Телязиоз қоздырғыштары биогельминттерге жатады, аралық иесі сиырдың көзінен аққан жаспен қоректенетін жайылым шыбындары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
________________

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
Әдеби шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
2.1 Өзіндік зерттеулердің нәтижесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.2. Шаруашылыққа қысқаша сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .19
2.3. Зерттеулердің нәтижелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
III. Қорытынды мен ұсыныстар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .25
IV.Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..26
V.Қосымша ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

Кіріспе
Мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің жоғарлауы ауыл шаруашылық малдарының ұдайы өсуін ұйымдастыру деңгейіне тікелей байланысты.
Малдəрігерлік паразитология (үй жəне кəсіптік маңызы бар жануарлардың паразитін); агрономдық паразитология не фито паразитология (өсімдіктер паразитін) гельминтология болып бөлінеді. Паразит дегеніміз - бір организмнің екінші организмге қоныстанып, сол организмді қорек жəне тіршілік ортасы ретінде пайдаланыатын организм. Жануралар əлеміндегі паразиттер арқылы адам, жануарлар мен өсімдіктер организмінде пайда болған ауруларды паразитарлық немесе инвазиялық аурулары деп атайды. Паразиттер факультативті жəне облигатты болып бөлінеді. Мысалы : жұмыр құрттардың Aloinema туысына жататын құрттың кейбір түрлері бір себеппен жануардың ішегіне түскенде , онда өсіп - өніп , тік тіршілікке көшеді, ал ішектен сыртқа түскен олар топырақта еркін тіршілік ете алады. Сонымен , бұл жағдайда паразитизм тек факультативті түрде бола алады.Факультативті паразитизм өте сирек кездеседі. Облигатты немесе нағыз паразиттер табиғатта кең таралаған , олардың тіршілігі басқа организмге тікелей байланысты., тіршілік ету циклінде міндетті түрде иесінің денесіне қоныстанып, оны қорек жəне тіршілік ортасы ретінде пайдаланады. Оған мысалы паразитті құрттар соның ішінде телязии құрттарын алсақ.
Телязиоз -- ірі қараның көзінде паразиттік тіршілік ететін Spirurata отрядына, Thelaziidae тұқымдасына, Thelazia туысына жататын жұмыр құрттар тудыратын гельминтоз. Ең көп тараған түрі Thelazia rhodesi мал көзінің ішкі қабығы қалтарыс қуысын конъюнктиваны және үшінші қабығының астын мекендейді. Қалған екі түрі Th.gulosa және Th.skjabini жас түтікшелері мен жас өзегін мекендейді.
Телязиоз кеңінен таралған аурулардың бірі. Одан мал шаруашылығы едәуір зиян шегеді: сиырдың сүті кемиді, бұзаудың қоңы төмендейді, өспей қалады. Телязиозға шалдыққан, соқыр болып қалған мал шаруашылық мұқтажын өтей алмайды, оны емдеу үшін бірталай қаражат жұмсауға тура келеді. Мысалы, сиырдың сүті 20 - 45 процентке кемиді. Телязиоз құрты ірі қарадан басқа зубр, қодастан табылған. Телязиоз қоздырғыштары биогельминттерге жатады, аралық иесі сиырдың көзінен аққан жаспен қоректенетін жайылым шыбындары. Телязия құрты малдың көзінен жылдың қай мезгілінде болсын табылады береді, бірақ жаз айларында көбейіп телязиоздың клиникасы байқалады. Телязиозбен мал барлық жасында да ауырады. Дегенмен бұзау -- тайыншаларда ауыр өтеді. Құрт көздің коньюнктивасы ішінде қыстап шығады да, жаз шығысымен көптеген балаңқұрт (личинка) туады. Балаң құртты малдың көзіне қонған шыбын жұтып қояды. Шыбын денесінде 2 рет түлеп балаң құрт малға қайта жұғатын сатыға жетеді [1,2].
Келтірілген мәлметтерге байланысты біздің зерттеу жұмыстарымыздың мақсаты мен міндеті болып ‹‹ SC Food›› ЖШС шарушылығының жағдайын зерттеп, ірі қара мал арасында телязиоздың таралу қарқыны мен емдеу нәтижелерінің ұйымдастырылуын талдау, телязий құрттарына алдын алу жұмыстары болды.

Әдеби шолу

Телязиоз - малдың көзін зақымдап, оны конюктивит, кератитке ұшырататын, емдемесе соқыр ететін, 3 түрлі жұмыр құрт - Th. Rhodesi, Th. gulosa, Th.skrjabini тудыратын инвазиялық ауру. Онымен мал әдетте жаз айларында жаппай ауырады. Телязиоз - Қазақстанда кеңінен тараған ауру. Одан мал шаруашылығы едәуір зиян шегеді: сиырдың сүті кемиді, бұзаудың қоңы төмендейді, ол өспей қалады. Соқыр болып қалған мал шаруашылық мұқтажын өтей алмайды, оны емдеу үшін бірталай күш қаражат жұмсауға тура келеді. Мысалы, сиырдың сүті 20-45 процентке кемиді.
Қоздырғышы - жоғарыда атылған үш түрлі құрт. Әсіресе Th. Rhodesi кең тараған. Жіптей жіңішке сарғыш түсті жұмыр құрттың ұзындығы 0,5-2 см. Оның басында кішкене капсуласы бар. Еркегінің құйрығы имектеліп біткен, осы арада бірі ұзын, біәрі қысқа екі спикуласы орналасқан. Телязияның кутикуласы (сыртқы қабығы) араның тісіндей болып иректелген. Ұрғашы құрттың жыныс мүшесі бас жағынан ашылады. Ол жұмыртқа салмайды, жыбырлаған тірі личинкалар туады. Бұл айтылғандар - құрттың сипаттамасы. Қалған екеуінің өзіндік ерекшеліктері бар.
Дамуы. Телязиоз ауруын musca convexifrons, musca amica, musca autumnalis деп аталатын қара шыбындар таратады. Құрт көздің ішін мекендеген. Кейде жас түтіктерін бойлай тереңдеп кетеді. Ұрғашы құрт көздің ішіне көптеген тірі личинкаларын шашады. Құжынаған лечинкалар жыбырлап жүріп еріксіз көзден жас сорғалатады. Кейде көздің іші іріңдеп кетеді. Личинкалар көз жасына араласып сыртқа шығады да, үстіңгі және астыңғы қабақтардың айналасына, кірпік астына жиналып, қатып қалады. Оларды көз жасымен қоректенетін қара шыбындар жаспен бірге жұтып қояды. Шыбын денесіне личинка 15-30 күн ішінде 2 рет түлеп инвазиялық личинкаға айналады да, шыбынның тұмсығына келіп жинала береді. Келесі жолы осындай личинкаға толған шыбын қоректену үшін сиырдың көзіне келіп қонады да оның кірпіктеріне, қабағының немесе көзінің айналасына құжынаған телязия личинкаларын бүркіп жібереді. Бұл личинкалар көздің клегейлі қабығына кенедей қадалып жабысады. 15-20 күн өтісімен личинка 2 рет түлеп ересек құртқа айналады. Телязия көз ішінде 1 жылдай тіршілік етеді.
Эпизоотологиясы. Телязия құрты малдың көзінен жылдың қай мезгілінде болсын табылады береді, бірақ жаз айларында ғана шығады. Телязиоз бен малдың жасы да ауырады. Құрт көздің ішінде қыстап шығады да, жаз шығысымен көптеген личинка туады. Личинканы малдың көзіне қонған шыбын жұтып қояды. Шыбын денесінде 2 рет түлеп личинка мал ауру жұқтыратын сатыға жетеді. Июнь айы мен октябрь айының арасында мал телязиозбен жаппай ауырады. Бірақ май айында сирек кездеседі. Октябрден кейін ауру біртіндеп жойыла бастайды.
Кейбір деректерге қарағанда ересек малдың 84 проценті, 1-3 жасар малдың 74,8 проценті, бұзаудың 74,3 проценті телязиозға шалдығады. Телязиоз тарататын қара шыбындар өзінің жұмыртқасын малдың жапасына салады. Кейбір шыбындар тірі личинка табуы мүмкін. Осы личинкалар топырақтың ішіне кіріп алып, қуыршақтанады да, 18-25 күннен соң ересек шыбынға айналады. Шыбын жайылымда июнь туысымен ұша бастайды да мал арасына ауру таратады.
Потогенезі. Телязиоз құрты көздің ішіне кіріп алып, оның кілегейлі қабығын жарақаттайды, мұндағы нерв ұштарын тітіркендіріп қызметін бұзады. Көздің ағы мен қарашығының айналасы қабынады. Бара-бара көзден жас сорғалайды. Көздің ағы мен еті семеді. Жарақаттанған жерге микробтар түсіп, телязиоз ауруы одан әрі асқындыруы мүмкін. Жара болған жерді дәнекер ткань басады. Оның арты конюктивитке айналады.
Ауру белгілері. Телязиозға шалдыққан малдың бақтары ісініп, көзі қабынады, көздерінен жас сорғалайды. Мал жарыққа қарай алмай қалады. Қан тамырларын қан кермеп, көздері қызарып кетеді. Бара-бара оның ағы бозарып қабынады, тесіледі. Алғашқы ауру белгілері көзге құрт түсісімен 5-7 күн өтісімен біліне бастайды. Ауру 1-2 айға созылады. Аурудан айыққан малдың көзі шел басады. Малдың температурасы 1-2 градусқа көтерілуі мүмкін. Кей жылдары фермадағы сиырлардың тең жартысы соқыр болып қалуы мүмкін. Ауру малдың салмағы кемиді, арықтайды, кейде оның сүлдесі ғана қалады. Кейде телязиоз басталасымен өзінен-өзі тоқтайды да мал оңалып, қоңдана бастайды, тіпті көп кешікпей сауығып кетеді.
Диагнозы. Көздері жасаурап, қызарып тұрған малды табыннан алып оқшау шығарады да, оның басын мықтап шарбаққа немесе бағанаға байлайды. Содан кейін сол қолдың саусақтарымен малдың қабақтарын ашады да, оң қолымен резинке спринцовка арқылы көзінің ішіне бор қышқылының ерітіндісін құяды. Тап осы кезде көмекші адам фарфор не шыны ыдысты көздің шайылып жатқан астына тоса қояды. Бұдан кейін ыдыстың ішіне құйылған бор қышқылын жай көзбен қараса оның ішінде жыбырлап жүрген Th. rhodesi құрттарын көруге болады. Th. guloca және Th. skjabini құрттарын жоғарыдағы әдіспен табуы мүмкін емес: олар тереңде, жас жолының каналында жатады. Сондықтан ауруды анықтау мақсатымен көз жасын зерттеп, одан осы құрттардың личинкаларын іздейді. Оларды ажырату үшін телязия личинкаларының айырмашылықтары ескеріледі, Th. rhodesi ұзындығын 0,204-0,235 мм, басы жуантық келеді, құйрығынбда сопақша қабықшасы бар. Th. dulosa ұзындығы 0,249-0,226 мм, басы мен денесінің жуандығы бірдей. Құйрығында дөңгелек қабықшасы бар. Th. skjabini ұзындығы 0,26-0,24 мм, бас жағы жуан, денесінің орта шені жалпақ, құйрығында домалақ қабықшасы бар.
Ауруды өлексені тексеру арқылы анықтау қиын емес. Ол үшін өлексенің жоғарғы қабағын өзіне қарай тартып тұрып, жас ағатын жолды бойлай іш жағынан қайшымен қиып жібереді. Сол кезде жіп секілді сары құрттар жыбырлап шыға бастайды. Екінші бір әдіс жас ағатын жолды тіліп жатпай-ақ бармақпен сықса, құжынаған құрттар өзінен-өзі иіріліп, жылан сияқты болып шыға келеді. Кейде мал дәрігерлері жас безін көзден сығып алады да, ішіне су құйылған ыдысқа салып жаяды. Мал телязиоздан өлген болса, осы кезде телязия құрттары су бетіне қалқып шығып, кейін ыдыстың түбіне шөгеді. Бұл да бірден-бір дәл әдіс.
Емі. Ауру малдың 3 проценттік бор қышқылымен емдейді. Оның ХІХ ғасырдың аяғында Березов ұсынған болатын. Кейін Креолиннің, карбол қышқылының және протанголдың 1 проценттік ерітінділері қолданыла бастайды. Лизолдың 0,5 проценттік ерітіндісі, күшаланың 0,05 проценттік ерітіндісі пайдаланылатын болды. Бұлардың қай-қайсысы болсын құртты өлтірмейді, тек оны көздің ішінен айдап шығады. Н.И.Крастин (1957) қолданған дәрілерден де (1 проценттік креолин, 2-3 проценттік бор қышқылын, 0,05 проценттік лизол ерітіндісі) осындай нәтиже шықты. Сондықтан көздегі телязияларды өлтіру үшін соңғы кезде йодтың судағы ерітіндісі қолданылып жүр. Ерітінді былай дайындалады: 1 г йод кристалын 2 литр суда езеді де, оған 1-5 йодты калий қосып араластырады. Ерітіндінің түсі күрең, шайдың түсіне ұқсайды. Енді осы ерітіндіні малдың көзін спринцовка арқылы жуып шаяды. Ем арасында 5-6 күн салып 3 рет қайталанылады. Жара түскен көзді йод ерітіндісімен емдеуге болмайды: йод жараны күйдіріп, оның көлемін одан сайын ұлғайтып жіберуі мүмкін. Сондықтан йод ерітіндісін малды аурудан сақтандыру үшін алдын-ала қолданған жөн. Телязиозды емдеу үшін қолданылып жүрген дәрілер аз емес. Солардың кейбіреулеріне қысқаша тоқтай кетейік. В.Ф.Размазин жаңадан ауыра бастаған малды күкірт қышқылды цинкпен емдеді. Ем 2-3 рет қайталанылады.
А.Шашкин телязиозға қарсы хлорлы әктің 0,5-1,5 процентті ерітіндісін қолданды. Ерітінді былай дайындалады. Хлорлы әп ұнтағын қажет мөлшерде фарфор ыдысқа салады да, үстіне аздап су құйып араластырады. Бұдан пайда болған қоймалжыңға су қосып 0,5-1,5 процентті ерітінді жасайды. Ерітіндіні 1 минуттай тұндырады да 2-3 қабат дәке арқылы шыны, ағаш немесе резина ыдысқа сүзеді. Осындай мөлдір ерітіндімен спринцовка арқылы көздің ішін жуып шаяды.
Н.П.Домен ауру 40 бас малды мынадай эмульсиямен 20 күн емдеді. 1 г йодоформ өлшеп алып, оны фарфор келіге салып ұнтайды да, 18 г балық майына езеді. Қойыртпақты 38-40 градуске дейін қыздырып, 1 г эктиол қосып араластырады. Телязиоз салдарынан конюктивитке және кератитке ұшыраған малды А.А.Безруков эктиолды 3-5 процентті сүртпе майымен емдеді: 4-5 рет жаққаннан кейін көз жазылып кеткен. Кератитке қарсы сүртпе май қолданылады. Телязиозды ксероформ эмульсиясымен емдеуге де болады. Эмульсия былай дайындалады. 100 мл балық майын жылытады да үстіне 4 г ксероформ, 1 г йодоформ салып мұқият араластырады. Ауру малдың көзіне 3-4 күн өтісімен қайталанылады.
А.Ф.Русимовтың әдісі бойынша, ауру малдың көзін 3 проценттік бор қышқылымен жақсылап жуып, артынан сүртпе май (100 г жылқы майы - 10 г навакаин - 1 млн өлшем пинициллин) жағуға болады.
Кейбір мал дәрігерлерінің деректеріне қарағанда, малдың көзіне сульфантрол ұнтағын түтік арқылы үрлеп енгізсе, ол телязиоздан тез арада айығып кететін көрінеді. Сондай-ақ фенотиазин ұнтағын норсульфазол ерітіндісін қолданудан да ойдағыдай нәтиже шыққан.
Мәселен, Польшада телязиоз фенолтиазиннің соя майындағы 3 проценттік ерітіндісімен, немесе ДДТ-нің 3 проценттік эмульсиясымен, немесе пиперазин ерітіндісімен емделеді. Сақтық шаралары. Телязия құрты әдетте малдың көзіне қыстап шығады. Сондықтан телязиоздан арылу үшін көктемде, шыбын шықпай тұрғанда, жоғарыдағы көрсетілген дәрілердің біреуімен малға дегельминтизация жасалады. Телязиоздан сақтандыру мақсаты мен бор қышқылының 2-3 проценті ерітіндісі, йодтың 0,05 процентті ерітіндісі (2 л жылы суға - 1 г йод кристалы) әрбір 5-6 күн сайын 3-4 рет қолданылады. Шаруашылықтағы мал күз бен көктемде түгелдей емделеді. Бұл шара әрине көрші шаруашалықта да жүргізілуге тиіс. Мұнымен қатар малдың көзіне шыбын қондырмау жағы көзделеді. Шыбынның тұқымын құрту үшін малға ас тұзына араластырып, фенотиазин (салмағының әр килограмына - 0,03 г ) беруге болады. Нәжістегі шыбын жұмыртқалары мен личинкалары уланып қырылып қалады. Көзіне шыбын қондырмау үшін малдың қабақтарына қара май жағып қоюға болады. Сондай-ақ жылдың ортасынан бастап көздің айналасына жанарына тигізбей 0,25 проценті гехсахлоран эмульсиясы жағылады.Кей жерлерде ауру малдың көзіне шыбын қонбайтындай етіп сым темірден өрілген көзілдірік кигізіп қояды. Көзілдірік мұнымен қатар көзді ұрылу-соғылудан қорғайды[10,11].
Ғылыми-әдебиет деректер.
Ірі қара малдың телазиозының таралуы мен қауіп факторларын зерттеуге бағытталған бұл зерттеу Иранның оңтүстік-шығысында, ирандық Систан малы үшін эндемиялық аймақта жүргізілді. Әдістері: 2012 жылдың қыркүйегінен 2014 жылдың қазанына дейін Систан тұқымының (n= 1235) және брахман тұқымының (n=689) 1924 бас ірі қара малы Систан мен Белуджистан провинциясынан жиналған барлық жыныстық және жас топтары конъюнктивалық қапты және лакримальды түтікті стерильді тұзды ерітіндімен жуу арқылы көзбен шолып тексерілді. Нәтижелері: телазиоздың жалпы таралуы 1924 сиырдың 50-ін құрады (2,6%; 95% Ди: 1,9-3). 3%), Брахман тұқымына қарағанда Систани тұқымында инфекцияның едәуір жоғары таралуы (1,59% қарсы 3,15%). Алпыс ересек құрттар (аналықтардың 84,5% және еркектердің 15,5%) жұқтырған ірі қара малдың конъюнктивасынан жиналды: ең көп ұсынылған түрлер-Thelazia gulosa (5060, 83,3%), одан кейін Thelazia. rhodesi (1060, 16. 7%). Бір сиырға жиналған құрттардың саны бірден жетіге дейін болды (орташа +- стандартты ауытқу: 2. 08 +- 1. 49). Құрттар жылдың барлық айларында сиырлардан жиналды. Инфекцияның таралуы мен қарқындылығының маусымдық ауытқуларындағы айырмашылық айтарлықтай болды, бірақ малдың таралуы, жынысы мен жасы арасында сенімді байланыс болған жоқ. Қорытынды: ірі қара малдың Телазиозы көз көріністерін дифференциалды диагностикалау және оның ірі қара малдың өнімділігіне әсерін қарастыру кезінде ветеринарлардың ерекше назарын қажет етеді [6].
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Начало формы
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Конец формы
Ірі қара телазиозына Thelazia rhodesi Desmarest 1828, Thelazia gulosa Railliet & Henry 1910 және Thelazia skrjabini Erschow 1928 себеп болуы мүмкін, олар Muscidae түрлерімен белгілі. Ірі қара малдағы терапевтік шараларға ересек паразиттерді механикалық алып тастау, содан кейін конъюнктивалық қабықты левамизол (1%) немесе Ивермектин (0,2 мгкг КА), дормектин (0,2 мгкг КА немесе құю) сияқты әртүрлі ерітінділермен суару жатады, екеуі де тиімді, алайда мұндай макроциклді лактондарды қолдану бұзау емізетін ірі қара малда қиындық тудыруы мүмкін. Румыниядан келген кейбір жануарлардың көзіне жасырынған нематодтар морфологиялық тұрғыдан Thelazia rhodesi ретінде анықталды және ПЦР талдауы диагнозды Its1 тізбегінің GenBank басқа тізбектермен 98,0% нуклеотидтік ұқсастығымен растады. Бұл жұмыста Румыниядағы сүт фермасындағы ірі қара малда T. rhodesi бар екендігі және эпиномектинмен емделгеннен кейін қалпына келтіру туралы айтылады[7].
Нуса-Тенгара-Тимур провинциясының Купанг ауданында ірі қара малдың телазиозының таралуын, қарқындылығын, жұқтырылуын, клиникалық белгісін анықтау, түрлерін анықтау және онымен байланысты қауіп факторларын зерттеу мақсатында көлденең зерттеу жүргізілді. Жалпы алғанда, 385 ірі қара мал Купанг ауданының үш ауданындағы 96 шаруашылықтан кездейсоқ іріктеліп алынды және телазиозға тексерілді. Ірі қара малдың көзіндегі нематод жергілікті анестезияны (10% ксилокаин) енгізгеннен кейін пинцетпен жиналды. Ірі қара малдың жасына, адами ресурстарға және шаруашылықты басқаруға байланысты ықтимал қауіп факторлары фермерлерге сауалнама жүргізу арқылы алынды. Телазиоз дамуының қатарлас тәуекел факторын талдау үшін логистикалық регрессия қолданылды. Нәтиже көрсеткендей, байқалған 385 ірі қара малдың 23-і (5,96%) Thelazia spp жұқтырған., оның ішінде 22 бас айқын клиникалық белгілерді байқады, атап айтқанда шамадан тыс лакримация және конъюнктивит, бұл кератоконьюнктивитке әкелді, ал бір ірі қара малда жаралар пайда болды. Барлығы 23 жұқтырған жануардан 357 құрт (157 еркек және 210 аналық) жиналды, ал жұқтырған малдағы құрттардың орташа саны 32,92 +- 21,03 құрады. Сканерлеуші электронды микроскоптың (СЭМ) көмегімен морфологиялық сипаттамаларды бақылау Нематодтардың түрлерін анықтауға көмектесті Thelazia rhodesii. Инфекция бұзауларға (0-6 ай) қарағанда үлкен малда (=6-12 ай) жиі кездеседі (р0,05). Ірі қара малдың телазиозының таралуына әсер ететін Мал шаруашылығы практикасындағы маңызды қауіп факторлары антигельминтикалық өңдеу, жайылымдарды күту, сарайларды тазарту және көңді өңдеу болды. Біз алған нәтижелер телазиозға қарсы стратегиялық бағдарламаларды әзірлеу кезінде аурудың даму қаупінің маңызды факторларын ескеру қажет екенін көрсетеді[8].
Бұл ірі қара малдағы Thelazia gulosa туындаған ерекше зақымданулар туралы есеп. Бұзау мен сиырдағы күдікті инфекциялық кератоконьюнктивитті емдеудің бірнеше тиімсіз әдістерінен кейін T. gulosa ретробульбарлы гранулем тәрізді массалармен байланысты екендігі анықталды. Конъюнктиваның бетінде бірнеше цифр тәрізді проекциялары бар массалар клиникалық тексеру кезінде қатты қысым кезінде бірнеше құрттарды лақтырды. Құрттарды ұстайтын тіндердің үлгілері хирургиялық жолмен алынып тасталды, этанолға бекітіліп, Паразитология және гистопатология зертханаларына құрттарды морфологиялық сәйкестендіру және тіндік массалардың сипатын анықтау үшін жіберілді. Инвазия тек жас бұзауларда ( 3 ай) және жоғары өнімді сиырларда болды. Гистопатологияда орташа және айқын қабыну инфильтраты бар фиброваскулярлық түйіршікті тін көрсетілген. Ивермектинмен емдеу (200 мкгкг, СК, бір рет) хирургиялық кесу арқылы және онсыз инвазияға жол берді[9].

Өзіндік зерттеулердің нәтижесі
3.1. Шаруашылыққа қысқаша сипаттама.
SC Food шаруашылығы 2008 жылы Қазақстан Республикасының аумағында құрылған және жауапкершілігі шектеулі серіктестік нысанына ие.
Астана қаласынан қашықтық - 145 км, Ақкөл қаласынан - 45 км, Степногорск қаласынан - 40 км. жерінде орналасқан.
2010 жылы Азат ауылы ауданындағы "2400 бас асыл тұқымды мал шаруашылығы және 3000 бас ірі қара мал бордақылау кешені" инвестициялық жобасы Ақмола облысы бойынша өңірлік индустрияландыру картасына енгізіліп, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің шешімімен бекітілді. Жоба Мемлекеттік ауыл шаруашылығын субсидиялау және дамыту бағдарламасының арқасында іске асырылды.
"SC Food мал шаруашы - лығы кешені 2011 жылды - ң соңында құрылып, өз - інің жұмысын Ірі қар - а мал етінің экспортт - ық әлеуетін дамыту ж - обасының шеңберінде ж - үзеге асырып келеді.
Қазақстанда бірінші болып етті бағыттағы ІҚМ ұстаудың суық әдісінің Солтүстік американдық технологисын бейімдеп енгізді, 2011-2012 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Гельминттерге қарсы қолданылатын препараттар
Түркістан аумағындағы ірі қара малдардағы нематодтармен күресу жолдары
Паразитке қарсы шараларды жоспарлау
Инвазиялық аурумен күресу шаралары
Жануарлардың инвазиялық аурулары
Телязиоз ауруының таралуы
Санитарлық паразитология - ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ
Ас тұзының қаныққан ерітіндісін қолдана флотациялау әдісі
Жануарлар денесіндегі кенелерді жою
Айқышгүлді егістік,жемдік,көкеніс дақылдарының зиянкестері
Пәндер