Фольклор және топонимика


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   

I. КІРІСПЕ

Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің есімі қалың жұртшылыққа әйгілі керемет талант иесі, кемеңгер жазушы ғана емес еді, ол энциклопедиялық білімі бар ғажап ғалым, өте көрнекті қайраткер ретінде де әйгілі. Оның осындай әр жақты жазушылық және ғылыми педагогтік шығармашылығына арналған ірі монографиялық зерттеулерден бастап баспасөз бетіне әр жылдары жарияланған мақалалардың жалпы саны қазірдің өзінде бес мыңның үстінде.

М. О. Әуезовтің ұзақ жылғы жемісті әдеби мұрасына зер салсақ, оның екі үлкен арнасы зерттеушілердің назарын ерекше аударады.

Дегенмен, М. Әуезовтің жазушылық және ғылыми шығармашылықтарындағы фольклортанушылық мәселесі зерттеушілердің назарынан тыс қалды деуге болмайды.

Ғұламаның фольклор саласындағы еңбектері туралы ең алғаш пікір айтқан ғалым, белгілі сыншы: Ғ. Тоқжанов. Ол 1927 ж. «Әдебиет тарихына бір жақты бағамен сын айтқан. Бұрын жазба әдебиет дамымай тұрған кезде, қазақ-кеңес әдебиетінің алғашқы дәуірлерінде, алдымен халқымыздың бай мұрасы фольклордан үйренуіміз керек, соған сүйеніп жазба әдебиет жасауымыз керек деп жиырмасыншы жылдардың бас кезінде айтқан М. Әуезовтің орынды пікірін Ғ. Тоқжанов: «Мұхтар бүгінгі қазақ жігіттеріне Біржанның салдығын, Ақанның серілігін, қарияларға Асанның қайғысын үлгі етеді. Үлгіні ертегі әңгімелерден, батырлық жырлардан алу керек екенін үгіттейді» - деп өрескел бұрмалайды (29) . Тұрпайы социологиялық сын тұрғысынан келе етіп, мін тағады. Сол кездерде ресми жағынан үстем болған «пролеткульттік» әдеби сынның бір белгісі осындай еді. Бұдан кейін ұзақ уақыт бойы М. Әуезовтің фольклорлық еңбектері жайлы мәселе қозғалып сөз болмады. Кейін 50 жылдары «Абай жолы» эпопеясы арқылы аты дүние жүзіне әйгілі болған кезде ғана М. Әуезовтің жазушылық шығармашылығы ішінара ғылыми еңбектері арнайы мақала очерктердің объектісіне айналды. Соның өзінде, жазушылық жағы басымырақ қаралып, фольклортанушылығы «тиіп-қашты» ғана айтылды. Әуезұлы Мұхтардың 1932 жылғы 10 маусымда «Социалистік Қазақстан» газетіндегі ашық хатынан кейін ғалымның 20-шы жылдардағы еңбегі мүлде айтылмай, жабылып қалған болатын. Бұл жағдай М. О. Әуезовтің фольклортанушылық қырының осы уақытқа дейін жете зерттелмей, көпшілік танылмай келуінің басты себебі еді.

Әсіресе, 60 - жылдары М. О. Әуезовтің мұрасын зерттеудегі олқылықтардың орны толтырылды.

М. О. Әуезовпен ұзақ жылдар қызметтес болып келген, қазақ әдебиеттану ғылымында әр жылдары бірге жемісті еңбек етіп, осы ғылымды кеңес дәуірінде ілгері дамытқан ғалымдар: Ә. Қоңыратбаев, Қ. Жұмалиев, М. Ғабдуллин, Е. Ысмайлов тағы басқалары әдебиеттің өз тараптарын қарастырып отырған әр жақты проблемаларының түйінін шешуде Әуезовтің айтқан ғылыми қағидаларына әрқашан иық тіреп отырды.

Алғашқы жылдары М. Әуезовтің қазақ эпостарын алғашқылардың бірі болып зерттелген қажырлы да жемісті еңбектеріне баға берудің орнына М. Ғабдуллин, оны автордың «жіберген қателіктері» ретінде айтқан еді.

Ал кейінгі жылдары М. Ғабдуллин студенттерге сабақ бергенде зерттеушінің теориялық қағидаларын басшылыққа алады.

зерттеу тақырыбының өзектілігі;

зерттеу мақсаты;

зерттеу міндеттері; Біріншіден, М. Әуезовтің фольклоршылық еңбегі кеңестік дәуірде, яғни Қазан төңкерісінен кейінгі кездерде басталды, сондықтан М. Әуезов еңбегімен тұспалдас қазақ фольклорының 20-30жылдардағы даму ерекшеліктерін ашу.

Екіншіден, фольклортанушы ғалымның 20-жылдардағы фольклорлық еңбектері, фольклортану ғылымында мүлде аталмай ақтаңдақтар күйін кешкен болатын. Ғалымдардың көпшілігі фольклортанушы ғалымның қырқыншы, елуінші, алпысыншы жылдардағы еңбектерін сөз етсе, дипломда 20-30 жылдары жазылған қазақ фольклортану ғылымын қалыптастыру дамытуға байланысты мақалалар мен еңбектері «Әдебиет тарихы» еңбегі және 1939 жылғы М. Әуезов пен Л. Соболевтің бірігіп жазған очеркіндегі қазақ фольклорын жанрлық жағынан қарастыруы сөз етілмек.

Демек «Мұхтар Әуезов - фольклортанушы» мәселесін бүгінгі жаңа заман талабы тұрғысынан зерттеп, көпшілік оқырманға таныстыру.

II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2. 1 М. Әуезовтің өмір жолы

Мұхтар Омарханұлы Әуезов - қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі (1946), филология ғылымдарының докторы, профессор (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957) .

Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы жерінде 1897 жылы жиырма сегізінші қыркүйекте туған. Алғашқыда 1908 жылы Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан кейін орыс мектебінің дайындық курсына ауысады. 1910 жылы Семей қалалық бес кластық орыс қазына училищесіне оқуға түсіп, соңғы класында оқып жүргенде «Дауыл» атты алғашқы шығармасын жазады.

Туған халқын төрткүл дүниеге мәшһүр еткен ұлы суреткер Мұхтар - кемел ойдың кеніші, кенен сөздің өрісі. Қазақ әдебиетінің барлық жанрына тұңғыш рет қалам тартып, бәрін игеріп, сол арқылы тіліміздің шырайын танытқан қаламгер, дарынды ғалым. Ұлы жазушы, данышпан ойшыл, ғұлама ғалым, асыл ерлі қазақтың ойшыл да академик ерен азаматы.
Дүниеге қазақ перзенті болып туып, адамзат перзенті болып аттанған М. О. Әуезов тағдыры - талай ақиқатқа қапысыз көз жеткізетін тағылым мектебі. Заманмен бірге тебіреніп, мәңгілікпен үндесе білудің айқын өнегесі.
Ол талай жер теңселтіп, ел елеңдеткен әлеуметтік сілкіністердің, қиялды қысыратып, сананы тоқыратқан түбегейлі өзгерістердің жаппай теңдікке ұмтылып, елдікке құлшынған рухани буырқаныстар кезеңі болып, тарих қойнауына аттанғалы отырған жиырмасыншы ғасырмен жарық дүниеге бірге келді.

1897 - 28 қыркүйекте Семей уезі, Шыңғыс болысы, Бөріліде дүниеге келген.

1908 - Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан орыс мектебінің дайындық курсына ауысады. 1919 - Семейдегі мұғалімдер семинариясын бітіріп, Семей губревкомының жанынан ашылған қазақ бөлімінің қызметкері, кейіннен бөлім меңгерушісі қызметін атқарады.

1915 - қалалық училищені бітіріп, Семейдегі мұғалімдер семинариясына оқуға түседі.

1922 - күзде Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік университетіне еркін тыңдаушы болып түседі де содан «Шолпан» және «Сана» журналдарында еңбектері жарық көреді.

1930 - 16 қыркүйекте «ұлтшыл, буржуазияшыл» деген айыппен тергеуге алынып, тұтқындалады.

1942 - «Абай жолы» жарық көріп, сынға ұшырайды.

2. 2 М. О. Әуезовтің алғашқы әдебиеттанушылық ізденістері

М. Әуезов - ауыз әдебиеті мен классикалық әдебиеттің, батыс пен шығыс көркем сөз мұрасының озық дәстүрін жете меңгеріп, қазіргі дәуірдегі қазақ әдебиетінің реалистік сапасын артттыруға, әдеби тілді байытуға ерен еңбек сіңірген жазушы.
Жастайынан қазақ ауыз әдебиетiнiң iнжу-маржандарынан сусындап, әрiсi Асан қайғы, Ақтамбердi, Бұхар жырау, Дулат, Махамбет жырларынан тәлiм алған, бесiгiнде жатып, ұлы Абай өлеңдерiмен көкiрегiн тербеген бала Мұхтардың өсе келе Шығыс пен батыс мектептерiн бойына қатар сiңiрген дана Мұхтарға айналуы заңды құбылыс едi.
Әуезов ұлттық таным-түсінік пен талғамға мүлдем жаңа леп әкелді. Оның «Қорғансыздың күні», «Қаралы сұлу», «Қилы заман», «Көксерек» сияқты алғашқы шығармаларының өзі қазақ сөз өнері мен көркем ойлау жүйесін жаңа сапалық биікке көтерді.

М. О. Әуезовтің көп қырлы ғылыми творчествосының iшiнде көрнектi орын алатын ең бiр көлемдiсi - фольклор туралы зерттеулерi. Ауыз әдебиетiн зерттеуге 20-жылдардан бастап кiрiскен ол, фольклорды зерттеудiң түбiрлi мәселелерiне тынбай араласып отырды. Әр кезеңдердегi фольклортану ғылымының талабына сай үлкендi-кiшiлi қыруар ғылыми еңбектер жазды. Бұл саладағы қырық жылға жуық ғылыми қызметi iшiнде қазiргi фольклортану ғылымының көшбасшысы ретiнде оның алғаш рет iрге тасын қаласып, бұрын бетi ашылмаған көптеген тың мәселелерiн дер кезiнде көтерiп отырды. Қазақ фольклорын зерттеудегi әрбiр жаңа бастаманың үнемi басы-қасында болып, оларды ғылыми тұрғыда зерттеуге мол бiлiмiн, күш-қуатын аямай жұмсады.

Зерттеушi Ә. Молдаханов М. Әуезовтiң фольклор жайлы ұзақ жылғы ғылыми еңбектерiн, ғалымның ғылыми көзқарасындағы эволюцияға байланысты үш кезеңге бөлiп қарастырады. Олар:

  1. 20-жылдардағы зерттеулерi - iзденiс жылдары.
  2. 30-жылдардағы зерттеулерi - кемелдену кезеңi.
  3. 40-жылдардан өмiрiнiң соңында дейiн - ғұламалықтың шыңы (7) .

Ғұлама зерттеушi Әуезовтiң алғашқы iзденiс жылдары 20-жылдардағы жүргiзген еңбектерiн айтпас бұрын, оның сол фольклорға келуге әсер еткен әлеуметтiк ортасын сөз еткенiмiз абзал.

М. Әуезов, сөз жоқ, бiртуар табиғи талант. Әуезов ұлылығының бiр қыры - оның тумысынан бiткен ақылдылығы мен зерделiлiгiнде. Ал екiншi жағы - қазақ халқының аса бай фольклорлық дәстүрдiң молдығы, онымен жастайынан жете қанық болып, бойына мол сiңiрiп, осы дәстүрдi ерекше құрметтеушi, сақтаушы, дамытушы ортада ер жетуi, тәрбие алуы.

Әңгiме-жырдың дүкенi болған Абай ауылында туып, ержеткен жас Мұхтардың қазақ фольклорына деген құштарлығы ерте оянады. Сол себептi оның фольклоршыл өмiртанымын сөз еткенде, ұлы Абай дәстүрiн сол топырақтың құдiретiн, сол ортаның тәлiм-тәрбиесiн әрқашан естен шығармаған жөн. Абай 6 жастағы Мұхтардың басынан сипап батасын берген.

Бала Мұхтардың Абай дәстүрiне, сол арқылы халық фольклорына шексiз сүйiспеншiлiгiн алғаш оятып, оны оқып бiлуге, құрметтеуге бiрiншi баулыған ұстазы өз атасы Әуез қарт Абаймен рухани жағынан көңiлдес, әрi ескi әдебиеттен мағлұматы көп адам болған. Жас немересiнiң тумысынан зеректiгiн, зерделiгiн жете байқаған атасы Әуездiң көп немерелерiнiң iшiнде кiшкентай Мұхтарға деген ықыласы ерекше болады. Оны бес жасынан Абай өлеңдерiнiң қолжазбасы арқылы оқытып, сауатын ашып, бiлiмге тартады.

Бұл мәселе туралы М. Әуезов өз өмiрбаянында атасы Әуездiң таң атқаннан күн батқанға дейiн кiтаптан бас алғызбай Абай өлеңдерiнiң бәрiн жаттатқанын айтады (8) .

Дiни мағлұматы мол, мұсылманша сауатты атасы Әуез құран кiтаптары арқылы өз немересiнiң сауатын ашып қоймай, ауыз әдебиетiнiң небiр көркем үлгiлерiнен де мол мәлiметтер берiп отырған. Осы жайында М. Әуезовтiң тетелес iнiсi Ахмет Әуезов естелiк кiтабында төмендегi деректердi келтiредi:

“Атамыз ескiше оқумен ғана шектелмей, халық ауыз әдебиетiнiң жар-жар, көрiсу, қоштасу, естiрту, сыңсу жаңылтпаш жұмбақтарының небiр үлгiсiн, “Күн астындағы Күнекей қыздан” таратып салт-дәстүр, қиял-ғажайып ертегiлердi, “Қобыланды”, “Алпамыс”, “Едiге”, “Ер Қосай”, “Көрғұлы”, “Айман-Шолпан” дастандарын, күнi кеше ғана өткен “Еңлiк-Кебек”, “Қалқаман-Мамыр”, “Сабалақ” оқиғаларын сабақ ретiнде өтедi”-дейді (9) .

Осындай қабiлеттi жастың естiп бiлгендерi жадында берiк сақталып, ой-қиялына ерiк бередi. Кейiнiрек кезде балалық шағынан етене жақын, рухани дос болған сүйiктi ақын-жыршыларға елiктеп, өзi де өлең жазады. Бiрақ бұл өлеңдерi сақталмаған. Оны тек жазушының естелегiнен ғана көремiз (36) .

Мұхтар әрқашан үлкен кiсiлердiң қасынан шықпай, солардың сөзiн тыңдап қана қоймай, жазып алып отыратындығын, сондықтан достары қалжыңдап оны “қара шал” деп атайды екен (9) .

Семейдегi бес кластық училищенiң оқушысы жазға каникулда ауылына келiп, ақын-жыршылардың, әңгiмешiлердiң ауызынан естiген қазақ халқының өрнектi сөз үлгiлерiн дәптерiне жазып алып, ауыз әдебиет нұсқаларын жинай бастайды. Жазу дәптерiнде кездесетiн мынадай мәтелдер бар: “Қара күш ақылға төтеп бере алмас”, “Ар-ұят ақшадан қымат”, және т. б.

Адамды әлеуметтiк орта тәрбиелейдi, билейдi, тағылым бередi. М. Әуезовтiң табиғи дарындылығымен туған, өскен ортасының осылай тоғысып келуi болашық фольклортанушы ғалымға ықпал еткен басты себеп болады.

М. Әуезовтiң фольклорды зерттеудегi алғашқы iзденiстерi 20-жылдардың басынан Ташкент, Ленинград университеттерiнде оқып жүрген шағынан бастау алады. Оның жоғары оқу орындардағы алғашқы студенттiк дәуiрi 1922 жылы Ташкент, Орта Азия университетi қабырғасында басталғаны белгiлi. Осы алғашқы студентiк қадамынан-ақ ол бiр ғана оқумен шектелмей, ғылыми зерттеу жұмыстарымен де айналыса бастайды. Бұл жөнiндi ол өзiнiң өмiрбаянында: “Жазушылық қызметпен қатар, мен ерте уақыттан, сонау, студенттiк кезiмнен бастап ғылыми зерттеу жұмысымен айналысып келемiн, -деп жазады ”(36) .

Болашақ фольклортанушы ғалым М. Әуезовтiң халық әдебиетiн зерттеушiлiк көзқарасының ерте қалыптасуына табиғи тумасынан ерекше зерделiлiгi, ес бiлгеннен үлгiлi, өнегелi фольклорлық дәстүр мен ортада өмiр сүрiп, ер жетуi басты себеп болады.

Семейдегi бес кластық училищенiң оқушысы кезiнде басталып, осы қаладағы оқытушылар семинариясы қабырғасында жалғастырған фольклорды жинаушылық талпыныстары Ташкент университетiнiң студентi кезiндегi зерттеушiлiк қызметiмен ұштасты. Соның нақты бiр дiлелi осы кезде Ташкентте шығып тұратын “Шолпан” журналының 1922 жылғы №2, 3 және 1923 жылғы № 4, 5 сандарында М. Әуезовтiң “Қоңыр” деген бүркеншек атпен (псевдоним) атпен “Қазақ әдебиетiнiң қазiргi дәуiрi” деп аталатын тырнақалды ғылыми-зерттеу мақаласы жарияланды.

Қазақ фольклоры мен жазба әдебиетiнiң сол кездегi жай-күйiне арналған жас қаламгердiң осы бiр алғашқы мақаласынан-ақ оның зерттеу нысанасының ауқымдылығы, көтерген мәселелерiнiң өзектiлiгi, әрi ғылыми тереңдiгi бiрден көзге түсiп, санаға ұялайды. Өзiне дейiнгi көрнектi фольклортанушы ғалымдарының пiкiрiне ой жүгiрте келiп, мақалының авторы Европа ғалымдары бiрауыздан мойындаған мазмұнға бай, жанры жағынан сан-салалы көркем де кестелi сөз өнерiмен өрнектелген ескi әдебиетiмiздi ерекше құрметпен, терең сүйiспеншiлiк сезiммен тiлге тиек етедi: “Өткен күннiң әдебиетiн еске түсiргенде, ескiлiктен со белгiнi қалдырып кеткен адамды ойлағанда, айтылған өлең, жыр, тақпақ, мәтелердiң аузынан шыққан кезiн ойлағанда, бәрiмiз де өткен күннiң өнерiне iшiмiзден бас игендей боламыз, сөзi қалған кiсiнiң атын құрметпен атағандай боламыз… ескi әдебиетiмiздi сүйемiз, сүюiмiз дәлелсiз емес. Құрметтеймiз, құрметiмiз орынсыз емес”.

Осылайша мақаланың авторы өзiне дейiнгi фольклоршы ғалымдардың пiкiрiне сүйене отырып, “ескi ел әдебиетi туралы келелi ой қозғайды”. Қазақтың кең даласындай ұшан-теңiз мол ауыз әдебиетiн, оның мәңгiлiк дәстүрiн, сөз өнерiнiң қазақ баласы үшiн қадiрлi орнын, оны сақтаушы, дамытушы ақындардың өлшеусiз қызметiн жоғары бағалайды.

Әдебиет ескiлiгiнiң табиғи ерекшелiктерiн талдай келiп, автор сөз өнерiнiң тұтас халықтық сипатын ашып көрсетедi: “Мынау - үстем таптың туындысы”, “мынау - еңбекшi халықтың шығармасы” дейтiн пiкiрден зерттеушi нысанасын алыс ұстап, қазақ даласында ақындық өнердiң тәттi сұлулығынан қой баққан қотыр тайлы тазша баладан, жамағат тұрғысы төре де құр болмағандығын, хан Қараша би, төре, батыр - бәрi де “айырмасыз кестелi сұлу сөздiң қадiрiн бiлiмге ұстартып, зейiнi ашылған европеецтен кем бiлмеген… бәрi де өмiрiнде кез келген iрi оқиғаның жанынан ақын рухы мiнген тұлпары - өлеңменен желдiртiп өткенге ұқсағанын”, автордың жiтi аңғарғанын байқаймыз.

Зерттеушiнiң қазақ фольклорын, соның iшiнде эпос қаһармандарының ұлттық характерiн, жауын жеңiп, жолы болғандығын, кейде тар ұлттық шеңберде қараушылық әдiсi де бiржақты жансақтылықты байқатады:

Алғашқы жылы университетте Мұхтар Әуезов бiр семестр ғана оқыды. 1924 жылдың басында ондағы қысқы сынақ-емтихандарын тапсырып демалысқа Семейге келген кезде жергілікті жерде тіл-әдебиет мамандары жетіспей Семей педучилищесіне әдебиет пәнінен дәріс береді. Ол кезде орта мектептердің өзінде оқулықтар тапшы болғандықтан, зерттеуші Әуезов өзі халық арасына әдеби мұраның үлгілерін жинап, өз лекцияларында пайдаланады. Онымен қоса Семейде шығып тұратын «Таң» журналының редакторы қызметін де атқарады. //Семей губерниялық атқару комитетiнiң Ленинград университетi ректорының атына жолдаған қатынас хатында: “Жолдас Әуезов қазақ әдебиетiне қызығумен осы саладағы өз бетiмен жүргiзген зерттеулерi арқылы техникумда қазақ әдебиетiн оқытатын лектор ретiнде бiрден-бiр кандидатура болып табылады”-деп атап көрсетуiнде үлкен мән бар. Сол кезде-ақ ол фольклор зерттеушiсi ретiнде танымал бола бастаған сияқты.

1924 жылы Ташкентте шығатын “Жас қайрат” журналының № 3 және № 4 сандарында М. Әуезовтың “Халық әдебиетi туралы” деп аталатын мақаласы басылды. Мұнда ол фольклордың ұмытылып жоғалып кетпей тұрғанда оны тез арада жинап, баспа орындарына жариялау қажеттiгi туралы үлкен проблемалық мәселе көтердi: “Халық бұрынғы кездегi салтынан, қолданып жүрген халық әдебиетiнен заман өте-мөте бүтiндей тотығады. Ескiлiктi өлең-жырларды жаңа буын жастары бiлмейдi. Аздап кәрi құлақты ескi кiсiлердiң ғана жадында қалды… Ендi өткенге салауат, бiрақ жұртшылығымызды ашып көрсетiп, халық әдебиетiн жинаудың шарасына кiрiсуiмiз керек. Менiңше, халық әдебиетiн жинауға ыңғай бар адамдар - оқыған шәкiрттерi болуы керек. Олар жаз елдерiне бара қалған кездерiнде халық әдебиетiн жинап, басылып жарыққа шығатын баспасөз майданына түсетiн жерге жеткiзу керек. Жинаушы шәкiрттер ескi халық арасынан өлеңдерi көп тараған ақындардың өлеңдерi олардың өмiрi, қай уақытта болғандығы туралы мағлұмат жинауға кiрiсуi қажет. Әсiлi, ескi әдебиетiмiздi жинауға жас оқығандарымыз күш көрсетпесе, халық әдебиетiмен аз жылда ашық қоштасамыз”, -дейдi ол аталмыш мақаласында (14) .

Мақаланың сол кез үшiн өте актуалдылығы - автордың ұмытылып бара жатқан халық фольклоры үлгiлерiн мүлде жоғалып кету қаупiнен сақтап қалуындағы жанайқайы.

Осы мақаладан кейiн көп кешiкпей Семейде шығып тұрған “Қазақ тiлi” газетiнiң 1925 жылғы 23 сәуiрiндегi санында “Семей педтехникумы” деген бүркеншiк атпен Мұхаңның “Әдебиет ескiлiгiн жинаушыларға” деп аталатын көлемдi мақаласы жарияланды. Мұнда ол “Жас қайрат” журалындағы пiкiрлерiне қайтадан оралып, әдебиет мұраларын жинаушылардың алдына өз кезi үшiн ғана емес, одан кейiнгi кез үшiн де маңызы ерекше зор бағдарламалық мiндеттер қояды. Мақала авторы қазақ фольклорының шаң басып, әр жерде шашылып жатқан жұрнақтарын ғылыми бiр жүйеге келтiрудi дер кезiнде күн тәртiбiне қоя отырып, оған былай жауап қайтарады. Бiрiншiден, әдебиеттi сүйетiн қазақ оқушысына ой, сезiм азығын беру. Екiншiден, халқымыздың тiлiнiң қалыптасып, нығайып, өзiне бiткен көркi мен күшiн арттыруға жәрдемдесу. Үшiншiден, көнеден келе жатқан қазақ халқының ақыл-ойын, сөз шеберлiгiн көзге елестетiп ойға түю. Автордың дәлелдеуiнде: “Қазақтың өткендегi ақыл, ой тұлғасы айқындалмай, келешектiң бетi ашылмайды. Өткен күннiң ұғымы мен нанымы, әдетi мен салты анықталып, екшелмесе, келешекке бет түзелмейдi. Ирелеңi мен бұралаңы көбейедi. Қай жұрттың, қай түрдегi сөз орнын алсақ та, артындағы қоры жиналмай, алдына қарай заулап кеткен емес. Бұл туралы бүгiнгi жаңа әдебиетiмiздi мысалға алсақ та болады. Мәселенiң теориялық жақтарымен бiрге автор аталмыш мақаласында әдебиет ескiлiгiн қалай, кiмдер және қандай жанрлар жинау керек екендiгi туралы да нақты методикалық нұсқаулар мен оның жобасын көрсетедi. Олар төмендегiдей:

  1. Бұл iс бiр ғана мамандардың жұмысы емес, кәрiсi бар, жасы бар сол үлгiлердi жатқа бiлетiн және оны қағазға түсiре алатын барлық жамағаттың мiндетi;
  2. Айтушы ел iшiнде ескi сөздi жатқа бiлетiн кәрi құлақты қариялар болса, жазып алатын сауаты мол оқушы жастар мен оқытушылар болғаны абзал. Жинаушыға қойылатын шарт: барлық сөз айтушының дәл аузынан шыққан қалпында жазылып алынуы тиiс.
  3. Фольклорды жинау жұмысын жаз айларында, оқытушылар мен оқушылардың демалыс кезiнде жүргiзген жөн.
  4. Күзде барлық фольклор материалдары жиналып тапсырылған соң, оларды қыс бойы жүйеге келтiрiп баспаға, әзiрлеу, зерттеу жұмыстары атқарылуға тиiс. Жазда осы цикл қайталан басталады. Сөйтiп, әдебиет ескiлiгiн жинап, жариялау, зерттеу әдiсi үздiксiз процесс ретiнде жүрiп отырады.

Ел арасынан әдебиет ескiлiгiн және тарихи шежiрелердi жинауда қандай жанр мен тақырыптарға бiрiншi кезектке көңiл бөу керек? Осы мәселеге байланысты мақала авторы Семей губерниялық оқу бөлiмi жанындағы ғылыми-методикалық кеңестiң атынан халық мұрасын жинаудың бағдарламалық жобасын жасап ұсынады. Белгiлi абайтанушы ғалым Қ. Мұхаметқановтың пiкiрiнше, М. Әуезов 1925 жылы сәуiрде болған ғылыми-методикалық кеңестiң мәжiлiсiнде фольклорды және тарихи шежiрелердi жинау мәселесi тақырыбына баяндама жасаған. Аталған бағдарламалық сол мәжiлiсте (12 хаттама) талқыланып қабылданған. Ғылыми-методикалық жағынан бұл жоба бүгiн де кәдеге жарайтындықтан мақаламызда оны толығырақ берудi жөн көрдiк. Бұл бағдарлама “Әдебиет жайынан жазып алатындар” деп аталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тіл біліміндегі антропонимдердің зерттелу тарихынан
Қазақстан Республикасындағы өлкетанудың мәні мен мақсаттары
Қарағанды қаласының тарихы мен бүгіні
Қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы өлкетану жұмыстарында оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру
Қосарланған зат есімдер
Бұқар Жырау ауданы топонимдерінің географиялық ерекшеліктері
Түрік антропонимикасының пайда болуы және қолданылысы еркек аттары
Қазақстанда өлкетану тарихының дамуы
Асқар Егеубай – публицист, аудармашы
Топонимика және география
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz