Ресурстар мен жер қойнауын қорғау әрі оңтайлы пайдалану



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
1 ТАБИҒАТ РЕСУРСТАРЫ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .5
1.1Табиғат ресурстары және экологиялық ресурс ұғымы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .5
1.2Ресурстардың жіктелуі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .6
1.3Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану шаралары.ҚР.ның аумағында табиғат ресурстарын зерттеу. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 8

2 ТАБИҒАТ РЕСУРСТАРЫН ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒАЛАУ. . . . . . . . . . . . . . 11
2.1Жер қойнауы және оны қорғау. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 11
2.2Жер қойнауын оңтайлы пайдалану. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі талаптар. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .14
2.3Жер ресурстарын қорғау және тиімді пайдаланудың экономикалық мәселелері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .16

ҚОРЫТЫНДЫ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .20

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 22

ҚОСЫМША. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .23
КІРІСПЕ

Біздің табиғи ресурстарымыз — орасан зор байлық.
Жер қойнауының байлығы — барша келер ұрпақтың игілігі. Бұған қарап босаңсымауымыз керек. Керісінше, Үкіметті қоса, біздің бәріміз ондай байлық қолымызда болмағандағыдай өмір сүріп, жұмыс істеуге тиіспіз.
Қазақстан – 2030 бағдарламасынан.

Табиғат байлығын тиімді пайдаланудың ең негізгі бағыты кешенділік. Табиғат қорғау шаралары да кешенділікті талап етеді.
Кешенді пайдалану деп – табиғат байлығының барлық тиімді қасиеттерін табиғи ортаға зиян келтірмей пайдалануды айтамыз.
Кешенді пайдалану ұғымына өндіріс және тұтыным қалдықтарын пайдалану да кіреді. Белгілі бір жағдайда минералдық шикізат қорын кешенді пайдалану деп аймақтағы барлық ресурстарды пайдалануды айтады. Бұл ұғымға минералдық шикізат кешенді барлау, мейілінше толық өндіру, өндірілген қорды кешенді пайдалану, шикізаттың жеке түрлерін кешенді ұқсату ұғымдары кіреді. Минералдық шикізатты кешенді пайдалану - өндірілген кешендегі пайдалы негізгі және қосымша элементтерді және өндіріс қалдықтарын пайдалану. Минералдық шикізат қорын кешенді пайдалану – кен қорын және өндіргенде қосымша өнім болып табылатын тау жыныстарын, жер асты суларын, газдарды толық ұқсату.
Аймақтағы кен көздерін кешенді пайдалану деп жақын орналасқан кендерді бір-бірімен байланысты ортақ игеруді айтады. Жеке-дара игеруге тиімсіз ұсақ кеніштерді бірге пайдаланғанда тиімді болуы мүмкін. Өйткені ортақ байыту фабрикалары, ортақ өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдар салынады. Соның нәтижесінде шығындарды үнемдеуге мүмкіндік туады.
Минералдық шикізатты кешенді пайдалануды бірнеше натуралдық және құндық көрсеткіштермен сипаттауға болады. Кешенді пайдалану дәрежесі: тауарға алынған элементтер саны, шамасы; кеннің құрамындағы пайдалы элементтерді айырып алу дәрежесі; тауарға алынған элементтер мен компоненттер құны; экономикалық тиім және тиімділік т.б.
Минералдық шикізатты кешенді пайдалану көрсеткіштері: кешенді пайдалану дәрежесі- тауарға алынған элементтер саны; минералдық шикізат қорын пайдалану- кеннің құрамындағы элементтерді айырып алу: жалпы көрсеткіш – тауарға алынған элементтер құнының кеннің құрамындағы элементтер құнына қатынасы, кешенді пайдалану тиімділігі- экономикалық тиімдер соммасының шығынға қатынасы.Шикізат қорын толық пайдалану дәрежесі жіберілген қөлдықтың шамасын өлшеу арқылы анықталуы мүмкін немесе алынған өнім мен есептелген өнім шамасын салыстырады.
Қазіргі ғылыми техникалық жетістіктер кендегі барлық элементтерді алуға мүмкінік береді, бірақ соның ішінде тиімдісі алынады.Осы тиімді кешенділікті анықтау ерекше экономикалық мәселе болып табылады.
Кешенді пайдалану варианттарын экономикалық тиімділігін анықтаудың түпкі мақсаты- халық шаруашылық қажетін шикізаттан алынатын өнімдермен неғұрлым аз шығын жұмсап қанағаттандыру. Бұл тұрғыдан шикізатты кешенді пайдалану вариантын анықтау өндірістің, қолданылатын технологияның тиімдісін таңдау болып табылады. Осыған сәйкес шикізатты кешенді пайдаланудың тиімді вариантын таңдау әдісі өндірістің халық шаруашылық тиімділігін анықтау әдістерінен туындайды.
Тиімді өндірістің ең басты белгісі-нақты және өткен еңбектің, табиғат ресурстарының үнеделуі, табиғи ортаға нұқсан келтірмеу. Осы белгіні табиғат ресурстарын кешенді пайдалануды бағалауға қолдануға болады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Г.С Оспанова,Г.Т Бозшатаева, «Экология» Алматы 2001ж.
2. Бейсенова Ә.Б. «Экология және табиғатты тиімді пайдалану» Оқу құралы. Алматы, 2004.
3. Бродский А.К. «Жалпы экологияның қысқаша курсы» Оқу құралы. Алматы, 1997,
4. Экология (оқулық) - Алматы, 2008
5. Стамқұлұлы.Ә "ҚР Экология құқығы” Алматы Жеті жарғы 1995ж
6. Нұрпейісов С.А, Сатыбалдиев О.С «Қоршаған орта» 2005ж.
7. Е.М Үпішев «Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау» 2006ж.
8. С.Мұқаұлы «Қоршаған ортаны құқықтық қорғау» 2006ж.
9. ҚР «Жер кодексі» – Алматы: «Жеті жарғы», 2003.
10. Жер мәселесі бойынша нормативті актілер жинағы Алматы: Қаржы – Қаражат, 1996.
11. ҚР ның экологиялық кодексі, 2007ж.
12. Лукьянчиков Н.Н., Потравный И.М. Экономика и организация природопользования. Учебник для вузов. М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2002, с.260-272.
13. Р.С. Оразбаева «Экология негіздері», Астана-2003
14. Мәмбетқазиев Е., Сыбанбеков Қ. «Табиғат қорғау» Оқу құралы. Алматы, «Қайнар», 1990.
15. А.Б.Молдахметова, М.Ө.Өтебаев. Микроэкономика, Астана - 2008ж.
16. Қ.С.Есенғалиева. Микроэкономика. Алматы - 2007ж.
17. Экономикалық теория негіздері. Оқулық / Әубәкіров Я. Ә., Нәрібаев КН., Жатқанбаев Е. Б. және басқ. - Алматы, 1998.
18. Назарбаев Н.А. «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты», 2008 жылғы Қазақстан халқына жолдауы.
19. Мамыров Н. Қ. ж.б. Халықаралық экономикалық қатынастар. Оқу құралы - Алматы: Экономика, 1998.
20. Мельников В. Д., Ілиясов К. К. Қаржы. Оқулық - Алматы: Экономика, 1994.
21. Төлемісов О. Реформалардың экономикалық тиімділігін және мемлекеттік басқару жүйесін бағалау. Оқу құралы - Алматы: Экономика, 2001.
22. Шеденов Ө. Қ., Сағындықов Е. Н., Жүнісов Б. А., Байжомартов Ү. С., Конягин Б. И. Жалпы экономикалық теория - Ақтөбе: А-Полигра, 2004.
23. Экономикалық теория. ҚЭУҚ - Қарағанды, 2005.
24. Экономикалық теория. Оқу-тәжірибелік құрал /Шумеков З.Ш., Сүйіндіков Ж.С., Жанағұлов А.Ш.-ҚЭУҚ-Қарағанды 2005
25. Бұғыбаева. Макроэкономика. Оқу-тәжірибелік құрал /

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
1 ТАБИҒАТ РЕСУРСТАРЫ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .5
1.1Табиғат ресурстары және экологиялық ресурс ұғымы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .5
1.2Ресурстардың жіктелуі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .6
1.3Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану шаралары.ҚР-ның аумағында табиғат ресурстарын зерттеу. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 8

2 ТАБИҒАТ РЕСУРСТАРЫН ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒАЛАУ. . . . . . . . . . . . . . 11
2.1Жер қойнауы және оны қорғау. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 11
2.2Жер қойнауын оңтайлы пайдалану. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі талаптар. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .14
2.3Жер ресурстарын қорғау және тиімді пайдаланудың экономикалық мәселелері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .16

ҚОРЫТЫНДЫ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .20

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 22

ҚОСЫМША. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .23

КІРІСПЕ

Біздің табиғи ресурстарымыз -- орасан зор байлық.
Жер қойнауының байлығы -- барша келер ұрпақтың игілігі. Бұған қарап босаңсымауымыз керек. Керісінше, Үкіметті қоса, біздің бәріміз ондай байлық қолымызда болмағандағыдай өмір сүріп, жұмыс істеуге тиіспіз.
Қазақстан - 2030 бағдарламасынан.

Табиғат байлығын тиімді пайдаланудың ең негізгі бағыты кешенділік. Табиғат қорғау шаралары да кешенділікті талап етеді.
Кешенді пайдалану деп - табиғат байлығының барлық тиімді қасиеттерін табиғи ортаға зиян келтірмей пайдалануды айтамыз.
Кешенді пайдалану ұғымына өндіріс және тұтыным қалдықтарын пайдалану да кіреді. Белгілі бір жағдайда минералдық шикізат қорын кешенді пайдалану деп аймақтағы барлық ресурстарды пайдалануды айтады. Бұл ұғымға минералдық шикізат кешенді барлау, мейілінше толық өндіру, өндірілген қорды кешенді пайдалану, шикізаттың жеке түрлерін кешенді ұқсату ұғымдары кіреді. Минералдық шикізатты кешенді пайдалану - өндірілген кешендегі пайдалы негізгі және қосымша элементтерді және өндіріс қалдықтарын пайдалану. Минералдық шикізат қорын кешенді пайдалану - кен қорын және өндіргенде қосымша өнім болып табылатын тау жыныстарын, жер асты суларын, газдарды толық ұқсату.
Аймақтағы кен көздерін кешенді пайдалану деп жақын орналасқан кендерді бір-бірімен байланысты ортақ игеруді айтады. Жеке-дара игеруге тиімсіз ұсақ кеніштерді бірге пайдаланғанда тиімді болуы мүмкін. Өйткені ортақ байыту фабрикалары, ортақ өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдар салынады. Соның нәтижесінде шығындарды үнемдеуге мүмкіндік туады.
Минералдық шикізатты кешенді пайдалануды бірнеше натуралдық және құндық көрсеткіштермен сипаттауға болады. Кешенді пайдалану дәрежесі: тауарға алынған элементтер саны, шамасы; кеннің құрамындағы пайдалы элементтерді айырып алу дәрежесі; тауарға алынған элементтер мен компоненттер құны; экономикалық тиім және тиімділік т.б.
Минералдық шикізатты кешенді пайдалану көрсеткіштері: кешенді пайдалану дәрежесі- тауарға алынған элементтер саны; минералдық шикізат қорын пайдалану- кеннің құрамындағы элементтерді айырып алу: жалпы көрсеткіш - тауарға алынған элементтер құнының кеннің құрамындағы элементтер құнына қатынасы, кешенді пайдалану тиімділігі- экономикалық тиімдер соммасының шығынға қатынасы.Шикізат қорын толық пайдалану дәрежесі жіберілген қөлдықтың шамасын өлшеу арқылы анықталуы мүмкін немесе алынған өнім мен есептелген өнім шамасын салыстырады.
Қазіргі ғылыми техникалық жетістіктер кендегі барлық элементтерді алуға мүмкінік береді, бірақ соның ішінде тиімдісі алынады.Осы тиімді кешенділікті анықтау ерекше экономикалық мәселе болып табылады.
Кешенді пайдалану варианттарын экономикалық тиімділігін анықтаудың түпкі мақсаты- халық шаруашылық қажетін шикізаттан алынатын өнімдермен неғұрлым аз шығын жұмсап қанағаттандыру. Бұл тұрғыдан шикізатты кешенді пайдалану вариантын анықтау өндірістің, қолданылатын технологияның тиімдісін таңдау болып табылады. Осыған сәйкес шикізатты кешенді пайдаланудың тиімді вариантын таңдау әдісі өндірістің халық шаруашылық тиімділігін анықтау әдістерінен туындайды.
Тиімді өндірістің ең басты белгісі-нақты және өткен еңбектің, табиғат ресурстарының үнеделуі, табиғи ортаға нұқсан келтірмеу. Осы белгіні табиғат ресурстарын кешенді пайдалануды бағалауға қолдануға болады.

1 ТАБИҒАТ РЕСУРСТАРЫ

0.1 Табиғат ресурстары және экологиялық ресурс ұғымы

Адамзаттың күн көрісі мен тіршілік етуіне қажетті заттар және табиғатта кездесетін жаратылыс дүниелері -- табиғи ресурстар деп аталады. Су, жер, өсімдік жан-жануар, тау-тас, қазба-байлық және өзге де, тікелей не өнделген күйінде тұрмысқа, өндіріске қажетті дүниеліктердің бәрі де табиғи ресурстарға жатады. Табиғи ресурстарды пайдалану нәтижесінде, адамзат -- азық-түлік, киім-кешек тұрмыс кажетін өтеуге керекті заттар, жанар-жағар майлар жөне өнеркәсіпке қажетті шикізаттарды алады.
Табиғи ресурстар, олардың қолдану саласына қарай -- ендірістік, денсаулы сақтауга қажетті, ғылыми, эстетикалык деп бөлінеді. Табиғи ресурстары сарқылмайтын және сарқылатын екіге бөлінеді. Сарқылмайтын қорлар адам баласына тәуелсіз болып келеді. Соның бәрі - су. Жер шарындағы судың үлесі барлық жердің 23 алып жатыр. Сондықтан оның қоры үздіксіз айналымға түсіп, қалпына келіп отыр. Ал экожүйелердін таралуы уақыт пен кеңістікке қатысты салыстырмалы түрдегі айлағаны объектілер. Сарқылатын қорлар өз кезегінде қалпына келетін және қалпына келмейтін деп жіктеледі. Мысалы, қазба байлықтар, мұнай, көмір қорлары қалпына келмейтін байлық көзіне жатады. Қалпына келетін қорлар да адамның ақыл-ойына тәуелді болады. Олар - топырақ , өсімдік пен жануарлар әлемі. Табиғат пайдалану қоғамдық өндірістің ерекше саласы ретінде табиғат байлығын кешенді үнемдеп пайдалану арқылы қоғамның материалдық қажетін өтеуге және табиғи ортаға өндірістің зиянды әсерін болдырмауға бағытталған. Өндіріске қатыстырылатын табиғат байлықтары: пайдалы қазба байлықтар (минералдық шикізат),су,ауа,орман,жер,тек қана өндіріс шікізаты емес, сонымен қатар, өндіріс құралы да болып табылады.Өндірістік қатынасқа қосылмған табиғат байлығын да ұлттық байлық ретінде қарап, оның табиғи қалпының сақталуын, сапасының төмендеуін қамтамасыз ету керек. Табиғат байлығын тиімді пайдалану өндірістің дамуын қамтамасыз етіп қана қоймай, табиғи ортаның тазалығын, оның қалпына келетін қорын молайту және табиғи ортаның тепе-теңдігін сақтау болып табылады. Басқаша айтқанда, табиғи орта мен ондағы өндірістің даму тепе-теңдігі сақталуы тиіс.Сондықтан табиғи ортаны, табиғат байлығын қорғау халықтың материалдық, рухани, әлеуметтік мұқтажын үздіксіз өтеуге, табиғат байлығын қалпына келтіруге, молайтуға бағытталуы қажет. Ғарыш қорларына -- күн сеулесінің радиациясы, теңіздің тартылуы мен тасуы жатады. Климаттық қорға -- атмосферадағы ауа, жел энергиясы, жауын-шашын жатады.
Экологиялық ресурс -- табиғи ресурстар: оларға таза атмосфералық ауа, таза су, табиғаттың көрікті көріністері (пейзаж), тазалағыш және сүзгіштік қасиеті бар батпақты жерлер және т.б. жатады.
Табиғатты қорғау - қазіргі кезде өмір сүрушілер ғана емес сондай-ақ, болашақ ұрпақтардың да денсаулығы мен хал-жағдайы дұрыс және өз уақытындағы шешімдерге тәуелді болатын қазіргі кездегі мәселелердің бірі.
Табиғатты қорғау - бұл табиғи жер және су ресурстарын ұтымды пайдаланып, сақтауды және ұдайы өсіруді қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік, қоғамдық, әкімшілік-шаруашылық, техникалық-өндірістік, экономикалық және заңды шаралар жүйесі. Қазақстанның табиғи ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану.
Қазақстан Республикасының Мәжілісі және Үкіметінде табиғатты қорғауды күшейтуге, республикамыздың табиғи ресурстарын ұдайы өсіруге бағытталған бірқатар заңнамалық актілер қабылданып, пайдаланылуда. Әрбір облыстардың жанында осы актілердің орындалуын бақылайтын арнаулы мекемелер бар. Республикада табиғат қорғау прокуратурасы құрылды. Ол Қазақстан Республикасының табиғат қорғау туралы заңдарының орындалуын қатаң кадағалайды. Қазақстанда мемлекеттік ұйымдар торабы құрылған, олардың қызметі бірегей құрамды флоралар мен фауналары бар үлкен аумақты барынша ұзақ сақтауға арнайы бағытталған. Бұл ұйымдар - қорықтар, ұлттық табиғи саябақтар және ерекше қорғалатын аумақтар. Қазақстан Республикасында 2003 жылы ерекше қорғалатын 25 аумақ бар деп есептеледі, олардың қорықтары 10, табиғи ұлттық саябақтары - 10. Бұл табиғат қорғау мекемелері шамамен 3 млн гектар ауданға орналасқан.
Табиғат ресурстарына адам пайдаланатын және материалдық игіліктерді жасау үшін қолданылатын табиғат объектілері жатады.

1.2 Ресурстардың жіктелуі

Табиғат ресурстарын бірнеше белгілері бойына жіктейді. Олар атмосфералық су, өсімдіктер, жануарлар, топырақ, қазба байлықтар, энергетикалық және т.б. болып бөлінеді. Ең жиі қолданылатын жіктелу ресурстардың сарқыту жылдамдығы немесе қалпына келуіне байланысты.
Сарқылуына байланысты табиғат ресурстарының жіктелуі.
Ресурстардың сарқылуы бойынша жіктелуінің маңызы -- ол адамды қолданылуы анағұрлым ириоритетті ресурстарды пайдалануға бағыттайды. Оларға ең алдымен сарқылмайтын ресурстар.Біріншіден бұл ресурстарды пайдаланудың қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсері айтарлықтай болмайды. Оларды толық пайдалануға мүмкіндік беретін жолдарын жасауы қажет. Екіншіден, қалпына келетін ресурстарды пайдаланудың болашағы бар. Мысалы өсімдіктер, жануарлар.
Сарқылатын ресурстарға жақын кезеңде немесе болашақта табиғат қорының сарқылу қаупі төніп тұрған заттар жатады. Бұларға ең алдымен қазба байлықтар мен тірі табиғат ресурстары жатады. Ресурстардың сарқылуы салыстырмалы ұғым.
Сарқылмайтын ресурстарға шексіз ұзақ уақыт пайдалануға болатын ресурстар жатады. Мысалы, күн энергиясы, жел, теңіздің толуы мен қайту энергиялары. Бұл жағдайда да сарқылмайтын ұғымы мен салыстырмалы түрде айтылады. Себебі, әрбір ресурс үшін пайдаланудың шегі болады. Мысалы, белгілі бір мөлшерден артық күн энергиясын пайдалану жер маңындағы кеңістіктің температурасының артуына әкеліп, термодинамикалық дағдарысты туғызуы мүмкін.
Ресурстардың ішінен судың орны ерекше. Су ластану нәтижесінде уақытша (сапалық жағынан) сарқылады, бірақ сандық жағынан сарқылмайтын ресурс. Жердегі судың қорының мөлшері өзгермейді. ал оның жеке сфералар (мұхит, құрлық, атмосфера) немесе түрлері (сұйық, қатты, бу тәрізді) арасында таралуы әр түрлі болуы мүмкін.
Табиғат ресурстарының сарқылу мәселесі жылдан-жылға өзекті мәселеге айналып келеді.
Бұл олардың мөлшерінің шектеулілігіне және оларды пайдаланудың артуына байланысты.
Б. Скиннердің 1989 жылғы мәліметтері бойынша халық санының қазіргі өсу жылдамдығы жылына 1,7% болған жағдайда ресурстарды пайдалану әрбір 41 жыл сайын екі еселену керек. Бірақ, мысалы, алтын өндіру жылына 4%-ға артып отырса, оның екі еселену периоды 18 жыл, минералдық ресурстардың қолданылуы орташа шамамен жылына 7%-ға артып отырса, ал екі еселену периоды 10 жыл болып отыр. Адамзат қоғамы көмірді 800 жылдан бері өндіріп келеді бірақ оның жартысы соңғы 30 жылда өндірілген.
Көміртегінің қосылыстарынан тұратын ресурстарды пайдалану жылдамдығы ерекше назар аударылады. Себебі олар энергия мен көптеген азық-түлік алудың негізгі көзі болып табылады. Сонымен қатар, оларды пайдалану ғаламдық мәселелер: парниктік эффект, қышқылдық жаңбырлар және т.б. туғызатын атмосфераның ластануымен тығыз байланысты.
Қазіргі кезде табиғатта миллиондаған жылдар барысында жиналған жанғыш қазба байлықтар бір жылда жағылады. Ғалымдардың жасаған болжамдарының біреуіне сүйенсек, жанғыш отындарды пайдаланудың қазіргі жылдамдығы сақталса, онда барланған мұнай қоры шамамен 30 -- 40 жылға, газ 40-50 жылға, көмір -- 70 -- 80 жылға жетеді.Ең көп пайдаланылатын металдарға қатысты (темір мен алюминий)
Б. Скиннер былай дейді: темір қолданылу мөлшері бойынша қазір бірінші орында (алюминийден кейін). Оны пайдаланудың қиындықтары, олардың негізгі массасының мөлшері аз қосылыстарда болуына байланысты. Экологиялық тұрғыдан темірді қорыту күкіртті ангидрид пен көміртегінің қостотыгымен ластандырылады. Көмірқышқыл газымен ластану негізінен технологиялық процесс кокстың пайдаланылуымен байланысты.

1.3 Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану шаралары. ҚР-да табиғи ресурстардың таралуы

Жер бетіндегі тіршілік иелері атаулылар қорегі және энергияның негізгі көзі болғандықтан, табиғи және су ресурстарын ұтымды пайдалану кез келген елдер үшін негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Қазақстанда шөл, қуаң (аридті) және сортаң жерлердің орасан зор аумағы бар. Мұнда табиғи ресурстар шектеулі, соның салдарынан бұл аумақтарды ұтымды пайдалану республикамыз үшін ерекше көкейкесті мәселе болып есептеледі. Сондықтан республика ғалымдарының алдына өсімдіктердің жаңа іріктемелерін жоғары температура және сортаңдық сияқты қолайсыз факторларға төзімділігі артқан жануарлар қолтұқымдарын шығаруды тездету міндеті жүктелуде. Солтүстік Қазақстанның топырақ өнімділігін шұғыл шектеу факторларының бірі топырақты шаңға айналдырып, жеңіл ұшыратын жел эрозиясы болып табылады. Мұндай жерді жыртқан кезде топырақтың жыртылатын құнарлы қабатын жел ұшырып әкетеді. Атап айтқанда академик А. И. Бараев Қазақстанда топырақ өңдеудің эрозияға қарсы топырақ қорғайтын қайырмасыз жырту жүйесін жасап, кеңінен пайдалануда. Бұл жүйеге сәйкес жырту кезінде топырақ қабатын аудармай, арнаулы сыдыра қопсытқыш (плоскорез) арқылы өңдеп, тек арамшөптердің 4 - 5 см тереңдіктегі тамырын қияды, мұндайда өсімдік (паясы) аңызында кесілген сабақтар тік қалпында қалады. Сөйтіп топырақ құрылымы сақталады да, шаңға айналмайды. Топырақты осылай өңдеген кезде ауаға шаң көтерілмейді. Осы технологияның арқасында Қазақстан жыртылатын жерді сақтап, Қазақстанның солтүстігінде астықтан жоғары түсім алуға қол жеткізді.
Табиғат ресурстарын тиімді пайдаланудың негізгі принциптері мынадай болуға тиіс:
* толық алу;
* кешенді ендіру;
* қайта пайдалану;
* үнемді пайдалану.
ҚР-ның аумағында табиғат ресурстарын зерттеу.
Батыс Қазақстан табиғат ресурстары.
Батыс Қазақстан облысы -- Қазақстан Республикасының солтүстік-батысындағы әкімшілік - аумақтық бөлік. Шығысында Ақтөбе, оңтүстігінде Атырау облыстарымен, батысында Ресейдің Астрахан, Волгоград, солтүстік-батысында Саратов, Самара, солтүстігінде Орынбор облыстарымен шектеседі.
Облыстың жер қойнауы мұнайға, әсіресе, газға (газ-конденсат) мейлінше бай. Мұнда Қазақстандағы зерттелген газ-конденсаты қорының 90%-тен астамы шоғырланған (Қарашығанақ газ конденсаты кен орны). Одан басқа облыс аумағында жанғыш тақтатас (Чернозатон, Тоғай, Новошаново), калий, магний тұздары (Шалқар көлі), цементтік шикізат (Ақсуат, Шаново), керамзиттік саз (Тұйықсай, Погодаев), т.б. құрылыс материалдары кен орындары бар. Осы күнге дейін Батыс Қазақстаннан шығарылатын мұнай көптеген салаларға жұмсалынып отыр, өйткені мұнай өндіруден алғашқы орынға ие. Алайда көптеген есептеулер бойынша мұнайымыздың кені болашақта сарқылып кетуі мүмкін жағдайға теңеп отыр.
Орталық Қазақстанның табиғат ресурстары.
Орталық Қазақстан - республикамыздағы су жетіспейтін аймақтардың бірі, теңіздерден қашық жатуымен бірге ірі езендері де жоктың қасы. Бірақ минералды ресурстарға бай аймақтың бірі. Сарыарқа жері пайдалы казбалардың көмбесі десе де болады. Мұнда- көмір, темір кені, мыс, марганец, алтын, күміс, мұнай жөне т.б. пайдалы қазбалар кездеседі. Орталық Қазақстанды минералды ресурстардың қазынасы десек те болады. Бұл ауданда пайдалы казбалардың алуан түрі және үлкен қоры шоғырланған. Жер койнауындағы көмірдің мол қоры Қарағанды көмір алабында орналасқан. Сонымен бірге 100% кокстелетін көмір де осында. Мыс кен орындары Балқаш маңы мен Жезказғанда, марганецтің 100%-ы Атасу жөнө Жезді кен орындарында шоғырланған. Сонымен бірге мұнда сирек металдар да кездеседі. Вольфрам мен молибденнің негізгі кен орындары Жоғары Қайрақты, Көктенкөл, Солтүстік Қатпар,Қараоба және Оңтүстік Жауырда орналасқан. Оңтүстік Торғай мұнай газ алабында мұнай мен газдың 3 кен орны анықталып, барлау жұмыстары жүргізілді. Соныменбірге кенсіз пайдалы қазбалардың қоры анықталып, әсіресе құрылыс материалдары көптеп шоғырланған. Аудан жеріндегі пайдалы қазбалардың ерекшелігі - олардың бір-біріне жақын орналасуында.
Оңтүстік Қазақстан табиғат ресурстары.
Ол Аралдан шығыстағы шекараға дейін 2000 км-ге, Балқаш көлімен, Бетпақдаладан оңтүстік шекараға дейін 700 км-ге созылып жатыр. Оңтүстік шығысында қөптеген өзендер бастау алатын Солтүстік Тянь-Шань жоталары орналаскан. Оңтүстік Қазақстан аумағы бойынша Батыс Қазақстаннан кейінгі екінші экономикалық аудан (елдің жалпы аумағының 27%-ы).
Табиғат ресурстары. Шығыс және Орталық Қазақстанмен салыстырғанда Оңтүстік Қазақстан минералдық қорларға аса бай емес. Дегенмен, мұнда да түсті металл кендерінің: корғасынның, іші ванадийдің, вольфрамның әдеуір мол қорлары бар. Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында ірі тас көмір кен орындары анықталған. Қаратау жотасында фосфориттің, Мойынқұмда (Амангелді) табиғи газдың орасан мол ресурстары барланған. Минералдық тұздар (ас тұзы), әктас (Састөбе), гипс (Тараз ) кездеседі.
Солтүстік Қазақстан табиғат ресурстары.
Солтүстік ауданның табиғат жағдайы колайлы. Жер бедері, негізінен жазық болып келеді. Солтүстік Қазақстан минералды ресурстарға бай. Сондықтан да өнеркәсіпті дамытуға мүмкіншілігі бар.
Көмір-Екібастұз, Майкүбі, Обаған алаптарында, темір кені шикізатының 83%-ы Қостанай мен Лисаков алаптарында шоғырланған. Ауданда Қазақстандағы ірі алтын кен орындарынаВасилков, Жолымбет, Бестөбе, Ақбейіт (Ақмола облысы), Майқайың (Павлодар облысы) жатады. Боксит-Амангелді мен Қызыл Октябрь кен орындарында, мыс - Бозшакөлде, асбест - Жітіқарада, ас тұзы -Коряков, Тобылжан, Қалқаман кенінде, Солтүстік Қазақстан облысындаОбухов титан кен орны зерттелініп, игеруге дайындауда. Солтүстік Қазақстанның барлық жерінде құрылыс материалдары кездеседі -тас, саз, кварц құмы, отқа төзімді саз, әктас (Керегетас). Солтүстік Қазақстан сонымен бірге жер ресурсына бай аймақтың бірі. Жалпы жер ресурсының 90%-ы ауыл шаруашылығына қолайлы жерге жатса, оның 61%-ы жайылым; 37%-ы егіншілікке пайдаланылады. Табиғат жағдайынын, қолайлылығы аумағының барлық жерінде егіншілікпен және мал шаруашылығымен шұғылдануға мүмкіншілік береді.
Шығыс Қазақстан табиғат ресурстары.
Пайдалы қазбалары. Шығыс Қазақстан жер қойнауы кен байлықтарына бай. Мұнда мырыш, қорғасын, мыс, күміс, алтын, кадмий, сүрме,темір, күкірт, висмут, индий, галий, селен, теллур, сынап, қалайы, тантал, ниобий, молибден, вольфрам, титан, никель, кобальт, көмір, жанғыш тақтатас, сондай-ақ әр түрлі химиялық шикізаттар мен құрылыс материалдарының кен орындары бар.
Кенді Алтай өңірі жер беті суларына бай. Олар Ертіс өзені мен Балқаш - Алакөл алаптарына жатады және негізінен өзендерден тұрады.
Табиғи ресурстардың адам өміріндегі маңызы
Табиғат дегеніміз мезгіл мен кеңістікте шексіз, тұрақты қозғалыста өзгеруде, дамуда болатын бейорганикалық және органикалық дүние. Бұл адамзат қоғамының өмір сүруіне қажетті әлемдегі бүкіл материалдық - энеогетикалық, информациялық және әртүрлі табиғи құбылыстардың жиынтығы.
Адам шаруашылық қарекетінде табиғатпен байланысты, оған тікелей немесе аралық әсерін тигізеді.
Адам күрделі "табиғат-қоғам" жүйесінің бір бөлігіне жатады. Қоғамның материалдық, мәдени, тағы басқа да мұқтаждығын қанағаттандыру үшін қазіргі кезеңде немесе болашақта қолданылатын табиғи ортаның құрауыштары мен табиғи құбылыстары табиғи ресурстар деп аталады. Оларға атмосфералық ауа, су, топырақ, кен байлықтары, күн радиациясы, ауа райы, өсімдіктер мен жануарлар әлемі, жер қабатындағы жылу энергиясы, т.б. жатады.
Табиғи ресурстар әртүрлі жолмен жіктеледі: қол жетерлікке (іске асатын немесе нақтылы және потенциалды), пайда болуына (табиғи, антропогенді), химиялық табиғатына (органикалық, минералдық), көздері мен орналасуына (жер, су, кен, өсімдіктер, орман), қолдану міндетіне (өнеркәсіптік, ғылыми, эстетикалық, рекреациялық), пайдалану өрісіне (энергетикалық, шикізат, тамақ) байланысты. Ресурстар сонымен қатар бастапқы (тікелей табиғаттан алынатын) және қосымша материалдық (әртүрлі өндіріс салаларын утилдеуге жататын қосалқы өнімдері) болып та бөлінеді. Таусылуына байланысты табиғи ресурстар сарқылатын және сарқылмайтын болып бөлінеді.

2 ТАБИҒАТ РЕСУРСТАРЫН ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒАЛАУ

2.1 Жер қойнауы және оны қорғау

Жер қойнауынан алынатын пайдалы қазба байлықтарды үш топқа бөледі:
:: жанатын отын-энергия қоры - көмір, мұнай, газ, жанғыш тақта тас, шымтезек;
:: рудалы, пайдалы қазбалар - қара және түсті металдар, қымбат бағалы, сирек кездесетін, т.б. металдар кендері;
:: бейруда пайдалы қазбалар - химия шикізат (минералдық тұздар, гипс, күкірт, апатит, фосфорит, т.б.), отқа төзімді матеиалдар, құрылыс материалдар шикізаты, әсемдік тастар, т.б.
Жер қойнауын қорғау , минералдық шикізатты тиімді пайдалану, сол арқылы табиғи ортаны қорғау шаралары мынадай бағыттарда жүргізіледі: Минералдық шикізат қорын кешенді барлау, зерттеу, зерделеу.
Кешенді барлау деп - минералды шикізаттың қорын ашу, зерттеу кезінде оның құрамын, құрылымын, орналасу жағдайын, ондағы зиянды қоспаларды мейлінше толық анықтау деп түсінеміз. Барлау қазба байлықтың бір түріне ғана емес кешенді жүргізілуі тиіс. Ашылған шикізат қорын мейлінше толық өндіру, ысыраптың мөлшерін азайту, қазба жұмыстарының табиғатқа зиянды әсерін болдырмау азайту, қазба байлықтың сапасын жоғалтпау, аралас қоспаны азайту, өнімнің ластанбауы, т.с.с. Өндірілген минералдық шикізатты кешенді пайдалану, өңдеуші өндірістерді дамыту, өндіріс қалдықтарын пайдалану.
Табиғат ресурстарын экономикалық бағалауда айқындауды қажет ететін мәселелердің бірі - уақыт факторын есептеу.
Өйткені табиғат ресурстарын игеруге едәуір бір мерзімдік күрделі қаржы жұмсалады, ал нәтижесі ұзақ мерзімде біртіндеп алынады.
Уақыт факторын есептеудің ең белгілі жалпы қабылданған тәсілі шығындарды бір жылға келтіру. Ол бойынша әр жылда жұмсалатын күрделі қаржы сомасы B=(1+E) коэффициентіне көбейтіледі не бөлінеді.
Мұнда Е-әр жылға тиімдерді шығындарды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғат ресурстарын пайдалану принциптері
«Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Экологиялық құқық пәнінен дәрістер
Сервитут заттық құқық ретінде
Экология құқығы пәнінің дәрістері
Қазақстан Республикасының экологиялық құқығының дәрістері
Экология құқығының дәрістері
Қоршаған ортаны қорғаудың құқықтың механизмі
Өнеркәсіптік өндіріс ресурстары
Қазақстан Республикасында су ресурстарын құқықтық қорғау
Пәндер