Жартылай алмалы - салмалы протездердің түрлері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

БЕКІТЕМІН

Директордың оқу-әдістемелік ісі

жөніндегі орынбасары

Абирова М. А

«»2023ж

«ЖАРТЫЛАЙ АЛМАЛЫ-САЛМАЛЫ ПЛАСТИНАЛЫ ПРОТЕЗДЕРДІ ДАЙЫНДАУ ТЕХНИКАСЫ» ПӘНІНІҢ

ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Мамандығы 09110200 -« Стоматология»

Біліктілігі 4S09110102 «Дантист»

2024-2025 оқу жылы

Курс 3

Семестр 5

Бақылау түрі - дифф. сынақ

Жалпы сағат саны /кредиті kz- 72/3

Аудиториялық -12

Практика (зертханалық) - 60

Алматы 2024

«Жартылай алмалы-салмалы протездерді дайындау техникасы» пәнінің дәріс кешенін құрастырушы арнайы пән оқытушысы Болатбек. А. Ж

Дәріс кешені мамандығы 09110100 «Стоматология», біліктілігі 4S09110102 «Дантист» бойынша оқу жұмыс бағдарламасының негізінде құрастырылды.

«Жартылай алмалы-салмалы протездерді дайындау техникасы» пәнінің дәрістік кешені “Стоматология бөлімінің» циклдық әдістемелік отырысында талқыланып, бекітуге ұсынылды.

Хаттама № «___» 2024

Тіс техник бөлімінің, ОӘК-ның төрағасыЕрёменко. А. Г

4. 1. Дәріс: Тақырып №1 Халыққа стоматологиялық жәрдем көрсетуді ұйымдастыру

4. 2. Мақсаты: Халыққа стоматологиялық жәрдем көрсетуді ұйымдастырудың негізгі міндеттері мен мақсаттары

4. 3. Дәрістің тезистері

Қазақстан Республикасында стоматологиялық көмек көрсету міндеттері, функциялары, құқықтық және ұйымдастырушылық негіздері "Қазақстан Республикасында стоматологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 8 маусымдағы № 397 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7798 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының халқына стоматологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережеде айқындалған.

Стоматологиялық аурулардың профилактикасы кабинеті медициналық пункттерде, фельдшерлік-акушерлік пункттерде, дәрігерлік амбулаторияларда (отбасы денсаулығы орталықтарында), емханаларда (ауылдық, аудандық, қалалық), оқушылар саны кемінде 800 адам болатын білім беру ұйымдарында, сондай-ақ стоматологиялық кабинеті (бөлімшесі) жоқ денсаулық сақтау ұйымдарының құрамында ұйымдастырылады.

Стоматолог дәрігер стоматологиялық аурулар кезінде консультативтік және емдік-диагностикалық процесті клиникалық хаттамаларға сәйкес ұйымдастыруды қамтамасыз етеді; тіркелген контингенттің, оның ішінде орта, жоғары және жоғары оқудан кейінгі кәсіптік білім беру ұйымдарында, шақыру пункттерінде, кәсіпорындар мен ұйымдарда ауыз қуысын профилактикалық қарап-тексеру мен санациялауды жүргізеді; тіс-жақ сүйек жүйесінің патологиясы бар пациенттерді диспансерлік байқауды және стоматологиялық денсаулық деңгейін бағалай отырып, оның тиімділігін талдауды жүзеге асырады; тіс-жақ сүйек-бет аномалияларымен, деформацияларымен және олардың дамуы алғышарттарымен тұлғаларда, тістер мен тіс қатарларының коронка ақауларын, тістердің қатты тіндері мен ауыз қуысының сілемейлі қабықшасының патологияларын ерте анықтауды қамтамасыз етеді; медициналық көрсетілімдер болған кезде пациенттерді көп бейінді стационарлардың жақ сүйек-бет хирургиясы бөлімшелеріне (кереуеттеріне) стационарлық емдеуге жіберуді ұйымдастырады.

Стоматологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарың мамандары стоматологиялық ауруларды ерте анықтау және алдын алу мақсатында пациенттерді профилактикалық қарап-тексерулерді жүзеге асырады және заманауи медициналық технологиялар мен дәлелді медицина қағидаттарына негізделген диагностика және емдеу әдістерін қолдана келе, стоматологиялық аурулары бар пациенттерге мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді.

Стоматологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың мамандары ата-аналарды немесе күтім жасайтын өзге де заңды өкілдерді аурудың ағымы, болжамы және емдеу, оңалтудың баламалы әдістері туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді, стоматологиялық аурулардың профилактикасы, Қазақстан Республикасының халқы арасында саламатты өмір салтын насихаттау бойынша іс-шаралар өткізеді.

Стоматологиялық аурулармен ауыратын халыққа медициналық көмек ТМККК шеңберінде көрсетіледі.

Стоматологиялық аурулары бар пациенттерге ақылы медициналық көрсетілетін қызметтер Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 304 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11341 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсету қағидалары мен шарттарына сәйкес мемлекеттік және жекеше медициналық ұйымдар көрсетеді.

ТМККК шеңберінде стоматологиялық медициналық көмек мынадай нысандарда жүзеге асырылады:

1) алғашқы медициналық-санитариялық көмек (бұдан әрі - МСАК) ;

2) консультациялық-диагностикалық көмек (бұдан әрі - КДК) ;

3) жедел медициналық көмек.

Жылжымалы стоматологиялық кабинет (бұдан әрі - ЖСК) медициналық ұйымдардың стационарлық үй-жайларынан тыс, оның ішінде қашықтықта және жетуі қиын елді мекендерде стоматолог дәрігерлер және стоматологиялық аурулар кезінде медициналық көмектің аумақтық ерекшеліктері мен қажеттіліктерін есепке ала отырып, стоматолог дәрігерлер немесе медициналық ұйымның стоматологиялық емхана бөлімшелерінің немесе стоматологиялық бөлімшесінің штатына кіретін стоматологиялық бейіндегі басқа мамандар медициналық ұйымның, стоматологиялық емханасының немесе стоматологиялық бөлімшенің құрылымдық бөлімшесі ретінде ұйымдастырылады.

4. 4 Слайдтар, плакаттар, фантомдар және презентациялар.

4. 5. Әдебиет

Негізгі

1. В. Н. Копейкин, Л. М. Демнер "тіс протездеу техникасы", (Мәскеу 2015 жыл)

Қосымша:

Толық тісті жоғалту кезінде қайта қалпына келтіру. Варес Э. Я. -Донецк, 2013

Интернет ресурстар:

https://ppt-online. org/402821

https://studopedia. net/6_100068_plastmassa-sauitti-dayindau-tehnologiyasi. html

  1. Бақылау сұрақтары
  1. ТМККК шеңберінде стоматологиялық медициналық көмек
  2. Стоматологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарың мамандары
  3. Жылжымалы стоматологиялық кабинет туралы түсінік.

4. 2. 1. Тақырып №2 Жартылай алынбалы-пластиналық протездердің түрлері және олардың құрылымдық ерекшеліктері. Оларға қойылатын талаптар

4. 2. Мақсаты: Алмалы-салмалы протездердің түрлері және олардың құрылымдық ерекшеліктері

4. 3. Дәрістің тезистері Жартылай алмалы-салмалы протездердің түрлері

Клиникалық кезең:

1. Науқастың ауыз қуысын зертеп, тексеріп, диагноз қою, ауыз қуысымен мен тірек тістерді дайындау, протездің конструкциясын таңдау және қалыптық қасықты шақтап көріп, альгинатты немес силиконы массалармен қалыптық өлшем алу.

2. Жақ сүйегінен альгинитты массамен анотомиялық пішінінен қалыптық өлшем алынады. Доғалы протез дайындауда екі қабаттан тұратын, яғни негізгі(базисті) және корекциялаушы (католизатор немесе нақтайтын) қабаттары бар альгинитты массамен толық анатомиялық қалып алынады. Таңдалған қасыққа базистик массаны салып тірек тістің өлшемін аламыз. Бірінші өлшемдік қалыптан кейін, бірінші қабатқа корекциялаушы(нақтаушы) екінші қабаты жағылады да, қасық тіс көшірмесі бар жақпен тіс қатарына орналастырылады. Осылайша қалыптық өлшем алынады, қалыптық өлшем екі жақтанда алынады, зертханаға жіберіледі.

Зертханалық кезең :

1. Қалыптық өлшем қарапайым гипспен ғанышталады.

2. Гипстік мүсінді қалыптық өлшемнен ажыратып, болашақ алмалы-салмалы пластинкалы протездің шекарасы химиялық қаламен сызылады.

Жоғары жақтағы протездің шгарасы:қатты және жұмсақ таңдай шегарасындағы А сызығына 1мм жетпейді, вестебуляр беткейде жоғарғы ерін үзбесінің альвеола өсіндісіне біріккен төменгі нүктесіне 1. мм, альвеола өсіндісінің ұртпен жалғасқан қозғалмалы қатпардың шегарасына 1мм жеткізбей сызып алынады. Жоғары жақ дөңесі міндетті түрде протезбен жабылуы қажет, бұл оны бекіту мен тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін маңызды болып табылады

Жартылай алмалы-салмалы протездердің түрлері және олардың құрылымдық ерекшеліктері.

Балауызбен мүсінделген тісті мүсіннен бөліп алып артық ғаныштарды пышақпен кесе Төменгі жақтағы протездің шегарасы: вестибуляр беткейде, төменгі ерін үзенгісіңің альвеолаға біріккен жоғары нүктесінен, альвеола өсіндісінің ұртпен жалғасқан қозғалмалы қатпарына және альвеола өсіндісінің дистал бөлігіндегі қозғалмалы қатпарына 1-мм жетпейтіндей етіп сызып алынады. Ал ауыз қуысының оралды бөлігінде, тіл үзенгісінің альвеола өсіндісіне біріккен жоғары нүктесінен, ауыз қуысы табанының қозғалмалы қатпарына 1-мм жетпейтіндей етіп сызып алынады. Тірек тістердің шегарасы сызылады.

Қазақ ғалымы, м. ғ. к. К. М. Садығалиевтің зерттеуі бойынша ұрт, тіл, ерін шырышты тартпасын босату үшін алмалы салмалы протезде ойықты дөңгелек пішінде жасайды.

3. Пластинкалы мүсіндеуші балауызбен(қалындығы 2мм, ұзындығы 170мм, ені 80 мм) болашақ протездің негізі(базисі, ғаныштық мүсінде сызылған шегаралар бойынша) мүсінделеді. Сол балауыздан, альвеола өсіндісінің тіс қатары кемістігі аймағына (балауызды жастықша) білік қойылады, олардың бүйірлік бөлігіндегі ені 1-1. 2мм, ал алдынғы тістер аймағында ені 0. 6-0. 8мм аспауы керек. Біліктердің биіктігі тістердің биіктігінен 1-2мм жоғары болуы қажет, келешекте олардың орнына жасанды тістер қойылады. Балауыздан дайындалған протезді шаблоны клиникаға шақтап көруге жіберіледі.

Клиникалық кезең:

3. Антропометрия әдісімен немесе басқада әдістермен орталық окклюзия анықталады. Жақтарда кемінде бір жұп қарама қарыс тістер болса, окклюзиялық шаблонды балауыздармен тістетіліп, орталық окклюзия анықталады.

4. Балауыздан дайындалған протезді шаблоныдағы біліктерді электрошпателде жұмсартып, антогонист тістермен орталық окклюзияда тістетіледі. Шаблонда жоғарғы және төменгі ерін үзенгісі түзу сызықпен біріктіріледі, фонтал тістердің шегарасы мұрын қанаттарының шегарасымен сызылады, күлкі сызықтарының (линия улыбки) шегарасы көз қарашықтарына негізделіп сызылады. Балауыздан дайындалған протездің шаблоны зертханаға жіберіледі.

Зертханалық кезең:

4. . Балауыздан дайындалған протездің шаблонын окклюдаторға орнатады.

5. Шаблоныдағы біліктерді электрошпателде ажыратып, олардың орнына жасанды тістер теріледі. Тірек тістермен жанасқан бөлігіне кламмер орнатады.

6. кювейтаға қаймақ тәрізді гипс құйылады, балауызды шаблонды жартысынашейін гипспен ғаныштайды. Ол қатқаннан соң, суға салып алынады, үстіне гипстің екінші қабаты құйылады. Кюветаның бетін жауып, престеледі, оның қатуын 15 минут күтіледі.

7. Кюветаны преспен қосып ыстық суда 20 минут қайнатады.

8. Кюветаны техниктің балғасымен жанынан жайлап ұрып кюеталарды ашылады. Ондағы қалдық балауызды ыстық су құйып, ерітіп жұып жіберіледі.

9. Кюветадағы балауыздың орнына яғни гипстегі қуысқа ажратқыш жағамыз( изакол), 15 минут қатуы күтіледі.

10. Залалсыздандырылған шыны ыдыс алып, ішіне мономер сүйықтығы құйылады, оның үстіне сұйықтық қаныққанша полимер ұнтағын қосылады, үстін жауып қойылады. Он минуттан соң пластмассаны шпательмен араластырып қамыр тәрізді масса болғанда онымен кювейтадағы гипстік құыс толтырылады. Кювейтаның екінші бөлегін жауып, преске қысылады.

11. Бөлме температурасындағы суы бар ыдысқа кювейтаны салып қайнатылады, ( пластмассаның полимеризациясы) су қайнап шыққаннан соң тағы 45 мин қайнайды. Қайнау уақты жеткенде, кювейтаны судан шығарып бөлме температурасына шейін суытылады.

12. Кюветаны престен шығарып, техник балғасымен жанынан жайлап ұрып, кювейталар ажыратылады. Дайын болған жартылай алмалы-салмалы пластинкалы протездің артық бөліктерін түрпілік алмаз немесе корбуронт бормен қырып алынады(ұқыптылықпен) .

Жартылай алмалы-салмалы пластинкалы протез дайындаудың көрсеткіштері ;

а. Көпір тәрізді пртезді қойуға мүмкіндік болмағанда;

б. Тірек тістер екінші дәрежелі қозғалыста;

в. тірек тістер жеткіліксіз;

г. тірек тістердің ара қашықтығы алшақ:

Осы жағыдайларда жартылай алмалы салмалы протездер қойылады.

Жартылай алмалы-салмалы протездердің түрлері:

а. Жартылай алмалы-салмалы пластинкалы протез.

б. Жартылай алмалы-салмалы қарапайым кламмерлі доғалы протез.

в. Жартылай алмалы-салмалы аточментті бекітілетін доғалы протез.

г. Жартылай алмалы-салмалы био денто пластты протез.

д. Телескопиялық сауыттарға бекітілген жартылай алмалы-салмалы протез.

4. 4 Слайдтар, плакаттар, фантомдар және презентациялар.

4. 5. Әдебиет

Негізгі

1. В. Н. Копейкин, Л. М. Демнер "тіс протездеу техникасы", (Мәскеу 2015 жыл)

Қосымша:

Толық тісті жоғалту кезінде қайта қалпына келтіру. Варес Э. Я. -Донецк, 2013

Интернет ресурстар:

https://ppt-online. org/402821

https://studopedia. net/6_100068_plastmassa-sauitti-dayindau-tehnologiyasi. html

  1. Бақылау сұрақтары
  1. Жартылай алмалы-салмалы протездердің түрлері
  2. Жартылай алмалы-салмалы пластинкалы протез дайындаудың көрсеткіштері;
  3. Жартылай алмалы-салмалы протездердің түрлері және олардың құрылымдық ерекшеліктері.

4. 3. Тақырып №3 Алмалы-салмалы пластинкалық протездерді дайындаудың қазіргі технологиялық әдістері

4. 3. 1 Мақсаты: Алмалы-салмалы пластинкалық протездерді дайындаудың қазіргі технологиялық әдістері

4. 3. 2 Дәрістің тезистері

Клиникалық кезең:

1. № 1-ші зымпара қағазымен сауыт тісті тегістеп аламыз.

2. Пемза ұнтағына су араластырып, пластмассаға молынан жағып алынады, киіз дискті шлифмотордың сүйір конусын орналастырып фальцовка жасалады(үйкелеу)

3. жартылай алмалы-салмалы протезді пемзаға малып қара щеткамен бірнешерет үйкелейміз.

4. жартылай алмалы-салмалы протезді пемзаға малып ақ щеткамен бірнешерет үйкелейміз.

5. Ақ бордың ұнтағын спиртке араластырып паста тәрізді масса дайындап, оған жартылай алмалы-салмалы протезді малып матасы бар дискпен бірнешерет үйкелейміз.

6. Ақырғы этапта құс қауырсынынан дайындалған дискпен (пух) жеңіл тұрде үйкелейміз.

7. жартылай алмалы-салмалы протезді жуғыш ұнтағы бар ыстық суда, щеткамен жақсылап жуылады.

8. Дайын болған жартылай алмалы-салмалы пластинкалы протез клиникаға жіберіледі.

5. Дайын боклған жартылай алмалы-салмалы пластинкалы протез клиникада медикаменті өңделіп, ауыз қуысында шақтап көріледі. Протезге коррекция жасалып, кеңес беріледі. .

Жартылай алмалы-салмалы тіс протезі - дегеніміз, тic қатарларының ақауларын алынбайтын көпіртәрізді протезбен қалпына келтіруге болмайтын кезде қолданылатын, пластмассадан немесе темірден жасалған пластинка тәрізді базисіне әртүрлі бекіту элементтері мен жасанды тістер бекітілетін тіс протезі.

Жартылай алмалы-салмалы тіс протездерінің құрылымын (конструкциясын) таңдау :

• тіс қатары ақауларының орны мен көлеміне;

• сақталған тістер санына;

• олардың қатты тіндері мен пародонт жағдайына;

• анатомиялық ретенция (альвеолярлы өсінділері, үстіңгі жақ сүйек дөңестері, қатты таңдай күмбезі) элементтерінің сақталуына;

• және тістем түріне байланысты болады.

Көрсеткіштер

· Тістің бөліктік жоғалту ; 1 немесе 2 жақты шеткі дефект + алдыңғы артқы тіс топтарының қосылған дефекттері.

· Тістер толық болмаса

· Тіреуіш тіс аз болса

· Имплант қоюға қарсы көрсеткіш болса

Қарсы көрсеткіш

· Пластмассаға аллергия

· Ауыз қуысынің шырышты қабатының аурлары

· Эпилепсия, шизофринеямен ауыратын адамдар

· Тез тозғыш, тришиналар болады

Кемшіліктері

• Жалпақ протез негізі тандайдың қатты және жұмсақ бөлімдерін жауып, тактильдік, дәмдік және температуралық сезімталдықтың төмендеуіне себеп болады.

• Кей кездері құсу рефлексі пайда болуы мүмкін,

• Көп уақыт пайдалануға шыдамайды.

Жартылай алмалы-салмалы протездің элементтері:

• Протез негізі (протез базисі) ;

• Протезді ұстап тұратын тетіктер;

• Жасанды тістер.

Протез негізі

• Протез негізі (базис) - протезді бекітуге арналған тетіктер мен жасанды тістер бекітілетін, протез алаңының бедерін қайталайтын пластмассадан немесе металдан жасалған пластинка.

• Қазіргі кезде протез базисі пластмассадан жасалып жүр, бірақ эпилепсия, бруксизм сияқты аурулар пластмассалы негіздің жиі сынуына және олардың аллергиялық, токсикалық әсерлерінің болуы, негізді металдан даярлауға мәжбүр етуде.

Протез шекаралары

Жоғарғы жақ сүйекте протез негізінің шекарасы тіссіз альвеолярлы өсіндінің ұрт пен ерін жағынан, олардьщ ерін тартпаларын айналып, өтпелі қатпар бойымен өтеді. Протездің жақсы ұсталып тұруы үшін, жоғарғы жақ сүйек төмпешіктері міндетті түрде негізбен жабылады. Алдыңғы тістер аумағында протез шеті олардың мойындарының үстінен өтеді. Премолярлар мен молярлар аумағында шекара тіс экваторынан төмен орналасады.

Төменгі жақ сүйекте протез шекарасы ұрт тартпаларын, ерін мен тіл үзеңгілерін айналып өтіп, тіссіз альвеолярлы өсіндінің аумағында өту қатпары бойымен өтеді. Алдыңғы табиғи тістер аумағында тістердің тіл төмпешіктерін жауып тұрады, ал бүйір тістер аумағында шекара тіс экваторынан біршама жоғары өтеді.

Протез негізінің көлемі сақталған тістер санына, анатомиялық ретенциялардың айқындығына, шырышты қабаттың басымдылық дәрежесіне, бекіту тәсіліне және т. б. факторларға байланысты болады. Жақ сүйекте сақталған табиғи тістер саны неғұрылым аз болса, протез негізінің ауданы соғұрлым үлкен болады.

Биік альвеолярлы өсінді, шығыңқы үстіңгі жақ сүйек төмпешіктері, қатты таңдайдың терең болуы протез негізін кішірейтуге мүмкіндік береді. Кламмерлер мен әртүрлі бекіту элементтерінің саны көбейген сайын, протез негізін кішірейтуге мүмкүндік туады.

Жасанды тістерге қойылатын жалпы талаптар:

• қажалуға қарсы мықты;

• беріктігі жоғары;

• ауыздағы сілекейге тұрақты;

• құрамында улы заттар болмауы керек;

• протез негізіне мықты бекітілуі керек;

• тіс пішіні тамақтың механикалық шайналуын қамтамасыз етуі керек;

• тіс материалының көлемдік термиялық кеңеюі, негізгі материалдың термиялық кеңеюіне өте жақын болуы керек;

• пішіні, түсі бойынша, табиғи тістерге сәйкес болуы керек;

• тіс ақаусыз, оңай өңделетін болуы керек;

• тістердің түстері ұзақ сақталуы керек.

4. 4 Слайдтар, плакаттар, фантомдар және презентациялар.

4. 5. 1 Негізгі әдебиеттер:

Негізгі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алмалы-салмалы протезді бекітумен тұрақтандырудың қазіргі заманғы әдістері
Төменгі жақ сүйегін резекциялағаннан кейінгі протездер
Тіс техникалық материалтану ПӘНІ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ
Тіс қатары ақауының жіктелуі
Стоматологиядан дәрістер
Қазіргі кезеңдегі құрылымдық жадиғаттар
Ортопедиялық стоматологияда қабылдауда болған науқасты негізгі және қосымша тексеру әдістері
Ортопедиялық стоматология клиникасында қолданылатын материалдар
Доғалы протездердің құрылымдық элементтері
Ортодонтия және стоматологиялық ортопедиялық негіз ПӘНІ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz