Қазақ философиясына сипаттама


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Білім және Ғылым Министрлігі

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті

Агротехнологиялық факультет

«Азық-түлік қауіпсіздігі» кафедрасы

БӨЖ-2

Орындаушы: ТПП-22к тобының студенті,

Баймахан А. Т

Тексерген: Аубакирова Г. Р

Петропавл, 2024 ж

Жоспар:

1. Бір ойшылдың (өз таңдауыңыз бойынша) философиясына талдау жасау.

2. Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар» мақаласына талдау жасау.

3. Абай философиясындағы адам мәселесіне талдау.

4. Қазақ философиясына сипаттама.

1. Әл-Фараби ұлы философ-ғалым, астроном, математик, шығыстың ортағасырлық дәрігері. Әл-Фараби (толық аты Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Узлаг әл-Фараби ат-Түрки) 870 жылы Фараб қаласында Сырдария өзенінің Арысқа құяр маңында дүниеге келген. Оның «тархан» аталуы, беделді түркі әскербасының отбасында дүниеге келуі. Кейіннен Фараб қаласы Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданында орналасқандықтан Отырар қаласы аталып кетті. Отырар қаласы жайлы қытай жазба-деректерінде Птолемейдің еңбектерінде кездеседі. IX-X ғысырларда Отырар қаласы бүкіл әлемдік керуен сауда жолы өтетін орталық болған. Моңғолдардың шабуылынан қаланың 1218 жылғы ойрандалуы бәріне белгілі. Бірақ бүкіләлемдік мәдениеттің дамуында әйгілі ақындар мен ойшылдардың, ұлы ғалымдардың оның ішінде Әбу Наср әл-Фарабидің отаны ретінде Отырар қаласы әлемге танылды. Осы уақытқа дейін мәдениет пен ғылымның белгілі тарихшылары әл-Фарабидің астрономия, музыка теориясы, әлеуметтану мен этика, математика, психология, таным философиясы мен құқыққа қызығушылықтарынан жазып қалдырған ойларын тамсана, ерекше тұлға екенін жарыса жазады. Жас кезін Фараби туған қаласын тастап, раб халифатымен байланысты барлық қалаларда Бағдат, Александрия, Мерве, Дамаск, Каир Хорран қалаларында өткізген. Өзінің көпшілік уақытын араб халифатының орталығы болған Бағдат қаласында өткізді. Осы қалада ол гректің ұлы ойшылдарының « Бейт Аль - Хикма» еңбегін аудару барысында беделді ғалымдармен араласа зерттеуі арқылы « Муаллим Ассана» титулына ие болады. Бұл титул екінші ұстаз деген мағынаны береді. Бірінші ұстаз Аристотельдің болуына байланысты, екінші ұстаз титулын алады. Оларды шынымен де, ғылыми зерттеуге жан жақты қызығушылықтары, кең ойлаулары, адамның тұрмыс тіршілігін философиялық тұрғыдан ұғынулары, адамның философиядағы орны жайлы зерттеулері және т. б. қырлары байланыстырады. Фараби ұлы грек ойшылы ойлап тапқан логика ғылымына да өзіндік үлесін қосты. Ерекше, батыл философиялық көзқарастары қоғамдық пікірлермен қарама -қайшы келіп, грек философия ғылымын толығымен түсінуге кедергі болды. Және де көптеген адамдар оның еркін, өткір білдіреін философиялық көзқарастарынан діннен алшақтағаны жайлы пікірлерін айта бастады. Бірақ та бұл тек Фарабидің ой еркіндігі мен өз ойын, өз ұстанымдарын нақты жеткізуі еді. Оны адамдардың жақтырмаушылық пен көре алмаушылықтары Бағдат қаласынан кетуге мәжбүр етті. Өмірінің соңғы жылдарын Дамаск пен Алеппо да Сайф ад-давля Хамднидің билігі кезінде өткізді, бірақ ол хан сарайының бітпейтін күйбелең тіршілігінен алыста тұруды дұрыс деп санады. Ол 80 жасында Дамаск қаласында қаза тауып, Кіші қақпа аталатын жерде жерленген. Әл- Фарабидің ғылыми еңбек жолындағы мұрасы өте мол. 80-160 шақты ғылыми еңбектердің авторы. Оның еңбектері Шығыс қалаларында өте танымалдылықпен қолданылды және сұранысқа ие болды. Аристоиельдің метафизикасына әл-Фарабидің қалдырған пікірі ибн Синаға Стагирит кітабының даналыған түсінуге арқау болды. XII-XIII ғасырларда әл-Фарабидің трактаттары ежелгі грек тілі мен латын тілдеріне аударыла бастады. Фараби ұлы араб философтарының бірі есептеледі, әлемнің екінші ұстазы. Фараби еңбектерінің тақырыбының ауқымы өте кең. Бәрінен бұрын оны қызықтырған әр түрлі ғылым салаларының теориялық қалануы мен философиялық мағыналары болды. Әл-Фарабидің Аристотельдің логикалық шығармаларына пікір қалдыруы оның этикасын, риторикасын, метафизикасын және де көптеген антикалық текстерді түсінуге ықпал етті. Әл-Фараби еңбектерінің ең маңызды аспектілерінің бірі оның антикалық мұраларға тарихи-философиялық анализ жасауы. Ең басты қызықтылығы оның Платон мен Аристотельді бір-біріне қарама-қайшы зерттеуі емес, керісінше олардың ортақ ақиқатқа бірдей ұмтылысын, олардың ұқсастығын жан-жақты зерделеуі. Әл-Фараби Аристотельдің логика, диалектика, риторика, поэтика салаларына шығармаларына пікір қалдыра отырып, өзінің философиялық ойларының басқа білімдерден артықшылығын айқындай кеткен шығыс перипатетиктерінің арасынан бірінші болды.

Философия адам жан дүниесін мәңгілік ететін, рационалды дәлелдеуге сүйенетін, ақиқат танымын ұғынуға барынша жақын, адамға саналы түрде бақытқа жолын ашады дейді. Осыған сүйене отырып, қоғамды басқару қызметін, философ-басқарушы атқаруы тиіс деп есептейді. Сол кезде ғана ол мемлекеттің халқы бақытты да мемлекет зағдарын құрметтейтін адал болады деп есептейді. Философ пен ағартушы билеушінің негізгі практикалық міндеттерінің бірі - философиямен қатар, шынайы дінге енген элитарлық білім ретінде құрылуы. Мемлекеттік жүйенің көрінісі әл-Фараби суреттеген әлемдік тәртіптің жалпы көрінісіне ұқсас. Әлемнің тіршілік етуінің негізі- бұл бастапқы негіз. Әл- Фараби іліміндегі маңызды сәт- жан мен дененің бірлігіғ жансыз дененің болмауы мүмкін еместігі туралы бірнеше рет баа айтқан жан мен ақыл туралы түсінік. Сонымен қатар, ақыл-ойдың ерекше физикалық емес, материалдық емес тұлға ретінде ереркшелігін ескере отырып, әл-Фараби адамның ақыл-ойы жетілу нәтижесінде адамның шексіз күш - жігерінің нәтижесінде дененің күшінен босатылатынына сенді: «ВАдамны ңжаны болмыстың соншалықты жетілдірілген деңгейіне көтеріледі, сондықтан оған өмір сүру үшін материя қажет емес . . . ол заттан бөлінген заттармен үйлеседі және осылайша мәңгілік өмір сүреді». Фараби қолжазбалары әлемнің көптеген кітапханаларында таралған. Фараби мұрасын зерттейтін ғалымдардың үлкен бір тобы Фараби шығармаларын орыс және қазақ тілдерінде басып шығаруға және оның энциклопедиялық мұраларының түрлі аспектілерін зерделеуге қадам жасап, көптеген ғалымдар фарабитануға өз үлестерін қосуда.

2. Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар» мақаласына талдау жасау.

«Мен көздеген жұмыстарымыздың бәрі дер уақытында және барынша тиімді жүзеге асарына сенімдімін. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады».

( Н. Ә. Назарбаев. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»)

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы Елбасының 2017 жылы 12 сәуірде жарық көрген осы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының негізінде жасалған. Онда ұлтымыздың жаңа тарихи даму кезеңінің негізгі мақсаттары көрсетілген, атап айтқанда: рухани және мәдени құндылықтарымызды сақтау және ұлғайту, әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына ену. Осы мақсаттарға жету жолына бағытталған жобалар бағдарламада толық көрсетілген.

Қазақ тілінің латын әліпбиіне біртіндеп, кезең-кезеңмен көшуі туралы жобасы тіліміздің дамуына жаңа импульс беріп, оны әлемдік кеңістікке шығаруға, сөйтіп халықты тілімізді толық меңгеруге ынталандыруға арналған. Ал 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне толық көшетін боламыз: осы уақыттан бастап барлық жазбаша дүниелер - БАҚ беттеріндегі жарияланымдардан бастап, кеңселік іс қағаздарын толтыруға дейін тек қана латын тілінде жүргізілетін болады. Оған дейін ақырын үйреніп, кириллицадан латынға біртіндеп өтетін боламыз.

«Қазақ тілінде 100 жаңа оқулық» жобасы жастарға дүние жүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік беруге, білім сапасын арттыруға және ұлттың өзіндік сана-сезімі мен оның тілін дамытуға бағытталған. Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзімен айтқанда, «біздің әлеуметтік және гуманитарлық біліміміз ұзақ жылдар бойы бір ғана ілімнің аясында шектеліп, дүниеге бір ғана көзқараспен қарауға мәжбүр болдық». Міне, осы шектіліктен арылу үшін, тарих, саясаттану, әлеуметтану, философия, психология, мәдениеттану және филология саласы бойынша әлемнің ең үздік 100 оқулығын қазақ тіліне аудару ұсынылып отыр. Бұл бағдарламаның нәтижесі 5-6 жылдан кейін - кітаптар студенттердің қолына тигеннен кейін өз жемісін бере бастайды, сол кезде отандық жоғары оқу орындарының түлектері халықаралық еңбек нарығында бәсекеге төтеп бере алатын болады деп күтілуде.

«Қазақстанның 100 жаңа есімдері» атты жобасы еліміздің түкпір-түкпірінен әртүрлі жастағы және әртүрлі ұлттардың өкілдері арасынан жоғары жетістіктерге жетіп, отандастарына үлгі боларлық тұлғаларды дүйім жұртқа таныстырады. Осы жобаға енетін 100 жаңа есім қазіргі Қазақстанның бетке ұстар бейнесі ретінде алынады.

«Қазақстанның киелі географиясы» атты жоба еліміздің тарихи-мәдени және символикалық киелі негіздеріне сүйенеді. Бұл жобаға жататын қасиетті орындар - елде туризм индустриясын дамытуға, сөйтіп халықты киелі жерлерге тартуға арналады. Сонымен қатар Елбасы өз мақаласында республикада жаппай спортты дамыту мәселелеріне де көбірек көңіл бөледі. Осы орайда аталған «Туған жер» жобасы елдегі әлеуметтік маңызы зор мәселелерді шешуге, азаматтарды өздері тұратын елді мекендерді абаттандырып, өлкені жандандыруға, дамытуға, сөйтіп жалпы қоршаған ортаны қорғауға баулуға бағытталған.

«Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы ұлттық мәдениетіміздің озық үлгілерін шетелге таныстыру жүйесін қолға алуды көздейді. Шын мәнісінде қазіргі заманғы қазақстандық мәдениетті мазмұндық жағынан да, қалыптық жағынан да ілгері дамытуға бағытталған. Осы орайда алдымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шетелдік қауым назарына ұсынылып, 2017 жылы 17-19 қазан күндері UNESCO-ның Париждегі штаб-пәтерінде онымен таныстыру рәсімі өткен болатын. Осы шара аясында шетелдік көрермен қазақстандық мәдениеттің әртүрлі бағыттарымен танысып, көптеген мәдени іс-шараларды тамашалады.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы заманауи тәуекелдіктер мен жаһандық талаптарды ескере отырып, ұлттың рухани құндылықтарын жаңғыртуға, сондай-ақ Қазақстанның заманауи әлемдегі басекелік қабілеттілігін арттыруға, ұлттық сәйкестікті сақтауға, азаматтардың мәдени білімін және сана-сезімінің жоғары екендігін дәріптеуге бағытталған. Міне, осы сапалардың барлығы қазақстандықтар сүйенетін негізге, тірекке айналуы тиіс.

«Рухани жаңғырту» бағдарламасы қоғамды шоғырландыруға, зиялы қауым мен жастарды, барлық ұлт өкілдерін Елбасы жариялаған жарқын идеяның айналасына біріктіруге мүмкіндік береді. Бағдарламаның барлық бағыттарын іске енгізу әлеуметтің, ғылыми-эксперттік қауымдастықтардың, азаматтық қоғам өкілдері мен жастардың белсенді түрде атсалысуымен жүзеге асады.

3. Абай философиясындағы адам мәселесіне талдау. Философияның негізгі зерттеу нысандарының бірі адам екені көне заманнан белгілі. Адам мәселесі - философияда толық шешімін таппаған іргелі тақырып. Ертедегі ойшылдардың адам жөніндегі, оның дүниедегі атқаратын қызметі мен алатын орны жайлы ой-толғауларына тоқталып көрейікші. Грек ойшылы Протагор: «Барлық заттың өлшемі-адам» деген қанатты сөзін тілге тиек етсе, Көне Қытай философы Лао Цзы: «Басқаларды білетін адам-ақылды, өзін танып білген адам - данышпан», - депті. Үнді философиясының, буддизм ілімі өзінің алдына адамды қиналу азабынан құтқаруды мақсат етіп қояды. Ал қазақтың ұлы данышпаны Абай: «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол» атты қанатты сөз қалдырған. Адам мәселесі және оның тарихи дамуы, философиялық тұжырымдар мен толғамдар қазақ ойшылдарын да бей-жай қалдырған емес. Адамды философиялық тұрғыдан түсінудің іргетасы осы қалыптасқан түсініктер, идеялар образдар мен ұғымдар негізінде, философия мен мифология арасындағы сұхбат нәтижесінде қаланды. Абай заманынан алыс кетсек те, даналық ойларын санамызға сіңіре отырып, оның рухани әлеміне жақындай береміз. Хәкім Абай өзінің азаматтық көзқарасын, халқының өмірін, болмыс тіршілігін, қара сөздері арқылы паш етті.

Абайдың рухани әлемі дүниетанымы ерекше бір тылсым, таптырмайтын құндылық. Оның ойшыл - дана ретіндегі философиялық орталық мәселесі адам. Абай өзінің азаматтық парызын түсініп, саналы түрде жаңа ізденістер мен ерекше әрекеттер жасап, адамтану адам болу ілімінде көп жаңалықтар ашты. Абай философиясының басты мақсаты адамды барынша жоғары денгейге жеткізіп, кемелдіктің онтологиялық-аксиологиялық мәнін ашу. Бүкіл өміріне азық етіп басқаларға да шарапатын тигізу. М. Әуезов Абайдың: «ұстаздық, әлеуметтік талабының түп мақсаты жеке адамдарды жаманшылдықтан арылтып, сол арқылы заманындағы қауым-қоғамын және бар халқын түзетіп өзгертпек болады»; - дейді. Бұл тұжырым Абайдың адамгершілік тәрбиеге, оның негізі болатын мораль философиясына орала беретін себебін ашып көрсетеді. Абай қазақтардың өткені мен бүгінін, болашағын, салт-дәстүрі мен рухани мәдениетін жетілдіру, жастарға адамгершілік тәрбие беру жолдарын тынымсыз ойлаумен өтті. Бүгінгі уақыттың талабына сай ой түйіндейтін болсақ, хакімнің ойлау мәдениеті қазақтың менталитеті, болмыс бітімі қандай, оған тән кемшіліктерді қалай жоюға болады, деген сауалдар төңірегінде өрбіді. Ол өзінің бүкіл болмысын, білімі мен өмірлік тәжірибесін, поэзия мен прозасын, ой-толғанысы мен философиясын адам бойынан таба білді. Ол кісілік қасиеті, білімі мен парасатын елдің қамын ғана емес, адамзаттың мақсат-мүддесін ойлайтын, дүниеге әлем тұрғысынан қарайтын адамды тәрбиелеуге жұмсады. Ұлы данышпанды адам өмірінің мәні, тұрмыс тіршілігі мен болмысы, ар - намысы сияқты мәселелер ерекше толғандырды. Ол былай дейді: Өлсе өлер табиғат, адам өлмес, Ол бірақ қайтып келіп, ойнап күлмес, «мені» мен «менікінің» айрылғанын, «өлді» деп ат қойыпты өнкей білмес. Өйткені, қоғамдағы құбылыстар мен процесстердің өзегі адам болмысы болып табылады. Бұл жерде «мен» деген не, «менікі» деген не, сауалдарға жауапты Абайдың өзінен табамыз. ”Мен” дегеніміз ақыл мен жан. Екеуі де рухани түп негіз. “Менікі” деп сөзді тәнге қатысты айтып отыр. Абай адам баласының жаман-жақсы қасиеттеріне терең мән беріп, философиялық ой толғауларында атап көрсетеді. Отыз сегізінші сөзінде Абай: «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар, сонан қашпақ керек дейді. Әуелі надандық, екінші еріншектік, үшіншісі зұлымдық. Үш - ақ нәрсе адамның жақсы қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орыс философиясына жалпы сипаттама
Декартта жеке модустардың сипаты болса, Спиноза ілімінде бүкіл субстанцияның қасиеті
Шығыс философиясына сипаттама
Қазақ ойшылдарының адам мен әлем мәселесі
Ғылым және ғылым философиясы
Түркі халықтарының философиясы
Ғылым таным әдістері, қалыптасу себептері
Философия тарихындағы адам мәселесі
Философия пәнінен оқу-әдістемелік кешені
Философия тарихындағы адам өміріндегі достықтың орны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz