Тәрбие технологияларының жіктемесі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 85 бет
Таңдаулыға:   
1- дәріс

Заманауи педагогика адам жайлы ғылымдар жүйесінде

1. Педагогика ғылым ретінде, педагогиканың нысаны, пәні мен функциялары

2. Педагогика ғылымының міндеттері. Педагогиканың теориялық және әдіснамалық негіздері

3. Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы және оның құрылымы

Лекция мәтіні:

1. Педагогика ғылым ретінде, педагогиканың нысаны, пәні мен функциялары

Қандай да болмасын ғылым салаларының дамуы қоғамның өмірлік мұқтаждығынан, талабынан туады. Педагогиканың пайда болуы қоғамның жас ұрпақты тәрбиелеудің тиімді жолын табу мақсатынан және де өндірісті дамыту талабынан туған. Тәрбие ұрпақ пен ұрпақты байланыстыратын дәнекер болып саналады. Педагогика ғылымы ұзақ тарихи даму жолынан өтті.
Алғашқы педагогикалық ой-пікірлер ертедегі шығыс елдерінің (Мысыр, Вавилония, Унді, Қытай) философиялық жүйесінде дамып, кейін біртіндеп өз алдына жеке ғылым болып дами бастады. Ежелгі дүние философиясы ертедегі шығыс елдерінің қорытып жиыстырған білім мұрасын дамытқан еді. Сократ, Платон, Аристотель, Демокрит саясат, тәрбие, мемлекет, жеке адам тәрбиесінің мақсаттары мен мазмұны және ерекшелігі сияқты педагогикалық мәселелерді қарастырады. Феодалдық қоғамда (орта ғасырда) тәрбиеге деген көзқарас мүлдем өзгерді. Ерте дүние педагогтары ұсынған адамның рухани және дене күштерінің қатар дамуы көзқарасының орнына "о дүниелік өмірге" дайындауды ұсынған пікірлер қалыптасты.
ХУ-ХУI ғасыр педагогикасы орта ғасыр педагогикасын сынады. Адамның жеке басының тәрбиесін оның дамуы ойшылдарды толғандырды, мәдениет пен педагогикалық бағыт "гуманизм" деп аталды (Ф. Рабле, Т. Мор, Т. Кампанелла) .

Гуманистер жаңа дәуір үшін жаңа адам қажеттігін дәлелдеді.
Феодализмнен капитализмге өту дәуірінде дін шырмауындағы ғылымдар дамып, жеке бөлініп шыға бастайды. Осы кезде педагогика да өз алдына ғылым ретінде бөлініп шықты. Сол ғасырда педагогиканың жеке ғылым ретінде мәртебесі чех халқының ұлы педагогы Ян Коменскийдің (1592-1670) "Ұлы дидактика" еңбегімен беки түсті.
Батыс Еуропада ағылшын философы Джон Локк (1632-1704) "Тәрбие туралы ойлар" деген еңбегінде тәрбиенің психологиялық негіздеріне, адамгершілік тәрбиесіне көбірек көңіл бөлді. Ол баланы "таза тақтаға" теңеді. Францияда Жан-Жак Руссо (1732-1778) баланы табиғат арқылы, табиғаттай жетілдіре тәрбиелеуге көңіл бөліп, баланы жазалауға қарсы болды, қатаң таяқ тәртібіне қарсы "еркін тәрбие" идеясын ұсынды. Швейцарияның педагог-демократы И. Песталоцци "Лингард және Гертруда" деген еңбегінде білім беруге демократиялық көзқарасты, тәрбиенің гуманитарлық сипатын балаға шын пейілмен көңіл бөлуді жақтады.
Ресейде революциялық-демократияшыл ойдың негізін салушылар:
А. Н. Радищев, В. Г. Белинский, А. Н. Герцен; XIX ғасырдың 60-ы жылдарында Н. Г. Чернышевский, Н. А. Добролюбов; XIX ғасырдың екінші жартысында демократияшыл тәрбиенің идеяларын ұсынушылар: Н. И. Пирогов, К. Д. Ушинский, Л. Н. Толстой, т. б. болды.
Н. К. Крупская (1869-1939) кеңестік педагогика ғылымын дамытуға зор үлес қосып, еңбек және политехникалық білім беру, идеялық-саяси тәрбие мәселелерін ғылыми-теориялық негізде талдады. Н. К. Крупскаяның айырықша көңіл бөлген мәселелерінің бірі - оқыту теориясы. Сонымен қатар кеңес мектебінде оқушылардың өзін-өзі басқарудағы мақсаты мен міндеттерін белгіледі. Оның еңбектерінде отбасы тәрбиесі, балалардың қоғамдық ұйымдарының қоғамда алатын рөлі және міндеттері көрсетілді.

Көрнекті кеңес педагогы Антон Семенович Макаренко (1888-1939) жастарды қайта тәрбиелеудегі өзінің бай тәжірибесіне сүйеніп, оқу-тәрбие жұмысын жүргізудің жүйелі теориясы мен әдістемесін құрды. Макаренконың тәрбие мен оқу жайлы еңбектері, оның жеті томдық педагогикалық шығармаларында жинақталған. Олар: "Ата-аналар кітабы", "Балаларды тәрбиелеу жайлы дәрістер, "Тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесі", "Кеңестік мектеп тәрбиесінің мәселелері”, "Педагогикалық поэма", "Мұнара үстіндегі тулар". Бұл енбектерінде Макаренко тәрбиенің мақсаттары мен міндеттерін, әдістері мен негізгі принциптерін, балалар ұжымы мен оқушыға қойылатын бірыңғай педагогикалық талаптарды зерттеп, жинақтады.
Көрнекті педагог Василий Александрович Сухомлинский (1918-1970) өзінің педагогикалық жүйесінде әрбір оқушының жан-жақты дамуының, дара ерекшеліктерінің, бейімділігінің, қызығушылығының, тағы басқа қабілеттерінің жетілуіне бағытталған оқу-тәрбие процесін ұйымдастырды. "Павлыш орта мектебі, "Балаға жүрек жылуы", "Ұжымның құдіретті күші", "Мектептің жас директорымен сырласу", "Ұлыма хат", тағы басқа құнды еңбектері арқылы В. А. Сухомлинский жас ұрпаққа тәрбие мен білім берудің ұлы ісінің жалғастырушысы болды.
Қазақстанда ағартушылық идеяны көтергендердің бірі - Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1835-1865) . Ағартушы-ғалым қазақ даласындағы оқу, мектеп ісін ғылыми негізде құрып, оқу білімінің табиғат сырларын ашуға бағытталуын, туған халқының алдыңғы қатарлы мәдениетті елдерді қуып жетуін аңсады. Діни бағыттағы медреселер мен ел билеуші әкімдер, тілмаштар дайындайтын мектептердің мақсатын сынай келіп, жалпы білім беретін мектептердің ашылуын көздеді. "Тек ақиқат білім ғана адамға күдік туғызбайды, ол өмірді бағалауға, тұрмыс құруға үйретеді', - деді Шоқан.

Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсариннің (1841-1889) демократиялық-ағартушылық бағыты оның педагогикалық көзкарастарынан айқын көрінеді. Бүкіл өмір жолын мектеп ашуға, қазақ, балаларын оқуға тартуға, дүние ғылымдарын үйретуге, оқу құралдарын жазуға, тәлімгер-ұстаз дайындауға, оларға ғылыми әдістемелік басшылық жасауға, өз кезеңіндегі қазақ халкының қоғамдық өміріндегі саяси-әлеуметтік мәселелерді жан-жақты қамтып, жазуға жұмсады. Ы. Алтынсарин қазақ жастарының мамандық алуына жол ашты. Торғайда - қоленер, Қостанайда - ауыл шаруашылығы училищелері, Ырғызда - қазақ қыздарына арнап мектеп-интернат ашылуына зор ықпал жасады.
Қазақ халкының ұлы ойшыл ақыны Абай Құнанбайұлының (1845-1904) поэтикалық шығармалары мен "Қара" сөздері педагогикалық ой-пікірлерге толы. Табиғаттық санадан тыс, тәуелсіз өмір сүруі, өмір ақиқатының түйсікпен қабылдануы, адамдар жаратылысының бірдей еместігі, ғылымның ақылмен, жан құмарымен алынатындығы оның көрінісі. Ақынның педагогикалық көзқарасының қоғамдық қатынастар тұрғысындағы пікірлері, жастарды халқының әдеп-ғұрпы, салт-санасы, дәстүрінен тәлім-тәрбие алуға шақыруы дүниежүзілік педагогика классиктерінің ой-пікірлерімен үндеседі.
Ағартушы-педагог Ахмет Байтұрсынов (1873-1937) мол педагогикалық мұра калдырды. А. Байтұрсынов бүкіл саналы өмірін қазақ қоғамында білім-ғылымның дамуына, мектеп ағартушылық ісінің жанданып, кемелденуіне бағыштайды. Ол ауыл мектебінде, семинарияларда бала оқытты, оқу-тәрбие жұмыстарын жетілдіру саласында көп ізденді.
А. Байтұрсынов оқытудың дидактикалық принциптерін ғылыми тұрғыда белгілеп берді.
А. Байтұрсынов ұсынған жаңа әліпби 1913 жылдардан бастап мұсылман медреселері мен орыс-қазақ мектептерінде қолданыла бастады. Қоғам алдына ол қазақ даласында оқу-ағарту ісі дұрыс жолға қойылсын, ол үшін ауыл мектептерінде балалар қазақша сауат ашатын болсын, оқу ана тілінде жүргізілсін деген талаптарды бастаушы болды.
Міржакып Дулатов (1885-1935) Ы. Алтынсариннің ұстаздық идеяларын әрі қарай дамытып, А. Байтұрсынов сияқты оқу-тәрбие мәселелерін ғылыми тұрғыдан қараған, шәкірттердің жаңа бағдарламалар арқылы білім алуына, мұғалімдердің ғылыми дидактикалық қағидаларға сәйкес сабақ жүргізуіне ерекше мән берген педагогтардың бірі.
Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931) педагогика, психология саласында құнды ғылыми-зерттеу еңбектерімен қатар, бірнеше оқулықтар, оқу құралдарының авторы болған ірі тұлғалардың бірі. "Тәрбиеге жетекші" атты еңбегінде (1924 ж. ) педагогиканың дидактика саласын ғылыми негіздеген.
Қазан төңкерісінен кейін тәлім-тәрбие ғылымына терең үңілгендердің бірі - Мағжан Жұмабаев (1893-1938) . Оның "Педагогика" атты еңбегі соңғы кезеңдегі ана тілімізде жазылып, ғылыми әлемді елең еткізген туынды болды.

Қазақ педагогика ғылымының тұңғыш профессоры Шәрапи Әлжановтың (1901-1938) тәлім-тәрбие саласында әр түрлі тақырыптың төңірегінде жазған жиырмадан астам еңбегі жарық көрді. Ол "Ес және есте сақтау меселелері», "Ой мәселелері", "Дағдылану мәселелері» атты еңбегінде (1936 ж. ) шәкірт психологиясының жас және дара ерекшеліктері жайлы сөз қозғайды, сол салада жүргізілген сараптамалық зерттеулердің нәтижесін оқырман назарына ұсынады.
Қазақтың белгілі педагогы Әбдіхамит Сембаевтың (1905-1989) қаламынан сексеннен астам қомақты ғылыми-педагогикалық еңбектер шықты. "Қазақстанда Советтік мектептің даму тарихы" (1962 ж. ) атты монографиялық еңбегінде мектептердің көптеп ашылуын, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдардың жасалу жолдарын, мұғалім кадрларын даярлау ісіндегі қол жеткен табыстарды нақтылы деректермен ғылыми тұрғыда дәлелдеді. .
Қ. Бержанов (1924-1976) - педагогика ғылымдарының докторы, профессор. Педагогика ғылымының дамуына елеулі үлес қосқан ғалым-ұстаз. Қорыта айтқанда, Қазақстанда педагогика ғылымы XX ғасырдың екінші жартысынан бері тез қарқынмен дамыды.

2. Педагогика ғылымының міндеттері. Педагогиканың теориялық және әдіснамалық негіздері

Педагогика бұл - адамзат ғылымының ең ежелгі және қоғам дамуының ажырамас саласы болып табылады. Себебі: педагогикалық білім ұғымы ұрпақты білімге дайындау немесе тәрбиелеу мен байланысты адам әрекетінің ерекше аймағына кіреді. Педагогика барлық ғылымдар сияқты философия ғылымы аясында қарастырылды. Ежелгі грек философтары Гераклит, Демокрит, Фальс, Сократ, Аристотель, Платон, т. б. ғалымдарының педагогикаға қосқан үлесі зор. «Педагогика» деген ұғым көне грек елдерінде б. э. б. 2, 5 жылда пайда болған дейді. Педагогика деген сөз, яғни термин, көне грек тілінен шыққан, ол балаларды ертіп жүру, баланы жетектеп мектепке апаруы деген сөз. Анығырақ айтатын болсақ, "Педагогика" термині гректің екі сөзінен: "пайс" - балалар және "эгейн" - баланы басқару, тәрбиелеу, жетектеу, бағу ұғымдарынан шыққан. Адам өмір бойы тәрбиеленеді және қайта тәрбиеленеді. Педагогика - бала жайындағы ғылым, олай болса ол ұрпақ тәрбиесі жайындағы ілім. Адам баласының ұрпағы үнемі жаңарып, өзгеріп отырғандықтан, педагогика ілімі де үнемі өзгеріп отырады. Қазіргі кезде тәрбиенің ықпал жасау аясы кеңейе тусуде. Сондықтан "педагогика - бала тәрбиесі жайындағы ғылым", -деп шек қоюға болмайды. Педагогиканың ғылыми таным саласы - тәрбие. Педагогика қоғамдық өмірдегі тәрбиенің мәні мен рөлін анықтайды. Педагогика - жалпы адам тәрбиесі жайындағы ғылым. Ал тәрбие - жастарды әлеуметтік өмірге және еңбекке даярлап, оларға қоғамдық тарихи тәжірибені үйрету процесі.
Әрбір ғылымның өзіне тен зерттейтін саласы және ғылыми ұғымдары бар. Мысалы, философиядағы ұғымдарға "болмыс", "материя", "қозғалыс"; саяси экономияда - "қоғамның өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастары", ал педагогикада - "тәрбие", "білім беру", "оқыту"жатады.
Тәрбие дегеніміз - адамдарды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық-тарихи тәжірибені беру процесі. Тәрбие ұғымы кең мағынада әлеуметтік қоғамдағы құбылыс ретінде барлық тәрбие салаларын, атап айтсақ: отбасы, мектепке дейінгі мекеме, оқу тәрбие орындары, еңбек ұжымы, ақпарат құралдары, баспа орындарын қамтиды. Біздің мемлекетте бұл салалар қоғамдық, мемлекеттік мақсатқа қызмет етеді. Кең мағынада деген ұғымда бүкіл сыртқы әсерлердің, адамды қоршап тұрған, табиғи және әлеуметтік ортаның, тәрбиешілердің мақсатты іс-әрекеттерінің ықпалымен адамды қалыптастыру.
"Тәрбие" ұғымы тар мағынада "Тәрбиеші тәрбиелейді", кең мағынада "Өмір тәрбиелейді' деп қолданудың тәрбие жайлы ұғымды анықтауда зор мәні бар.
Тәрбие - тар мағынада жеке тәрбиелік міндетті шешуге, жеке адамның белгілі бір қасиетін қалыптастыруға, мәселен, эстетикалық талғамын тәрбиелеуге бағытталған жұмыс.
Тәрбие жаңа ұрпақты өмірге, еңбекке дайындау арқылы қоғамның алға қарай дамуын қамтамасыз ететін процесс. Тәрбие - педагогикалық кең мағынада қоғамның арнайы бөлінген адамдары - мұғалім, педагог, тәрбиешілердің басқаруымен жүргізілетін мақсатты үрдіс. Олар арнайы тәрбие жұмысын ұйымдастырып, жеке адамның қалыптасуына ықпал жасайтын жиынтық факторларды пайдалана отырып, әрекше әдіс-тәсілдерді қолданады.
Тәрбие жайлы әр түрлі теориялар мен пікірлер айтылып келеді. Тәрбиені ересек адамдардың балаларға ықпал жасауы деп түсіндірулер де бар. Бұл жағдайда бала енжар объект түрінде қарастырылады. Ол педагогикалық процестің субъектісі бола алмайды, яғни, өздігінен ойланып, белсенді іс-әрекет жасай алмайды. Бұдан тәрбиеге бір жақты анықтама беру байқалады.
Білім беру - табиғат пен қоғам жайында жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруі және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуі. Білім беру ұғымын педагогикаға тұңғыш енгізген И. Песталоцци.

Білім беру - оқыту мен тәрбие жұмысын біріктіретін және жеке бастың дамуына ықпал жасайтын процесс. Оқыту - білім берудің негізгі жолы. Оқыту екі жақты, бір текті процесс:
1. Оқытушы оқушыларға білім беріп, іскерлік, дағдыға үйретеді.
2. Оқушы таным міндеттерін жете түсініп, жаңа білімді, іскерлікті, дағдыны игереді және оларды өмірде колданады. Ал адамның білім алуы тек оқыту процесінің нәтижесі емес, оның; білім алуына көпшілік ақпарат құралдары кино, радио, телехабар, т. б. ықпал жасайды.
Сонымен бірге адамның "жетілуі", "дамуы", "өзін-өзі тәрбиелеу" ұғымдары да педагогиканың зерттейтін мәселелері саласын толықтырады.

Жеке адамның дамуы - бұл ішкі және сыртқы, басқарылатын, басқарылмайтын және факторлардың ықпалымен жеке адамның қалыптасып жетілу процесі. Жеке адамның дамуы мен жетілуінде мақсатты түрде жүргізілетін тәрбие және оқыту шешуші рөл атқарады.
Жеке адамның қалыптасуында өзін-өзі тәрбиелеудің маңызы зор. Өзін-өзі тәрбиелеу - адамның саналы түрде, белгілі бір мақсат көздеп өзінің бойына қалыптастыратын қасиет, мінез-құлық дағдысына бағытталған жұмыс. Негізгі педагогикалық ұғымдар - тәрбие, білім беру, оқыту біріне-бірі тәуелді, табиғи байланысты. Бұл ұғымдар жастарды өмірге, тәжірибеге дайындаудың басты құралы.

3. Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы және оның құрылымы

Педагогика тәрбие туралы ғылым . Педагогика өзінің атауын гректің "paidagogas"-баланы жетектеуші сөзінен алған. Ең алғашқысында бұл сөз құл қожасының баласын мектепке жетектеп апарушы дегенді білдірсе, кейін келе ол тәрбие туралы ғылымның аты ретінде қалды. Тәрбие - қоғамның кейінгі ұрпақтарда өзін қайта көрсетумен байланысты атқаратын негізгі қызметтерінің бірі. Әрбір келешек ұрпақтың қоғамдағы орнын табуы ең алдымен өткен ұрпақтардың жинаған әлеуметтік тәжірибесін меңгеру деген сөз. Өсіп келе жатқан балалардың әлеуметтік тәжірибені игеруі үшін - делдал - ұстаз, мұғалім керек.

Педагогика нысаны - қозғалыстың мақсатты бағдарланған іс-әрекеттері үрдісінде дара адам дамуына себепкер болған болмыс құбылысын айтамыз.

Педагогика пәні. Білім білімдену процесі тек педагогиканың ғана меншікті зерттеу аймағы емес, оның зерттеуімен философия, әлеуметтану, жантану, экономика және де басқа ғылымдар шұғылданады.

Педагогика ғылымының қызметтері. Дербес ғылым реттінде танылған педагогиканың қызметтері оның жоғырыда аталған пәндік сипатымен сабақтас, яғни табиғи бірлікте іске асырылуы қажет теориялық және технологиялық міндеттер.

Педагогиканың негізгі категориялары (тәрбие, оқыту, білім беру, педагогикалық үдеріс), олардың өзара байланысы.

Педагогика гректің «пайс» - балалар, «эгейн» - баланы басқару, тәрбиелеу, жетектеу ұғымдарынан шыққан. Ертедегі Грекияда өзінің қожайынының баласының қолынан ұстап, жетектеп, мектепке ертіп апаратын құлдарды педагогтар деп атаған.

Қоғамның даму формацияларының әр кезеңінде «педагогика» сөзі (ұғымы) кең, жалпы мағынада қолданыла бастады. Білімнің жетілуіне байланысты балалардың тәрбиесі туралы ғылым пайда болды.

Негізгі педагогикалық ұғымдар - тәрбие, білім беру, оқыту біріне-бірі тәуелді табиғи байланысты. Бұл ұғымдар жастарды өмірге, тәжірибеге дайындаудың басты құралы.

  • Тәрбие -адамзат баласының ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық әлеуметтік тәжірибесін жас ұрпақтың бойына сіңіру, аға ұрпақ пен жас ұрпақтың өзара бір-бірімен әрекеттесу процесі.
  • Оқыту -оқушы мен мұғалімнің белгілі бір дидактикалық міндеттерді шешуге бағытталған мақсатты түрде өзара әрекет жасау процесі.
  • Білім беру -ғылымдар жүйесінен білім алу және танымдық іскерлік пен дағдыны қалыптастыру, соның негізінде жеке бастың көзқарасын, адамгершілік және т. б. жағымды қасиеттерді қалыптастырып, жеке адамның шығармашылық қабілетін дамыту.
  • Даму -адамның физикалық және рухани күш жігерінің сандық және сапалық жағынан тізбектеле, яғни бірізді өзгеруінің объективті процесі.
  • Өзін-өзі тәрбиелеу -адамның өз бойында өзі қалаған, өзіне ұнаған қасиеттер мен қабілеттерді, мінез-құлықтарды, әдеп пен әдетті, дағдыларды қалыптастыру мақсатында саналы, мақсатты, белсенді жұмыс істеуі.
  • Өздігінен білім алу -адамның өзін қызықтырған сала бойынша білімдерді іздестіруі мен меңгеруіне өзбетінше мақсатты түрде, белсенді жұмыс істеуі.
  • Қайта тәрбиелеу -осыған дейін қолданылған тәрбие әдістері мен тәсілдері, формалары нәтиже бермеген жағдайда, тәрбие әдістері мен тәсілдерін, формаларын түбегейлі өзгертуі.
  • Қалыптасу -ішкі және сыртқы, басқарылатын және басқарылмайтын, барлық факторлардың ықпалымен адамның әлеуметтік тірі жан иесі ретінде дамып жетілуі.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Педагогика/ Таубаева Ш. Т., Иманбаева С. Т., Берикханова А. Е. Оқулық. - Алматы: ОНОН. 2017, - 340 бет.
  2. Тәрбие теориясы мен әдістемесі: оқулық / А. Дүйсенбаев. - Астана: Фолиант, 2015. - 320 б. - (Жоғары білім) .
  3. Оқыту теориясы: Білім беру көкжиегі. 2019, Дэйл Х. Шунк
  4. Педагогикалық шеберлік негіздері: оқу-әдістемелік құрал. 2018, Секенова Б. Б.
  5. Таубаева Ш. Т Педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы және әдістері. Таубаева Ш. Т., Барсай Б. Т., Жиенбаева С. Н. /Оқулық. - Алматы, 2018. - 216 бет.

2 - дәріс

Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің мәні мен мазмұны

1. Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің мәні мен мазмұны

2. Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері мен әдістері

3. Ғылыми зерттеу әдісі. Педагогиканың философиялық негіздері

Лекция мәтіні:

1. Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің мәні мен мазмұны

Педагогика әдіснамасы - педагогика теориясы, педагогикалық құбылыстарды қарау принциптері, зерттеу әдістері туралы білім жүйесі, алынған білімді тәрбиелеу, оқыту, білім беру тәжірибесіне енгізу жолдары. Әдіснаманың теориялық жағы негізгі педагогикалық заңдылықтардың анықталуымен байланысты, ғылыми ізденудің бастапқы алғышарты ретінде, дүниетану қызметіне еніп, педагогикалық зерттеудің қандай философиялық, биологиялық, психологиялық идеялардан құрылғанын анықтап, алынған нәтижені дәлелдеп және қорытынды шығарады.

Педагогиканың әдіснамасы оның негізін, базалық сипатын анықтайды. Әдістеме негізінде педагогиканың тұтастай және оның құрылымдық құрамдас бөліктерінің ғылыми бағытының мәні анықталады. Осыған сүйене отырып, педагогиканың теориясы мен практикасының өзекті проблемаларын зерттейді.

Педагогиканың әдіснамасын түсіну үшін мына мәселелерді қарастыру қажет:

- әдіснама және педагогиканың әдіснамасы ұғымдары;

- педагогика әдіснамасы негіздері;

- субъект ұстанымы тұрғысынан педагогикалық болмыстың сапасын бағалау және таным әдіснамасы негіздері.

Педагогика әдіснамас ы ның мәні туралы түрлі көзқарастар бар. Кейбір зерттеушілер әдіснаманы: теориялық қызметтің құрылымы, логикалық ұйымдастырылуы, әдістері мен құралдары туралы; басқалары, - таным әдістерін қалыптастыру қағидалары мен рәсімдері және шындықты тану және қайта құру әдістерін қолдану туралы; үшіншісі - күрделі практикалық мәселелерді шешудің неғұрлым жалпы қағидаларының жиынтығы туралы; төртіншісі - теориялық және практикалық қызметті ұйымдастыру мен құрудың қағидалары мен тәсілдері жүйесі туралы, сондай-ақ, осы жүйе туралы; бесіншісі - ғылыми-педагогикалық зерттеулердің бастапқы (негізгі) ерекшелігі, құрылымы, қызметі мен әдістері туралы ілім деп санайды.

« Әдіснама » терминінің мағынасы:

- танымның ғылыми әдісі туралы ілім;

- қандай ғылым болса да қолданылатын танымдық құралдар, әдістер мен тәсілдердің жиынтығы;

- танымдық және қайта құрушы қызметті ұйымдастырудың алғышарттары мен қағидаларын зерттеуші құралдар, білім саласы болып түсініледі.

Тізбеде көрсетілгендей, әдіснама жөнінде бірыңғай көзқарас пен түсінік қалыптаспаған. Алайда, зерттеушілер, ең бастысы, әдіснама - нақтылы шындықты тану мен қайта құрудың базалық негізі деп біледі.

Педагогиканың белгілі әдіскері Володар Викторович Краевскийдің (1926-2010) тәсілдемесіне сүйенсек, «Педагогика әдінамасы» ұғымына мынадай анықтама беруге болады. Бұл - педагогикалық болмысты бейнелейтін педагогикалық теорияның негіздері мен құрылымдары туралы білімдер жүйесі, сондай-ақ, осындай білімдерді алу және ғылыми әлеуметтік-педагогикалық зерттеулердің сапасын бағалау, логика мен әдістер, бағдарламаларды негіздеу қызметінің жүйесі.

Педагогика әдіснамасының ішкі мәні мынадай аса маңызды құрамдас бөліктерден тұрады:

- педагогикалық теориялардың негіздері мен құрылымдары, оларды танудың қағидалары мен тәсілдері туралы білімдер жүйесі;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәрбие технологияларының жіктелуі
Касиби окытудын казирги техникалык жиктемеси
БЕЙІНДІК МЕКТЕПТІҢ ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ
Стоматология мамандығы бойынша интернатураның элективті пәндері
Ақпараттық қауіпсіздік
Дидактикалық ойын
Деңгейлеп саралап оқыту педагогикалық технологиясының теориялық негіздемесі
Орта білім беру жүйесінде қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану әдістемесі
Гигиеналық дене шынықтыру
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУДА СТУДЕНТТЕРДІҢ ИНТЕЛЛЕКТІК БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz