Мұнайды дистилляциялау қондырғысының технологиялық параметрлерін автоматты бақылау


Ф. 7. 11-19
Тапалов Т., Джаналиев Б. М., Байгабылова Д. К.
Технологиялық өлшеулер мен құралдар
пәнінің курстық жұмыстарына арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Шымкент -2022 ж.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Коммерциялық емес акционерлік қоғам
«М. ӘУЕЗОВ атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті»
Автоматтандыру, телекоммуникация және басқару кафедрасы
Тапалов Т., Джаналиев Б. М., Байгабылова Д. К.
Технологиялық өлшеу мен құралдар
пәніне курстық жабаға
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
6В07110 «Автоматтандыру мен басқару»
мамандықтарына арналған
Оқудың түрі: күдізгі
Шымкент -2022 ж.
ӘОЖ 551. 5
Құрастырушы: Тапалов Т., Джаналиев Б. М., Байгабылова Д. К.
«Технологиялық өлшеулер мен құралдар», пәнінің курстық жобаларына арналған әдістемелік нұсқаулар. Толықтырылған, қайта өңделген, . - Шымкент: М. Әуезов атындағы ОҚУ. ; 2022. - 84 б. ил.
Әдістемелік нұсқаулар «Технологиялық өлшеулер мен құралдар», пәнінің оқу бағдарламасына сәйкес құрастырылған және курстық жобаны орындауға барлық мәліметтер жинастырылған.
Әдістемелік нұсқаулар 6В07110 «Автоматтандыру мен басқару» мамандықтары бойынша дайындалынатын студенттерге арналған.
«Технологиялық өлшеулер мен құралдар» пәнінің курстық жобасына арналған әдістемелікте курстық жобаның тақырыптары, оның мақсаты, қойылатын талаптар, графикалық бөлікті және түсніктеме жазбаны орындау жолдары қарастырылған.
Рецензенттер:
М. Әуезов атындағы ОҚУ, АТБ кафедрасының доценті, т. ғ. к Абсеметов А;
Есенов Е. К - М. Әуезов атындағы ОҚУ, АТБ кафедрасының профессоры., т. ғ. д.
«Автоматтаныдру, телекоммуникация мен басқару» кафедрасы (№ 1 хаттама, 27. 08. 2022 ж. ) мен «Ақпараттандыру технологиясы мен энергетика» жоғарғы мектебінің отырыстарында (№ 1 хаттама №1 от 04. 09 . 2022 ж. ) толықтырылылып бекітілді.
М. Әуезов атындағы ОҚУ Әдістемелік кеңесі басылымға шығаруға рұксат берді, № хаттама, 2022ж
© М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті
© Жауапты Байғабылова Д.
Мазмұны
Кіріспе 8
1 Курстық жобаның тақырыбы, көлемі мен мазмұны8
1. 1 Курстық жобаның құрылымы9
1. 2 Курстық жобаның мақсаты мен оған қойылатын талаптар12
1. 3 Курстық жобаның көлемі13
2 Курстық жобаны орындау тәртібі13
2. 1 Негізгі техникалық шешімдер13
2. 2 Өлшеу құралдарын таңдау14
3 Курстық жобаның түсініктемелік жазбасы14
3. 1 Түсініктеме жазбаның құрылымы16
4 Курстық жобаның графикалық бөлімі19
5 Курстық жобаның тақырыптары мен орындау жолдары19
6 Курстық жобаны қорғаудың жалпы ережелері20
7 Пайдаланған әдебиеттері тізімі23
Қосымша А27
Курстық жобаның тақырыптары27
№1 вариант. Мұнайдан көмірсутек газдарының қалдық мөлшерін алып тастаудағы қондырғының технологиялық параметрлерін автоматты бақылау27
№2 вариант. Сутегі әсерінен дизель отынының дистиллятының химиялық түрленуіне қолданатын қондырғының технологиялық параметрлерін автоматты бақылау29
№3 вариант. Екі фазаның бөліну бетінде ерітілген май шикізатын тазартуға арналған қондырғының технологиялық параметрлерін автоматты бақылау30
№4 вариант. Мұнай өңдеу зауытында мұнайды тұзсыздандыру мен сусыздандыру қодырғысының технологиялық параметрлерін автоматты бақылау32
№5 вариант. Мұнайды дистилляциялау қондырғысының технологиялық параметрлерін автоматты бақылау34
№6 вариант. Мұнайды вакуум - дистилляциялау қондырғысының технологиялық параметрлерін автоматты бақылау36
№7 вариант. Бензинді екінші айдау секциясы бар атмосферлік-вакуумдік қондырғысының технологиялық параметрлерін автоматты бақылау39
№8 вариант. Мазутты екі сатылы ваккумдық айдау қондырғысының технологиялық параметрлерін автоматты бақылау40
№9 вариант. Гудрондар мен мазуттарды деструктивті айдау қондырғысының технологиялық параметрлерін автоматты бақылау41
№10 вариант. Көмір сутекті газдарды тазалаудың технологиялық параметрлерін автоматты бақылау42
№11 вариант. Сабын және көмірсутекті майларды өндіру қондырғысының технологиялық параметрлерін автоматты бақылау44
№12 вариант. Түйістіргішті қолдана отырып, сабын және көмірсутек майларын кезеңдік өндіру қондырғысының технологиялық параметрлерін автоматты бақылау45
№13 вариант. Сабынды майдың жартылай үздіксіз өндірісінің қондырғыларындағы технологиялық параметрлерді автоматты бақылау46
14 вариант. Майларды өндірудің жартылай үздіксіз өндірісінде құрғақ сабынды пайдаланудың технологиялық параметрлерін автоматты бақылау48
№15 вариант. Органикалық емес қоюлатқыштардың көмегімен май өндірісінің технологиялық параметрлерін автоматты бақылау49
№16 вариант. Бағаналы үлгідегі үздіксіз істейтін битум қондырғысының тетехнологиялық параметрлерін автоматты бақылау50
№17 вариант. Көмірсутекті газдарды сілтімен тазартудың технологиялық параметрлерін автоматты бақылау52
№18 вариант. Термиялық ыдыраумен техникалық көміртекті өндірудің технологиялық параметрлерін автоматты бақылау54
№19 вариант. Техникалық көміртекті өндірудің технологиялық параметрлерін автоматты бақылау55
№20 вариант. Күкірт сутегінен күкірт қышқылын өндіру қондырғысының технологиялық параметрлерін автоматты бақылау57
21. Күкірттен күкірт қышқылын өндіруді автоматты бақылау59
22. Күкіртті сутектен күкірт өндіру үрдісін автоматты бақылау62
23. Колчеданнан қос абсробциялау және сіңірудің нәтижесінде күкірт қышқылын өндіруді автоматты бақылау64
24. Отындық дистилляттарды сілті ерітіндісін үздіксіз мөлшерлеумен тазартуды автоматты бақылау65
25. Майлы дистилляттарды сілтілік тазалауды автоматты бақылау66
26. Жанармайды мочевинадан тазартуға арналған қондырғыны автоматты бақылау67
27. Майсыздандырылған ерітінділерден еріткіштерді бөліп алуды автоматты бақылау68
28. Үздіксіз битум өндірісін автоматты бақылау70
29. Майларды ағартқышпен контактілі өңдеуді автоматты бақылау72
30. Техникалық көміртекті термиялық ыдырату және «ылғалды» түйіршіктеу әдісімен алуды автоматты бақылау73
Курстық жобаның тақырыптары (жалғасы) 74
Қосымша В76
Автоматтандырудың функциональды схемалары76
Қосымша Г82
Қосымша Д82
Технологиялық үрдістің функционалды схемасына мысалы82
КіріспеТехнологиялық үрдістерді толық жетілдіре түсу және оны басқару өндірістік объектілердің тиімділігін арттыра түседі. Сонымен қатар, автоматты түрде өндірісті басқару үшін электронды есептеу машинасының алатын орыны бөлек. Контроллердің көмегімен объектіде жүріп жатқан шексіз мәліметтерді өңдей отырып, технологиялық үрдістерді ең ыңғайлы, үйлесімді жүйеге келтіруге болады. Бірақ, мұны іс жүзіне асыру көптеген жағдайларға байланысты болып келеді. Мысалы, объектіден келіп түсетін мәліметтерге, сезгіш элементтердің дәлдігіне, өлшеу құралдарының күйіне сонымен қатар, объектіде жүріп жатқан құбылыстар туралы белгі беретін кұралдарға байланысты болады.
Автоматты басқарудың жүйесін жобалаған кезде объектідегі жүріп жатқан технологиялық үрдістердің негізгі деген параметрлерін өлшеу құралдарының дәлдігінің төмендігінің салдарынан анықтауға мүмкіншілік болмай қалатын жағдайлар кездеседі. Сонымен қатар, технологиялық үрдістерді білетін технологтар, өлшеу құралдарының өлшеу мүмкіншіліктерін және метрологияға қатысты сұрақтарды біле бермейді.
Курстық жобаның негізгі мақсаты технологиялық үрдістерді бақылау мен басқару құралдарына сүйене отырып автоматтандыру жүйесін құрастырғанда студенттердің осы пәннен алатын білімдерін жетілдіру және толықтыру.
«Технологиялық өлшеулер мен құралдар», пәнінің курстық жобаларын күндізгі және сырттай оқитын студенттер орындайды.
Курстық жобаның негізгі мақсаттары студенттерді өз беттерімен технологиялық үрдістерді автоматтандыру кезінде дұрыс шешімдерді қабылдауға және өлшеу құралдары мен басқару құралдарын дұрыс таңдай, қоладана білуге жетектейді.
Технологиялық үрдістерді басқару мен бақылау үшін сезгіш элементтерден келіп түсетін сигналдарды дер кезінде керекті басқару құралдарына жеткізу керек. Сол үшін технологиялық параметрлерді қабылдайтын сезгіш элементтерді дұрыс таңдап, сол үрдістерді басқаруға керекті деп таңдап алынған контроллерлерге жеткізу курстық жобаның негізгі мақсаты деп түсіну керек.
Әдістемеліктің қосымша бөлігінде анықтамалар мен нормативті материалдар келтірілген.
1 Курстық жобаның тақырыбы, көлемі мен мазмұныКурстық жобаның тақырыптары пәннің бағдарламасына сәйкес кафедрада қарастырылып құрастырылады. Құрастыру кезінде қазіргі кездегі алдыңғы қатардағы технологиялық процестерге көп көңіл бөлінеді. Сонымен қатар қазіргі талаптарға сәйкес келетін тақырыптарды алдыңғы қатардағы, үлгерімі жоғары студенттерге жеке жоба ретінде де арнайы хаттамамен бекітіп ұсынылады.
Курстық жобаның тақырыптары алдын ала айқындалынып, кафедраның отырысында қарастырылып бекітіледі. Бекітілу кезінде жоғарғыдағы айтылған ерекшеліктерді ескерудің нәтижесінде, курстық жобаның варианттарында өзгерулер енуі мүмкін.
Курстық жобаның мазмұны пәннің негізгі бөлімдеріне сәйкестендіріледі. Әрбір студентке бекітілінген «Тапсырма» беріледі.
Курстық жобаның бағасы комиссияның отырысында қорғалып, қойылған сұрақтарға жауаптың сапасы мен курстық жұмыстың мазмұны, дайындалуына байланысты тұжырымдалынады.
1. 1 Курстық жобаның құрылымыКурстық жобаның құрамы түсініктеме жазбадан және графикалық құжаттардан тұрады.
Курстық жобаға қойылатын талаптар МИ ЮКГУ 7. 14-2010 құжатына сәйкестендірілген.
Түсініктеме жазбаның құрамы мен құрылымы төмендегідей:
- титулды бет парақ;
- тапсырма;
- аңдатпа;
- мазмұны;
- нормативті сілтемелер;
- анықтама;
- белгілеу мен қысқартулар;
- кіріспе;
- негізгі бөлім;
- қосымша бөлім;
- қортынды;
- пайдаланған әдебиеттер тізімі;
- қосымшы (кестелер, схемалар, программалық құжаттар) .
Жобаның түсініктеме жазбаны орындауда төмендегідей нұсқауларды ескерген жөн.
Аннотация . Аннотация жоба бойынша жобаның соңғы кезеңі болып саналады. Аннотацияға курстық жобаның көлемі туралы мәліметтер кіреді:
- курстық жобаның тақырыбы;
- студент;
- жобаның ғылыми жетекшісі;
- қорғау жылы.
Жобалау объектісінің аталуы, жобаның негізгі тарауларында келтірілген маңызды материалдардың, жабдықтардың, құрылымдардың сипаттамалары.
Аннотацияда жаңалығы мен тиімділігін сипаттайтын қысқаша түсініктемелері бар негізгі жобалық шешімдердің тізбесін келтіру қажет.
Аннотацияда түсіндірме жазбаның және сызба бөлігінің көлемі (бет, парақ), көрнекі материалдарға қысқа шолу (суреттер, графиктер, плакаттар саны), кестелер, суреттер және қосымшалар саны келтіріледі.
Аннотация парағының бетіне нөмір қойылмайды.
Мазмұны. Курстық жобаның мазмұнына кіріспе, барлық бөлімдердің, бөлімшелердің реттік нөмірлері мен атаулары, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, резюме, қосымшалардың атаулары кіреді және жобаның осы элементтері басталатын беттердің нөмірлері көрсетіледі.
Жобаның мазмұнының бет парағына нөмір қойылмайды.
Нормативтік сілтемелер. Мәтінде сілтемелер жасалған нормативтік сілтемелер тізімінен тұрады. Негігі құжаттар тізімі « Курстық жобада келесі сілтемелер қолданылған…. . » деген сөздермен басталады. Тізімге нормативтік құжаттар және белгілерді тіркеу нөмірінінң өсуіне қарай атаулары кіреді:
- техникалық регламенттер;
- мемлекеттік стандарттар (ҚР СТ) ;
- мемлекет аралық стандарттар (ГОСТ) ;
- халықаралық стандарттар (ХС) және т. б.
Жобада пайдаланылған құжаттарға, әдебиеттерге сілтемелердің тізбесі келтіріледі.
Анықтама. Курстық жобада керекті түсіктемелерді кең түрінде түсіндіру үшін оларға тиянақты анықтамаларды келтірген дұрыс. Анықтамалар тізімі « Осы курстық жобада тиісті анықтамалары бар келесі терминдер қолданылады . . . » деген сөздермен басталады.
Белгілеулер және қысқартулар. Белгілеулер мен қысқартулар нормативті құжаттарға сәйкес болуы қажет.
Кіріспе . Кіріспеде автоматтандырылатын салаға сипаттамалар мен оның автоматтандырылу деңгейі және оның актуальдылығы келтіріледі.
Кіріспеде курстық жобада көңіл бөлінетін бөлімдері:
- курстық жобаның тақырыбының өзектілігі;
- зерттеу обьектісі мен әдістері;
- жобаның мақсаты;
- жобаның ғылыми жаңалығы;
- жобаның практикалық маңыздылығы;
- жобаның көлемі мен құрылымы.
Кіріспеде талаптар жазылмайды. Кіріспе нөмірленбейді және бөлек парақта жазылады.
Негізгі бөлім. Курстық жобаның түсініктеме жазбасында пәндегі қарастырылатын тақырыптарды толығымен қамтуы керек. Негізгі бөлім, 2-3 бөлімнен (тарау) және бөлімшелерден тұруы мүмкін (пән сипатына байланысты) .
Негізгі бөлімде: жобаның маңызы, мазмұны, әдістемесі және негізгі нәтижелерінің мәліметтерін келтіреді:
- жобада тақырыпқа сәйкес технологиялық үрдістердің түрлеріне, физика-химиялық заңдылықтарына және оларға қойылатын заманауи талаптардың түрлеріне шолу жасалынуы қажет;
- технологиялық үрдістерді зерттеулерге, жалпы шолуларға байланысты негізгі тақырыптағы үрдіске қажетті талаптарды келтіру керек;
- зерттеу бағытын негіздеу, оның салыстырмалы бағасын және мәселелерді шешу әдістемесі, жалпы зертттеу әдістемесі, зерттеу бағыты;
- зерттеудің эксперименттік және (немесе) теориялық үрдісі, теориялық зерттеудің мазмұны және сипаты, заңдылықтар, нормативті құжаттарды оқып үйрену, оқу және ғылыми әдебиеттерді, яғни мерзімді басылымдар материалдары және мәселелер мәнін баяндау, оның мағынасы және ролі;
- зерттеу әдістері, есептеу әдістері, эксперименттік жұмысты жүргізудің қажеттілігін дәлелдеу;
- зерттелген объектінің жұмыс істеу принципі, оның сипаты;
- орындалған жұмыстардың материалдарында мекеме және кәсіпорынның қысқаша сипаты, өз позициясын баяндау және негіздеу;
- зерттеу нәтижелерін бағалау және талдап қорыту, оқып үйренген мәселені талдау, даму тенденциялары, кемшіліктері және себептері, оның алдын алу, оларды жою жолдарының мүмкіндігі;
- жұмыстың келесі бағыттарына ұсыныс, алынған нәтижелерді бағалау және оны шетел және отандық жұмыстар нәтижелерін ұқсас жұмыстармен салыстыру;
- есептеулермен дәлелденген және бекітілген зерттеу объектісін жетілдіру немесе тәжірибе жүзінде қолдану бойынша нақтылы ұсыныстар беру.
Қортынды. Қортынды бөлімінде курстық жобадағы қарастырылған негізгі бағыттарға шолу жасалынып, зерттеулер бойынша қысқаша тұжырымдар, қойылған міндеттердің толық шешімдері, зерттеу объектілері және оларды қолайлы қолдану бойынша нақты ұсыныстар келтіріледі.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі. Курстық жобаны керекті деңгейде орындау үшін пайдаланылған әдебиеттер тізімі келтіріледі.
Қосымшы (кестелер, схемалар, программалық құжаттар) . Курстық жобада қолданылған және оны толықтыратын кестелер мен схемалар келтіріледі.
1. 2 Курстық жобаның мақсаты мен оған қойылатын талаптар«Технологиялық өлшеулер мен құралдар», пәнінің курстық жобаларын жасаудағы негізгі мақсаттар төмендегідей: пәнді оқу кезіндегі жинақтаған теориялық және практикалық білімдерін жетілдіріп, бір жүйеге келтіру, техникалық әдебиеттермен жұмыс істеуге бейімдеу, патенттік ізденіс пен технологиялық параметрлерді өлшейтін және оны көрсететін және ол параметрлерді белгілі бір деңгейде тұрақтандыратын құралдардың жаңа түрлерін таңдай білуге, сонымен қатар дипломдық жобаны жобалауға дайындықтың негізгі сатыларына бағыттай білу.
Курстық жобаны жобалау кезінде студенттер келесі мәселелерге көңіл бөлулері қажет:
- технологиялық үрдістерді автоматты бақылау мен басқару үшін ыңғайлы, ұтымды әдістерді қолданулары қажет;
- технологиялық үрдістерді автоматты бақылау мен басқару үшін қазіргі кезеңнің талабына сай келетін бақылатйтын, өлшейтін құралдар мен контроллерлерді таңдаулары қажет;
- технологиялық үрдістер болса экономикалық тұрғыдан қарағанда пайдалы және өте өнімді қодырғылардан тұрғанын қарастырған жөн;
- автоматтандыру кезінде жұмысшылардың жағдайларын жақсартатын тәсілдерді ескерулер қажет;
- автоматты бақылау мен басқару үшін керекті құжаттарды стандарттарға сәйкес дайындау қажет.
Курстық жоба екі бөліктен тұрады. Бірінші бөлігі «Түсініктеме жазбадан», ал екінші бөлігі «Графикалық бөлімнен» тұрады.
«Түсніктеме жазба» болса, форматы (210*297 мм) стандартты 30-40 беттерден тұрады.
«Графикалық бөлім» форматы А1 (594*841 мм) болатын екі парақтан аспайтын графикалық сызбалардан тұрады.
2 Курстық жобаны орындау тәртібіКурстық жобаны орындамас бұрын технологиялық үрдісті толығымен оқып, танысу қажет. Үрдісті танысу кезінде технологиялық параметрлердің түрлерімен, олардың өзеру шектерімен және үрдісін негізгі заңдылықтарымен танысу ең керекті мәселе.
Курстық жобаны орындалуын екі кезеңге бөлуге болады:
- бақыланатын және басқарылатын технологиялық параметрлердің өзгеру шектерін анықтау мен таңдау;
- таңдалынып алынған технологиялық параметрлерді өлшеу үшін және оны басқаруға қажетті өлшеу құралдарын таңдау мен автоматтандырудың функционалды схемасын келтіру.
Мұнай химиялық, химиялық және тамақ өндірістері мен металлургия өндірістеріндегі технологиялық үрдістер өте күрделі келеді. Сонымен қатар масса алмасу мен химиялық үрдістердің күрделілігі өте жоғары. Сондықтан да бақыланатын параметрлерді үш топқа бөліп қарастырған ыңғайлы келеді. Бірінші топқа - кіретін, екінші - режимді, үшінші топқа - шығатын параметрлерді жатқызуға болады.
Кіретін параметрлерге аппараттаға кіретін заттардың, энергиялардның шығынын, қысымын, температурасын, деңгейін, концентрациясын т. б., сипаттамаларын сипаттайтын болса, режимді параметрлер сол аппараттағы үрдістердің жүруі туралы мәліметтерді көрсетеді.
Бақыланатын параметрлерді дұрыс таңдау үшін сол үрдістерді жетік білу керек. Үрдістерді жүруін жетік білгенде ғана сол үрдістерді керекті деңгейде бақылап, басқаруға болады. Сондықтан да студенттер курстық жобаны бастау алдында технологиялық үрдіспен міндентті түрде танысып, жетік білген жөн. Сол кезде ғана бақыланатын параметрлерді дұрыс таңдап, аз параметрлерді бақылаудың өзі ғана үрдістерді толығымен бақылауға және басқаруға болатындығына көз жеткізіге болады.
Бақылауға таңдап алынған технологиялық параметрлер сол үрдістерді дұрыс жүргізуге, тоқтатуға және жөндеуге мүмкіншілік береді.
Еске алатын негізгі мәселенің бірі ол үрдісті оперативті бақылау мен басқару үшін керекті деген кіру мен шығу параметрлерін бақылау болып табылады.
2. 2 Өлшеу құралдарын таңдауОбъекте жүріп жатқан технологиялық үрдістің параметрлерін бақылау үшін өлшеу құралдарын өндіретін өндірістердің өлшеу құралдарының техникалық сипаттамалары мен пайдалану жағдайларына сәйкес таңдап алынады.
Технологиялық параметрлерді бақылайтын, өлшейтін құралдарды талдаудың нәтижесіне қажетті өлшеу құралдары таңдалынып алынады. Сезгіш элементтер мен өлшеу құралдарын таңдау кезінде төмендегі ерекшеліктерге көңіл бөлген жөн:
- технологиялық параметрдің ерекшелігіне;
- сыртқы ортаның сипаттамаларына;
- автоматтандыру құралдарының метрологиялық сипаттамаларына, яғни олардың дәлдігіне, сезгіштігіне, сенімділігіне;
- мәліметтерді көрсету мүмкіншіліктеріне, мысылыға көрсететін, қалқанда орналасатын, жазатын, бір нүктелі, көп нүктелі т, б.
Еске алатын тағы да бір мәселе ол, өлшеу құралдарын және контроллерді таңдаған кезде, оларды тез алмастыру, жөндеуді оңайлату, қалқанда орналастыруды бір жүйеге келтіру үшін бір типті құралдармен, бір фирманың өлшеу құралдарымен құрастыған өте ыңғайлы келеді.
3 Курстық жобаның түсініктемелік жазбасыОҚМУ СМЖ 7. 04 -2015 сәйкес курстық жобаның түсіндірме жазбасын рәсімдеуге қойылатын негізгі талаптар төмендегідей.
Шрифт - кәдімгі Times New Roman, 14 кегель, қатар аралықтары - бір.
Парақтық төрт бағыты да арнайы өрістен (поля) тұрады да сол жақтағы өрістің шамасы - 30 мм, оң жақтағы - 10 мм, жоғарғы жақтағы- 20 мм , төменгі өрістердің шамалары - 20 мм .
Қолмен жазғанда, абзацтар 1, 27 см қашықтықтан кейін, не болмаса, компьютерді пайдаланғанда - 0. 75.
Жобаның әрбір бөлімі жаңа парақтан басталады.
Бір бөлімнің ішіндегі кіші бөлімдер бір-бірімен мәтіннен екі жолға шегіну арқылы бөлінеді.
Әрбір бөлімнің нөмірлері болады. Олар араб сандарымен белгіленеді және абзацтың басталған жерінен басталып, нүктесіз аяқалады.
Мысалы:
1 Мұнай өндірісіндегі технологиялық үрдістің ерекшелігі
1. 1 Мұнай өндірісіндегі технологиялық процестерге керекті өлшеу құралдарын таңдау
2 Технологиялық параметрлерді талдау мен таңдау
2. 1 . . .
Тақырып пен мәтін бір бетте болуы шарт. Тақырыпты бір беттен екінші бетке өткізуге, яғни бөлуге болмайды.
Әрбір бөлімнің мәтіндері жаңа парақтан, беттен басталғаны жөн.
Курстық жобаның «Түсініктеме жазбасындағы» негізгі бөліміндегі мәтіндерінде бос орындар болмауы қажет. Барлық парақтар толығымен бос орынсыз толтырылуы керек. Тек қана сол бөлімнің соңғы беті ғана толығымен толмау мүмкін.
Курстық жобаның « Мазмұны » мен « Аннотация . » сөздерін қаралау шрифттермен жазуға рұқсат.
Әдебиеттерге сілтеулер мәтіннің мағанасына байланысты пайда болуына сәйкес нөмірлері қойылады.
Мысалыға: « . . . өлшеу құралдарын таңдаған кезде [15] шет ел құралдарына көп көңіл бөлген жөн».
Құжаттың мәтінінің соңынды әдебиеттердің тізімі келтіріледі. Тізімге сілтеу мен тізімді орындау ГОСТ 7. 32 сәйкес жүргізіледі.
Мәтіндегі формулалар сол бөлімге сәйкестендіріліп нөмірленеді.
Мысалыға: (1. 1), . . . (2. 1) т. б.
Сонымен қатар сол формулаға сілтеу жасау төмендегідей түрде жүргізіледі.
Мысалыға: Объектегі үрдістерді (2. 1) теңдікпен өрнектеуге болады. Мәтіндегі суреттерді сол бөлімге сәйкес нөмірлейді.
Мысалыға: Егер 1. 1 суреттің түсініктеме жазбалары болса, онда:
1-сезгіш элемент, 2-өзерткіш, 3- өлшеу құралы
1. 1 сурет - Функционалды схема
Егер курстық жобаның «Түсініктеме жазбасында» кестелер болса, оларды да сол бөлімге сәйкес нөмірлеу қажет.
Кестенің нөмірі сол жақта, жаңа абзацтан басталады.
Мысалыға:
1. 1 кесте. Өлшеу құралдарының тізімі
Егер кесте бір беттен көп болған жағдайда кестенің сол жақ бұрышында кестенің нөмірі мен оның аты жазылады. Кестенің келесі жалғасында «Кестенің жалғасы» деп жазылады.
Графикалық бөлім болса, ондағы сызбалар мен құжаттың мәтіндері ГОСТ 2. 104 сәйкес жүргізіледі.
Курстық жобаның барлық сызбалары мен схемаларында, диаграммаларында арнайы белгілеулер қойылады.
Оның құрылымы төмендегідей:
Мысалыға: ОҚМУ 5В070200 - КЖ 001 КН
Мұндағы: ЮҚМУ - орындаған ұжым; 5В070200 саны - мамандықтың шифры; КЖ - курстық жоба; 001 - тапсырманың варианты; КН - күндізгі бөлім.
Басқа оқу түрлерін: КН - күндізгі бөлім; АБ - ара қашықтықтағы оқу бөлімі; ТБ - тездетілінген оқу бөлімі; ҚБ- қысқартылынған оқу бөлімі.
3. 1 Түсініктеме жазбаның құрылымыТүсініктеме жазбаның құрылымы жоғарыда келтірілген. Сондықтан бұл бөлімде « Негізгі бөлімнің» құрамына көңіл бөлейік.
Курстық жобаның «Негізгі бөлігі» жобаның негізін құрайтын болғандықтан оның мазмұнын келесі ұсынғандай етіп құрастырған жөн болады.
1 Автоматты бақыланатын объектінің технологиялық үрдісінің сипаттамасына шолу
Жоларалық интервалдың шамасы -1.
Осы бөлімді қарастырған кезде технологиялық үрдістің физика-химиялық сипаттамалары мен оған сәйкес- ұқсас технологиялық үрдістерге жалпылама шолу жасалынады.
Сонымен қатар технологиялық үрдістерде жиі қолданылатын негізгі қондырғылар туралы мәліметтерді де шет қалдырмаған жөн.
Жоларалық интервалдың шамасы -2.
1. 1Технологиялық үрдісті автоматты бақылау жүйесін талдау және зерттеу
Жоларалық интервалдың шамасы -1.
Әдебиеттердегі және патенттік ізденістердің мәліметтеріне сүйене отырып, автоматты бақыланатын өндірістің автоматты бақылау жүйесінің деңгейін сипаттай отырып, автоматты бақылаудың негізгі мақсаты анықталынады.
Жоларалық интервалдың шамасы -1.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz