Жерге орналастыру туралы түсінік


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Шет елдердегі жерге орналастырудың тарихи кезеңдері

МАЗМҰНЫ

I Кіріспе . . . 3

II Негізгі бөлім . . . 5

2. 1. Жерге орналастыру туралы түсінік . . . 5

2. 2 Жерге орналастырудың даму тарихы . . . 5

2. 3 Шет елдердегі жерге орналастырудың тарихи кезеңдері . . . 6

III Қорытынды . . . 10

IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 11

КІРІСПЕ

Қазіргі таңда ауыл шаруашылық өндірісіті дамыту кезінде еліміздің жер ресурстарын ұтымды және интенсивті түрде пайдалану ең маңызды мәселе болып саналады. Осыған сай қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыруға негізделген жалпы шаралар жүйесінде жер ресурстарын пайдалануды жақсарту ең алдыңғы жоспар ретінде танылады. Жер ресурстарын тиімді пайдалану проблемасы шаруашылық жүргізудің барлық нысандарын тең құқықпен дамыту барысында жер пайдалану мен топырақ құнарлығын арттыру шараларының толық кешенінен тұрады.

Қазақстан Республикасының Жер Кодексінде жерге орналастыру Қазақстан Республикасы жер заңдарының орындалуын қамтамасыз ететін және жер қатынастарын реттеуге, жерді ұтымды пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған іс-шаралар жүйесі екені көрсетіледі.

Жерге орналастыру - жерді тиімді пайдалануды ұйымдастыру мен қорғауға, нақтылы табиғи, экономикалық, мелиоративтік, агротехникалық, әлеуметтік және басқада шарттарды ескере отыруға, қолайлы экологиялық орта жасауға және шаруашылық жүргізудің барлық нысандарын тең құқықпен дамытуға бағытталған шаралар жүйесі.

Жерге орналастырудың мазмұны мен формалары жерге орналастыру әрекеттерімен құрылады және шаруашылық жүргізудің барлық нысандары мен жерді иеленудің әртүрлі түрлерімен анықталады. Осыған орай мұнда жер өндірістің негізгі құралы және тауары ретінде қызмет етеді, сондықтан жерге орналастыру негізінен көп нысанды экономиканың талаптары сай міндеттерін анықтайтын әлеуметті-экономикалық проблема болып қаралады.

Ауыл шаруашылық кәсіпорындарының жер пайдалану мен жер иеленуінің жалпы шарттары мынаған тұжырымдалады: әр шаруашылықтың жер массивінің қоршаған табиғи ортаның бір бөлігі ретінде қызмет етуін анықтайтын жер, еңбек және материалды-техникалық ресурстарын, сонымен қатар қалыптасқан экологиялық байланыстар сәйкестілігін қамтамасыз ету болып саналады.

Жерге орналастыру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу нәтижесiнде белгiленген, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен қаралған және бекiтiлген жердiң нысаналы мақсаты, жердi пайдалану мен оны қорғау режимi, шектеулер мен ауыртпалықтар, жер учаскелерiнiң шекарасы, жердiң сапасы мен мөлшерi туралы деректер және басқа да деректер жер құқығы қатынастары субъектiлерiнiң орындауы үшiн мiндеттi болып табылады.

Жерге орналастыру құрылымы келесі мәселелерді қамтиды:

- Жер қорын пайдалануды, жерге орналастыруды, жерді бөліп беру жұмыстарын экологияны қорғау және қолайлы жағдай туғызу шараларын ескере отырып жүргізу;

- кенттердің, қалалардың шекараларын белгілеп, жаңарту, анықталған жаңа ақпараттар болған жағдайда жерге орналастыру жобаларына енгізу;

- пайдалану үстіндегі жер телімдерін реттеу, қайта тексеру, нақты орналасқан жерлерін белгілеу, шаруашылықтың түрлері бойынша жерлерді пайдалануға беру жұмыстары;

- ерекше қорғаудағы жер телімдерінің шекараларын шығару, бүлінген жерлерді жаңғырту;

- жерді түгендеуді іске асыру.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Жерге орналастыру туралы түсінік

Жерге орналастыру - мемлекеттегі жер қатынастарын, жерді пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған іс-шаралар жүйесі. Жерге орналастыру жұмыстары: жерді аймаққа бөлудің республикалық, облыстық, және аймақтық жобалары мен жер ресурстарын пайдалану, жақсарту және қорғау бағдарламаларын әзірлеуді; жер пайдалану ісін жолға қою мен ретке келтіру жөнінде шаруашылықаралық жобалар жасауды; жер учаскесіне меншік құқығына және жер пайдалану құқығына құжаттар дайындауды; орналасқан жерінде елді мекендердің шекарасын анықтау мен белгілеуді; әкімшілік-аумақтық құрылымдардың, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және жерді пайдалану мен қорғаудың ерекше жағдайлары бар басқа да жер учаскелерінің шекараларын белгілеуді; бүлінген жерлерді жаңғырту мен жаңа жерді игеру жобалары жатады.

Сондай-ақ, жерді пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да жобаларды әзірлеуді; жерді есепке алу ісін жүргізуді, пайдаланылмай жатқан, ұтымды пайдаланылмай жүрген немесе нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмай отырған жерді анықтауды; топографиялық, геодезиялық, картографиялық, топырақтық, геоботаникалық және басқа да зерттеу мен іздестіру жұмыстарын жүргізуді; жер кадастры мен жер мониторингін жүргізуді; жер ресурстарының жай-күйі мен пайдаланудың кадастрлық және тақырыптық карталары мен атластарын жасауды; жер-бағалау жұмыстарын жүргізуді қамтиды. Жерге орналастыру атқарушы органдардың шешімі не меншік иесінің, жер пайдаланушылардың өтініші бойынша жүргізіледі. Мемлекеттік меншіктегі жерден жеке меншікке немесе жер пайдалануға жер учаскелерін бөлуге, сатуға және бағалауға байланысты жерге орналастыру жұмыстары, сондай-ақ, әкімшілік құрылымдардың шекараларын белгілеу, жер кадастрын жүргізу және жерді есепке алу жөніндегі жұмыстар мемлекет тарапынан ғана жүзеге асырылады.

Жерге орналастыру келесі мəселелерді қамтиды жəне қамтамасыз етеді:

1) ландшафтық-экологиялық негізде жерге орналастырудың, жерді аймақтарға бөлудің республикалық, облыстық жəне аймақтық сызбанұсқаларын (жобаларын) жəне жер ресурстарын пайдалану, жақсарту жəне қорғау бағдарламаларын əзірлеуді;

2) қолданыстағы жер пайдалануды қалыптастыру жəне ретке келтіру жөніндегі шаруашылық аралық жерге орналастыру жобаларын жасауды, белгілі бір жерде жер учаскелерін бөліп беру мен шекарасын белгілеуді;

3) белгілі бір жерде елді мекендердің шекарасын (шегін) анықтау мен белгілеуді, олардың жер-шаруашылық орналастыру жобаларын жасауды;

4) белгiлi бір жерде əкімшілік-аумақтық құрылымдардың, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жəне жерді пайдалану мен қорғаудың ерекше шарттары бар басқа да жер учаскелерінің шекарасын белгілеуді;

5) жерге орналастыру, бүлінген жерді жаңғырту мен жаңа жерді игеру жобаларын, сондай-ақ жерді пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да жобаларды əзірлеуді;

6) жерді түгендеу ісін жүргізуді, пайдаланылмай жатқан, ұтымды пайдаланылмай жүрген немесе нысаналы мақсатында пайдаланылмай отырған жерді анықтауды;

7) топографиялық-геодезиялық, картографиялық, топырақты зерттеу, геоботаникалық жəне басқа да зерттеу мен іздестіру жұмыстарын жүргізуді; 8) жер ресурстарының жай-күйi мен пайдаланылуының тақырыптық карталары мен атластарын жасауды қамтиды жəне қамтамасыз етеді.

Жерге орналастырудың даму тарихы

ХХ ғасырдың басында, жердің көбі жекеменшікте болған кезде шаруа ұжымдарының, шаруа жекеменшігінің отрубтық жəне қыстақтық жерлерінде жəне помещиктердің жəне басқа жерлердің шекаралары өте дəл аналитикалық тəсілмен жасалған.

Жерге орналастыру жұмыстары көбінесе жер бөлудің математикалық жəне геодезиялық тəсілдерін қолдану жəне жерді пайдалану құқығы заңмен бекітілген жұмыстарды орындаумен шектелген. Революцияға дейінгі жерге орналастыру жұмыстары жоғарғы айтылған тəсілдермен орындалған. Үлкен жер пайдаланушылар, ұжымшарлар мен кеңшарлардың жер пайдаланулары пайда болған кезден бастап жерге орналастыру ғылымы өте тез дами бастады, ал жерге орналастыруды жобалау, осы жұмыстардың құралы ретінде, өте тез дами бастады. Техни каны адамдардың ұжымдық бірлестік еңбегін тиімді пайдалану жəне ірі жер аумағын ұтымды пайдалану үшін жерге орналастыру жұмыстарының жаңа тəсілдерін ойлап табу керек болды.

Шекараларды жер бетінде белгілеу, планға түсіру жəне жер пайдалану құқығын бекітетін актілермен қамтамасыз ету, яғни техникалық жəне құқықтық аспектілерімен бірге экономикалық жəне қоғамдық мəселелерді шешу үшін болды: жаңа ұжымшарлар мен кеңшарлардың шаруашылық орталықтарын, өндіріс бөлімшелерін орналастыру жəне ұйымдастыру, ауылшаруашылық алқаптарының түрлерін жəне құрылымын жарамды түрге келтіру, дұрыс ауыспалы егістіктерді енгізу жəне т. б. Шаруашылық аралық жəне ішкі шаруашылық жерге орналастыру пайда болды. Осы жұмыстарды орындау үшін ғылымның мəнін көтеру керек болды.

Жерге орналастыру жұмыстарында жəне ғылымында қоғамдық-экономикалық бағыт жер өлшеу, техникалық (геодезиялық) жұмыстардан басым бола бастады. Жерге орналастырудың ұжымшарлар мен кеңшарлардың (1932-1938ж. ) кезеңінде ғалымдардың арасынан көп еңбек сіңірген ғалымдарды атап кетейік: И. Д. Шулейкин, Н. В. Бочков, С. А. Удачин, Н. Н. Бурихин жəне т. б. Кейінгі кездегі ғалымдардың арасынан М. А. Гендельман, Е. Д. Тихомирова, Э. А. Шойхет, М. Д. Спектор, Я. Я. Мауль, Л. И. Подольский, С. Н. Волков, А. А. Варламов, П. С. Шевченко, Ж. Т. Сейфуллин Н. Л. Озеранская, Э. В. Белоусова жəне Ж. К. Қырықбаевтарды атауға болады. Кеңес үкіметі кезінде жерге орналастыру ғылымының жалпы теориясы жақсы дамыды: яғни табиғаттық аймақтардың, экономикалық аудандардың ерекшеліктерін ескеретін жерге орналастыру жұмыстарының жаңа əдістері алға қарыштады. Жерге орналастыру мынадай жұмыстармен жəне ғылымдармен өте тығыз байланыста орындалады: жерді инженерлік-техникалық жабдықтау, жердің құнарлығын бағалау, ауылшаруашылықтық карта жасау, аудандық ауыл шаруашылық пландау, келешек жоспарлау, көп жылдық болжау, мелиорациялау, агроорман мелиорациясы, елді мекенді планды жоспарлау.

Шет елдердегі жерге орналастырудың тарихи кезеңдері

Жерді жалпы қабылданған мағынасы бойынша кеңістік ресурсы (аумақ) деп қарастырады, ал заң түрінд жылжымайтын мүлік атрибуты немесе белгісі (жеке мекшік институты болған жағдайда) . Сонымен қатар мағынаны жеке меншіктегі жер, табиғат ресурстары, ғимарат және құрылыстар деп түсініледі. Жылжымайтын мүліктің құқықтық жағынан ерекшеліктері: иеленудің жариялығы және заң жүзінде жерді тәсілі мен басқа да жылжымайтын мүлікке бекітілген қоғамдық бақылау. Көптеген шетелдерде иелену жариялығы арнаулы тіркеу жүйесімен - жер кадастрымен қамтамасыз етіл қатар жерге деген меншік құқығын мемлекеттік тіркеу жүйесі қолдайды.

Шет елдердегі жерге орналастырудың даму тарихы жер ресурстарын басқару, реттеу және тиімді пайдалану әдістерінің эволюциясын көрсетеді. Бұл процесс әр түрлі тарихи, экономикалық және әлеуметтік жағдайларға байланысты өзгеріп отырды. Әр кезеңде жаңа технологиялар, саяси реформалар және экономикалық қажеттіліктер жерге орналастыру жүйелеріне ықпал етті.

Жерге орналастыру тарихы мыңдаған жылдарға созылады және әртүрлі кезеңдер мен мәдениеттерде дамыды. Оның негізгі кезеңдері мыналар:

1. Ежелгі дәуір

Жерге орналастырудың алғашқы белгілері ежелгі өркениеттерде пайда болды. Адамдар жер ресурстарын басқару және бөлу қажеттілігін ерте кезеңдерден-ақ түсінген. Бұл кезеңдегі жерге орналастырудың негізгі мақсаты жерді ауыл шаруашылығы үшін тиімді пайдалану болды.

  • Мысыр:Ежелгі Мысырда жерге орналастыру су тасқындарының әсерінен қалыптасты. Жыл сайынғы Ніл тасқыны жердің шекараларын өзгертіп отырғандықтан, жер өлшеу және орналастыру маңызды процесс болды. Мысырлықтар жердің нақты көлемін өлшеу үшін арнайы геодезиялық құралдарды пайдаланды.
  • Рим:Ежелгі Римде жерге орналастыру жүйесі жоғары деңгейде дамыды. Жер меншік құқығы заңмен реттелді, жерге меншік құқығы жазбаша түрде тіркеліп, меншік иелерінің құқықтары сақталды. Римде жерге байланысты дауларды шешу үшін арнайы соттар болды.
2. Ортағасырлар

Ортағасырларда жерге орналастыру феодалдық жүйемен тығыз байланысты болды. Бұл кезеңде жер ең негізгі байлық көзі болып саналды, және жерге меншік көбінесе ақсүйектер мен шіркеулердің қолында болды.

  • Феодалдық жүйе:Еуропада жер феодалдардың меншігі болды, ал шаруалар жерді жалға алып, оны өңдеді. Жерге орналастыру шаруалардың қандай көлемде жерді пайдаланатынын анықтап, олардың міндеттемелерін реттейтін құрал болды. Феодалдық кезеңде жер карталары мен шекараларды анықтау маңызды болмады, өйткені жер көбінесе ауызша келісімдер бойынша басқарылды.
3. Қайта өрлеу дәуірі және Жаңа заман

Жаңа заманның басталуымен жерге орналастыру жүйелерінде түбегейлі өзгерістер болды. Экономикалық дамуға байланысты жердің құны артты, сондықтан оны тиімді басқару қажеттілігі туындады. Бұл кезеңде жерге меншік құқығын қорғау және жерді тиімді пайдалану мақсатында кадастрлық жүйелер дами бастады.

  • Франция:Француз революциясынан кейін (1789 жыл) жерге орналастыру жүйесі қайта қаралды. Феодалдық жер қатынастары жойылып, жерді жеке меншікке беру процесі басталды. Жерге меншік құқығы заңнамалық негізде бекітіліп, оны тіркеу мен есепке алу жүйесі қалыптасты. Бұл кадастрлық жүйелердің дамуына ықпал етті.
  • Англия:Англияда жерге орналастыру процесі«Enclosure Movement»(Жерді қоршау қозғалысы) арқылы жүзеге асты. Бұл қозғалыс барысында ортағасырлық қоғамдық жерлер жеке меншікке беріліп, жекеменшік егістіктерге айналды. Жердің шекаралары нақты анықталып, кадастрлар құрылды.
4. Индустрияландыру кезеңі

Индустриялық революция кезеңінде жерге орналастырудың маңызы одан әрі арта түсті. Экономикалық өсімге байланысты жерді тиімді пайдалану және оны басқару мәселелері алдыңғы орынға шықты.

  • Германия:Германияда кадастрлық жүйелер 19 ғасырда дами бастады. Жердің шекараларын анықтау және кадастрлық карталарды жасау міндетті болды. Жерге меншік құқығын қорғау үшін әрбір учаске туралы мәліметтер арнайы кадастрлық тізілімдерде сақталып, жерді пайдалануды оңтайландыру мақсатында реформалар жүргізілді.
  • АҚШ:АҚШ-та 19 ғасырда батысқа қарай кеңею және жаңа жерлерді игеру процесі барысында жерге орналастыру маңызды рөл атқарды. Homestead Act(1862 ж. ) сияқты заңдар жерді тегін немесе арзан бағамен халыққа беруді реттеді. Осылайша, жаңа жерлерге меншік құқығын орнату және оларды тіркеу үшін кадастрлық жүйелер дамыды.
5. Қазіргі заман ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жерге орналастыруды жобалау
Жерді табиғи – ауылшаруашылық аймақтарға бөлу
Жер құқық қатынастары. ҚР-ның жер нарығы туралы түсінік
Жер кадастрлық мәліметтердің мазмұнын
Шаруашылық жерге орналастыру жайында жалпы түсінік
Жер құқығы және түсінігі
Сырымбет ауылдық округінің жерге орналастыру тәжірибесін зерттеу
Жерге орналастыруды жобалаудың жалпы принциптері
Егістік жерлерді орналастыру
Геодезиялық әдіспен шекара қоюдың әдістемелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz