Экология бөлімдері


1 Дәріс тақырыбы: Жалпы экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері
Дәріс жоспары:
1 Экология пәнінің анықтамасы және даму кезеңдері, зерттеу әдістері, экология бағыттары;
2 Экологиялық факторлар, тіршілік орталары, жалпы экология бөлімдері
3 Тіршілік қауіпсіздігі пәнінің мақматы мен міндеттері
4 Тіршілік қауіпсіздігінде кездесетін қауіп-қатерді белгілері бойынша топтау.
1 Қоршаған ортаның күрделі проблемаларын зерттейтін, ғылыми тұрғыдан ұсыныстар жасайтын ғылым саласын экология дейміз.
Ол гректің “oicos”-“үй, мекен, жай” деген мағынаны білдіреді. Экология бір ортада өмір сүретін организмдерді зерттейді, олардың басқа организмдермен және қоршаған ортамен ара қатынастарын анықтап, жиынтық қорытынды жасайтын ғылым. Сондықтан «экология» қоршаған ортаны сақтаудың ғылыми негізі болып саналады. Ең алғаш «экология» деген сөзді 1858 жылы пайдаланған Генрих Девид Торо.
Экология терминін ғылымға бірінші болып енгізген 1866 ж. белгілі табиғат зерттеушісі, дәрігер, аса дарынды неміс ғалымы Эрнест Геккель . Э. Геккель экологияға мынандай анықтама берді . Экология табиғаттың экономикасын білу, сонымен қатар тірі организмдердің осы ортаға басқа органикалық және органикалық емес заттардың ара қатынасын, өсімдіктер мен жануарлардың, олардың достары мен жауларының бір-бірімен байланыстарын зерттеу.
Экологияның даму ағымы өте ерте кезеңді қамтиды. Организмдердің ортамен байланыстары және олардың қоршаған орта жағдайларына тәуелділігі туралы пікірлер антикалық философтардың еңбектерінде кездеседі. Өсімдіктер туралы осындай жоспарда Эмпедокл және Теофраст (IIIғ. б. э. д) жазған, ал жануарлар туралы - Аристотель (Ivғ. б. э. д) жазған.
Экология ғылымының дамуына А. Гумбольдтің, Ч. Дарвиннің, К. Рулье, Н. Северцов және басқалардың еңбектері үлкен үлесін қосты.
А. Гумбольдтың (1769-1859) еңбектері өз уақыты үшін өте елеулі болды. Ол өз бетімен жеке Солтүстік және Оңтүстік Американы, Орталық Европаны, Сібірді, Алтайды, Каспий жағалауларын зерттеді. Сөйтіп ол өсімдіктер географиясын қалыптастырды, жер бетіндегі өсімдіктер дүниесінің таралу заңдылығы туралы рекше ғылым ретінде және өсімдіктер тіршілігін зерттеуде экологиялық бағыттың негізін салды.
XIX ғ. ортасында Ресейде К. Ф. Рульенің еңбектері биологиялық ғылымдағы экологиялық бағытының дамуы үлкен әсер етті. Оның еңбектері зоологиядағы экология бөлімін қалыптастырды.
XIXғ. соңында Дарвиннің ілімі арқасында экология организмдердің адаптациясы туралы ғылымға айналды . Дарвиннің анықтамасы бойынша, экология -бұл табиғаттағы барлық күрделі өзара байланыстар мен өзара қатынастарды зерттейтін ғылым, тіршілік үшін күрес жағдайы ретінде.
XXғ. 20-жылдарынан бастап, экология дамуында жаңа кезең басталды, ол барлық елдерде экологиялық зерттеулердің күрт өсуімен сипатталады. Үнемі әртүрлі экологиялық проблемалар бойынша ақпараттар саны өседі. Мысалы, қоршаған ортаның өзгеруі туралы, өсімдіктерді қорғау туралы және т. б. фактілер саны көбейе түсті.
Экология ғылымының ең басты мақсаты - биосфера шегіндегі ғаламдық мәселелерді бақылай отырып, ондағы тіршіліктің тұрақтылығын немесе тепе-теңдігін сақтау.
Экология ғылымының негізгі міндеттері:
- организмдердің бір-бірімен қарым-қатынастары мен қоршаған табиғи ортасын зерттеу;
- табиғи ресурстарды, оларды тиімді пайдалану және қорғаудың ғылыми-теориялық негіздерін жасау;
- адам, қоғам, табиғат арасындағы гормониялық байланыстарды реттеу;
- биосфера шегіндегі географиялық заңдылықтардың тұрақтылығын сақтауды қамтамасыздандыру;
- биосферадағы тіршілікті қалыпты сақтауды ғаламдық ноосфералық деңгейге көтеру;
- көпшілікке үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру және экологиялық санасын, мәдениетін қалыптастыру;
- экологиялық қауіпсіздікті сақтау.
Экологиялық зерттеу әдістері .
Экологиялық ғылымның далалық, лабораториялық және эксперименттік зерттеу әдістері бар.
Далалық зерттеу әдісі - далалық жағдайда жүргізіледі. Зерттеу обьектілері - особь, популяция, түр және олардың табиғи бірлестіктері (биоценоз, биогеоценоз, экожүйе), т. б. болуы мүмкін. Далалық зертеулер белгілі бір түр, популяция, биоценоз, экожүйе, өзен-көлдер, т. б. обьектілерінің жайы, сандық қатынасы немесе сапасы, ауытқулар мен өзгерістер, абиотикалық, биотикалық, антропогендік факторлардың әсері, уақыт пен кеңістікке қатысты олардың көбеюі, құрып кетуі, апаттардың болу себептері туралы жалпы мағлұматтар мен материалдар жинақталады. Материлдарды жинақтау жылдың барлық мезгілінде және бірнеше жылдар бойы жүргізіледі.
Лабораториялық зерттеу әдісінде - далалық материалдар лабораториялық жағдайда өңделеді. Дүниежүзілік стандартқа сай лабораториялар қазіргі заманғы - климекамералар, видеоаппаратуралар, оптикалық құралдар, аналитикалақ таразылар, топографиялық құралдар, термостаттар, хромотография, электронды микроскоптар, компьютерлік т. б. керекті құралдармен жабдықталуы тиіс.
Зерттеу обьектілері лабораториялық жағдайда эксперимент арқылы тексеріліп, бақылаулар, тәжірибелер жүргізіледі.
Экологияда математикалық әдістер мен модельдеу жиі қолданылады. Соңғы жылдары биоэкологиялық зерттеулер мен құбылыстарды модельдеу қолданылып жүр.
2 Экология бөлімдері
Экология 3 негізгі бағытты зерттейді.
1. Аутэкология - особьтар экологиясы.
Аутэкология бір түрдің өкілінің (особьтың) қоршаған ортамен өзара қарым - қатынасын зерттейді. Басқаша айтқанда, осы организмге қоршаған орта факторларының әсерін және оларға осы особьтың табиғи реакцияларын зерттейді.
Қоршаған орта факторларына:
а. ) Абиотикалық факторлар - өлі табиғаттың әсері (климат, t0-ра, ылғалдылық, жарық және т. б. )
б. ) Биотикалық факторлар - тірі организмдердің әсері.
в. ) Антропогендік факторлар - адамның әртүрлі іс-әрекеті нәтижесінің әсерлері.
Демэкология - популяциялық экология.
Популяция дегеніміз белгілі ареал бөлігінде ұзақ тіршілік етіп, еркін будандаса алатын бір түр особьтарының жиынтығы.
Демэкология популяцияның қалыптасу жағдайларын, құрылымы мен динамикасын зертейді. Ол популяция санының өзгеруін, бұл құбылыстың себептерін зерттейді.
Синэкология - қауымдастық экологиясы.
Қауымдастық дегеніміз белгілі ареалда мекендейтін, әртүрлі түрлерден құралған, тірі организмдер жиынтығы.
Синэкология организмдердің тіршілік жағдайларын, өзара және қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейді. Синэкология экожүйелердің шекараларын салумен айналысады, сондықтан оны биогеноценологиялық экология деп те атайды.
Экологияның зерттеу обьектілерінің сатылама деңгейлері . Тірі материяның ұйымдастырылуына келесі деңгейлер жатады:
Молекулалық ->Жасушалық деңгей ->Ұлпалар мен мүшелер деңгейі->Организмдік (Особь) деңгей ->Популяциялық (түрлік) деңгей ->
Экожүйелік деңгей - >Биосфералық деңгей.
Мекен ету ортасында тірі ағзаға әсер ететін экологиялық факторлардың көптүрлігіне қарамай, олардың ағзаға әсер ету сипаты мен тірі ағзалардың жауап ретінде беретін реакциялары бойынша бірқатар жалпы заңдылықтарды көрсетуге болады. Тірі ағзаларға экологиялық факторлардың әсерінің қолайлы немесе қолайсыз болуы, ең алдымен оның әсер ету күшіне байланысты. Фактордың жетіспеуі немесе шектен тыс көп болуы ағзалардың тіршілігіне қолайсыз әсер етеді.
Ағзаның тіршілігі үшін анағұрлым қолайлы болатын экологиялық фактордың интенсивтілігі оптимум деп атайды. Көптеген түрлердің гүлденуі, көбеюі үшін оптималды температуралар белгілі.
Түрлердің мекен ерту ортасының факторларының қандай да бір диапазонына бейімделуге қабілетін экологиялық валенттілік деп атайды.
Әр түрдің өкілдері оптимум шамасына және экологиялық валенттілігіне қарай ерекшеленеді. Фактордың бір әсер ету шамасы бір тр үшін оптималды, екіншісі үшін зиянды, ал үшіншісі үшін төзімділік шегінен тыы болуы мүмкін.
Экологиялық валенттілігі төмен түрлерді стенобионтты( грек тілінен аударғанда stenos- тар), ал төзімділігі жоғары түрлер- эврибионтты (грек тілінен аударғанда eyros- кең) деп атайды. Стенобионттылық пен эврибионттылық ағзада өзінің тіршілігін сақтауда пайда болатын әр түрлі бейімделу типтерін сипаттайды. Мысалы, температураға қатысты эври және стенотермді ағзалар; тұздардың концентрациясы эври және стеногалилі; жарыққа- эфри және стенофотты; тамақ түріне байланысты эфри және стенофагты ағзаларды бөліп көрсетуге болады.
Эврибионттылық түрдің кең таралуына жағдай жасайды. Көптеген қарапайымдылар, саңырауқұлақтар эфрибионттарға жатады да олар барлық мекен ету ареалында мекен етеді.
1840 жылы Ю. Либих (1803-1873) ағзалардың төзімділігі оның экологиялық қажеттіліктерінің тізбегіндегі ең әлсіз звеносымен анықталатынын дәлелдеді. Ол ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін анықтауда қоректік заттарға деген сұранысын зерттеуде бағытталған тәжірибелер жүргізді. Ю. Либих бидайдың өнімділігі оған көп мөлшерде қажет(СО2 және Н2О және т. б. ) жеткілікті мөлшерде бар қоректік заттарға емес, оған аз мөлшерде қажет және топырақта жеткіліксіз ( мысалы, бор) заттарға тәуелді екенін анықтады.
Қазір Либих ережесі шектеуші факторлар заңы немесе Либихтың минимум заңы деп аталады. Бұл заңды былай тұжырымдауға болады. : экологиялық факторлар жиынтығында төзімділік шегіне ең жақын фактор күшті әсер етеді.
Экологиялық фактордың тек жетіспеуі (минимум) ғана емес, оның артық мөлшері де( максимум) шектеуші әсер ете алады.
Минимуммен қатар максимумның да шектеуші әсері туралы түсінікті дамытқан 1913 жылы В. Шелфорд болды. Шелфордтың толеранттылық заңы :
Экологиялық фактордың минимумы ғана емес, оның максимумы да шектеуші фактор бола алады, ал олардың арасындағы ауытқу диапазоны толеранттылық шамасы ( латын тілінен аударғанда tolerantio-шыдау, төзімҚ яғни ағзаның белгілі бір факторға төзімділігін анықтайды.
Салыстырмалы түрде тұрақты жағдайда ұзақ уақыт тіршілік еткен түрлер өзінің экологиялық серпімділігін жоғалтып, қоршаған ортаға стенобионттылық қалыптасады. Ал, орта факторларының айтарлықтай ауытқымалы жағдайында тіршілік еткен ағзалардың экологиялық серпімділігі жоғары болады да олар эврибионтты болады.
Тірі ағзалардың жеке дамуында, олардың қоршаған орта орта факторларының өзгеруіне сезімталдығы жоғары болатын кезеңдері белгілі. Мұндай кезеңдерді қауіпті кезеңдер деп атайды. Бұл кезеңдер көбіне көбею кезеңдеріне және онтогенездің бастапқы кезеңіне сай келеді. Бұл кезде қоршаған ортаның көптеген факторлары шектеуші болып табылады. Ересек крабтар мен көптеген теңіз жануарлары тұздылығы төмен немесе тұщы суда да тіршілік ете алады, ал олардың дернәсілдері үшін міндетті түрде тек өте тұзды су қажет.
Негізгі абиотикалық факторларға жарық, температура және ылғалдылық жатады.
Жарық. Белгілі француз астрономы К. Фламмарион (1842-1925) «Біздің планетамызда жүрген, қозғалған, өмір сүретін нәрселердің барлығы күннен жаралған»- деді.
Биосферадағы ең маңызды процесс-фотосинтез тек жарықта ғана жүзеге асырылады.
Альбедо-әр түрлі денелердің бетінің шағылыстыруға қабілеті. Ол радиацияның жалпы мөлшерінен пайызбен шаққандағы мөлшері.
Экологиялық фактор ретінде жарыққа қатысты өсімдіктердің төмендегі топтарын бөліп көрсетуге болады. : гелиофиттер сциофиттер және көлеңкеге төзімді өсімдіктер.
Температура. Тірі ағзалардың жер бетінде таралуын анықтайтын факторлардың бірі- температура. Жылудың тек абсолюттік мөлшері ғана емес, сондай-ақ оның уақыт бойынша таралуы, яғни жылулық режим маңызды болып табылады.
Бергаман ережесі (1847 ж. ) бойынша түрдің немесе біртекті жақын түрлердің тобында дене мөлшері ірі жылықанды жануарлар анағұрлым салқын аудандарда таралған.
Термодинамика тұрғысынан ағзаның жылуды жоғалтуы оның салмағына емес, бетінің ауданына тура пропорционал болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz