Герефорд сиырының жыныстық циклдары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер 6

Анықтамалар 7

Белгілер мен қысқартулар 8

Кіріспе 9

Негізгі бөлім

  1. Әдеби шолу 11Сиырларды қолдан ұрықтандыру тарихы 11Герефорд сиырлардың жыныстық циклының сипаты 14Герефорд сиырлардың көбею қабілеттілігіне әсер етуші факторлар 19
  2. Зерттеу жүргізу әдістемесі мен материалдары 22

2. 1"Масақпай - Инвест" ЖСШ-нің шаруашылық нысанына кысқаша 22

сипаттама

2. 2"Масақпай - Инвест" ЖСШ - і ветеринарлық қызметкерлердің

және де оның материалдық-техникалық базасының мінездемесі 23

2. 3 "Масақпай - Инвест " ЖСШ - нің эпизоотологиялық жағдайы 24

  1. Өзіндік зерттеулер 25Зерттеу әдістері мен материалдары 25Зерттеудің нәтижесі

31

  1. «Масақпай - Инвест» ЖШС экономикалық тиімділігі 48
  2. «Масақпай - Инвест» ЖШС қоршаған ортаны қорғау 50
  3. «Масақпай - Инвест» ЖШС бойынша еңбекті қорғау 52

Қорытындылар 55

Ұсыныстар 56

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 57

Нормативтік сілтемелер

Осы дипломдық жұмыста келесі нормативтік құжаттардың сілтемелері пайдаланылады:

ҚР. 12-2000 - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттау жүйесі. Нормативті текстті құжаттар.

МЕМ СТ 2001 - жаңалықтарды стандарттау жүйесінің кітапханалық және

баспасөздік жұмыстары. Ғылыми зерттеу жұмыстарының есептері.

Құрылысы және даярлау ережелері.

МEМСТ -7. 32 - 2001 Кітaпхaнa жәнe бaспa жұмысы турaлы стaндaрттaр жүйeсі. Ғылыми-зeрттeу жұмысы eсeбі. Ғылыми жұмысты бeзeндіру құрылымы мeн eрeжeсі

ҚР СТ 27775 -2014 Ауыл шаруышылық малдарын қолдан ұрықтандыру.

Терминдер мен анықтамалар.

МЕМ СТ 16027-70 - Дюар ыдысы. Техникалық шарттары.

МEМСТ 26072-84 Aуылшaруaшылық жaнуaрлaры

Анықтамалар

Дипломдық жұмыстағы келесі ұғымдарға анықтамалар берілген:

Қолдан ұрықтандыру - күйлеген аналық малдың қынабына аталықтың ұрығын қолдан жіберу.

Жыныстық цикл - күйлеудің бір стадиясынан келесі стадиясына дейінгі аралықта малдың барлық ағзасында және жыныс органдарында болатын физиологиялық және морфологиялық өзгерістері.

Сервис кезең - сиырдың бұзаулағаннан кейінгі ұрықтандыруға дейінгі кезең.

Ұрықтану индексі - бір малды ұрықтандыруға жұмсалған ұрық көлемі.

Шырыштың ағуы - морфологиялық өзгерістер және аналық жыныс мүшелерінен шырышты шығару процесі.

Жыныстық қозу (жалпы реакция) - фолликуланың жетілу фазаларына байланысты пайда болатын қозу кезеңіндегі аналықтың мінез-құлқындағы өзгеріс.

Жыныстық күйіт - сиырдың ұрықтануға дайын кезеңі.

Овуляция (жұмыртқаның фолликуладан шығуы) - фолликулды жандандырушы (ФЖГ) және лютеиндеуші (ЛГ) жыныс гормондарының әсерінен жұмыртқалықтағы көпіршікті фолликулдың жарылып, пісіп жетілген жұмыртқа жасушасының (овоциттің) жатыр түтігіне өту процесі.

Белгілер мен қысқартулар

Бұл дипломдық жұмыста келесі белгілер мен қысқартулар пайдаланылған:

ҚР - Қазақстан Республикасы

ЖШС - Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі

ҚР - Қазақстан РеспубликасыЖШС - Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі: %
- пайыздық өлшем
ҚР - Қазақстан РеспубликасыЖШС - Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі: ЛГ
- лютеиндеуші гормон
ҚР - Қазақстан РеспубликасыЖШС - Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі: ФСГ
- фолликуластимулдеуші гормон
ҚР - Қазақстан РеспубликасыЖШС - Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі: ГнГР
- гонадотропин рилизинг гормоны
ҚР - Қазақстан РеспубликасыЖШС - Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі: га
- гектар
ҚР - Қазақстан РеспубликасыЖШС - Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі: °С
- цельсий градус
ҚР - Қазақстан РеспубликасыЖШС - Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі: %
- пайыздық өлшем
ҚР - Қазақстан РеспубликасыЖШС - Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі: км
- километр
ҚР - Қазақстан РеспубликасыЖШС - Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі: мм
- миллиметр
ҚР - Қазақстан РеспубликасыЖШС - Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі: Л
- литр
ҚР - Қазақстан РеспубликасыЖШС - Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі: pH
- ертіндінің қышқылдығы
ҚР - Қазақстан РеспубликасыЖШС - Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі: м
-метр
ҚР - Қазақстан РеспубликасыЖШС - Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі:
- нөмір
ҚР - Қазақстан РеспубликасыЖШС - Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі: ғ
- ғасыр
Кіріспе

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенінің басты міндеттерінің бірі мал шаруашылығы саласын қарқындату, әсіресе етті мал бағытын дамуын жеделдету болып табылады. Етті мал шаруашылығы саласында ішкі және сыртқы нарықта үлкен сұранысқа ие ірі қара етін өндіруде ерекше орын беріледі.

Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы жануарларының санын көбейту арқылы халықтың азық-түлік қажеттіліктерін қамтамасыз ету мәселесін шешу мүмкін емес екені белгілі. Өнім өндірудің тиімділігін арттыру үшін мал өнімділігінің генетикалық әлеуетін арттыру және жемшөп базасын нығайту ғана емес, сонымен қатар жануарлардың репродуктивті функцияларын арттыру қажет. Мәселен, етті мал шаруашылығындағы басты мәселе, бұл ет пен сүт алу ғана емес, ең алдымен ұрпақ алу. Демек, етті мал шаруашылығын табысты дамытудың басты шарты жануарлардың жоғары тиімді өсімін молайту болып табылады .

Мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісінің артуы ауыл шаруашылығы жануарларының өсімін молайтуды селекцияның ұйымдастыру деңгейіне байланысты. Қолдан ұрықтандыру кең ауқымды селекцияның негізгі құралы бола отырып, бұл көрнекті өндірушілерді барынша пайдалану арқылы малдың сапасын жақсартуды едәуір жылдамдатуға мүмкіндік береді.

А. П. Студенцовтың анықтамасы бойынша қолдан ұрықтандыру - бұл ұрықтың жыныс мүшелеріне шәуетті енгізу ғана емес, сонымен қатар түрдің өмір сүруінің биологиялық процесін қамтамасыз ету болып табылатын, күрделі гинекологиялық операция. Сондықтан қолдан ұрықтандыру жөніндегі жұмыстағы кез келген оңайлатулар аналықтардың ұрықтану нәтижелеріне кері әсер етеді[1] .

Қазіргі кезеңде мал шаруашылығын дамуында ірі қара малды қолдан ұрықтандыру арқылы көбейту негізгі зоотехникалық әдісі болып табылады.

Олар:

  • отандық селекцияның ғана емес, сондай-ақ әлемдік генофондтың аса көрнекті өндіруші бұқаларын кеңінен пайдалану;
  • аналық мал басының генетикалық құндылығын арттыруға әкелетін іріктеу мен таңдау рөлін күшейту;
  • асыл тұқымды малдарды тиімді пайдалану;
  • мал тұқымын асылдандыруда жаңа тұқымдарды шығаруда (тұқым арасында туыстық шағылыстыру) ;
  • жыныс жолымен тарайтын ауруларды таратпау (профилактика

жасау) ;

  • малдың қысыр қалуын азайту;
  • өндірушілердің шәуетін ұзақ сақтау тиімділігіне ие [2, 3] .

«Масақбай - Инвест» ЖШС шаруашылығында етті бағыттағы герефорд тұқымын өсіруді қарқындату және жоғары сапалы өнім алу - ветеринариялық акушерлік және гинекология саласындағы мамандарының негізгі міндеттері болып саналады.

Герефорд бағыты отандық етті мал шаруашылығын қалыптастыруда ерекше орын алады. Бұл бұрыннан қалыптасқан тұқым түрі, көптеген етті бағыттағы малдарға бәсекеге қабілетті және жоғары бейімделу қасиеттері жаңа климаттық аймақтарда өсіруге және игеруге мүмкіндік береді. Бұл жануарлардың маңызы ерекше тұқым түзуші процесте жатыр [4] .

Атап өтетіндей, мал шаруашылығы саласының дамуының негізгі көрсеткіштері жыл сайын жақсаруда. Мәселен, еліміздің асыл тұқымды базасын құруда үлкен талаптар қойылып, индустриялды-иновациялық бағдарламасының ең бір басты бәсекеге қабілетті және эскпортқа шығара алатын өнімдерді өңдіруге арналған жұмыстар орындалуда[5] .

Дегенмен, халқымызды мал шаруашылығы өнімдерімен қамтылуына және қауіпсіздігіне қол жеткізуде тұрақты негіз қалыптасқан деуге болады. Қолдан ұрықтандырудың тиімділігін селекциялық - асылдандыру жұмыстарын жүргізу кезінде толық білікті кадрлардың болуы. Мал шаруашылығы қызметкерлері ауылшаруашылық жануарларын өсіру теориясы мен практикасы туралы білімге ие болуы керек.

Дипломдық жұмыстың мақсаты: Герефорд тұқымды сиырларын қолдан ұрықтандыру тиімділігін анықтау.

Дипломдық жұмысты орындаудың негізгі міндеттері:

  • Сиырлардың күйітің Эстрофан, Сурфагон, Е - селен препараттардың көмегімен келтіруде пайдалану
  • Күйіті келген малдарды қолдан ұрықтандыру
  • Үш айдан соң тік ішек арқылы сиырлардың буыздығын анықтау
НЕГІЗГІ БӨЛІМ 1. Әдебиетке шолу 1. 1 Сиырларды қолдан ұрықтандыру тарихы

Ауыл шаруашылық жануарларын қолдан ұрықтандыруы

зоотехникалық және ветеринарлық жүйеде үлкен маңызға ие іс-шаралар болып табылады. Ұрықтандырудың алғашқы қолдану факторы ежелден басталған. Біздің дәуірімізге дейінгі 800 жыл ішінде арабтар (ассириялықтар) губканы жатырдың қынапшасына салып, табиғи жыныстық қатынастан кейін алынып, басқа биенің жатырына енгізіліп, содан кейін қалыпты ұрпақ алды деген аңыз бар. Мұндай тәсіл жақсы ұрпақ алу үшін емес, керісінше қарсыластарының биелерін жаман айғырлардан ұрығымен ұрықтандыру үшін қолданылған деген пікір бар[6] . Сол сияқты, араб шежіресінде 286 жылы Солтүстік Африкадан келген бедуин, өзінің қарсыласына тиесілі айғырдан ұрпақтар ала алмай жүрген кезде, бірге жайылып жүрген биелердің бірінің қынабына жылқы шашының байламын енгізгені, оны коитустан кейін алып тастап, биесінің қынабына енгізгені және оны жасанды түрде ұрықтандырғаны айтылған[7, 8] .

Жануарларды қолдан ұрықтандырудың алғашқы тәжірибесін 1763 жылы Стефан Якоби балықтарға және 1780 жылы итальяндық ғалым Лаццаро Спалланцани итке жасап, 62 күннен кейін 3 сау күшік алған [6] . Бұл зерттеулерді басқа да ғалымдар зерттеп қайталаған, бірақ практикалық әдіс ретінде ұзақ уақыт бойы қолданылмаған.

Кейін, 1782 жылы Росси Спаланцанидің тәжірибесін қайталап, 4 күшік алды. Бірақ ол кезде бұл әдіс түсінікке де, тануға да, таратуға да ие болмады. Ұрықтану тек жыныстық қатынас кезінде мүмкін және тек аналық безде болады деп сенді. 1712-1820 жылдары Карл Максим Бэр жасаған ұрықтандырудың дамуына қосқан үлесін бағалау мүмкін емес, бұл алғаш рет аналықтарды жасанды ұрықтандыру мүмкіндігін дәлелдеді. Ол өзінің тәжірибелерінің бірін келесі түрде сипаттады:"Грааф көпіршігінің барлық қабырғалары арқылы қарапайым көзбен көруге болатындығын түсінбестен, көпіршікті ашып, оны пышақтың ұшымен ұстап, микроскоптың астына қойдым. Фаллопиялық түтіктерден маған бұрыннан таныс ұрықты көргенде танқалдым, бұны соқыр адам да көрсе байқайтын болар еді"-, деген. Осылайша, сүтқоректілердің жасанды ұрықтандыру мүмкін еместігіне қарсылық жойылып, Спаланцанидің тәжірбиесі расталған болатын. XIX ғ. ортасында В. П. Врасский ақ балықтарды құрғақ әдіспен ұрықтандыруды ұсынды . Ал XIX ғ. соңында орыс ветеринарлық дәрігерлер мен зоотехниктер (Хелховский, Измайлов, Лидеман, Енишерлов) биелерді қолдан ұрықтандыру бойынша тәжірибелер жүргізді. Нәтижесінде ұрықтандырудан кейін алынған ұрпақтардың табиғи шағылысудан айырмашылығы жоқ екендігі дәлелденді. Алайда, бұл тәжірибелер өте аз болды. Бұл уақытта қолдан ұрықтандыруды бедеулікпен күресудің ветеринарлық әдісі ретінде қарастырылды.

1896 жылы Груздев қояндарды қолдан ұрықтандыру және ұрпақтар алу әдісін сәтті қолданды. Алайда, қолдан ұрықтандыру, . жануарларды өсірудің жаңа зоотехникалық әдісі ретінде алғаш рет Илья Иванович Иванов құрды.

Ауылшаруашылық жануарларын қолдан ұрықтандырудың негізін қалаушы - көрнекті орыс ғалымы, профессор Илья Иванович Иванов. 1899 жылы жылқыларды қолдан ұрықтандыру бойынша зерттеулерін бастады. Зерттеулер барысында қолдан ұрықтандыруды ауылшаруашылық жануарларын көбейтудің негізгі әдісі ретінде асыл тұқымды өндірушілерді ұтымды пайдалануға мүмкіндік беретінің көрді. Бұл әдіс кеңінен бедеулікті емдеу құралы ғана емес екенін дәлелдеу керек деп жазды. Оның басты міндеті уақыт пен ақшаны аз жұмсай отырып, мал тұқымын жақсарту болған.

И. И. Ивановтың тәжірибелері бойынша шәует эякулятын ұрықтандыру дозаларына бөлу, сұйылту және оны ағзадан тыс сақтау мүмкіндігі зерттелді. 1930 жылы И. И. Ивановтың басшылығымен барлық шаруашылық бойынша 100мыңнан астам жануарлар қолдан ұрықтандырылды[10] .

Қолдан ұрықтандыру саласындағы ғылымның дамуында бірнеше кезеңдер мен кезеңдерді бөлуге болады. Олар:

1) 1917-1927 жылдар аралығында И. И. Иванов және оның ізбасарлары шағын масштабта қолдан ұрықтандыру бойынша зерттеулер басталған. 2) 1927-1937 жылдар аралығында қолдан ұрықтандыру пайда болған совхоздар мен колхоздардың практикасына енгізіле бастады. Елдің түрлі өңірлерінде сиырларды жаппай ұрықтандыру жүргізілді.

  1. 1938-1947 жылдар кезеңі шәуетті сақтау және тасымалдау саласындағы ізденістермен сипатталады, асыл тұқымды жануарлардың тежегіш рефлекстері зерттелді.
  2. 1948-1957 жылдар аралығында шәуетті сұйық азотта сақтау әдісі жасалды. Бұл мәселеде басымдық И. В. Смирновқа тиесілі. 1952 жылы 1 млн сиыр, 20 млн қой, 400 мың жылқы ұрықтандырылды.
  3. 1958-1967 жылдар аралығында ғалымдар мен практиктердің жұмысы қолдан ұрықтандыру, қысыр қалуы мен бедеулікпен күресу кезінде аналықтардың ұрықтануын арттыру әдістерін жасауға бағытталған[11] .

Кейін, 70-ші жылдардың басында француздық САНОЙ фирмасы сперманы пластикалық пайеткаларға расфасофка техникасын игерді[10] .

70 жылдан астам уақытта профессор Коста табиғи ұрықтандыру кезінде жұмыртқалардың ұрықтандыру пайызын 8% - дан жасанды ұрықтандыру кезінде 25% - ға дейін арттырды[12] .

Ал, 1913 жылы Дж. Амантеа аталық малдан ұрық алу үшін жасанды қынап конструкциясын ұсынды.

1931 жылы Мак Кензи өзінің алғашқы заманауи қабаннан ұрық алуға арналған құрал нұсқасын ұсынды. Сол жылы Ресейде қабандар мен қошқарларға, содан кейін бұқалар мен айғырларға арналған жасанды қынап жасалды (1932) .

1937 жылы сиырлар мен қашарларға ұрықтандырудың ең сенімді ректоцервикалды әдісі Дат технологиясы бойынша жасалған.

Сол сияқты, қолдан ұрықтандырудың дамуына үлкен үлес қосқан

В. К. Милованов, Д. Ф. Нейман, А. В. Квасницкий,

И. И. Соколовская, И. В. Смирнов, Г. О. Паршутин, П. Н. Снаткин, И. И. Родин, Ф. В. Ожин, В. А. Морозов және т. б. ғалымдар бар. Ғалымдардың ұжымының үлкен шығармашылық жұмысының нәтижесінде, ұрықтандырудың технологиясы, ұйымдастырылуы және техникасы жетілдірілді [10] .

Қолдан ұрықтандыру - бұл биологиялық және зоотехникалық ғылымның ең үлкен ашылуы, ол бүкіл әлемнің меншігіне айналды және отандық ғалымдар мен практиктер осы салада ізашар болды.

1. 2 Герефорд сиырының жыныстық циклдары.

Денедегі барлық дерлік процестер белгілі бір циклге ұшырайды: соматикалық жасушалардың бөлінуі, қартаюы және өлуі, тамақтың сіңуі, оның қорытылуы, қоректік заттардың алынуы және қалдықтардың шығарылуы, тыныс алу кезіндегі газ алмасу процестері және тағы басқалар. Атап айтқанда сиырлардың жыныстық саласы осы ережеден ерекшеленбейді, керісінше бұл жыныстық циклдің қағидаларын және аналық малдың ағзасындағы әртүрлі кезеңдеріндегі өзгерістердің көбеюінің маңызды проблемаларының бірі болып табылады[13] .

Жыныстық цикл - күйлеудің бір стадиясынан келесі стадиясына дейінгі аралықта малдың барлық ағзасында және жыныс органдарында болатын физиологиялық және морфологиялық өзгерістер[14] .

Жыныстық цикл туралы ілімді алғаш рет Уолтер Хипп (Heap) 1901 жылы тұжырымдады. Ол жыныстық циклдің 4 кезеңнің (фазаны) анықтаған болатын. Олар:проэструс, эструс, метэструс және диэструс. Осы бақылауларын тышқандарға жүргізіп тапқан . Әрі қарай басқа жануарларға зерттеулерін жалғастырып, олардың бейімделу кезінде жыныстық циклдің тағы бір кезеңін анэструс фазасын анықтаған[15, 16] . (кесте 1)

Кесте 1 - Уолтер Хипп(1901) ұсынған жыныстық цикл

Фаза ұзақтығы

Сыртқы белгілер

Ішкі белгілер

Фаза ұзақтығы: Проэструс, дайынд ық фаза(6-12сағ)
Сыртқы белгілер:

Мазасызданады, басқа сиырларға секіреді,

қынаптың вестибуласына

қанмен қамтамасыз етулуі жоғарылайды, шырыш

Ішкі белгілер:

Фолликулдар ұлғаяды, жатырдың жанасуға

дайындығы арттады, бастапқы

жатыр мойнының

Фаза ұзақтығы:
Сыртқы белгілер:

бөлінеді, аздап қызарады,

жыныс еріндері ісінеді және

ылғалданады

Ішкі белгілер:

ашылуы байқалады,

қынаптың шырышты

қабаты ылғалданып және қызарады

Фаза ұзақтығы:

Эструс, айқын белсенділік фазасы

(12-18 сағат)

Сыртқы белгілер:

Мөңірейді, мазасызданады, ба сқа сиырлар секірген кезінде тыныш тұрады, мөлдір

созылмалы шырыш бөлінеді, өнімділік біршама төмендейді

Ішкі белгілер:

Фолликулалар жетілген, жатырдың жанасуға дайындығы, жатыр

мойнының ашылуы, жатыр каналында

шырыштың пайда

болуы, қынапта

шырыштың жиналуы, жатыр шырышты бездерінің өсуі байқалады

Фаза ұзақтығы: Метэструс, жыныст ық күйіттен кейінгі кезең (3-4 күн. )
Сыртқы белгілер:

Жыныстық күйіт белгілері біртіндеп жоғалады, жыныс

еріндері терісі қатпарланған, сұйық шырыштың қан

бөлінеді

Ішкі белгілер:

Овуляция, жатыр мойнының аздап

ашылуы, жатырдың

жанасуға дайындығы

төмендейді, қынапта қан шырышты секреция бөлінеді

Фаза ұзақтығы:

Диэструс, салыстырмалы

тыныштық фаза

(10-14 күн. )

Сыртқы белгілер:

Жыныс жүйенің функциональдік тыныштығы

байқалады

Ішкі белгілер:

Сары дененің циклдік үстемдігі. Жатыр бұлшық етінің

босаңсыған, мойыны жабық. Бөлінген

шырыштың көлемі

кішкентай, конститенция

сы тұтқыр. Қынаптың шырышты қабаты бозарған.

Фаза ұзақтығы:

Анэструс, жыныстық

демалыстың ұзақ кезеңі

Сыртқы белгілер:

Жыныс жүйенің функциональдік тыныштығы

байқалады

Ішкі белгілер:

Аналық бездердің қызметі әлсірейді, фолликулалардың дамуы болмайды.

Жатыр кішірейген, мойыны тығыз жабылған.

Қынап шырыш тұтқыр консистенциялы, қынабы бозарған

Ұзақ уақыт бойы ғылымда жыныстық циклды реттеу схемасы болған, оның орталық орны гипофиз делінген. Көптеген зерттеулерде сүтқоректілердегі аналық бездердің жұмысының бақылауы аденогипофизбен байланысты екені анықталған, ол фолликулалардың өсуі мен жетілуіне, овуляцияға және сары дененің дамуына әкелетін гормондарды шығаратын байланысты екенін анықтады. Завадовский М. М. (1963) "плюс-минус өзара әрекеттесу" теориясында, жыныс бездері эстрогендердің, гестагендердің және андрогендердің қанға бөлінуі гипофиздің секреторлық белсенділігіне реттеуші әсер етуі жайлы тұжырымдаған. Алайда, болашақта оған сүйене отырып, күндізгі жарықтың өзгеруімен овуляцияны реттеу мүмкіндігі, жануарлардың кейбір түрлеріндегі овуляцияның коитусқа тәуелділігі және

т. б. сияқты факторларды түсіндіру қиындық тудырды(В. В. Елчанинов, В. Ф. Сахно, 1969) [15, 16] . .

Көптеген зерттеулер жүргізгеннен кейін, Студенцов А. П. (1953) жыныстық цикл - бұл барлық ауылшаруашылық жануарларына тән биологиялық құбылыс, оның бағыты жануарлардың түрлері мен өмір сүру жағдайларына байланысты деп айтқан. Жыныстық цикл бүкіл ағзаның өмірлік белсенділігінің тән белгісі болғандықтан, барлық жыныстық процестер тұтас ағзаның қоршаған ортамен ажырамас байланыста қарастырылуы керек деді. Жыныстық рефлекстерді қамтамасыз етудегі басты рөл тек гуморальды ғана емес, сонымен қатар жүйке жүйелеріне де берілуі керек делінген. Оның анықтамасы бойынша жыныстық цикл үш сатыдан тұрады:

  1. Қозу
  2. Тежелу
  3. Теңесу
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда өсірілетін сүтті-етті бағыттағы ірі қара тұқымдары
Ірі қара малдың өнімділігі
Ірі қараны өнімділігі бойынша кластау
Симментал тұқымды малына сипаттама
Герефорд асыл тұқымды малының өнімділік қасиеттерін зерттеу
Отандық мал шаруашылығы және ветеринария
Мал шаруашылығы және ірі қара шаруашылығы
Сүтті және етті бағыттағы ірі қара
Ересек Сиырдың салм
Сойыс малдарының қоңдылығын анықтау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz