Жұқпалы аурулардың эпидемиологиясы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

"Бекітемін"

Директордың ОІЖ орынбасары

Абдукаримова И. М. .

"" 2023 г

ДӘРІС КЕШЕНІ

Пән : Эпидемиология негіздері

Мамандығы: 0301000 - «Емдеу ісі»

Біліктілігі: 4S09120101 - «Фельдшер»

Семестр: 3

Курс: 2

Дәріс кешенін құрастырған Алимбетов Ж. К

«Емдеу ісі» мамандығы бойынша оқу жұмыс жоспары негізінде

ЦӘК отырысында қаралды және ұсынылды

№3 «жалпы кәсіптік пәндер» « »2023ж, хаттама №

ЦӘК төрайымы

Әдістемелік кеңестің отырысында мақұлданған

№ хаттама « »2023ж

Әдіскер Бегимбетова А Н

ДӘРІС №1

ТАҚЫРЫБЫ : Эпидемиологияның жалпы медицина ғылымы ретіндегі пәні, әдістері және мақсаты. Халық сырқаттанушылығының алдын алу негіздері

ДӘРІС МАҚСАТЫ :

1. Жалпы медицина ғылымы ретіндегі мақсатын және әдістерін білу

2. Эпидемиология ұғымы туралы түсіну

3. Эпидемиологиялық шараларды білу

Білімділік (оқыту) : білім беру, оқу-машықтану дағдыларын қалыптастыру, алған ақпараттарды нақтылау, студенттің жаңа білімді игеру, қабылдау жолдарын жетілдіру және т. б.

Дамытушылық : ойлау қабілетін дамыту, сыни тұрғыдан логикалық және клиникалық ойлау дағдыларын дамыту, топтың белсенділігін арттыру, өзін-өзі жетілдіруге үйрету. Түрлі жағдаяттар мен қосымша сұрақтар арқылы студенттердің нақты білімділігін айқындау.

Тәрбиелік: студенттердің адамгершілік, қөзқарасын, эстетикалық қасиетін, өз пікірін қорғауды, тәртіп пен еңбекқорлық қабілеттерін дамыта отырып тәрбиелеу.

ДӘРІС ЖОСПАРЫ :

  • Эпидемиология ілімінің даму тарихы
  • Эпидемиология білімінің мақсаты және міндеттері
  • Эпидемиологиялық шаралар

ДӘРІС МАЗМҰНЫ :

Эпидемиология жалпы медициналық ғылым ретінде және анықтамасы. Мақсаты, міндеттері және зерттеу әдістері.

Эпидемиология-инфекциялык ауру қоздырғышының таралуын, дамуын ж/е онымен күресу жолдары мен алдын алу шаралаын зерт. ғылым саласы. эпидемология халық арасында таралған індет туралы ғылым. Дүниежүзінде әр жылда көптеген адам осы инф. арурудың салдарынан қайтс болады. Инфекциялық ауру адам мен қоздырғыштың байлануысуы, әрекеттесуінен п. б. Эпидемология турлаы көптеген ғалымдар түжырымдар жасаған болатын:

Заболотный: эпидемиология әндет туралы ғылым. Аурудың п. болуымен дамуын, таралуын зерт. ғылым. деген. Громашевский; Эпидемииология індет туралы ж/е эпид. лық процесстің зандылыктарын зерт. ғылым, сонымен қатар Елкинде өз тұжырымдамсы жасады:эпидемиялогия халқ арасындағы инф. лық аурудың п, болун, таралуы туралы зандылыктары туралығылым.

Эпидемиолоия мақсаты-инф. аурудың таралуын, дамуын, пай. болуын, алдыналу, күресу шараларын теориялыө ж/е практикалық тұрғыдан түсіндңру.

Эпидемиология міндеті-Инф. аурудың пай. болуын, даму-таралуын, алдын-алу-күресу үшін әдістер табу ж/е қолдану.

Эпидемиологиялық процессті арнайы әдістермен зерттейді. Комп-лік технологияларды пайдаланып, эпид. лық процесске болжам жасауғаа, дамуын қадағалайтын болып табылады. Эпидемиологиялық әдңс эпидем. процессті ж/е инф. аурудың берілу жолдарын, пай. болуын зертттеу үшін қолданылатын әдістеме-амалдардың жиынтықтары.

1. Эпид-лық тексеру бақылау: Бұл әдіс өте мағызды, себебі бұл зерттеудің бастамасы. Осы әдіспен инфекцияның пай. болуын, инф. қоздырғышын, берілу жолдары мен факторларын анықтаймыз. Жиналған мәліметтер арқылы инфек. ның себеп-жағдайы, біржола көзін жою жодары туралы қорытынды жасаймыз.

2. Аналитикалық эпидемиологиялық әдіс: эпид. тексеру кезіндегі инфекция туралы болжамды тексеру.

3. Эксперименталдық эпидемиологиялық әдістер:Бұл әдңсті тек инфекцияны алдын алу, күресу шараларын зерттеуге қолданамыз. Бұл әдіс эпид. лық процесстегі құбылыстардың себеб/салдарын байланысын анықтайды.

4. Математикалық үлгілеу: Эпидемиялық процесстің көрінісін юолжау.

5. Статистикалық зерттеу әдістер. Бұл әдісепн инфекцияның алдын алу ж/е күресу шараларының тиімділіігн санмен бағалау. Эпид. лық тексеру кезінде мәліметтердің мағыздылыгына баға беріледі. Матем. стат. лық әдістерді қолдану арқ мәліметтердің дұрыстығын бағалацды. Жиналған ақпараттарды статистикалық әдісстер арқылы әртүрлі құбылыстарғабаға беру керек.

Статистикалық қортындыграфик, кесте сандық белгілермен жасалынады.

2. Эпидемиологиялық процесс туралы ілім,

құрылымы мен факторлары.

Громашевский эпид. процессті зерттеп, терминін ғылымға енгізген. Ол эпид. лық процесс болу үшін қоздырғыштың көзі, беріліс механизмі, қабылдаушы ағза болуы тиіс деді. Осы 3буын бір-бірімен байланысқан жағдайда процесс жүзеге асады. Эпидемиялық процесстің 3буыны:

1. Инфекция көзі

2. беріліс механизмі

3. қабылдаушы ағза.

Егер ағзаның қабылдаушлық қасиеті төмен болса, қоздырғыш ағзаға енбейді ж/е процесс жүзеге аспайды. Ал егер қабылдаушылығы жоғары болатын болса, ауру пайдаболады.

Инфекциялық процесс-паразит пен организмнің әрекеттесуінен ауру н/е тасымалдаушы түрінде көрініс беруі.

Инфекциялық процесс-микроағзаның макроағзаға еніп, ауру тұрінде көрінуі.

Эпидемиялық процесске Покровский, Черкасский, Громашевский, Беляков тұжырымдама жасаған болатын.

Черкасский, Покровский: Эпидемиялық процесс-инфекцияның халық арасвнда таралуы деді.

Беляков:Эпидемиялық процесс-инфекциялық аурудың пай. болуы ж/е таралуы Громашевский:эпидемиялық процесс* тізбекті заңдылықпен бірінен кейін бірі пай. болатынинфекцциялық жағдай деді.

Эпид. процесс жүргенде әлеуметтік ж/е табиғңи факторларға әсер етеді. Табиғи факторларға: жыл мезгілі, климат, ауа райы, географиялық жағдайы, жауын шашын жатады. Әлеуметтік факторларға:халықтың жағдайы, аймақтың тұрмыс тіршілігі, су сапасы, тамақтың құнарлылығы, медицинаның жағдайы, халықтың санитарлық біліімі.

3. Эпидемиологияның даму тарихының негізгі кезеңдері.

Эпидемиология дамуы ертеден басталған. Ертедегі Шыыс Азияның халқы алапестің жұқпалы екенін біліп, науқас аадмды оқшаулаған. Шешекке қарсы егу осыдыдан 3мыңжыл бұрын Қытай қолданған. Ө. Тілеуқабылұлы шешекке қарсы егуді 500жыл бұрын қолданған. Инфекциялық аурулар қоздырғыштардың тудыратынынын Гппократ еңбегінде айтылған ж/е Греция, Рим ғалымдары да болжам жасаған еді. Эпидемия миозматикалық ж/е контагиялық жолмен пайда болады деп болжамдалған. Миозматиклық-метеорит, вулкан, жер сңлкіну кезінде пайда болған зиянды заттардан эпидемия пайда блады деген болжам. Контагиялық - науқастан сау адамға жанасу арқылы пайда болады деген Фракастор ауруды оқшаулау, аймақты дезинфекция секіді күресу шараларын ұсынған. Дженнер шеешек ауруына қарсы сиыр шешегінің қабыршағын адамға енгізді. Бұл кейін тиімді ж/е қаупсіз әдіс екені дәлелденді. Орыс ғалымы Самойлович эпидемиологияның негізін қалаушы. Ол обаға қарсы көп еңбек етті. Ол оба қоздырғышын микроскоппен қарады. Минх пен Мечутовский бөртпе ж/е қайталама сұзегінің қоздырғышын жұқтырып, ауруды таралуын айтты. Мечников дизентерия, тырысқақ, бөртпе сүзегі, туберкулез ауруларын зерттеді. Ивановский вирустың қоздырғыштарын ащты, Боровской лейшманиоз қоздырғыышын тапты. Боткин бауыр ісін қоздырғыш тудыратынын айтты. Тарасевич бөртпе сүзегін, туберкулезді зерттеді. Габричевский дифтерияны емдеу үшін қан сарысуын қолданған. Заболотный тырысқақ, бөртпе, мерез ауруларын зерттеді. Марциновский, Скрябин, Павловский паразитологияның түрлі салаларында зор үлес қосқан. Қазақстан ғалымдарды да инфекциялық ауруларды зерттеген. Оған Қарақұлов, Әміреев, Темңрбеков, Сапарбеков, Исмагулов, Шуратов, Беклемишев жатады. Кеңес Одағының енбек сіңірген ғалымдары: Башенин, Елкин, Беляков, Кереев, Шляхов, Покровский, Черкасский, Шаханина, Литвин, Громашевский эпидемиологияның дамуына көп еңбек сіңірген.

Эпидемиологияның дамуына медицинаның басқа салалары яғни, вирусология, иммунология, гелминтология, иммунология әсер еткен.

Сонымен қатар санитарлық статистика, гигиена бөлімдерінің жұмыстары яғни денсаулықты жақсарту жұмыстары індетке қарсы шара болып табылып, эпидемиологияға тікелей әсер етеді.

4. Жұқпалы (паразитарлық) аурулардыың қазіргі заманғы эпидемиологиялық жіктелуі.

Инфекциялық аауруды жіктеуде қоздырғыштың түрі(бактерия н/е виурс), клиникалық белгісі(жіті н/е созылмалы) . Эпидемиологиялық белгілер(ішек инфекциялары, тыныс алу жолдарының инфекциялары, т. б. ) ж/е дәрігерр мамандығына мән береді. Ең маңыздысы қоздырғыштың экологиясы мен адам ағзасында орналассуы мен берілу механизмдері. Инфекцияны жою үшін қоздырғыштың қайда өмңр сүретіні, сақталатыны, адамға қалай берілетінін білу маңызды. Громашевский инфекция қоздырғыштарының ағзада орналасуы мен берілу механизмі бойынша инфекциялық ауруларды 5топқа бөлді:

1. ішек инфекциялары,

2. тыыныс жолдары инфекциялары,

3. қанинфекциялары,

4. сыртқы қабат инфекциялары

5. әртүрлі механизмдермен берілетін инфекциялары

Елкин инфекциялық ауруларды 3топқа :

1. Антропоноздар-адамдарға ғана тән

2. Зооноздар-жануарларға тән

3. Антропоноздар-адамға да, жануарға да тән

Антропонозды инфекциялардың қоздырғыштарыының берілу механизмі көлденең ж/е тік. Зоонозды инфекциялардың берілу механизмі шынжыр тәрізді. Сапронозды инфекциялардың қоздырғыштарына жепеуіш тәрізді берілу жолы тән.

Литвин мен Шляхов инфекциялық ауруларды қоздырғыштардың өмір сүру ортасына қарап топтастырды.

1. Антропонозды инфекциялық аурулардың инфекция топтары ішек, респираторлы, қан, сыртқы қабат жатады. Қоздырғыш қоры адам болып табылады. Таралатын аурулар инфекция топтарына байланысты жіктелген яғни ішек инфекция тобына:іш сүзегі, тырысқақ, А, Е гепатит, полиомиелит жатса, респираторлы: қызылша, қызамық, дифтерия; Қан:бөртпе сүзегі, безгек, қайталамалы сүзек; сыртқы қабат инф тобына: меерез бен қызылшаны жатқызған.

2. Зоонозды инфекциялық аурулардың қоздырғыш қоры жануар, инфекция топтары мен таралатаын аурулары: Үй ж/е синантропты хайуанататтар: бруцеллез, Ку қызбасы, аусыл, орнитоз; Жабайы хайуанаттар:туляремия, құтыру, обағ Ласса қызбасы жатады.

3. Сапронозды инфекциялық ауруулардың топырақтық инфекция тобынның қоздырғыш қоры топырақ ж/е таралатын аурулары: клостритиоз, актинмикоз; Сулы инфекциялық тобының қоздырғыш қоры:су ж/е таралатын аурулары: легионеллез, тырысқақ, мелиоидоз; сапрозоонозды инфекция тобына күйдіргі, лептоспироз, иерсиниоз, листериоз болады ж/е қоздырғыш қоры сыртқы орта хайуанаттары.

Инфекциялық ауруларды топтастыр үшін универсальды қағида ретінде экологиялық-эпидемиолоогиялық әдісті, берілу механизмі мен қоздырғыш түрін пайдаланған дұрыс. Себебі бұл қағида қоздырғыштығ биологиялық қасиеті мен экологиясына, сұранысқа бағвтталған. Осы топтастыру жүйесі денсаулық сақтау жұмыстарын атқаруға ықпалын тигізеді. Бұл топтастыруды 1994жылы Черкасский құраған болатын. Антпонозды ішек инфекцияларына вирус:А, Е вирусты гепатиттерң, Норволк инф, Ротавирус инф, энтеровирус инф, полиомиелит; Бактериялар: парасүзек, іш сүзегі, шигелла, Зонне дизентриясы, дизентериясы, эшериохозды тырысқақ жатады. Протозойлар: амедиаз, лямблиоз; Микоздар: Африкалық гистоплазмоз; Гельминтоздарға аскаридоз, гименолепидоз, дракункулез, трихоцефалез, энтеробиз жатады

Тыныс алу жолдары инфекцияларына вирустардан:тұмау, аденовирусты инф, герпес инф, реовирусты инф, қызылша, парагрипп, эпидемиялық паротит, риновирусты инф; Бактерилардан: дифтерия, гемофилус, стерптококк, көкжөтел, алапес, туберкулез, респираторлық хламидиоз, пневмококкты пневмония, респираторлық мкоплазмоз, инфлюэнцф инфекциясы; Протозойлардан: акантамебты менингит, пневмоцистоз.

Қан инфекциялары: Вирустардан:В, G, C, F, TTV, Д гепатиттері, цитомегаловирусты инфекция, вирусты сүйелдер, москиттермен берілетін инфекциялары; Бактериялардан: бүргелермен берілетін, бартонеллез, битпен берілетін инф, окопты қызба, қайталама бөртпе сүзек, бөртпе сүзегі; Протозойлар: массалармен берілетін безгек; Гельминтоздардан: шыбындармен берілетін лоаз, массалармен берілетін инф, бругиоз, вухерериоз.

Сыртқы қабат инфекциялары: Вирустардан: В, С, Д гепатиттері, АИТВ инфекциясы, Цитомегаловирусты инфекция, Вирусты сүйелдер; Бактериялардан: Беджель, Гонорея, донованоз, стафилококк инф, мерез, трахома, хламидиоз, зәршығару-жыыныстық инф, шанкроид; Протозойлардан: Үнді висцералды лейшманиоз, тері лейшманиозы, трихомониоз; актиномикоз, кандидоз, антропонозды микроспория, антропонозды трихофития, эпидермофития; Гельминтоздар:анкилостомидоз, онхоцеркоз, стронгилойдоз, шистосомоздар.

Зоонозды ішек инфекциялары: вирустар:ласса қызбасы, аусыл; Бактериялар: ботулизм, бруцеллез, хламидия инф, листериоз, мелойдоз, сальмонеллездер, жалғантуберкулез; Протозойлардан:балантидиоз, токсоплазмоз, криптоспаридоз; Гельминтоздар: альыеококкоз, апизокиоз, клонорхоз, тениоз, бүйрек капилляриозы.

Тыныс алу жолдары инфекциялары: вирустардан: марбург ж/е эбола қызбасы, маймыл шешегі; бактерияларлан: орнитоз, зоонозды туберкулез;

Қан инфекциялары: вирустардан:масамен берілетңн дене қызбасы, рифт алқабының қызбасы, сары қызба, жапон қызбасы, синдбис қызбасы; бактериялар: бүргемен берілетін оба, лайма ауруы, туляремия, квинсленд сүзегі, ку кызбасы, жарғақтау теңбіл қызбасы; Протозойлар: шыбынмен берілетңн: африкалық трипаносмоз, бүргемен; америкалық трипаносомоз, кенемен: бабезиоз;

Сыртқы қабат инфекциялары: вирустармен: құтыру, паравакцина; бактериялар: сап, сіреспе, чинга, күйдіргі, пастереллез; Протозойлар: Шығыс африкалық висцеральды лейшманиоз, тері лейшманиозы, шөлейт, ауыл типті тері лейшманиозы, микоздар: зооонозды микроспория, зоонозды трихофития

Сапронозды ішек инфекциялары: бактериялар:Вас. сеreus пен тама0тан улану, Clostridia perfringeus пен тамақтан улану; протозойдар: бірінші акатинамбепті менингоэнцефалит.

Сыртқы қабат инфекциялары: бактерия: газды гангрена, ; Протозойлар: споротризоз, хромобластомикоз

Тыныс алу жолдары инфекциялары: бактериялар: легионеллез; Микоздар:Адиаспиромикоз, аспергиллез, бластомикоз, гистоплазмоз, коксидиоидоз, криптококкоз.

5. Жұқпалы аурулар қоздырғыштарының паразиттілігі, биологиялық иесі және паразит резервуары.

Тіршілік әлеміне тән қасиеттер жұқпалы аурулардың қоздырғыштарындада болуы шарт, өйткені, олар тірі ағза болғанына байланысты, өзінөзі реттеу, өзгеріп-өніп-өсу, қозғыштық, әсерлестік т. б. қасиеттері болуы керек. Микроорганизмның маңызды қасиеті - паразиттік. Паразитизм әртүрлі екі ағзаның өзара байланысын сипаттайды. Қоздырғыш паразит ретінде иесін өніп-өсу үшін пайдаланады, мекендейді де инфекциялық процесс туғызады. Яғни қордырғыш паразит жагынан -зиян келтіруші, бүлдірушң болса, иесі қорғанады. паразит патогендік фактор болады, бірақ кез-келген патогендік фактор паразит болмайды. Сөйтіп, микроорганизмдердің патогендігі тірілерге тән, өзінің биологиялық мәні, табиғаты жағыынан басқа патогендік факторлардан ерекшелік көрсетеді. Паразиттің бейімделушілік қасиеті паразиттің иесінің ағзасына еніп-қалыптасуы үшін, сол ортада өмір сүруі үшін керек. Сонымен қатар паразит ерекше фермент бөледі. Қоздырғьштардың қасиеттерін зерттеу арқылы эпидемиялық процесске қарсы шаралар жасалынады. Қоздырғыштар мен иелерінің қарым- жүйе құрайды. Ол “паразитарлық жүйе” деп аталады. Паразитарлық жүйе террминін ғылымға Мартини енгізген болатын. Егерадам ағзасы паразиттің экологиялық өмір сұру ортасы болса, яғни паразит иесі адам болса, адам биологиялвқ обьект ретінде зерттелуге ыңғайлы болуы үшін әдейілеп абстракцияланып, шартпен бөліп қаралған паразитарлық жүйенің құраушы бөлшегі болып саналады.

Қоздырғыш ұзақ уақыт сақталатын организм резервуар деп аталады. Бір аурудың қоздырғыштары үшін резервуар адам (безгек, эпидемиялық бөртпе және қайтарымды сүзек және т. б. ), басқалары үшін - жануарлар болып табылады. Жабайы жануарлар табиғи резервуар деп аталады. Мысалы, кеміргіштер лейшманиоздың, обаның, туляремияның табиғи резервуары болып табылады. Кенелердің кейбір түрлері ұзақ уақыт (20 жылға дейін) қайтарымды кене сүзегі, кене энцефалиті, туляремиясы қоздырғыштарын сақтай алады.

Резервуарлардан басқа, көптеген қоздырғыштардың айналымы үшін рөлін қан соратын буынаяқтылар (жәндіктер мен кенелер) атқаратын тасымалдаушы қажет. Таратқыштардың белсенді орын ауыстыруы нәтижесінде ауру қоздырғыштары едәуір қашықтыққа таралуы мүмкін.

6. «Инфекцияның көзі» түсінігінің анықтамасы. Антропоноздар,

зооантропоноздар сапроноздар. Сырқаттанушылықтың формасына және кезеңділігіне байланысты адамды инфекция көзі ретінде эпидемиологиялық бағалау.

Инфекция көзі-қоздырғыштың өмір сүру ортасы ж/е қабылдайтын органимзге ауру жұқтыратын микроорганизм.

Ағзаның инфекцияны кімнен немесе неден жұқтырғанына байланысты антропонозды инфекция, зоонозды инфекция, сапронозды инфекция деп бөлінеді. Антропонозды инфекция кезіндеинфекция көзң ауру адам болғандықтан аурудың ауыр немесе жеңіл түрде болуы маңызды роль ойнайды. Себебі, ауыр түрдегі науқас адам ерте оқшауланатын болсағ жеңіл түрдегі науқас адам симптомсыз жүргендіктен білінбейді. Басқа адамдарға инфекция таратушы болады. Тасымалдаушылық дегеніміз инфекция қоздырғышын ағзада сақтау ж/е бөліп шығару. Тасымалдаушылықтың түрлері:

Сау тасымалдаушылық: ауру клиникалық көріністері болмайды

Реконвалесцентті тасымалдаушылық: науқас жазылғаннан соңда ағзада өоздырғыш өалып қояды да иммунитет төмендеген сітте кері өршейді.

Транзиторлық тасым. лық: ауру белгілері болмайды да 14 күнге дейін қоздырғышты бөлңп отырады.

Өткір тасымалдаушылық: 3айдай н/е бірнеше жылға дейңн қоздырғышты бөліп отырады.

Антропонозды инфекция тек адамнан адамға жұғады. Антропонозды инфекцияларға іш сүзегі, безгек, А, Е гепатиттері, дифтерия, қызылша, тырысқақ жатады.

Зоонозды инфекция деген жануардан адамға жүғады. Яғни инфекция көзі жануар. Зоонозды инфекцияларға: туляремия, оба, құтыру, орнитоз, Ку қызбасы, аусыл жатады.

Сапронозды инфекцияда инфекция қоздырғышы суда, топырақта болады. Сапронозды инфекцияларға: клостридиоз, күйдіргі, актиномикоз, тырысқақ жатады.

Сырқаттанушылықта қоздырғыштың берілу механизмдері ж/е оны іске асыратын факторлар қауіп-қатерлі топтарды анықтайды. Мысалы, АИВ-инфекциясы Африка, Америка, Еуропа және басқада елдерде көбінесе жыныстық жолмен берілетіндіктен, қауіп-қатерлі топтарға гомо, гетеросексуалистер, жезөкшелер жатад. Қазақстанда кейінгі жылдары осы инфекцияның көбінесе (70-80 %) парентералдық (лас шприц арқылы) жолмен берілетін болғандықтан, қауіп-қатерлі топқа нашақорларда жатады. Олардың ішіне 15-жастаағыларда кіретін болып тұр.

Эпидемиологиялық процесске әсер ететін факторлар

Эпидемиялық процесс уақыт пен кеңістікте үздіксіз өтеді. Бұл ретте биологиялық факторлар (гено - және фенотиптік жағынан өзінің белгілері бойынша бірдей емес паразит пен иесінің өзара іс-қимылы) эпидемиялық процестің даму себептерін қалыптастырады, ал әлеуметтік және табиғи факторлар эпидемиялық процестің даму жағдайларын реттейді. Эпидемиялық процесс себептері мен жағдайлары бір мезгілде болған кезде ғана бар.

Биологиялық фактор

Биологиялық фактор-«паразит - иесі» паразиттік жүйесі, онда өзара әрекеттесетін екі тарап белгілі бір қасиеттер (паразит - паразитизм және патогендік, иесі-сезімталдық) көрсетеді.

Әлеуметтік факторлар - бұл эпидемиялық үдерістің пайда болуына ықпал ететін (немесе кедергі келтіретін) әлеуметтік жағдайлардың жиынтығы.

Әлеуметтік факторларға жатады:

әлеуметтік дамыту;

халықтың әлеуметтік белсенділігі;

елді мекендерді санитарлық көркейту.

Әлеуметтік даму және өндіргіш күштер деңгейі эпидемиялық процестің даму жағдайына жанама әсер етеді. Ол эпидемиялық процестің дамуына оң және теріс әсер етуі мүмкін. Оң әсер етудің мысалдары: өмір сүру және тамақтану сапасын арттыру, соның салдарынан - иммунитеттің жағдайын жақсарту; мінез-құлық мәдениетін, гигиеналық тәрбиені өзгерту; технологияларды жақсарту және дамыту болып табылады. Теріс әсердің мысалы ретінде мыналар қызмет ете алады:: есірткіні қолданатын адамдар санының артуы және жыныстық мінез - құлық мәдениетінің өзгеруі-АИТВ - инфекциясы мен вирустық гепатиттің таралуы; экология жағдайының нашарлауы-иммунитеттің төмендеуі.

Халықтың әлеуметтік белсенділік деңгейі инфекциялық және эпидемиялық процестердің өту қарқындылығына тікелей және жанама әсер етеді. Халықтың әлеуметтік белсенділігі жоғары болған сайын, инфекциялық процесс қарқынды өтеді.

Халықтың әлеуметтік белсенділігінің шыңы соғыс және революция кезеңдеріне тарихи түрде келеді. Әлеуметтік белсенділік жеке отбасы немесе тұтас қоғам деңгейінде көрінуі мүмкін.

Елді мекендерді санитарлық абаттандыру деңгейі эпидемиялық процестің қарқынды дамуына тікелей әсер етеді. Бұған сумен жабдықтау, су бұру, қатты және тамақ қалдықтарын жинау және жою және т. б. жүйелерінің жай-күйі жатады.

Табиғи факторыөңдеу

Табиғи факторлар-бұл эпидемиялық үдерістің пайда болуына ықпал ететін немесе кедергі келтіретін табиғи жағдайлардың жиынтығы.

Табиғи факторларға жатады:

биотикалық элементтер;

абиотикалық элементтер.

Биотикалық элементтер-тірі табиғаттың компоненттері. Зооноздар кезінде биотикалық элементтердің реттеуші әсерінің мысалы табиғи-ошақты инфекциялар кезінде кеміргіштер санының (эпизоотиялық процестің қарқындылығы) өзгеруі кезінде эпидемиялық процесс ағымының қарқындылығын өзгерту болып табылады. Трансмиссивті зооноздар кезінде буынаяқтылардың саны мен көшуі эпидемиялық процестің өту қарқындылығына реттеушілік әсер етеді.

Абиотикалық элементтер-климат және ландшафтық-географиялық жағдайлар. Мысалы, экваторға жақын болған сайын, жұқпалы аурулардың нозологиялық түрлерінің алуан түрлілігі соғұрлым жоғары.

8. Жұқпа тасымалдаушы инфекция көзі, жіктелуі және эпидемиологиялық бағалау

Инфекция көзі-дені сау адамдар жұқтырған адам немесе жануар ағзасы-бұл паразиттің табиғи тіршілік ету ортасы, онда оның қоректенуі (метаболикалық процестерді қоса алғанда), көбеюі және жүзеге асырылады, содан кейін көзден (адамның немесе жануардың жұқтырған ағзасы) шығады.

1) . Негізгі көзі - қоздырғыштың биологиялық түрі (табиғи тіршілік ету ортасы) ретінде сақталуын қамтамасыз ететін ерекше иесі.

2) . Қосымша дерек көзі - қоздырғыштың адамдарға бере алатын спецификалық емес иесі. (адам қосымша көзі болуы мүмкін - оба) .

Инфекция резервуары-табиғи мекендеу ортасымен (негізгі көздердің жиынтығы) өзара әрекеттестікте қоздырғыш популяцияларының жиынтығы.

Иесі-паразиттің тіршілік ортасы және тамақ көзі болып табылатын организм. Паразит түрінің болуы үшін міндеттілігіне байланысты

антропоноздар-адам, зооноздар-Жануарлар, сапронзалар-орта) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Медициналық микробиологияның тарихи дамуындағы микробиология, вирусология және иммунологияның алатын орны
Жұқпалы аурулардың жалпы патологиясы:сипаттамасы, кезеңдері, негізгі белгілері, жіктелуі. Иммунитет. Аллергия. Анафилаксия
Құтырық ауруы
Эпидемиологиялық зерттеу әдісі
Оба тектес қоздырғышы
Пәннің саясаты
Балалар жұқпалы ауруларына кіріспе
ТРОПИКАЛЫҚ АУРУЛАР
Ауру малды оқшаулау
Қызылша туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz