Ахмет Байтұрсынұлының еңбектеріндегі психологиялық көзқарастарын талдау және ұлттық психологияның дамуында алатын орнын зерттеу


Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Философия және саясаттану факультеті
Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
тақырыбы: «Ахмет Байтұрсынұлының психологиялық көзқарастары»
6В03107 - «Психология» білім беру бағдарламасы бойынша
Ғылыми жетекші
психол. ғ. к., аға оқытушы
«Қорғауға жіберілді»
Хаттама № __ «__» __ 2023 ж.
Кафедра меңгерушісі
пед. ғ. д., профессор
Алматы, 2023
РЕФЕРАТ
Дипломдық жұмыстың көлемі 70 беттен, 2 кестеден, 2 суреттен, 69 қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Түйін сөздер: А. Байтұрсынұлы, психологиялық көзқарас, ұлттық-психология
Зерттеудің мақсаты : Ахмет Байтұрсынұлының еңбектеріндегі психологиялық көзқарастарын талдау және ұлттық психологияның дамуында алатын орнын зерттеу.
Нысаны: Ахмет Байтұрсынұлының еңбектері.
Пәні: А. Байтұрсынұлының еңбектеріндегі психологиялық көзқарастарын контент-анализ әдісі арқылы зерттеу мүмкіндігі.
Жұмыстың міндеттері:
- А. Байтұрсынұлының өмірлік, қоғамдық және шығармашылық жолын ашып көрсету.
- А, Байтұрсынұлының шығармаларындағы психологиялық көзқарасын саралау және ұлттық психология саласындағы рөлін көрсету;
- А. Байтұрсынұлы еңбектерінде кездесетін психологиялық көзқарастарын, терминдерін контент-анализ әдісі арқылы талдау.
Зерттеу жұмысының нәтижесі:
- А. Байтұрсынұлының өмірлік, қоғамдық және шығармашылық жолы зерттелді
- А. Байтұрсынұлының шығармаларындағы психологиялық көзқарасы нақтыланып, оның басқа да психология салаларымен байланысы қарастырылды.
- А. Байтұрсынұлы еңбегі контент-анализ әдісі арқылы талданды.
- Алынған нәтижиелер негізінде библиографиялық көрсеткіш ұсынылды.
PEФEPAТ
Объем дипломной работы состоит из 70 страниц, 2 таблиц, 2 рисунков и 69 списка использованной литературы.
Ключевые слова: А. Байтурсынов, психологические взгляды, национальная психология
Цель: Анализ психологических взглядов Ахмета Байтурсынова в его трудах и изучение его места в развитии национальной психологии.
Объект: Труды Ахмета Байтурсынова.
Предмет: Возможность изучения психологических установок в трудах А. Байтурсынова методом контент-анализа.
Задачи:
- Теоретический анализ работ А. Байтурсынова;
- Дифференциация психологических установок в произведениях А. Байтурсынова;
- Метод контент-анализа психологических установок, терминов, встречающихся в трудах А. Байтурсынова.
Результаты исследования:
- Исследован жизненный, общественный и творческий путь Ахмета Байтурсынова
- Уточнен психологический подход А. Байтурсынова и рассмотрена его связь с другими областями психологии.
- Труд А. Байтурсынова был проанализирован методом контент-анализа.
- На основании полученных результатов удалось составить рекомендации по работе.
ABSTRACT
The volume of the thesis consists of 70 pages, 2 tables, 2 figures, 69 references.
Key words: Akhmet Baitursynov. psychological view. national psyhology
Purpose: Analysis of the psychological views of Akhmet Baitursynov in his writings and the study of his place in the development of national psychology.
The object : The works of Akhmet Baitursynov.
The subject: The possibility of studying psychological attitudes in the works of A. Baitursynov by the method of content analysis.
Objectives of research:
1. Theoretical analysis of A. Baitursynov's works;
2. Differentiation of psychological attitudes in the works of A. Baitursynov;
3. The method of content analysis of psychological attitudes, terms found in the works of A. Baitursynov.
Research results:
- The life, social and creative path of Akhmet Baitursynov is investigated
- The psychological approach of A. Baitursynov is clarified and its connection with other fields of psychology is considered.
- The work of A. Baitursynov was analyzed by the method of content analysis.
- Based on the results obtained, it was possible to make recommendations for work.
МАЗМҰНЫ
1. 3
1. 4
А. Байтұрсынұлының еңбектеріндегі психологиялық көзқарастары . . .
А. Байтұрсынұлының ғылыми еңбектеріндегі ұлттық психологияның көрініс табуы . . .
23
36
Қосымша А . . .
Қосымша Б . . .
48
56
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Қазақстандағы әлеуметтік-саяси және экономикалық даму оқу-тәрбие мәселелеріне мән беру, қазіргі білім беру жүйесін жаңартуды талап етеді. Жастарға оқудың сапасын көтеріп, өз елінің рухани мұрасын дәріптеу - қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
ҚР Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың: « . . . туған жердің тарихын білген және оны мақтан еткен дұрыс. Алайда, одан да маңыздырақ мәселені - өзінің біртұтас ұлы ұлттың перзенті екеніңді ұмытуға әсте болмайды, болашаққа сенімді нығайтып, алға бастайтын қасиеттер, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюсін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды. Бұл - тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиегін үйлесімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғырнамасы» - деп, [1] атап өткенін ескерсек, ұлттық мұраны жастардың бойына сіңіру екендігіне көзіміз жетеді.
А. Байтұрсынұлы шығармашылығына байланысты тарих, әдебиет салалары бойынша іргелі зерттеулер мен ғылыми мақалалр баршылық. Байтұрсынұлының қазақша әліппе жасауы, араб жазуына кіргізген жаңалығы, қазақ тіл білімінің негізгі терминдерін халқымыздың ойлау мүмкіндігімен сабақтастыруы, оларға тұңғыш анықтама беруі, дыбыс жүйесін, сөз жүйесін, сөйлем жүйесін жазуы - ұланғайыр еңбек.
Қазіргі қоғамда жастардың бойында, өзінің бар мүмкіндіктерін жан-жақты таныта алатын, тіл табысуға мүдделі, ұлттық санасы толыққан саналы тұлғаны тәрбиелеуді қажет етіп отырғаны айқын.
Демек, еліміздегі оқу-ағартудың дамуының ғылыми тұрғыда тұжырымдалуында ғана емес, шығармаларындағы психологиялық-ой пікірлерімен дараланған қазақ ғылымы мен мәдениетінің аса көрнекті өкілі, әмбебап ғалым, қоғам қайраткері А. Байтұрсынұлын атап кетпеуге болмайды. Қараңғы халықты жарыққа шығаруды басты қызметі санап, қазақ балаларын көзі ашық етіп тәрбиелеу жолында өзіндік із қалдырған, ұлттың ұлы ұстазының артында қалған мұралары жас ұрпаққа қоғамдық тәрбие беруде айрықша маңызға ие. Оның философиялық ой-толғамдары, дүниетанымдық тұжырымдары біздер үшін берері мол, ал психология саласындағы мардымды жұмыстары мен еңбектері жайлы біле бермейміз.
А. Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына арналған еңбектерден Қ. Жарықбаевтың, М. Жүнісовтің, Т. Көкішевтің, З. Қабдоловтың, Ғ. Әнесовтің, Ш. Байсалованың, Қ. Мұхаметхановтың, Ж. Бектұровтың, К. Нұрпейісов пен Р, Сыздықованың еңбектерін атауға болады.
Алихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсынұлы т. б секілді бір топ зиялы қауымның тарих сахнасына шығып, қоғамдық ойдың дамуына қосқан өлшеусіз үлесін сипаттай отырып, олардың саяси-әлеуметтік ойларына К. Нұрпейісов, И. Шамшатұлы мен Ө. Озғанбай өзінің еңбектерінде талдау жасайды.
Кейбір мақалаларда Байтұрсыновтың публицистік, педагогтік-ағартушылық қызметі баяндалады. Оларға келесі авторлардың еңбектері: А. Ембердиев, Ө. Әбдіманов, С. Қалиев, А. Әбдісадық.
Шығармашылығына қатысты деректерді Б. Ілиясов, К. Нұржанов, Ш. Байтұрсынованың жазған естеліктерінен алуға болады. Ахаңның философиялық көзқарастары туралы арнайы зерттеулер А. Х. Қасымжанов, А. К. Касабектың, Ғ. Е. Есім, Ж. Ж. Молдабеков, Д. К. Кішібеков, Т. Х. Ғабитов, Ж. А. Алтаев еңбектерінде көрініс табады. Ал, оның психологиялық көзқарастарын өзінің еңбектеріне талдау жасап, саралау барысында дипломдық жұмысымда нақтылаймын.
Аталған мәселе зерттеудің өзектілігін айқындап диплом жұмысының тақырыбын «Ахмет Байтұрсынұлының психологиялық көзқарастары» деп таңдауға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты: Ахмет Байтұрсынұлының еңбектеріндегі психологиялық көзқарастарын талдау және ұлттық психологияның дамуында алатын орнын зерттеу.
Зерттеу нысаны: Ахмет Байтұрсынұлының еңбектері.
Зерттеу пәні: А. Байтұрсынұлының еңбектеріндегі психологиялық көзқарастарын контент-анализ әдісі арқылы зерттеу мүмкіндігі.
Зерттеудің міндеттері:
- А. Байтұрсынұлының өмірлік, қоғамдық және шығармашылық жолын ашып көрсету.
- А, Байтұрсынұлының шығармаларындағы психологиялық көзқарасын саралау және және ұлттық психологиядағы рөлін зерттеу;
- А. Байтұрсынұлы еңбектерінде кездесетін психологиялық көзқарастарын, терминдерін контент-анализ әдісі арқылы талдау.
Қойылған міндеттерді шешу және тұжырымдалған гипотезаны анықтау үшін келесі деңгейлерді қамтитын кешенді зерттеу әдісі қолданылды:
- теориялық (зерттеу мәселесі бойынша психологиялық, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді талдау, қорытындылау, салыстыру, нәтижені жобалау) ;
- эмпирикалық (әңгімелесу, бақылау, оқу-әдістемелік құжаттарды) саралау, контент-анализ, диагностикалау және талдау.
- монографиялық (психологиялық, педагогикалық және философиялық әдебиеттерге теориялық талдау жасау) ; болжау (зерттеу мәселелеріне баға беру) ; диагностикалық (талдау) .
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері: А. Байтұрсынұлының еңбектеріндегі психологиялық көзқарастары, оның қазақ бастауыш мектебі жайындағы идеяларының бүгінгі күн талабымен байланыстылығы, психология аясында жаңа ғылыми деректермен толықтыра түседі.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: А. Байтұрсынұлының психолгиялық көзқарастары толыққанды зерттелмеген тың тақырып, сондықтан А. Байтұрсынұлының психологиялық көзқарастары жүйеленді.
- А. Байтұрсынұлы еңбектеріне теориялық талдау жасалды;
- А. Байтұрсынұлы шығармаларындағы психологиялық көзқарастар сараланды.
- А. Байтұрсынұлы еңбектеріндегі психологиялық көзқарастары, терминдері контент-анализ әдісі арқылы талданды.
Зерттеу жұмысының практикалық маңызы: Зерттеу нәтижесінде алынған кешенді ғылыми іс-әрекетке дайындап жатқан болашақ мамандардың психология аясында білімін кеңейтіп, ғылыми-теориялық даярлығының сапасын көтеруге көмектеседі. Зерттеу нәтижесін психолог мамандар және студенттер ғылыми-әдістемелік нұсқаулық ретінде пайдалануына болады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.
Кіріспеде, зерттеу жұмысының өзектілігі, мақсаты, нысаны, пәні, міндеттері, әдіснамалық негіздері мен зерттеу әдістері айқындалып, зерттеудің кезеңдері, ғылыми жаңалығы қамтылады.
«А. Байтұрсынұлының ғылыми еңбектеріндегі психологиялық көзқарастарын теориялық негіздеу» атты бөлімінде өмір жолы мен шығармашылығының басты кезеңдері, оның шығармашылық ізденісіндегі психологиялық тұжырымдары, еңбектеріндегі психологиялық көзқарастары қарастырылды.
«А. Байтұрсынұлының еңбектеріндегі психологиялық терминдерге контент-анализ әдісі арқылы талдау жасау» атты екінші бөлімде А. Байтұрсынұлының еңбектеріндегі психологиялық терминдерге контен-талдау әдістемесі беріледі.
Қорытындыда зерттеу жұмысының нәтижесінде негізделген тұжырымдары мен ғылыми зерттеу жұмысын жүргізу нәтижесінен туындаған қорытындылар мен ұсыныстар беріледі, зерттеу мәселесінің болашағы көрсетіледі.
Қосымшада: Библиографиялық көрсеткіш ұсынылады.
1 А. БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 А. Байтұрсынұлының өмір жолы мен шығармашылығының басты кезеңдері
1872 жылдың 5 қыркүйегінде дүниеге келген Ахмет Байтұрсынұлы өз қолымен жазылған өмірбаянына сүйенсек, Ахаң Торғай уезінің Тосын болысындағы №5 ауылына қарасты Сарытүбек елдімекенінің тумасы. Сарытүбектің жері көкорай шалғын табиғаты ерекше сұлу. Сарытүбекпен Аққұм мен Ақкөл қапталдасып жатыр [2, 12б] .
Ахаңның арғы тегін қуалағанда, Үмбетей руы Торғай өзенінің бергі бетін жайлаған рулармен туыстас Шақшақ батырдан тарайды екен. Үмбетеймен туыстас рулар Торғай өзенінің оңтүстікке қараған бергі бетін, Тосын құмын және одан әрі Ырғыз жерімен шектесіп жатқан жерлерді мекендеген. Тумасынан зейінді зерек болып өскен Ахмет, ең алғашқы жөн -жосықты, тағылымды өз отбасынан алады. Әкесі - Байтұрсын, атасы -Шошақ Үмбетей еліндегі көкірегу ояу, көзі ашық болған десті [3, 8б] .
1886 жылдан бастап 1891 жылға дейін екі класты Ыбырай Алтынсарин қалаған Торғай орыс-қазақ училищесінде оқиды. Бұрын-соңды ауылдан ұзап шығып көрмеген Ахметтің білімге деген құштарлығы, оның анасы мен бауырларына, ауылына деген сүйіспеншілік сағынышын тежеп, мектеп қабырғасындағы ережелерді орындауға дағдыланды. Мектеп қабырғасында ол өз бетінше ізденіп көп оқиды. Орыс тілін жетік меңгеріп, бірнеше пәндерден ұстаздардан дәріс алады. Сондай-ақ шығыс және батыс ғұламалары мен ақын жазушыларының шығармаларын қызыға оқыған екен. Оның сүйікті ақын жазушылары Руми, Низами, Фирдауси, Шиллер, Гете, М. Ю. Лермонтов, А. С. Пушкиндер болыпты. Дегенмен, ұлттың ұлы ұстазы Ахаңның құштарлығын қазақ халқының эпостық жырлары мен тарихы оятқан десті [3, 49б] . Ахмет Байтұрсынұлының осы мектеп қабырғасында оқу үлгерімін растайтын құжаттардың болмағанымен, осы оқу жолын жалғастыру үшін білім жарығын іздеп керуеншілерге ілесіп Орынбор училищесінің мұғалімдер дайындайтын мектебіне оқуға түскендігін туралы көшірмесі растайды. 260-шы куәлік 1895 жылдың 13 мамырында толтырылған. Ахаңның куәліктегі пәндер бойынша баға көрсеткіштері төмендегідей: «Мұхаммедке сену, жазу, бейнелеу пәндері және тәртібі «өте жақсы» деп бағаланған, педагогика және бастауыш мектептегі тәжірибе пәндері «жақсы», орыс тілі, арифметика, геометрия, орыс тарихы, жаратылыстану пәндері «орташа» көрсеткішпен оқыған. Бала кезінен тұйық міңезді, сөзге сараң, оның үстінен сыныпта жасы жағынан ересек болған Ахмет, жақсы оқитын оқушылардың қатарынан болған [4, 21б] .
Онда 1891 жылдан 1895 жылға дейін орыс-қазақ мұғалімдер мектебінде оқиды. Аймақтық оқу қамқоршысы А. Е. Алекторов Ахмет Байтұрсынұлына берілген психологиялық, физиологиялық мінездемесінде:
-А. Байтұрсынұлы - қырғыз баласы;
-діні - мұсылман;
- туған жері - Торғай облысы, Торғай уезінің Тосын болысының 5-ші ауылы.
Мұғалімдер дайындайтын мектепке 1891 жылдың 10-шы тамызында қабылданды. Оқуға қабылданғанға дейін Торғай қаласындағы екі сыныптық орыс-қазақ училищесін бітірген;
- мектеп қабырғасындағы тәртібі өте жақсы, бұрын-соңды ұятты жағымсыз
қылықтармен байқалған жоқ.
Орташа қабілеттілігіне қарамастан өзінің ықыласы мен ынта жігерін пысықтап оқу міндетін қатаң орындады.
Мінез-құлқы - тұйық, сабырлы, ұяң.
Темпераменті - байсалды, сабырлы, босаң, тұйық. Жалпы өте жүдеу. Сыпайы мұғалім болады деп сендіреді.
Педагогика оқытушысы, инспектор Михаил Галиков», - деп училище инспекторы қолын қойып, мекеме мөрімен бекіткен. Ахмет мұғалімдер дайындайтын мектепті «қанағаттанарлық» деген бағамен 23 жасында бітіреді. «Мұғалімдер мектебінің толық курсын бітіруші Ахаңға, 1880 жылдың 27 -ші қарашасында Жоғары мәртебелімнің бекіткен Нұсқауы негізінде және Жоғары мәртебелімнің 1872 жылы 27-ші наурызында бекіткен Ереженің 27-ші бабына сәйкес Уфа, Симферополь қалаларындағы Татар Мұғалімдер Мектебі мен Қырғыз Мұғалімдер мектебіне арналған Ереженің негізінде аталған мектептің педагогикалық Кеңесінің шешімімен «Бастауыш мектептің Мұғалімі» атағы берілсін», - дипломы берілді [3, 51-52б] .
Өміржазбасында көрсеткендей, 1872 жылғы 12 наурызда шыққан Ереже заңдылықтарына сәйкес 6 жыл мұғалім болып қызмет істеуге міндетті болатын. Сол себепті 1895 жылдың 1 шілдесінен бастап Торғайдың әр жерінде, әр түрлі бастауыш училищилерде, ауылдық мектептерде жұмыс жасайды. Ақтөбе уезі Батпақты болысындағы Ахметкерей Қойшыбақовтың ауылында, кейіннен Аманқарағай ауылдық мектебінде бір жылға жуық ұстаздық етеді. Қазіргі таңдағы Ақтөбе облысының Алға ауданының Самбай ауылы, сонымен қатар мектеп Ахмет Байтұрсынов атымен аталады [2, 24-25б] .
Қостанай уезіндегі Әулие көп елді мекенінде бастауыш мектепте де мұғалім болады. Жұмыс бабымен Аманқарағайа екінші рет келгенінде, Әулиекөл жағасындағы үйге жайғасып мұғалімдік қызметін атқарады. Мұнда болған уақытында адамдар көл жағасында жиі серуендейтін ұлттың ұлы ұстазын көргендіктен, көлді «Мұғалім - көл» деп атап кеткен. Әулиекөлде ол 5-6 ай тұрып, мұғалімдік жұмысын 2 басқыштық орыс-қазақ мектебінде Қостанай қаласында жалғастырды.
Ауыл балаларын оқытқанда, Ахмет Байтұрсынұлының 9 жылға жуық тәлім - тәрбиені орысша оқығаны, өзгеше қырынан танылды. Бала оқыту ісінде, қырағылық танытып, қазақ танымының түп қазығын қағып, түрлі тағдыр толқынына қарсы тұрды. Елдің аз да болса ауыр халін жеңілдетуді ойлап, бұрын-соңды қалыптасқан дамыған ағартушылықтың мақсат-мұраты арқылы, ұйқыдан оянып, білімге ұмтылу қажеттілігін, оянған азаматқа еру керектігін айтады. Оған мына өлең жолдары дәлел:
«Оянған ерге,
Ұмтылған жерде.
Еруші аз, серік кем.
Қас білген досты,
Дос білген қасты,
Мұндай елді көріп пе ең?
Қыс ішінде бірер қаз
Келгенменен, қайда жаз?!», - дейді. [3, 57б]
1904 жылы Ахмет Байтұрсынұлы Омбыға көшіп келеді. Омбыға көшіп келгенде қаланың жергілікті қазақтарымен танысып, туысындай араласып кетеді. 1904-1906 жылдары Ақмола, Торғай, Семей оқу-ағарту жүйесін басқарып тұрған патша шенеунігі А. Е. Алекторовтың шақыртуымен оқу бөлімінде хатшылық қызметін атқарады. Осында жұмыс жасай отырып, патшалық Ресейдің қазақ даласын орыстандыру саясатын түсінген ол, оларға қарсы күрестің бірден-бір жолы ұлт - санасын оятып, білім-ғылымға, өз заманының мәдениетіне жетелеу арқылы азаттыққа қол жеткізе алатындығына көзі жетеді.
1909 жылы патша өкіметінің шет ұлттарға қарсы әрекетіне көзқарасын білдіргені үшін Семей абақтысына жабылады. Мұнда ол 1910 жылдың басына дейін қамауда болады. Ахаң бұл туралы «Өмірдерегінде» бірінде: «Из тюрьмы выпустили с запрещением в пределах казахских областей и с правом выбора местожительства в других губерниях России. Выбор мой пал на город Оренбург, как на ближайший к Казахстану пункт и прибыл туда в марте 1910 года» - деп жазса, «Өмірбаянында»: « . . . Орынборға 1910-шы жылдың 9-шы наурызында келдім» деп, қалаға келгені жөнінде мәлімет береді.
1910-1913 жылдары ағартушы қатаң бақылауға алынады. 1913-1917 жылдары әйгілі «Қазақ» газетінің редакторы қызметін атқарады. Мұрағаттық деректерге сүйенер болсақ, газеттің алғашқы нөмірі 1913-ші жылы 2 ақпанда шығады. Газет аптасына бір рет, кейде қаржы көтеріміне орай, екі рет басылған. Қазақ журналистика тарихында газеттің ерекше маңызға ие болуы, жарияланған мақалалар елдегі қажетті жағдаяттарға арналып қана қоймай, ұлттық мәселелерді жүйелі түрде саралайды.
Осы шақта ағартушы ұлттық Алаш қозғалысын жандандыруға атсалысады. 1917 ж. 21-26 шілдеде Орынбор қаласында бірінші бүкілқазақтық сьезд өтті. Сьезде қарастырылған 14 мәселенің ішінде әлемуеттік - экономикалық, қоғамдық - саяси өмірге қатысы бар маңызды мәселе қойылып, оның ішінде ұлттық автономия, жер, құрылтай сьезіне дайындық, қазақтың саяси партиясын құруға басты назар аударылды.
Сьезде А. Байтұрсынұлы мен М. Дулатов «автономиялы тәуелсіз қазақ мемлектін құру, » ал Ә. Бөкейханов «демократиялық, федеративтік және парламенттік Ресей Республикасының құрамындағы Қазақстанда ұлттық - территориялық автономия құруды» ұсынып, көпшіліктің қолдауымен Ә. Бкейхановтың ұсынысы қабылданды. Сьезде қабылданған маңызды шешім - «Алаш» партиясының құрылуы болды. Оның бағдарламасы «Қазақ» газетінде жарияланды. Ахаң өзінің саяси - әлеуметтік көзқарастарын осы газет бетінде насихаттады.
1920 жылы басында «Ұшқын» газетінің, кейіннен аты «Еңбек туы» боп өзгерген осы басылымның алқа мүшесі болды. Осы жылы желтоқсанда Әлихан, Смағұл, Жүсіпбек, Хайретдиндермен бірге «Қазақстан» мемлекеттік баспасының сарапшылар алқасына енді (Тұрғараева 2015) . 1921-1922 жылдары Қазақ халыққа білім беру институтында ұстаздық етеді. 1922-1925 жылдары ХАК Ғылым комиссиясын басқарады. 1926-1929 жж. Ташкенттегі Қазақ педагогика Халық ағарту институтында, Алматыдағы Қазақ мемлекеттік педагогика институтында қызмет атқарады. (Изкниги Алаш қозғалысы. - С. 109) .
Бұл өмірбаян ұлы ұстаздың 1928 жылы Алматыда ашылған Қазақ университетіне (қазір Абай атындағы Қазақ ұлттық педогогикалық университеті - Ө. Ә) профессорлық қызметке алынарында 1929 жылы 8 наурызда жазылған.
1929 жылдың маусым айында Ахмет Байтұрсынұлын Алаш қозғалысының қайраткерілерімен бірге тұтқынға алып, Қызылорда түрмесіне қамайды.
Өміріндегі үшінші түрмесі болған Қызылорда түрмесінде Байтұрсынұлы азғана уақыт отырады. Маусым айының соңында оны аса құпия жағдайда Алматы түрмесіне жеткізеді, сол жерден дереу Мәскеуге жөнелтеді. Оның отыруына тура келген төртінші тар қапас әйгілі Бутырь түрмесі еді. Онда ол 1929 жылдың шілдесінен 1931 жылдың 13 қаңтарына дейін болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz