Денсаулық сақтауды жоспарлау


«ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ
МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» МЕББМ

НУО «КАЗАХСТАНСКО - РОССИЙСКИЙ
МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ»
Дәріс сабақтарға әдістемелік нұсқаулық
" Заңнама мен денсаулық экономикасына кіріспе " пәні бойынша
Тақырып 8. Денсаулық сақтауды жоспарлау.
Пәні: " Заңнама мен денсаулық экономикасына кіріспе"
Мамандығы: «Қоғамдық денсаулық сақтау»
Курс: 3
Құрастырушы: аға оқытушы Қ. Алманиязова
Алматы 2024ж
Тақырып 8. Денсаулық сақтауды жоспарлау.
Дәрістің мақсаты- Денсаулық сақтауды жоспарлаудың негізгі ұғымының мәнін ашу.
Дәріс тезистері
Халыққа медициналық көмек пен қызметті жоспарлау денсаулық сақтаудағы ең күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Себебі қазіргі нарықтық экономикада қарым қатынасы қалыптасқан жағдайда мемлекеттің де бұқара халықтың да қаражаты шектеулі екені белгілі және жоспар бұрынғыдай мемлекеттік тұрғыдан, денсаулық сақтау ұйымдарының меншіктігі әртүрлі болғандықтан, бәріне бірдей бірыңғай емес және оның орындалуы да міндеттелмейді. Десекте ДДСҰ - ның мәлімдеуінше көптеген елдерде денсаулық сақтауды жоспарлау қолданылады.
Жоспарлау дегеніміз - мемлекеттің даму жолында алдыңа қойылған нақты мақсаттарға жету үшін және оның соңғы нәтижелеріне жетуіне толық сенімді болғанда қолданылатын іс -әрекеттер. Ал денсаулық сақтау жүйесін жоспарлаудың негізгі мақсаты халықтың медициналық көмекке, денсаулыққа қажеттілігімен оны толық қанағаттандырудың ыңғайлы түрлерін табуды айтамыз.
Денсаулық сақтаудағы жоспаарлаудың түрлері: Республикалық, облыстық, жергілікті болып бөлінеді.
Мерзіміне сәйкес: стратегиялық, ұзақ мерзімді, ағымды (бір айлық, апталық, тәуліктік)
Жоспарлаудың әдістері:
- Талдау әдісі
- Салыстыру әдісі
- Баланыстық әдісі
- Нормативтік әдісі
- Экономикалық әдісі
Талдау әдісі денсаулық сақтаудың даму жоспарын құрастырғанда соңғы жылғы жетістіктерді ескере отырып алдағы жылға белгіленген мақсаттардың орындалуына талдау жүргізеді. Осы әдіс арқылы халықтың медициналық қызметкерлермен, ауруханадағы төсектермен қамтамасыз етілуін айқындалады да келесі жылға медициналық қызметтің көлемі белгіленеді ( әр тұрғынның амбулаторияға, емханаға келіп қаралу орта саны ауруханаға жатып емделетіндердің пайыздық үлесі, медициналық мекемелердегі қызметкерлер орындары және т. б) қарастырылады.
Салыстыру әдісі - талдау тәсілінің құрамдық бөлшегі ретінде қаралады да денсаулық сақтаудың даму бағытын анықтайды. Мысалы; аурушылдық, өлім - жетім деңгейлерінің өзгеруін, туушылдық, табиғи өсу үрдісі және т. б
Теңдестіру баланстық әдіс - арқылы жоспарды орындау кезіндегі кейбір көрсеткіштердің бір-бірімен сәйкес болмауы. Мысалы: дәрігердің дайындау үрдісімен емдеу- профилактикалық мекемелер желісінің өсуі.
-туушылдық көрсеткіштерінің жоғарлауымен акушер-гинеколог, бала дәрігерлерін дайындау үрдісінің сәйкес болмауы.
Нормативтік әдіс - денсаулық сақтауды жоспарлауда жиі қолданылады да, теңдестіру әдістің негізінде жасалынады. Мысалы: халықтың медициналық көмекке қажеттілігі, дәрігерлердің және орта буындағы мамандардың жүктемелік ережесіне сәйкес бір дәрігер сағатына норматив бойынша қанша адамды қабылдайды.
Экономикалық -математикалық әдіс - қабылданатын жоспардың ғылыми негіздері анықтау үшін қолданылады да осы саладағы және қосалқы ғылыми - зерттеу нәтижелері ескеріледі.
Сондықтан, қазіргі нарықтық экономика кезеңінде жоспарлаудың ұтымды әдістерін қолдануымыз қажет. Ол үшін
Біріншіден, денсаулық сақтау жүйесінің жұмысына өте терең талдау жүргізіп, оның қорларын дұрыс пайдалану көзделеді. Осыған байланысты денсаулық сақтау мекемелерінің көрсеткіштерін көлемдік түрлерінен қаржылық яғни экономикалық нормативтерге ауысады.
Екіншіден, сапалық көрсеткіштерді енгізу керек және олар денсаулық сақтау мекемелерінің нақты жұмысын сипаттайтын болып, жұмысты жан - жақты жоспарлауға қажет болады.
Үшіншіден, жан жақты жоспарлау емдеу-сауықтыру мекемелерінің жұмысын жоспарлаумен қатар халықтың медициналық қызметке қанағаттану деңгейін жоспарлайды.
Денсаулық сақтау жүйесінің жұмысын жоспарлауда мынандай көрсеткіштер есепке алынады:
- Халықтың жасы, жынысына сәйкес құрамы.
- Ауру сырқаулық деңгейі;
- Медициналық көмекке өздігінен емделуге келу көрсеткіші;
- Белгілі емдеу - профилактикалық мекемеге келушілердің нақты және болжамды санын анықтау, тұрғындардың орналасуы, көлікпен қамтамасыз етілуі және де емделуге келе алмайтындардың әсері;
- Емделу шығынның әрбір медициналық мекемедегі өзгешелігі және т. б
Денсаулық сақтау жүйесін жоспарлағанда қолданған негізгі ұстанымдар мынандай:
- Халық денсаулығын қорғау жөніндегі жоспарлы бағдарламалардың үкіметтің жалпы саясатына сәйкес болуы;
- Жоспардың негізгі мақсаттылық нұсқауларының ғылыми негізделуі;
- Денсаулық сақтау жүйесінің мекемелерінің даму жоспарларының, дәрігер және орта буындағы мамандарды дайындау бағдарламасының іске асуын, орындалуын бақылау;
- Стратегиялық даму бағдарламасы мен жылдық жоспардың орындалуын байланыстыру;
- Салалық жоспармен жергілікті даму бағдарламасының маңыздылығы;
Қазіргі кезде жоспарлау көбіне мақсаттық - бағдарламалық түрінде іске асырылады. Денсаулық сақтаудың алдына қойған бағдарламалары орындалады, олардың ішінде:
- Денсаулық сақтау жүйесін басқаруды жетілдіру;
- Медициалық қызмет көрсету жүйесін көпсалалы және бірнеше деңгейде ету;
- Денсаулық сақтау саласын қаржыландыру жүйесін және экономикалық қарым қатынасты өзгерту;
- Медициналық қызметкерлерді дайындау жүйесін жетілдіру;
- Денсаулық сақтау саласының жабдықталуын нығайту;
- Медициналық қызмет көрсетуде бәсекелестік жағдайды тудыру;
Осы бағдарламада денсаулық сақтау жүйесін басқаруды жетілдіру туралы нақты шаралар көзделген. Олар :
- Денсаулық сақтау жүйесінің даму саясатын іске асыру жолдарын орындау. Стратегиялық жоспарлау мен мониторинг жүргізу.
- Денсаулық сақтау жүйесінің дамуының аймақтық жоспарын жасау және бақылау.
- Денсаулық сақтау жүйесінің мекемелерінің қызметін лицензиялау мен аккредитациядан өткізу және баға беру.
- Басшылық ету кадрларды дайындау және білімін жетілдіру.
- Халықаралық әріптестіктің қамтамасыз етілуі зерттелінеді және іске асыру жолдары жоспарланады.
- Денсаулық сақтау жүйесін басқаруды жетілдіру. Ол үшін басқарудың экономикалық тәсілдерін ескере отырып, қазіргі реформаға сәйкес менеджмент негіздерін қолдану.
Мемлекеттік бағдарламаның негізгі міндеттері.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz