Тауарларды нарықта позициялау


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 166 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігі

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

Менеджмент және маркетинг кафедрасы

Н. А. Баранова

Г. Е. Есімхан

МАРКЕТИНГ

Оқу құралы

Қостанай, 2011

УДК 338

ББК 65. 9(2) 212. 4

Б-24

Авторлары:

Баранова Наталья Аркадьевна, э. ғ. к., А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, менеджмент және маркетинг кафедрасының доцентінің м. а.

Есімхан Гүлдана Еркінқызы, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, менеджмент және маркетинг кафедрасының аға оқытушысы

Рецензенттер:

Кенжеболатова М. Ш. - экономика ғылымдарының докторы, профессор, С. Сейфуллин атындағы КазАТУ экономикалық теория және құқық кафедрасының меңгерушісі

Дюзельбаева Г. М. - э. ғ. к., А. Байтурсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, банк ісі кафедрасының меңгерушісі

Жиентаев С. М. - экономика ғылымдарының докторы, профессор, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, экономика және басқару кафедрасының меңгерушісі

Баранова Н. А.

Есімхан Г. Е.

Б 24 Маркетинг: Оқу құралы. - Қостанай: А. Байтурсынов атындағы ҚМУ, 2011. -172 бет.

ISBN 978-601-7233-67-9

Оқу құралына «Маркетинг» курсы бойынша негізгі теориялық ұғымдар мен негізгі қорытындылар, тәжірибелік сабақтарды орындауға арналған бақылау сұрақтары, тесттік сұрақтар, тәжірибелік жаттығулар, сонымен қатар студенттердің өзіндік жұмыстарына арналған тапсырмалар енгізілген. «Әлеуметтік ғылымдар және бизнес» бағыты бойынша даярланушыларға арналған.

УДК 338

ББК 65. 9(2) 212. 4 Б-24

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің

Оқу - әдістемелік кеңесімен бекітілген және ұсынылған, хаттама № . . 20___ж.

ISBN 978-601-7233-67-9 © А. Байтұрсынов атындағы

Қостанай мемлекеттік университеті.

Мазмұны

Кіріспе . . .: Кіріспе . . .
5: 5
Кіріспе . . .: 1 Тақырып Маркетингтің пайда болуы мен дамуының экономикалық алғышарттары … . . .
5: 6
Кіріспе . . .: 1. 1 Жалпы теориялық ұғымдар . . .
5: 6
Кіріспе . . .: 1. 2 Бақылау сұрақтары . . .
5: 11
Кіріспе . . .: 1. 3 Тесттер . . .
5: 11
Кіріспе . . .: 1. 4 Тәжірибелік жаттығулар . . .
5: 13
Кіріспе . . .: 1. 5 Жеке үй тапсырмасы . . .
5: 19
Кіріспе . . .: 2 Тақырып Маркетингтік зерттеулер . ……
5: 20
Кіріспе . . .: 2. 1 Жалпы теориялық ұғымдар . . .
5: 20
Кіріспе . . .: 2. 2 Бақылау сұрақтары . . .
5: 24
Кіріспе . . .: 2. 3 Тесттер . . .
5: 24
Кіріспе . . .: 2. 4 Тәжірибелік жаттығулар . . .
5: 26
Кіріспе . . .: 2. 5 Жеке үй тапсырмасы . . .
5: 31
Кіріспе . . .: 3 Тақырып Маркетингтік орта …. .
5: 32
Кіріспе . . .: 3. 1 Жалпы теориялық ұғымдар . . .
5: 32
Кіріспе . . .: 3. 2 Бақылау сұрақтары . . .
5: 33
Кіріспе . . .: 3. 3 Тесттер . . .
5: 33
Кіріспе . . .: 3. 4 Тәжірибелік жаттығулар . . .
5: 35
Кіріспе . . .: 3. 5 Жеке үй тапсырмасы . . .
5: 37
Кіріспе . . .: 4 Тақырып Тауарлық нарықтағы тұтынушылардың іс-әрекеті . . . …… . . . …
5: 38
Кіріспе . . .: 4. 1 Жалпы теориялық ұғымдар . . .
5: 38
Кіріспе . . .: 4. 2 Бақылау сұрақтары . . .
5: 40
Кіріспе . . .: 4. 3 Тесттер . . .
5: 40
Кіріспе . . .: 4. 4 Тәжірибелік жаттығулар . . .
5: 42
Кіріспе . . .: 4. 5 Жеке үй тапсырмасы . . .
5: 45
Кіріспе . . .: 5 Тақырып Нарықты сегменттеу.
5: 46
Кіріспе . . .: 5. 1 Жалпы теориялық ұғымдар . . .
5: 46
Кіріспе . . .: 5. 2 Бақылау сұрақтары . . .
5: 49
Кіріспе . . .: 5. 3 Тесттер . . .
5: 49
Кіріспе . . .: 5. 4 Тәжірибелік жаттығулар . . .
5: 51
Кіріспе . . .: 5. 5 Жеке үй тапсырмасы . . .
5: 55
Кіріспе . . .: 6 Тақырып Маркетинг жүйесіндегі тауар. .
5: 57
Кіріспе . . .: 6. 1 Жалпы теориялық ұғымдар . . .
5: 57
Кіріспе . . .: 6. 2 Бақылау сұрақтары . . .
5: 62
Кіріспе . . .: 6. 3 Тесттер . . .
5: 62
Кіріспе . . .: 6. 4 Тәжірибелік жаттығулар . . .
5: 63
Кіріспе . . .: 6. 5 Жеке үй тапсырмасы . . .
5: 68
Кіріспе . . .: 7 Тақырып Маркетингтегі тауарлық саясат
5: 69
Кіріспе . . .: 7. 1 Жалпы теориялық ұғымдар . . .
5: 69
Кіріспе . . .: 7. 2 Бақылау сұрақтары . . .
5: 73
Кіріспе . . .: 7. 3 Тесттер . . .
5: 73
Кіріспе . . .: 7. 4 Тәжірибелік жаттығулар . . .
5: 75
Кіріспе . . .: 7. 5 Жеке үй тапсырмасы . . .
5: 78
Кіріспе . . .:

8 Тақырып Маркетингтегі бағалық саясат . . .

5: 79
Кіріспе . . .: 8. 1 Жалпы теориялық ұғымдар . . .
5: 79
Кіріспе . . .: 8. 2 Бақылау сұрақтары . . .
5: 80
Кіріспе . . .: 8. 3 Тесттер . . .
5: 81
Кіріспе . . .: 8. 4 Тәжірибелік жаттығулар . . .
5: 82
Кіріспе . . .: 8. 5 Жеке үй тапсырмасы . . .
5: 90
Кіріспе . . .: 9 Тақырып Маркетингтегі өткізушілік саясат . . . …
5: 91
Кіріспе . . .: 9. 1 Жалпы теориялық ұғымдар . . . . . .
5: 91
Кіріспе . . .: 9. 2 Бақылау сұрақтары . . .
5: 96
Кіріспе . . .: 9. 3 Тесттер . . .
5: 96
Кіріспе . . .: 9. 4 Тәжірибелік жаттығулар . . .
5: 98
Кіріспе . . .: 9. 5 Жеке үй тапсырмасы . . .
5: 102
Кіріспе . . .: 10 Тақырып Маркетингтегі коммуникациялық саясат. . . . … . . .
5: 104
Кіріспе . . .: 10. 1 Жалпы теориялық ұғымдар . . .
5: 104
Кіріспе . . .: 10. 2 Бақылау сұрақтары . . .
5: 109
Кіріспе . . .: 10. 3 Тесттер . . .
5: 109
Кіріспе . . .: 10. 4 Тәжірибелік жаттығулар . . .
5: 111
Кіріспе . . .: 10. 5 Жеке үй тапсырмасы . . .
5: 116
Кіріспе . . .: 11 Тақырып Маркетинг жүйесіндегі жарнама. ………. . . .
5: 117
Кіріспе . . .: 11. 1 Жалпы теориялық ұғымдар . . .
5: 117
Кіріспе . . .: 11. 2 Бақылау сұрақтары . . .
5: 119
Кіріспе . . .: 11. 3 Тесттер . . .
5: 120
Кіріспе . . .: 11. 4 Тәжірибелік жаттығулар . . .
5: 121
Кіріспе . . .: 11. 5 Жеке үй тапсырмасы . . .
5: 124
Кіріспе . . .: 12 Тақырып Маркетингтегі жоспарлау және бақылау . . .
5: 125
Кіріспе . . .: 12. 1 Жалпы теориялық ұғымдар . . .
5: 125
Кіріспе . . .: 12. 2 Бақылау сұрақтары . . .
5: 131
Кіріспе . . .: 12. 3 Тесттер . . .
5: 131
Кіріспе . . .: 12. 4 Тәжірибелік жаттығулар . . . ………
5: 133
Кіріспе . . .: 12. 5 Жеке үй тапсырмасы . . .
5: 135
Кіріспе . . .: 13 Тақырып Маркетингтегі стратегиялық жоспарлау. . . .
5: 137
Кіріспе . . .: 13. 1 Жалпы теориялық ұғымдар . … . . .
5: 137
Кіріспе . . .: 13. 2 Бақылау сұрақтары . . .
5: 140
Кіріспе . . .: 13. 3 Тесттер . . .
5: 140
Кіріспе . . .: 13. 4 Тәжірибелік жаттығулар . . . …
5: 142
Кіріспе . . .: 13. 5 Жеке үй тапсырмасы . . .
5: 149
Кіріспе . . .: 14 Тақырып Халықаралық маркетинг. . . . .
5: 150
Кіріспе . . .: 14. 1 Жалпы теориялық ұғымдар . … . . .
5: 150
Кіріспе . . .: 14. 2 Бақылау сұрақтары . . .
5: 152
Кіріспе . . .: 14. 3 Тесттер . . .
5: 152
Кіріспе . . .: 14. 4 Тәжірибелік жаттығулар . . . …
5: 157
Кіріспе . . .: 14. 5 Жеке үй тапсырмасы .
5: 160
Кіріспе . . .: 15 Тақырып Қызмет көрсету және коммерциялық емес қызметтердің маркетингі . . .
5: 162
Кіріспе . . .: 15. 1 Жалпы теориялық ұғымдар . … . . .
5: 162
Кіріспе . . .: 15. 2 Бақылау сұрақтары . . .
5: 164
Кіріспе . . .: 15. 3 Тесттер . . .
5: 165
Кіріспе . . .: 15. 4 Тәжірибелік жаттығулар . . . …
5: 170
Кіріспе . . .: 15. 5 Жеке үй тапсырмасы . . .
5: 171
Кіріспе . . .: Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . …
5: 173

Кіріспе

Фирма әртүрлі тұжырымдамаларды - инвестициялар және шығындардың оптималдық деңгейін есептей отырып, қаржылық; нарыққа бәсекенің әртүрімен шыға отырып, бәсекелестік; өз өнімдерінің көрсеткіштерінің сапасын жақсарта отырып, тауарлық және т. б. пайдалана отырып өзінің басқару түрін таңдап алады. Бірақ, қазіргі уақытта белгілі бір мақсатты нарықтағы тұтынушылардың сұраныстарын қанағаттандыруға және түсінуге бағытталған маркетингтік тұжырымдама басқаруда көп тиімділік алып келеді.

Соңғы жылдары тәжірибешілердің, ғалымдардың және жалпы қоғамның маркетингке деген қызығушылығы философиялық және кәсіпкерліктің құралы тұрғысында айтарлықтай өсіп отыр. Маркетинг - нарықтың кәсіптік қызметіне арналған негізгі пәндердің бірі болып табылады және оларда нарықты қалай сипаттау және оны сегменттерге қалай бөлу; мұқтаждықты, сұранысты және мақсатты нарық аясында талғамдарын қалай бағалау; осы нарыққа қажет тұтынушылық қасиеттері бар тауарды шығару және сынау; баға арқылы осы тауардың құндылығы жайлы ақпаратты қалай тұтынушыға жеткізу; тауарды тұтынушыға жақсылап насихаттап, оны көбірек сату үшін жақсы делдалдарды қалай таңдау, тұтынушылар тауар жайлы ақпарат таратып, оны тұтынушылар алатындай етіп қалай жақсылап жарнамалау сияқты ұғымдар міндетті түрде болу қажет.

Ұсынылып отырған оқу құралы ««Әлеуметтік ғылымдар және бизнес» бағыты бойынша оқитын студенттерге арналған «Маркетинг» пәні бойынша типтік және оқу жұмыс бағдарламасы негізінде құрастырылған.

Аталған оқу құралының авторы өз мақсаттары мен есептерін мазмұндау барысында қызметтер өнімдерді өндіру және өткізудің кез келген саласында осы білімдерді қолдануға арналған отандық және шетелдік авторлардың маркетингтің теориясы мен тәжірибесі бойынша оқу құралдары мен әлемдік тәжірибе базасында қалыптасқан маркетингтік қызметтерді жүзеге асырудың негізгі әдістері мен қағидаларынан тұратын, маркетингтің теоретикалық аспектілерін ғана емес, сонымен қатар, әрбір тақырыпты білімді тексеру мен бекітуге арналған бақылау сұрақтарымен; теориялық және тәжірибелік материалдарды игеруді бағалайтын тесттермен; маркетингтік шешімдерді қабылдай білуге арналған білім мен дағдыны қалыптастыруға арналған тәжірибелік жаттығулармен; логикалық ойлауды дамытатын, негізгі ғылыми түсініктер мен ережелерді толық игеруге көмектесетін жеке үй тапсырмаларымен толықтырып отырған. Материалды мазмұндау әдісі аталмыш оқу құралын барлық оқу нысандарындағы студенттерді даярлау барысында қолдануға мүмкіндік береді.

Оқу құралы менеджерлердің, маркетологтардың, экономистердің, қаржыгерлер мен есепшілердің біліктіліктерін көтеру барысында қолданылуы мүмкін.

Маркетинг мақсаты - өткізуге күш салуды

керексіз қылу

П. Друкер

:
1 ТақырыпМАРКЕТИНГТІҢ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ДАМУЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЛҒЫШАРТТАРЫ:

1 Тақырып

МАРКЕТИНГТІҢ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ДАМУЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЛҒЫШАРТТАРЫ

:
1 ТақырыпМАРКЕТИНГТІҢ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ДАМУЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЛҒЫШАРТТАРЫ:
:
1 ТақырыпМАРКЕТИНГТІҢ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ДАМУЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЛҒЫШАРТТАРЫ:

1 Тақырып

МАРКЕТИНГТІҢ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ДАМУЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЛҒЫШАРТТАРЫ

:
1 ТақырыпМАРКЕТИНГТІҢ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ДАМУЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЛҒЫШАРТТАРЫ:

1. 1 Жалпы теориялық ұғымдар

Оқудың мақсаты

1 Маркетингтің маңызы мен мазмұнын, оның тұжырымдамаларын,

функциялары мен қағидаларын оқу.

2 Маркетингті құраушы кешендерді, маркетингтің түрлері мен типтерін

анықтау.

3 Маркетингтің пайда болуы мен дамуының экономикалық алғышарттары

бойынша білімді бекіту.

Сұрақтар

1 Маркетингтің мәні мен мазмұны.

2 Маркетинг концепциялары.

3 Маркетингтің функциялары мен негізгі қағидалары.

4 Маркетинг кешені.

5 Маркетингтің түрлері мен типтері.

1 Маркетингтің мәні мен мазмұны

Қазіргі уақытта басқаруда ең үлкен тиімділікті қамтамасыз ететін маркетингтік концепция белгілі бір мақсатты нарық тұтынушыларының мұқтаждықтарын білу және қанағаттандыруға бағытталған.

Маркетинг (ағылшынның market - нарық сөзінен) - бұл кәсіпорынның өндірістік-өткізушілік және ғылыми-техникалық іс-әрекетін басқаруының нарықтық концепциясы, ол кәсіпкерлік өрісті, нарықты, тұтынушылардың нақты мұқтаждықтарын және өндірілетін тауарлар мен қызметтердің оларға бағыттылығын танып білуге арналған. Маркетинг негізінде өте қарапайым бастапқы ой жатыр: сатып алушы қалайтын және оның мұқтаждықтарын, қажеттіліктерін және сұранысын жалпы қанағаттандыра алатын затты, ол төлеуге дайын баға бойынша өндіру. Маркетологтардың ойынша: «Құртты балықшы емес, балық ұнатуы керек».

Маркетинг - бұл таза нарықтық түсінік, бұл белгісіз нарыққа шығарылған тауардың аты мен таңбалануы емес, бұл сатып алушылардың талаптарын есепке алудың және талдаудың ғылыми құрастырылған тұжырымдамасы және жаңа тауардың қажеттігі анықталған кездегі құрылым; бұл ынталандыру мен жарнама бойынша шараларды қоса алғандағы сатуларды ұйымдастыру жүйесі. Оның функциясы - белгілі нарықтық жағдайларда өндіруші, сатушы және тұтынушы арасында олардың барлығымен пайда алуды мақсат тұтатын арақатынасты дамыту.

Әлемде маркетингтің 2000 астам анықтамалары саналады, сонда да маркетингті сипаттау көзқарастар шеңбері өте кең, ал кейбір кездерде қарама-қарсы.

Маркетингті бизнестің философиясы ретінде, іске нақты әдістеме ретінде және іскерлік сипаты ретінде қарастырады.

Маркетинг - айырбас жолымен адамдардың қажеттіліктерін және мұқтаждықтарын қанағаттандыруға бағытталған адамның іс-әрекет түрі.

Маркетинг - мүмкін болатын сатып алушыны фирма клиентіне аударуға бағытталған фирманың нарықтағы іс-әрекеті.

Маркетингтік қызметтің негізгі мақсаты: сатулар көлемін және өткізу нарықтарын кеңейту, нарықта алатын үлесті үлкейту, белсенділігінің және табыстарының өсімі, фирма басшыларымен өндірістік-өткізушілік және ғылыми-техникалық іс-әрекет саласында қабылданатын шешімдерінің негізделгенін қамтамасыз ету, фирманың ары қарай дамуын болжау мүмкіндігі.

  1. Маркетинг концепциялары

Маркетинг концепциясы - бұл басқару философиясы, ол тауар өндірушілерге тұтынушылардың қажеттіліктерін іскерлік белсенділік саласының, нарықтың, тұтынушылардың мақсатты топтарының, басты стратегиялық мақсаттардың ұзақ мерзімді және икемді анықтамасына назарын аудару арқылы, қанағаттандыру жолымен табыс алуға көмектеседі.

Маркетинг және кәсіпкерлік саласындағы әлемдік ғылым және тәжірибе маркетинг даму сатыларындағы келесі концепцияларды негіздеген және ерекшелеуге ұсынған (1 кестені қараңыз) .

  1. Маркетингтің функциялары мен принциптері

Маркетинг функциясының фирманың басқа функцияларынан басты айырмашылығы - маркетинг функциясы фирма мен оның тұтынушылары, клиенттері арасында айырбас процесін ұйымдастыру және жүзеге асыруға бағытталған.

Маркетинг функциялары:

Аналитикалық функция (нарықты, тұтынушыларды, фирмалық және тауарлық құрылымды, кәсіпорынның ішкі өрісін және т. с. с. )

Өндірістік функция (жаңа тауарларды өндіруді ұйымдастыру, дайын өнімнің сапасы мен бәсеке қабілеттілігін және т. с. с. басқару)

Өткізушілік немесе сатулар функциясы (қызметтің, тауар қозғалысының жүйесін, ФОССТИС жүйесін және т. с. с. ұйымдастыру)

Басқару және бақылау функциясы (жоспарлауды, ақпараттық қамтылуды, коммуникация жүйелерін, маркетинг бақылауын және т. с. с. ұйымдастыру)

Кесте 1

Маркетинг тұжырымдамаларының дамуы

Жылдар: Жылдар
Тұжырымдама: Тұжырымдама
Басты ой: Басты ой
Негізгіжабдықталу:

Негізгі

жабдықталу

Басты мақсат: Басты мақсат
Жылдар: 1860-1920
Тұжырымдама: Өндірісті жетілдіру (өндірістік)
Басты ой: Өндіре алатын затты өндіремін
Негізгіжабдықталу: Өзіндік құн, өнімділік
Басты мақсат: Өндірісті жетілдіру, сатулар өсімі, табысты максималдау
Жылдар: 1920-1930
Тұжырымдама: Тауарды жетілдіру (тауарлық)
Басты ой: Сапалы тауарларды өндіру
Негізгіжабдықталу: Тауарлық саясат
Басты мақсат: Тауардың тұтынушылық қасиеттерін жетілдіру
Жылдар: 1930-1950
Тұжырымдама: Коммерциялық шараларды интенсификациялау (өткізушілік)
Басты ой: Өткізу желісін, өткізу салаларын дамыту
Негізгіжабдықталу: Өткізу саясаты
Басты мақсат: Тауарларды сату және жылжыту бойынша маркетингтік шаралар арқасында тауарларды өткізуді интенсификациялау
Жылдар: 1960-1980
Тұжырымдама: Дәстүрлі («таза») маркетинг
Басты ой: Тұтынушы қажет ететін тауарларды өндіремін
Негізгіжабдықталу: Маркетинг кешені, тұтынушыны зерттеу
Басты мақсат: Мақсатты нарықтардың қажеттіліктерін және мұқтаждықтарын қанағаттандыру
Жылдар: 1980-1995
Тұжырымдама: Әлеуметтік-әдепті (әлеуметтік-бағытталған) маркетинг
Басты ой: Қоғам қызығушылықтарын ескере отырып, тұтынушы қажет ететін тауарларды өндіремін
Негізгіжабдықталу: Маркетинг кешені, өндірілетін тауарлар мен қызметтерді өндіру мен тұтынудан болған әлеуметтік және экологиялық нәтижелерін зерттеу
Басты мақсат: Қоршаған ортаны қорғау, энергиялық, материалдық, адам және басқа ресурстарды үнемдеу шартында мақсатты нарықтардың қажеттіліктерін және мұқтаждықтарын қанағаттандыру
Жылдар: 1995 жылдан қазіргі заманға дейін
Тұжырымдама: Арақатынас маркетингі (әріптестік қатынастар)
Басты ой: Тұтынушыларды және бизнес бойынша әріптестерді қанағаттандыра алатын тауарды өндіремін
Негізгіжабдықталу: Координация, интеграция, желілік талдау әдістері, маркетинг кешені
Басты мақсат: Тұтынушылардың қажеттіліктерін, әріптестердің және мемлекеттің қызығушылықтарын олардың коммерциялық және коммерциялық емес арақатынасының негізінде қанағаттандыру
Жылдар:
Тұжырымдама: Құнға бағытталған маркетинг
Басты ой: Тұтынушылар мен акционерлерді қанағаттандыратын тауарды өндіремін
Негізгіжабдықталу: Ақша ағымына дисконтталған маркетингтік кешені
Басты мақсат: Акционерлік құнның өсімін күшейту нарығында жаңа мүмкіндіктерді алу барысында акционерлердің қызығушылықтарын, тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру

Маркетинг қағидалары - бұл маркетингтің негізінде жататын және оның мәні мен арналымын ашып көрсететін ең маңызды талаптар, жағдайлар және ережелер. Ол келесі принциптерді ерекшелейді:

  1. тұтынушы қажет ететін тауарды ғана өндіру;
  2. нарыққа тауарлар мен қызметтерді ұсынып шықпай, тұтынушы мәселелерін шешу құралдарымен шығу;
  3. қажеттіліктер мен сұранысты зерттегеннен кейін өндірісті ұйымдастыру;
  4. қойылған мақсаттарға жету үшін бағдарламалық-мақсатты және кешендік жақтарды қолдану;
  5. тауар өндірісінің нарыққа мақсатты бағытталған әсер етуімен қатар нарық талаптарына белсенді жабдықталуының стратегиясы мен тактикасын қолдану;
  6. дәл сол сәттегі нәтижеге емес, ұзақ мерзімді перспективаға бағытталуы және т. б.
  1. Маркетинг кешені

Маркетинг кешені (marketing mix) - нарыққа тәжірибе жүзінде әсер ету шараларының немесе нарықтағы жағдайға фирма іс-әрекетінің жабдықталуын, сонымен қатар оның өзгеруіне өз уақытындағы және икемді шаралар қолдануының жиынтығы. Оны құрастырудың басты мақсаты - фирманың тұрақты бәсекелестік артықшылықтарын қамтамасыз ету, тұрақты нарықтық позицияларды басып алу.

Маркетинг кешенін құрастырушы («4Р»)

1. Тауарлы саясат (product)

2. Бағалық немесе келісімдік саясат (price)

3. Өткізу немесе дистрибьютерлік саясат (plase)

4. Коммуникациялық саясат (promotion)

Қазіргі уақытта «4Р» моделі шектелген деп саналады, сондықтан маркетинг-микс құрылымына қосымша элементтерді қосу сұрағы қарастырылады, мысалы, адамдарды - people («5Р»), public relations және politics («6Р») .

Маркетинг кешенінің құрамдас бөліктерін олардың маңыздылығы бойынша жіктеу қиын, өйткені қойылған мақсаттарға жету тек қана олардың барлығының тиімділік шартында мүмкін.

  1. Маркетингтің түрлері мен типтері

Маркетинг өмір сүрудің әртүрлі аумақтары мен кеңістіктерінде қолданылады, сондықтан да оның бірнеше түрі мен типтерін жіктелу белгілеріне байланысты бөлуге болады.

Қолданылу аумағы бойынша

  • халық тұтынатын тауарлар маркетингі;
  • өндірістік мақсаттағы тауарлар маркетингі;
  • қызметтер маркетингі.

Пайданы алу сипаты бойынша

  • коммерциялық маркетинг;
  • коммерциялық емес маркетинг.

Кезеңдер бойынша

  • тактикалық маркетинг;
  • старегиялық маркетинг.

Сұраныс жағдайы бойынша

Тәжірибеде маркетингтің түрлерін нарықтағы сұраныс жағдайына байланысты түрге жіктеу кең тараған (2 кестені қараңыз) .

2 Кесте

Маркетинг және сұраныс түрлері

Сұраныс түрі: Сұраныс түрі
Сұраныс сипаты: Сұраныс сипаты
Келтірітетін мысалдар: Келтірітетін мысалдар
Маркетинг түрі: Маркетинг түрі
Маркетинг мақсаты: Маркетинг мақсаты
Сұраныс түрі: 1
Сұраныс сипаты: 2
Келтірітетін мысалдар: 3
Маркетинг түрі: 4
Маркетинг мақсаты: 5
Сұраныс түрі:

Жағымсыз

Сұраныс сипаты: Тұтынушылардың басым бөлігі тауарды бағаламайды, кейбір жағдайда одан қашуға тырысады
Келтірітетін мысалдар: Кейбір медициналық қызметтер (егулер, стоматологиялық қызметтер)
Маркетинг түрі:

Конверсион

дық

Маркетинг мақсаты:
  • Тауарды қабылдамау себебін талдау
  • Тауардың модернизациясы
  • Бағаның төмендеуі
  • Белсенді ынталандыру
Сұраныс түрі:

Қатыспайды

Сұраныс сипаты: Тауарға қызықпау, оған деген немқұрайлылық
Келтірітетін мысалдар: Кейбір пәндерді оқу, өндіріске әзірлемелерді енгізу
Маркетинг түрі:

Ынталанды

рушы

Маркетинг мақсаты: Тауарды пайдаланудың артықшылығын түсіндіру
Сұраныс түрі:

Көрінбейтін

(потенциалды)

Сұраныс сипаты: Мұқтаждықтар нарықта бар тауарлармен ғана қанағаттанып қоймайды
Келтірітетін мысалдар: Экологиялық таза өнімдер және автокөліктер, зиянсыз темекілер
Маркетинг түрі:

Дамушы

Маркетинг мақсаты:
  • Әлеуеттік сұранысты анықтау
  • Сәйкес келетін тауарлар мен қызметтерді құрастыру
Сұраныс түрі:

Түсетін

Сұраныс сипаты: Тұтынушылар тарапынан қызығушылықтың төмендеуі және сату көлемінің қысқаруы
Келтірітетін мысалдар: Автокөліктердің ескірген үлгілері, аяқ киімдер, киімдер
Маркетинг түрі:

Ремаркетинг

Маркетинг мақсаты:
  • Сұраныстың төмендеу себебін талдау
  • Жаңа нарықты іздеу
  • Тауардың модернизациясы
  • Жарнамадағы өзгеріс
Сұраныс түрі:

Ретсіз

Сұраныс сипаты: Сұраныстың уақытша ауытқуы
Келтірітетін мысалдар: Еңбек демалысы кезінде курорттар мен демалыс базаларына бару, қоғамдық автокөліктердегі жүктеме
Маркетинг түрі:

Синхро

маркетинг

Маркетинг мақсаты:
  • Икемді баға орнату
  • Тауар сапасын қолдау
  • Тұтынушылардың қажеттіліктерін зерттеу
Сұраныс түрі:

Толықтай

Сұраныс сипаты: Ұсыныс сұранысты қанағаттандырады, тауарайналымы тұрақты
Келтірітетін мысалдар: Бірінші қажеттіліктегі тауарлар (кейбір тамақ өнімдері және жеке тазалық заттары)
Маркетинг түрі:

Қолдайтын

Маркетинг мақсаты:
  • Тауардың сапасын көтеру
  • Тұтынушылардың талғамын жоғарылату

Нарықтық қатынастар жағдайында маркетингті пайдалану өте қажет болып табылады, себебі ол кәсіпорындарға тұтынушыға бағытталған қызметтердің тиімді құралдары мен жолдарын көрсетеді.

1. 2 Бақылау сұрақтары

  1. Маркетинг деп нені түсінесіз және сізге белгілі фирмалардың қызметкерлері маркетингтің мәнін қалай жүзеге асырады? Қазақстандық кәсіпорындардағы қазіргі маркетингтің жағдайы қандай және маркетигнтің дамуы немен ерекшеленеді?
  2. Кәсіпорынды басқаруда маркетингтің тұжырымдамалары қандай негізгі мақсатты ұстанады?
  3. Фирманы басқаруда маркетингтің қандай негізгі қағидалары мен функцияларын бөліп көрсете аласыз?
  4. Кәсіпкерлік пен маркетинг аумағындағы әлемдік ғылым және тәжірибе маркетингтің қандай негізгі даму кезеңдерін негіздейді және бөліп көрсетуді ұсынады?
  5. Маркетинг кешені деген не және оның әзірлемелерінің негізгі мақсаты мен құрамы неден тұрады?

1. 3 Тесттер

1. Маркетингті жүзеге асыра отырып, кәсіпорын

A) нарықты зерттейді;

B) жарнама жүргізеді;

C) қажетті тауарларды белгіленген орынға және керек уақытында жеткізуді қамтамасыз етеді;

D) өз қызметін мұқтаждықтарды және сатып алушылар мен тұтынушылардың қажеттiліктерiн қанағаттандыруға бағыттайды;

E) тауарларды өңдейді.

2. Тұрақты дефициті бар және сатып алушыларға қосымша күш жұмсауға тура келетін тауар нарығын қалай атайды?

A) тапшылық нарығы;

B) сатушы нарығы;

C) бәсекелес нарығы;

D) сатып алушы нарығы;

E) жабдықтаушы нарығы.

3. Адамды өз қажеттiктерiн қанағаттандыруының жолы мен әдiсiн iздеуге итермелейтін

A) экономикалық жағдай;

B) мәдениет;

C) ынталандыру;

D) жанұя;

E) әлеуметтік статус.

4. Маркетингтiң анықтаулар түбегейлi санының бар болуына қарамастан, олардың әр қайсысына ортақ сипаты бар. Атап айтқанда

A) өндірушінің басымдылығы;

B) бәсекелес басымдылығы;

C) делдал басымдылығы;

D) тұтынушы басымдылығы;

E) жабдықтаушы басымдылығы.

5. Маркетинг iске асыратын коммерциялық ұйым нақтылы пайданы алудағы өз қызығушылықтарын не арқылы қамтамасыз етеді?

A) тауарларды сату орын сандарын көбейту арқылы;

B) дұрыс бағалық саясат арқылы;

C) жарнамалар арқылы;

D) тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру арқылы;

E) дұрыс саясат жүргізу арқылы.

6. Тiгiн кәсiпорнының Жоғарғы басшылығы кәсiпкерлiкпен шұғылдана, біріншіден өз қызығушылығын, екіншіден тiгiн бұйымдарының тұтынушыларының мүдделерiн есепке алу; үшiншiден, қоршаған ортаны сақтауды қамтамасыз ету керек. Кәсiпорын осы жағдайда жүзеге асырады

A) «таза» маркетинг концепциясын;

B) коммерциялық күштердi интенсификациялау концепциясын

C) тауарды жетiлдiру концепциясын;

D) әлеуметтiк - әдептiк маркетинг концепциясын;

E) серіктестік қатынастар концепциясын;

7. Маркетинг кешеніне нені кіргіземіз?

A) жарнаманы, бағаны, тауарды, қаптаманы;

B) тауарды, үлестірілуді, бағаны, коммуникацияны;

C) тауарлық белгіні, қаптаманы, бағаны, үлестірілуді;

D) жарнаманы, жеке сатылымды, қоғамдық байланыстарды, сатылымды ынталандыруды;

E) бағаны, қоғамдық байланыстарды, сатылымды ынталандыруды

8. Маркетинг кешенiн өңдеу және iске асыру не үшiн жүргізіледі?

A) тауарларға қисынды бағаны орнату;

B) маркетингтің бекітілген мақсаттарына қол жеткізу;

C) жарнаманың тиімділігін қамтамасыз ету;

D) жаңа тауарлар шығару;

E) нарықты зерттеуді жүргізу.

9. Тұтынушылардың кең таралған және қол жеткізе алатын тауарлар (қызметтер) бағасына қатынасы - бұл маркетинг тұжырымдамасының iске асыруы үшiн негiз

A) тауарды жетілдіру;

B) коммерциялық күштер (жарнама) интенсификациясы;

C) өндірісті жетілдіру;

D) әлеуметтiк - бағдарланған маркетинг;

E) «таза» маркетинг.

10. Шығарылған тауардың (қызметтің) сату көлемдерi негiзiнде пайданың шығаруына фирманың бағыты тән

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тауарды мақсатты нарықта орнықтыру
Нарықты сегменттеу
Нарықты сегменттеудің ұғымы, критерийлері мен белгілері
Туризм нарығын сегменттеу
Бренд құрудың соңғы кезеңі - брендті талдау және бренд атауын іздеу
Өндірістік мақсаттағы тауарлар мен тұтыну тауарларын сегменттеудің өзара айырмашылығы
Маркетингтi басқару процесi
Нарықты сигменттеу ерекшеліктері
Тұтынушылар нарығын сегменттеу
Алматы қаласындағы 1 Сыра зауытының тауар саясатын жетілдіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz