Геоақпараттық жүйенің көмегімен талдау



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

I КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
II НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
2.1. Географиялық ақпараттық жүйе немесе геоақпараттық жүйе ұғымының анықтамасы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
2.2. Географиялық ақпараттық жүйенің қызметі мен мүмкіндіктері ... ... ... ...5
2.3. Геоақпараттық жүйенің даму тарихы мен кезеңдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... .8
2.4 Геоақпараттық жүйенің көмегімен талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..10
III ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
IV ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..13

КІРІСПЕ
Географиялық ақпараттық жүйелер (ГАЖ) -- бұл кеңістіктегі деректерді жинау, сақтау, өңдеу, талдау және бейнелеу үшін қолданылатын заманауи технологиялар жиынтығы. ГАЖ-дың басты ерекшелігі -- ақпаратты географиялық координаттармен байланыстыра отырып, әртүрлі деректерді біріктіріп, визуализациялау мүмкіндігі. Бұл жүйе тек картография саласымен ғана шектелмей, әртүрлі саладағы шешімдерді қабылдауға үлкен септігін тигізеді.
Географиялық ақпараттық жүйе (ГАЖ) - бұл кеңістіктік және олармен байланысты кеңістіктік емес мәліметтерді жинау, сақтау, өңдеу, талдау және көрсетуге арналған ақпараттық жүйе. ГАЖ-дың басты мақсаты - географиялық кеңістіктегі деректерге негізделген ақпараттар мен білімдерді алу және тиімді басқарушылық шешімдерді қабылдау мүмкіндігін қамтамасыз ету.
ГАЖ арқылы әртүрлі салаларда қолданылатын ақпараттардың жартысынан астамы кеңістіктік мәліметтерге қатысты болып келеді. Бұл мәліметтерді пайдалану кезінде объектілердің орналасуын, олардың өзара байланысын және шарттарын ескеру маңызды. Сондықтан ГАЖ кеңістіктік деректерді талдау арқылы шешім қабылдау үдерісінде маңызды рөл атқарады.
ГАЖ анықтамасындағы негізгі түсінік - кеңістіктік талдау. Бұл талдау жүйесі келесі сұрақтарға жауап береді:
- аталмыш салада не болуы мүмкін екендігіне?
- берілген шарттар жинағын қанағаттандыратын саланың қайда екендігіне?
Қазіргі заманғы ГАЖ әртүрлі тақырыптық қабаттар түрінде графикалық мәліметтерді сақтайды және объектілердің сапалық әрі сандық сипаттамаларын дерекқорларда ұйымдастырады. Осындай мәліметтер құрылымы сараптамалық мүмкіндіктерді кеңейтіп, басқару және шешім қабылдау үдерісін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.
Географиялық ақпараттық жүйе (ГАЖ), кеңістік базасының құрастырушысы және әр келкі мәліметтер мен ақпараттарды біріктірудің негізі ретінде аумақтық басқармалардағы шешімдерді қабылдаудың басты элементі болып саналады. Әлемдік тәжірибе табиғи ресурстарды, инфрақұрылымдарды, қоршаған ортаның ахуалын, жалпы аумақты тиімді басқару ГАЖ-дың ықпалына қатысты екенін көрсетіп отыр. ГАЖ өз бағытын дамыта отырып, ақпараттық технологиялармен шешілетін көптұрғыдағы мәселелерді шешуде қолданылуда.
Қазіргі уақытта табиғат байлықтарын тиімді пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне көп көңіл бөлінуде. Оларды шешу үшін табиғи компоненттерінің жағдайы жайында картографиялық, экологиялық және т.б. сандық ақпараттардың кең көлемін қолдануды талап ететін кешендік тәсілдер қажет. Ал бұл мәселелерді информатиканың дамыған әдістері мен құралдарынсыз іске асыру мүмкін емес. Бүгінгі таңда мұндай көлемдегі ақпараттарды өңдеу және танудағы ең болашағы зор әдіс компьютерлік геоақпараттық технологияларды қолдануға негізделген әдістер болып табылады. Бұл жұмыстарды геоақпараттық жүйелер құрып, арнаулы мақсаттағы қолданбалы бағдарламалардың көмегі арқылы шешеді. ГАЖ дегеніміз-табиғи және әлеуметтік-экономикалық геожүйелерді олардың құрылымын,байланысын,динамикасын,ке ғістік пен уақыттағы тіршілік етуін,географиялық білімдер мен мәліметтер банкісі негізінде компьютерлік белгілеудің көмегін зерттейтін ғылым. ГАЖ-дың мағынасы болып географиялық ортадағы кеңістік пен уақыттағы ақпараттар ағыны болып табылады. ГАЖ-дың зерттеу ідңсң ретңнде кеңістік пен уақыттағы ақпараттық үлгілеуді айтады.
Қазіргі уақытта ғылымдар жүйесінде ГАЖ технологиясы өзіне лайықты орын алуда. Оны географиялық зерттеулерді информатизациялаудың мақсаты мен міндеттерінен көруге болады. ГАЖ-дың маңызды міндеттерінің бірі-географиялық ақпараттардың синтезі мен талдауының көптеген варианттарының орындалуына көмектесетін алгоритмдер мен бағдарламалық құрал құрудағы географиялық зерттеулердің автоматтандырылуы.
ГАЖ жүйе ретінде географияны, информатиканы,ақпараттар жүйесі
теориясын біріктіре отырып,картография және басқа ғылымдар теориясының тоғысқан жерінде пайда болды. Ол таным әдісі ретінде жүйелік тұрғы ретінде электронды есептеу техникаларының ең жаңа жетістіктерін қолданып құрылған жүйе. Сондықтан қазіргі уақытта ГАЖ технологиясының пайдалануы табиғи және әлеуметтік,экономикалық үрдістер мен құбылыстарды үлгілейтін олардың байланысын,қарым-қатынасын,болашақт а дамуын болжайтын және шешім қабылдап басқаруға арналған жүйе.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Географиялық ақпараттық жүйе немесе геоақпараттық жүйе (ГАЖ) ұғымының анықтамасы

Геоақпараттық жүйе (географиялық ақпараттық жүйе, ГАЖ) - қажетті объектілер туралы кеңістіктік (географиялық) деректерді және олармен байланысты ақпаратты жинау, сақтау, талдау және графикалық визуализациялау жүйесі. Бұл кеңістіктік-координаттық деректерді жинауды, өңдеуді, картаға түсіруді және таратуды, қоғамды түгендеу, талдау, модельдеу, болжау, қоршаған ортаны басқару және аумақтық ұйымдастырумен байланысты ғылыми және қолданбалы мәселелерді шешуде оларды тиімді пайдалану үшін аумақ туралы ақпарат пен білімді біріктіруді қамтамасыз ететін аппараттық-бағдарламалық адам-машина кешені.
Әдебиетте ГАЖ-ның көптеген анықтамалары бар:
* ГАЖ-кеңістіктік деректерді қалыптастыру, жүктеу, сақтау, визуализациялау және талдау үшін қолданылатын компьютерлік жүйе;
* ГАЖ-кеңістіктік немесе географиялық, координаттармен жұмыс істеуге арналған және нүктелер, сызықтар және көпбұрыштар сияқты кеңістіктік объектілермен жұмыс істеуге арналған ақпараттық жүйе.;
* ГАЖ жүйесі, оларды кейіннен талдау мақсатында арнайы сұраулар арқылы деректерді шығарады;
* ГАЖ-бес негізгі элементтен тұратын жүйе: деректер, аппараттық құралдар, бағдарламалық қамтамасыз ету, процедуралар және оларды пайдаланатын адамдар
Жалпылама тілмен айтқанда, ГАЖ - ғаламда болып жатқан барлық құбылыстар мен нысандарды талдау мен карталауға арналған жаңашыл компьютерлік технология. Бұл технология карта ұсынатын географиялық (кеңістіктік) талдау мен толық визуализациялауға мүмкіндік берумен қатар, статистикалық талдау және сұраныс жасау сияқты дәстүрлі мәліметтер базасымен жұмыс операцияларын біріктіреді. Бұл мүмкіндіктер ГАЖ-ды басқа ақпараттық жүйелерден ерекшелендіреді, сонымен қатар, қоршаған ортадағы құбылыстар мен жағдайларға болжам жасап, талдаумен байланысты міндеттердің кең спектріне жол ашады. Басты факторлар мен себептерді, одан кейінгі оның салдарын анықтап, іс-әрекеттің стратегиялық және ағымдық шешімдерін жоспарлау да ГАЖ-дағы уникалды артықшылықтар болып табылады.
Карталарды жасау мен географиялық талдау абсолютті жаңашылдық емес. Бірақ ГАЖ технологиясы соған байланысты жалпы адамзаттың немесе белгілі бір ұйымның алдында тұрған мәселелерді шешуге ыңғайланған, жылдам, тиімді және заманға сәйкес бағытты ұсынады. Ол талдау мен болжау процедурасын автоматтандырады. ГАЖ-ды қолданысқа енгізгенге дейін географиялық ақпаратты толыққанды талдау, оған сәйкес оптималды шешімдерді қабылдау тек саланы меңгерген қоғамның белгілі бір бөлігінің ғана қолынан келген бола, қазіргі таңда арнайы құралдар мен бағыттардың арқасында бұл орта кеңейе түсуде.
Геоақпараттық жүйелердің құрылымына төрт міндетті қосалқы жүйе кіреді:
1. Мәліметтерді енгізу. Бұл жүйешік қашықтықтан зондылау немесе карта материалдарынан алынған кеңістіктік мәліметтерді енгізу мен өңдеуді жүзеге асырады;
2. Сақтау мен іздеу. Бұл сәйкес талдау мәліметтерін жедел түрде алып отыру үшін және оларды іске қосып, реттеу үшін қолданылады;
3. Өңдеу мен талдау. Бұл параметрлерді бағалауға және есептік-аналитикалық тапсырмаларды шешу үшін пайдаланылады;
4. Мәліметтерді әр түрлі формада (жергілікті орынның картасы, кестесі, суреті, блок-диаграммасы, сандық модельдері) көрсету (беру).

2.2 Географиялық ақпараттық жүйенің қызметі мен мүмкіндіктері

ГАЖ мынадай негізгі, маңызды мәселелерді шешеді:
1. Жоғары сапалы картографиялық өнімдерді құру;
2. Мәліметтер базасында ақпараттарды графикалық объектілермен байланыстыру;
3. Мәліметтердің карта, графиктік, диаграммалық сызба түрінде берілуі;
4. Кеңістіктегі мәліметтерге талдау жасау, орналасқан жерін үлгілеу;
5. Басқару мен шұғыл шешімдерге қолғабыс беру;
6. Мәліметтердің түрлі ақпараттық жүйелермен қарым - қатынас және т.б.

ГАЖ кеңістіктік сұраныстар жасап, оның анализін талдап шығарады. ГАЖ-дың мәліметтер базасында іздеулер салып, кеңістіктік сұраныстар жасауы көптеген компанияларға миллиондаған долларларды үнемдеуге мүмкіндік берді. ГАЖ-дың тұтынушылардың сұраныстарына жауап алуға, керекті іс-шараларға сәйкес келетін аумақтарды тауып беруге, әр түрлі параметрлер арасындағы байланыстарды шығаруға, электр желілерінің тұйықталған немесе ажыратылған нүктелерін анықтауға кететін уақытты қысқартуға, әрі жұмыс сапасын жақсартуға көмегі мол.
Риэлторлар геоақпараттық жүйелерді белгілі бір аумақтардағы шиферлі шатырларды, үш бөлмесі бар немесе 10 метрлік асханасы бар үйлерді анықтау сияқты құрылыстардың барлық нақты сипаттамасын алу үшін қолданады. Тіпті сұраныстар қосымша параматерлерді енгізу арқылы (мысалы, бағалық немесе құрылыс мерзімі) нақтылана алады. Белгілі бір магистральдан немесе жұмыс орнынан нақты бір қашықтықта орналасқан барлық үйлердің тізімін сұратуға да болады.
Геоақпараттық жүйелерді пайдаланатын көптеген ұйымдар оның негізгі артықшылығы өз ұйымын басқаруда бұрыннан сақталған мәліметтерді географиялық негізде біріктіріп және оларды ұйым бөлімшелерімен модификациялау арқылы жұмыс тиімділігін жақсартуға болатыны деп тапқан. Біріге қолдану мен әр түрлі бөлімдермен мәліметтер базасын тұрақты түрде жаңартып отыру әрбір функционалдық қызметтің жұмысын да, жалпы ұйымның жұмыс тиімділігін арттырады. Мысалы, инженерлік коммуникациялармен айналысатын компания компьютермен-ақ жөндеу немесе профилактикалық жұмыстарды жоспарлап, теориялық негізде жүзеге асыра алады: су құбырларының орналасуын, бағытын, физикалық сипаттамаларын, сонымен қатар, осы жұмыстар әсерін тигізуі мүмкін жақын арадағы тұрғындар туралы мәліметтер, оларды су ағымын тоқтату мерзімдерімен хабарлау, т.б.Геоақпараттық жүйе - бұл шешімдерді шығаратын арнайы құрал емес, оны қабылдауды жылдамдататын, тиімділігін арттыратын жүйе. Ол әр түрлі критерийлер бойынша жоспарлау органдарының сұраныстары, территориялық мәселелерді шешу, нысандарды оптималды түрде орналастыру бойынша сұраныстарға жауап береді. Шешімдерді қабылдауға керекті мәліметтер қосымша мәтіндік түсініктемелер, графиктер және диаграмалары бар ықшамдалған картографиялық формада берілуі мүмкін.
Геоақпараттық жүйеде карталарға ерекше мән берілген. ГАЖ-да карталарды жаса бұрыннан келе жатқан дәстүрлі қолдық немесе автоматтық картографиялаудан гөрі қарапайым келеді. Ол мәліметтер базасын құрудан басталады. Бастапқы мәліметтер көзі ретінде кәдімгі қағаз карталардың оцифровкасын қолдануға болады. ГАЖ-да жасалатын карталар үздіксіз болуы және белгілі бір масштабпен байланыстырылмауы мүмкін. Мұндай мәліметтер базасының негізінде кез келген территориядағы, масштабтағы, керекті символды белгілеу арқылы, т.б. карталарды жасап шығаруға болады. Ірі ұйымдарда құрастырылған топографиялық мәліметтер базасын басқа бөлімдермен бірге негіз ретінде қолданылады, сонымен қатар, оларды жергілікті және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Геоақпараттық жүйелердің даму тарихы
Геоақпараттық жүйелер
ГЕОАҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР КЕҢІСТІКТІК МӘЛІМЕТТЕР МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ
Геоақпараттық жүйелердің қолданылуы
География сабағында ақпараттық технологияны пайдалану.
География пәнін оқытуда ақпараттық технологияны қолдану
Ақпараттық технологияның артықшылықтары
ГАЖ геодезияда қолдану салалары
Ашық жүйелер концепциясының ГАЖ инструментальдық пакеттерінде қолданылуы
Геоақпарат жүйелері бойынша дәрістер
Пәндер