Топырақтың минералдық құрамы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   

«Топырақ географиясы» пәнінен

ДӘРІС ЖИНАҒЫ

6В01505 - География Білім беру бағдарламасы үшін

Шымкент, 2024

Лекция № 1.

Тақырыбы: Кіріспе. Топырақ және топырақтың түзілу процесі

Жоспар.

  1. Топырақ туралы жалпы түсінік.
  2. Пәннің мақсаты мен міндеттері.

Лекция мәтіні: Топырақтану - топырақ және оның құрылымы, құрамы, қасеиттері және географиялық таралу заңдылықтары, түзілуі, табиғаттағы орны, экологиясы, тиімді пайдалануы мен жақсарту жолдарын зерттейтін ғылым. Топырақтану ғылымының қалыптасуы орыстың аса дарынды табиғаттанушы ғалымы В. В. Докучаевтың есімімен тығыз байланысты. Докучаевтан кейін оның еңбегін көптеген талантты шәкірттері жалғастырды. Генетикалық топырақтану жаңа бір саласы ретінде қалыптасты. Генетикалық деген түсінік «генезис», яғни топырақтың пайла болуы, дамуы деген ұғымды білдіреді.

Топырақтану деген ғылымның бар екенін оның немен шұғылданатын біле бермейтіндер әлі де баршылық. Себебі топырақтану ғылымы-жас ғылым. Топырақ туралы түсінік тек ХІХғасырдың 80 жылдарыф орыстың дарынды оқымыстысы В. В. Докучаевтің жемісті еңбектерінің арқасында қалыптасып, дамыды. Сондықтан да топырақтану ғылымын «Орыс ғалымы»деп айтады. Бұған оның «Орыс қара топырағы» деген еңбегі зор үлес қосты. Бұл топырақтың мақсаты да осы топырақтану ғылымына кең түрде түсінік беріп, оның қалыптасу жолдарын анықтай отырып баяндау.

Докучаевтің талантты оқушыларының бірі академик В. И. Вернадский: «Органикалық химияның дамуына бензол, физиологияның дамуына қандай міндет атқарса, топырақтану ғылымың дамуына В. В. Докучаевтің «Орыс қара топырағы» деген еңбегі де сондай міндет атқарды» деп жазды. Адамзат қажeтті азықты, жеңіл өнеркәсіп үшін шикізатты өсімдік және жануарлар көмегімен топырақ арқылы алады. Жер бетінде топырақ нағыз асыраушы болу үшін, оны терең білу қажет, оның құнарлығын кемітпей, үздіксіз арттыра отырып пайдалану керек.

Қазақ халқы жерді - ана, егістікті - асыраушы деп атайды. Сондықтан топырақ туралы мәселелерді шешу жолдарын адам баласы үнемі іздестіріп, топырақтану ғылымына өз үлестерін қосу қажет.

2. Топырақ - жердің қопсытылған, өлі табиғат пен тірі организмдердің межесінде жатқан құнарлы қабаты. Академик В. И. Вернадскийдің айтуынша, топырақ әрі тірі, әрі өлі, денеден құралады. Жалпы жер көлеміне қарағанда, топырақ - өте жұқа қабат. Мысалы: Жер шарын фудбол добындай деп есептесек, ондағы топырақ қабаты сақал қыратын қауіпсіз ұстараның қалыңдығынан он есе жұқа екен. Соған қарамастан, жер бетіндегі барлық тіршіліктің, оның ішінде адам өмірінің негізгі арқауы - топырақ. Бірақ ол туралы дұрыс түсінік, ғылым кешеуілдеп дамыды.

Топырақтану деген ғылымның бар екенін оның немен шұғылданатынын біле бермейтіндер әлі де баршылық. Себебі топырақтану ғылымы - жас ғылым. Топырақ туралы түсінік тек 19 ғасырдың 80 - ші жылдары орыстың дарынды оқымыстысы В. В. Докучаевтің жемісті еңбектерінің арқасында қалыптасып, дамыды. Сондықтан да топырақтану ғылымын « орыс ғылымы » деп дұрыс айтады. Бұған оның « Орыс қара топырағы » деген еңбегі зор үлес қосты. Бұл туралы В. В. Докучаевтің талантты оқушыларының бірі академик В. И. Вернадский: Органикалық химияның дамуына - бензол, физиялогияның дамуына В. В. Докучаевтің « Орыс қара топырағы » деген еңбегі де сондай міндет атқарады деп жазды.

Докучаев топырақтың табиғи және тарихи дене екенін анықтады. Былайша айтқанда, топырақ өмір бақи бір қалыпта өзгермей тұратын зат емес, керісінше, ол табиғи жағдайға, уақытқа байланысты өзгеріп отырады. Оның пайда болуының, дамуының өзінше заңдары бар. Докучаевтің анықтамасы бойынша, топырақтың пайда болуына, дамуына, өзгеруіне әсер ететін негізгі факторлар - ауа райы, тау жыныстары, төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктер мен жәндіктер, жер бедері және аймақтың геологиялық жасы. Осы факторлардың көп жылдар бойы үздіксіз әсерлері нәтижесінде құнарсыз тау жыныстарынан құнарлы топырақ пайда болады. Ал адамзат игерген жерлерде топырақтың дамып, өзгеруіне қоғамның өндіргіш күштері үлкен әсер етеді.

Өсімдіктер құнарлы топырақсыз өспейді. Топырақта өсімдіктерге қажетті қоректік заттар, яғни биофильді заттар жиналады. Ал үлкен геологиялық айналым арқылы әлемдік мұхиттарда жиналатын көп элементтер өсімдіктердің арқасында топырақ құрамына жиналады, демек үлкен геологиялық айналымнан кіші биологиялық айналымға көшеді. Сондықтан топырақта сан сан түрлі өсімдіктер өсіп, жан - жануарларға қорек болады. Сөйтіп табиғаттың ең жоғары туындысы - адамзат қоғамы өсімдіктерді де, жануарларды да өз мұқтажына пайдаланады. Расында, топырақ - жер бетіндегі өмірдің негізі, асыраушы анасы. «Диқан ата» атанған Сыр бойының даңқты күрішшісі Ыбырай Жақаев айтқандай, «Жер - қоймадаға астық, өрістегі мал, ауыздағы ас». Топырақ ауыл шаруашылығының негізгі өндіргіш құралы. Онда жеңіл өнеркәсібімізге қажетті көптеген шикі - заттар өседі. Инженерлік және жол құрылыстарында топырақтану ғылымы пайдаланады. Орман топырақта өсетіндіктен, орман шарашылығы да топырақпен тікелей байланысты.

Топырақпен өзіміз тыныс алатын ауа құрамы мен ішетін су құрамдары да тығыз байланысты. Осымен бірге топырақтың халық шаруашылығының басқа да салаларында атқаратын рөлі үлкен.

3. Бұл пәннің негізгі мақсаты Қазақстанның әртүрлі аймақтарында және жақын, алыс шет елдерде топырақтың таралуы мен түзілуін студенттерге түсіндіріп, химиялық қасиеттерні оқыту; топырақты қоғамның әртүрлі салаларында пайдалану. Практикалық сабақтарда және дала практикасында студенттер әртүрлі эксперимент жүргізуге оқушыларды үйретуге оқып біліп үйренеді.

Бұл пәнді оқытуда топырақ географиясының басқа ғылымдардың салаларымен байланысын ашып көрсету психология және педагогика пәндерінен байланысын көрсете отырып биология пәндері мен химия, физика, география ғылымдары заңдалақтарын таныстыру студенттер топырақ географиясы пәнін түсіне отырып, оқушылардың ғылыми жұмыстар жетекшілікке және тәрбие жұмыстарын жүргізуде себебі оқыту жұмысы бір-біріне ұқсамайтын үш түрлі психологиялық жағдайда аудитория, зертхана және егістік

Міндеті: Студенттер топырақтың таралуын, қасиетін білуі келешек мұғалімдердің әртүрлі аймақтарда шаруашылықта топырақты экономикалық жағынан тиімді пайдалануға үйренеді.

Бұл пәнде студенттердің минералогия, биология ғылымдарын игеруді ескерген. Топырақ географиясы түсініп игеру үшін, жер шаруашылығы, минералогия, картография, физика, математика, информатика, химия, ботаника, экологияны үйрену қажет. Бұл пәнді игеру оқушыларды еңбекке баулуға, мамандық таңдауға тәрбиелеуге көмек береді.

Лекция № 2. Тақырып: Топырақтану ғылымы, оның даму тарихы

Жоспар.

  1. Топырақтану ғылымының Еуропада дамуы.
  2. Топырақтану ғылымының Ресейде дамуы.
  3. В. В. Докучаевтың топырақтану мен ландшафттану ғылымының негізін салуы
  4. Топырақтану ғылымының орыс ғалымдарымен зерттелуі. Қазақ территориясындағы топырақты зерттеу жұмыстарының басталуы.
  5. Топырақты зерттеген қазақ ғалымдары

Лекция мәтіні: Ғылыми агрономиямен алғаш айналысқан Алмания табиғи зерттеушілері болды. 19 ғ басына дейін жүргізілген тәжірибе жұмыстарына сүйеніп, неміс ғалымы А. Тэер өсімдіктердің органикалық заттармен қоректенуі теориясын ұсынды. Осыған байланысты химиктер И. Берцелиус, К. Шпренгель топырақтың қара шіріндісі - гумуспен айналысты. Олар топырақ шіріндісінің күрделі екенін және органикалық заттардың бірнеше топтарынан тұрып, әртүрлі химиялық құрамы мен қасиеттерімен ерекшеленетінін анықтады. 1840 жылы неміс оқымыстысы Ю. Либихтің «Химияны егіншілік пен физиялогияда пайдалану» атты еңбегі жарық көрді. Бұл теорияны қолдаушылар көбейіп, агромәденихимия егіншілікке қарай бет бұрды. Топырақтанудың алғашқы бұшл бағытын негіздеушілер батыстың ірі оқымыстылары А. Тэер, Ю. Либих, М. Бертолло, Ж. Бусенго болды. Бұлар топырақ өсімдіктер тамырлары тарайтын орта, ол минералдық және органикалық заттардың қосындысынан тұрады деп пайымдайды.

Осы уақытта жоғарыда айтылған бағытқа байланыссыз агрономия мен топырақтанудың геология бағыты дамыды. Оның негізін салушылар неміс геологтары Ф. Фаллу, Ф. Рихтгофен еді. Сонымен топырақтанудың агрогеологиялық бағыты қалыптасты. Бұл бағыт тек Еуропада ғана емес, Солтүстік Америка, Австралия, Жаңа - Зеландияда дамыды.

Қара топырақтың пайда болуы жөніндегі алғашқы дұрыс болжам айтқан орыстың ұлы ғалымы М. В. Ломоносов. Оның «Жер қабаттары туралы» атты кітабы әйглі. В. В. Докучаев бір ғасырдан кейін осы еңбектегі қаралған мәселелерді негізге алды. Қара топырақтар туралы 18 ғ профессорлар М. А. Афонин, И. М. Комовтар да жазды. Бірақ олар топырақтың пайда болуымен шұғылданған жоқ.

Ерікті экономикалық қоғаммен қатар топырақ туралы мәліметтерді мамлекеттік мүлік министрлігінің ауылшаруашылығы Департамент есепшілері жинады. Осы материалдарды жинастырып, 1851 жылы К. С. Веселовский Ресейдің Еуропалық бөлігі топырағының сызба-нұсқа түріндегі картасын жасады. 1879 ж В. И. Чаславскийдің дәл осы территорияның топырағына арналған жаңа толықтырылған картасы жарық көрді. Петербургте орман институтының профессоры П. А. Костычев топырақтанудан алғашқы оқулық жазды. П. А. Костычев топырақтануды тек аграномиялық қана емес, сонымен қатар оны биологиялық ғылымға да жатқызды. В. В. Докучаевтің ең жақын шәкірті Н. М. Сибирцев П. А. Костычевті топырақтанудың ғылыми негізін салушылардың бірі деп бағалаған.

Топырақ өлі табиғат пен тірі табиғат межесінде пайда болғандықтан, топырақтану ғылымы геология және биология ғылымдарына да жат емес. Тіпті соңғы кезге дейін топырақтануды ғылымның қай саласына, биология немесе геология ғылымына жатқызу жөнінде ғылымдар бір пікірге келе алмады. Ленин атындағы Бүкіл одақтық ауыл шаруашылық академиясының 1948 жылғы тамыз сессиясында топырақтануды биология ғылымына қосуға бір ауыздан қаулы алынып, топырақтың өлі денеден гөрі тірі денелерге жақындығы мақұлданды. Осы жылдан бастап топырақтану мамандарын дайындау геологиялық факультеттерде емес, биологиялық немесе ауыл шаруашылық оқу орындарында дайындала бастады. Ал Ғылым академиясы жүйелеріндегі топырақтану ғылыми - зерттеу институттары геология ғылымдарыбөлімінен биология ғылымдары бөліміне ауыстырылды.

Топырақ - табиғат көркінің айнасы. Бұл сөзде көп мән бар. Топырақтың тік қазылған пішініне қарап, сол жердегі ауа райының, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің т. б. табиғат құбылыстарының тек қазіргі емес, өткен дәуірлерде қандай болғанын айта аламыз. Сонымен, топырақ жай жатқан өлі дене емес, жаратылыстың ерекше тарихи әрі табиғи денесі, оның пайда болу, жер бетіне таралу заңдылықтары мен қасиеттері бар. Оны топырақтану ғылымы зерттейді.

Докучаевтің қажырлы еңбегінің арқасында 1899 жылы ұйымдастырылып шыға бастаған топырақтану саласындағы ғылыми - теориялық «Топырақтану» (Почвоведение) журналы күні бүгінге дейін Ресей Ғылым академиясының топырақтану жөніндегі негізгі журналы болып келеді.

В. В. Докучаев ұйымдастырған топырақ зерттеу комиссиясы 1913 жылы Топырақтану ғылыми - зерттеу институты болып қайта құрылды. Бұған Қазан ревалюциясынан кейін В. В. Докучаевтің есімі берілді

ХІХ ғасырдың көптеген табиғаттанушы - саяхатшылардың қаратопыраққа біршама көңіл аударып, оның пайда болуы туралы өздерінің болжамдарын (мұхиттардан, батпақтардан, жербеті өсімдіктерінің әсерлерінен) айтқандарымен, қаратопырақтардың шын мәнісінде пайда болуы, олардың таралуы мен қасиеттері, көп жыл бойы бидай егісіне пайдаланудан топырақ құнарының азаю себептері осы ғасырдың 80-жылдарына шейін белгісіз болып келді. Міне, осы мәселелерді шешу үшін Ерікті экономикалық қоғам 1876 жылы арнайы қаратопырақ жөнінде комиссия құрды. Комиссия жұмысына Петербург университетінің геология және минерология кафедрасында қызмет істейтін жас геолог В. В. Докучаев шақырылды. Бұл таңдау кездейсоқ емес еді. ¤йткені ол бұрында Ерікті экономикалық қоғамның Петербург табиғат зерттеушілер мен минерологтар қоғамдарының белсенді мүшесі болып, осы қоғамның қаржыларымен экспедиция ұйымдастырып, топырақтануға жақын мәселелермен, дәлірек айтсақ, төрттік дәуірдің шөгінділерімен, өзен арналарымен, сай-салалардың құрылысы және пайда болуы мәселелерімен шұғылданған.

Егер далалық жұмыстар 1877-1878 жылдары жүргізілсе, одан кейінгі 1879-1881 жылдары химия-аналитикалық және ғылыми-өңдеу жұмыстары қолға алынды. Сонымен 1883 жылы В. В. Докучаевтың тарихта топырақтану жөніндегі әлемге әйгілі «Орыстың қаратопырағы» деген ғылыми еңбегі шықты. Бұл туралы В. В. Докучаевтың шәкірті, аса дарынды ғалым геохимик В. И. Вернадский кезінде былай деген: «Топырақтану ғылымының дамуы үшін қаратопырақ, кальцит кристаллографияның, бақа физиологияның, ал бензол органикалық химияның дамуына үлкен ролін атқарды». Бұл еңбектерінің нәтижесінде Докучаев тек қаратопырақтың пайда болуы ғана емес, сонымен қатар оның қасиеттерін, кеңістіктегі өзгерістерін, таралу заңдылықтарын анықтай келіп, жалпы топырақ туралы жаңа түсінікке келді. Топырақты зерттеудің ерекше жаңа топырақ-географялық салыстырмалы зерттеу әдісін ұсынды. Докучаев топырақтың табиғаттың ерекше табиғи, әрі тарихи денесі екенін анықтады. Топырақтың өте күрделі құрылымды екенін, ол өзін түзген тау жыныстардан морфологиялық көрінісі және химиялық құрамы жағынан жақсы ажыратылатынын, оның қалыңдығы тек жыртылған қабатпен шектелмейтінін көрсетті.

1888 жылы Ерікті экономикалық қоғам жанынан В. В. Докучаевтың басқаруымен арнайы топырақ комиссиясы құрылды. Бұл комиссия жұмысына тек ғалымдар ғана емес, топырақтануға қатысы бар басқа мекемелер қызметкерлері де тартылды. Комиссия алдымен Ресейдің Еуропалық бөлігінің топырақ картасын жасады. 1889 жылы Топырақтану комиссиясы «Топырақтану» журналын шығарды. Ол журнал күні бүгінге дейін Ресей Ғылым академиясының ТМД елдерінде осы саладағы жалғыз журнал.

1891 жылы Ресейдің қаратопырақты зонасының негізгі жерінде қатты құрғақшылық болды. В. В. Докучаев «Біздің далаларымыздың бұрынғысы мен қазіргісі» деген классикалық еңбегінде Ресей диқаншыларының егіншілікті дұрыс жүргізбей, топырақты тоздырғаны жайлы сөз болды. Егістіктерді ауыстырып екпей, бір жерге бір дақылды қайталап еге бергені, ылғал сақтау шараларын қолданбау, ол үшін орманды ағаш жүйелерін тиімді пайдаланбағаны жайында да айтылады.

1892-1895 жылдары В. В. Докучаев Ново-Александр ауылшаруашылық институтында (қазір ол Польша жерінде) директор болып қызмет атқарды, ауыл шаруашылығы жүйесіне дұрыс білім беруге біршама үлес қосты. Институтта әлемде бірінші болып топырақтану кафедрасын ұйымдастырды. Кафедраны В. В. Докучаевтың шәкірті Н. М. Сиберцев (1860-1900) басқарды. Ол 1900 жылы Докучаевтың топырақ жайындағы идеяларын жүйелі етіп баяндаған алғашқы «Топырақтану» оқулығының авторы болды.

1898-1900 жылдары Докучаев Кавказ тауларының топырақтарын, Түркістан, Каспийдің шығысын, тіпті Қарақұмдағы Чарджау аймағындағы Репетек құмдарын, гипсті топырақтарды зерттеді. Докучаевтың бұл әр түрлі аймақтарды зерттеу, оның топырақтану жайындағы ілімінің аясын кеңейте түсті. Бұл топырақтың, жалпы ландшафтардың көлденең және тік зоналық заңдарын негіздеуге мүмкіндік берді. Оның осы кездердегі еңбегі «Табиғат зоналығы туралы ілім, көлденең және тік белдеулік зоналары». Сондай-ақ оның Жердің терістік жарты шарының сызба-нұсқалық топырақ картасы Парижде өткізілген Әлемдік көрмеде көрсетіліп, дипломға ие болды.

В. В. Докучаев «Табиғат зоналары туралы ілім» деген мақаласын былай бастайды: «Табиғатты, оның күшін, апатын, денесін тану үшін ХІХ ғасырда алып қадамдар жасалды, сондықтан мұны табиғаттанушылар ғасыры, табиғат ғасыры деуі жай емес. Дегенмен адамзаттың осы ұлы білім жеңістеріне назар аудара отырып . . . әсіресе Лавуазье, Ляйэл, Дарвин, Гельмгольц т. б. жұмыстарынан кейін, аса маңызды, әрі мәнді кемістікті байқамауға болмайды . . . Негізінен әр түрлі денелер-минералдар, тау жыныстары, өсімдіктер мен жануарлар және олардың болмысы, кейбір табиғи заттар -от, су, жер, ауа зерттелді. Тек олардың қатынастары, пайда болулары, ғасырлық, әрдайым заңды табиғат күштері мен денелері, тірі мен өлі табиғат арасындағы байланыстары мен болмыстары зерттелмеді. Ал шын мәнінде тек осы қатынастар, осы заңды қарым-қатынастар мен бір-біріне әсері табиғаттанудың негізін құрайды, табиғаттанудың ең бір тамаша әрі жоғарғы ғажабы».

В. В. Докучаев өзі негізін қалаған ғылым - топырақтану ғылымы жоғарыда жіберілген кемістіктерді ескеріп, табиғаттағы бұрыннан бар тірі мен тірінің, тірі мен өлі табиғаттың қарым-қатынастары мен бірінің-біріне әсерін зерттейтін ғылым деді. Докучаев осы терең ғылыми түсініктерімен табиғат ландшафтары туралы ілімді қалыптастырды. Ландшафтағы топырақ маңызын айта келіп, топырақты «ландшафтың айнасы» деп сипаттады.

1925 жылы Докучаев атындағы топырақтану комитеті, КСРО Ғылым академиясының В. В. Докучаев атындағы топырақтану институты болып қайта құрылды. Оның директоры болып академик К. Д. Глинка тағайындалды. Кеңестік заманның әр кезеңдерінде КСРО-ның әр республикаларында да арнайы топырақтану және агрохимия институттары ұйымдастырылып, жемісті зерттеу жұмыстарын бастады. Бұлардың барлығына В. В. Докучаев атындағы Топырақтану институты методикалық жетекшілік етті. Кеңбайтақ Кеңестік елдердің басым территорияларында топырақ-географиялық зерттеулер өріс алса, кейбір республикаларда топырақты мелиорациялау бағыттарында зерттеулер жүргізіле бастады. Еліміздің ылғалы мол батыс аймақтарында топырақты құрғату, ал Орта Азия, Оңтүстік Қазақстан, Кавказдың оңтүстігінде топырақты суару мелиорациялары дамыды.

Осы кезде топырақтанудағы ірі тұлға К. К. Гедройц (1872-1932) болды. Ол топырақтану химиясы саласында, дәлірек айтсақ топырақтың сіңіру комплексін, сор топырақтар мен сортаң топырақтарды зерттеуде аса ірі теориялық жетістіктерге жетті. Топырақтану, жалпы жер қыртысы геохимиясы саласындағы ірі ғалым Б. Б. Полынов (1877-1952) болды. Бұл екеуінің кейінірек академик болып сайлануы кездейсоқ емес екені анық. Кеңестік заманда топырақтың органикалық бөлігі туралы ірі жетістіктерге академик И. В. Тюрин жетсе, топырақтың географиясы саласында академиктер Л. И. Прасолов, И. П. Герасимов, топырақ агрохимиясы саласында академиктер Д. Н. Прянишников пен Я. В. Пейве терең зерттеулер жүргізіп, көптеген жаңалықтар ашты. В. В. Докучаевтың шәкірті академик В. И. Вернадскийдің айтуынша топырақ - аса күрделі, әрі өлі, әрі тірі дене. Сондықтан оны зерттеу де оңайға түспейді. Бір жағынан оған геологиялық ғылымдар әдісі қажет болса, екінші жағынан биологиялық ғылымдар әдістерін қолдану қажет. Алайда топырақ таза геологиялық та, таза биологиялық та дене болмағандықтан оны зерттеулер әдістері үнемі дұрыс нәтижелер бере бермейді. Топырақ сияқты күрделі денеге екі әдіс жеткіліксіз.

Топырақ осындай күрделі дене болғандықтан осы күндерге шейін оны белгілі бір ғылымдар қатарына жатқызу туралы әлемде біртұтас пікір жоқ. Мысалы біздің елімізде 1948 жылға шейін топырақтану ғылымы Жер туралы ғылымдарға жатқызылып, ол саладағы мамандар жоғары оқу орындарының геология-топырақтану факультеттерінде дайындалды. 1948 жылы Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы академиясының тамыз сессиясынан кейін Топырақтану ғылымы бірауыздан биологиялық ғылымдарға жатқызылды. Мамандарды да дайындау оқу орындарының биология-топырақтану факультеттерінде басталды.

Сонымен топырақтану ғылымы аса күрделі және өте қажетті ғылым. Халық санының күн сайын өсуі, олардың әл-ауқатының көтерілуі үшін топырақтанудың маңызы жылдан-жылға арта бермек.

Топырақтану ғылымы жалпы табиғаттану ғылымдарының қатарына қосыла тұрып, оның қолданбалы ғылымдар ішінде және халық шаруашылығының басқа салаларында алатын орны да ерекше.

Топырақтану ғылымының халықаралық мәселелерін шешу үшін Халықаралық топырақтанушылар қоғамы бар. Бұл қоғам 1924 жылы ұйымдастырылған. Содан бері топырақтанушылардың Халықаралық ХV конгрестері болып, оның екеуі бұрынғы Одақ кездерінде Мәскеуде (1930, 1974) өтті.

Бұл бөлімшедегі мәліметтер Қазақ ССР Ғылым академиясының топырақтану институты туралы еңбектен алынды. Қазақстанда топырақтану ғылымының негізінің қалануы Өмірбек Оспанұлы есімімен тікелей байланысты. Мәскеудегі Тимирязев ауылшаруашылық академиясының топырақтану және агрохимия мамандығын алған. Ө. Оспанұлы КСРО Ғылым академиясының В. В. Докучаев атындағы Топырақтану институтының аспирантурасына түсіп, 1936 жылы геология-минерология ғылымдарының кандидаты дәрежесін қорғап шықты. Бұл кезде Ө. Оспанов топырақтану саласынан өз ұлтымыздан шыққан, алғашқы ғылыми дәрежесі бар ғалым болатынын мақтанышпен айтамыз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Топырақ табиғи тарихи дене және ауыл шаруашылығының өндірісінің дүниесі
Топырақтың фазалық құрамы
Топырақ ылғалы
Тыңайтқыштардың мақта өнімділігіне әсері
Топырақтың грануметриялық құрамы
Топырақ түзілу факторлары
Қазақстандағы минералды тыңайтқыштар өндірісін дамыту
Жалпы экологиялық мәселелер
Дүниежүзінің кейбір мемлекеттерінде бір гектар егістікке қолданылған минералдық тыңайтқыш мөлшері мен дақылдан алынған өнім
Топырақ ерекшелігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz