ДИКТАНТ МӘТІНДЕРІНІҢ ЖИНАҒЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«ӨРЛЕУ» БАҰО АҚ ФИЛИАЛЫ ОҚО БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ
ДИКТАНТ МӘТІНДЕРІНІҢ ЖИНАҒЫ
5-11-сыныптар үшін
Шымкент-2015
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ОҚО бойынша ПҚБАИ Ғылыми кеңесінің № отырысында бекітіліп, баспаға ұсынылған.
Құрастырғандар:
Керимбекова Фатима Кайратовна - «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ОҚО бойынша ПҚБАИ «Инновациялық технологиялар мен жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы.
Алиакбарова Г. Р. - Титов атындағы №20 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
Пікір жазғандар:
Үсенбаева С. С. - ОҚМПИ филология ғылымдарының кандидаты.
Медетбекова М. - «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ОҚО бойынша ПҚБАИ «Басқару және білім беру сапасы» кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты.
Ұсынылып отырған диктант мәтіндері жинағында қазіргі таңдағы диктант жаздырудың ережесі және диктанттың түрлері туралы түсінік берілген. Сонымен қатар дәстүрлі диктант пен қазіргі өлшемдегі диктанттардың айырмашылығы туралы, жазба жұмыстарының мөлшері мен диктанттың бағалау нормалары көрсетілген.
Диктант мәтіндері жинағы аудандық білім бөлімі әдіскерлеріне, қазақ тілі әдістемелік бірлестік жетекшілеріне, қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдеріне, жас тілші ұстаздарға, оқушыларға, студенттерге көмекші құрал болып табылады.
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ОҚО бойынша ПҚБА институты, 2015
МАЗМҰНЫ
АЛҒЫ СӨЗ
Бұл диктант мәтіндері жинағында жалпы білім беретін мектептердің қазақ тілі мұғалімдеріне, сонымен қатар қазақ тілін үйренушілерге арналған түрі тәрбиелі, мағыналы, мазмұнды мәтіндер іріктеліп жинақталған. Жинақта диктант жаздырудың әдістемесі, талаптары, оқушыларға арналған ережелер берілген. Диктант мәтіндерінің мөлшері, бағалау нормалары көрсетілген. Жалпы білім беретін мектептің қазақ тілін оқыту бағдарламасы басшылыққа алына отырып, 5-11 сыныптарға арналған диктант жазуға арналған мәтіндер оқушылардың тілді меңгеруіне байланысты берілген.
Заман талабына сай диктант жазудың да ережесі мен түрлері түрленіп отырады. Дәстүрлі диктанттар бақылау түрінде тоқсан барысында тақырыптық және қорытынды бақылау диктанты болып жаздырылатын болса, қазіргі өлшемдегі диктанттар түрліше болып жаздырылуда. Қазіргі қолданылып жүрген дәстүрлі диктанттардың шығармашылық бағытын жетілдіре отырып, оның түрлерін жаңарту, жаңғырту - тіл дамыту жұмысының басты мақсаты болып отыр. Соңғы кезде қазақтілін әдебиетпен байланыстыра оқытуға негізделген шығармашылық диктанттың бірнеше түрі қолданыста жүр. Оқушының алған білімін өмірде қолдана білуді негізге ала отырып жеке тұлғаны дамыту мақсатында сандық диктанты, жүгіру диктанты, сөздік диктанты, көру диктанты, терме диктанты, жатқа жазу диктанты, ескерту диктанты, өздік диктанты, ерікті диктанты, түсіндірме сүйеніп отыру диктанты, диктанты, графикалық диктанты, бақылау диктанты, жүгіру диктанты, шығармашылық диктанты, ысқыру диктанты, модельдеу диктанты, т. б. түрлерін жаздыру тиімді болып отыр. Сондықтан да жинақта әрбір диктант түріне қысқаша болса да түсінік беріп кетуді жөн санадық, сонымен қатар мұғалімдердің көп ізденері, көп қолданатыны бақылау диктанты болғандықтан басымдылықты осы диктантқа аудара отырып бірнеше мәтіндерді жинақта ұсынып отырмыз.
Бұл жинақта дәстүрлі диктант пен қазіргі өлшемдегі диктанттардың айырмашылығы туралы да айтылады. Дәстүрлі диктантта жазылым негізге алынса, қазіргі диктанттарда тыңдалым дағдысына баса назар аударылған. Диктанттың өмірге қажеттілігі мен ұтымдылығы да өте маңызды. Мәтінді мұқият тыңдап, сақ отыруға баулиды, тез ойлап, тез шешім қабылдауға үйретеді. Оқушы лайықты нәрсені таңдауға және тыңдауға үйренеді.
Қорыта айтқанда, диктант өз алдына басы бірікпейтін нәрсе сияқты көрінеді. Бір жүйеге түсірсек, оқыту да, тіл дамыту да, әдебиет пен қазақ тіліне деген құрмет пен қызығушылық та арта түспесе кемімейді. Ұрпақ тілі - біздің болашағымыз екенін ұмытпайық!
ДИКТАНТ: ТҮСІНІКТЕМЕ, ТҮРЛЕРІ
Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр ұялата алады.
А. Байтұрсынұлы
Диктант - латынның «дикто» деген сөзінен шыққан. Яғни «естіртіп айту» деген мағынаны білдіреді. Диктант оқушылардың сауаттылығын арттырып, сөздік қорларын байытады. Диктантты жаздыру арқылы оқушының білімді қандай деңгейде игергендігін тексеруге болады. Диктант түрлері белгілі бір грамматикалық ережеге сай жүргізіледі. Ең алдымен, ережені түсіндіріп алып, содан кейін ережеге сай диктант жазылады. Бүгінге дейін диктанттың бірнеше түрі іс-тәжірибеде қолданылып келеді.
Атап айтқанда:
- сөздік диктанты
- көру диктанты
- терме диктанты
- жатқа жазу диктанты
- ескерту диктанты
- өздік диктанты
- ерікті диктант
- түсіндірме диктанты
- графикалық диктант
- шығармашылық диктанты
- бақылау диктанты
- жүгіру диктанты
- сүйеніп отыру диктанты
- ысқыру диктанты
- модельдеу диктанты
- сандық диктанты т. б.
1. 1 Дәстүрлі диктант пен қазіргі өлшемдегі диктанттардың айырмашылығы
1-кесте
1. 2 Диктанттың өмірге қажеттілігі, ұтымдылығы:
- Мәтінді мұқият тыңдап, сақ отыруға баулиды;
- Тез ойлап, тез шешім қабылдайды;
- Лайықты нәрсені таңдауға және тыңдауға үйренеді.
Қазіргі қолданылып жүрген дәстүрлі диктанттардың шығармашылық бағытын жетілдіре отырып, оның түрлерін жаңарту, жаңғырту - тіл дамыту жұмысының басты мақсаты. (1-кесте) Соңғы кезде қазақ тілін әдебиетпен байланыстыра оқытуға негізделген шығармашы- лық диктанттың бірнеше түрі қолданыста жүр. Кейбіріне тоқталатын болсақ:
Сандық диктант
Берілген сөздерге қатысты сандарды қойып жазады:
Зат есім - 1
Етістік - 2
Сын есім - 3
Сан есім - 4
Жауапты тексеру
Оқушының оқу жетістігін өлшейтін бағалау критерийі
Сөз таптарын бір-бірінен ажырата біледі.
Тапсырма дұрыс орындалған.
- Модельдеу технологиясықазақ тілі сабақтарында сызба, макет арқылы емес, тіл арқылы жүргізіледі. Сол себептен де модельдеу шығармашылық жұмыстың бір түрі ретінде тіл дамыту үрдісінің жемісті, өнімді тәсілі болып табылады.
Модельдеу диктанты.
Диктантты жүргізу әдістемесі: диктант төрт кезеңнен тұрады.
Модульдеу диктанты әдебиеттік оқудан өтіп жатқан көркем шығармадан алынады. Диктантты орындамас бұрын, интерактивті тақтадан диктант мәтіні оқылады.
Ең бірінші . . . - Халқым менің,
Соған берем . . . алтын кенін.
. . . , мен бармын, . . . болмаймын,
Қымбаттырақ алтыннан . . .
менің.
Екінші
кезең
Модель-сызбаны толтырып,
диктантты жалғастыр
Не істедім? . . .
. . .
. . .
Үшінші
кезең
Төртінші
кезең
Модульдеу диктантының тіл дамытудағы, оқушылардың сауаттылығын арттырудағы ұтымдылығы
Біріншіден, дәстүрлі диктанттағыдай оқушы орындаушы, естігенін ғана жазушы емес, ең бастысы қабілетті, ізденістеріне қарай шығармашылықпен түрлендіруші орнында болады;
Екіншіден, өз жұмыстарына, бір-бірінің жұмыстарына баға беруші, салыстырушы дәрежесінде көрінеді;
Үшіншіден , өздерін-өздері, бір-бірін оқытушы, өз тілдерін, білімдерін өздері жетілдіруші, дамытушы іс-әрекетінде болады;
Төртіншіден , бұл диктанттар тексеруге, жедел қорытынды, коррекция жасауға тиімді болып келеді;
Бесіншіден, алған білімдерін шығармашылықпен жаңа өнім жасауға бағыттайды;
Алтыншыдан, қаламгерге еліктеу, оның көркем тілдерін меңгеру, оны өз тәжірибелеріне пайдалану дағдылары жетіледі, тілдері дамиды.
- Пәнаралық байланысқа негізделген шығармашылық диктанттардың тағы бір түрі«Өзің тап». «Өзің тап» диктанты әдебиеттен өтіп жатқан көркем шығармалармен байланыс негізінде жүргізіледі. Диктант мәтінінде мұғалім сын есімдер орнына зат есім немесе сан есім орнына етістіктерді т. б. жазады, оқушы дұрысын өздері табады. Диктанттың қай түрі болмасын сауаттылыққа ерекше көңіл бөлінеді. Бұл диктанта да мәтін алдында жататын себепті тапқан сөздердің жазылу емлесі басты назарда болады. Осындай диктанттар оқушылардың көру, есту қабілеттерінің дамуына да ықпалетеді. Олоқушылардың тікелей өз іс-әрекеттеріне негізделеді. Мұғалім диктант мәтінін жазып, әрқайсысының алдына тастайды. Мәселен, мұғалім мақсатты түрде 10 қате жібереді, яғни он сөзді мәтін мазмұнына сәйкес келмейтіндей немесе әдеби тілде емес, қарапайым сөйлеу тілінде ұсынады. Көбінде сөз таптарын өзгертіп береді. Оқушының мақсаты сол сөздерді тауып, орнын мәтіндегі сөздермен дәл ауыстырады. Диктанттың бұл түріде шығармашылық жұмыстар арқылы тіл дамыту үрдісінде тиімді болып келеді. Мұғалім оқушының неше қате сөзді тапқанына қарай бағалау, коррекция жұмысын жүргізеді.
«Өзің тап» диктантының тиімділігі төмендегідей тұжырымдалды:
- Оқушылардың көру, есте сақтау қабілеттерін жетілдіреді;
- Сөздік қорының баюына ықпал етеді;
- Пәнаралық байланыс негізінде алған білімдерін толықтырды. [1]
Сонымен тіл дамытуға арналған шығармашылық бағыттағы диктанттың бұл түрлері оқушылар танымын белсенді етуде, қызығушылығын арттыруда, әсіресе әдеби тілін дамытуда, сауаттылыққа баулуда өте тиімді болып келеді.
Әлемдік тәжірибеде диктанттарды түрлері өте көп және олар өмірге бір қажеттілік ретінде қолданылып, оқушылардың аса қызығушылығын тудыратын әдіс ретінде қолданылады. Бүгінге дейінбіздіңқолданып келген диктант түрлері жазылым дағдысына жатқызылып келсе, қазіргі диктанттың жаңа түрлері тыңдалымды игеруге бағытталған тәсіл ретінде қарастырылады. Жаңа әдіспен орындалатын диктанттың кейбір түрлері көптеген ұстаздарды қызықтырды, сондықтан терме, көру, ескерту диктанттарының орнына қазіргі кезде жаңа түрі «Ысқыру», «Жүгіргіш», «Сүйеніп отыру» диктанттарын көп жүргізіліп келеді. Бұл диктанттар айқайлау, сыбырлау, ысқыру арқылы орындалады. Белсенді іс-әрекет болғандықтан оқушылардың қызығушылығы жоғары болады.
Ысқыру диктанты (Whispering dictation)
Диктантты мұғалім оқиды. Диктант белгілі бір сөз табын табу мақсатында орындалады. Мұғалім диктантты оқымас бұрын алдын ала ысқырықты дайындап алады. Дайындаған мәтінінің ішінен тастап кетуге тиісті сөздердің астын сызып қояды. Оқып келе жатып, сол тұсқа келгенде, ысқырықпен ысқырады. Олар болжаммен сол жерге қажетті сөзді өздері дәптерлеріне жазады. Жасырылған сөздер бірыңғай бір сөз табынан болуы керек.
Мысалы:

Жүгіргіш диктанты (Running dictation)
Жүгіргіш диктантты оқушылар оқиды. Диктантты орындау үшін сыныптағы оқушыларды санына қарай топтарға бөліп, бірдей көлемдегі әр түрлі мәтінді тақтаға, қабырғаға (бір- біріне кедергі жасамайтындай) іліп қояды. Шатастырмас үшін мәтіндерге А, Ә, Б әріптері немесе топтың белгілері қойылады. Топтағы бір оқушы мәтінді оқып жеткізуші болады да, топтың қалған мүшелері естігендерін қағазға түсіруші міндетін атқарады. Бір мезгілде үш топтың мәтін жеткізушілері жүгіріп, өз мәтіндерінен мүмкіндіктерінше сөз не сөйлемді оқып, болмаса жаттап, топ мүшелеріне оқиды.
- Сүйеніпотырудиктанты (Back-to-back dictation)
Сүйеніп отыру диктантын оқушылар жұптарымен оқиды. Ол үшін екі оқушыға бір мәтін екіге бөлініп беріледі. Мәтінде не бас әріп, не тыныс белгісі болмайды. Жұп оқушы бір-біріне арқаларын беріп отырады. Алдымен оқушыларға мәтінмен танысуға уақыт беріледі.
Алғашқы бөлігін бір оқушы оқиды, жұбы жазады. Мәтіннің бірінші бөлігі аяқталған соң, келесі бөлігін жазған оқушы оқиды да, оқыған оқушы диктанты жазады. Соңында жұмыстарын алмастырып, мұғалімнің берген дұрыс нұсқасымен салыстырып, тексереді.
I
бөлігі
II
бөлігі
Өмір тәжірбиесінде дәстүрлі диктанттың өздік, шығармашылық, бақылау түрімен қатар, қазіргі өлшемдегі диктанттарды да қолданып отырған өте тиімді. Дәстүрлі диктант оқушылардың жазылым дағдысын дамытса, ал қазіргі өлшемдегі диктанттар оқушылардың оқылым дағдысын дамытады
Қазақ тілі бойынша жүргізілетін диктанттар екі топқа бөлінеді:
мәтіні өзгертілмеген диктанттар
және
мәтіні өзгертілген диктанттар.
Мәтіні өзгертілмеген диктанттар ішіндегі күрделісі -
түсіндірмелі диктанттар.
Бұл диктанттар дауысты, дауыссыз дыбыс әріптерінің, әріптер тіркесінің, тасымалдың, біріккен сөздердің, қос сөздердің, қысқарған сөздердің, зат есімнің, сын есімнің, сан есімнің, тұйық етістіктің, үстеулердің, шылау сөздердің емлелеріне байланысты жүргізіледі.
Түсіндірме диктант екі түрге бөлінеді:
1. Есту диктанты.
2. Көру диктанты.
1. Есту диктанты
Емле ережелерінің шегін ажырата отырып, оқушылардың есту қабілетін арттыруға байланысты орындалады. Есту диктантының орындалу тәсілі екі түрлі
Бірінші түрі: дауысты, дауыссыз дыбыс әріптерінің, әріптер тіркесінің, тасымалдың, сөз құрамының және сөз таптарының жазылу ережесі ауызша түсіндіріледі де, осы мәліметке сай дайындалған мәтінге оқушылар көз жүгіртеді. Сонан соң бұл мәтін мұғалім тарапынан жаздырылады.
Екінші түрі: мұғалім белгілі емлеге сай дайындалған мәтінді жаздырады. Жазу үстінде белгілі бір емлелердің астын сызып отыруды жүктейді. Сонан соң диктанттағы емлені оқушылардың өздері түсіндіріп, қатесін өздері түзетеді. Белгілі бір емлені түсіндіруге байланысты алынған диктанттың мәтіні 40-50 сөзге, ал арнайы жүргізілген диктант мәтінінің сөзі 90-210 сөзге дейін болады.
2. Көру диктанты
Емлені айыра отырып, оқушылардың көру қабілетін дамыту мақсатында жүргізіледі. Бұның да орындалу амалы екі түрлі.
Бірінші түрі: емлеге сай дайындалған мәтін оқушыларға түгелдей оқытылады да, оны мұғалім дәптерге жаздырады. Содан кейін оқушылар жазылған диктантты емлеге сай түсіндіреді.
Екінші түрі: мұғалім дайындаған мәтінді тақтаға жазады. Емлеге байланысты түсіндіру кезінде тақтадағы орфограммалардың асты сызылады. Сонан соң тақтадағы мәтін өшіріледі де, сол мәтінді мұғалім оқушыларға жаздырады. Бұл диктант оқушылардың көру,
есту, есте сақтау, затты тану сияқты қабілеттерін дамыту мақсатында жүргізіледі. Көру диктанты үшін әріп, буын, жеке сөздер, сондай-ақ жазылуы қиын сөздер мен сөз тіркестері және шағын мәтіндер, жұмбақтар, мақалдар, жаттауға берілген өлеңдерді де алуға болады. Диктант мәтіндері үзіліс кезіндетақтаға немесе алдын-алааумақты қағазға жазылып, ілулі тұрғаны дұрыс. Оны оқушылардың 2-3 ретоқып шығуына, естерінде сақтауына1-2 минут уақыт беріледі. Содан кейін мұғалім оны жауып немесе жинап қояды. Оқушылар көрген, оқыған сөздерін немесе мәтінді естеріне түсіріп, өз беттерінше дәптерге жазады.
Өздік диктанты
Диктанттың бұл түрінің де өткенді қайталап, тіл ұстартуда маңызы зор. Оқушылар өтілген материалдарға байланысты әріптер мен буындарды, сөздер мен сөз тіркестерін, сөйлемдер мен жатталған өлеңдерді, жұмбақтар мен жаңылтпаштарды естеріне түсіріп, өздігінен ойланып отырып жазады. Мұғалім өздік диктанттың қай күні болатынын, нені қайталап келу керектігін оқушыларға алдын-ала ескертіп қояды. Сонда оқушылар үйден шала жаттаған өлең, қанатты сөздер жұмбақты, жаңылтпаштар мен ережелерді пысықтап келетін болады.
Шығармашылық диктант
Диктанттың бұл түрі - үйрету диктанттарының ішінде мазмұн, құрылым, стиль, әдіс-тәсіл жағынан ең күрделісі, оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын, білім деңгейі мен өздігінен жұмыс істеудегі шеберліктерінің көрсеткіші. Сондықтан бұл диктант шолу, қорытындылау, қайталау сабақтарында жиі жүргізілсе, шәкірттер ескерту, бақылау диктантттарына сенімді даярлықпен келеді.
Сөздік диктанты
Сөздік диктанты сабақтың кез келген уақытында жазылады. Оған оқушылардың жыл бойы меңгеруге тиісті термин сөздері, омоним, антоним сөздері және жазылуы қиын сөздер алынады. Текстің көлемі 5-10 сөзден аспауы керек. Сөздік диктантын көру, өздік диктанттары ретінде де, мұғалімнің ауызша айтуы бойынша да жаздыруға болады. Ол мұғалімнің еркінде.
Терме диктанты
Диктанттың бұл түрі кез келген ережеге негізделіп жүргізіледі. Мұғалім диктант мәтінін оқымастан бұрын қандай ережеге көңіл аудару керектігін ескертеді. Оқушылар мәтінді түгел жазбай, мұғалім оқып тұрған мәтіннен әркім өзіне берілген тапсырмаға лайықты сөздер мен сөз тіркестерін немесе сөйлемдерді теріп жазады.
Ескерту диктанты
Бұл диктант көлемі, орфографиялық емлеге тән сөздік қоры жағынан бақылау диктантына жақын келеді. Басқа диктанттардай тек кеше не бүгін ғана өтілген тақырыптарды емес, осы уақытқа дейінгі барлық материалдарды түгел қамтып, оқушыларды бақылау диктантына тікелей әзірлейді. Сондықтан бұл диктантқа енген мәтіндер бірін-бірі қайталамай, өткен материалдарды тиянақтап, толықтыра түсуге тиіс. Ескерту диктантына мұғалім де, оқушылар да тиянақты, ұқыпты да жауапты қарауы қажет.
Графикалық диктант
Мұнда сөйлемнің не сөздің сызбалары беріледі. Сол сызбаға сәйкес сөйлемдер құрастырылып жазылады.
Конкурстық диктант
Бұл диктант түрін тоқсан сайын бір рет өткізуге болады. Оған әр тоқсанда үйретілген жазылуы қиын сөздер алынады. Конкурстық диктант жарыс түрінде өткізіледі. Жарысқа түсу үшін сынып екі топқа немесе үш топқа бөлінеді. Қай топ диктантты сауатты әрі көркем жазса, сол топ жеңіске жетеді. Бұл диктант түрін алу барысында оқушылардың шапшаңдықтары артып, қызығушылықтары арта түседі
Бақылау диктанты
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz