Балаларға әңгіме айтып беру
Бастауыш сыныпта көркем шығармаларды оқытудың ерекшеліктері
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
3
І
Бастауыш сыныпта көркем шығармаларды оқытудың теориялық негіздері
1.1
Бастауыш сыныпта көркем шығармаларды оқытудың педагогикалық негіздері
4
1.2
Бастауыш сыныптарда әңгімелерді оқыту жолдары
6
1.3
Оқушыларды мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш арқылы тілін дамыту
9
ІІ
КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ОҚЫТУДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ қолдану жолдары
2.1
Көркем шығармаларды оқытуда қолданылатын әдістер
14
2.2
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқушылардың көркем шығарма оқуға қызығушылығын арттырудың тиімділігі
19
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ГЛОСАРИЙ
КІРІСПЕ
Көркем шығарманы талдамас бұрын оны дауыстап оқып, дауыстап жеткізу керек. Сонда ғана шығарма балаға барынша әсер етеді.
М.А. Рыбникова.
Мектептің бастауыш сатысында тәрбиелеу үдерісі ең негізгі талаптардың бірі. Көркем шығарманың барлығы дерлік балаға өмір танытарлық қызметтерді атқарады. Айналадағы қоршаған ортаның қыр-сыры мен сын-сипатын, олардың таным әрекеттерін, есте сақтауын, қиялы мен ойлауын, сөйлеу тілін дамытады. Баланы тәрбиелеу ісіне керекті барлық іс-әрекеттер осы көркем шығармалардың үлгілерінен ала аламыз. Сол арқылы бала халықтың көркем шығармаларын оқу арқылы адам бойындағы адамгершілік қасиет оны арман-мұратына жеткізетінін, жамандық пен жат қылықтың жаманшылыққа ұшырататынына көз жеткізе алады.
Ұстаз Қажым Жұмалиевтің айтуы бойынша, көркем шығарманы оқыту бұл - оқушының сөз қадірін түсінерлік ойлау әрекетін дамыту, рухани дүниесін байыту, эстетикалық талғамын жетілдіру, адамгершілік қасиетін қалыптастыру.
Оқушы көркем шығарманы оқымай тұрып, ең алдымен оны қабылдай алуы керек. Егер оқушы қандай да бір көркем шығарманы қабылдап, зейін қойып оқитын болса, онда ол автордың жай-күйін, оның күйзелісін түсіне алып, көз алдына суреттерді елестете алады. Осы орайда, мұғалім осы сезімдердің оянуына жұмыс жасауы шарт. Яғни, бала бойындағы көркем шығармаларға деген қызығушылығын оятып, ондағы адамгершілік және эстетикалық қасиеттердің дамуы тікелей мұғалім ізденісінен жүзеге асатынын білуі керек. Егер мұғалім осы мақсаттарды көздеп, оларды жүзеге асыру үшін ең тиімді әдіс-тәсілдерді қолданып, оларды сұрыптай алатын болса, онда оқушының көркем шығарманы қабылдау белсенділігі дамиды. Көркем мәтінді оқушы қалай оқып, қалай қабылдайды, соның нәтижесінде қандай ой туады, өз көзқарасын қалай жеткізеді - бұл оқушы мен мұғалімнің бірлескен еңбегінің жемісі болмақ. Көркем шығарманы оқытып, сауатты талдауға қол жеткізу үшін автордың мақсат-мұратын, ойын білдіретін әрбір деталь, көркемдік тәсілді дәл танып, жазушы шеберлігін оқушыға дұрыс таныта білу керек.
Оқушының танымдық-шығармашылық қабілетін, ойлау белсенділігін дамытатын, салыстыру негізінде дұрыс шешім табуға жетелейтін әдістің бірі - проблемалық талдау. Ол көркем туынды негізіндегі проблеманы дәл танып, ізденіске, әдеби айтыс-тартысқа жетелейтін сұрақтар әзірлеуді қажет етеді. Сұрақ авторлық идея, проблема, кейіпкер іс-әрекеті т.б. негізінде туындайды.
Қорыта айтқанда, оқушылардың рухани дүниесін байытуда олардың бойындағы эстетикалық, көркемдік, сезімдік, интеллектуалдық, адамгершілік, азаматтық тәрбие берумен қатар, оқырмандық тұрақты ынта-ықыласты, биік талғамды қалыптастыру, әдеби мұраны және онда бейнеленген құбылысты эстетикалық қабылдауына қажетті білім және біліктілікпен қаруландыру, логикалық ойын, ауызекі және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыру болып табылады.
Зерттеудің мақсаты: оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып эстетикалық, интеллектуалдық, көркемдік, сезімдік, адамгершілік, азаматтық тәрбие беру; оқырман бойындағы тұрақты ынта - ықыласты, биік талғамды қалыптастыру; әдеби мұраны және онда бейнеленген құбылысты эстетикалық қабылдауына қажетті білім және біліктілікпен қаруландыру; сыни тұрғыдан ойлауын, ауызекі және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыру. Бір сөзбен айтқанда, жеке тұлғаны дамыту, қалыптастыру болып табылады.
Зерттеудің міндеттері:
oo оқушының - көркем шығарманы оқуға деген қызығушылығын, ынтасын ояту және жоғары эстетикалық талғам мен қажеттілікті қалыптастыру;
oo оқушының сөз өнерінің ерекшеліктерін түсініп, тануға, ой көзімен зерделеуге негіз болатын білім, білік, икем - дағдылар қалыптастыру;
oo оқушының ойын сауатты ауызша және жазбаша айта да, жаза да білу, байланыстырып сөйлеуіндегі тіл мәдениетін қалыптастыру және дамыту, сонымен қатар өзіндік ой - пікірін дәйекті, жүйелі айта білуге баулу.
Зерттеудің нысаны: көркем шығарманы оқыту арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру.
Зерттеудің әдістері: сұрау, әңгімелесу, анкета-сауалнама, интервью тест, бақылау, анализдеу т.б. әдістері және практикалык зерттеу әдістері. Сырттай бақылау әдісі де практикамызда жиі қолданылған әдістердің бірі.
І Бастауыш сыныпта көркем шығармаларды оқытудың теориялық негіздері
1.2 Бастауыш сыныпта көркем шығармаларды оқытудың педагогикалық негіздері
Әдебиеттік оқу әдістемесі - педагогикалық ғылымдар саласына жататын пән. Оның негізгі зерттеу нысаны - мектептегі әдебиеттік оқу сабақтары кезінде мұғалім мен оқушылардың бірлескен өзара қарым-қатынасы болып табылады, ол педагогика ғылымы теориясының жалпы қағида ережелеріне сүйенеді. Ж.Аймауытов жалпы дидактика барлық пәндерге тиісті оқытудың жалпы заңдары, жолдары, оқытуға қатысты мәселелер туралы сөз ететіні, ал жеке әдістеме дидактиканың жалпы ережелерін тек пәндерді оқытқанда, қалай жинастыру, қандай әдіс қолдану туралы баяндайтынын айтады. Ол сабақ беру үйреншікті жай шеберлік еместігін, ол үнемі жетілдіруді қажет ететін үнемі жаңалық табатын өнер, - деп бағалайды.
Әдебиеттік оқу пәнінің негізгі мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының көркем шығарманы сезіммен қабылдауы, түсінуі, санасында қайта жаңғырта алуы және шығармадан қабылдағанын өзінің шығармашылық әрекетінде жүзеге асыруға ұмтылуы арқылы олардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Оқушылардың әдеби сауатын ашу негізінде оларды рухани байыту, оқу дағдыларын, сонымен қатар оқырмандық біліктілігін қалыптастыру, әдеби-эстетикалық талғамын жетілдіре отырып, елжанды дара тұлғаны тәрбиелеу.
Әдебиеттік оқу пәнінің негізгі міндеттері:
1) балаларға әдеби көркем шығармаларды оқыту арқылы қазақ елінің рухани қазынасын меңгерту;
2) oлардың коммуникативтік (айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым) дағдыларын қалыптастыру;
3) ауыз әдебиетінің, әлемдік және oтандық балалар әдебиетінің oзық үлгілерімен таныстыру арқылы oқушыларға адамдардың өзара түсінісуі, сыйластық, құрмет сезімдері, адамгершілік қасиеттері, өзінің және өзгенің іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарай білуі сияқты ізгілікті қасиеттерді қалыптастыру;
4) oқу сапасын (дұрыс, түсініп, шапшаң, мәнерлеп оқу) жетілдіру;
5) oқушылардың оқырман мәдениетін қалыптастыра отырып, сөз әдебі нормаларын орынды қолдану дағдыларын меңгерту;
6) oқушылардың сыни ойлауын жетілдіру;
7) көркемдік-танымдық сипаттағы мәтіндерді өз мақсатына сай іріктеп, саралап, талдап, ой қорытындысын жасауға үйрету;
8) алған білімін өмір жағдаяттарына байланысты қолданып, дұрыс шешім жасай білуге үйрету;
Әдебиеттік оқу сабағының негізгі материалы - көркем шығарма. Көркем шығарманы талдау принципінде орта буын мен жоғары буында ұқсастық бар. Бірақ әр сынып оқушыларының жас ерекшелігіне және шеберлік, іскерлік дағдыларының сапасына қарай талдаудың да әр буында өзіндік салмағы болады.Көркем шығармаларды оқыту жеке тұлғаның, адамның рухани әлемін, оның адамгершілігін қасиетін, ойлауын, көңіл-күй сезімін, сөйлеу тілін, шығармашылық әрекет бастауларын қалыптастыруда ерекше орын алады.
Сондай-ақ көркем шығармаларды оқыған оқушы бойында биік эстетикалық талғамды, өнер туындысы, табиғаттағы, адамдар қарым-қатынасындағы үйлесім мен әсемдікті танитын, терең пайымдай алатын тұлға қалыптастырып қана қоймай, сонымен бірге оқушы көркем әдебиетке деген сүйіспеншілікті, ынта-ықыласты оята отырып, оқырман мәдениетін қалыптастыра алады.
Бастауыш мектептегі oқу сабағы аса маңызды рөл атқарады. Бастауыш сыныпта ана тілінде қоғам және ондағы адамдар туралы, сүйікті отанымыздың мейлінше бай, ата-бабаларымыздың тарихы сондай терең әрі көркем, табиғаты сұлу да әсем, сондай-ақ жануарлар дүниесі туралы деректерді оқып, үйренеді, болашақта өз-өздерін алып шығатын, өмірге қажетті сан алуан машықтарды меңгереді.Соның нәтижесінде оқушылардың келешекте жоғары сыныптарда жақсы оқуға, белгілі бір мамандыққа деген құмарлығы артып, қоғамда орны бар тұлға қалыптастырады.
Әдебиеттік оқу сабағы арқылы оқушының рухани дүниесі байиды, жай білім беріп қана қоймайды, ол өмірдің ең қымбаттысы мен ең асылы - жақсылық пен ізгіліктің ұрығын себеді. Бұл пәннің әр сабағын - адам бойындағы асқақ арман, берік сенім, әсемдік пен сұлулыққа құштарлық тәрізді ең мөлдір сенімдер мен кісілік қасиеттер туралы сырласу сабағы десе де жарасады.
Қазақтың көрнекті қайраткері, ірі тіл маманы Ахмет Байтұрсынов: Кішілік болмас үшін әр ұлт баласын әуелі өз тілінде оқытып, өз тілінің жүйесін білдіріп, жолын танытып, балалар әбден дағдыланғаннан кейін өзге тілді оқыта бастайды, - деген еді.
Бастауыш сынып оқушылары әдебиеттік оқыту сабақтарында көркем туындылардың басқа жанрларымен таныса алады. Сол себепті де заман талабына сай әрбір сабақ беру әдісін жетілдіру арқылы сабақтың сапасы мен тәрбиелік маңызын арттыру бағытында мұғалімге шығармашылық ізденісті қажет етеді.
Жас буынды төл мәдениет мәйегі мен тәрбиелеу барысында бастауыш мектеп мұғалімдерінің мүмкіндігі де, міндеттілігі де жоғары. Ендігі қажеттіліктердің бірі, мұғалімге шарт - тынымсыз шығармашылық ізденіс. Шығармашылықпен жұмыс жасауға талаптанған әрбір мұғалімге мектеп бағдарламасындағы әдебиет пәнінің әрбір тақырыбын, әрбір көркем мәтінді ұлттық тәрбиемен өзектестіре оқытуға жол ашық. Сол себепті мәтін аясында көркем образдарды талдап тану арқылы оқушының өмірлік көзқарасын қалыптастыруға, дүниетанымын дамытуға ықпал ететін әдебиеттік оқу сабақтарында халықтық мұраларды оқыту барысында білімділік, дамытушылық мақсаттарға қоса, тәрбиелік сипатына баса назар аударылған абзал.
1.2. Бастауыш сыныптарда әңгімелерді оқыту жолдары
Бастауыш мектеп балалары өте қарапайым түрде әңгімелейді және тек жай сөйлемдермен немесе көмекші сұраққа бір сөзбен ғана жауап береді. Сондықтан мұғалімнің бұл мәселеге ерекше көңіл бөлгені жөн.
Әңгімелеуге үйретуде мына жайттарды ескере кету қажет:
1. Балалардың қойылған сұраққа дұрыс, толық, нақты жауап беруі.
2. Мұғалім қолданған күрделі сөйлемдерді балаларға мағынасын ашу, қайталатқызу.
3. Өздеріне сөйлемдер құратып үйрету.
4. Сөйлемге қажетті сөздерді ойлап тауып айтуға үйрету.
5. Сөз жасау, сөзге түрлі жалғау-жұрнақтар қосып айтуға үйрету.
6. Суретті көрсете отырып және суретсіз (белгілі оқиға) әңгіме құрату.
Оқылған шығарма мазмұнын бір рет қана әңгімелету ғана балаға жеткіліксіз, оны белгілі бір уақытқа дейін қайталаған жөн. Алғашқыда шығармаға арналған суреттер бойынша, ал келесі сабақта оны әңгімелету керек.
Әңгімелесу сабақтарында бала әңгімесінің мазмұнын бақылап, оның қандай сөздерді, сөйлемдерді қолданғанын бақылау керек. Оның лексикалық қатесін түзетіп, сөйлеуінің даму ерекшелігіне қарай дұрыс әңгімелеуге бағыт беріп отыру қажет. Сондай-ақ оқушыны мақтап, мадақтап өтуіміз де керек.
Бастауыш мектептегі балалардың есту қабілеттері біркелкі жетілмейді, яғни, олар өсе келе дамып отырады. Олардың естуін дамытудың, тілін ширатудың бір жолы - кітап оқу арқылы болмақ. Мұғалім баланың сөзді ұғу қабілетін де, әңгіме кезінде белгілі бір мерзімге дейін сөзге зейін қоюын да үнемі бақылап отыруы қажет.
Мұғалім шығарманы өзінің қалай орындауына ғана көңіл бөліп балалардың зейінін назарынан тыс қалдырмауы керек. Егер балалардың көңілі басқа затқа алаңдап бастаса, тәсілді дереу өзгертіп сұрақ беріп, оқып отырған затты, не оның бейнесін көрсетіп образды нақтылап балалардың көңілін аудару шарасын жасау керек.
Мұғалім әңгімені оқығанда балалардың алдында тұруы да маңызды. Мұғалім оқығанда оқушылар естумен қатар мұғалімнің бет пішіні мен мимикасын, ым-ишарасын да байқайтын болсын. Әрине мимика мен ым-ишара сөз мәнеріне жатпайды, дегенмен, сөйлеген сөзге қосымша ажар береді, әр түрлі сезім күйілерін көрсетеді.
Мимика көркем сөз оқушының ой сезімімен байланысты көрінетін бет құбылысы оны сөздің сырттай көрінісінің мәнері ретінде ерекше қолданады.
Сөйтіп ым-ишара қосымша мәнерлеу тәсілі болып саналады, көркем сөз орындаушы бұны сөз сөйлеп тұрған кезде оқиғаның мәнді жерін айқындау үшін пайдаланады. Бірақ ым-ишараны орынсыз жерде көп қолданудан аулақ болу керек. Ең кажеттісі көркем сөз орындаушының суреттеліп отырған оқиғаға өз көзқарасын білдіретін көңіл күйін сездіретін психологиялық ишыратты жасау.
Бұл мәтіннің қосалқы сырын ашуға себебін тигізеді, оны психологиялық кідірістің орнына да қолдануға болады, оның мақсаты тыңдаушылардың назарын аударып айтылған ойдың мән мағынасын көрсету, иландыру, зердесін жеткізу.
Мимика мен ым-ишара ауызекі сөйлегенде әсерлі шығады. Шығарманы оқып болған соң балалардың алған әсері жөнініде әңгіме жүргізу - сабаққа қойылатын талаптардың негізгі бір бөлігі. Өйткені әңгімені ықыласымен тыңдаған балардың алған әсері іштеріне сақталмайды. әдетте олар әңгіме аяқталысымен ойларын бірден айтатыны белгілі. Мұғалім балалардың ойын тыңдап алған соң, өз пікірін қосады, қорытындылайды. Әңгіме не туралы айтылғанын балаларға нақтылап береді.
Мұғалім әңгімесінің ерекшелігі:
Бала есейген сайын оның танымы, тәжірибесі молая бастайды, соған орай мұғалімнің әңгімесі мазмұны жағынан күрделеніп көлемі ұлғаяды. Әңгіме айту шығармашылық жұмыс. Мұғалім жақсы әңгімеші болу үшін оны бақылап, көрген-білгенінен түйгені, білімі мол болу керек, сөйлеу мәдениетін игерген болуы тиіс. Әңгімені айтуда тек айналадағы болып жатқан өмір жаңалықтарын хабарлап қоюы жеткіліксіз. Әңгімеші тыңдаушыларына эмоциялық әсер етуі керек. Әңгімедегі іс-әрекетке оқиғаға өз көз қарасын, көңіл-күйіңді білдірумен тынбай тыңдаушыларды да бірге еліктіріп әңгімеге араластырып отыруды көздеу керек. Әңгімеші хабарлап отырған жайтқа өз көзқарасын дәл тауып айтқан сөзімен, сөз саптауымен, интоннациясымен білдіреді. Баланың түсінігіне сай мазмұнды және еліктіретін қызықты әңгіме құрау үшін жалпы мәдениеттілікпен қатар мұғалімнің ой-өрісі кең, еңбекқор, тапқырлығы да болуы шарт.
Балаларға әңгіме айтып беру.
Әңгіме айту алдында балалардың зейінін аудару қажет. Оның бірнеше тәсілі бар. Ең алдымен, балалардың өздерінің көргендеріне көңіл аударту (мұғалімнің айтайын деп тұрған әңгімесіне ұқсас оқиғаны естеріне түсіру) жөн. Бұдан соң балалардың біліміне қарай (мұғалімнің әңгімесінде айтылатын оқиғаға байланысты қысқаша әңгіме жүргізу) сурет немесе кітаптың ашық бояулы мұқабасын көрсету, әңгіме тақырыбын хабарлау сияқтыларды жүргізуге болады.
Әңгіме айтып тұрған кезінде мұғалім әлсін-әлсін әр балаға бір көз қиығын тастап отыруы керек. Сонда мұғалімнің олармен тікелей қарым-қатынас жасап отырғаны сезіледі. Алайда балалардың назарын аударып, оны аяғына дейін сақтау үшін, ең әсерлі құрал - әңгімешінің шеберлігі болып табылады. Оған лайықты тақырып таңдап алу, тартымды образдарды жасау, қызықты сюжет құру, оны қорытындылау, тілінің жатық бейнелі болып келуі жатады. Қай әңгіме болмасын мұғалім бір ғана мақсатты көздеуі тиіс. Ол, оқушыларға - рухани тәрбие беру, балалардың ой-қиялын ояту, мейірімділік, адамгершілік сезімдерін оятып, отанды сүюге тәрбиелеу.
Шығармашылық әңгіменің түрлері. Мұғалім балаларға әңгіме айтудың бірнеше түрін қолданады. Оларға өмірден көргендерін (есте қалғанын, бақылағанын немесе өз өмірлерінде болғандарын) айтып беру, көркем шығарманы түсіндіріп әңгімелеу, сурет бойынша әңгімелер жүргізу, ұлы адамдардың өмірбаяндарымен таныстыру, көркем шығарма мәтіні бойынша дайындау барысында оны қысқартып әңгімелеу, бөгде біреудің атынан айтып беру, көпшілікке арналған ғылыми мақала негізінде құралған хабарлама әңгімеге сюжет құрып айтып беру сияқтылар жатады. Осылдардың барлығы шығармашылық әңгіме болып табылады.
Өмірден көргендерін (есте қалғанын, алған әсерін) әңгімелеу. Әңгіменің бұл түрі балаларға оңайлау болып келеді, өйткені бұған тікелей сезіну, көру фактілері арқау болып жатады. Бірақ оқушы осындай әңгіме түрін сипаттау барысында мұғалім оның сөйлемдерді байланыстырып сөйлеуін, өз ойын нақты жеткізуін қадағалауы керек. Мұғалім әңгіменің бұл түрінің ең қызықтысын, балалардың жас ерекшелігіне сай келетінін, тәрбиелік мәні, маңыздысын ғана таңдайды.
Сөйлеуге үйретудің негізгі әдістерінің бірі -- мұғалімнің балаларды жетекші сөздер арқылы әңгіме қатыстыра білуі.
Оқылған шығарма мазмұнын әңгімелеп беруге үйретуде мұғалім шығарма мазмұнына сай сұрақтар бере білуі керек.
Мұғалім балалардың әңгімелеріндегі кейбір фактілерді толықтырып отыруға тиісті.
1.3. Мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштарды оқыту арқылы балалардың тілін дамыту
Бастауыш сынып оқушыларның ауызша тілін дамыту мақсатында әңгіме, мәтінмен жүргізілетін жұмыстардан бөлек, мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштармен жұмыс жүргізудің де орны ерекше. Бастауыш сыныпқа өтпестен бұрын, балабақшада бала біршама мақал-мәтелмен, жұмбақтармен таныс болады.
Біздің байырғы қазақ халқы бұрынғы кезден ақ көркем сөз бейнелігіне, тіл мәдениетіне сөздің әсерлігіне ертеден-ақ үлкен маңыз берген. Адамдар арасындағы қатынасқа сөздің рөлін жоғары бағалаған ата-бабамыз жастарды тәрбиелеуге сөздің маңызын сөз бейнелігін орынды қолданудағы даналық ой-пікірлерін өсиет етіп, насихат қалдырған. Бұл ой-пікірлер мақал-мәтел арқылы қалыптасып, біздің заманымызға жеткен. Сол себепті де ата-бабаларымыз қалдырған мұраларды көз қарашығымыздай сақтап, оның келесі бір ұрпаққа жетуін қамтамасыз етуіміз тиіс. Бастауыш сынып оқушылары жас ерекшеліктерін ескерсек, мақал-мәтелдің айтылу орамдылығы, тілге үйіріле кететіндігі, ұшқырлығы оларды қызықтырады. Олай болса, мақал - мәтелдерді үйретуде мұғалім белгілі көздеген мақсатты іске асыра алады.
Ахмет Байтұрсынов өз әліппесінде мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштарды бала тілін дамытудың өте қажетті құралдары ретінде тани білген. Оларды өте орынды , белгілі жүйемен орналастырып пайдаланған. Халық өмірінің ой қорытындысы болып келген мақал-мәтелдер- ұрпақтар үшін үлкен тәрбие құралы. Мысалы, 3 сынып оқулығында Еңбек ер атандырады, Байлықтың атасы-еңбек, анасы-жер, Еңбек еткен емеді т.б. еңбекке арналған мақал-мәтелдер оқулықтан оқытылады. Мұндағы терең мағыналы ой-пікірлер мәтіндердің мазмұнымен байланысып, тақырып тынысын кеңейте түседі. Немесе, Батыр туса-ел ырысы, жаңбыр жауса жер ырысы, Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі, Өзің өлсең де, жолдасыңды жауға берме т.б. осы мақал-мәтелдерді оқушыларға оқыту арқылы олардың бойындағы батырлықты, ерлікті тудыратын сезімдерді аша аламыз.
Мақал-мәтелдердің бейнелілігі , ондағы ойдың ықшамдылығы, тереңдігі мұғалімнің оны талдау мақсатындағы жүргізген әңгімесі арқылы ашылады. Бұлар оқушыларды жаман қасиет, қылықтардан сақтану керектігін, жақсы қасиетке үйіп болуға шақырады. Өмірде ізі қалған жақсы кісілердің өнегелі өміріндегі эстететикалық қасиетін ашып, оны оқушылар бойына сіңіртуге ықпал жасайды. Әр мақал-мәтелдің мағынасын таңдағанда ғана оқушы көңіліне қонымды, оның жасерекшелігіне сай, мәтін мазмұны түсінікті болуы керек. Қазақтың мақал-мәтелдері, жұмбақтары мен жаңылтпаштары бүгінгі бастауыш сыныптарға арналған Ана тілі оқулығында әр тарау, әр мәтіннің мазмұнына қарай берілген. Мақал-мәтелдер жағынан әр алуан, саны жағынан көп. Мақал-мәтелдермен бірге көптеген ғалымдардың, сонымен қатар жазушылардың нақыл сөзге айналып кеткен сөздері де терілген. Ал сол мақалдардың мәтіннің ішінен орын алуына, яғни оның пысықталуына, іске қосылуына келсек, ол әрқашан жүйелі сақталады деп айта алмаймыз. Мақал-мәтелдердің өз деңгейінде балалардың тіл дамытуына үлес қосары сөзсіз. Мақал-мәтелдермен төменгі сынып оқушылары балабақшаның ересектер тобында және даярлық тобындағы тіл дамыту бағдарламасы бойынша таныстырылады. Ал осы мақал-мәтелдер бастауыштың 1-4 сыныптарында жүйелі түрде жалғастырылуы керек. Солай бола тұрса да , көп ретте мақал-мәтелдердің төменгі сынып оқушыларының ауызша тілін дамыту құралы екендігі ескеріле бермейді.
Бастауыш сынып оқушыларын мақал-мәтелдерді үйрету арқылы оқушылардың ауызша тілін дамыту жұмысы жүйесіз, бей берекетсіз, белгілі бір арнаға негізделмей істеле салатын жұмысқа жатпайды. Бастауыш сынып - балалардың сөздік қорының байитын кезі. Олай болса, тіл тазалығы, ой дәлдігінің атадан балаға мирас болып келе жатқан үлгілердің бірі - мақал-мәтелдерді меңгерту ісі де бастауыш сынып оқушыларының психологиялық еркешелігі, ана тілі оқулықтарында мәтінге қойылатын ортақ дидактикалық талаптардың мазмұны мақал-мәтелге де қатысты. Мақал-мәтелдерде халық сөзді барынша үнемдеп қолданған, кейде сөз тасталынып, кейде сөйлемдер ығысады. Сабақтарымызда, біздер оқушыға мақал-мәтел үлгілерінде қай сөз ықшамдалған, қай сөз біріңғай түрде айтылғандықтарын сұрай қою арқылы тапқызып, сөзді мақал мазмұнына сай қолдана алу дағдыларын да қалыптастыруға көңіл бөлуіміз керек. Мысалы, ақыл жастан, асыл тастан деген мақалында қимылды білдіретін шығады сөзінің түсіп қалғанын, Өзім білем өрге апармас деген мақалда дегенің сөзін қосуға болатындығын т.с.сияқты оқушылар өздері ойлап тауып жатады. Мақал -мәтелдердің тура және ауыспалы мағынада қолданылатындығы белгілі.
Мақал-мәтелдердің өмірлік құбылыстар адамдардың арасындағы қарым-қатынасы, іс-әрекеті туралы пікір бейнелі түрде беріледі. Ондағы айтылмақшы ой көп жағдайда астарлы түрде болады. Олай болса, бастауыш сынып оқушыларына бұл жайдың біраз қиындық келтіретінін ескеру керек. Әрине, ешбір астар, тұспалы жоқ мақалдарды сұрыптау қиын. Солай бола тұрса да, бірінші сынып оқушыларына ешқандай астар, ауыспалы мағына жоқ, ой ашық айтылған, оқушылар мағынасын тез түсініп алатын мақал-мәтелдерді үйреткен жөн. Мәтелдерден гөрі таза таза мақал нұсқаларын оқулыққа көбірек беру керек деген ойдамын. Мақал-мәтелдерді оқыту, жаттату бастауыш сынып оқушыларының оқуда жіберілетіні С.Рахметова өз еңбегінде көрсеткен қателердің көпшілігін түзетуге мүмкіндік жасайды. Мысалы, мақалдарға поэзияға тән саз, ырғақ, интонация болса, дыбыс үндестігінің үйлесімі бар екенін ұмытпаған жөн. Еңбек еткен емеді, Ер дәулеті-еңбек. Мысалы, біріңғай жіңішке, немесе жуан, еріндік дауысты дыбыстардың үйлесімдегі жеке сөздерді, сөз бен сөздің байланысын дұрыс оқуға көмегін септігін тигізеді. Республикамызда қазіргі әлеуметтік жағдайында ұлттық дәстүр негізінде білім беру мәселесі көтеріліп жатыр. Бұл тұрғыдан алғанда оқушылардың мақал-мәтел үлгілерін мол, көп білуі керек дүниенің бірі. Бірақ бастауыш сынып оқушысы үшін кез-келген мақал- мәтелдерді үйрету арқылы тіл дамыту жұмысында жетістікке жетеміз деген қате пікір. Сондықтан, 1-сыныпта балабақшаның даярлық сыныбындағы бағдарламаның мазмұнын ескеру, онда қандай мақалдарды үйренді дегенді, 2-сынып оқулығында 1-сынып көлеміндегі үйретілген мақал мәтелдердің санын , тақырыптық үлгілерін , тіпті құрылымдық үлгілерін де еске алу керек сияқты. Осылайша, әр сыныпта мақал-мәтелдерді үйрету сатылы түрде жеңілден-ауырға, белгіліден-белгісізге т.б. сияқты принциптерді сақтай жүргізілгені жөн болар еді.
Мақалдармен жүргізілетін жұмыстың бірнеше түрі бар:
1. Мақалды үстеу.
2. Мақал мазмұны бойынша жұмыс.
3. Мақалды сөйлеу әрекетінде қолдану.
Мұғалім тақтақа бір мақалды жазады делік. Алдымен оны мұғалім өзі оқиды. Сонан соң оқушылар қайталайды. Түсіндіру кезінде алдымен кейбір сөздерінің мазмұнын ашатын синонимдерді қолдансақ болады. Мақалдың мағынасын ашу кейде қиындық туғызады. Бұл мұғаліммен сөйлесуге жағдайын ұсыну арқылы түсіндіруді қажет етеді. Мысалы: мақалдың құрамында жиі кездесетін ырыс, несібе, құт сөздерінің мағынасын ұлттық сипатта түсіндіру қажет. Өйткені, бұл сөздердің аудармасы мағынасын дәл ашып бере алмайды. Мысалы:
1. Отан оттан да ыстық
2. Батыр туса-ел ырысы, жаңбыр жауса-жер ырысы.
3. Байлық-мұрат емес, кедейлік ұят емес.
Ауызекі сөйлеу тілін жақсы меңгерген, оған жаттыққан оқушы өз ойын жазбаша жұмыс арқылы жүйелі әрі нақты жеткізе алады. Сондықтан бұл екі үрдіс бір-бірімен бірлікте, тығыз байланыста жұмыс жүргізгенде ғана дұрыс нәтижесін береді. Тіл дамытуға арналған жұмыстардың барлығы оқушылардың тіл байлығын, білім деңгейін, сана сезімін, сауаттылығын дамытуға көмегі зор.
Төменгі сыныптарда оқушылардың ауызг екі тілін дамытуда мақал- мәтелдермен қатар жұмбақтарды да пайдалану тиімді болып келеді. Жұмбақтардың қамтымайтын тақырыбы жоқ деуге де болады. Баланың өзін қоршаған айналасындағы белгілі заттардан бастап, су, жер, отан, табиғат, аспан әлемі, еңбек, өнер-білім бәрі де жұмбақтар мазмұны қамтылатын болып келеді. Жұмбақ - қазақ халқымыздың ауыз әдебиетінің өте ертеден келе жатқан түрі. Кіші жастағы баланың ой өрісін, дүние тануын дамытуға, салыстыру, ұқсату, арқылы зат, құбылыстардың белгісін танып, оны ауызша тілмен суреттеп жеткізуге жұмбақтадың мүмкіншілігі мол. Сонымен бірге баланы ақыл ойын, қиялын дамыту, тапқырлық тікелей жұмбақтармен байланысты.
Халықтың жұмбақ ішіндегі сөз қылған заттарды әрдайым бір қалыпты қатып тұрған зат болмайды. Бір нәрсені істеуші, белгілі бір міндетті атқарушы, үнемі қозғалыс, қимыл, әрекет үстіндегі заттар болады. Бұнда көп мағына бар екенін жеткізіп тұр. Дүниені еңбек арқылы танитын еңбек адамы өзінің заттарын да, маңайдағы жанды жансыз дүниені де осындай әрекеті арқылы таниды. Сол арқылы еске алады,- деді академик М.Әуезов. Жұмбақ үлгілері А.Байтұрсыновтың әліппелерінде кеңінен орын алған, онда жылдың мезгілдері, табиғат құбылыстары, адамның дене мүшелері атаулары жайлы жұмбақтар берілген.
Кіші жас оқушылары үшін жұмбақтың оқушылардың ауызша тілін дамытудағы орнын дұрыс бағалай білу керек. Жұмбақ мәтінің оқытқызу, оны жаттату, оның шешімін, жұмбақты болып тұрған зат белгілерін көз алдына елестеті, салыстыру арқылы ауызша тілін дамыту, заттың әр белгісін ауызша айттыру, тіл дамыту ісі жүргізіледі.
Жұмбақтарды шешу үшін оқушылармен сөздік жұмысын жүргізудің тіл дамыту үшін маңызы бар, себебі ондағы кейбір сөздердің мағынасы ашылады. Бұл оқушылардың сөздік лексикалық мағынасына түсінуіне және олардың сөздік қорының молаюына ықпал жасайды.
Жұмбақты ерекше мәтін үлгісі ретінде оқуға көңіл бөлінуі керек. Жұмбақ алдымен дұрыс оқытылуға тиіс, мәнерлеп оқытылуы керек, еркеше интонациямен оқытылуы керек. Мысалы, жұмбақ аса бір құпиялық сөзбен оқытылып, оның шешуін іздеуге оқушы зейінін аударатындай екпінмен оқытылуы қажет.
Жұмбақта белгісіз затқа немесе табиғат құбылысына ғана тән, бір белгі немесе қасиеті көрсетіледі. Оқушы ойы осы белгі немесе қасиетті иеленетін затты табуға бағытталады. Оқушылар заттарды салыстырып, өз пікірін дәлелдеудің қарапайым түріне үйретеді, зеректілікке баулиды. Жұмбақ шешімін табу мақсаты оқушыны оқылған жұмбақ мәтінін түсініп оқу арқылы ғана іске асатынына көзін жеткізеді.
Төменгі сынып еркін меңгеріп, көбін ауызша жатқа айтуға үйреніп келеді. Ал осы үлгілері бастауыш сынып оқушыларын ауызша тілін дамытуда үзбей, мазмұнды түрде жүргізуге мүмкіндік беретін-жаңылпаштар. Мұғалім оқушының ауызша тілін дамыту процесіндегі мұғалімдердің күнделікті іс тәжірибелерінде жаңылпаштар, мақал-мәтелдер, жұмбақтар сияқты кеңінен қолданылып жүр дей алмаймыз. Жаңылпаштардың оқушы тілін дамытуға мол қазына екендігін А.Байтұрсынов қарастырған әліппеден көруге болады.
Жаңылтпаш - халық фольклорының әзіл жанры, шағын өзіндік өлең. Жаңылтпаштар өлеңдерден сөздердегі ұқсас және айтылуы қиын дыбыстар мен әріптердің тіркесі мен орын алмастыруына негізделетіндігімен ерекшеленеді. Жаңылтпаштардың авторы - халық. Бұрын жаңылтпаштар балаларды күлдіру және ойнату үшін ойлап табылатын. Заманауи Қазақстанда қазақша жаңылтпаштарды оқытушылар мен логопедтер мектепке дейінгі және ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz