Картографиялық белгілер


Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті
Реферат
Тақырыбы:Адам өміріндегі географиялық картаның маңызы
Орындағандар:Шулкинбаева Зауре
Әдет Анар
Қабылдаған: Исах Жұлдыз
Шымкент 2022 ж
Мазмұны
1 Кіріспе
2 Негізгі бөлім
2. 1 Адам өміріндегі географиялық картаның маңызы
2. 2 План мен географиялық картаның ұқсастықтары мен айырмашылықтары.
2. 3 Географиялық карта түрлері
2. 4 Картографиялық белгілер
2. 5 Географиялық карталар мен пландардың маңызы
3 Қорытынды
4 Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Географиялық карта - Жер бетінің кішірейтіліп, жинақы түрде жазықтықта шартты белгілермен бейнеленуі.
Бұлайша көрсетілген географиялық карта Жердің географилялық қабығындағы табиғат және қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың арасындағы әр түрлі жағдайдағы байланыстардың бір-бірімен ұштасуы мен олардың қандай мақсатқа арналатыны ескеріліп, осы тұрғыдан іріктелініп алынғанын көрсетеді. Географиялық карта Жердің геогр. қабығының кеңістіктегі ерекше модельдік бейнесі ретінде көруге болады.
Географиялық карта тарихы
Тасқа жер беттерінің сызбаларын шекіп салуды адамдар оқып, білмей тұрып - ақ үйренген. Қорғанда қазба жұмыстарын жүргізгенде бүйірінде Кавказ жоталары бейнеленген ыдыстар табылған. Ол ыдыстың жер астында 4000 мың жыл жатыпты. Ертеде картаны қыштарға, теріге сызып, түрлі-түсті шөптермен бұталардан тоқыған. Мысалы, Маршалл аралдарының тұрғындары аралдарды ұлу қабыршақтарымен белгілеген. Қазіргі карталардың түрін санап тауысу қиын. Олардың түрлері көп:жердің физикалық және экономикалық карта түрлері, планеталардың, т. б. карталары бар. Бедерлі, стереоскопиялық карталар да жеткілікті. Ондай карталарға арнайы көз әйнекпен қарасаң, өркеш - өркеш таулардың арасында, теңіз түбінде жүргендей әсерде боласың.
Адам өміріндегі географиялық картаның маңызы
Күнделікті өмірде географиялық картаның маңызы зор. Карта кез келген аумақтың жалпы ерекшеліктерін бірден көз алдыңа елестетеді. Одан жер бетіндегі заттар мен құбылыстардың бір-біріне орай орналасуы, қасиеті айқын көрінеді.
Географиялық карта белгілі бір аумақты зерттеу және игеруге көмектеседі. Пайдалы қазбаларды іздеу, егіншілікке жарамды жерді есепке алу, су электр станциясын, зауыт, фабрикаларды, жол құрылысын жобалау бәрінен бұрын картаға негізделеді. Теңізде жүзу мен әуе қатынасында міндетті түрде карта пайдаланылады.
Карта Отан корғау ісінде өте қажет. Әскер басқару, шабуылға шығу, қорғаныс шебін құру картаның көмегімен жүзеге асырылады.
Әркім-ақ күнде теледидар мен радиодан алдағы уақытқа ауа райы қандай болатынын тыңдайды. Ауа райының алдағы өзгерісі, жай-күйін білу үшін алдын ала болжам карталары жасалады.
Географиялық картаның көмегімен түрлі ғылыми зерттеулер жүргізіледі. Жер бедерін, топырақты, өсімдікті, халықтың коныстануын, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық өндірісін және т. б. зерттеу картадан басталып, картамен аяқталады. Қарастырылатын аудан туралы белгілі мағлұматтар алдын ала картадан алынады. Өз кезегінде зерттеу нәтижелері де картаға түсіріледі.
Осы айтылғандармен қатар карта мектепте география пәнін оқып үйренуде де баға жетпес құрал болып табылады. Ол - сендердің екінші оқулықтарың. Картаның түрлерін меңгерген жагдайда ғана географиядан тиянақты білім ала аласыңдар.
План мен географиялық картаның ұқсастықтары мен айырмашылықтары.
Алдымен жергілікті жердің планы мен географиялық картаның ұқсастықтарын байқастырайық. План да, карта да жер бетінің қағазға (жазықтыққа) кішірейтіліп түсірілген сызба бейнесі екендігі белгілі. Екеуінде де жер бетіндегі заттар масштаб бойынша кішірейтіліп бейнеленеді. Олардың нақты пішінінің орнына шартты белгілер колданылады. Осындай жалпы ұқсастықтарымен қатар план мен географиялық карталардың бір-бірінен елеулі айырмашылықтары да бар. Олардың бастылары төменде айтылады.
1) Масштаб айырмашылығы. План өте ірі масштабта сызылады:
1 см - 5 м, 1 см - 10 м, т. с. с. Масштабының ірілігіне байланысты планда
жер бетіндегі заттар барынша егжей-тегжейлі көрсетіледі. Одан елді
мекендегі жеке шаршыларды, үйлерді, мектепті, мешітті, мәдениет сарайын және т. е. с. ажыратып ала аласыңдар. Мектеп ауласының, тіпті
өз бөлмелеріңнің де планын сыза аласыңдар.
Географиялық карта үлкен алқапты, яғни облыс, мемлекет, материк, тіпті бүкіл Жер шарын қамтитындықтан, ұсақ масштабта сызылады. Онда жер беті әлденеше миллиондаған есе кішірейтіліп түсіріледі. Жер бетін егжей-тегжейлі бейнелеуі және дәлдігі женінен топографиялық карталар ғана планға біраз жақын тұрады.
Қамтитын аумағының үлкен-кішілігіне қарамастан, картада меридиандар мен параллельдер міндетті түрде сызылады (олардың әр түрлі карталар да қандай сызықтар түрінде болатындығын естеріңе түсіріңдер) . Меридиандар солтүстік-оңтүстік, параллельдер батыс-шығыс бағыттарды көрсетеді. Планда ондай сызықтар болмайды. Планның дәл жоғарғы жағы -солтүстік, төменгі жағы - оңтүстік, со л жағы - батыс, оң жағы шығыс бағыттарына тура келеді.
Шағын ғана алқапты қамтитындыктан, планда Жер шарының дөңестігі ескерілмей, жер беті жазық деп есептелінеді. Оның кез келген жерінде түрлі өлшем жұмыстарын жүргізе беруге болады. Үлкен алқап немесе бүкіл Жер шары түсірілгендіктен, картада Жердің шар тәріздес пішіні есепке алынады. Бейнеленетін жердің көлеміне қарай картадағы бұрмалау мөлшері арта түседі (дүние жүзі картасы мен жарты шарлар картасындағы бұрмалану жағдайларын естеріңе түсіріңдер) .
Шартты белгілердің айырмашылығы. Пландағы шартты белгілер бойынша көптеген заттардыя нақты мөлшерін анықтауға болады (жолдың, өзеннің ұзындығы, көлдің немесе бақшаның ауданы және т. с. с) . Картада ондай мүмкіндік жоқ. Мәселен, планнан елді мекеннің қандай пішінде екендігін, көшелерінің қай бағытта созылып жатқандығын оңай анықтауға болады. Ал картада оның алып жатқан орны ғана белгіленеді.
Географиялық карта түрлері
Картаны аумақты қамтуына қарай:
дүниежүзілік,
құрлықтық,
жеке елдер карталары, т. б.
Мазмұнына қарай:
жалпы географиялық
тақырыптық
техникалық
құжат, т. б.
масштабына қарай:
ірі масштабты - 1:200 000 және одан ірі,
орта масштабты - 1:200 000-нан 1:1 000 000-ға дейін
кіші масштабты - 1:1 000 000-нан кіші, т. б. белгілеріне қарай бөледі.
Картографиялық белгілер
Географиялық Картаны жасаудың ерекше матем. заңы болады. Оны картографиялық проекция деп атайды. Картаның көмегімен жер бетіндегі объектілердің орны, пландағы мөлшері және пішіні туралы дәл деректер алуға болады. Картогр. белгілерді картаның ерекше тілі ретінде пайдаланады. Географиялық Картада көрсетілген құбылыстарды іріктеудің және қорытындылаудың, яғни картогр. генерализациялаудың зор маңызы бар. Географиялық Картаның құндылығы - олардың толықтығында, дәлдігінде, пайдаланылған деректердің жаңалығында, сонымен қатар, Географиялық Картаны жасаудың негізіне алынған ғылыми принциптер мен идеяларда. Географиялық Карта планетамыздың және оның бөліктері - құрлықтар мен мұхиттар, олардың географиялық жағдайы, табиғат байлықтары, халқы, экономикасы, мәдениеті мен тарихи дамуы туралы жаңа деректерді алуда, таратуда, сақтауда аса бағалы құрал болып табылады.
- Бірінші, картографиялық проекциялардың көмегімен карта жасау жер бетіндегі объектілердің орны, пландағы мөлшері және пішіні туралы дәл деректер алуға мүмкіндік береді.
- Екінші, картографиялық белгілерді картаның ерекше тілі ретінде пайдалану:
а) жер бетінің бір бөлігін, немесе оны түгел қамту үшін қажетті масштабта кішірейтіп алуға мүмкіндік береді және картада алынған масштабта кішірейтіп көрсетуге келмейтін, ал өзінің маңызы жағынан қалдырып кетуге болмайтын объектілерді көрсетуге жағдай жасайды;
ә) картада жер бедерін көрсетуді, яғни белгілі бір жердің ойлы-қырлы екендігін кескіндеуді жеңілдетеді;
б) Географиялық картада заттардың сыртқы бейнесімен қатар, олардың ішкі қасиеттерін де (мысалы, теңіз картасында судың физико-химиялық қасиеттерін, ағыстарды т. б. ) көрсету оңайға түседі;
в) адамның сезім мүшелері қабылдай алмайтын құбылыстардың (магнит бұрылысы, ауырлық күшінің аномалиясы т. б. ) таралуын, тікелей көруге қиын байланыстар мен қатынастарды (шикізат көзі мен оны өңдейтін кәсіпорындардың арасындағы) көрнекі түрде көрсетуге болады;
г) жеке объектілердің ұсақ-түйек жақтарын алып тастап, бәріне ортақ және ең маңызды белгілерін (елді мекендерді халқының саны мен әкімшілік маңызы жағынан сипаттау) көрсетуді оңайлатады, яғни абстракция әдісін қолдануға мүмкіндік береді.
- Үшіншіден, географиялық картада көрсетілетін құбылыстарды іріктеудің және қорытындылаудың, яғни картографиялық генерализациялаудың зор маңызы бар. Географиялық карта адамның тіршілік әрекетінің барлық саласында пайдаланылады. Ол - жол көрсеткіш, өнеркәсіп, энергетика, транспорт құрылыстарын барлау-іздеу, жобалау және инженерлік жобаны нақты іске асырудың негізі. Ауыл шаруашылығын жерге орналастыру, мелиорация және барлық жер қорын есепке алып, оны тиімді пайдалану ісіне керек. Халыққа білім беруде, дүние туралы білімді таратуда, жалпы мәдениетті көрсетуде өте маңызды көрнекі құрал. Территорияның картографиялық жағынан зерттелуі әскери іс үшін де маңызды. Соц. құрылыс жағдайында жалық шаруашылығын көптеген міндеттерін - географиялық жағдайларды дұрыс бағалау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, қалпына келтіру және табиғатты өзгертудің жоспарларын жасау, өндіргіш күштерді дұрыс орналастыру, экономикалық аудандарды комплексті дамыту т. б. - географиялық картаның өте сапалы болуын керек етеді. Географиялық карта ғылыми-зерттеу құралы болып табылады. Мысалы, геологиялық карта белгілі бір жердің геология құрылысын көрсетумен қатар, қазбалардың таралу заңдылығын анықтауға мүмкіндік береді.
Ол - құбылыстардың кеңістегі өзара байланысы мен дамуын зерттеуде және болжауда да аса қажетті құрал.
Картаның тақырыбы мен мақсатына қарай картографиялық кескіндеу бірқатар географиялық элементтерден тұрады. Мысалы, бір жердің толық қартасының (тиопографиялық картасының) мазмұнына;
жер бедері, суы, өсімдігі, топырағы, елді мекендері, жол
қатынасы, байланыс құралдары, мемлекеттік және әкімшілік шекаралары, орталықтары және кейбір өнеркәсіп, ауыл шаруашылық, мәдени объектілері кіреді.
Географиялық картаның жиегі мен бос жерінде қосымша графиктер мен жазулар: картада қолданылған картографиялық белгілер және олардың түсіндірмелері; карта бойынша қашықтықты, бұрыштарды, объектілердің ауданын, жеке нүктелердің координаталарын, еңістікті т. б. өлшеуге қажет графиктер; картаның жасалған кезін, пайдаланған материалдарын т. б. көрсететін деректер; кейде көрсетілген объектілерді түсіндіріп, толықтыратын диаграммалар, таблицалар мен мәліметтер де болады.
Географиялық карталардың ішінен неғұрлым көп қолданылатыны - жер беті мен ондағы объктілер көрсетілетін жалпы географиялық карталар. Ал басқалары тақырыптық деп аталады. лар жалпы географиялық картаның мазмұнына кіретін белгілі бір элементті (мысалы, жер бедерін) өте толық және жан-жақты баяндайды немесе жалпы географиялық картада жоқ құбылыстарды (белгілі бір жердің геологиялық құрылысын, климат жағдайын т. б. ) көрсетеді.
Географиялық карта мазмұнының қорытылу дәрежесі жағынан бірдей бола бермейді. Кейбір карталарда жинақтап қорытылмаған немесе әлі аз жинақталған көрсеткіштер (нақтылы бір уақыттағы метеорологиялық элементтердің мәні) берілсе, басқа бір карталарда әбден жинақталған көрсеткіштер (көп жылдық деректердің негізінде алынатын айлық орташа, жылдық орташа температулар) қамтылады.
Халықты сондай-ақ табиғаттың, экономиканың, мәденитеттің кейбір элементтерін, олардың қасиеттерін немесе ерекшеліктерін ажыратып көрсететін карталар анализдік карталар деп аталады. Бірнеше көрсеткішті қосып, пайдалану негізінде құбылыстарды тұтас алып сипаттайтын синтездік карталарға көрсеткіштер жинақталып алынады. Мысалы, жалпы климаттық карталарда климаттық аймақтар бірнеше көрсеткіштің жиынтығы (температура, жауын-шашын т. б. ) бойынша көрсетіледі, бірақ олардың нақтылы көрсеткіштері берілмейді. Синтездік карталарда бірқатар жеке карталардың деректері жинақталғандай болады. Тәжірибеде нақтылы және жалпылама көрсеткіштер, анализдік және синтездік сипаттамалар берілген карталар болады. Мысалы, жалпы экономикалық карталардың көпшілігінде өнеркәсіп үшін картографиялаудың анализдік, ал ауыл шаруашылық үшін синтездік әдістері қолданылады.
Географиялық картаның құндылығы - олардың толықтығына, дәлділігінде, пайдаланылған деректердің жаңалығында, сонымен қатар географиялық карта жасаудың негізіне алынған ғылыми принциптер мен идеяларда. Ал бұл принциптер мен идеялар жаңа не ескі, дұрыс не бұрыс болуы мүмкін.
Географиялық карта планетамыздың және оның жеке бөліктері - құрлықтар мен мұхиттар олардың географиялық жағдайы, табиғат байлықтары, халқы, экономикасы, мәденитеі және тарихи дамуы туралы жаңа деректерді алуда, таратуда, сақтауда аса бағалы құрал болып табылады.
Географиялық карталар мен пландардың маңызы
Географиялық карта деп жер бетінің толық немесе бөлшекті формасының кішірейтірілген нұсқасын айтады. Оның түрлі масштабтағы түрлері болады. Ертеректе географиялық карталар теңіз бағыттарын дұрыс анықтау мақсатында қолданылған. Қазіргі кезде де оның маңыздылығы жоғалған емес. Тек жаңа технологиялық электронды карталар кеңінен қолданыла бастады. Мысалы, ХV ғасырда фламандтық картограф Меркатор жасаған географиялық карта теңіз жолдарында әлі күнге дейін қолданылып келеді. Сондықтан географиялық карталардың шындықты танып білуде өте маңызды рөл атқарады.
Одан бөлек, өндіріс пен ғылымда және басқа әр түрлі салаларды пайдаланылады. Мысалы, ғалымдар жер сілкінуді болжауға ұмтылғанда жер қыртысының магниттік карталарын қолданады. Яғни картографиялық әдістермен табиғи құбылыстардың алдын алуға мүмкіндік болады.
Географиялық карталарды топтастыру
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz