Практиканы қорытындылау
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ЕУРАЗИЯ ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
МЕМЛЕКЕТТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ
5B030100 Құқықтану мамандығы
КӘСІПТІК ПРАКТИКА БОЙЫНША
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ
АСТАНА - 2017
МАЗМҰНЫ
1. Жалпы ережелер
2. Оқу-танысу практикасының мазмұны
3. Өндірістік практиканың мазмұны
4. Диплом алды практиканың мазмұны
5. Практиканы қорытындылау
6. Практика базалары
7. Қосымша 1
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдеде қабылданған Білім туралы заңының 38-бабында Білім алушылардың кәсіптік практикасы мамандар даярлайтын кәсіптік оқу бағдарламаларының құрамдас бөлігі болып табылады. Кәсіптік практика тиісті ұйымдарда жүргізіледі және оқыту процесінде алған білімдерді бекітуге, практикалық дағдыларды игеруге және озық тәжірибені меңгеруге бағытталған - деп атап көрсетілген.
Еуразия гуманитарлық институтында Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті ҚР МЖМБС білім беру стандартына сәйкес (ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамызындағы №1080 қаулысымен бекітілген) 5В030100 - Құқықтану (бакалавриат) мамандығы бойынша кадрлар дайындауда кәсіби практика қарастырылған.
Кәсіптік практиканың мақсаты болып, студенттердің алған теориялық білімдерін тереңдету және бекіту, практикалық әрекеттің шығармашылық, тиянақты тәжірибесін игеру, қоғамдық өмірдің құбылыстарын, жағдайларын, оқиғаларын талдап, олардың араларындағы салдар тәуелділіктері мен байланыстарын анықтау табылады.
Кәсіби практиканың мақсатына байланысты алдына келесі міндеттер қойылады:
- биліктің, басқарудың мемлекеттік жүйесі мен құқыққорғау органдарының қарым-қатынастарымен, міндеттері мен құзыреттілігімен, лауазымды адамдардың мәртебесімен және өкілеттілігімен танысу;
- оқу орнында алған теориялық білімдерін бекіту жәнетереңдету, олардың практикалық маңызын түсіну және оны заң қолданудың салаларында пайдалану;
- практикалық іс-әрекеттің дағдыларын үйрену мен озық тәжірибені меңгеру және таңдаған кәсібінің ерекшеліктерін түсіну;
- заңгерлік мамандық бойынша жұмыс атқаруға керекті өмірлік тәжірибе жинау, азаматтармен, мекемелердегі құзырлы адамдармен қарым-қатынасқа үйрену;
- студенттердің оқу-тану процесіне қызығушылығын, шығармашылықтың элементтерін жетілдіруге, өз білімін тереңдетіп отыруға ынталандыру;
- диплом жұмысына керекті практикалық материалдарды жинау;
- мәдениеттілік және жалпы білім деңгейін жоғарылату;
- іскерлік, моральдік қасиеттері мен ұйымдастырушылық қабілеттерін тексеру және дамыту;
- кәсіби этикеттің нормаларын меңгеру т.б.
Теория мен практиканы шебер үйлестіру институт бітірушілерге төмендегідей мүмкіндіктер береді:
- жұмысқа орналасқаннан кейін еңбек процесіне бірден араласуға;
- орынсыз және өкінішті қателіктерге жол бермеуге;
- жауапты шешімдерді дайындауға және қабылдауға керекті уақытты қысқартып, негізсіз ұзаққа созушылықты болғызбауға;
- маңызды сұрақтарды шешудің жеделдігін арттыруға;
- үйреншікті емес жағдайларды шешуде дербестік және табандылық көрсетуге;
- күнделікті жұмыста ішкі резервтерін тиімді пайдалануға.
Практиканың түрлері және оларды ұйымдастыру
Оқу бағдарламасына сәйкес практиканың үш түрі болады:
# оқу-танысу практикасынан күндізгі бөлімнің екінші курс студенттері жазғы емтихандар сессиясы аяқталғаннан кейін өтеді;
# өндірістік практикадан институттың соңғы курсының студенттері өтеді;
# диплом алды практикадан дипломдық жұмысты (жобаны) орындаушы студенттер өтеді.
Екі практиканың да базасы болып Қазақстан Республикасының облыстарының, қалаларының өкілетті, атқарушы және құқыққорғау органдары бекітіледі. Практиканың өту орнын институт кафедрасы оқу бөлімімен келісіп анықтайды. Онда практиканың түрі, мақсаты мен міндеттерін, келісім-шарттың болуын, мамандану мен болашақтағы түлектерді бөлуді ескереді.
Кәсіби пратиканы дайындауға және өткізуге институттың оқу бөлімі, мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасы, практика жетекшілері мен базалық мекемедегі тәлімгерлер қатысады.
Институттың оқу бөлімі:
- кәсіби практиканың бағдарламасын, күнделігін дайындауға және басып шығаруға басшылық жасайды;
- базалық мекемелер мен кәсіпорындармен келісім шарттарға отырады;
- практикадан өтудің мерзімін анықтайды;
- студенттерді практикадан өту үшін базалық мекемелерге бөледі және практика жетекшілерін бекітеді;
- кәсіби практиканы ұйымдастыру және қорытындылау конференцияларына қатысады.
Мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасы:
- практика бағдарламасын дайындайды;
- профессорлар, доценттер, аға оқытушылар арасынан практика жетекшілерін белгілейді және олардың жұмысын қадағалайды;
- базалық мекемелермен байланыста болады;
- студенттерді кәсіби практикадан өтетін мекемелерге бөлуге ұсыныс жасайды;
- ұйымдастыру және қорытындылау конференция-ларын өткізуге басшылық жасайды.
Кәсіби практиканың жетекшісі:
- базалық мекемемен практиканың өтетін мерзімін, бағдарламасын және өту жағдайларын келіседі;
- практика бағдарламаларының, күнделіктерінің, жолдамаларының студенттерге уақытында берілуін қамтамасыз етеді;
- ұйымдастыру және қорытындылау конферен-цияларының өткізілуін қамтамасыз етеді;
- студенттерді практика бағдарламасымен, өту графигімен, базалық мекемемен таныстырады;
- студент-практиканттармен және базалық мекемелермен тұрақты байланыста болады;
- студенттердің жұмыс атқаруын және практика бағдарламасының орындалуын бақылап отырады;
- студенттердің практикадан сапалы өтуі үшін әдістемелік және нақты көмектер көрсетеді;
- практика бойынша есеп дайындауға және диплом жұмысына керекті материалдар жинауға көмектеседі;
- базалық мекемедегі практика тәлімгеріне әдістемелік көмек жасайды;
- практика бойынша есептерді уақытында рецензиялайды және қорғауды ұйымдастырады;
- практика бойынша қорытынды бағалар ведомосын деканатқа тапсырады және бағаларды студенттің есеп кітапшасына қояды;
-практика жетекшісінің есебі мен студенттердің есептерін қорғауының хаттамасын кафедраға тапсырады.
Базалық мекеменің қызметкері - тәлімгер:
1) студенттерге практикалық іс-әрекеттер бойынша керекті ұсыныстар мен тапсырмалар береді;
2) студенттердің еңбек тәртібін сақтауын бақылайды;
3) практика күнделігіне қол қояды және студентке мінездеме береді;
4) базалық мекеме басшысының және ЖОО жасалған келісім-шартта көрсетілген басқа да тапсырмаларды орындайды.
Студенттер болашақ практикаға сапалы дайындалу үшін оның бағдарламасымен және мазмұнымен танысып, практика жетекшісінен жұмысты ұйымдастыру мен әдістемесі бойынша консультациялар алып, ұйымдастыру конференциясына және практика базасының қызметкерлері-тәлімгерлермен кездесуге қатысулары керек.
Студенттердің міндеттері:
1) базалық мекемеде практиканы сапалы және толық көлемде өту;
2) практикадан өту орнындағы ішкі тәртіп ережелері мен еңбек тәртібін қатаң сақтау;
3) практика жетекшісінің нұсқауларын үлкен ұқыптылықпен атқарып, практика бағдарламасын толық және сапалы орындау;
4) практика күнделігін барлық жоспарланған және орындалған жұмыстарды көрсетіп, тұрақты түрде толтырып отыру;
5) практиканың аяғында жазбаша есеп дайындап, оған күнделікті, бағдарламаны, жолдаманы және практика уақытында дайындалған құжаттарды қосу;
6) жазбаша есепті практикадан кейінгі бір апта ішінде практика жетекшісіне тапсыру керек;
7) кафедра белгілеген мерзімде практика бойынша есепті қорғау.
Студенттердің жауапкершілігі:
1) есепті өз мерзімінде қорғамаған жағдайда ректорат тарапынан тәртіптік жаза қолданылады;
2) тәжірибе кезінде міндеттеріне немқұрайды, селқос қараған жағдайда практикадан қайта өтуге жіберіледі;
3) практикадын негізсіз себептермен өтпеген жағдайда, институт атына кір келтіретін істер жасаған, есепті қорғағанда қанағаттанғысыз баға алған жағдайда институттан шығарылуы мүмкін.
1. Оқу-танысу практикасының мазмұны
Оқу-танысу практикасынан 2 курс студенттері оқу жылының аяғында сынақ-емтихан сессиясынан кейін өтеді.
Практиканың базалық органдары болып облыстық, қалалық, аудандық маслихаттар, олардың құрамдық бөлімшелері, облыстық, қалалық, аудандық әкімдіктер, олардың құрамдық бөлімшелері және соттар мен прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, әділет, ішкі істер, кеден органдары, адвокатура, нотариалдық конторлар, АХАТ органдары және құрамында заңгерлер қызметі бар басқа да мекемелер бекітіледі.
Практикадан өту кезінде студенттер:
# мекеменің жұмысымен танысады және ол үшін олардың іс-әрекеттерінің құқықтық негіздерін (заңдарды, заңдарға тәуелді актілерді-бұйрықтарды, нұсқауларды т.б.) оқып-үйренеді;
# мекеме басшыларының тапсырмаларын, мүмкін болған жағдайда процессуалды әрекеттерді де орындайды;
# құжаттарды дұрыс дайындап, іс жүргізуге үйренеді;
# есепті дайындауға керекті материалдарды жинайды;
# практиканың өтуінің жағдайын талдап, оларды жетілдіруге ұсыныстар жасайды.
Студенттер практикадан өту кезінде жалпы міндеттермен қатар мекеменің ерекшеліктеріне байланысты мына әрекеттерге ерекше көңіл бөлуге міндетті.
1) Практикадан өкілетті және атқарушы органдарда өту кезінде:
# азаматтарды қабылдауға қатысу;
# азаматтар мен мекемелердің өтініштері мен арыздарымен танысуға;
# өкілетті және атқарушы органдардың актілерінің жобасын дайындау (шешім, өкім, қаулы т.б.);
# лауазымды адамдардың тапсырмаларын орындау.
2) Сот органдарында:
# соттың іс-әрекеттерінің ұйымдастырылуымен танысу;
# судьяның азаматтарды қабылдауына қатысу;
# қылмыстық, азаматтық, әкімшілік және шаруашылық істермен танысу;
# сотта істі қарау кезінде сот залынан процестерді бақылау;
# сот отырысының хатшысымен қатар отырыстың хаттамасын жүргізу;
# сот актілерінің (үкім, шешім, қаулы) жобасын жасау;
# жеке арыздар мен наразылықтармен танысу;
# сот атқарушысының, сот приставының, сот отырысы хатшысының, сот кеңсесінің жұмыстарымен, олардың іс жүргізу ерекшеліктерімен танысу.
3) Прокуратурада:
# прокуратураның құрылымымен және оның жұмысының ұйымдастырылуымен танысу;
# прокурордың азаматтарды қабылдауына қатысу;
# азаматтар мен мекемелердің өтініштері мен шағым-дарын талдау;
# өткізілетін қадағалау мен тексерулерге қатысу;
# прокуратуралық қадағалау актілерінің жобасын дайындау;
# прокурордың айыптау сөзін дайындау;
# прокурордың мемлекеттік айыптауында және азаматтық істер бойынша сотта қорытындыларды хабарлауына қатысу;
# прокурорлық қадағалаудың тәжірибесін қорытындылауға қатысу;
# прокурордың басқа да тапсырмаларын орындау.
4) Адвокатура органдарында:
# азаматтарды қабылдауға қатысу;
# азаматтарға заң көмегін көрсетуге материалдар дайындау;
# құқықтық сипаттағы құжаттардың (шарттар, талап-өтініштер, арыздар т.б.) жобаларын дайындау;
# қылмыстық істер бойынша тергеу, анықтау органдарында және сотта қорғауға, азаматтық істерде тараптардың мүдделеріне өкілдік етуге қатысу;
# адвокаттың басқа да тапсырмаларын орындау.
5) Әділет органдарында:
# азаматтарды қабылдауға қатысу;
# құқықтық сипаттағы құжаттардың жобаларын дайындау;
# әділет органдары бөлімшелерінің (заң дайындау шаралары, заңды тұлғаларды, нормативтік актілерді, бағалы қағаздарды, жылжымайтын мүлікті тіркеу және заңнаманы жүйелеу), соттық сараптама, тергеу департаменттерінің, нотариат, әділет органдары біліктілік алқасының және т.б. жұмысымен танысу;

6) Тергеу және анықтау органдарында:
# өтініштер мен қылмыстар туралы хабарламаларды қабылдау, тіркеу, есептеу және шешудің тәртібімен танысу;
# оқиға болған жерге бару;
# оперативтік және тергеу әрекеттерін жүргізуге қатысу;
# тергеу әрекеттерінің хаттамаларын дайындау;
# құқықтық сипаттағы құжаттарды (қаулы, нұсқау, жекелеген тапсырмаларды, айыптау қорытындыларын) дайындау;
# тоқтатылған, уақытша тоқтатылған және тергеудегі істермен танысу;
# тергеушінің, анықтаушының және қылмыстық қудалау органдарының басқа лауазымды адамдарының тапсырмаларын орындау.
Студенттер практика туралы есепке мәтінде сілтеме жасай отырып, нөмірлеп қосымша ретінде дайындауға өздері қатысқан немесе зерделеген және пайдаланған іс-жүргізу және басқа да құқықтық құжаттарды қоса берулері керек.
1. Практикадан өкілеттік және атқарушы органдарда өткен студенттер:
# мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдардың құзырындағы сұрақтар бойынша (жер, тұрғын үй, қаржы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz