Әлеуметтік - экономикалық стратегиялық жоспарлау



Кіріспе
1 Әлеуметтік − экономикалық дамуды жоспарлаудың теориялық және методологиялық негіздері
1.1 Әлеуметтік − экономикалық жоспарлаудын мақсаттары мен
міндеттері
1.2 Әлеуметтік − экономикалық дамуды жоспарлаудың әдістері
және оны жасау тәртібі
1.3 Әлеуметтік − экономикалық жоспарлаудын шетелдік тәжірибесі
2 Қазақстан Республикасының әлеуметтік − экономикалық жағдайын стратегиялық жоспарлау
2.1 Қазақстан Республикасының «Қазақстан 2030» стратегиялық жоспары
2.2 Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде экономиканың 2009 − 2013 жылдарға арналған өсу көрсеткіштері
3 Қазақстан Республикасының әлеуметтік .экономикалық жағдайын жетілдіру
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Президент Н.А. Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» деген Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазақстандағы этносаралық және конфессияаралық келісім мен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға қажетті қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету» — керек деп айтты.
Елдің ел болуы, ең алдымен, оның бірлігіне, ынтымағына байланысты екені тарихта да, біздің заманымыз үшін де жаңалық емес. Ол – ақиқат. Ұлттық бірлік – мемлекеттіліктің басты кепілі, айрықша құндылығы екендігін түсініп қана қоймай, соны қалыптастырып, сақтай білген мемлекеттің іргесі де берік. Елімізде тұрақтылық пен бірлік, топтасқандық бағытын дамытуда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей бастамасымен құрылған Қазақстан халықтарының Ассамблеясы қауымдастығы көпұлтты халқымыздың саяси-әлеуметтік, мәдени-ұлттық орталығы бола отырып, саяси және экономикалық реформаларды кең құлашта байсалды, тындырымды, нәтижелі негізде жүзеге асыруға үлкен үлес қосып келеді.
Қазақстанды қоныстанған көп ұлтты халқымыздың азаматтық, ашық, зайырлы, демократиялық саяси-экономикалық жағынан тәуелсіз қоғам орнатуға бір кісідей жұмылған біртұтас Қазақстан халықтарының толеранттылығын, конфессияаралық және ұлтаралық келісімін, туысқандық бірлігі мен достығын одан әрі дамытып, нығайтуды көздеген Қазақстан халықтары Ассамблеясы өз алдына қойған мақсаттарын абыройлы атқаруда. Оны біз бүгінгі таңдағы еліміздің экономикасының қарыштап дамуы мен елдегі саяси тұрақтылықтан және Қазақстанда мекен ететін барлық ұлыстар мен ұлттардың бір кісідей жұмылып оны әлемнің дамыған зайырлы мемлекеттері қатарына қосуға деген ұмтылыстарынан байқаймыз.
Стратегия Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттiк экономикалық саясатын қалыптастырады және экономика салаларын әртараптандыру арқылы дамудың шикiзаттық бағытынан қол үзу арқылы елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған.
Өңдеушi өнеркәсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабiлеттi және экспортқа бағдарланған тауарлар, жұмыстар және қызметтер өндiрiсi мемлекеттiк индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады.
Экономиканы мемлекеттiк реттеу әдiстерi мен тетiктерiн жетiлдiру жөнiндегi жекелеген ұсыныстарды негiздеу үшiн Стратегияның тиiстi бөлiмдерiнде импортты алмастыратын және экспортқа бағдарланған саясатты iске асыру жөнiндегi шет елдердiң тәжiрибесi, оның iшiнде экспорттық саясаттың әрқилы түрлерi мен кезеңдерi, сондай-ақ әлемдiк рыноктарда бәсекелестiк артықшылыққа қол жеткiзуге мүмкiндiк беретiн факторлар келтiрiлген.
1 Әкімбеков С., Баймухаметов А.С., Жанайдаров У.А. Экономикалық теория.Оқу құралы.- Астана 2002.
2 Шеденов Ө.К., Жүнүсів Б.А., Байжомартов У.С. Жалпы экономикалық теория. – Алматы. 2002.
3 Экономикалық теория негіздері /Осипова Г.М. – Алматы. Каз.ГЭУ.2002.
4 Макконнелл К.Р.,Брю С.Л.Экономикс: Принципы, проблемы и политика. В 2 т., пер.с англ. 11 изд.Т.1,2.-М.: Республика, 1992.
5 Курс экономической теории /Под общ.ред.проф.Чепурина М.Н., проф.Кисилевой Е.А.- Изд-во «АСА». Киров 2000.
6 Курс экономической теории: Общие основы экономической теории.Микроэкономика.Макроэкономика.Основы национальной экономики: Учебное пособие / Под ред.д.э.н., А.В.Сидоровича; МГУ им. М.В.Ломоносова.- М.: Изд-во «Дело и сервис»,2001.
7 Фишер С., Дорбуш Р., Шмалензи Р. Экономика: пер.с англ.со 2-го изд. –М.; «Дело ЛТД» 1995.

Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
1 Әлеуметтік − экономикалық дамуды жоспарлаудың теориялық және
методологиялық негіздері
1.1 Әлеуметтік − экономикалық жоспарлаудын мақсаттары мен
міндеттері
1.2 Әлеуметтік − экономикалық дамуды жоспарлаудың әдістері
және оны жасау тәртібі
1.3 Әлеуметтік − экономикалық жоспарлаудын шетелдік тәжірибесі
2 Қазақстан Республикасының әлеуметтік − экономикалық жағдайын
стратегиялық жоспарлау
2.1 Қазақстан Республикасының Қазақстан 2030 стратегиялық жоспары
2.2 Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде экономиканың 2009 − 2013
жылдарға арналған өсу көрсеткіштері
3 Қазақстан Республикасының әлеуметтік –экономикалық жағдайын жетілдіру
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Президент Н.А. Назарбаев Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан деген Қазақстан
халқына Жолдауында: Қазақстандағы этносаралық және конфессияаралық келісім
мен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға қажетті қолайлы жағдайларды
қамтамасыз ету — керек деп айтты.
Елдің ел болуы, ең алдымен, оның бірлігіне, ынтымағына байланысты
екені тарихта да, біздің заманымыз үшін де жаңалық емес. Ол – ақиқат.
Ұлттық бірлік – мемлекеттіліктің басты кепілі, айрықша құндылығы екендігін
түсініп қана қоймай, соны қалыптастырып, сақтай білген мемлекеттің іргесі
де берік. Елімізде тұрақтылық пен бірлік, топтасқандық бағытын дамытуда
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей бастамасымен құрылған Қазақстан
халықтарының Ассамблеясы қауымдастығы көпұлтты халқымыздың саяси-
әлеуметтік, мәдени-ұлттық орталығы бола отырып, саяси және экономикалық
реформаларды кең құлашта байсалды, тындырымды, нәтижелі негізде жүзеге
асыруға үлкен үлес қосып келеді.
Қазақстанды қоныстанған көп ұлтты халқымыздың азаматтық, ашық,
зайырлы, демократиялық саяси-экономикалық жағынан тәуелсіз қоғам орнатуға
бір кісідей жұмылған біртұтас Қазақстан халықтарының толеранттылығын,
конфессияаралық және ұлтаралық келісімін, туысқандық бірлігі мен достығын
одан әрі дамытып, нығайтуды көздеген Қазақстан халықтары Ассамблеясы өз
алдына қойған мақсаттарын абыройлы атқаруда. Оны біз бүгінгі таңдағы
еліміздің экономикасының қарыштап дамуы мен елдегі саяси тұрақтылықтан және
Қазақстанда мекен ететін барлық ұлыстар мен ұлттардың бір кісідей жұмылып
оны әлемнің дамыған зайырлы мемлекеттері қатарына қосуға деген
ұмтылыстарынан байқаймыз.
Стратегия Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттiк
экономикалық саясатын қалыптастырады және экономика салаларын
әртараптандыру арқылы дамудың шикiзаттық бағытынан қол үзу арқылы елдiң
тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған.
Өңдеушi өнеркәсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге
қабiлеттi және экспортқа бағдарланған тауарлар, жұмыстар және қызметтер
өндiрiсi мемлекеттiк индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысанасы
болып табылады.
Экономиканы мемлекеттiк реттеу әдiстерi мен тетiктерiн жетiлдiру
жөнiндегi жекелеген ұсыныстарды негiздеу үшiн Стратегияның тиiстi
бөлiмдерiнде импортты алмастыратын және экспортқа бағдарланған саясатты
iске асыру жөнiндегi шет елдердiң тәжiрибесi, оның iшiнде экспорттық
саясаттың әрқилы түрлерi мен кезеңдерi, сондай-ақ әлемдiк рыноктарда
бәсекелестiк артықшылыққа қол жеткiзуге мүмкiндiк беретiн факторлар
келтiрiлген.

1 Әлеуметтік − экономикалық дамуды жоспарлаудың теориялық және
методологиялық негіздері

1. Әлеуметтік − экономикалық жоспарлаудын мақсаттары мен
міндеттері

Кез − келген коғам, өзінің болашақтағы даму перспективасың анықтап,
болжаусыз өмір сүре алмайды. Экономикалык болжамдар қоғамның даму мақсатын,
сол мақсатқа жетуге қажетті экономикалық ресурстар көлемін − ұзақ, орта,
қысқа мерзімдік жоспардың тиімді варианттарын, үкіметтің экономикалық,
техникалық саясаттарының негізгі бағыттарын анықтау үшін қажет.
Экономикалық болжам дегеніміз − экономикалык прогностиканың барлық әдіс −
тәсілдерін, кұралдарын қолдануға және экономикалық кұбылыстарды зерттеудің
ғылыми әдістемелеріне негізделген экономикалық жоспарлау процессі.
Жоспарлау − экономиканың объективті заңдары мен заңдылықтарын зерттеп
түсіне білу және оларды саналы тұрде пайдалану арқылы әлеуметтік-
экономикалык дамудың жоспарларьш ғылыми негізде дайындау мен олардың
орыңдалуын ұйымдастыру процессі. Жоспарлаудың негізгі мақсаты − экономикада
баланстык үйлесім мен макроэкономикалық тұрақтылықты камтамасыз ету үшін
белгілі бір пропорциялар мен пропорционалдыққа кол жеткізу.
Экономикалык пропорциялар дегеніміз өндірістің әр түрлі элементтері
(машиналар, құрал − саймандар, шикізат және материалдык қорлар, жұмыс күші)
арасындағы, әр түрлі өндіріс салаларынын өнім көлемдері арасындағы, түптеп
келгенде өндіріс құрылымдары мен өндіру көлемдері және тұтыну кұрылымдары
мен тұтыну көлемдері арасындағы белгілі сандық қатынастар.
Экономикалык пропорциялар өздігінен (стихиялық) және адамның мақсатты
түрде жүргізген әрекеттері нәтижесінде құрылуы мүмкін.
Капиталистік экономикалық формацияның калыптаса бастаған алғашқы
кезеңінде, пропорциялар нарықтық үйлестіру механизмі аркылы және
дағдарыстар аркылы қалыптасады. Оған экономиканын даму заңдары үздіксіз
ыкпал етіп отырады. Тауар өндірушілер экономикалык заңдардың бар − жоғын
сезбесе де, сол заңдардың талабына сәйкес қызмет жасайды. Мысалы, ол
өндірген тауарына баға қойған кезде, тек өзінің жұмсаған шығынын есептеп
қоймай, сонымен бірге базарда калыптаскан жағдайды ескереді. Оған кұн заңы
ыкпал етеді. Сонымен, бірінен − бірі туындап отыратын, бірімен − бірі тығыз
байланыстағы тауар өндірушілер қызметі арқасында экономикада пропорциялар
жүйесі қурылады. Яғни, экономиканың құрылымдық бөліктері арасында белгілі
бір сандық қатынастар қалыптасады. Оны біз пропорционалдық дейміз.
Өндіріс күштерінің дамуы жоғары деңгейге жеткен кезде, нарықтық
үйлестіру механизмі де, кризистер де экономикалық пропорцияларды құруға
жеткілікті бола алмайды.
Осы жағдайда экономикалық пропорциялар жүйесін,
пропорционалдықты саналы түрде құру қажеттілігі туындайды.
Саналы түрде кұрылран пропорционалдық − жоспарлылық болып табылады.
Жосларлау төменде көрсетілген міндеттерді атқарады:
1. қоғамның әлеуметтік − экономикалық дамуының негізгі бағыттарын
анықтау;
2. жоспарлы кезең экономикасының сандық және
сапалық сипаттамаларын белгілеу;
3. материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын орынды пайдалану арқылы
ғылыми − техникалык, әлеуметтік және экономикалық мәселелерді
шешудің тиімді жолдарын таңдау;
4. жекелеген салалар мен аумақтардың даму қарқыны
мен пропорцияларын аныктау.
Жоспарлау 1 схемада көрсетілген классификацияға сәйкес жіктеледі:
Жоспарлаудың деңгейіне (масштабына) байланысты: макроэкономикалық
(халық шаруашылығының); аумақтық (облыстық, аудандық); ұйым ішінде (ішкі
жоспарлау); микроэкономикалық (салалық көрсеткіштерді жоспарлау).
Жоспарлау мерзіміне байланысты: ұзақ мерзімге жоспарлау (5
жылдан 20 жылдан арғы мерзімге); орта мерзімдік (1 жылдан 5 жылға дейін);
ағымдағы жоспарлау (1 айға дейін, 1 айдан 1 жылға дейін). Жоспарлау
процессінің мазмұнына (жоспарлау объектісіне) байланысты: экономикалық
жоспарлау (өндірістік катынастардьщ даму жоспары, халық шаруашылығы
дамуының динамикасы); әлеуметтік жоспарлау (демография процесстерін,
халықтың өмір сүру деңгейін, еңбек ресурстарының даму болжамы); ғылыми −
техникалық жоспарлау (ғылыми − техникалық прогресстің даму болжамы);
экологиялық жоспарлау (табиғи ресурстарды пайдалану болжамы, қоршаған
ортаны қорғау).
Сонымен, жоспарлаудың негізігі мақсаттарына төмендегілерді
жатқызуға болады:
- мемлекеттік экономика саясатын және экономиканы
мемлекеттік реттеу шараларын жасау;
- экономиканың өсу қарқынын, қажетті сапасын қамту және қолдау;
- ұлттық экономиканың циклдік тепе − теңдігін орнату және
қолдау;
- барлық экономикалық шешімдердің үйлестілігін қамту;
- ұлттық экономиканың тұрақты дамуын қамту.
Қазіргі кездегі басқару теориясы мен тәжірибесінде жалпымемлекеттік
макроэкономикалық жоспарлаудың бюджеттік, стратегиялық, индикативті,
директивті формалары бар. Солардың ішінде Қазақстан үшін стратегиялық және
индикативті жоспарлардын маңызы зор болып отыр.
Стратегия − ұғымы ежелгі грек еліндегі ауқымды өкілеттілікке ие
болатын басқарушыны, тура аудармасында "генерал шеберлігін" береді.
Стратегиялык жоспарлау − Үкіметтің, аумақ әкімшіліктерінің, мекеме
және фирма басшыларының өндіріс сұрактары бойынша, кіріс және шығыс,
бюджет, салық, баға және әлеуметтік қорғау бойынша ұзақ мерзімді жобалары.

1 − Сызба. Жоспарлау түрлерінің жіктелуі

Стратегиялық жоспарлау − ұйым алдындағы мақсатқа жетудегі басшылықтың
қабылданған кешенді, жан − жақты шешімдер жиынтығын береді.
Индикативті жоспарлау − мемлекеттің әлеуметтік − экономикалық дамуының
негізгі бағыттары және индикаторлары, соны іске асыру бойынша жоспарланған
мерзімге іс − шаралары және мемлекеттік − экономикалық реттеуіш тізімі бар
құжат.
Индикативті жоспарлаудың негізгі мақсаты − ұлттық экономиканың бір
қалыпты дамуын, оның кұрылымдық өзгерістерін, дағдарысты жағдайлардың алдын
− алу және олардың ықпалын жұмсарту, елдің экономикалық және саяси
тәулсіздігін қамтамасыз ету. Сондықтан, индикативті жоспарлау төмендегі
талаптарға сай болуы шарт:
- республика экономикасын мемлекеттік реттеуде қолданылатын
құралдардың тиімді болуына қол жеткізу;
- нарық механизмдерінің әрекеті негізінде экономиканың өзін − өзі
реттеу деңгейінің жоғары болуын қамтамасыз ету және шаруашылық
жүргізуші субъектілердің өзіндік экономикалық белсенділігін пайдалануына
кеңінен жағдай жасау;
- әлемдік тәжірибеде кеңінен қолданылып жүрген және
тиімділігі дәлелденген экономикалық талдау, болжау мен реттеу
әдістерін пайдалану;
- аумақтық экономикалық саясаттың тиімділігін камтамасыз ету.
Жоспарлау − басқарудың маңызды жүйесі және қазіргі экономикалық
дағдарыстан шығу тәсілдерінің бірі. Нарықтық экономикаға өту кезеңінде
басқару жүйесін одан әрі дамыту және осы кезеңге тән жаңа қағидаларды
басшылыққа ала отырып экономиканы жандандыру − бүгінгі күннің өзекті
мәселелерінің бірі.
Жоспарлау − белгілі мерзімге есептелген басқару объектілерін дамытуда
қолайлы альтернативті таңдауға бағытталған басқару қызметінің бір түрі.
Басқару объектісінің даму қарқыны және келешекте күтілетін күйі бар жоспар
− жоспарлау процесінің қорытындысы болады. Жоспарда мақсат және оларды іске
асыру бойынша іс − шаралар жүйесі міндетті түрде болуы қажет.
Жоспарлауға келесі ерекшеліктер тән:
1. Жоспарлау алдын − ала қабылданған шешім және келешекте белгілі
нәтижеге жетуге бағыттылған.
2. Әр түрлі жағдайларға байланысты жоспарға тұракты
түзетулер енгізіледі, сондықтан жоспарлау жүйесі икемді және
өзгерістерге бейімделуі қажет.
3. Жоспарлау процессі қате істерді болдырмауға және
қолданбаған мүмкіндіктерді азайтуға бағыттылған.
Жоспарлау процесінің негізгі элементтері төменде көрсетілген.

ЖОСПАРЛАУ НӘТИЖЕЛЕР
АМАЛДАРЫ
РЕСУРСТАР
ЕНГІЗУ
БАҚЫЛАУ

1− Кесте. Жоспарлау процесінің негізгі элементтері.

Жоспарлау төмендегі принциптерге негізделінеді:
- жүйелілік;
- жинақтылық;
- үйлесімділік;
- икемділік;
- ресурс мүмкіндіктерінің шектілігі.
Жүйелілік − жоспар шешімін жасау және негіздеу барысында экономиканың
барлык элементтерін есепке алу қажеттігін ұйғарады.
Жинақтылық − жоспар шешімін жасау және негіздеу барысында, оның іске
асырғанда салдарын ескеру қажеттігін ұйғарады.
Үйлесімділік − жоспарланған объекттің жұмыс істеуін және дамуының
нәтижелі болуына жоспар шешімін бейімдеу.
Икемділік − жоспар шешімінің тұрақты болатын өзгерістерге бейімделуін
ұйғарады.
Ресурс мүмкіндіктерінің шектілігі − колда бар ресурстарды ұтымды және
нәтижелі пайдалану қажеттігін ұйғарады.
Экономикалык және әлеуметтік дамудың барлык жақтары, жоспар мен
болжамның максаты мен талаптары, коғамдык өндірістің салалары мен
құрылымдарының дамуындагы сандық және сапалык өзгерістер бірімен − бірі
тығыз байланысқан көрсеткіштер аркылы беріледі. Көрсеткіштер жүйесі мынадай
талаптарға сай болуы керек:
- Экономикалық және әлеуметтік даму процессінің заңдылықтары мен
мұқтаждығын ескеруі керек.
- Болжам мен жоспардың максаты мен міндетін жеткілікті дәрежеде
көрсетуі шарт.
- Атаулы негізде, яғни жоспарлардағы көрсеткішті орындаушыны анық,
нақты көрсетуі керек.
- Кешенді негізде, яғни ұдайы өндіріс пен әлеуметтік дамудың
барлық жақтарын қамтуы қажет.
- Аймақтар мен салалардың ерекшеліктерін ескеріп, көрсетуі керек.
- Қоғамдық өндірістің жоғары тиімділігіне және істің сапасына қол
жеткізуді ынталандыруы шарт.
- Жоспар көрсеткіші дегеніміз − баскару шешімінің нактылы бір
тапсырмасын санмен көрсету формасы. Жоспарлық көрсеткіштер өзінің сырткы
белгісіне және аткарар міндетіне байланысты бірнеше топқа бөлінеді. Олар:
сандык және сапалық; натуралдық және құндык; абсолюттік және
салыстырмалык; нормативтік (директивтік) және есептік көрсеткіштер.
Сандық корсеткіштер жоспардағы тапсырманыңсандық белгісін көрсетеді.
Олар көлемдік және сандық болып екіге бөлінеді. Көлемдік көрсеткіштер ,
мысалы, өндірілген өнімнің көлемін көрсетсе, тармақтык (сандық)
көрсеткіштер мектептердің, кітапханалардың т.б. санын көрсетеді.
Сапалық көрсеткіштер өндіріс тиімділігі, экономикалық құбылыстар мен
процесстердің сапалық белгілерін көрсетеді (еңбек өніміділігі, өзіндік
кұнның азаюы, материалдық ресурстардың шығын нормасы).
Натуралдық көрсеткіштер ұдайы өндіріс процессінің физикалық өлшем
бірліктерімен өлшенетін жақтарын көрсетеді. Мысалы, өндірілген өнім көлемі
(салмағы, ұзындығы бойынша). Кейбір экономикалық құбылыстар шартты −
натуралды бірліктермен өлшенуі мүмкін.
Құндық көрсеткіштер экономикалық құбылыстарды натуралдық − заттық
құрамынан басқа құндық өлшеммен көрсетеді. Олардық арқасында әр түрлі
салалар өнімдерін, еңбек шығыны мен оның нәтижесін салыстыруға мүмкіндік
туады. Құндық көрсеткіштердің көмегімен экономикадағы көптеген байланыстар
мен пропорциялар анықталады.
Абсолюттік көрсеткіштер өнім, еңбекақы, т.б. көлемдерін көрсетеді. Ал
салыстырмалық көрсеткіштер салыстырмалы өлшемдермен белгіленеді (үлес
салмағы).
Директивтік көрсеткіштер, жоспардағы негізігі тапсырманы, жоғарғы
органның төменгі органдарға, кәсіпорындарға бекіткен тапсырманы көрсетеді.
Олардың бір түрі болып нормативтік көрсеткіштер саналады, олар басқарудың
барлық деңгейіне міндетті түрде орындалуы шарт көрсеткіштер. Болжаудың
негізгі мақсаты экономикалық дамудың балама бағыттарын және олардың
әлеуметтік − экономикалық салдарын анықтау болғандықтан ол экономиканы
жоспарлаудың алғашқы сатысы болып табылады.
Қазіргі қалыптасқан нарықтық қарым − қатынас экономиканың жоспарлау
түрін жоймайды, керісінше экономикалық және әлеуметтік дағдарыстан шығудың
бір тәсілі болып жаңа құндылыққа және сапаға ие болады.
Қазіргі дүние жүзілік экономика дамуында ұйымшылдық және жоспарлылық
күшею тенденциясы тән. Барлық елдерде болжау және жоспарлау тәжірибиесі кең
таралғаны, осыған дәлел. Сонымен қатар, экономиканы мемлекеттік реттеу
жүйесінде жоспарлаудың мазмұны және мақсаттары өзгеруде.
Экономиканы мемлекеттік реттеудегі аса маңызды және күрделісі −
индикативтік жоспарлау болып табылады.
Индикативтік жоспарлаумен қамтамасыз етудің маңызды себептеріне
төмендегілер жатады:
1.Ұлттық экономика индикаторларында (бюджет, қаржы, пайыздық
ставка және т.б.) мемлекеттің ролі артуда.
Макроэкономикалық балансты орнатуға және қолдауға мемлекет ынталы
болып тұр және басқару субъектісі ретінде орын алуда. Сөзсіз, мұндай
басқару - ұлттық экономика дамуының проблемалары және келешегі бойынша
білімсіз және стратегиясіз мүмкін емес.
2.Нарықтык қарым-қатынастың қажеті жоқ немесе шектелген экономика
салаларында индикативтік жоспарлауды қолдану қажет (қорғаныс
жүйесінде, ғылым жіне білім саласында). Бұл салаларда ресурс
үйлестіруде нарықтық қарым қатынастан тыс тәсілдерді қолдану қажет.
3. Мемлекеттік жоспарлаудың негізгі міндеті − инфляцияны,
жұмыссыздықты, бюджеттік дефицитті және т.б. жеңу.
4. Қазіргі кезде ұлттық экономиканың интеграциясы
мемлекеттік немесе макроэкономикалық жоспарлаудың рөлінің артуына себеп
болып тұр.
5. Табиғи ресурстар азаю және экологиялық қауіпсіздік
жүйесін кұру сияқты, глобальды мәселелерді шешу
үшін макроэкономикалық жаспарлау қажет.
Индикативтік жоспар келесі бөлімдерден құралады:
1. Өткен жылдың әлеуметтік − экономикалық дамуына сараптама.
2. Жобаланған мерзімге әлеуметтік − экономикалық даму саясатының мақсаты
және міндеттері.
3. Макроэкономикалық саясат
- Қаржылық − несиелік саясат;
- Салықтық − бюджеттік саясат;

4. Құрылымдылық саясат.
- Сауда саясаты;
- Бағасаясаты;
- Құнды қағаздар нарығының саясаты;
- Инвестиция саясаты.

5. Экономика секторларын дамыту
- Өнеркәсіп;
- Ауыл шаруашылығы;
- Құрылыс;
- Көлік және бапланыс;
- Қаржы саласы;
- Сауда;
- Ғылым және технологиялар.

6. Әлеуметгік даму
- Халык, жұмыспен қамту және еңбек ресурсының дамуы;
- Кедейшілікпен кұресу және халықты әлеуметтік корғау;
- Әлеуметтік − экономикалық дамуда әйелдердің қатысуы;
- Білім беру;
- Денсаулық сактау;
- Мәдениет, спорт және туризм;

7. Қоршаған ортаны қорғау.
Әлеуметтік − экономикалық мақсаттарды шешу мерзімінің ұзақтығына
байланысты индикативтік жоспарлар жүйесі стратегиялық, орта мерзімдік, және
жылдық жоспарлардан тұрады, олар макро-аумақтық, салалық деңгейді қамтиді.
Республика Президенті Н.Назарбаевтің 1997 жылғы Қазақстан халқына
жолдауында жарияланған "Қазақстан − 2030" − жоспары стратегиялық жоспарға
жатады. Стратегиялык жоспарлар ұзақ мерзімге жасалады және ұлтық экономика
дамуының ұзак мерзімдік мақсаттарын, мәселелерін, басынқыларын анықтайды
және оларды жүзеге асыру кезендері мен мемлекеттік әлеуметтік −
экономикалық саясаттың жалпы бағыттарын белгілейді.
Стратегиялык, жоспарлау − көптеген мемлекеттер, ірі және орта
компаниялар сонғы кездері кеңінен колданып жүрген арнаулы білім саласы. Ол
баскаруда ертеден қолданылып келеді, бірақ жиі және кең көлемде қолданылуы
екінші дүниежүзілік соғыс кезінен басталады және тек әскери ғана емес,
сонымен қатар азаматтық қызмет пен бизнес сферасында да кеңінен
қолданылғандықтан қазіргі кезде жеке ғылым саласы ретінде қалыптасады.
Стратегиялық жоспарлар төмендегі бөлімдерден тұрады:
1. саланың ағымдағы қал-күйіне баға беру;
2. жоспарлы кезеңдегі министрлік жұмысының мақсатын анықтау;
3. басынқылар;
4. SWOT − максаттарға қол жеткізу мүмкіндіктерін талдау;
5. мақсаттарға қол жеткізу стратегиясы;
6. стратегияларды жүзеге асыру кезеңдері, немесе
аралық мақсаттар.
SWOT − ағылшын әріптерінің аббревиатурасы. Қазак тілінде күшті
(ұтымды) және әлсіз жақтар, мүмкіндіктер мен қатерлер мағынасын береді. Ол
сыртқы және ішкі жағдайларды жүйелеу негізінде алға қойған мақсаттарға жету
стратегиясын жасау үшін қолданады.

2 − Сызба. Жоспарлау мазмұнының сызбасы

1.2 Әлеуметтік − экономикалық дамуды жоспарлаудың әдістері және оны
жасау тәртібі

Қоғамның даму үрдістерін болжау деңгейі неғұрлым жоғары болса
экономиканы басқару ісі де соғұрлым тиімді болады.
Болжам дегеніміз белгілі бір объектінің болашақтағы жай-күйі, даму жолдары
туралы ғылыми дәлелді пікір. Болжамдарды зерттеп дайындау процессі болжау
деп аталады. Болжау − қоғам өмірінің барлық саласында даму теория мен
практиканы байланыстырып тұратын өте маңызды түйін болып саналады.
Ол негізінде екі мағынадан тұрады. Біріншісі, болжап айту, яғни
мәселенің болашақтағы перспективасын, жәй − күйін суреттеп, бейнелеп беру.
Екіншісі, болжап көрсету, ескерту, яғни мәселенің болашағы туралы барлық
ақпаратты тиімді пайдалана отырып, оны шешу жолдарын көрсету, анықтау.
Қазіргі кезде, ғалымдардың бағасы бойынша экономикалык болжам жасаудың
150-ге жуық әдісі бар. Іс жүзінде соның 15 − 20 шақтысы ең негізгі әдістер
ретінде қолданылады.
Сыртқы белгісіне сәйкес, болжау әдістерін екі топқа бөлуге болады:
интуициялық әдістер (эксперттік баға әдістері) және математикалык әдістер.
Интуициялык әдістер, (эксперттік баға әдістері) екі топқа бөлінеді:
дербес эксперттік баға беру және коллективтік эксперттік баға беру
әдістері. Бірінші топқа: интервью (сұхбат) жүргізу; логикалық анализ жасау;
сценарий құру әдістері жатады. Екінші топқа: комиссия кұру; коллективтік
идеяны жинақтау ("дөңгелек стол") және "Дельфи" әдісі кіреді.
Математикалық әдістер де екі топқа бөлінеді: экстрополяциялық әдістер
және модельдер кұру әдістері. Бірінші топка ең кіші квадраттар;
экспоненциялдық түзеу; тұраксыз орташа көрсеткіштер әдістері енеді. Екінші
топқа кұрылымдық модельдер, матрицалық модельдер әдістері жатады.
Жоспарлаудың ғылыми негіздеріне объективті экономикалық заңдарды тану
және саналы түрде қолдану, ұдайы өндіріс теориясы, жүйелік, кешенділік,
жоспар жасау тәртібі, реті мен логикасының бірлігі және жоспарлау
қағидалары мен әдістері жатады.
Жоспар жасау логикасы − барлық деңгейде жалпымемлекеттік жоспарларды
әзірлеумен байланысты нақтылы әрекеттердің тәртіпке бағындырылған реті.
Оның негізгі идеясы барлық жоспар жасау процесінің басталатын және соған
бағынатын негізгі пунктін анықтау. Жоспар жасау логикасының негізгі
элементтеріне төмендегілер жатады:
1. жоспарлау кезеңіндегі экономика дамуының максаттарының жүйесін
калыптастыру (логиканың негізгі пункті);
2. базистік кезеңдегі экономика дамуын талдау және оның
деңгейлерінің параметрлерін анықтау;
3. жоспарлы кезеңдегі қоғамның қажеттіліктерінің көлемі мен кұрылымын
аныктау;
4. қоғамның қорлары мен кажеттіліктерін үйлестіру және жоспарлы
кезеңдегі экономика дамуы жоспарының жобасын әзірлеу;
5. жоспар жобасын талқылау және бекіту.
Жоспар жасау логикасы жоспарлау кағидалары деп аталатын белгілі бір
заңдылықтарға сүйенеді. Олардың негізгілерінің қатарына төмендегілерді
жаткызуға болады:
1. Басқарудың ғылыми нақтылы және тиімді болу қағидасы. Яғни,
жоспарлауда экономика дамуының объективті заңдарының талаптары, отандық
және шет елдік тәжірибе мен ғылымының жетістіктері назардан тыс
қалмауы тиіс. Жоспардың ғылыми нақтылануы жиналған тәжірибені, нақты
қалыптасқан жағдайларды елемеумен және жоспарлаудағы
жағымпаздыкпен (басшы адамның кез − келген идеясын дұрыс деп табумен)
сиыспайды.
2. Жоспарлаудың үздіксіз болуы. Ұзақ мерзімдік жоспарлар
бірнеше орта мерзімдік, ал орта мерзімдік жоспарлар, қысқа мерзімдік
жоспарлардан кұрылуы тиіс.
3. Жалпы мемлекеттік және жеке мүдделерді үйлестіру қағидасы. Жоспарды
ойдағыдай орындау көбінесе жалпыхалықтық мүдделердің, ұжымдар мен жеке
адамдардың мүдделерімен қаншалықты тиімді үйлескеніне байланысты.
Аталған мүдделерді назарға ілмеу, экономиканы басқарудың
тиімділігін төмендетеді.
4. Жетекші салаларды белгілеу аркылы экономикада тиімді
үйлесімділікті (сандық катынастарды) қалыптастыру қағидасы.
Жетекші салаларды, басынқыларды белгілеу − бар қорларды дамудың сол кезеңі
үшін аса маңызды салалар мен аумақтарды дамытуға, ірі әлеуметтік −
экономикалық мәселелерді шешуге жұмылдыруға мүмкіндік береді.
5. Жалпымемлекеттік жоспарлардың бірлігі мен кешенділігін
қамтамасыз ету қағидасы. Жоспарлардың бірлігін қамтамасыз ету екі жақтан
тұрады. Біріншісі - жоспардың методологиясының, көрсеткіштер жүйесі
мен реттегіштерінін бірлігі, екіншіден-материалдық бірлігі.
Жоспарлардың кешенді болуы кез − келген деңгейдің жоспарлары
экономиканың барлық жақтарын, байланыстарын бір − бірінен ажыратпай қамту
керек екенін білдіреді.
Жоспардың жасалу ерекшеліктеріне, қамтитын ауқымына байланысты жоспар
жасау үшін бірнеше әдіс қолданылады. Олар: экономикалык анализ (талдау),
нормативтік, баланстық, экономикалық − математикалық, бағдарламалық –
мақсаттық т.б. әдістер.
Жоспар жасау ісі, біріншіден, экономика дамуының өткен мерзімдегі
көрсеткіштерін талдауды, зерттеуді талап етеді. Бұл жұмысты орындау үшін
экономикалық талдау әдісі қолданылады. Оның негізгі мақсаты экономикалық
даму деңгейін, пайдалынылмаған ресурстарды тауып, оларды қолдану жолдарын,
салааралық қатынастардың тиімділігін, өткен мерзімдегі жоспардың орындалуы,
не орындалмау себептерін, жоспарлау ісінде жіберілген кемшіліктерді анықтау
болып табылады. Ол үшін экономикалық анализ және синтез, топтастыру, теңеу,
индекстер мен корреляциялық коэффициенттерді есептеу, статистикалық
әдістері қолданылады.
Экономика дамуы жоспарының барлық көрсеткіштерін нақтылау үшін,
әсіресе, пайдаланатын материалдар мен шикізат ресурстарының кажетті көлемін
анықтау үшін жоспарлау органдары мен ғылыми − зерттеу институттары жасайтын
прогрессивті жоспарлау нормалары мен нормативтерді пайдаланады.
Баланстық әдіс, жоспар көрсеткіштерін тығыз байланыстыру үшін
колданылатын негізгі әдіс. Бұл әдіс экономикадағы барлык пропорцияларды
құру кұралы болып саналады. Жоспарлау ісінде баланстардың калыптасқан
жүйесі колданылады. Баланстар негізінде үш топқа бөлінеді. Олар:
материалдык, еңбек ресурстары, кұндық баланстар. Бұлардан басқа салааралық
және халық шаруашылығы баланстары қолданылады.
Еңбек баланстарының көмегімен экономика салаларында еңбек ресурстарын
тиімді пайдалану жолдары, халық шаруашылығын жұмысшы. және маман
кадрларымен камтамасыз ету көрсеткіштері анықталады.
Құндық баланстар арқылы қоғамдық жиынтык өнім мен ұлттық табысты
бөлудегі дұрыс экономикалык пропорциялар кұрылады. Мемлекеттің,
кәсіпорындардың, халыктың қаржылық ресурстарын дұрыс пайдалану жолдары
анықталады.
Жоспардың экономнкалық тиімділік тұрғысынан оптималды вариантын
аныктау үшін экономикалық − математикалық әдіс қолданылады. Осы әдіске
сүйене отырып, экономикалық құбылыстардың математикалық модельдері
кұрылады. Мысалы, болжамдық халық шаруашылығы балансының моделі, салааралық
өнім өндіру және тұтыну балансының моделі.
Сызықтық программалау әдістерін пайдалану арқылы өндірісті жоспарлау
ісінің көптеген күрделі мәселелері шешіледі.
Жоспарлаудың бағдарламалық − мақсаттық әдісі экономикадағы
кұбылыстарға, ірі мәселелерді шешуге жүйелік, кешенді көзкарас керектігіне
негізделген. Себебі, кез − келген саланың дамуы басқа да салалардың −
шикізат беретін, отын − энергия, қосалқы бөлшектер шығаратын және сол
саланың өнімдерін пайдаланатын, сол салаға әр түрлі қызмет көрсететін
салалардың даму көрсеткіштерімен тығыз байланыста болады. Сондықтан, алға
койған мақсатқа жету жолдарын көрсететін жоспар жасалған кезде осы
байланыстардың бәрі ескерілуі керек.
Бағдарламалық − мақсаттық әдіс мемлекеттік, салааралық және аймақтық
бағдарламалар жасағанда қолданылады. Бағдарламаларда алға койған мақсат
анықталады және сол мақсатқа жету жолдары мен құралдары көрсетіледі.
Бағдарламалық − максаттық әдіс: біріншіден, экономика дамуындағы
күрделі мәселелер ішінен ең негізі, ең көкейкесті ғылыми − техникалық,
экономикалық, әлеуметтік мәселені айқындауға мүмкіндік береді; екіншіден,
сол мәселені шешу үшін керекті материалдық, еңбек және каржы ресурстарын
тиімді пайдалану жолдарын көрсетеді; үшіншіден, кешенді мәселелерді шешу
мақсаты мен мерзімін экономика мүмкіндіктері мен ресурстарын үйлестіреді,
соның арқасында жоспардың баланстық үйлестіру деңгейін көтереді;
төртіншіден, кешенді бағдарлама көрсеткіштерін салалық және аумактық
жоспарлардың көрсеткіштерімен байланыстырады.
Индикативтік жоспар Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау
жөніндегі агенттігінің "Министірліктер мен ведомстволарға арналған жылдық
стратегиялық жоспарларды дайындау жөнінде әдістемелік ұсыныстарына",
Қазакстан 2030 ұзақ мерзімді стратегиясына, Қазақстан Республикасының 2010
жылға дейінгі стратегиялык даму жоспарына сәйкес Оңтүстік Қазақстан
облысының аймақтық ерекшеліктерін ескере отырып жасалынады.
Әлеуметтік − экономикалық дамуының индикативтік жоспары жыл сайын
республика, облыс, сондай − ақ аудандар мен калалардың орта мерзімге дейін
арналып әзірленеді және әміршілдік емес, ұсыныс сипатына ие, яғни нарык
субъектілеріне бағыт беруші болып табылады. Индикативтік жоспар
экономиканың барлық салалары (қаржы, өнеркәсіп, көлік, ауыл шаруашылық,
экспорт, импорт және т. б.) бойынша аймақтың алдағы кезеңдегі әлеуметтік −
экономикалық дамуының мақсаты мен міндеттерін және негізгі бағыттарын
қамтиды.
Индикативтік жоспарлау қазіргі таңда тұрған мәселелерді кешенді шешуге
және этап бойынша стратегиялық мақсаттарға жетуге бағыттылған мемлекеттің
орта және ағымды мерзімге әлеуметтік − экономикалық саясатын айқындайды.
Жоспарлау барысында, ен алдымен мақсат айқындалады немесе жобаланған
кезеңде неге жетуіміз керек. Сосын стратегия айқындалады, қойылған
мақсатка жетуге есептелген істің тәуір болып бітуінің тәсілдері
таңдалады. Қолда бар ресурс, басымдылықтарға және мүмкіндіктерге
карай, әр экономика саласының стратегиясы жасалынады.
Мұнда облыстың әлеуметтік − экономикалық даму перспективалары
өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның, шағын және орта бизнестік,
кедейшілікпен және жұмыссыздыққа қарсы күрестің басымды бағыттары
карастырылады.

1.3 Әлеуметтік − экономикалық жоспарлаудын шетелдік тәжірибесі

Басқа елдердегі жоспарлау тәжірибесін біздің әлеуметтік − экономикалық
жағдайымызға өзгертпей көшіріп алу мүмкін емес. Бұл келесі объективті
сипаттағы себептерге байланысты:
1. республика басқа елдерден саяси, табиғи − экономикалық,
әлеуметтік − демографиялық, этно − мәдени және тағы да басқа себептерге
байланысты өзгешеленеді;
2. қазіргі Қазақстан жағдайында біз ұлттық экономиканы кұру
процесіндеміз және де әлемдік экономикалық тарихта әкімшілік −
жоспарлық шаруашылықтан нарықтық экономикаға өткен бізге ұқсас бір ел жоқ;
3. басқару жүйесі мен шаруашылықта негізгі өзгерістер белгілі бір
себептерге байланысты тиісті негіздеусіз жүргізіледі
және "революциялық" көрініс табады, ал нарыктық
экономиканы мемлекеттік реттеу шаралары олардың эволюциялық даму "нәтижесі"
болып табылады.
Бірақ та шет елдер тәжірибесін ғылыми қорытындылау кажеттігі келесі
жағдайлар бойынша түсіндіріледі: біріншіден, экономиканы мемлекеттік
реттеудің кағидалары мен жүйесінің тұжырымдамалы негізін, түбірін анықтауға
мүмкіндік туады, екіншіден, аралас экономиканың жалпы заңдылыктарын аныктау
мүмкіндігі туады және де бұл Қазақстан жағдайында мемлекеттік реттеудің
механизмдерін "түйістіруге" мүмкіндік жасайды, үшіншіден, мұндай толықтыру
мемлекеттік реттеудің нәтижелерін салыстырып талдауға мүмкіндік береді және
де керек болған жағдайда экономикалық реформаларды құруды, әлемдік
шаруашылык процеске республиканың араласу мөлшерін ескере отырып,
реформаларды дұрыс жолмен жүргізуге мүмкіндік береді.
Әлеуметтік-экономикалык процестерге мемлекеттің араласу тәжірибесін
үйренуден шығатьш қорытынды — көптеген алдынғы қатарлы елдерде экономиканы
мемлекеттік реттеудің негізгі кұралдары ретінде халық шаруашылығы дамуының
мақсаттары мен басымдылықтарын анықтау, болжау, жоспарлау, бағдарлама жасау
қарастырылады.
Осыған байланысты, шет елдердің жоспарды жасау және колдану
тәжірибесін зерттеу өте мацызды. Өнеркәсібі дамыған елдерде (АҚШ, Франция,
Ұлыбритания, Германия, Қытай) индикативті жоспарлау - нарықтық экономиканы
мемлекеттік реттеуші тәсілінің бірі болып жоғары нәтижесін дәлелдеді және
осы елдердің тәжірибесі белгілі бір кызығушылық туғызады.
Капиталистік елдерде бағдарламалаудың алғашқы кезеңдерінде
экономиканы басқарудың салааралық қағидасы қолданылды. Францияда
дайындалған салааралық бағдарламалар барлық шешуші экономикалық салаларды
қамтиды және олардың дамуын маңызды және тұтастай болжауда үлкен рөл
аткарады. Бұл тәжірибе біздің жағдайға пайдалы болар еді. Нарыктық жүйеге
көшуге байланысты эйфория халық шаруашылық мәселелерін тиімді шешу жолдарын
кейінге қалдырады. Францияда ағымды, орта мерзімдегі жоспарлаудың ғылыми-
әдістемелік және ұйымдастырушылық мәселелерін арнайы мемлекеттік органдар
шешеді, бұл кызметті жоспарлау бойынша комиссариат жүргізеді.
Реттеуші органдардың басты міндеттерінің бірі аймактардьщ үйлесімді
кешенді дамуын қамтамасыз ету. Мысалы, Францияда 1982 жылы жүргізілген
реформалардың нәтижесінде аймақтық шаруашылық жүйесін басқару иерархиясының
үш деңгейінің функциялары ажыратылған (коммуналдар, департаменттер және
аймақтар). Ал департамент құрамына кіретін кантондар мен аудандардың
өзіндік даму мәселелерін шешуде құқықтық және ұйымдастырушылық тәуелсіздігі
жоқ.
Халық шаруашылығында аймактық мәселелер мен оларды салалық
экономикамен үйлесімді байланыстыруға Швециянын, Англияның, Германияның
және де баска дамыған нарықтық жуйедегі елдердің көптеген үкіметтік
шешімдері арналған. Бұл шешімдердегі басты ой, жергілікті билік органдары
өзінің әлеуметтік − экономикалық саясатын жүргізе отырып жалпы мемлекеттік
және макроэкономикалық мақсатқа жету.
Көптеген елдердің жоспарлау тәжірибесін қорытындылай келіп американдық
маркетинг маманы Мелвилл Бранч маркетинг қызметін жетілдірудің бірнеше
қолайлы жақтарын бөледі. Соның ішінде жоспарлау:
1. басшылардың үнемі болашақты ойлауын ынталандыруға мүмкіндік
береді;
2. мемлекет және шаруашылық жүргізуші субъектілер
қолданылатын шараларды үйлестіреді;
3. көрсеткіштерді анықтау және олардың орындалуын
қадағалауға жол ашады;
4. алдағы мәселелердің және саяси ұстанымдардың нақты
анықталуын талап етеді;
5. шұғыл өзгерістерге дайындықты күшейтеді;
6. барлық қызметкерлердің міндеттерінің өзара байланыста қарым −
қатынаста екенін көрсетеді.
Аталған пунктерден ең маңыздысы ретінде бірінші, екінші және алтыншыны
айтуға болады, өйткені қазіргі жағдайда жоспарлауда осы 3 пункт жетіспейді
немесе өте аз колданылады.
Қарастырылып отырған мемлекеттердің тәжірибесінен мемлекеттердің
экономикасын реттеудегі күшті тетіктерінің бірі каржы − бюджет ресурстарын
пайдалану және салық жинау механизмі болып табылады. Осы механизмдерді
негізге ала отырып, бірнеше тұжырым жасауға болады, Біріншіден, бюджеттік
қаржымен каржыландыру арқылы (субсидиялар, дотациялар, субвенциялар, бюджет
шығындарын жоспарлау) халық шаруашылығының басымдылықтарын және білімді көп
қажет ететін салаларды жылдам дамыту мәселелері шешіледі. Италияда,
Норвегияда, Данияда, Швецияда мемлекеттік бюджет арқылы ұлттық табыстың
үлесі 50 пайыздан жоғары, ал Францияда 50 пайыз шамасында.
Екіншіден, кұрылымдық − инвестициялық саясатты жүзеге асыру үшін салық
салу механизмі үлкен рөлді атқарады. Бұл механизм арқылы шаруашылық
жүргізуші субъектілердің қызығушылығын арттыруға болады, өйткені олар
өндіріс және өнеркәсіп салаларының тез дамуына әкеледі. Ол деген импортты
ауыстыратын және бәсекеге түсе алатын түрлі тауарларды шығару.
Үшіншіден, мемлекет әлеуметтік және ғылым салаларына шығындарын
азайтпауы қажет. Шығындарын азайтып бұл салалардағы сұранысты
қанағаттандыра алмаса, ол қайтадан шығындалуға мәжбүр болды және бұл жерде
екінші шығын бірінші шығыннан өте үлкен болады.
Австрия, Италия, Франция үкіметтерінің баға деңгейін реттеу АҚШ елімен
салыстырғанда өте қатал тәртіппен және арнаулы экономиканы басқару
органдарымен жүзеге асырылады. Мысалы, Францияда мемлекеттік баға реттеу
қызметтері бәсекелестік Кеңес арқылы жүргізіледі және халық
шаруашылығындағы бағаның бестен бір бөлігін қамтиды.
Мемлекеттік баға реттеудің басты объектісі ауыл шаруашылық өндірісі
болып табылатынын бүкіл дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отыр. Ғылыми талдау
шаруашылық өндірісінің бірқатар ерекшеліктерін бөліп көрсетеді. Біріншіден,
ол табиғи − климаттық жағдайға байланысты. Бұл тәуелділік фермердің және
аграрлы сектор субъектісінің табиғи − климаттық фактордың қолайсыз жағдайда
да табыс пен пайда табуын объективті және өзекті проблемаға айналдырады.
Оны шешуде басты рөл ауыл шаруашылық өнімдеріне бағаны мемлекеттің реттеуі
және сол механизмдер арқылы ауыл шаруашылық жұмыскерлерін ынталандыру.
Екіншіден, тұрғындардың тамақ өнімдеріне кажеттілігін уақытында
қамтамасыз етілуіне ауыл шаруашылық өнімдерін табиғи өңделген түрлеріне
негізгі көңіл бөлінеді. Әлеуметтік түрдегі міндеттерді шешуде және
тұрғындардың өмірін қамтамасыз етуден ауыл шаруашылық өнімдеріне баға құру
процессіне негізгі мемлекеттік баскару органдары шеттеп түра алмайды.
Осындай объективті араласу әр түрлі басымды механизмдерде әкімшілік,
экономикалық, тікелей, жанама, құқықтық және аймақтық реттеуде орын алады.
Олар көбінесе әр елдің әлеуметтік − шаруашылық, құрылымдық ерекшеліктеріне
байланысты.
Қытай Халық Республикасында экономиканы мемлекеттік реттеу тәжірибесі
белгілі бір қызығушылық туғызады. Қытайдағы экономикалық реформалардың
стратегиясы ұйымдық аспектіде болғанмен "ауылдан қалаға" деген қағидаға
негізделініп ерекшелінеді. Көптеген экономикалық реформаларды бастан
кешірген басқа елдерге қарағанда, қытайдың реформасы мемлекеттік реттеудін
күшті кұралдарын (директивтік жоспарлау, салалық және аймақтық жоспарды
үйлестіру, "ғылым − өндіріс" циклін жоспарлау, несие − салық және баға
саясатын жүйемен жүргізу) қолданды. Сол сияқты нәтижелер бір қатар Оңтүстік
Шығыс Азия елдерінде − Жапонияда, Тайландта байқалады.
Қытай экономисті Цзинь вэнь Лидің айтуынша: "Қытайда макроэкономикалық
жоспарлаудың негізін жекеменшік және мемлекеттік секторларының тіркестігі
құрайды, соның ішінде мемлекеттік секторы − басымды. Мемлекеттік мекемелер
экономикалық дербестікте жұмыс істегендіктен, Қытайда жоспарлау директивтік
емес индикативтік". Қытайда қазіргі жоспарлау жүйесі, бірыңғай жалпы
мемлкеттік жоспарлауында, көп деңгейлі басқару принципіне сәйкес құрылады.
Экономиканың өзекті мәселелері мемлекеттің қатысуымен шешіледі. Оған
төмендегілер жатады:
1) экономикалық және әлеуметтік даму қарқыны, бағыттары және
мақсаттары;
2) өнеркәсіп және ауыл шаруашылығының негізгі өнім түрлерін өндіру;
3) күрделі қаржы бөлудің негізгі пропорциялары, мөлшері және оларды
үйлестіру;
4) негізгі өндіріс объектілерінің құрылысы;
5) өндірістік күшті үйлестіру;
6) халықтың материалдық және рухани тұрмысын көтеру;
7) мемлекеттік бюджет, несие қаржыларының түсуі және шығыны, ақша
эмиссиясы;
8) валюта кірісінің тепе − теңдігі және шетел капиталын пайдалану;
9) стратегиялық тауарларды және материалдық ресурстарды сатып алу және
үйлестіру;
10) сыртқы сауда тауар айналымы және экспорт бағасы;
11) ғылым және техника жетістіктерін зерттеу және енгізу;
12) білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік саланың басқа да
салаларын дамыту;
13) экономика және техника саясатының негізгі бағыттары;
14) негізігі тауарлардың бағасы.
Қытайда аумақ және сала дамуының жоспарлары, мемлекеттік жоспардың
негізігі элементі болып табылады. Мемлекет қоғамдық өндіріс және қоғамдық
тұтынудың комплекстік тепе − теңдігін қамтиды.
Жалпы ұлттық экономикаға қатысты сұрақтарды шешу бойынша негізгі құқық
мемлекет қолында шоғырланған және олар керекті материалдық және қаржы
ресурстарымен қамтылған. Бұл шешімдер орталық органдардың саясатын
айкындайды. Бұл Қытайлық жоспарлау жүйесінің негізгі айырмашылығы болып
табылады. Қытай мамандары, осындай жоспарлау жүйесін экономика дамуының
барлық кезеңдерінде колдану қажет деп есептейді.
Сонымен қатар, қазіргі заманға сай, жоспарлау жүйесіне келесі талаптар
қойылады:
- орталықтандырылған басшылықты күшейту қажет;
- ұлттық экономикасының тепе − теңдігін қамту бойынша жұмысты
жақсарту;
- мекемелерді әр түрлі деңгейлі жоспарлау дербестігімен қамту;
- мекемелердің шаруашылық қызметі мемлекеттік жоспарға кіру қажет
немесе нарық өзгерістеріне сәйкес реттеу қажет.
Қытай экономистері жоспарлаудың үш формасын колданады:
1. Жалпы ұлттық экономикаға қатысты міндеттер мемлекетпен
орталықтандырылған жағдайда орнатылады. Мемлекеттік органдар сол
бойынша директивтік жоспар жасайды, ол мекемелерге орындалу үшін
жіберіледі. Директивтік жоспардың көрсеткіштері екі түрге бөлінеді:
орындалуға міндетті және лимиттер.
2. Ұлттық экономикаға маңызды міндеттер, әр түрлі деңгейдегі халыктық
үкіметтермен немесе жоспарлау органдарымен бағыттауыш жоспар ретінде
орнатылады.
3. Ұлттық экономикаға жалпы болмайтын міндеттер, мемлекеттік жоспарда
қарастырылмайды. Мекемелер, өздерінің және нарықтың нақты жағдайына
сәйкес, өз бетінше жоспар жасайды.
Қытайда индикативтік жоспарлау әр түрлі деңгейден және мерзімнен
құралатын бір тұтас жүйе − ұзақ мерзімді (10 − 20 жыл), орта мерзімді (5
жыл) және жылдық.
Ұзақ мерзімді жоспарлау − экономика, ғылым, техника және әлеуметтік
саланың даму стратегиясын айқындайтын бағдарламалық құжат. Оның негізгі
міндеті − ғылыми болжамдарға және экономикалық дамудың қарқынына сәйкес −
экономика саясатын құру.
Жалпы жоспарлау жүйесінде − ұзақ мерзімді жоспарлау жетекші орын
алады. Оны Қытай экономистері келесі себептермен түсіндіреді:
1. Ұзақ мерзімді жоспар ғылыми − техникалық прогресстің жетістіктерін
толық пайдалануға мүмкіндік береді.
2. Ұзақ мерзімді жоспар − өндірістің технологиялық, аумақтық және
өндірістік жүйесін жетілдіруге мумкіндік береді.
Орта мерзімді жоспар − ұзақ мерзімді және жылдық жоспардың байланысты
тобы және онда ұзақ мерзімді стратегия міндеттері анықталады.
Орта мерзімді (5 жылдық) жоспарда келесі мәселелер орын алады:
1) экономика дамуының қарқыны;
2) экономикада қалыптасқан негізгі пропорциялар;
3) ұлттық экономика дамуының негізгі көрсеткіштері;
4) ғылыми − техникалық прогресстің жетістіктерін дамыту және
енгізу мәселелері;
5) қала және ауыл тұрғындарының орташа өмір сүру деңгейі;
6) табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау;
7) халықтың табиғи өсуі және туу деңгейі;
8) мемлекеттің экономикалық және ғылыми − техникалық саясатының
маңызды бағыттары;
9) жоспарды орындау бойынша негізгі шаралар.
Орта мерзімді жоспар − өндірісті, құрылысты, айналымды және әлеуметтік
саланы ұйымдастырудың негізгі формасы болып табылады.
Сонымен, ұзақ және орта мерзімді жоспар − стратегиялық маңызды және
экономика дамуында жетекші рөл атқарады. Ұзақ және орта мерзімді жоспардың
стратегиялары жылдық жоспар арқылы іске асырылады. Қытай мемлекеттік
жоспарлау органдары, жылдық жоспарды іске асыру барысында айқындалатын
жағдайларға және проблемаларға сәйкес, орта мерзімді жоспарды қарастырып,
түзету енгізуге мүмкіндіктері бар. Осыған байланысты, жоспар жүйесін құру
арқылы ұзақ, орта және жылдық жоспарлардың байланыстығын қамту қажет.
Ұзақ және орта мерзімді жоспарды жасауда келесі тәсілдер қолданады:
- жалпы тепе − теңдік тәсілі;
- монографиялық тәсіл;
- жоспарды үздіксіз жасау тәсілі.
Жоспар төрт этап бойынша жасалады:
1) дайындық жұмысы;
2) бақылау цифрларын жасау;
3) жоспардың жобасын бекітуге өткізу;
4) жоспарды карастыру, бекіту және төменде тұрған органдарға жіберу.
Қытайда индикативтік жоспарды іске асыру бойынша механизм жасауға аса
көңіл бөлінеді. Соған байланысты, мемлекеттік макроэкономикалық реттеу
тәсілдері және жаңа формалары тұрақты зерттеліп тұрады.
Қытай мемлекеттік макроэкономикалық реттеудің мақсатын үш негізгі
топқа бөлуге болады:
1. Экономика өсуін қамту;
2. Экономикалық тұрақтылықты қамту;
3. Экономикалық әділдікті қамту.
Жоғарыда аталған топтар мақсаттарының арасында байланыс бар, ол өз
бетінше бір жүйені құрайды, онда әрбір мақсат көптеген мақсаттықтарға
бөлінеді. Сонымен қатар, макроэкономикалық реттеу, сол көптеген
мақсаттармен мақсаттықтарды қамти отырып, жалпы комплекстік мақсатты
қарастырады − ол экономиканы дамыту және қоғамның тұрмыс халін жақсарту.
Қазіргі таңда, Қытайдың макроэкономикалық реттеу келесі негізгі
аспекттерді қамтиды:
1. Экономиканың даму қарқынының бірқалыптығын сақтау. Қытай
экономистерінің ойынша, экономика дамуының тым жоғары қарқыны сұраныс пен
ұсыныстың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың жүйесі
Стратегиялық жоспарлау мәні
Экономикалық дамудын индикативтік жоспарлаудың маңызы
ИНДИКАТИВТІК ЖОСПАРЛАР ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРАМЫ
Стратегиялық жоспарлаудың шетелдік тәжірибесі
Өндірісті Басқару фуңцялары
Менеджмент жүйесін жоспарлаудың мәні мен қажеттілігі
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні жөнінде
Әлеуметтік экономикалық дамуды жоспарлау
Бағдарлама көрсеткіштері
Пәндер