Лексикалық болымдылық пен лексикалық болымсыздық
Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Филология факультеті
Қазақ тіл білімі кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Болымдылық және болымсыздық категориясы
Орындаған: Ершора. М.Е
Тобы: КО-31
Тексерген: ф.ғ.к.,Саменова С.Н
Қарағанды - 2023
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
І. Тарау
1. БОЛЫМДЫЛЫҚ - БОЛЫМСЫЗДЫҚ КАТЕГОРИЯСЫ
1.1 ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ БОЛЫМДЫЛЫҚ ЖӘНЕ БОЛЫМСЫЗДЫҚ МӘСЕЛЕСІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ
1.2 БОЛЫМДЫЛЫҚ-БОЛЫМСЫЗДЫҚТЫҢ ТІЛДІК ТАБИҒАТЫ ТУРАЛЫ
1.3 БОЛЫМДЫЛЫҚ ПЕН БОЛЫМСЫЗДЫҚТЫҢ МАҒЫНАЛЫҚ ҚҰРАМЫ
1.4 БОЛЫМСЫЗДЫҚТЫҢ ЖАЛПЫЛАМА МАҒЫНАЛЫҚ ҚҰРАМЫ
1.5 ЕТІСТІКТІК БОЛЫМДЫЛЫҚ ЖӘНЕ БОЛЫМСЫЗДЫҚ КАТЕГОРИЯСЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
1.6 БОЛЫМДЫЛЫҚ - БОЛЫМСЫЗДЫҚ КАТЕГОРИЯСНЫҢ СӨЙЛЕМДЕГІ ҚЫЗМЕТІ
1.7 БОЛЫМСЫЗДЫҚТЫҢ ЭМОЦИОНАЛДЫ ЭКСПРЕССИВТІ МӘНІ ЖӘНЕ ОНЫҢ БЕРІЛУ ЖОЛЫ
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Болымдылық-болымсыздық сан тараулы күрделі граматикалық құбылыс болғанына қарамастан, оның кейбір түрлері бұрыннан-ақ зерттеушілер назарына іліккен. Сондықтан бұл туралы мәлімет түркі тілдерінің граматикаларында ерекше көзге ілінеді. Граматикалардың есімдікке, етістікке, сын есімге арналған бөлімдерінде бар, жоқ сөздерінің кездесуіне байланысты біршама даулар бар екені анық.
Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі қазақ тілінде ең актуалды болып тұрған мәселеміздің бірі бұл қолданбалы граматика екені рас. Осыған келгенде тіліміздегі барша тақырыпқа қатысты болып келетін, болымдылық және болымсыздық жайы көтерілгенде, тек қана етістік аясында шектеліп қалатынымызда жасырын емес. Демек, болымдылық және болымсыздық мәселесінің зерттелуі расындада өте өзекті, және оның болмысы айқара ашылуы қажет деп есептейміз.
Курстық жұмыстың мақсаты: болымдылық - болымсыздық категориясының аясын кеңейту, теориялық негізін, құрамы мен құрылысын зерделеу
Курстық жұмыстың міндеттері:
Болымдылық және болымсыздық мәселесін көтерген автор еңбектерін салыстыра қарастыру;
Болымдылық және болымсыздық категориясының ішкі ядросын тану және оны айқындау;
Болымдылық, болымсыздық мағыналарының біршама жасалу жолын, нәжителерін анық етіп көрсету;
Болымдылық және болымсыздық категориясының контексттегі қызметін анықтау және қызметтері мен жұмсалу орнын көрсету;
Курстық жұмыстың нысаны: Болымдылық және болымсыздық категориясы, оның басқа сөз таптарымен әсіресе лексикамен байланысын анықтау, категориялық мағынасы мен құрамын анықтау, сөйлемдегі негізгі атқаратын қызметін танытамыз.
Курстық жұмыстың дереккөздері: Бұл курстық жұмыстың тұжырымдамаларын жасауға және негізін ашуға Ә. Тілеулес ғалымның Қазіргі қазақ тіліндегі болымдылық-болымсыздық категория атты Алматы, 1998 жылы шыққан еңбегін негізгі зерттеу құралы ретінде алдық. Болымдылық болымсыздық мағынаның контексстте ашылуына байланысты И.Қапаевтың Сынтаслы туралы толғау повестін негізге алдық.
Курстық жұмыстың құрылымы: Бұл курстық жұмыс кіріспеден, бір тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Қазіргі қазақ тіліндегі өзекті тақырыптардың бірі, болымдылық және болымсыздық мәселесінің зерттелуіне тоқталмас бұрын, оның түркологиядағы орнын сөз етейік. Жалпы алып қарағанда болымдылық-болымсыздық тақыбыры бұрыннан-ақ ғалымдар назарына ерте іліккен. Сондықтан да бұл өте күрделі мәселелердің бірі. Біз қарастырып отырған мәліметтердің басым көпшілігін , ең алдымен түркі грамматикаларында еш өзгеріссіз кесдестіруге болады. Мысалы, түркі грамматикаларындағы етістік, есімдік, сын есім сынды тарауларында бар, жоқ сөздерінің кездесуі, сондай-ақ синтаксис тарауында да болымсыздық мәселесі бой көрсетуі тегін емес. Бұл грамматикаларда көбіне етістіктің болымды түрінен қарағанда болымсыз түріне көп көңіл бөлінген. Сейкесінше, ғалымдардың көпшілігі бұл етістіктердің жасалу жолын тек - ма, -ме жұрнағы арқылы ғана көрсетеді.
Енді бұл жұрнақтардың шығу төркініне кішкене шолу жасасақ. Бұл жайында ғалым Н.А.Баскаковтың Каракалпакский язык атты еңбегінде етістіктен есімдер жасайтын - ма, -ме жұрнақтары мен етістіктің болымсыз көрсеткіштері ертеректе бүтін мағыналы болса керек, және оларды тек қана екпінмен ажыратуға болады деген пікірі дәлел. [1. 9.] Бірақ бұл жерде бір морфеманың, екі нұсқалы грамматикалық қызметін тек қана екпін күшімен ажырату тиімді емес екенін де зерттеушілер алдын ала ескертеді.
Түрколог ғалымдар бұл жұрнақтардың бастапқы кезінде етістік қызметін атқарғанын, кейіннен өзін жоғалтып - ма, -ме атты қалдықтары қалды деген пікірді де айтады. Түркі грамматикаларында - сыз, -сіз, -суз, -сиз жұрнақтарының сын есімнің болымсыз түрінен жасалатындығын және де ол мағына - лы, -лі, -лығ, -ліг аффикстары арқылы берілетіндігін, сын есімге антоним болып кететіндігін көрсетеді.
Болымсыз мағынаны беретін док (жоқ) сөзінің этиологиясына қарай оны қай сөз табы ретінде қарастыру керек деген де бірталай пікірлер бар. Біршама ғалымдар жоқ сөзінің мағынасын бар сөзінің мағынасымен антоним деп қарап, есім сөздер санатына жатқызады.
Болымсыздықтың тек қана етістік күйінде берілуі, және оның ішінде шақ, рай түрлеріне байланысты бірқатар ғалымдардың еңбектері бар. Одан ары қарай болымсыздық мәселесі түркологияда С.Рахимов, А.Нурманов, Т.Рустамов, Д. Джафаров сынды ғалымдар еңбектерінде бой көрсетеді. Бұл ғалымдардың ішіндегі А.Нурманов еңбегінің ерекшелігі, оның еңбегінде тек қана болымсыздық мәселесі емес, синтаксистік құрылымдағы болымдылық болымсыздықтың кездесуі де еленбей қалмауы анық. Өз кезеңіндегі зерттеу еңбектерінің қай-қайссы болмасын, бұл мәселенің өрбуіне айтарлықтай өзіндік еңбегін қосты.
Ал қазақ тіл білімінде бұл мәселенің зеттеп зерделенуі жайлы сөз қозғағанда ең алдымен Қазан төңкерісіне дейін жызылған П.М.Мелиоранский және К.Катаринский еңбектеріндегі болымсыздыққа байланысты кішігірім материалдардың бары айтылады. [1. 9.] Одан соң қазақ ғалымдары арасында А.Байтұрсынов, Н.Сауранбаев, С.Аманжолов, С.Кеңесбаев еңбек оқулықтарында кездеседі. А. Байтұрсынов өзінің Тіл тағылымы атты басылымында, ...Етістік болған-болмаған екі істі көрсететіндіктен, екіге бөлінеді: 1) Болымды, 2) Болымсыз. және бұл тұжырымды рай түрлеріне де тиісті деп таныған. [2. 199]
Енді процесстің болмайтынын және мүлде болмағанын білдіру мақсатында етістіктің түбірлеріне - ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтарының бірі жалғанып, артынша рай, шақ, жақ, есімше, көсемше жұрнақтары жалғанып кететіндігі көрсетіледі.
Біз көрсетіп отырған мәліметтерден түркологияда болсын, қазақ тіл білімінде болсын болымдылық жайы зерттелмей шикі қалып жатқаны байқалады. Яғни, болымдылық-болымсыздықты біртұтас грамматикалық категория деп танымай, оның ғылымилығы мен дәрежесі түгелімен шешелді деуге келмейді. Ал, Т.Әбдіғали еңбегінде болымсыз мағынаның берілу жолдары және семантикасы маңайындағы жайлар қарастырылады.

Іс әрекеттің, құбылыстың, заттың бір мезгіл мен кеңістікте орын алуы я алмауы адам санасында болымсыздық және болымдылық ұғымдарын ертеден-ақ қалыртастырған. Таным хақында пайымдау, ойлау тікелей әрекеттермен қатысты болып келеді. Адам танып білген зат, құбылыстар және олардың сыны мен белгілері , атаулары ең алдымен болымды түрде қалыптасады. Мысалы, жаңбыр, үңгір, қасірет, дүние, тағдыр, ақ, жасыл, бар, тұр, қыс, жаз т.б. Бірақ, біздің қазақ тіл білімінде болсын жалпы тіл білімінде болсын зерттеушіллер болымдылық және болымсыздық құбылысының бірінші мүшесі болып тұрған - болымдылықты арнайы бір зерттеу оббектісі ретінде танып қарамаған, есесіне болымсыздыққа барынша ден қойған.
Болымдылық-болымсыздық мәселесінің бір ерекшелігі - оның сыңарлы болуында. Болымдылық пен болымсыздық бір бірімен тұтас кереғар қатынаста ғұмыр кешетін қосарлы, бір құбылыс. Бірақ, бұл кереғарлық бірін-бірінен бөлмейтін, ажыратпайтын сәйкесінше оларды бүтіндікте қарастыруға мүмкіндік беретін диалектикалық қатынастағы қарама-қарсылық.
Фонологиялық оппозциямен салыстырғанда, тілдік қарама қайшылықтың түрлері көп. Оның алуандығы болымдылық-болымсыздық құбылыстарынан айқын көрінеді. Мысалы, кел-келме, қызыл-жасыл, бар-жоқ. Бірде тең дәрежелі сыңарлар жұптасқанын аңғарсақ , кейде әр тектес сыңарлар болымды-болымсыз түрде жұпталып қолданыла алатындығын көреміз.
Болымдылық-болымсыздық өзінің мағыналық құрамы, граматикалық, лексикалық көрсеткіштері бар, тілдегі негізгі сөз таптарының бәріне қатысты лексика-семантикалық тұрғыдағы категория.
Амал әрекеттің болуы я болмауы я болмаса іске асып аспауы - табиғи құбылыс. Бұл құбылыс тілімізде әртүрлі формалар арқылы беріледі. Айтып өткеніміздей, етістіктің немесе іс әрекеттің іске асуын білдіретін форма оның болымды түрі деп аталса, іске аспауын амал әрекеттің болымсыз формасы дейміз. Осы айтылған екі форма жинақталып етістіктің болымдылық және болымсыздық категориясы деп аталады.
Жалпы айтқанда, болымды, болымсыздық - тек етістікке ғана тән тілдік құбылыс емес екендігі , ол негізгі сөз таптарының бәріне дерлік қатысы бар тым күрделі құбылыс.
Болымды және болымсыз мағынаның негізгі ұғымы лексикалық көрсеткіштермен анықталады. Бұл екі формалы мағына зат есімге, сын есімге, есімдікке, сан есімге, үстеуге қатысты екені осыдан көрінеді. Мысалы, кілт бар, кілт жоқ, суллы жер, сусыз жер, түгел келді, ешкім келмеді, он, он емес, шарасыз, амалсыздан т.б
Көріп отырғандай бұл мағыналарды, тек етістікпен ғана қатыстырып қарастыру тіл деректеріне қайшы.
Болымдылық - болымсыздық лексика граматикалық категориялық мағыналарының сөйлемге әсер етуі, қызметі, құрысы, көрсеткіштеріне қарай түп негіз (ядро), және сырт аймақ (периферия) болып екіге бөлінеді.
Бұл категорияның түп негізі - етістіктің болымдылық, болымсыздық түрі, ал сырт аймағына- қалған негізгі сөз таптарының болымдылық, болымсыздық көрсеткіштері жатады. [1.7]
Ендігі кезек, осы болымды мағынаның ешқандайда көрсеткішсіз қолданылу жөнінде болмақ. Жалпы, болымды мағынаның ешбір көрсеткішсіз қолданылуы жөнінде ғылыми тұжырымдама жасаған Н.Оралбаева ғана болатын. Ол болымды мағынаның нольдік морфема арқылы берілуін, тарихи берліген нольдік формаға жатқызады. Бұл етістікке тән болымдық мағынаның тұжырымы.

Сонымен, тілде болымдылық мағына да болымсыздық мағына да кең таралған ауқымды тілдік құбылыс дедік. Тіліміздегі болымдылық- болымсыздық категория екі ірі топқа жіктеледі. Олар: болымды және болымсыз мағыналар. Олар:
1.Лексикалық болымдылық пен лексикалық болымсыздық;
2. Грамматикалық болымдылық пен грамматикалық болымсыздық;
Профессор И.Маманов, М.Балақаев, Н.Оралбаева, А.Ысқақов, С.Исаев сынды зерттеуші ғалымдар ең зерттеу еңбектерінде бой көрсеткен қазақ тіл біліміндегі лексикакалық, грамматикалық мағынаның болымдылықтың шындық обьективті өмірге қатысы дегенді айқындай түседі. Грамматикалық мағына лексикалық мағынасыз жеке дара өздігінен кездеспейді. Грамматикалық мағына - грамматикалық құрылысқа түскен сөзге үстелетін, қосылатын қосымша мағына. Бұл тұжырымды С.Исаевта өз еңбектерінде атап көрсеткен, ол Сөздің жалпы грамматикалық мағынасы оның лексикалық мағынасы негізінде, атап айтқанда, лексикалық мағынаның жалпылануы арқыры туындайтыны толассыз нәрсе [3. 48-58]
Лексикалық болымдылық пен лексикалық болымсыздық.
Лексикалық мағына - әр сөздің өзге бір сөздермен қарым-қатынасқа түспей жеке-дара тұрғандағы нақтылы я негізгі мағынасы.
І. Зат есімнің болымдылық- болымсыздық мағынасы
Реалды өмір белгілі бер мезгілде я кеңістікте заттың болуы да, болмауы да өмірде жиі кездесетін тұрақты құбылыс. Ол тілде де көрініс табады. Мысалы, Несі бар, Әлидің өзі салады. (И.Қапаев. Сынтаслы туралы толғау. )
Нағашы апасының тұратын ауылында Мұхтардың таныстары жоқ еді. (И.Қапаев. Сынтаслы туралы толғау.)
Бұл сөйлемдерде әрекеттің бар екендігі болымды мағынаны, ал Мұхтардың таныстары жоқ екендігі болымсыз мағынаны білдіреді. Яғни, бұл зат есімнің болымды мағынада да қолданылатынын көрсетеді
Зат есімнің болымдылық- болымсыздық мағынасының жасалу жолы.
1) Зат есімнің болымдылық мағынасы бар лексикалық мағыналы сөзінің тіркесіп барып жасалатындығы: тоғайлы-тоғайы бары, көлді-көлі бар.
Бұл әнде бір түрлі бір ұяңдық, тартына қысылу әрі қуаныш та бар сияқты. (И.Қапаев. Сынтаслы туралы толғау.)
2) Зат есімнің болымсыздық мағынасы жоқ лексикалық мағыланы сөзінің тіркесіп барып жасалатындығы: сөз жоқ, ауа жоқ, дыбыс жоқ, қыбыр жоқ т.б
Мыс: Мен айтпасам да өзіңіз-ақ көріп отырсыз: жұмысқа салып қоятын ата-
енесі жоқ... (И.Қапаев. Сынтаслы туралы толғау.)
ІІ. Сын есімнің болымдылық - болымсыздық мағынасы (жасалуы).
1) - лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті жұрнақтары арқылы жасалады. Мыс: мұртты, денелі, бойлы, сақалды. "Адам көркі шүберек" деген ғой, әдемі киіну адамды жасартады, оған басқалар сыйлы көзбен қарайтын болады. (И.Қапаев. Сынтаслы туралы толғау.) Жақсы жатып, жайлы тұр! (И.Қапаев. Сынтаслы туралы толғау.)
Бұл жұрнақтар сөзжасамдық қосымша екені даусыз. Бұл жұрнақтар арқылы жасалған сөздер реестрлік сөз ретінде, барлық сөздіктерде беріліп жүргені рас. Демек, бұлардың мағынасы лексикалық мағынаға жататыны сөзссіз.
2) бар сөзінің тіркесуінен жасалады.
Жағалы-жағасы бар, ағалы-ағасы бар, таулы-тауы бар.
Мыс: Иван Харитонович қолына алғанын олай бір, былай бір
қарап, одан іші-сыртына тағы үңіліп, әйтеуір көзге ілінер-ілінбес
жолағы бар. (И.Қапаев. Сынтаслы туралы толғау.)
- Мата бар, бар, - деді Мұхтар шыдамсыздана, қатты сағынғанын
білдіргісі келіп, әйелінің иығынан қақты. (И.Қапаев. Сынтаслы туралы толғау.)
Сын есімнің лексикалық болымсыздық мағынасы.
1) - сыз, -сіз аффикстарының жалғануы арқылы жасалады.
Су-сусыз, бала-баласыз, сән-сәнсіз.
Мыс: Бірде ол үйді сағынбау үшін, көңілдене қалады, сонан соң тынығу дегенің еш уайымсыз, ойсыз, ешбір қамсыз болуы керек деп түйді. (И.Қапаев. Сынтаслы туралы толғау.) "Кім біледі, әлдебір ұятсыз әйелмен жарасып қалды ма?!" (И.Қапаев. Сынтаслы туралы толғау.) Мұнысы ұнамсыз, тіпті ұят екен"... - деді ол қорланып. (И.Қапаев. Сынтаслы туралы толғау.)
2) - бей, -на префикстерінің қосылуы арқыла да жасалады.
Беймәлім, бейхабар, бейшара, беймезгіл, бейбақ, бейжай, бейқам, наразы т.б Мыс: Басқа ауылдың жігіті бейтаныс қыздың қимылына сүйсіне
қарап, есінде қалдыруға тырысты. (И.Қапаев. Сынтаслы туралы толғау.)
Аяғы жоқ дегенім - тиіссіз жерлерде бей-берекет жүрмейді. (И.Қапаев. Сынтаслы туралы толғау.)
Абысыным олардың да, күйеуінің де үсті- басына қарамайды, өзі де бір бейшара адамша, алба-жұлба болады да жүреді, - дейді. (И.Қапаев. Сынтаслы туралы толғау.)
ІІІ. Есімдіктің болымдылық болымсыздық мағынасының жасалуы.
Есімдіктерде болымды және болымсыз мағынада қоладынады. Мыс: Қашан келді? Қайда келді? Кім кетеді? сынды мысалдардағы кім, қашан, қайда есімдіктері көріп отырғандарыңыздай болымды мағынада қолданылып тұр. Ал, енді керсінше осы сұрақтарға Ешқашан келмеді, Ешкім кетпеді, Ешқайда келмеді деп жауап қайтарсақ біз мұның болымсыз мағынасын жасадық. Бұл болымсыздық әдетте көбіне баяндауыш формасында көрініп тұр, яғни келмеді, кетпеді.Мыс: Жасыл сырмен боялған қақпамызға пошташы жақындай берсе-ақ, жеңгелеріміз еш нәрседен тайынбай, айтатынын айтып салатын. (И.Қапаев. Сынтаслы туралы толғау.) Болымсыз есімдіктер сұрау есімдіктерінен жасалғандықтан, олар болымды деп танылып, болымдылық көрсеткішінің жоқтығына байланысты нольдік формамен беріледі деп санаймыз.
Нольдік морфемалы морфологиялық қасиет есім сөздерге де тән- Н.Оралбай. [4.101]
1) Болымсыздық есімдіктер еш деген сөз арқылы кебйір есімдіктердің бірігуімен жасалынады. Мыс: еш, ешкім, ешқайда, ешбір, ешқашан, ештеме, ешбір, ешқандай, ешқайссы - деп пікір білдіреді Ысқақов. Сөйтіп бұлар да лексикалық болымсыздыққа жатады. [5. 230]
Мыс: Басын көтеруге ұялады, адамның көзіне қарамайды, "жақсымыз" дегеннен басқа ештеңе айтпайды. (И.Қапаев. Сынтаслы туралы толғау.) Ол кәдімгі жігіттердей қарапайым, мақтайтындай да, үркетіндей де ештеңесі жоқ. (И.Қапаев. Сынтаслы туралы толғау.) Оған ешбір жол бермейтіндігімді білдіріп, қол алысқанда, қатты қысып жібердім. (И.Қапаев. Сынтаслы туралы толғау.)
2) Дәнеме, дәнеңе, дым, түк сөздерді де болымсыз есімдіктер қатарына жатқызады белгілі ғалым А.Ибатов. [6.57]
Мыс: - Мен сені түк білмейтін шығар деп ойлап едім, - әпкем кекете сөйледі. . (И.Қапаев. Сынтаслы туралы толғау.)
Грамматикалық болымдылық және грамматикалық болымсыздық.
Грамматикалық мағына дегеніміз - сөздің нақтылы лексикалық мағынаасымен жарыса отырып, тап сол лексикалық мағынаны айқындап сөйлемдегі басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсу нәжижесінде туатын жалпы мағынасы.
Грамматикалық мағына болғаннан кейін, мағынаның я болымды не болымсыз мәнге ие болары анық.
Болымдылық мағынаның грамматикалық негізгі көрсеткіштері.
1. Есімшенің - ған, -ген, -қан, -кен жұрнақтары арқылы болымды мағына жасайды. Мыс: "Ескі молаға" көмілген бай қазына жайында да
айтады. (И.Қапаев. Сынтаслы туралы толғау.) Шаршаған, соның бәрі енді келіп оның басына шыққан, інісін көрмейсің бе, одан да бірдеңе жұққан болар!..." (И.Қапаев. Сынтаслы туралы толғау.) Ата- бабалардың жатқан жерінің топырағын сынтаслылықтар қатты сыйлаған. (И.Қапаев. Сынтаслы туралы толғау.)
2. Есімшенің - атын, -етін жұрнақтары арқылы.
Мыс: Мұнда стеллаждар қойылып, электромашинкалар тексеріліп түзетілді, транспортер құрастырылып, демалатын бөлмелер дайындалды, креолинді ванналар және уақытша қой қамайтын қоршаулар жасалды. (И.Қапаев. Сынтаслы туралы толғау.) Жүн бастырумен айналысып жүрген бес әйел - көп балалы болып, кезінде үйлерінде отырып қалған еді, ал қазір оларға ауылдастары көз қырын салатын. . (И.Қапаев. Сынтаслы туралы толғау.) Осы бригадада Теңіздің үлкен әпкесі Алтыншаш та жүр, ал мұндай іске сирек араласатын ауыл кітапханашысы Әлима да осында. (И.Қапаев. Сынтаслы туралы толғау.)
3. Есімшенің - мақ, -мек, -бақ, -бек жұрнақтары арқылы.
Мыс: Бөлмеде отырғандар күлкілерін жасырмақ болып, беттерін теледидарға қарай бұра қойды. (И.Қапаев. Сынтаслы туралы толғау.) Босқа қан төгіс, өш алу деген болмасын деп, халық екі тұқымды жарастырмақ болған. (И.Қапаев. Сынтаслы туралы толғау.) Ол Сұлтангерейге деп арналған қойды соймақ боп, ұстап тұрған еді. (И.Қапаев. Сынтаслы туралы толғау.)
4. Есімшенің - ар, -ер, -р жұрнақтары арқылы.
Мыс: Шөп шабуға барар алдында ол шалғысын қайрап, Нәсіпханға сусын мен азық дайында деп тапсырды да, ертерек жатып қалды. (И.Қапаев. Сынтаслы туралы толғау.) Ертең келерсің, сорпа ішерміз, - деді Минат сөзден жалығып, Бике ішінен тағы да ашуланды. (И.Қапаев. Сынтаслы туралы толғау.)
5. Тәуелді болымдылық - бір немесе бірнеше затты мешіктеуден бөлек , тәуелдеулі тұлғалар біреуге қатысты, тәуелді заттың барын болымды көрсете алады. Бұл тәуелдік категорияның қосалқы мағынасы. Мыс: Сол сорпадан ішуге немесе әтештің етінен жеуге келді дейсің бе? (И.Қапаев. Сынтаслы туралы толғау.) Жігіттің жүрегі "дүрс-дүрс" етті. (И.Қапаев. Сынтаслы туралы толғау.)
Болымдылықтың бұл түрі бір адамға белгілі бір кезеңде, кеңістікте меншікті затының барын білдіреді.
Грамматикалық болымсыздықтың көрсеткіштері.
1. - ма,-ме,-ба-бе-па,-пе жұрнақтары арқылы
Мыс: Адам ба, мал ма, не екенін олар айыра алмады. (И.Қапаев. Сынтаслы туралы толғау.) Шомат та, бұрынғысындай Минат кемпірдің әтештерін ұрмайды. (И.Қапаев. Сынтаслы туралы толғау.)
2. Жоқ, емес сөздері арқылы
Барған емес, керек жоқ.
Мыс: - Иван Харитонович екеуміздің арамызда көшіп-қону туралы ешбір әңгіме болған емес. (И.Қапаев. Сынтаслы туралы толғау.)Мұхтардың көңілінде көре алмау, қызғану деген болған емес. (И.Қапаев. Сынтаслы туралы толғау.) - Бірақ білмей тұрмын, таныс емес кісіге біреудің барғаны келісе ме? (И.Қапаев. Сынтаслы туралы толғау.)
3. Түгіл, тұрсын, тұрмақ шылауларының сөз таптарына тіркесіп болымсыз мағына жасайтындығы , Мыс: Ол - ауыл түгіл, Кубань бойына аты әйгілі Нұрхан еді. (И.Қапаев. Сынтаслы туралы толғау.)
Қолымен ұрғаны былай тұрсын, тіпті аяғымен тепкілейтінді шығарды. (И.Қапаев. Сынтаслы туралы толғау.) Ол тұрмақ әлі мен барған жоқпын. Ол түгіл мен мед қарық қылып ішкем жоқ.
Мұндағы басты ерекше қасиеті амал әрекеттің іске асатындығын, яғни орындалатындығын, болымдылығын көрсетіп тұруы.

Жалпы, бұл тармақшада болымсыздық көрсеткіштерінің сөйлемде берілгенде оның ішкі реңкі және мағыналық ерекшелігі қозғалатын болды.
Жалпы тіл білімінде көп болымсыздық (полинегативті) және бір болымсыздық (мононегативті) құбылысы бар екені анық. Сәйкесінше, ғалымдар түркі тілдерін қай топқа жатқызуға болатындығына көп дауласқан еді. Мысалы : П.М.Мелиоранский өзінің Краткая грамматика казак-киргизского языка атты еңбегінде Он никогда никому ничего не давал деген сөйлемді қазақ тіліне Қашанда кісіге бірдеме бермеді деп аударма жасаған. Сондықтан да өз тұжырымында қазақ тілінде болымсыздық көрсеткіш тек бір рет ғана сөйлемде қолданылады деп мононегативті тілдер қатарына жатқызады. [1. 24] Бұл ойды ары қарай Н.К.Дмитриев, А.Самайлович сынды ғалымдар қолдаған. Ал түркі ғалымдарынің жүргізген зерттеулерінде, бұл жүйелі тілдердегі болымсыздықты білдірудегі полинеативті сипат тән деп дәлелдеді. [1. 24]
Қазақ тілі білімінде де қазақ тілінің көп болымсыздығы яғни полинегативті тілдер қатарына жатқызатынын дәлелдеген М.Жукенова. Бір сөйлем ішінде болымсыздық көрсеткіштерінің бірнеше рет қолданыс табуы болымсыз мағынаға түрлі реңк береді, мән қосады, құбылтады. Бұл тұжырымды қазақ тіл біліміндегі ғалымдар, атап айтқанда Ж.Мусин, Р.Әміров, М.Балақаев, И.Мамановта көңіл аударып, болымсыз тұлғаның екі мәрте айтылып сөйлемнің реңкін күшетеді делінген. Бір сөйлемнің ішінде екі болымсыздықтың қатар қолданылуынан біріне бірі тигізетін өзара әсері, одан туындайтын мән мағынасы әр түрлі. Мысалы:
1. Екі сыныптас дым да ұққан жоқ. (И.Қапаев. Сынтаслы туралы толғау.)
2. Ешкімге ешқалай жауап қайтарғым келмеді. (И.Қапаев. Сынтаслы туралы толғау.)
3. Ешқашан ешкімге ештеңе дәлелдемеймін. (И.Қапаев. Сынтаслы туралы толғау.)
4. Әр адамның маған айталмай қалмаған өкпесі болмаса екен. (И.Қапаев. Сынтаслы туралы толғау.)
Бұл мысалдардағы әр болымсыздықтың бір біріне тигізетін әсері тең дәрежелі емес. Тек қана жалпы сиппаттағы болымсыздықтың күшеутілуі көрініп отыр. Мұнда сөйлемге қатысқан болымсыз лексемалар саны бірнеше соған орай осындай сипат алған сөйлемдердегі болымсыздықты шексіз болымсыздық деуге болады. Ал болымсыз етістіктері мен болымсыз есімдіктердің қатар қолданылуына келсек олар қосарларған күшейтпелі болымсыздық деп атау дұрысырақ. Жалпы болымсыздық көрсеткіш тікелей мәтін мазмұнымен тікелей байланысты. Яғни бір болымсыздық көрсеткіш сөйлемді түгелімен болымсыз сөйлемге айналдыру қабілеті бар.
1. Мыс: Үйге мүлде қайтпадым. (И.Қапаев. Сынтаслы туралы толғау.)
- Ештеңе емес... - дедім не айтарымды білмей. (И.Қапаев. Сынтаслы туралы толғау.)
Ал екінші бір жағдайда болымсыз көрсеткіштердің мағынасы предикат мүше қызметімен байланыссыз болып, жеке сөйлем мүшелерімен оның қызметі анықталса онда жеке болымсыздық танылады. Мұндай жағдайда сөйлем бұл көрсеткіштерге қарамай болымды болып, тек қана кейбір мүшелері ғана болымсыз бола алады. Мыс: Анам ылғи да дұрыс жуылмаған ыдыстардың дағын кетіруге тырысатын. (И.Қапаев. Сынтаслы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz