ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында фашистік жаңа соғыс ошақтарының пайда болуы


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Түркістан гуманитарлық ғылымдар және бизнес институты

Тарих-педагогика факультетінің магистратурасы

Жалпы тарих кафедрасы

Магистрлік диссертация

Тақырыбы:

ІІ дүниежүзілік және Ұлы Отан соғысы қарсаңындағы Батыс Еуропадағы саяси ахуал

Орындаған: А. Молдадосова.

Ғылыми жетекші: Қ. Жұмағұлов

Тарих ғылымдарының

докторы, профессор

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі т. ғ. к., доцент

Э. Зулпыхарова

«»2007

Түркістан-2007

Жоспар

Кіріспе . . . 3

1-тарау. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында фашистік жаңа соғыс ошақтарының пайда болуы

1. 1 Фашизм идеологиясы және оның ерекшелік сипаттары . . . 7

1. 2 Еуропада фашистердің саяси билік басына келуі . . . 12

1. 3 Жаппай қарулану және Еуропа орталығындағы милитаризм . . . 16

2-тарау 30-жылдарда Еуропадағы Халық майданы және соғысқа қарсы күрес

2. 1 Франция мен Испаниядағы Халық майданының жеңісі . . . 20

2. 2 Испаниядағы азамат соғысы және оның халықаралық саясаттағы салдары . . . 31

3-тарау Соғыс қарсаңындағы саяси дағдарыстардың сипаты мен салдары

3. 1 Аншлюс және Орталық Еуропадағы герман агрессиясының басталуы . . . 35

3. 2 «Чехословак мәселесі» немесе Мюнхен келісімінің мәні мен салдары . . . 41

3. 3 1939 жылғы кеңес-герман келісімінің сипаты, оның тарихи маңызы . . . 55

Қорытынды . . . 61

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 63

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. ХХ ғасыр адамзаттың ғылыми, әлеуметтік және ұлттық прогресс жолында ғаламат табыстарға жетуімен есте қалды. Сонымен қатар, бұрын белгісіз болған фашизм және әлемдік соғыстар сияқты жойқын құбылыстарды да атап өтпеске болмайды. Бұл құбылыстардың экономикалық, саяси және идеологиялық түп-тамыры әлі толық зерттеліп болған жоқ.

Капиталистік дамудың біртекті болмауы мемлекетаралық қатынастарға да әсер етті. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында ұлттық монополистік топтардың капитал салу аймағы, шикізат көздері мен

жұмыс күші үшін бәсекелестік күресі қарқынды жүре бастады. Осындай жағдайда аса белсенділік көрсеткендер әлемді бөлісуден құр қалған мемлекеттер болды. «Күн шуағы астындағы жер» үшін ірі державалардың бәсекелестігі тек экономикалық және дипломатиялық жолмен ғана емес, таза әскери тәсілдер арқылы жүрді. Осыған байланысты ол мемлекеттердің экономикасы мен қоғамдық өмірінің милитаризациялануы қарқынды жүрді, соғыс пен зорлықты ақтайтын түрлі идеялар мен теориялардың таралуы басталды.

1914-1918 жылдары болған Бірінші дүние жүзілік соғыс және ол аяқталған соң әділетсіз жасалған Версаль-Вашингтон жүйесі әлемді реттеудің орнына, халықаралық қатынастарды одан ары шиеленістіре түсті және Екінші дүние жүзілік соғысқа себеп боларлық тарихи алғышарттарды қалыптастырып берді.

Бірінші дүние жүзілік соғыстан кейін, оның аяқталмағандығы салдарынын, Еуропаны ұлтшылдықтың жаңа бір толқындары торлай бастады. Шекараның осы заманғы бейнелері, бейтарап алап, ұлттық диаспора, виза, кеден дегендер тұңғыш рет пайда болды. Еуропа мен Америка экономикасының үйлестірілмеген, келісімсіз өсуі салдарынан болған экономикалық торығу, нарықтың сыртқы экономика үшін жабықтығы, экономикалық томаға-тұйықтық, елдердің өздерін өздері қамтамасыз ету үрдістерінің етек алуы - осының барлығы жиналып, өмірге ұлтшылдықтың жаңа бір түрлерін алып келді. Германиядағы экономикалық құлдырау, Бірінші дүние жүзілік соғыстың нәтижелеріне наразы болған герман басшылығының кекшілдік кеудемсоқтығы жағдайында билік басына Гитлердің фашистік режимі келді де, Екінші дүние жүзілік соғысты бастады /1. 262/.

Бірінші дүние жүзілік соғыс пен Екінші дүние жүзілік аралығында тыныштықты сақтау жөніндегі келісімдердің көп жасалғандығы соншалық олардың санынан жаңылысасың. Алайда бір қарағанда бітімгершілік туралы салиқалы оңды қорытынды шығаруға жетелейтіндей көрінетін осы бір «келісім-шарттар торы» өрмекшінің торынан да әлсіз, үлбіреп тұрган бір нәрседей еді. Осындай келісімдер 115-ке жеткеннен кейін де Еуропа бейбітшіліктің камтамасыз етілгенін сезіне алмады. Ол - ол ма, ешқашан үмітсіздікке душар болып кермеген Еуропа тығырықтан шығудың жаңа жолдарын іздеп аласұрды. Бұдан кейін де талай келісімдер жасалынды. Бірақ онымен Еуропа бейбітшілігі нығайды ма?

«Бітімгершілік келісімдері» санының артуымен бірге соғыс туу қаупі де артып барады деп пайымдаушылардың жорамалы дұрысқа шықты.

Бейбітшілікті сақтайды деген Ұлттар Лигасы өз дәрменсіздігін танытып алды. Онымен ешбір ел санаспайтын халге жетті. Қарусыздану турасында өткен конференциялар да ештеңе өндіре алмады. Мемлекет басшылары сөз жүзінде қарусыздануды жақтаған болып көрінгендерімен, іс жүзінде жанталаса қаруланумен шұғылданды. Бір жағынан бітімгершілікті жақтап, екінші жағынан қаруланудың екі түрлі себебі болды. Біріншісі: Версаль келісіміне келген мемлекеттер бір-біріне ешқашан сенбеді. Олар бітімге қол қойғанымен: өзара көз алартуларынан ешқашан бас тартпады. Бір топ мемлекеттер Версаль келісімі арқылы өзінің қүқығынан айырылғанына наразы болып, оны бұзуға ұмтылғвн болса, екінші жақ оны сақтап қалуға мүдделі болды.

Тағы бір жағьшан жер жүзінің едәуір бөлігін басып алып, дүние жүзілік төңкеріс ұранын тастап, миллиондаған орыс емес халықтарды құлдық бұғауында ұстап келген кеңестік Ресейдің арандатушылығы болды. Еуропа мемлекеттері тіпті өзара татуласып алды деген күннің өзінде де, кеңестік Ресейдің өмір сүріп тұруының және күш ала бастауының өзі оларды да еріксіз қарулануға мәжбүр етті /2. 145/.

Соңғы жылдары Екінші дүние жүзілік соғыс тарихының кейбір мәселелерін қайта қарауға ниеттенушілер көбірек бой көрсетуде.

КСРО мемлекеті тарих сахнасынан түскен соң Екінші дүние жүзілік соғыс қарсаңындағы халықаралық қатынастар тарихынан мағлұмат беретін дәлелдер мен дәйектер жұртшылыққа белгілі бола бастады. Магистрлік диссертацияның тарихи өзектілігі талас тудырмайды деп білеміз.

Бұл тақырыптың өзектілігі сонда адамзат тарихындағы аса жойқын, адам шығыны 60 миллионнан асқан Екінші дүние жүзілік соғыс қарсаңындағы халықаралық саяси дағдарысты бейбіт жолмен шешудің тығырыққа тіреліп, еуропалық дипломатияның амалсыздан фашистік диктаторлармен келісімге баруы, бүкіл әлемге социализм кемесін аттандырмақ болған Сталиннің Гитлермен ауыз жаласу арқылы Еуропаны бөліске салуы сияқты мәселелердің қарстырылуы біздің диплом жұмысының өзектілігін арттыра түседі.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Екінші дүние жүзілік соғыс қарсаңындағы халықаралық қатынастар тарихы Қазақстандық тарихнаманың кенже қалған саласы болып табылады. Кеңес үкіметі кезінде ресми идеология негізінде және ұлы орыстық көзқарас тұрғысынан түсіндірілген Екінші дүние жүзілік соғыс тарихы баламасыз тарихқа айналды. Қазақ тарихшыларының бұл тақырыпқа қалам тартып, ұлттық көзқарас тұрғысынан зерттей бастауы енді ғана жүзеге асып келеді. Бірақ, қазақ ұлты мен қазақстандықтардың Екінші дүние жүзілік соғыс тарихына қатысты ортақ көзқарасын білдіретін тарихи баға әлі күнге беріле қойған жоқ.

Екінші дүние жүзілік соғыс қарсаңындағы халықаралық қатынастар тарихы мен соғыстың тарихи алғышарттарын сол кездің өзінде жан-жақты талдауға алған алғашқы қазақ - Мұстафа Шоқай болатын. Сондықтан да біз осы жұмысымызда Мұстафа Шоқай еңбектеріндегі деректер мен тұжырымдарды және соңғы жылдары ғылыми айналымға енген тарихи құжаттар мен зерттеу жұмыстарының нәтижелерін кеңінен пайдалана отырып Екінші дүние жүзілік соғыс қарсаңындағы халықаралық қатынастар негізінде соғыстың себептерін обьективті көрсетуге тырысамыз.

Екінші дүние жүзілік соғыстың тарихи алғышарттарына қалам тартқан ғалымдардың көбісі өз мемлекеттерінің мүддесі тұрғысынан сөйледі.

50-70 жылдары шыққан кітаптарда орыс авторлары Қызыл әскердің фашизмді жеңудегі рөлін тым әсірелеп жіберсе, 80-90 жылғы авторлар бұл тақырыпқа шын нақты фактілер арқылы келген. Г. Н. Реутов «Правда и вымысел о второй мировой войне» (1970) еңбегінде Черчилль, Иден және тағы басқа ағылшын авторларының жазған соғыс қарсаңындағы дағдарыстар сипаты жөнінде аңыздардың ақиқатқа қайшы келетінін келтірген. Сондай-ақ, бұл еңбекте КСРО-ның рөлі тым көтеріліп әсіреленген. Волков пен Емельяновтың «До и после секретных протоколов» (1990) еңбегінде 1939 жылғы Кеңес-герман келісімінің мәні ашып көрсетілгенімен, Польшаны бөлшектеуде КСРО-ның герман фашизмімен ауыз жаласқаны туралы айтылмайды да. Волковтың «1939 год: Уроки истории» еңбегінде 1939 жылғы Молотов-Риббентроп келісімінің құпия хаттамасы жария етілген. Мұнда бұрынғы авторларға қарағанда оқиғаға тәуелсіз көзқарас тұрғысынан қарау байқалады.

Сондай-ақ, ағылшын халқының атақты мемлекет қайраткері Уинстон Спенсер Черчилльдің «Екінші дүние жүзілік соғыс» атты мемуарларында да 1919-1940 жылдар аралығындағы маңызды оқиғалар, көпшілікке белгісіз болып келген тарихи дерек-дәйектер, белгілі мемлекеттік және әскери тұлғалардың мінездемелері барынша ашық берілген.

Магистрлік диссертацияның мақсаты мен міндеттері. Адамзат тарихында елеулі орны бар ғаламдық соғыстар мен фашизм сияқты бұрын байқалмаған құбылыстың, Екінші дүние жүзілік соғыс қарсаңындағы Еуропада орын алған саяси дағдарыстың алғышарттары мен себептерін ашып көрсету- магистрлік диссертациямның басты мақсаты болып табылады.

Алға қойған мақсатқа жету үшін бірнеше мәселелерді анықтау талабы қойылды. Біріншіден, Екінші дүние жүзілік соғысқа алғышарт болған фашизмнің туындауына сипаттама жасау, екіншіден, соғыс қарсаңындағы халықаралық қатынастардың ушығуы мен ірі державалардың соғысқа алып келген басқыншыны «қолпаштау» саясатының тиімсіз болғанын ашып көрсету, үшіншіден, жаттанды қағида болып қалған Кеңес үкіметінің «азат етуші» ретіндегі рөлін нақты айқындау және КСРО саясатын ұлттық мүдде көзқарасы тұрғысынан қарастыру.

Бірінші тарауда ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында фашистік жаңа соғыс ошақтарының пайда болуы, фашизм идеологиясы және фашистердің билік басына келуі туралы жазып, оған алғышарт болған мәселелерді анықтауды мақсат еттім.

Екінші тарауда Кеңес үкіметінің Еуропа елдеріне ұсынған «ұжымдық қауіпсіздік» жобасының жай-жапсарын, бірқатар елдерде антифашистік бағыт ұстанған Халықтық майданның жеңіске жетуі мен Испаниядағы азамат соғысының халықаралық саясаттағы салдарын қарастырдым.

Үшінші тарауда гитлерлік Германияның Орталық Еуропадағы алғашқы құрбандары болған Австрия мен Чехословакияның басқыншылыққа ұшырау мәселелері мен Молотов-Риббентроп пактісі атына ие болған 1939 жылғы кеңес-герман келісімінің мәні мен тарихи маңызына тоқталдым.

Магистрлік диссертацияның ғылыми жаңалығы. Бұл жұмыстың ғылыми жаңалығы - ұлттық мүдде тұрғысынан жазылған Мұстафа Шоқайдың 30-40 жылдары Еуропадағы саяси халықаралық қатынастар турасында жазған естеліктері мен «Яш Түркістан» журналында жазылған мақалалары пайдаланылған. Сондай-ақ, соңғы кездері жарық көрген тың деректер мен дәйектер жарияланған еңбектер де магистрлік диссертация жазу барысында қолданылды.

Магистрлік диссертацияның құрылымы. Магистрлік диссертация кіріспеден, үш тараудан тұратын негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралған.

1-тарау. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында фашистік жаңа соғыс ошақтарының пайда болуы

  1. Фашизм идеологиясы және оның ерекшелік сипаттары

Фашизм идеологиясы адамдардың санасынан демократиялық дәстүрлермен, гуманизммен, бостандыққа деген махаббатпен, рухани құндылықтарға талпыныс сезімдерімен байланысты нәрсенің бәрін сызып тастауға әсер еткен ерекше жүйе болды.

Ұлы жазушы, ақын және сазгерлердің шығармаларына тыйым салынды. Тәрбие және үгіт-насихат құралдарының бәрі «нәсілдік теория», «геосаясат», антисемитизм және антикоммунизм сияқты ұлтшылдық концепцияларды тарату үшін қолданылды.

Фашистік геосаясат, «өмір кеңістігі» теориясы «үшінші рейх» идеологиясында маңызды рөл алды. Фашистік теоретиктер Розенберг, Штрейхер, Геббельс неміс халқын соғысқа шақырып отырды.

Неміс фашистері лидерлерінің «теориялары» Гитлердің «Менің күресім» («Майн кампф») кітабында жазылған.

«Менің күресім» кітабында геосаясат «нәсілдік теория», антисемитизм, әлеуметтік демагогиямен бірге ресми идеологиялық доктрина ретінде қарастырылды.

Ұлтшылдықтың негізгі идеяларының бірі - фюрерлік идеясы фюрерді бүкіл неміс халқын билеу-басқару құқығын жариялады. Бұл доктрина нәсілдік теориямен тығыз байланысты болды.

Нәсілдік теория Гитлердің қолындағы нақты қару болды. Әсіресе антисемитизм. Раушнингпен әңгімесінде Гитлер «Германияда еврейлер болмағанда, оларды ойлап табу керек болар еді», анисемитизм - бұл «менің қолымдағы насихаттық қарудың ең күштісі» деген екен.

Гитлер өз идеологиясының негізіне «арийлік нәсіл бәрінен де жоғары!» деген тезисті қойды. Нәсілдің мүддесі үшін ешнәрседен де тайсалмау керек. «Гуманистік дүниетанымды бүгінгі күні қан мен нәсілдің түсіністігі жеңіп отыр … Бұл -бүкіл әлемге жайылып келе жатқан ірі толқындай жеңіске жеткізгіш идея », - деген еді ол Зонтхофенде сөйлеген сөзінде /9. 56/.

Ұлтшылдар нәсілдік теорияны бүкіл саясат пен идеологияның негіздерінің негізі деп жариялады. Нәсіл мәселесі, олардың айтуынша, дүниетаным, саясат және экономика мәселелерін шешуде үлкен маңызға ие. Герман нәсілі (арийлік-нордикалық) ар мен намысқа адалдық, ерлік пен батылдық, ұйымшылдық пен шығармашылық потенциал сияқты адамзаттың барлық жақсы қасиеттерінің иегері деп жарияланды.

Халық нәсілдік жағынан неғұрлым таза болса жоғарыдағы қасиеттерді соғұрлым толық көрсете алады. Герман нәсілі сияқты жер шарында бірде-бір халық мұндай қасиеттерге ие емес. Басқа нәсілдер төмен сатыда, өйткені олар «бөгде нәсілдермен араласу» арқылы бүлінген. Немістерден төмінгі сатыда -скандинавтар мен ағылшындар, тағы да төмен - француздар мен испандар, сосын - итальяндар мен румындар, ең төменгісі- славяндар.

Азия халықтарының ішінде таңдаулы нәсіл- жапондар, одан кейін- үнділер, сосын- корейлер, одан төменгілер - қытайлар. Азиялықтардан төменгі сатыда орналасқандар - негрлер. Нәсілдік пирамиданың төменгі жағында - арабтар, содан соң - сығандар, ал ең астында, гитлерлік терминология бойынша «өмір сүруге жарамсыз» нәсілдер қатарында бүлінген және де онымен қоймай өмір сүруге қабілетті нәсілдерді де бүлдіріп келе жатқан нәсіл-еврейлер тұрды /10. 58/.

Ұлтшылдық ілім бойынша жоғарғы нәсілдің міндеті өз тазалығы үшін, «жат нәсілдік» элементтерді шеттету үшін, бүкіл жер бетінде ұшар басында германдық ядросы бар арийлік-нордикалық нәсіл тұратын нәсілдік-иерархиялық құрылымды құру үшін күресу болып табылды.

Толыққанды емес нәсілдер бұл құрылымда бағыныштылықта болуы керек-тін. Мысалы, славяндардың көп бөлігінің жойылып, аштық пен құлдықтың нәтижесінде саны азайтылуы керек болды. Тірі қалғандарын құлақкесті, тілалғыш құлдарға айналдыру көзделді. Еврейлерге келер болсақ, олар үшін жоғарыда көрсетілген нәсілдік-иерархиялық құрылымда мүлдем орын болмады. Еврейлерді қырып-жоюдан басқа еврей мәселесін «шешудің» басқа жолдарын мойындамайтын антисемитизм нәсілдік теорияның бөлінбес бір бөлшегі болды.

Нәсілдік тазалық ұраны жылдар өте геноцидпен дамытылып, 12 миллиондай «төменгі нәсіл» өкілдерін қырып-жоюға әкелді.

Ұлтшылдық дүниетанымның маңызды бір бөлігі- нағыз гитлершіл немістің жеке өмірінің принциптерін анықтап берген фашистік этика болды. Ар, намыс, бақыт, ұят сияқты қасиеттердің этикалық категориялары фашистік идеологияның негізгі қағидалары ретінде құрылған-тын. Ақиқаттың критериі нәсілдік түсініктер - нәсілдік рух, нәсіл мүддесі болды. Этикалық категориялар тек «нәсілдің ішінде» ғана жүрді. Мысалы, фюрермен, ұлтпен ар-намыс борышымен байланысты болған «арийлік» неміс басқа нәсіл мен халық өкілдерімен қатынаста бұл «этиканы» сақтамауға тиісті болды.

Гитлерлік үгіт-насихаттың ең басты мақсатының бірі әлемдік үстемдік үшін болатын соғысты ақтау еді.

Гитлер билікке келе салысымен насихат аппаратын өз қолына алды. 1933 жылы 13 наурызда Геббельс басқаратын Насихат және халық ағарту министрлігі құрылды.

Гитлершілдер 1933 жылы ақпанда-ақ 60 коммунистік және 5 социал-демократтық газет-журналды жауып тастады. Геббельстің одан арғы міндеті кітапханаларды «зиянкес» әдебиеттен тазарту болды.

1933 жылы 10 мамырда Берлинде университет алдындағы алаңда барша кітаптар өртелді. Маркс, Гейне, Цвейг, Эйнштейн, Спиноза, Манн, Ремарк сияқты ғалым-жазушылардың еңбектері өртке жағылды.

Насихаттың негізгі міндеті Гитлерді мадақтау болатын. Әрбір студентке, фашистік партия мүшесіне фюрердің суретін жанында алып жүру міндеттелді. Мемлекеттік мекемелерде жаңа «немісше сәлемдесу» түрі - оң қолды көтеру енгізілді. Бұған қоса «Хайль Гитлер!» деу керек болды.

Әрбір жанұя свастикалы ту иеленуге міндетті болды. Мейлінше свастиканы үй иесінің әйелі тігуі керек болды. Мысалы Геббельстің әйелі Магда Геббельс үйдегі туын өзі тіккен.

Германия-Австрия футбол матчінде жеңілген неміс командасын радио арқылы жариялауды ұсынған Липпе қаласы радиосының редакторы қатаң жазаға ілікті.

Фашизмге, милитаризмге және соғысқа қарсы күрескер ретінде әлемге танылған Осецкий концлагерьге жабылды.

1936 жылы Осецкийге Нобель сыйлығы берілді. Бүкіл әлем оның босатылуын талап етті. Фашистер Осецкийді Нобель сыйлығын алудан бас тартуға көндірмекші болып, әбден қинады. Осецкий әрқалай да келіспей, 1938 жылы Берлин - Норден санаторийінде қайтыс болды.

Гитлер өзін ірі архитектор немесе суретші, әдебиетші, өнертанушы санаған. «Егер соғыс болмағанда мен Германиядағы ең атақты архитектор болар едім» - деп 1942 жылы өзі айтқан екен /4. 69/. «Мамандығы» деген жолға кейбір анкеталарда Гитлер «кәсіби суретші» немесе «жазушы» деп жазатын болған.

Өнерді Гитлер өзінше сүйген: жастарды ұлтшылдық көзқарастарда тәрбиелеуде үлкен қызмет атқарған.

Осылайша, мәдениет фашистер үшін «шайқас алаңы» болса, жазушылар мен суретшілер - «әскер» немесе идеологиялық «мергендер» болды.

Кез келген фашистік экспозицияның орталығында Гитлердің фигурасы тұратын. Көптеген кештерде, жиналыстарда, мейрамдарда Гитлердің, кейде Геринг, Гиммлер, Геббельстің портреттері тұратын.

Екінші «мәдени» акция Геббельстің ойынан туындап, Гитлерге ұнады. 1937 жылы фашистік министр Геббельс әлемдік атаққа ие импрессионистердің, атап айтқанда Ренуар, Гоген, Ван Гог, Либерман және т. б. 736 картинасын көрмеге қойды. Картиналарға Геббельс «Музейшілер мұны неміс өнері дейді» немесе «Неміс шаруасы еврейлер көзімен» деген сияқты табличкалар ілгізді. Алдын ала дайындалған көрмеге келуші көрермендер сілесі қатқанша күліп, суретшілерді мазақтай бастады. Алайда қызығушылардың көптігіне байланысты көрме жабылды /11. 356/.

1937 жылы Гитлер мұндай өнер туындыларын тәркілеу заңын шығарды. Мұражайлардан 13 мың картина мен скульптура тәркіленді. Сатылғанын шет елге сатып, қалғанын өртеп жіберуге бұйрық берілді.

1939 жылы 20 наурызда Берлинде фашистер 5 мыңдай картина мен суретті өртеп жіберді.

Репресиялық органдарсыз фашистік режим өмір сүре алмас еді. Мұндай орган фашистік Германияда гестапо болды.

1936 жылы 10 ақпанда Пруссияның премьер-министрі ретінде Геринг кейіннен гестапоның негізгі заңы деп аталған заңға қол қойды. Ол бойынша гестапоға ел территориясындағы мемлекетке жау күштердің әрекетін тексеру тапсырылды; гестапоның бұйрықтары мен істері әкімшілік соттарда қаралмайтын болды. Оның 1-бабында «Гестапоға мемлекеттік тенденцияға қарсы қауіпті жауларды әшкерелеу және оларға қарсы күресу, тергеу нәтижелерін жинауға, мемлекетке бұлар жайында хабар беруге құқық берілді» делінген /12. 159/.

Бұл бап гестапоның шын мәніндегі рөлін айқындап берген еді. Гестапо агенттері ұлы инквизиторлардың рөлін ойнап, мемлекетке жауларды табуға және оларды мемлекетке хабарлау арқылы әшкерелеуге міндетті болды.

Заңның бір параграфы Гейдрихтің айтуымен қабылданды. Онда гестапо «концлагерлерді басқарады» делінген еді. Гейдрих бұдан пайда тапқысы келді. Бірақ Гиммлер бұл міндтті СС-ке жүктеп берді.

Осылайша Гиммлер герман полициясының жоғарғы билеушісіне айналды.

17 маусымнан бастап гестапо Рейхтің ішкі министрлігіне берілді. Бірақ, сол күні-ақ Гиммлер нағыз полиция министрі болып, тек фюрерге ғана бағынатын болды.

Гиммлер рейх кабинетінің жиналыстарнда полицияға қатысты мәселе қозғалғанда қатысып отыратын.

Рейхтің полициясының бас қожайыны Гиммлер барлық қызметті біріктіріп, екі тармаққа бөлді: орпо - тәртіп полициясы, сипо - қауіпсіздік полициясы.

Бұл полицияның басына Гиммлер ең сенімді, тексеруден өткендерді қойды.

Орпоның басшылығына СС обергруппенфюрері Далюгені қойды. Бұл тармақ қалалық полиция - шупоны, жандармерияны, жағалаулық, су полицияларын біріктірді.

Сипо басшылығына Гейдрих қойылды. Бұл тармақ гестапоны, құпия полицияны, криминалдық полиция - крипоны біріктірді.

Гестапо басшылығына Гейдрих 1935жылдан бері жетекшісі болған, өзінің орынбасары Генрих Мюлерді қойды.

СД-ны Гейдрих өзіне қалдырып, «сипо және СД шефы» болып қала берді.

Фашистік партия мен репресиялық аппарат бір-бірімен тығыз байланысты болды. Гестапо тек фашистік үкіметке бағындырылып, фашистік диктатураны нығайтуға қызмет етті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХХ ғасырдағы елдерде ең алғаш фашизм ошағының пайда болуы
ЕУРОПА ЖӘНЕ АМЕРИКА ЕЛДЕРIНIҢ ҚАЗIРГI ЗАМАН ТАРИХЫ (1918 - 1945 жж. )
Дағдарыс қарсаңындағы бейбіт келісімдер желісі
Соғыс қарсаңындағы әлемдік халықаралық дағдарыстың салдары
Бірінші дүниежүзілік соғыс қорытындысын шығару
Германия революция қарсаңында
Италия фашизмінің туындауы және оның саясатының негіздері
9-сынып. Қазіргі дүние жүзі тарихынан сабақ жоспарлары
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлемдегі халықаралық жағдай
1918-1938 жылдарындағы Германия
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz