демек, философия осындай бiлiмге деген құштарлық,ал бұл даналықтың объектi-
менiң өзiмнен тыс табиғат және адамзат әлемi, сонымен қатар, өзiм және
феномен ретiндегi бiлiмнiң өзi(антика дәуiрiнде философия бiлiмге ұмтылуды,
таза да тұнық Ақиқатқа жетудi бiлдiрдi). Философияның бастапқы негiздерi
мифология, дiн және алғашқы ғылымдарда (математика, физика,
астрономия,медицина ) жатыр. Оның ерекшiлiктерi
1.Оның негiзгi зерттеу объектi-адам,оның әлемде алатын орыны және оған
деген қатынасы.
2.Ол, дүние құрылымының бастапқы негiздерiн қарастырады. Дүние қандай, оның
мәнi,мазмұны қандай
3.Философия өмiрдiн әсерiмен, жаңа фактiлердiң әсерiмен өзгередi, ал оның
таным әдiстерi ақыл-ой мен интуиция(мифте-сезiм,қиял болса;дiнде-сенiм және
сезiм).
4.Философиялық танымның эмпирикалық(тәжiрибе) негiзi,базасы-жеке
ғылымдармен, қоғамдық-тарихи практика.
Философия дүниеге көзқарас тұрғысында өзінің эволюциялық дамуы жағынан үш
кезеңнен өтті.
- космоцентризм;
- теоцентризм;
- антропоцентризм;
Космоцентризм деп қоршаған ортаны, табиғат құбылыстарын тіршілікті жасаушы
дүлей, шексіз сыртқы күш – Ғарыш, барлық өзгерістер ғарыштық айналым арқылы
жүзеге асады деп түсінетін философиялық көзқарасты айтады (Ежелгі Үнді,
Ежелгі Қытай, Ежелгі Грекия).
Теоцентризм деп барлық тіршіліктің мәні дүниеден тысқары тұрған тылысым күш
– Құдайда деп түсінетін философиялық көзқарас түрін айтады (Ортағасырлық
философияға тән).
Антропоцентризм деп адам мәселесін негізгі мәселе деп қарастыратын
философиялық көзқарас түрін айтады (Қайта өрлеу, жаңа заман, Қазіргі заман
философиялық кезеңдерге тән).
Философияның әдістері, философиялық зерттеулердің көмегімен жүзеге асады.
Философия ғылымының негізгі әдістері:
Диалектика - бұл әдісте заттар, құбылыстар, ішкі қарама-қайшылықтар,
өзгерістер, даму, себеп пен салдар, қарама қарсылардың бірлігі мен күресі
есебінде қарастырылады.
Метафизика - диалектикаға қарама-қарсы әдіс, мұнда объектілер өздігінен,
статикалық және біржақты қарастырылады.
Догматизм - қоршаған ортаны догмалар, яғни дәлелденбейтін және абсолютті
сипаттар арқылы қабылдау.
Эклектика - бұл әдісте фактілер, түсініктер мен концепциялардың біртұтас
шығармашылық бастамасы болмайды, соның нәтижесінде сырттай шындыққа ұқсас
қорытындылар алынады.
Софистика – айтыс-тартыста өз қарсыласын жеңу үшін әдейі ақты қара деп,
қараны ақ деп көрсетуге жүгінетін әдісті айтады. Бұл әдісте ақиқатты тану
емес, тек қарсыласын айтыста жеңу мақсат етіледі.
Герменевтика - мәтіннің мәнін, оның объективтік және субъективтік
негіздерін түсіндірудің теориясы мен өнері.
Сонымен қатар, философиялық әдіс, әрі философиялық бағыт болып
табылатындар:
- материализм;
- идеализм;
- эмпиризм;
- рационализм.
Материалистік әдісте материя алғашқы субстанция ретінде, ал сана оның
модусы сана, материяның көрінісі деп қарастырылады.
Идеалистік әдістің мәні – керісінше, идеяны алғашқы бастама, ал материя
идеяның туындысы деп ұғыну.
Эмпиризм – көбінесе тәжірибеге сүйенетін, сезімдік таным нәтижесін таным
процесінің негізі деп санайтын әдіс және бағыт.
Рационализм - шынайы абсолютті білімге тәжірибе мен түйсіктің ықпалынсыз
тек қана ақыл-ойдың көмегімен жетуге болады деп есептейтін философиялық
бағыт және әдіс.
Философия функциясы - философия мақсатын, міндетін, тағлымын жүзеге
асырудағы философияның атқаратын қызметі.
Философияның негізгі функциялары:
- дүниеге көзқарастық;
- методологиялық:
- теориялық;
- гносеологиялық;
- сыншылдық;
- аксиологиялық;
- әлеуметтік;
- тәрбиелік-гуманитарлық;
- эвристикалық.
Дүниеге көзқарастық функция - дүниенің біртұтастық бейнесін жасау, оның
құрылымы жөнінде, дүниедегі адам орны, оның қоршаған ортамен байланысы
туралы көзқарасты қалыптастыру.
Методологиялық функция - философия коршаған дүниені, шындықты, ақиқатты
танудың негізгі әдістерін жасайды.
Теориялық функция - философия бүкіл дүниені, құбылыстарды ұғынуды мейлінше
жалпылайды, концептуалды - логикалық жүйелер жасайды, теориялық тұжырымдар
түзейді.
Гносеологиялық функция - философия қоршаған дүниені, шындықты, дұрыс әрі
айқын тануды (таным тетігін) мақсат етеді.
Сыншылдық функция - философия кез келген теорияны, білім қағидаларын сыни
ойлаудан өткізіп, ондағы қайшылықтарды анықтап, мәнді тұстарын айқындайды.
Бұл функцияның міндеті - догмаларды әшкерелеу, білімнің дәйектілігін
пысықтау және таным шеңберін мейлінше кеңейту.
Аксиологиялық функция - философия заттар мен құбылыстарды бағалағанда
оларды моральдік-әдептілік, этикалық, әлеуметтік, идеологиялық, мәдени,
рухани және т.б. құндылықтар жағынан қарастырады.
Әлеуметтік функция - философия қоғамды зерттегенде, оның пайда болу
себептерін, дамуын, құрылымын, қозғаушы күштерін, қоғамда болатын
қайшылықтарды айқындап, оны шешу жолдарын, жетілдіру мәселелерін
карастырады.
Тәрбиелік функция - философия гуманистік құндылықтар мен мұраттарды адам,
адамзат пен қоғам игілігіне жаратуды көздейді. Философия - тарих
қойнауындағы барлық адмгершілік ізгіліктердің тәрбиелік мәнін ашып
көрсетеді.
Эвристикалық функция - философиялану, яғни философияны оқып-үйрену
процесінде адам дүниеге, бүкіл болмысқа жаңаша көзқараспен қарайды, оны
бейне бір құлшыныс, шабыт сезімі, инсайт билейді. Ой кешуде, тылсым
дүниенің інжу - маржанын тапқанда ойшыл адам сыр мен кемел сезімге
бөленеді.
Философия, оның проблемалары және қоғамдағы ролі.

философтар универсалды энциклопедист ғалымдар мысалы: Фасель 624 – 547ж. ол

Адамзаттың рухани даму тарихында дүниетанымның мынадай түрлерін ажыратамыз
(мифология) діни философия. (өмірлік практикалық)
Ең алғашқы дүние танымдық пікір мифология түрінде пайда болды. Бұл

Философияның тарихи 2 әдісі бар Диалектика және Метафизика диалектиканың

Бұрын философия пәні үш салаға бөлініп қарастырылатын:
1) Диалектикалық материализм;
2) Тарихи материализм;
3) Этика, эстетика.
Бұл бөлімдер маркстік-лениндік философияның принциптеріне сәйкес бөлінген
болатын. Қазір философия пәнін тұтас қарастыру тенденциясы мына салалар
бойынша жіктелінеді:
-философия және оның тарихы;
- әлемді философиялық тұрғыда түсіну;
- адамның іскерлік әрекетінің маңызы.
Әдістемелік оқу құралында жоғарыда көрсетілген алғашқы мәселені, яғни
философияның тарихын негізге ала отырып, мынадай тақырыптарды қарастыруға
тырыстық:
1) Философия-дүниетанымның тарихи типі ретінде.
2) Ежелгі Үнді философиясы.
3) Ежелгі Қытай философиясы.
4) Антика философиясы.
5) Ортағасырлық батыс Европа философиясы.
6) Ортағасырлық Араб-мұсылмандық философиясы.
7) Қайта өрлеу дәуірі философиясы.
8) Жаңа заман философиясы.
9) Неміс классикалық философиясы.
10) 19-20 ғ.ғ. философиясы.
Философия-адамзат баласының сонау ықылым заманнан басталған білімі,
қоғамдық сананың формасы, болмыс пен танымның жалпы заңдылықтары туралы
ілім. Кез-келген адамды әлем, қоршаған орта, қоғам, дін, діл, білім,
саясат, мәдениет секілді мәселелер бей-жай қалдырмайтыны айдан анық. Міне,
осы іспеттес мәселелер философия пәнінің негізгі қарастыратын бөлімдері
болып табылады. Философия сөзі грек тілінен аударғанда -даналыққа деген
махаббат мағынасын білдіреді. Б.з.д. 7-6 ғ.ғ. Ежелгі Үнді, Қытай Және Грек
жерлерінде бір уақытта пайда болады. Мәліметтерге сүйенсек, философия
терминін алғаш қолданған Антика дәуірінің атақты философы және математигі
Пифагор.
Философия дүниегекөзқарастың бір түрі. Дүниегекөзқарас- дүние туралы жалпы
пікірлер жиынтығы және адамның әлемдегі орыны жайлы көзқарасы. Тарихи
тұрғыда қарайтын болсақ, дүниегекөзқарас үш негізгі типтен тұрады:
Мифологиялық, діни, философиялық.
Мифология (гр. Myfos-аңыз, logos-ілім)- әлемді фантастикалық және ақиқат
жағдайда түсінетін қоғамдық сананың бір түрі. Мифологиялық туындыларда
әлемнің қалыптасуы, жер, адам, тіршілік, өмір және өлім секілді мәселелер
көп кездеседі. Мифтің ерекшелігі: табиғат және табиғат құбылыстарына жан
бітіру, фантастикалық құдайлардың болуы, олардың қарым-қатынасы, адамзат
баласымен араласуы т.б.
Дін- бәрінен жоғары жаратушы күшке және оның қоршаған орта мен адам
баласына әсері бар деп есептейтін сенім-нанымға негізделген көзқарас
формасы. Діннің мифологияға ұқсастығы бар: Әлемнің пайда болуы, жер
бетіндегі тіршілік, адамның іс-әрекеті туралы адамгершілік-этикалық
мәселелерді алға қояды. Қоғамды игі істерге шақыруда: мәдениеттің
қалыптасуына әсер етуімен қатар адам баласын сыйласымдылыққа,
әділеттілікке, төзімділікке тәрбиелеп, өзіндік парыз мәселесін түсіндіруде
діннің атқарар маңызы ерекше.
Философия - дүниегекөзқарастың ғылыми-теориялық түрі. Философиялық көзқарас
мифологиялық және діни көзқарастан айырмашылығы- нақты ұғымдарға,
категорияларға сүйене отырып логикалық ой қорыту ерекшелігінің бар болуы.
Философияның пайда болуы адамзат баласының білім деңгейі мен ой-санасының
едәуір дамуына байланысты әлемді ғылыми тұрғыда түсінуімен орайлас дүниеге
келді.
Сан қырлы табиғат құбылыстарының мәнісін түсінуге тырысқан ойшылдардың
философиялық көзқарастары-философия ғылымының беташары іспеттес болды.
Алғашқы философиялық ойлардың формасы натурфилософиялық бағытта дамыды.
Философия пәні қоғамның дамуымен тығыз байланыста бола отырып, рухани
өмірдің барлық қырларын қамтыды. Философияны алғаш рет ерекше теориялық
білім ретінде жинақтап дәлелдеген ерте грек философы Аристотель (б.з.д. 384-
322 ж.ж.).
Философияның өз алдына ғылым болып қалыптасу барысында қарастыратын
мәселелеріде айқындала түсті: Онтология-болмыс туралы ілім (немесе дүниенің
бастамасы жайында); гносеология-таным туралы ілім; Аксиология-рухани
құндылықтар туралы ілім; Праксиология –адам шығармашылығы туралы ілім;
Антропология-адам туралы ілім; Логика-дұрыс ой-қорыту жөніндегі ілім.
Философия пәнінің зерттейтін сұрақтары: болмыстың өмір сүру жағдайы,
материя, оның формалары, сана және санасыздық, адам, оның өмірдегі мәні мен
әлемдегі алатын орыны, жан, адамның рухани өмірі, қоғам, табиғат, өркениет,
экология, дүниені танып білу, қозғалыс, диалектика және оның заңдары.
Ф.Энгельстің тұжырымдауы бойынша философияның негізгі сұрағы- ойлаудың
(сананың) болмысқа, рухтың материяға (табиғатқа) қатынасы. Міне, осы
мәселеге байланысты қоршаған орта мен адамның әлемдегі алатын орыны
айқындала түспек. Философияның негізгі пәні мен обьектісі-адам және оның
әлемдегі орыны.
Философияның негізгі мәселесін (ойлау мен болмыстың арақатынасы туралы) сөз
еткенде бұл сұрақтың екі жағы бар екенін ажырата білу керек.
бірінші жағы: дүниенің негізі, бастамасы не -идея, рухпа әлде материя ма
деген онтологиялық (болмыс туралы ілім) сұрақ қояды.
екінші жағы: адам баласы дүниені танып-біле алама әлде танып-біле алмайма
деген гносеологиялық (таным туралы ілім) мәселе көтереді.
Философияның онтологиялық мәселесіне байланысты философияда негізгі екі
бағыт пайда болды. Олар материализм және идеализм.
Онтологиялық сұрақ- дүниенің бастамасы не, дүниенің негізі материя не сана,
рухпа деген деген сұрақ төңірегінде мәселе қозғаса, ал гносеология-дүниені
танып-білу мүмкінбе әлде мүмкін емеспе деген сұрақ қояды.
Дүниенің алғашқы бастамасы, түп негізі не деген сұраққа жауап беру
барысында философияда екі негізгі бағыт пайда болды, олар: материализм және
идеализм.
Материалистік бағыт-дүниенің негізі кез-келген бір материядан тұрады,
материя-санаға тәуелсіз реалды өмір сүретін, өзіндік заңдылықтармен дамуға
қабілетті деп тұжырымдайтын пікір.
Материя—адамның санасынан тыс, тәуелсіз өмір сүретін және санада
бейнеленетін (сана арқылы сипаттауға болады) обьективті шындық. Материя
әлемде нақты өмір сүретін шексіз көп обьектілер мен формалардың
субстанциялық негізі болып табылады.
Материалист-философтардың қатарына саналатындар: Демокрит, Фалес,
Анаксимандр, Анаксимен, Эпикур, Бэкон, Локк, Спиноза, Дидро, Герцен,
Чернышевский, Маркс, Энгельс, Ленин т.б.
Идеализм-философияның негізгі мәселесін шешудегі материализмге қарама-қарсы
бағыт, яғни материя мен сана қатынасында дүниенің бастамасы ретінде сананы
(идеяны), рухты жақтайтын көзқарас.
Идеализм екі түрлі пікірге бөлінеді:
-Обьективті идеализм (Платон, Лейбниц, Гегель),
-Субьектвті идеализм (Беркли, Юм).
Обьективті идеализм өкілдерінің тұжырымдауы бойынша тек қана реалды идея
ғана бар, идея-алғашқы, барлық қоршаған орта, шындық- идеялар әлемі және
заттар әлемі болып бөлінеді. Идеялар әлемі (эйдос) әлемдік зердеде өмір
сүреді, заттар әлемі -өзіндік тіршілігі жоқ, жекелеген заттар Жаратушыға
ғана тән құбылыс, идеялар әлемі санадан тәуелсіз өмір сүреді, себебі,
адамның ойы, идея тіпті табиғаттың өзі абсолюттік идеяның, дүниежүзілік,
әлемдік рухтың бір бөлшегі ғана, яғни дүниенің негізі- о дүниелік сана,
абсолютті рух. Обьективті идеализм әдетте теологиямен бірігіп кетеді де,
діннің өзіндік бағыт алған философиялық негізі болып табылады.
Субьективті идеализм- бүкіл дүние-біздің санамызда, субьектінің сана-
сезімінің жасаған немесе біздің түйсіктеріміздің, алған әсеріміздің
жиынтығы. Бұл жағдайда алғашқы бастамаға адамның санасы алынады да, сонан
кейін барып одан табиғат шығарылады, соған орай заттар мен бүкіл дүниенің
обьективті өмір сүруі, олардың даму заңдылықтары теріске шығарылады,
өйткені адам санасынан тыс материяда, рухта жоқ,- деген пікірді ұстанды.
Уақыт өте келе дүниенің бастамасы мәселесіне байланысты философияда бірнеше
пікірлер қалыптаса бастады. Олардың қатарына: монизм, дуализм деизм
саналады.
Монизм (гр. Monos - біреу, жалғыз) –дүниенің алғашқа негізі ретінде бір
ғана бастаманы мойындайтын философиялық ілім. Идеалистер үшін алғашқы
бастама-идея, сана. Материалистер үшін- материя алғашқы бастама болып
табылады.
Дуализм (лат. Duo-екеу) –монизмге қарсы, дүниенің негізі екі бастамадан
тұрады, екеуі бірін-бірі толықтырып отырады деп тұжырымдайтын пікір.
Негізін салған Р.Декарт.
Деизм-(лат. Dues- Құдай) дүниенің негізін Құдай жаратты, бірақ, адамның іс-
әрекетімен қоғам өміріне араласпайды деп тұжырымдау. Негізін салған 17 ғ.
Ағылшын философы, лорд Чербери.
Философияның негізгі сұрағының екінші жағы дүниені танып-білу мәселесі
екендігі жоғарыда айтылған болатын. Бұл мәселені қарастыру барысында қарама-
қарсы көзқарастар пайда болды, олар философиядағы гностицизм және
агностицизмдік көзқарастар.
Гностицизм (гр. gnostos-білім) дүниені танып-танып білу мүмкіндігіне
сенетін, мойындайтын ілім. Адамның санасы, зердесі дүниенің барлық қыр-
сырларын танып-біле алады деп тұжырымдайтын философиялық көзқарас.
Агностицизм (гр. а-теріске шығару, ал gnostos-білім)-дүниені танып-білу
мүмкіндігін теріске шығаратын ілім. терминді алғаш ағылшын жаратылыс
зерттеушісі Гексли енгізді.
Дүниеге философиялық көзқарастың мәні онтологиялық және гносеологиялық
мәселелерді қарастырумен ғана анықталып, шектелмейді. Әлемді философиялық
тұрғыдан қараған кезде танып –білудің қандай әдіс қолданылатындығын естен
шығармауымыз керек. Егер философия тарихына жүгінетін болсақ, бір-біріне
қарама-қарсы екі ойлау әдісі-диалектика мен метафизикалық әдістерін
аңғарамыз.
Диалектика (гр. Diolegomai-әңгімелесу, пікірлесу) – обьективті шындықтың,
табиғаттың, қоғамның, ойлаудың даму заңдылықтарын зерттейтін ілім. Антика
дәуірінің өзінде-ақ дүниенің, тіршіліктің өзгермелілігін мойындап, шындық
атаулыны үнемі дамып, өзгеріп отыратын процесс ретінде қабылдады. Осы
жағдайларға байланысты кез-келген нәрсенің бірлігі мен қарама-қайшылықтар
күресінің қатынасын көрсетуде диалектиканың маңызы зор (Гераклит,
Пифагоршылдар).
Метафизика. Ерте заманда бұл сөз өмірдегі барлық нәрсенің түп негізі туралы
ілім деге мағынаны білдірген. 16 ғасырдан бастап Метафизика терминімен
қатар сол мағынада Онтология терминіде қолданылды.
Метафизика-заттар мен құбылыстар бір-бірімен байланыссыз, қозғалмайтын,
мәңгі-бақи бір қалыпты, ішкі қайшылықтары жоқ деп есептейтін философиялық
ілім (сөзбе-сөз аударғанда-физикадан кейінгі келетін мағынасын
білдіреді).
Философия мәдениет феномені хақысында
Философия мәнін түсіндірмелеудің негізгі типтері. Дүниеге қатынас және
дүниетаным ұғымдары. Дүниетаным және дүниенің жалпы мәденилік суреті.
Дүниетаным және фплософия. Философия пайда болуының тарихи-әлеуметтік
детерминанттары. Мәдениет дүниесіндегі философияның қатынасы мен тағайыны.
Философия адам құштарлығының әр түрлі төрт саласының - ғылым, поэзия, дін,
логика - негіздемесі ретінде. Философия және мифология. Философия және дін.
Философия және өнер. Философия және ғылым. Философия және саясат.
МӘДЕНИЕТ КОНТЕКСТІНДЕГІ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ОЙ КЕШУДІҢ ТАРИХИ ТИПТЕРІ
Шығыс мәдениетіндегі философия феномені
Көне үнділік мәдениетіндегі діннің мәртебесі және оның философия қалыптасуы
мен дамуына әсері. Үнділік философия қарсаңындағы (Ведалар дәстүрі) негізгі
дүниетанымдық идеялар. Упанишадалардағы дүниетанымдық ізденістер дүниеден
аскеттік қашқақтаудың формасы ретінде. Қайта түрленудің мәңгілік циклынан
құрылудың жолдарына деген ізденістер.
Шығыс ойының өзіндік ерекшелігі. Ойлаудың кармалық стилі философияның
моральдық және метафизикалық өлшемінің формасы ретінде. Карма, реинкариация
және касталар жүйесі туралы ілім Үнді философиясының негіздемесі ретінде.
Буддизм және оның Ведалық дүниетаным мен ритуалдық практикаға қатынасы.
Буддизм Упанишадаларды сыни қайта түсіну ретінде. Буддизмнің іргелі
идеялары. Күш қолданбаудың буддистік стратегиясы, оның Шығыс адамының
тарихи тағдырына әсері.
Даостық философия және дүние-әлемнің суреті. Дүние-әлемнің даостық
суретіндегі адамның орны. Өмірді сактау мен нығайтудың даостық тәсілі.
Әділдік принципінің Космостық сипаты. Өлместікке жетудің даостық
практикасы.
Моизм конфуцийшылдыққа альтернативті әлеуметтік-этикалық, доктрина ретінде.
Моизмнің іргелі идеялары: жалпы махаббат, табыстылық, өзара пайда. Моизм
прагматикалық мақсаттылықтың философиясы хақында және оның қытайлық адам
мәдени стратегиясының практикалық бағыттылығының қалыптасуына әсері.
Легизм соғысушы мемлекеттер дәуіріндегі саяси-әлеуметтік стратегиялар
философиясы ретінде. Легизмнің іргелі құндылықтары қоғамдағы тәртіп, заңдар
және жарлықтар. Легизм қытайлық қоғамның қауіпсіздігі мен тұрақтылығының
моделін іздеу идеологиясы хақында. Философиялық ілімдердің Қытай халқының
мәдени өміріне әсері.
Антикалық мәдениеттегі философия
Платонның білім және құзырлылық мәселесін қоюының іргелілік сипаты. Платон
философиясы табнғат пен қоғам үстінен Зерде басымдылығын орнықтыруды
іздестіру формасы хақында.
Аристотель философиясы антикалық мәдениет энциклопедиясы хақында. Зерделі
өмірге қол жеткізу үшін білім мәселесінің мәртебелілік және маңыздылығы.
Білім алу жолдары мен құзырлылықтың мәселелену Этикалық құзырлылықтың
қалыптасуы және оның зерделі іс-әрекетте туралы білімдер жинақтаудағы рөлі.
Логика салиқалы ойлаудың органон ретінде. Өркениетті адам табиғатын айқара
ашудың формасы ретінде. Қоғамдағы өмір Зерде мүмкіндіктерін шығармашылықпен
іске асырудың шарты ретінде. Қоғамдағы зерделі өмір ретіндегі полития -
адам қоғамдастықтың мақсаты.
Жеке бас бақытын қамсыздандыру жайлы философиялық ізденістер. Эпикуреизм -
жеке бастың игілікті болуының философиясы ретінде. Гедонизмге қол жеткізу
жолдарының рационализациялануы. Стоицизм жеке бас бақьггына қол жеткізудің
философиясы ретінде. Киниктер немесе өмірдің табиғи салтын іздестіру
философиясы. Римдік стоицизм аскеза мен саяси борыш аралығындағы қызу
ізденістің рухани жолы ретінде. Табиғи құқық идеясы жалпы құқықтық тәртіп
орнықтырудың негізі ретінде. Рим мемлекеттік және құқықтық өмірді
ұйымдастыруға құқықтың стоицистік тұғырнамасының әсері.
Антикалық философияның адамның дүниеге рационалдық қатынасының, оның
табиғат пен әлеуметтік дүниеге рационалды үстемдігі стратегиясының
қалыптасуына әсері. Антикалық философияның дүниетанымдық бағдарларының
адамның мәдени және саяси-әлеуметтік активнзмінің қалыптасуына әсері.
ОРТА ҒАСЫРЛЫҚ МӘДЕНИЕТТЕГІ ФИЛОСОФИЯ ФЕНОМЕНІ
Батысеуропалық ортағасырлық мәдениеттегі философия мен діннің феномені
Батысеуропалық ортағасырлық философия қалыптасуының мәдени-әлеуметтік
контексті. Негізгі қайнар көздері. Ортағасырлық мәдениеттегі христиандық
дін феномені. Христиандық дүниетанымның көкжиегі. Христиандық діннің
негізгі рухани құндылықтары. Өмірлік философиядан түңілу және антикалық
рвдионалды бағдарланған философияның теоретикалық мәселдемелеріне деген
құштарлығының ғайып болуы. Жер бетіндегі өмір тарихтың драмалылағы ретінде.
Қайғы-қасірет және әділсіздік үшін әділ марапатталу туралы ілім. Екі
мәдениет кездесуі: христианшылдық және гректік пен эллинистік философиялар.
Философия мен теология интеллектуалдық қызметтің негізгі түрлері ретінде.
Дүниетанымдық ізденістердің орталық тақырыптары. Философия мен ортағасырлық
адамның мәдени өмірінің интеллектуалдық саласына христианшылдық енгізген
жаңа қағидалар. Ортағасырлық адамның мәдени таңдауының басты стратегияларын
қалыптастырудағы А.Августиннің ролі. Батысеуропалық ортағасырлық
философиялық ойға арабтық-мұсылмандық философияның әсері. Христианшылдық
пен аристотелизмнің синтезі. Схоластика феномені. Схоластика кезеңіндегі
философия. Схоластикалық ойлаудың өзіндік ерекшелігі. Томизм римдік
католикалық шіркеудің философиясы хақында. Томизмнің іргелі идеялары.
Философия және теология. Сенім мен білімнің арақатынасы мәселесі.
Схоластика фнлософиясы. Томизм схоластикалық даналықтың жоғары формасы
хақында.
Исламдық ортағасырлық мәдениет контекстіндегі арабтық- мұсылмандық
философия.
Арабтық-мұсылмандық философияның мәдени-әлеуметтік және рухани контексті.
Исламдық мәдениет және философияның негізгі бағыттарының қалыптасуы.
Мәдениеттің исламдық дүниесіндегі рационалистік дәстүрлі Фәлсәфәнің
іргелі идеялары мен принциптері. Араб тілдес перипатетизмнің
энциклопедизмі, универсализмі: Әл-Кинди, Әл-Фараби Ибн Сина, Ибн Рушд. Ең
маңызды дүниетанымдық сауалдарды жасақтаудағы рационалдық дәстүр
ғұламаларының үлесі.
Құрандағы білім тұғырнамасы. Құран және рационалдық құдайлық ілім.
Дүниенің исламдық моделі. Адам орны және оның өмірді құрудағы негізгі
максималары.
Түрік тілдес философияның қалыптасуы. Жүсіп Баласағұн философиясы.
Құттылықты білім. Этика, саясат мәселелері. А.Иүгінекидің философиялық
ізденістері. Махмұт Қашғаридың философиялық ізденістері. Қожа Ахмет
Иассауидің суфийлік ілімінің түп-негізгі идеялары мен принциптері. Шығыс
пен Батыс елдерінің рухани мәдениетіне суфизмнің әсері.
Ренессанс пен Реформация мәдениетіндегі философия
Ортағасырлық мәдениет пен ойдың мәдени-әлеуметтік трансформациялары.
Ренессанстық дүниетанымның антропоцентризмі. Табиғат пен адамның жаңаша
түсінігі. Антикалық және эзотерикалық ілімдердің (неоплатонизмнің,
герметизмнің, каббаланың, мистицизмнің) қайта түрлеу және олардың Қайта
Өрлеу философиясына әсері. Қайта Өрлеу философиясы және жаңа ренессанстық
ойлаудың қалыптасуы. Дүниетанымдық сауалдар және Қайта Өрлеу Дәуірі
ойшылдарының философиялық ізденістері. Философиялық ой-желістердің негізгі
тақырыптары мен мәселелері.
Реформация философиясы. Сенім феномені. Сенім адамдарды ақтау тәсілі
ретінде. Зерде және сенім. Лютерлік теологияның волюнтаристік сипаты.
Лютердің пессимистік антропологиясы.
Н.Макиавеллидің саяси философиясы және оның күшті мемлекет моделінің
қалыптасуындағы маңызы. Философия және әлеуметтік утопия. Идеалдық мемлекет
моделінің қалыптасуындағы Зерденің рөлі.
Эмпиризм мен рационализм философиялық дәстүрінің пайда болуы.
Эпистемологиялық идеалдың қалыптасуы. Жаңа рационалдықтың қалыптасуы. Ғылым
философиялық рефлексиялар предметі ретінде. Батыс адамының дүниені
рационалдық игерудің перспективаларын айқындауы. Жаңа Уақыт философиясы
дүниетанымдық ұстанымдарының батыс адамының мәдени іс-әрекеттегі
субъективтілігін демонстрациялаудың принципті жаңа мүмкіндіктерін
қалыптастыруға әсері. 18 ғ. екінші жартысы мен 19 ғ. бірінші жартысындагы
неміс мәдениетінің ерекшелігі. Философиядағы Коперникандық төңкеріс.
Канттық трансценденталдық философия таным теориясы ретінде. Канттың пайым
мен зерде туралы ілімі. Кант диалектика туралы. Моральдық еріктің Канттық
этикасы борыш этикасы ретінде. Категориялық императив шешім қабылдау үшін
идеалды стандарт және азаматтық қоғам негіздемесі ретінде. Канттың құқық
философиясы жанжалдарды әділ реттеудің тұғырнамасы ретінде. Адам құқықтары
туралы мәселе жайындағы философиялық рефлексия.
Ағартушылық және Романтизм идеяларының Гегельдің философиялық ілімінің
қалыптасуына әсері. Диалектикалық ойлау тұғырнамасы қалыптасуының
қайнарында. Диалектикалық ойлаудың категориялық сипаты. Гегельдің
диалектика туралы ілімі. Диалектиканың негізгі категориялары. Диалектиканың
принциптері. Даму ұғымы. Диалектикалық дамудың заңдары. Диалектика таным
әдісі хақында. Құл мен әміршінің диалектикасы өзіндік даму тарихи процесін
түсіну формасы ретінде. Гегельдің құқық философиясы. Гегельдің саясат
философиясы.
Л.Фейербахтың антропологиялық ілімі. Діни жатсыну феномені. Л.Фейербахтың
христиан дінін сынауы. Л.Фейербахтың махаббат тұғырнамасы.
XIX ғ. мәдениетіндегі батысеуропалық философия XIX ғ. екінші жартысының
мәденитіндегі дәуірлік оқиғалар. Рационализм және оптимизм, шексіз
прогресске деген сенім. Индустриалдық коғам және оның негізгі доминанттары.
Техникалық прогрессі иидустриалдық қоғамның басты құндылықтары ретінде. XIX
ғ. - ғылымның Алтын ғасыры.
Адам туралы эпистемологиялық айтыстар. Саяси-әлеуметтік философияның
қалыптасуы. К. Маркстың предметтік іс-әрекет туралы ілімі. Адамның
әлеуметтік тұғырнамасы. Жатсыну және оны жеңу туралы ілім.
Қоғамдық ғылымдардың дамуы. Әлеуметтік-гуманитарлық білімге деген
құштарлықтың артуы. Позитивизмнің туындауы. О.Кант позитивтікі
социологияның әкесі ретінде. Философия және сциентизм. Эмпириоқритицизм мен
махизм позитивизмнін жалғастырушылары ретінде. Ғылыми зерттеу әдіснамасына
деген құштарлық. Неокантианство және оның ғылыми-зерттеу әдісі мәселесін
жасақтауы. Адамның жаңа өлшемі: адам рәміздік жануар ретінде.
А.Шопенгауэрдің жыныстық махаббат метафизикасы. Өмір философиясы. Ф.Ницше
философиясы. Еуропалық нигилизмі Христианшылдық пен метафизиканы сынау.
Батысеуропалық философияның Батыс адамының ғылыми-техникалық қызметте
белсенді өзгерістерді дамытудағы эпистемологиялық сенімділігін
қалыптастыруға әсері. Батыстық адамның ғылыми рационалдығының
белсенділенуіне кедергі келтіретін потенциалдық мүмкіндіктер мен себептерді
анықтау.
XIX ғ. - XX ғ. басындағы ресейлік мәдениет контекстіндегі орыс философиясы.
Орыс философиясының мәдени-әлеуметтік контексті мен идеялық алғы-шарттары.
Мәскеу - үшінші әлем идеологемасы және оның ресейлік қоғамдық санаға
әсері. Славянофиндер философиясы. Сенім адам білімінің шеткері шегі
ретінде. Ерік, махаббат, сосорлық ұғымдары және олардың Ресей діни
философиясы дамуына әсері. Славянофилдер идеялары және олардың орыс
тарихының, мәдениетінін, ұлттық өзіндік санасының өзгешелігі моделінің
қалыптасуына, орыс өмірінің өзіндік болмысын насихаттауға әсері. Орыс дін
философиясының орыс адамының рухани бағдарларына әсері. Орыс философиясының
орыс адамының мәдени және әлеуметтік бірдейлікті іздестіруіне және табуына
деген дүниетанымдық бағдарлары.
Қазақ мәдениетіндегі философия феномені
Қазақтардың дәстүрлі дүниетанымы. Номадтық мәдениеттің синкретизмі.
Қазақтың халықтық шығармашылығындағы дүниетанымдық ізденістер. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz