Түркі халықтарының ортақ мәдениетіне назар аудару



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақсан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Филология факультеті

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Шоқан Уәлихановтың зерттеу әдістері және компаративистиканың негізі

Орындаған: Ершора. М.Е
Тобы: КО-41-21

Қарағанды - 2024

Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
Ш.Уалихановтың қазақ тарихындағы орны
1) Ш.Уалихановтың өмірі мен қызметі
2) Шоқан Уәлихановтың зерттеу әдістері және компаративистиканың негізі
3) Шоқан Уәлихановтың компаративистикадағы жаңашылдығы
3.1. Манас эпосының зерттелуі
3.2. Қазақтың батырлық жырлары және олардың компаративистикалық зерттелуі
3.3. Түркі халықтарының мифологиясындағы ортақ элементтер
3.4. Сюжеттер мен мотивтердің салыстырмалы талдауы

Қорытынды

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Алаулаған аз ғана өмірінде кейінгі ұрпаққа өшпестей рухани-әлеуметтік мұра қалдырған, әлем мойындаған аса көрнекті ғапым ағартушы және зерттеуші Шоқан Шыңғысұлы Уалихановтың туғанына өткен жылы ғана 170 жыл болды. Ш.Уалихановтың аса дарынды ғалым ретінде тарих, этнография, беунелеу өнері, география, әдебиет, заң және философияға, сонымен қатар басқа да салаларға қосқан үлесі зор екенін ескере отырып, оның терең энциклопедист ғалым екеніне сөз жоқ.
Зерттеудің мақсаты - Шоқан Уәлихановтың компаративистика саласындағы еңбектерін жан-жақты қарастыру және оның қазақ және түркі халықтарының мәдениетін зерттеудегі рөлін анықтау. Зерттеу барысында Уәлихановтың салыстырмалы зерттеу әдістерінің қазақ мәдениеті мен тарихын түсінуге қалай әсер еткенін көрсету, сондай-ақ оның этнография, мифология, тіл және әдебиет саласындағы компаративистикалық зерттеулерінің маңызын ашып көрсету болып табылады. Сонымен қатар, оның зерттеулерінің бүгінгі ғылымға қосқан үлесін талдау арқылы компаративистиканың қазіргі заманғы мәдениетаралық байланыстарды зерттеудегі рөліне тоқталу.
Қазақтан шыққан тұңғыш саяхатшы ретінде Шоқан Уалиханов - Қазақстанда, Шығыс Түркістанды, Орта Азияны зерттеуге үлес қосты. Шоқанның аса зеректігі мен қабілеттілігі және білімділігіне оның өзі оқыған ортадағы достары мен ұстаздары және кейіннен қызметтес болған әріптестері тәнті болған. Белгілі шығыстанушы Н.И.Веселовскийдің "Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов шығыстану ғылымында аққан жұлдыздай жарқ етті де, жоқ болды" дегеніндей, Шоқан отыз жылдық өмірінде бұған дейін зерттелмеген немесе кейбір тұстары ғана ашылып қойған аймақтарды, осы кездегі өзекті деп табылған қоғамдық-саяси тақырыптарды қарастырып көптеген шығармалар жазған болатын.
Шоқан ашқан жаңалықтар мен зерттеулердің нәтижелерін кейінгі ғалымдар өз еңбектері мен зерттеулеріне негіз етіп алатын. Жастарды ғылым жолына үйретуде де Шоқан Уалиханов есімі әрдайым биік орындарды иемденеді. "Халықтың кемеліне келіп, өркендеуі үшін ең алдымен, азаттық пен білім қажет" деп Шоқан Уалихановтың өзі айтқандай жастарға оның мұраларын жеткізіп, сол сияқты энциклопедиялық білім алуға шақыры аса маңызды іс.
ІІ-Шоқан Уалихановтың қазақ тарихындағы орны.
Ш.Уалихановтың өмірі мен қызметі.
Шоқан Уалиханов (дұрыс есімі - Мұхаммед Қанапия, ал Шоқан - анасының еркелеп қойған аты) 1835 жылы қараша айында Құсмұрын бекінісінде туған, әкесі Шыңғыс Уалиханов атақты аға сұлтан (бүгінде алғашқы этногрофшы ретінде де танылуда), арғы атасы орта жүздің ханы Абылай болған. Шоқанның балалық шағы әуелі Құсмұрында, содан кейін өзінің ата мекені - Сырымбетте өтеді. Бала Шоқанның сана сезімі ерте оянып, рухани өсіп жетіле беруіне әжесі айғаным үлкен әсер еткен.
Шоқан әуелі Құсмұрындағы қазақ мектебінде оқиды. Мұнда ол араб жазуының негіздерін меңгереді және қарындашпен сурет салып үйренеді. Сонымен қатар араб тілін кейіннен ұйғыр тілін жақсы меңгереді. Шоқан осы уақытта халық поэзиясына да құмартады. Ол Қозы көрпеш - Баян сұлу, Еркөкше халық дастандарын жазып алады және шығыстың халық поэзиясына қызығушылық танытқан. Н.М.Ядринцевтің айтуынша Шоқан ақын жанды ... алам еді. Оған араб өлеңдері қатты ұнайтын және ол өзінің ұстазы Костылецкиймен бірге сол өлеңдерге рахаттанып, мәз болып отыратын дейді. 1847 жылдың күзінде он екі жасар Шоқан туған елінен тұңғыш рет ұзақ сапар шегіп, әкесімен бірге Омбыға оқуға келеді, Мұнда Шыңғыс өз баласын Сібір кадет корпусына оқуға түсіреді. Осында Шоқан Уалиханов білім нәрімен сусындалып ғана қоймай орыстың мәдениеті мен демократиялық көзқарастарымен танысады. Ол Г.Н.Потанин, Н.Ф.Анненский, ұстаздары Н.Ф.Костылецкиймен достық қатынастарын орнатады. Шоқан Уалиханов корпуста жүріп-ақ көп кітап оқып үлгереді. С.Ф.Дуров, П.П.Семеов-Тяншанский, Г.Н.Потанин, Н.М.Ядринцев Уалихановтың көп білетіндігін, әсіресе шығыс әдебиетінен көп мағлұматы бар екенін жоғары бағалаған.
Шоқан кадет корпусын 1853 жылы он сегіз жасында бітіріп, армиялық атты әскердің корнеті деген офицерлік атақ алып шығады. 1864 жылы Шоқан Уалиханов генерал Черняевтің әскери экспедициясына шақырылып, Әулиеата бекінісін, олардағы соғыс әрекеттеріне қатысады. Алайда генерал Черняевтың әділетсіз істеріне Шоқан қатты наразы болады, тіпті, жалғыз Шоқан емес, Россияның бүкіл алдыңғы қатарлы адамдары наразылық білдіреді.
Шоқан Уалиханов Черняевпен келісе алмайды. 1864 жылдың июль айында ол Черняевтың әрекеттеріне наразы болған бір топ офицерлермен бірге Верный қаласына қайтады. Содан соң Шоқан Верныйдан кетіп, албан руының аға сұлтаны Теректің ауылына барады. Сонда тұры ол Терек сұлтанның қарындасына үйленеді.
Ауылда трған кезінде Шоқан Ұлы жүз қазақтарының тарихи аңыздарын зерттеп, Батыс Қытайдағы дүнген көтерілісіне көңіл аударып, Петербургпен және Батыс Сібір әкімшілігімен байланысып отырады . Бас штаб пенАзия департаменті Шоқан Уалихановты өмірінің ең соңғы күніне дейін орнынан босатпай оны қызметте деп есептеді. Уалиханов өзінің бірден бірге мендей түскен науқасынан айырыла алмайды. 1865 жылы, сәуір айында Шоқан Алтын Емел жотасының етегіндегі Көшен тоғаны деген жерде, Тезек сұлтанның ауылында қайтыс болады. Осылайша қазақтың аса көрнекті ғалымы және ағартушысы Шоқан Уалихановтан мол тарихи, географиялық, этнографиялық, әдеби, мәдени мұра қалдырылды. Ол тым қысқа өмірінің ішінде Орта Азия мен Қазақстан халықтарының тарихы, географиясы мен этнографиясына арналған бірсыпыра еңбектері мен қоғамдық саяси тақырыптағы толып жатқан шығармаларын да жазып үлгерді.
Шоқан Уәлихановтың зерттеу әдістері және компаративистиканың негізі
Шоқан Уәлиханов орыс және еуропалық ғылымдарының әсерімен шығыстану ғылымында салыстырмалы зерттеу әдісін қолдана бастады. Ол қазақ халқының мәдениеті мен тарихын басқа түркі халықтарымен салыстыру арқылы олардың ортақ тамырларын анықтауға тырысты. Бұл әдіс ХХ ғасырдағы ғылыми әдістердің бастамасы ретінде қаралады. Мысалы, бүгінгі тіл білімі, этнология және әдебиеттану ғылымдарында қолданылатын компаративистикалық әдістерді Уәлиханов өз заманында қолдана білді.
1. Этнографиядағы салыстырмалы зерттеулер
Шоқан Уәлиханов қазақ халқының салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын және күнделікті өмірін терең зерттеді. Ол өз еңбектерінде бұл салт-дәстүрлерді моңғол, қырғыз, өзбек, түркімен және басқа да халықтардың мәдениетімен салыстырып, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетеді. Бұл салыстырулар Шоқанға көшпелі және жартылай көшпелі халықтардың өмір салтының ерекше аспектілерін түсінуге мүмкіндік берді. Мысалы, ол қазақ халқының қымыз дайындау, қонақжайлық дәстүрлері мен киіз үй құрылысы секілді ұлттық ерекшеліктерін басқа көшпелі халықтармен салыстырды. Киіз үйдің құрылымы мен оны тұрмыста қолдану тәсілдерін моңғолдар мен түркілердің ұқсас мәдениеттерімен салыстыру арқылы қазақ мәдениетінің өзіндік ерекшелігін анықтауға тырысты.

2. Діни нанымдар мен шаманизмді зерттеу
Шоқан діни нанымдар мен шаманизм тақырыбында да көптеген зерттеулер жүргізді. Ол қазақ шаманизмін зерттеу барысында бұл діни дәстүрдің түркі және моңғол халықтарындағы шаманизммен ортақ белгілері бар екенін байқады. Шаманизмді зерттей отырып, Шоқан бұл діни құбылыстың көшпелі халықтардың тұрмыс-тіршілігіне тығыз байланысты екенін және оның әртүрлі халықтардағы ұқсас сипаттарын көрсетті. Шоқанның зерттеулері тек шаманизмге ғана емес, қазақтардың исламды қабылдауы мен оның Орталық Азиядағы рөлін де қамтыды. Бұл зерттеулер Орталық Азия халықтарының дін мен сенім жүйелерін салыстыруға мүмкіндік берді.
3. Мифология және фольклор компаративистикасы
Мифология және фольклорды зерттеу - Шоқан Уәлихановтың ғылымдағы маңызды бағыттарының бірі болды. Ол қазақ халқының ауыз әдебиетін, мифологиясын және эпостық жырларын жинап, оларды салыстырмалы түрде зерттеді. Компаративистикалық (салыстырмалы) әдісті қолдана отырып, Шоқан қазақ мифтері мен фольклорын түркі халықтарының, соның ішінде қырғыз, татар, өзбек, түрік және басқа да халықтардың фольклорымен салыстырды. Бұл зерттеулер тек ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы көшпелілер мәдениеті
Түркілер дәуіріндегі түрлі мәдени байланыстар тарихы зерттеулерде
Қожа Ахмет Яссауидің Диуани хикметі және оның аудармалық ерекшелігі жөнінде
Түркология және Қазақстан
Әбунасыр Әл-Фараби (870 - 950)
Түркі мәдениеті мен менталитеті ұғымы
Түркі мәдениетінің өзіндік ерекшелігі
Әбу Насыр Әл - Фараби (870 - 950)
Әл – фарабидің орта азия мәдениетіне қосқан үлесі.
XVI-XVIII ғасыр лингвистикасы. в.ф.гумбольдтың лингвистикалық көзқарастары
Пәндер