Қамшының түрлері

ББҰ толық аатуы
облысы
Ғылыми жобаның тақырыбы:
Қамшы
Секциясы: Этномәдениеттану
Бағыты: Гуманитарлық
Орындаған:
Жетекшісі:
2024 жыл
ЖОСПАР:
I.КІРІСПЕ
II.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Қамшы құралы жайлы жалпы түсінік
2.2 Қамшының шығу тарихы
2.3 Қамшының түрлері
2.4 Қамшының салт- дәстүр, әдеп- ғұрыпта қолданылуы
III.ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ
IV.ҚОРЫТЫНДЫ
V.ПАЙДААЛНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Аңдатпа
Зерттеу жұмысының мақсаты: Қамшының шығу тарихын, қазақ халқы өміріндегі қасиетті қамшының орнын анықтау арқылы оның құрылысымен танысу.
Болжам: Жастар қамшының қасиеті мен пайдалылығын ұғынады.
Зерттеу әдістері:
Түрлі ақпараттарды қолдану;
Іздеу
Зертханалық жұмыс жасау
Зерттеу жұмысының жаңашылдығы: Қазақ халқының тұрмысында ерекше орын алатын қамшы туралы мәліметтер жинақтап, оның пайдасын болашақ жас ұрпақтарға түсіндіріп, кеңес беру, қамшы туралы мақал - мәтелдер, өлеңдер кітапшасын құрастыру жұмыстың ғылыми жаңалығы болып табылады.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қамшының тарихын, негізгі бөліктерін зерттеу арқылы, оның пайдасы мен халқымыздың тұрмысындағы орны айқындалады.

Міндеттері:
Қамшы туралы деректерді жинақтау;
Зерттеу жұмысының жаңалығы: Қазақ халқының тұрмысында ерекше орын алатын қамшы туралы мәліметтер жинақтап, оның пайдасын болашақ жас ұрпақтарға түсіндіріп, кеңес беру, қамшы туралы мақал - мәтелдер, өлеңдер кітапшасын құрастыру жұмыстың ғылыми жаңалығы болып табылады.
Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспе, екі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Аннотация
Цель исследовательской работы: ознакомление с историей происхождения хлыста, его строительством путем определения места Священного хлыста в жизни казахского народа.
Прогноз: молодежь осознает достоинства и полезность хлыста.
Методы исследования:
-Использование различной информации;
-Поиск
-Сделать практическую работу
Новизна исследовательской работы: обобщение сведений о хлысте, занимающем особое место в быту казахского народа, разъяснение его пользы будущим молодым поколениям, консультирование, составление буклета пословиц и поговорок о хлысте, стихов является научной новизной работы.
Актуальность исследовательской работы: изучением истории, основных частей кнута, определяется его польза и место в быту нашего народа.
Задачи:
-Сбор данных о хлысте;

Структура исследовательской работы состоит из: введения, двух разделов, заключения, списка использованной литературы.
I.КІРІСПЕ
Қазақ халқының мәдени-тұрмысында, салт-дәстүрінде, рухани зердесінде қамшының алатын орны ерекше.Қамшы өнер туындысы, сый-сыяпаттың төресі, ержігіттің серігі, айбыны, шаңырақтың киесі, тіпті кейде батырдың қаруы да болған. Оны жай ғана ат айдайтын құрал дей салуға болмайды.Бұл қолөнер туындысы, атадан балаға мирас болып қалатын асыл мұра. Ата-бабаларымыз қамшысы арқылы өз көз қарасын, ниетін, қарым-қатынасын білдірген, біз мұны қамшыға байланысты ой орамдармен тарқатып, түсіндірсек:
Әрбір қазақ шаңырағы қамшыны әрі қару, әрі құрал, әрі қастерлі мұра санаған. Қазір де көп үйдің төрінде ілулі тұрған қамшыны көреміз. Мұның бәрі біздің атабабаларымыздың қамшыны жанына серік етіп, киелі әмбебап дүние деп түсінуінен, Қолымда бір қамшым бар алты таспа, сұлудың керегі жоқ сенен басқа, деп махаббат жырларында да ойсезімін қамшы атауымен бастауынан болса керек. Қазақ халқының мәденитұрмысында, салтдәстүрінде, рухани зердесінде қамшының алатын орны ерекше. Қамшы өнер туындысы, сыйсыяпаттың төресі, ер жігіттің серігі, айбыны, шаңырақтың киесі, тіпті, кейде батырдың қаруы да болған. Оны жай ғана ат айдайтын құрал деп айта салу ағаттық. Осы сөзіміздің дәлелі бола алатын Ақ дариға әнінің мына бір шумақтарына назар аударып көріңізші: Қолымда бір қамшым бар бүлдіргелі, Айтайын мен бір сөзді күлдіргелі. Орныңнан әрі отырған, ахау, бермен отыр, Қолымда қармағым жоқ ілдіргеліай. Жігітке жеті өнер де аз деген еді атам қазақ. Қазіргі уақытта жеткіншектер компьютер алдында көп уақыт өткізіп, компьютерлік салондарда ойын ойнаумен бос уақыттарын өткізеді. Бұл денсаулыққа зиян және виртуалды тәуелділікті туғызу мүмкін. Көптеген компьютерлік ойындар балаларды агрессияға ұшыратады. Сондықтан жеткіншектердің қазақтың қолөнеріне қызығушылығын дамытып, атадан мұра болып қалған қасиетті бұйымдарды бағалау, қамшы өру дәстүрін жалғастыру қажет. Қазақтың салтдәстүрінде қамшыны ұстау мен қолданудың тәрбиелік мәні, ережелері болады. Мұны да білген жөн. Қамшы әрдайым оң қолға ұсталу керек. Жайшылықта қамшыны екі бүктеп ұстайды. Қамшы өрімін салбыратып ұстау дұшпандық, әдепсіздік белгісі деп танылған. Сондайақ, жөн, жол көрсеткенде де саусақпен емес, қамшымен нұсқайтын болған. Қамшыны сыйға тартқан кезде кісінің қолына ұстатпайды, жерге тастаудың мәні берекеқұт бірге кетпесін, ұшығы жерде қалсын, салмақты жер ғана көтереді дегіндігі. Қазақта қамшы ұрлау үлкен қылмыстың бірі саналады. Қамшыгерлік қазіргі уақытта ұмытылып қалған ұлттық өнердің бір түрі, қамшымен соғудың, ұрудың көптеген әдістері болған.
Қамшы - табиғи шикі былғарыдан жасалған қамшы немесе қамшы.Тұтқа әртүрлі материалдардан жасалған -- ағаш, піл сүйегі, сонымен қатар ешкі аяғы қолданылады. Бұл тек ер адам кие алатын биліктің нағыз символы.
Егер ер адам 30 жастан асқан болса, бұл халықтың игілігі үшін жұмыс істегісі келеді. Ол ерекше құрмет пен Құрмет белгісі ретінде беріледі. Көптеген камча аталары мен аталарынан қалды. Ол бұрынғыдай ілінуі керек-есіктің оң жағында. Халық әлі күнге дейін: "егер үйде қамшы болса, онда молшылық пен келісім мәңгілікке орнайды"дейді.
II.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Қамшы құралы жайлы жалпы түсінік
Қамшы -- атқа мiнген адам ұстайтын, бiрнеше таспа қайыстармен көмкерiлiп, өрiлген, сабы тобылғыдан, аңдардың тұяғы, мүйiздерiнен жасалған құрал.
Қамшының өрiмi сабынан бiр жарым еседей ұзын болады. Қамшы құрал болумен қатар қару ретiнде қолданылған. Өрiмшi қамшының таспасын жiңiшке не жуандатып, кейде өрiмге сымтемiр салып өрген. Қамшы саптан, өрiмнен және бүлдiргiден тұрады. Саптың қолға ұстар жерi былғарыдан қапталады. Кейде қайыстан өрнектелiп өрiледi. Қамшы өрудiң көптеген түрi қолданылады, соның iшiнде 3 таспадан 40 таспаға дейiн жететiн түрлері бар. Өрiмдер домалақ, жұмыр, төртқырлы болып келедi.
Қамшыны жасау үшiн ең бiрiншi терiнi илеп, иiн қандырып, қайыс өңдеп шығару қажет. Әдетте оны бояуға да, боямауға да болады. Сосын қайысты тарам-тарам етiп тiледi. Өрiм саны неғұрлым артқан сайын сапасы да арта түседi. Алайда, оны өру де айтарлықтай қиындайды. Өйткенi, өрiм саны қаншалық көбейсе, соншалық қайыс тармағын жiңiшкерту қажеттiгi туады.
Қамшылардың ең қолайлысы 12 өрiмдiгi болып табылады. 6 өрiм қарапайым түрiне жатады. Осы күндерi тобылғы сапты қамшыдан елiк сирақты сапты қамшыға сұраныс байқалады. Алайда, ел iшiнде елiк сирағынан жасалған қамшының жолы ауыр деп есептеледi. Сирақ болсын, тобылғы болсын алдымен кептiрiп алынады. Сосын барып бүлдiргiсiн қайыстан ойып шығады. Бүлдiргi тесiлiп, қайыс жiппен таспаға тастай оралады. Ең соңында үш бөлiк те бiр-бiрiмен бекiтiледi. Қолдан сырғып түспеу үшiн саптың соңы тесiлiп жiп өткiзiледi.
Ерліктің, ерен күштің, қайсарлықтың белгісі болып, ер қаруы - бес қарудың қызметін қапысыз ақтарған қамшы бұйымының қасиеті жайлы бүгінгі ұрпақтың бірі білсе, бірі білмейтіні тағы анық.
Қамшы қазақ халқында мал айдайтын немесе атқа отырғанда тұлпардың арынын күшейтіп отыратын құрал ғана емес, қанды шайқаста ердің бағын ашар, қас жаудан құтқарып алар сенімді серігі.
Қамшының сабы 5 тұтамнан жасалады:
1 - ші тұтам: Ассалаумағалейкум
2 - ші тұтам: уағалейкум ассалам
3 - ші тұтам: қайда бара жатырсың?
4 - ші тұтам: қамшының сабын алуға бара жатырмын.
5 - ші тұтам: маған да ала сал деген ұғымды білдіреді.
Қамшының өрімі сабынан 1 тұтам артық болуы керек дейді, яғни 6 тұтам болу керек.
2.2 Қамшының шығу тарихы
Қамшының тарихы ата-дәстүрде жатыр. Қазақ халқы көшпенді ел бола тұра салт-дәстүрді берік ұстанған. Болашақ ұрпақтың мықты болуын көздеп, қан тазалығы үшін жеті атаға дейін қыз алыспаған. Құда түсу әдебімен ұл мен қызды қосып, шаңырақ көтерген. Осындай дәстүрдің бірі - қамшы ілу. Ұлына қалыңдық іздеген жігіт әкесі бойжеткен қызы бар әулеттермен біліседі. Болашақ құдаларының текті болғанын қалап, ыждахаттылықпен сұрастырады.
Қазақтың өмір сүру қалпы малмен байланысты. Атқа мініп, көкпар тартқанда ата-бабамыз қолынан қамшысын тастамаған. Қамшы қазақтың тұрмысы мен мәденитінде үлкен орын алады. Сондықтан қызы ұнап, құдасымен сөз байласқан келушілер қолындағы қамшысын үйдің оң жағындағы керегесіне іліп кетеді. Салт бойынша қыз жақ жауабын беруі тиіс. Егерде қыз әкесі келісімін берсе, қамшы сол орнында ілулі тұрады. Ал, құда болуға келіспесе, қамшы қайтарылатын болған. Дәстүр бойынша құдаласқан қазақ жекжаттығын осындай ата-жолмен жасаған.
Қамшы сөзінің шығу тегі туралы бірнеше нұсқалар айтылады. Қамшы сөзіндегі "қам" түбірі қазақ тілінде бірнеше ұғымға ие. Қам - шикі, шылғи, шала, қам-қарекет, қимыл, айла, тәсіл, амал, қам-уайым, қайғы, қамығу, қам-қамдану, әзірлену, даярлану. Әрі қарай: қамба, қамау, қамал, қамту сөздері мен терісі құнды аңдар қама, қамар, қамшат; қымбат маталар - қамқа, қамқап болып келеді де, барлығының түбірі қам деген сөзден түзіледі. Қамшы өрімі иленбеген шикі, шылғи теріден де өріле беретіндіктен әрі кейде бір ұғым беретін осы сөздер қосарлана айтыла беретіндіктен: қам - шикі, қамшы, қам - шылғи-қамшы түрінде қамшы сөзі қалыптасты деген тұжырымдар бар.
2.3 Қамшының түрлері
Қамшының мынандай түрлері бар:
1. Ат қамшы. 2.Дыр қамшы. 3.Дырау қамшы. 4.Дойыр қамшы. 5.Дүре қамшы. 6.Ұзын қамшы. 7.Шолақ қамшы. 8.Сары ала қамшы. 9.Білеу қамшы. 10.Орама санды қамшы. 11.Мүйіз сапты қамшы. 12.Киелі қамшы. 13.Қасиетті қамшы. 14.Тобылғы санды қамшы. 15.Шашақты қамшы. 16.Бала қамшы. 17.Құрау қамшы. 18.Шыбыртқы қамшы. 19.Күміс мойнақ қамшы. 20.Жез мойнақ қамшы. 21.Сары ала мойнақ қамшы. 22.Ақ мойнақ қамшы және тағы да басқалары.
Қамшылар жасалуына, қолданылуына байланысты бірнеше түрге бөлінеді. Оның әрқайсының атқаратын қызметі, мақсаты, мағынасы бар. Біз енді соның басты-бастыларын талдап түсіндірсек:
1.Сүндет қамшы. Ата-бабамыздан ұрпақтарына мирас болып келе жатқан салт-дәстүр бойынша баланы сүндетке отырғызғанда оған туған-туыстары сыйға тартатын тобылғы сабты төрт тұтам қамшы.
2.Бәйге қамшы. Ат бәйгесіне шабатын шабандоздың қамшысы. Ол тобылғы сапты, ұзындығы төрт тұтам, негізінен оның ұзындығын шынтақтан шынашаққа дейінгі аралықпен де өлшей береді. Сабының жуандығы шынашақтай. Бұрындары бәйгеге түсерде шабандоз: Шаба алмасам - маған серт, шаба алмаса - астымдағы атыма серт, шаптыра алмаса - қолымдағы қамшыға өрт!, - деп серт беретін болған.
3.Көкпар қамшы. Ұлттық ойын көкпар тартуда қолданылады. Оның тобылғы сабының ұзындығы үш-ақ тұтам және жуан болып жасалады. Көкпар қамшының сабына, жылан басты алақанына қолды жыртып, зақым келтірмеуі үшін ешқандай әшекей салынбайды, бұл қамшыға бірде-бір темір затын қолданбайды. Көкпар додасына түсерде әркім: Атыма - айбат, тақымыма - қуат, қамшыма - жігер бер!, - деп серт айтқан.
4.Дойыр қамшы.Өрімі жұмыр, жуан, төрт қырлы, он алты, немесе сегіз таспадан болып келеді. Дойыр - бұғының, өгіздің иленген жон терісінен таспаланып тілінеді. Әдетте дойыр - ырғай немесе тобылғыға, кейде құлжа мен текенің мүйізіне, қарақұйрық пен еліктің сирағына сапталады. Өрім мен сап алақан арқылы бекітіледі. Алақан мен сапқа бекітілетін ұшының үстіне сәндік үшін жұқа жез салынады. Қамшының сабы да күміс жезбен әшекейленіп, қолға ұстайтын жағына бүлдіргі өткізіледі. Дойыр қамшыны мал айдауға, ұрыс-төбелеске де қолданады. Оны қолға алғанда да былай деп серт айтылған: Дойыр қамшым доңыздай (жуандығы) болсын, ауырлығы қорғасындай, мықтылығы емендей болсын. Білек күшіме қуат қосып, жауым әрдайым құлап жатсын, халқым жеңіске жете берсін!.
Сәндік үшін ұсталатын қамшы да дойыр тектес болғанымен, өрімі жіңішке, жеңіл сапты болады. Сал-серілердің серілігін танытатын, отағасының отбасының қорығы екенін көрсететін киелі қамшы - қазақ мәдениетінде өзіндік қасиетін әлі сақтап келеді.
5.Неке қамшысы. Жас бозбала үйленер кезде құрбы-құрдастарын жанына шақырып алып, отау құрғалы жатқанын айтады. Өзіне жігіт жолдасы керек екендігін білдіреді. Құрбы-құрдастары өздерінің қамшыларын бір жерге құпия жинап қойып, әлгі досын шақырып көрсетеді. Ол өзіне ұнаған қамшыны таңдап алады да иесі жігіт жолдасы (күйеу жолдас) болады. Бұл құрбы-құрдастар арасында өкпе, реніш болмауы үшін жасалатын әдет-ғұрып.
6.Соп қамшы. Өгіз айдауға арналған қамшыны осылай деп атайды. Тобылғы сабы төрт тұтам, өрімі ұзын, жиырма бес тұтам болады, ұшына қайыстан төрт қарыс жалқы бау тағылады, ол арбаның ұзындығына қарай жегулі атқа немесе өгізге жетуге тиіс. Яғни, оның ұзындығы екі жарым құлаштай.
7.Үйір қамшы. Оны жылқышыларға арнап жасайды. Өрімнің араларына үш шығыршық біріктіріліп, ұзын етіп жасалады. Түйе айдайтын үйір қамшының атауы - шыбыт қамшы.
8.Ноғай қамшы. Аралары жақын орналастырылған екі өрімнен тұрады. Салмақты болуы үшін өріміне үлкен шашақтарды орналастырады (нагайка).
9.Баптау қамшы. Асауды үйрету үшін жасалады. Жылқыны үркітіп, қорқытып алмау мақсатында ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz