Дауысты дыбыстардың айтылуы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 244 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1-ТАРАУ. МӘНЕРЛЕП ОҚУ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
5
1.1. Мектепке дейінгі бала тәрбиесіндегі көркем сөздің атқаратын рөлі
... ..5
1.2. Сөйлеу техникасы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... .8
1.3. Тыныс
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.4. Дауыс
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .14
1.5. Дикция
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ...17
1.6. Орфоэпия
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ..21

2-ТАРАУ. КӨРКЕМ СӨЗ БЕН МӘНЕРЛЕП ОҚУДЫҢ НЕГІЗГІ
ТӘСІЛДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33
2.1. Көркем сөз оқу өнері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ...33
2.2. Мәнерлеп оқу мен әңгімелеп берудің дағдылары
... ... ... ... ... ... ... ... .. 37
2.3 Негізгі дауыс сарыны (тоны)
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...47
2.4. Интонация (айтылу мәнері) және оның компоненттері
... ... ... ... ... ... ..56
2.5. Екпін
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ..5 9
2.6. Кідіріс (пауза)
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ...76
2.7.Сөйлеу қарқыны (темп)
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... 85
2.8. Дауыс күші
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... 88
2.9. Сөйлеу әуені
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... .90
2.10. Тембр (сөйлеу нақышы)
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
93

3-ТАРАУ. ӘР ТҮРЛІ ӘДЕБИ ЖАНРДАҒЫ ШЫҒАРМАЛАРДЫ МӘНЕРЛЕП ОҚУ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... 95
3.1. Мәтінмен танысу және мәнерлеп оқу
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 95
3.2. Халық поэзиясын оқу
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ..98
3.3. Жаңылтпаштар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...102
3.4. Жұмбақтар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ..105
3.5. Мақал-мәтелдер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... .111
3.6. Ертегілер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... 113
3.7. Балаларға шығарма оқу ерекшелігі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .121
3.8. Әңгіме айтып беру
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... .126

4-ТАРАУ. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ АҚЫЛ-ОЙ ТӘРБИЕСІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... 133
4.1. Ақыл-ой тәрбиесінің маңызы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..133
4.2. Білуге құштарлықты және ақыл-ой қабілетін дамыту
... ... ... ... ... ... ... .134
4.3. Балалар бақшасындағы оқыту
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .136
4.4. Дидактикалық принциптер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..138

4.5. Білім жүйелілігі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... 142
4.6. Оқытудың әдістері мен тәсілдері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 144
4.7. Оқу – оқытуды ұйымдастыру формасы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..151

5-ТАРАУ. БАЛАЛАР БАҚШАСЫ МЕН МЕКТЕП ЖҰМЫСЫНДАҒЫ САБАҚТАСТЫҚ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 154
5.1. Балаларды мектепке дайындау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 154
5.2. Балалар бақшасы мен мектеп байланысының формалары
... ... ... ... ... ..159
5.3. Сөйлеу тілін дамыту жұмысының міндеттері,
мазмұны мен әдістемесі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
..162
5.4. Қоршаған ортамен таныстыру және сөздердің қалыптасуы
... ... ... ... .. 163

Қосымша
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... 169
1. Сабақ жоспарының үлгілері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
9
2. Баланың мектепке дайындығы
(Психологиялық тапсырмалар мен ойын,
жаттығулар) ... ... ... ... ... ... ... ... 203

Әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... 245

Кіріспе

Білім беру және ғылым саласына елеулі өзгерістер енгізіп
жатқан қазіргі кезеңде мектепке дейінгі ұйымдар мен бастауыш білім беру
ісін жаңа сапалық деңгейге көтеру міндеті бүгінгі күннің көкейкесті
мәселесі. Осы өзгерістер білім саласының алғашқы сатысы болып саналатын
мектепке дейінгі ұйымдарда болашақ ұрпақтың дүниетанымын дамытуға, жеке
тұлға ретінде қалыптастыруға, сәбилік шақтан бастап толық жағдай жасауды,
тәрбиелеумен білім беруге аса жауапты қарауды басты міндет етіп қойып
отыр.
Мәнерлеп оқу курсы мектепке дейінгі тәрбие мәселесімен
шұғылданатын мамандық иеленуші алатын пәндерінің біріне жатады.
Баланың ой-өрісін кеңейтуге, ақыл-ойын дамытуға, мінез-құлқының
дұрыс қалыптастырудағы еркіндікке тәрбиелеудің бәрі тәрбиеші-педагогтың
сөзі арқылы іске асады. Өзімізді қоршаған ортамен бүлдіршіндерді таныстыра
отырып, білім беруде баланың қай нәрсені қай дәрежеде ұғына отырып, есіне
сақтағанын байқау жалпы көрнекі құралдармен (ойыншық, түрлі зат, оқу
құралы, сурет) балаға көрсетіп үйретуде тәрбиеші-педагогтың әбден төселе
сөйлеу дағдысы, сөйлеу мәнерінің дұрыс қалыптасқан үлгісі – тілдік
тәсілдер мен сөз шеберлігін дәл орнымен қолданылғаны деген сөз.
Мектеп жасына дейінгі бала тілді үлкендерден үйренеді. Кішкентай
бүлдіршіндердің сөздік қоры, сөйлеу мәнері, сөз сарыны соларға еліктеу
арқылы қалыптасады. Сондықтан тәрбиеші-педагогтың тілі бай, орамды, стилі
жатық, дыбыстау мәдениеті өрісті де өрелі болғаны абзал.
Мәнерлеп оқу мен әңгімелеу курсы студенттер мен оқушылардың ана
тілі әдебиеттен алған білім деңгейіне байланысты болады. Олардың алған
білімдері неғұрлым түбегейлі болса, тәрбиеші-педагогтар сөз өнерінің
өресіне тез көтерілмек.
Бұл еңбектің мақсаты – болашақ мамандарға көркем сөз оқу өнерінен
кейбір теориялық мәлімет бере отырып, мәнерлеп оқу мен нақышына келтіре
әңгімелеудің әдісі мен тәсіліне төселдіру, жаттығу материалдары арқылы
сөйлеу техникасын дұрыс дем алу, дикция (үні, сазы) т.б дауыс сапасын
дамыту жолын көрсету. Кітапта бөбектерге мәнерлеп оқу мен әңгімелеудің
ерекшелігі, оларға арналған әдеби шығармаларды таңдау, сұрыптау, пайдалану
баса айтылады. Тақырып, тараулар берілетін білім деңгейіне қарай
лайықталып орналастырылады.
Мектепке дейінгі бала тәрбиесіндегі көркем сөздің рөлі атты
бөлімде жас мамандардың өз пәнін терең игеріп, жан-жақты дамытып, идеялық
нанымын нығайта отырып, мәнерлеп оқуды өздерінің кәсіби міндеті деп игеру
жүктеледі.
Сөйлеу техникасы тарауында сөйлеу техникасы туралы ұғым (тыныс
алу, дауыс, дикция), сөйлеу аппараты, дыбыстау мүшелері, сөздің айтылуы,
дауыстап оқуы жайында ережелер беріліп, жаттығулармен бекітіліп отырады.
Орфоэпия бөлімінде әдеби тілде дұрыс сөйлеу нормасы, дауысты,
дауыссыз дыбыстардың айтылуы, үндестік заңы, ассимиляцияның дұрыс
дыбысталуға қажетті ережелері беріліп, келтірілген жаттығу үшін әдеби
материалдар келтірілді. Бұл бөлім дұрыс дыбыстау мәдениетін қалыптастыруға
арналды.
Мәнерлеп оқу мен әңгімелеп берудің негізгі тәсілдері таруында
негізгі дауыс тоны (сарыны), интонация (сөз, сөйлеу сазы) және оның
компоненттері (пауза (кідіріс), сөйлеу қарқыны (темп), дауыс күші, сөйлеу
әуені (мелодикасы), тембр (дауыс бояуы))ң жайлы теориялық түсініктер,
жаттығулар, тапсырмалар беріліп, оны меңгеру жолдары баяндалды.
Балаларға шығарма оқу бөлімінде әңгімелеу, тәрбиешінің әңгіме
айтып беруі, оның ерекшелігі, әңгіменің түрлері, тәрбиешінің творчестволық
әңгіме құрауы, оның методикасы, әңгімені өз атынан және басқа біреудің
атынан айту, тәрбиешінің үлгі-әңгімесі, ойыншықты сипаттау, картинаға
қарап әңгімелесу, көркем шығарманы әңгімелеу, есте қалғанды әңгімелеу,
ойша қиыстырып әңгімелеу беріліп отыр. Мектепке дейінгі тәрбие мен
бастауыш білім берудің сабақтастығын қамтамасыз етудің жолдары
қарастырылған. Бұл ұсынылып отырған еңбекте баланың мектепке дайындығын,
яғни көру, есту, қабылдау, есте сақтау, зейіні мен ойлау қабілеттерінің
даму барысын анықтауға арналған тапсырмалар мен ойын, жаттығулар және
сауалнамалық сұрақтар жинақталған. Берілген тапсырмаларды орындау екі
кезеңнен тұрады: бірінші кезеңде ауызша немесе сурет бойынша тапсырмаларды
орындауға бағыт беріп, баланың қабылдауына, есте сақтауына, ойлануына
ықпал ететін болса; екінші кезеңде ойын-жаттығулар арқылы зейін
тұрақтандырып, іс-әрекетті тікелей орындау арқылы психикалық процестердің
дамуын анықтайды. Бұл тапсырмалар баланың тілін дамыта байланыстырып
сөйлеуге үйретіп, сөздік қорын байыта ойлау қабілетін жетілдіруге,
кеңістік, уақыт ұғымдарын (т.б.) тиянақтауға көмегін тигізеді. Ізеттілік,
ізгілік, инабаттылық әдептілік – бір күнде қалыптаса қалатын қасиет емес.
Бұл – балабақшадан бастау алып, өмір баспалдақтарында шыңдалып, біртіндеп
қалыптасатын қасиет.
Аталған оқу құралында көркемдік тәрбиенің әдіс-тәсілдері және
бейнелеу іс-әрекетін ұйымдастыру арқылы баланың сөздік қорын дамытуға
септігін тигізер деген үмітпен үлгі сабақ жоспарлары да ұсынылып отыр.

1-тарау

Мәнерлеп оқу

1.1. Мектепке дейінгі бала тәрбиесіндегі көркем сөздің рөлі

Мектепке дейінгі жастан бастап баланың болашақ тұлға, өз елінің
азаматы ретінде негізі қаланады.
Балдырғандар көркем әдебиетпен үлкендердің ауызекі әңгімелеп беруі,
оқуы арқылы танысады.
Қызықты әңгіме, ертегі, өлең, тақпақтарды мақамдап айту – халық
творчествосын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізудің дәстүрлі тәсілі. Ауыз әдебиетінің
шығармаларын ертедегі әйгілі жыраулар, ертегішілер өздері жатқа айтып қана
қоймай, жас жеткіншектерге де үйретіп, оларды баулыған. Сөйтіп халық
педагогикасы болашақ ұландар тәрбиесін баланы жастан деген қағидамен,
өнер алды - қызыл тіл деп жеткіншектердің сыр сандығына сала берген.
Бұған айғақ нәрестенің жерге шыр етіп түскен шағынан құлағына сіңірген өмір
әліппесі – бесік жырынан бастап, кәмелеттік жасқа жеткенше, ана тілінің
сазын көкейіне құйған, тілін ширатқан, ақыл, өнеге үйретіп, бағыттама
сілтеген ауыз әдебиетінің үлгілері.
Балаларға арналған халық өлеңдерінде дүниеге жаңа келген жас
нәрестенің болашағын ойлап, қолдан келер мүмкіншіліктерін соның жолына
бағыштауға тырысады. Бесік жыры деген өлеңде:

Әлди-әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат, бөпем,
Қонақ келсе, қой бөпем.
Қой тоқтысын сой, бөпем,
Құйрығына той бөпем! -

деп жырлайды. Мұнда балаға деген жүректі жарып шыққан шынайы ыстық ықылас,
оның болашақта азамат болып шықсын деген игі тілек паш етіледі.
Халық тәлімі жас ұланға баланың бүлдіршін кезінен-ақ көпшіл,
ынтымақшыл, мейірімді, ізетті болуына, көңіл бөлген, өнеге көрсеткен.
Баладан адамгершілігі мол, ел азаматы болуын тілеген. Қара жүрек қатал
болмауын ата-ана балаға жасынан зердесіне құйып, ұқтыруға тырысып баққан.
Баланы әлпештеп өсіру, ақ бесікке салып, аялы алақанмен бағып-қағу, мәпелеп
ер жеткізу – мәңгі қамқоршысы болу ата-ананың қасиетті борышы деп білген.
Бала ата-ананың бауыр еті, жүрегі деп бағалаған. Нәресетенің дүниеге келуін
үлкен қуаныш көрген, оның келешегінен үлкен үміт күткен ата-ана:

Бармақтары майысып,
Түрлі ою ойысып,
Ұста болар ма екенсің?!-

деп игі тілектер тілейді, өнеге, еңбекке баулиды. Баласы өнерімен,
талабымен елдің алды болсын деп армандайды.

Таңдайларың тақылдап,
Сөйлегенде сөз бермей,
Шешен болар ма екенсің? –

деп, бесіктегі бөбектің сегіз қырлы, бір сырлы, жұртты аузына қаратқан
шешен болып өсуін көксейді. Бірақ халық баланы өз бейім-қабілетіне қарай
икемдеп тәрбиелеу керек екенін де назардан тыс қалдырмайды.
Бесік жыры ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа ұласумен қатар бала жұбату,
тәрбиелеуде заман талабына сай мазмұны толықтырылып, жаңғырып та отырады.
Оған жаңа мазмұнды шумақтар да қосылады.

Айналайын, балдырған,
Қылығың мейір қандырған.
Күйші болар ма екенсің?
Өнердің отын жандырған.
Сырын тыңда даланың,
Жырын жатта ағаның,
Күйіңмен тербеп балбырат,
Туған жердің алабын, -

сияқты жолдар талапқа сай жаңарған, түрленген.
Қорыта айтқанда, бесік жыры мәңгі өмір сүрмекші, дами бермекші. Бесік
жыры балалар фольклорындағы халық ауыз әдебиетінің алтын дәні, жыр, өлеңнің
бірінші бастамасы бола тұрып, сәби құлағына ең тұңғыш рет ана сүтімен енген
ана тілінің әуезді үні, әндетіп айтылатын жырының алғашқы әуені, сазы.
Халық Баланы - бастан деген даналық қағиданы негізге ала отырып,
естияр болғанша, яғни бес жасқа келгенше, дұрыс тәлім-тәрбие, өнегеге
үйретуге зор мән берген. Сәбиге деген арнауларын, ой, тәжірибелерін,
көбінесе ән-жырға қосып айтқан. Осыдан барып ана тілінің сан түрлі әуезіне
құлақ түргізіп, эстетикалық сезімін дамытқан.
Аяғы жаңа шығып келе жатқан нәрестені өз бетімен жүруге жаттықтыруда
тақпақты өлеңге қосып әндетіп айтып, еліктіріп, аяғын апыл-тапыл басқанына
нәрестені де мәз етіп, өзі де қуаныш сезіміне бөленген. Ол Тұсау кесу
жыры деп аталады:

Қаз-қаз, балам, қаз балам,
Қадам бассаң мәз болам.
Күрмеуіңді шешейік,
Тұсауыңды кесейік.

Бұл сәбиге айтылған аналық тілеу құлаққа жылы тиетін нәзік үн, әсем
сазбен айтылады.

Қаз-қаз балам, қаз балам,
Тақымыңды жаз, балам.
Қадамыңа қарайық,
Басқаныңды санайық.

Сәби есейген сайын оған қойылатын тілек, талаптар да күрделене
бастайды. Баланы біртіндеп өзін қоршаған ортамен, еңбекпен таныстырып, оны
көрсете жүріп неге зер салу керектігін аңғартады. Өмір сабағын үйрете
жүріп, оларға қатаң талаптар да қойылады. Бірақ мұның бәрі баланы ойната,
бойын сергіте, көңілдендіре жүріп құлақтарына құйылады. Сөйтіп, өнегелі,
сөз көкейіне ұялайды, оның келешегіне рухани азық болады.

Тәй-тәй

Тәй-тәй балам, тәй балам,
Жүре қойшы жәй балам.
Қарыс сүйем қаз бастың,
Қадамыңнан айналдым.

Өс-өс балам, өсе бер,
Батыр бол – балуан білекті,
Батыл бол – таймас жүректі
Аяғыңды созайық,
Саусағыңды созайық.
Етті болсын балтырың,
Епті боп өс, жарқыным.

Әжесі мен Бағлан

- Жүрегім кім менің?
- Мен.
- Тірегім кім менің?
- Мен
- Жаным кім менің?
- Мен
- Сәнім кім менің?
- Мен.
- Ботақаным, Бағлан қозым,
Не деген тәтті баласың өзің.
Қабдікәрім
Ыдырысов

Рахмет

Балақайды жұбатып ек,
Апай айтты Рахмет.
Малды өріске ұзатып ек
Айтпады ешкім Рахмет
Бейсебай Кірісбаев

1.2. Сөйлеу техникасы

Оқушыларды мәнерлеп оқуға даярлау үшін алдымен сөйлеу техникасына
жаттықтыру, дыбыстау мүшелерінің қызметін дұрыс түсіндіру керек.
Көркем сөз оқу өнері сөйлеу техникасын әбден меңгеруді талап етеді.
Сөйлеу техникасы сөйлеу мүшелерінің қызметімен тығыз байланысты. Сөйлеу
техникасына жақсы жаттықпаған, дағдыланбаған адам көркем шығарма мәтінін
тыңдаушыларына ауызша мәнеріне, мақымына келтіріп жеткізе алмақ емес.
Сөйлеу техникасын игеру тәсілі музыкалық аспаптарды күйіне келтіру сияқты.
Егер аспап күйіне келмесе, орындалатын шығарманың әуезділік сапасы
төмендейді, тыңдаушылардың құлағына жағымсыз тиеді. Демек, мәтінді оқыр
алдында сөйлеу техникасына біршама көңіл бөліп, дайындық жұмысын жүргізу
қажет.
Сөйлеу техникасына: тыныс алу (ауаны ішке жұтып, сыртқа шығару),
дауыс, дикция (үн реңкі) жатады.
Мәнерлі сөйлей білу мен оқи білу деңгейіне көтерілу үшін, тілдің дыбыс
шығаратын мүшелерін көп жаттықтыру, сөйлеу техникасын жақсы біліп, игеру
міндеті қойылады. Бұл мәселеге қазақ тілінің фонетикасын өткенде,
дыбыстардың шығу, жасалу орнына айрықша көңіл бөлінеді. Сөйлеу мүшелері
және оның дыбыс жасаудағы қызметі баса айтылады.
Мәтінді мәнерлеп оқушы, әңгімелеуші сөйлеу техникасына ұдайы, үздіксіз
жаттығып, дағдылануы тиіс. Сонда ғана дикциясын жетілдіреді, сөйлегенде
дұрыс тыныс алуға әбден машықтанады, әдеби тілдің дұрыс дыбысталуына
төселеді.
Сөйлеу аппаратының мүкіссіз болуы мәнерлеп оқу мен оның техникалық
жағының дұрыс ұйымдастырылуының негізгі шарты болмақшы.
Сөйлеу аппараты.
Сөйлеу аппаратына дыбыстау мүшелері жатады. Дыбыстау мүшелері: өкпе,
тамақ, көмей, дауыс шымылдығы, тамақ қуысы, ауыз қуысы, мұрын қуысы, тіл,
бөбешік, (кішкене тіл), тіс ерін, иек т.б.
Өкпе - тыныс мүшелерінің бастысы. Өкпе көрік сияқты, бірде ауаны
сыртқа теуіп, бірде ауаны ішке тартып тұрады. Өкпеден шыққан ауа тыныс
алатын кеңірдектің өкпеге қосылатын тарамдарынан (бронхи) тамаққа, одан
көмейге, көмейден жұтқыншақ қуысына келеді де, одан әрі ауа не мұрын қуысы,
не ауыз қуысы арқылы өтеді. Сөйтіп, тыныс мүшелері қызметінің бірі – дем
шығару, екіншісі демді ішке тарту болады.
Тамақ. Дауыс шымылдығы. Тамақ – кеңірдектің кеңейген жоғары тұсы.
Дауыс шымылдығы көмейде болады. Дауыс шымылдығының керіліп тұруынан діріл
пайда болып, үн шығады. Көмейдің үстіңгі жағында жұтқыншақ қуысы бар. Бұл
ауыз қуысы және мұрын қуысымен жалғасады.
Дыбыстардың айтылуында ауыз қуысы мен мұрын қуысы жаңғырық қосып,
резонаторлық қызмет атқарады.
Кейбір үнді дауыссыздар (м, н, ң) мұрын қуысы арқылы жасалады. Ал
дыбыстардың басым көпшілігінің жасалуында ауыз қуысы айрықша қызмет
атқарады. Тілімізді дауысты фонемалардың түрлі-түрлі болып келуі, әр алуан
түрге бөлінуі ауыз қуысындағы жаңғырықпен байланысты. Сол сияқты дауыссыз
фонемаларды жасауда да ауыз қуысы резонатор болып, оларға түрлі өң береді.
Дыбыстау мүшелерінің бір бөлігі жылжымалы келеді. Олар – актив
мүшелер. Бұлар түрленіп, құбылып тұрады. Алуан түрлі дыбыстардың барлығы
актив мүшелердің қимылы арқылы жасалады.
Тіл дыбыстарын, олардың жасалу түрлерін толық түсіну үшін, дыбыстау
мүшелерінің қызметін жақсы білу шарт. Дыбыстардың анатомиялық-механикалық
жақтарын білудің теориялық мәнімен бірге практикалық маңызы да бар.
Дыбыстау мүшелерінің қызметін түбегейлі білгендер ана тілінің де, өзге
тілдің де дыбыстарын, сөздерін қатесіз, дұрыс айтады. Қиналмай меңгереді.
Жылжымалы актив мүшелерге:
1) Тіл жатады. Тіл - өте жылжымалы мүше. Тілдің бірде ілгері, бірде
кейін жылжуынан, бірде жоғары көтеріліп, бірде төмен түсуінен, сондай-ақ
оның артқы шені, орта шені, ұшының қимылынан әр түрлі дыбыстар жасалады.
Тілдің ұшы жоғары тіске тиюінен тіс дыбыстары (т, д ..), ал тілдің артқы
шенінің артқы таңдайға жуықтауынан тіл арты дыбыстары (қ, ғ, к, г)
жасалады. Дыбыстар осылай тілдің өзге мүшелеріне тиюі, не жуықтауына қарай
соның атымен топтастырылады. Ал тілдің артқы таңдайға қарай жиырылып,
бүктеліңкіреп айтылуынан жуан дауыстылар (а, ы, о, ұ, у), алдыңғы жағына
жуықтап айтылуынан жіңішке дауыстылар (ә, е, і, ү) жасалады.
2) Ерін. Дыбыс шығаруда астыңғы ерін мен үстіңгі еріннің қызметі
басым. Екі еріннің жымдасуынан б, п дыбыстары пайда болса, бірде астыңғы
еріннің тіске қақтығысуынан ф, в дыбыстары жасалады, ал еріннің бірде
дөңгеленіп, бірде тартылуы арқылы түрлі дыбыстар, айталық ү, о дыбыстары
жасалады.
3) Таңдай. Дыбыстардың жасалу орнына қарай алғы, орта, артқы таңдай
болып бөлінеді. Алғы таңдай күрек тіс тұрған қызыл иекпен (альвеолмен)
ұштасады. Дауыссыз дыбыстардың осы альвеол арқылы да жасалатындары бар.
4) Иек. Иек (мұрынмен ұласып жатқан тіл) төмен түскенде, ауыз кең
ашылады да, жоғары көтерілгенде, ауыз тар ашылады. Осыған орай қазақ тілі
дауыстылары анық (а, ә ...), қысаң (ы, і...) болып бөлінетінін білеміз.
Мұрын қуысы арқылы м, н, ң, үнді дауыссыздары жасалады. Ал басқа
дауыссыздар мен дауыстылар айтылғанда, фонациялық ауа ауыз жолы арқылы
шығады.
Сөйлеу техникасына төселу жолдары: дұрыс тыныс ала білу, дауысты
жаттықтыру, дикцияны (үн реңкін) қалыптастыру.

1.3. Тыныс.

Тыныс - демді ішке тарту, дем шығару.
Сөздің айтылуы (естілуі) тыныс мүшелері арқылы іске асады. Дауыстың
таза, әсем шығуы және түрлі реңкте құбылуы дұрыс тыныс ала білуге, яғни
ауаны ішке жұту, сыртқа шығарумен байланысты. Сөйлер алдында ауаны ішке
жұту керек. Демді ішке тартқанда өкпе ауаға толады да, көкірек қуысы
кеңейеді, қабырға көтеріледі, ал диафрагма (көк ет) төмен түседі. Ауа
өкпеде іркіледі де, сөйлеу кезінде біртіндеп үнеммен сыртқа шығады.
Тыныс алудың үш түрі бар: олар – диафрагма арқылы, көкірек арқылы,
қабырға арқылы тыныс алу.
Тыныс алуда диафрагманың рөлі күшті. Ауа өкпеге мол кірсе, диафрагма
көтеріліп, дем тереңдейді, ал дем шығарғанда ол қаз қалпына түседі. Мұны
диафрагмалық тыныс алу дейді. Көкірек арқылы тыныс алғанда, қабырға мен
иық көтеріледі де, дем шыққанда төмен түседі. Қабырға арқылы тыныс алғанда,
көкірек клеткасы кеңейеді, қабырғалардың қозғалысы өзгереді.
Тыныс алу еріксіз, ерікті болып бөлінеді.
Еріксіз тыныс алу дегеніміз – демді ішке жұту, дем шығару, шұғыл
кідіріс жасау. Бұл кәдімгі сөйлеу процесінде болады.
Ерікті тыныс алу дегеніміз – демді ішке тарту, кідіріс жасау, дем
шығару. Тыныс алудың бұл түрі көркем шығарманы мәнерлеп оқуда, айтуда
қолданылады. Демек, тыныс алуды адам өзі реттеп, қалауынша жұмсай білуі
керек.
Демді сыртқа мүлде сарқа шығармаған дұрыс. Немесе демді ішке алғанда
иықты көтермеу керек. Табиғи толас кезінде ауа өкпеге тыныс жолы арқылы
елеусіз кіреді де, көкірек пен қабырғаның жоғары жағы көтеріліп,
қозғалыссыз қалыпта тұрады, тек диафрагма ғана қозғалады. Тыныс алудың бұл
түрі қабырға диафрагма арқылы ерікті тыныс алу делінеді.
Тәрбиеші-педагогтардың есте сақтайтын жайлары:
Сөйлеу аппаратын күте білу керек. Қандай бір жақсы дауыс болмасын оп-
оңай бұзылады.
Дауысты бұзып алмау үшін, мынадай ережені мұқият сақтаңыздар:
1) Әркім өзінің табиғи дауысымен сөйлеуге тиіс. Айқайлап, тым қатты
сөйлемеген дұрыс. Бұл сөйлеу аппаратын бұзады.
2) Тамақ кеберсіп, жыбырлағанда жөтелмей, аздап су ішіп жіберген жөн.
3) Ұзақ сөйлеп, не ұзақ өлең айтып дауысты шаршатпаған абзал.
4) Тамақты суыққа шалдырмаған дұрыс. Денең қызып, не терлеп тұрғада
суық су ішпеу, балмұздақ жемеу, аязда терең дем алмау және аз сөйлеу керек.
Тамаққа суық тиген жағдайда мүлдем сөйлемеген дұрыс. Салқын ылғалды ауада
өлең айтпау керек.
5) Мұрын жолының ауруынан сақтаныңыздар. Дауыс пен тыныс аппаратының
аз да болса ауырғанын байқасаңыз, дәрігерге көрініңіз.
Сөйлеу мен дауыстап оқу кезіндегі ерікті тыныс алуға сәйкес жаттығып
төселуге болады. Алғашқыда дағдылану, жаттығу, мұғалімнің басшылығымен
өткізіледі. Одан кейін жаттығуды өз беттеріңше жүргізуге болады.

Жаттығулар
1) Өзіңді қыстамай еркіңше тік тұру керек. Әсіресе, иық пен мойынның
еркін болуын қадағалау қажет, иықты сәл жазыңқы ұстау керек.
Диафрагманың қозғалысын бақылау үшін, бір қолыңды құрсақ қатпарының
жоғары жағына, қабырғаның қозғалысын бақылау үшін, екінші қолыңды бүйірге
белден жоғарырақ қою қажет.
Азырақ дем шығарып, демді ішке тартуды ептеп соза түсу үшін (демді
ішке алғанша) аузыңды жауып, мұрын арқылы елеусіз ғана ауа жұтып, танауды
қозғамай жайлап дем шығару керек (5 сек).
Біртіндеп дем шығаруға даярлану үшін, өкпеде ауаны біраз бөгеу (2-3
сек) а дыбысын айтқандағыдай ауызды ашып, демді бірден шығармай, біртіндеп,
баяу, тек диафрагманың қозғалысымен (4-5 сек) шығару дұрыс. Өкпеде ауа
қорын жасау үшін, қабырғаның қозғалысын біршама бөгеген жөн.
Қ а б ы р ғ а м е н қ а р ы н қ а т п а р ы н б о с а ң с ы т у.
2) Негізінен бірінші жаттығудағы тапсырмалар, тек дем шығару мерзімі 1
секундтан 10 секунтқа дейін созылады, одан артпауға тиіс (күн сайын
жаттығу).
3) (санақ).
Демді ішке тарту (3 сек). Бірінші жаттығудағыдай тыныс алуды бекіту.
Дем шығарғанда дауыстап, асықпай 1, 2, 3, 4, 5 деп санау керек (анық
айтыңдар).
Төменгі тыныс жолы (кеңірдек тарамы мен бронх) арқылы ауаны мол жұту
(қабырға мен иық қозғалмайды).
Тағы 1, 2, 3... 10-ға дейін дауыстап санау, қабырғаны қозғамау, құрсақ
қатпарын босаңсытпау (1-жаттығудағы секілді диафрагма мен қабырғаның
қозғалысын бақылау).
Қосымша ауа жұту (1 сек).
Дауыстап 11, 12, 13... 15-ке дейін санау (санағанда жеделдетпеңіз).
Қабырға мен құрсақ қатпарын босаңсыту. Тыныстау.
4) (санамақ).
Демді ішке тарту (3 сек).
Дауыстап санау (1, 2, 3...5)
Қосымша ауа жұту (1 сек)
Дауыстап санау (1, 2, 3... 6)
Қосымша ауа жұту (1 сек)
Дауыстап санау (1, 2, 3... 7) (жаттығуларды қайталағанда санауды 15-ке
жеткізуге болады).
5) Белгілі бір мәтінді оқып, өз тынысыңды тексер. Оқып болған соң,
мәтіннің қай жерлерінде ауаны мол жұттың, қай жерінде аз қосымша ауа
жұтқаныңды белгіле. Өлеңді оқығанда бунақ, тармақ кідірісін сақтаңыз.

Сымтетік

Сылдыр етті сымтетік.
- Бұл кім?
- Піл.
- Өзің кімсің, бұл қайдан?
- Түйеден.
- Сізге не керек?
- Керек еді шоколад.
- Кімге?
- Менің балама.
- Көп керек пе?
- Азырақ.
- Бес-алты пұт жетеді,
Керек емес ондай көп.
Одан артық жей алмайды.
Балам әлі өскен жоқ.

(К.
Чуковский)

6) Алдымен мәтіндерді іштей оқып алыңдар, содан кейін тыныс алу
ережесін дұрыс сақтай отырып, дауыстап оқыңдар. Әр сөзін анық айтыңдар.

Түлкі мен ешкі

Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп
кетіпті. Шыға алмай тұрғанда, бір ешкі су іздеп жүріп, әлгі апанға кез
болып, түлкіні көреді.
- Ей, түлкі батыр, не қылып тұрсың? – депті.
- Ой, не қыласың, жаным жай тауып тұр. Қырда әрі сусап, әрі ыстықтап
өліп едім, апанның іші әрі салқын, әрі түбінде тұп-тұнық суы бар екен,
- депті.
Мұны естіген ешкі: Мен де салқындайын, әрі су ішейін, - деп ойлап
секіріп апанға түсіпті. Сонда түлкі секіріп ешкінің үстіне мініп, онан
мүйізіне шығып, ырғып далаға шығып, жөніне кетіпті.

Көжек пен кірпі

Әп-әдемі ақ көжек кірпіге кеп:
- Туысқан-ау, киімің қандай жаман еді, толған тікен ғой өзі, - деді.
- Ол рас. Бірақ осы тікендерім мені ит пен қасқырдың тісінен қорғайды.
Ал сенің әдемі түгің өзіңе менікіндей пана бола ала ма? – деді кірпі.
Көжек жауап қатпай, ауыр күрсінді.

(К.Ушинский)

Бақылау жаттығулары

Мәтінді дауыстап оқып, тыныс алу ережесін қолданып, өзіңе өзің бақылау
жаса.

Қ о т ы р т о р ғ а й
(Ертегі)

Бір қотыр торғай шеңгелге қонып отырғанда, жарасының қара қотырланған
аузын шеңгелдің тікенегі сыдырып кетіпті. Торғай ашуланып:
- Қап бәлем, сені ешкіге айтпасам ба, - деп, ешкіге келіп
- Ешкі, ешкі, ана шеңгелдің сылдырмағын неге жемейсің? – дейді. Ешкі:
- Оны жемек түгілі, өзім лақтай алмай жатырмын. Торғай:
- Қап, бәлем, сені қасқырға айтпасам ба.
- Қасқыр, қасқыр, ана ешкіні неге жемейсің?
- Оны жемек түгілі, байдың жабағысын тауыса алмай отырмын. Торғай:
- Қап, бәлем, сені жылқышыға айтпасам ба.
- Жылқышы, жылқышы, ана қасқырды неге ұрып алмайсың? Жылқышы:
- Оны ұрып алмақ түгілі, өзімнің ұйқым қанбай тұр. Торғай:
- Қап, бәлем, сені байға айтпасам ба. Байеке, байеке, ана жылқышыңды
неге ұрмайсың? Бай:
- Оны ұрмақ түгілі, қоспамды тауыса алмай отырмын. Торғай:
- Қап, бәлем, сені тышқанға айтпасам ба.
- Тышқан, тышқан, байдың қоспасын неге жемейсің? Тышқан:
- Оны жемек түгілі, өз інімді қаза алмай жатырмын. Торғай:
- Қап, бәлем, сені балаларға айтпасам ба.
- Балалар, балалар, ана тышқанды неге ұрып алмайсыңдар? Балалар:
- Оны ұрмақ түгілі, өзіміз асығымызды ойнай алмай жатырмыз. Торғай:
- Қап, бәлем, сендерді кемпірге айтпасам ба.
- Кемпір, кемпір, ана балаларды неге ұрмайсың? Кемпір:
- Оларды ұрмақ түгілі, өзім жүнімді сбай алмай жатырмын. Торғай:
- Қап, бәлем, сені құйынға айтпасам ба.
- Құйын, құйын, кемпірдің жүнін неге ұшырмайсың?
Құйын соғып, кемпірдің жүнін ұшырады, кемпір келіп балаларды ұрады,
балалар тышқанды ұрады, тышқан байдың қоспасын жейді, бай жылқышыны ұрды,
жылқышы қасқырды ұрды, қасқыр ешкіні жеді.

1.4. Дауыс

Сөз сөйлеуде дауыс қатысады. Дауыстың естілуі – психо-физиологиялық
әрекеттің нәтижесі. Оны әрбір сөйлеушінің даралық қасиеті, эмоциясы, еркі
бағыттап отырады. Сөздің естілуі тыныс алумен тығыз байланысты. Адам
сөйлеуге ыңғайланғанда, ең алдымен ауа жұтады, одан кейін барып біртіндеп
ауаны сыртқа шығарады. Дауыс шымылдығының керіліп, жиырылуының нәтижесінде
дауыс пайда болады, бірақ ол солғын шығады.
Дауыс дыбыстарының күшейткіштеріне (резонаторларына) көкірек қуысы,
таңдай, мұрын қуысы, тіс, жақ, кеңсірік жатады. Дауыс күші үн шығаратын
дыбыстардың резонаторға қарай бағытталғанына және резонаторлардың түзік
күйде болуымен байланысты шықпақ.
Әркімнің өз даусы (дауыс нақышы) болады. Осыған қарап сөйлеп тұрған
адамды көрмей-ақ дауысынан тануға болады. Негізгі дауыспен бірге бірнеше
қосымша дауыс тоны (сарыны) – обертондар да болады. Ол сөйлеушінің тамақ
мұрын қуысының құрылысына байланысты шықпақ. Осындай обертондар арқылы
адамның жеке-дара даусы жасалмақ, үні таза шықпақ.
Дауыстың оның биіктігі (дыбыстау ырғағы), ұзақтығы, ұшқырлығы, екінші
сөзбен айтқанда, дауыстың алысқа шырқалу бейімділігі, басқа дыбыстардың
ішінен айрықша ерекшеленуі айқындалады.
Егер айналадағылардың сөзі мен өз сөзіңізді тыңдап бақыласаңыз, дауыс
дыбыстың әр түрлі биіктігімен жылысатынын байқайсыз. Өстіп негізгі дауыс
тоны (сарыны) бір көтеріліп, бір бәсеңдеп ауытқиды да, орташа қалыпқа
(регистрге) түседі, тағы осылайша қайталанады. Бірақ бұл қалай болса солай
емес, белгілі заңдылықпен жылыса отырып, сөйлеу методикасы (әуенін)
түзейді.
Дауыстың жоғары, орташа, төмен ырғаққа жеңіл жылыса алуын дауыс
икемділігі дейді. Көркем сөз орындаушы, нәшіне келтіріп әңгімелеп беруші
үнін жетілдіре отырып, өз даусының мүмкіншілігін байқап, диапазонын
анықтап, ширақ шығуын жаттықтыруы керек.
Мәтінді оқу немесе әңгімелеп беру кезінде дауысқа күш түспеген жөн,
сонда ғана оның жұмсақ, жылы лебі немесе керісінше қатал, салқын үні
нақышталады.
Мына сөйлемдердегі дауыстың жылысуын байқап көрейік. Дауыс жылысуы
сөйлем астындағы сурет сызықтарымен көрсетілді, ал дауыстың көтерілуі мен
бәсеңдеуі екпін түскен буында қалпақшалы таяқшамен көрсетілді. Дауыс
көтеріліп бәсеңдеп барып орташа қалпына түседі, яғни бір диапазон деңгейіне
келеді.
Таңырқау, сасқалақтау т.б. көңіл күйін білдіргенде, орындаушы дағдылы
орташа биіктікке шығатын дауыс деңгейінен қатты ауытқытып айтады. Яғни
сөзді айтқанда дауысты едәуір жоғарылатып, не төмендетіп, не күшейтіп, не
солғындатып шығарылады.

Жаттығулар
1. Дыбыстарды анық, нақты, ширақ, құлаққа жағымды, табиғи үні
шалғайыраққа естілетіндей етіп дыбыстауды меңгеріңдер.
М:МММ деп, жай, созыңқырап дыбыстаңдар да, оған дауыстыларды тіркеп.
–ма, -ме, -мө, -мә, -мы, -мі, -мү, -мұ деңдер.
Буындарды өлең айтқандағыдай созып бір нотада (бір қалыпта)
дыбыстаңдар. Дұрыс дем алуды қадағалаңдар (-мә, -ме, -мө) буынынан бастап
керісінше айтып, жаттығуды қайталаңдар.
2. Дауыстарыңның алысқа естілу ұшқырлығын тексеріңдер. Тыныс алу
(демді ішке алу, дем шығару) ережесін сақтай отырып, мәтінді қатты, ширақ,
жай, саябырлатып оқыңдар.

Бақшада

Ақ шапан киініп,
Теңкиіпті қарбыздар,
Жесең тілді үйіріп,
Сусыныңды қанғызар.
(
М.Әлімбаев)

3. Мәтінді алдымен ақырын, одан кейін орташа, ең соңында қатты
дауыспен қайталап оқып беріңдер.

Жаңа жыл, армысың!

Оралды өлкеме
Жаңа жыл, армысың!
Оранды ақ көрпеге
Асқар тау, қарлы шың.
Тоғай да, баулар да
Ақ күміс жамылды.
Дала да, таулар да
Өзіңді сағынды.
Төбеде күн күліп,
Балалар тұр қарап,
Бәріміз бірігіп,
Тебейік сырғанақ.
(Т.Жұртбаев)

4. Өлең мазмұнына орай дауыс биіктігінің деңгейін өзгерте отырып,
мәтінді дауыстап оқып беріңдер.

Өзен жағасында

Алабұға, ақ балық,
Қармағымды қап, балық,
Алабұға – дөнен сарт,
Қармағымды төмен тарт.
Қабатындай тез келіп,
Біз осылай дегенде,
Қармақтарға жем іліп,
Тастаймыз кеп тереңге.
Қас қаққанша шым батып,
Жөнеледі қалытқы.
Лақтырамыз тулатып,
Жағаға біз балықты.
(Ш. Мұхамеджанов)

Бақылау жұмысы

Әңгіменің мазмұнымен танысыңдар. Тыныс алу ережесін, дауыс күшін,
дауыс биіктігінің деңгейін сақтап, дауыстап оқып беріңдер.

Мың жасаған құзғын

- Сен қаншаға келдің? – деп сұрады балапаны кәрі құзғыннан.
- Мың жасқа келдім, - деп, ол сидаң кеңірдегін созып қойды. Балапаны
оған таң қалды.
- Ту-у, ұзақ жасаған екенсің!
Бұлардың сөзін аспанда айқасып жүріп, жараланып, жерге құлап түскен
сұңқар бөліп кетті.
- Е-е, бишара-ай! Алысып жүріп өлдің бе? – деді кәрі құзғын күңк етіп.
- Сен оны қайдан білдің? – деп сұрады балапаны.
- Ол жас түлек болатын, балапаным. Талай ерлік те жасады. Өз жайына
жүрмей ақыры мерт болды ғой, әне! – деп, құзғын басын шайқады.
- Сен мыңға келдім дейсің. Осы жасыңның ішінде қандай ерліктер жасадың?
– деп сұрады тағы да балапаны.
Мың жасаған кәрі құзғын тіс жарған жоқ.
Өмір бойы қалғумен өткеннен қандай қаһармандық шықсын!?

(Балдырған журналынан)
1.5. Дикция (үн реңі)

Тәрбиеші-педагог өз сөзін анық, айқын айтуға тиіс. Оның сөзі –
балаларға үлгі, сәбилер тәрбиешісі-педагогтарға еліктейді, кейде қате
айтқан сөзін де ұғып алады. Сондықтан тәрбиеші-педагог өз сөзіне мұқият
болып, өте тез асығып сөйлеу сияқты кемшіліктерді жібермей байқап отыруды
дағдыға айналдыру керек.
Анық, таза сөйлеу дәрежесіне үнемі артикуляциясын жаттықтыру арқасында
жетуге болады, яғни сөйлеу мүшелерінің қажетті дыбыстарды айтуға ыңғайлап,
бір қалыпты қозғалуы мен позициясы жағдайында ұстау. Бұл жаттығулар еріннің
қимылына, жақтың жылдам ашылуына, тілдің жылжымалығына, кей дыбыстарды (р,
ш, с) дұрыс айтуға дағдыландырады; тез сөйлегенде, созып сөйлегенде т.б.
кездесетін кемшіліктердің болмауына көмектеседі.
Дыбыстардың сөйлеудегі артикуляциясын қазақ тілі сабағында фонетиканы
өткенде жетілдіреді. Фонетиканы жақсы білу дикцияны түзеуге берілген
жаттығуға көмегін тигізеді.
Дұрыс дыбыстауға жүргізілетін жаттығулар алғашында мұғалімнің
басшылығымен жүргізіледі де, кейін оқушылар өздері әбден дағдыланып,
сөйлеуде жіберілетін қатені де тауып түзейтіндей жағдайға жеткенде, өз
беттерінше шұғылданады.

Жаттығулар
1) Екі ерінді бір-біріне нық тигізіп, жымдастырып, ысқыруға
ыңғайланған тәрізді дөңгелентіп, алға қарай сүйіріліңдер. Бұларды дәл сол
қалпында тұрғанда оңға, солға созыңдар; жоғары қарай түріңдер, төмен
түсіріңдер. Бұл қалыпта тіс бір-біріне нық тиіп, жымдасып ашылмауы, жақ
қозғалмауы керек. Бір-бірімен нық жымдасқан ерінді (жұмған ауызды) күлуге
ыңғайланған тәрізді етіп езуді тартыңдар (тіс көрінбеуі керек).
Күрек тісті көрсете жоғары ерінді түріңдер.
Төменгі ерінді төменгі тісті көрсете төмен түсіріңдер.
Төменгі жақты ашып а-ны үнсіз айтыңдар. Тіл көлбей жатады (тілдің
қалпы есінегендегідей күйде болмақ), сөйлеу мүшелерін әдеттегі қалпына
келтіріңдер.
Осы жаттығуды ешбір қиындықсыз орындап алатын жағдайға жеткенше
қайталдаңдар.
2) Тіл дыбыстарының жасалуын Ғ.Абухановтың Қазақ тілі оқулығынан
көруге болады.
Дауысты дыбыстардың дұрыс айтылуын қадағалап, жаттығыңдар. Егер
дыбысталуы дұрыс шықпаса, жаттығуды тағы қайталаңдар.
Мына сөздердің айтылуындағы ерекшеліктерін табыңдар да естілуі бойынша
оқыңдар:

жолық құлын үлкен
толық жұлын күрек
солғын тұлым жүрек
борық жұрын түлек
борсық тұрғын түлкі
өте өнер
өмір
өлең өзге
өжет

У-ды айтқанда ерін сүйірленіп, дөңгеленіп алға шығады, ерін тарылады,
жақ бір-біріне жақындайды, тілдің ұшы қусырылып жылжиды. У-ды дыбыстаңдар,
содан кейін ау, әу, еу, өу деп айтыңдар. Бөлшектемей бірінен соң бірін
дыбыстап (барлық дауыстыларды: а, ә, о, ө, е, (э), ы, і, ұ, ү, и, у-ды)
айтып шығыңыздар.
Жуанды-жіңішкелі жұп болып келетін: а-ә, о-ө, ы-і, ұ-ү – дыбыстарының
айтылуындағы айырмашылығын салыстырыңдар.
3. Дауыссыз дыбыстарды анық айтып шығыңдар. Дауыссыз дыбыстардың кез
келгенін айтқанда сөйлеу мүшелерінің біріне қақтығысып шығады. Мысалы: Р-ді
айтқанда тілдің ұшы жоғары көтеріліп қатты таңдайдың алдына тие дірілдейді.
Сөз ортасында бір рет, сөз аяғында екі рет дірілдейді. Р сөз басында
айтылмайды, сондықтан басқа тілден ауысқан Р-дан басталатын сөздің алдынан
ы немесе і қосылып (протеза) жасалып оқылады; кейде ү, ұ, о тәрізді
дыбыстар селбесіп айтылады (Радио – ырадио, рет – ірет, рас-ырас, рұқсат-
ұрықсат т.б.).
Б мен П-ны айтқанда екі ерін бір-біріне нық тиіп, содан соң бірден
ашылып кетуінен пайда болады; Т мен Д дыбыстары тіл ұшы үстіңгі күрек
тістің ішкі жағына нық тиіп, содан соң кілт ашылуынан пайда болады т.б.
Дауыссыздарды ешбір басқа дыбыстарды селбестірмей таза, анық
дыбыстауға дағдыланыңдар. Дауыссыздарды қатаң, ұяң мен жұптап кезекпе-кезек
дыбыстаңдар: б-п; д-т; қ-ғ; қ-г; в-ф; ш-ж; с-з. Жуан-жіңішке болып келетін:
қ-ғ; ғ-г-ні дыбыстаңдар.
Дауысты дыбыстармен тіркесіп келген жуан-жіңішке буындардағы
дауыссыздардың дыбысталуын байқаңдар.

Ла- лә; лы – лі;
ба - бе
Ра – рә; ры – ре;
па - пе
Ма – мә; мы – мі мо
– мө
На –нә; ны – ні
нұ –нү

Ескерту, р-ді дұрыс дыбыстай алмай, сақау сөйлейтіндер кездеседі. Егер
мұндай ауытқушылық дағдыдан болса, оны жаттығу арқылы тез түзеуге болады.
Р дыбысын қалай дыбыстайтыныңды мына сөздерді оқып тексеріңдер.
1. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей. 2. Қорыққанға қос
көрінер жалғыз қурай. 3. Еріншектің ертеңі таусылмас. 4. Кеш жарық!
Жарықпен біз қарқ. 5. Тозар елдің жанжалы бітпес, озар елдің арманы бітпес.
6. Ер қаруы – бес қару. 7. Ұрыс ырысты қашырар, ынтымақ халықты асырар.
(мақалдар).
ж, з, ш дыбыстарын қалай дыбыстайтындарыңды мына өлеңді дауыстап оқып,
тексеріңдер.

Шынықсын денеміз

Жүріңдер балалар,
Сырғанақ тебеміз.
Құрыспай
Құрыштай
Шынықсын денеміз!
Таяққа бау тағып
Шаңғыңды майлап ал,
Биялай
Малақай
Бәрін де сайлап ал!

Жақсылап байқашы,
Аяғың тоңбай ма?
Жел үріп,
Қар кіріп,
Қоншыңа толмай ма?
Желменен жарысып,
Сырғанақ тебеміз.
Құрыспай
Құрыштай
Шынықсын денеміз!

Б.Соқпақбаев

Мәтіндегі с – з – ш – ж дыбыстарын айқын дыбыстап, сөзді анық айтып,
тыныс алу ережесін сақтай отырып, дұрыс, дикциямен оқыңдар

Санамақ

Жиналған соң достары,
Қазтай өзі басқарды,
Қызықты ойын басталды:
Бірі болды бақшашы,
Екіншісі – егінші,
Үшіншісі – бақташы,
Төртіншісі – теңізші.
Бесіншісі – балташы,
Алтыншысы – аспазшы.
Жетіншісі – жылқышы,
Сегізінші – сырнайшы,
Тоғызыншы – тігінші,
Оныншысы – орманшы.

(Е.Өтетілеуов)

Бақылау жұмысы

Мәтінді тыныс алу мен дұрыс дыбыстау ережелерін сақтай отырып оқыңдар.

Балалардан кішімін...

Жаздың жайнаған бір әдемі күнінде Жамбыл ата бақтың көлеңкесінде дем
алып отыр еді, жанына әдеби хатшысы, ақын Тайыр Жароков келді.
- Жәке, бір жерде отыра бергеніңіз болмайды. Беліңіз талады, тізеңізге
сарысу жиналады. Аяңдап ары-бері жүрелік! – деді Тайыр еңкейіп, Жамбыл
атаның құлағына естірте дауыстап.
- Ұқтым, Тайыр балам, онда қолтығымнан демеп жібер! – деп ақын ата
таяғына сүйеніп, талпына берді. Тайыр аға қарияның қолтығынан
сүйемелдеп, орнынан тұрғызды.
Екеуі бақты аралап, аяңдап келеді.
- Жәке, кешегі бір сөзіңіздің мәнін ашпадыңыз ғой! – деді Тайыр аға.
- Тайыр балам, кәрі кісі ұмытшақ келеді. Ол қай сөз еді?
- Кеше сіз сөз арасында: Мен өзімнің өкшемді басып, тете өскен
қарттардың бәрінен үлкенмін. Ал жас балалардың барлығынан кішімін -
дедіңіз. Сол сөзді түсіндірсеңіз.
Жамбыл ата Тайырдың бетіне қадала қарап, жымиып қойды.
- Әй, тілегіңе жеткір, Тайыр балам-ай! Сенің көзің ашық, көкірегің сара-
ау! Айтайын! – деп, Жамбыл ата Тайыр ағаның жауырынынан қақты.
Екеуі бір алма ағашының көлеңкесіне келіп отырды.
- Мен өзімнің өкшемді басып, тете өскен қарттардың бәрінен үлкенмін деп,
тек жасымның үлкендігін айтып отырғам жоқ. Өмірдің мен шыққан биігіне
әлгі қарттардың көтерілуі қиын-ақ. Мен бақытты адаммын! Осыдан жиырма
жыл бұрын, яғни Ұлы Октябрь дүниені дүр сілкінткенде, мен жетпіс бір
жаста едім. Кешегі заманды көрдім. Зар жылаған халықтың көз жасы
көлдей еді. Соқыр тұмандай тұмшалаған сол заманның түнегін Ұлы
Октябрь, ұлы Ленин шұғыласы сыпырып тастады. Менің қолым да бақытқа
жетті. Тоқсан жасқа келгенде, менің жырым жер жүзіне жайылды.
Еңбегімді елім бағалады. Тоқсан жасқа келгенде, мұндай бақытқа бөлену
қартайған адамдардың қолына түсе бермейді деп ойлаймын. Қарттардың
бәрінен үлкенмін дегенім осы еді, - деді Жамбыл ата.
- Жас балалардың бәрінен кішімін дегеніңіз қалай?
- Оны да айтайын, сәл сабыр ет. Бақты біраз аралайық. Жамбыл ата мен
Тайыр аға бақты аралап ұзап барады. Қатар тізілген биік теректің
көлеңкесінде төрт-бес жасар бірнеше бала ойнап отыр екен. Жамбыл ата
балаларды таяғымен нұсқап:
- Міне, мыналар – жайнаған бақшаның гүлдері. Бұларды менен үлкен дегенім
былай, Тайыр балам: осы бүлдіршіндердің ішінен ертеңгі күні Мұхтар
інім сияқты білімпаз, дарынды жазушы, Күләш қызым сықылды өнері
жұрттан асқан әнші шықпасына кім кепіл. Олар менен де көп білетін, көп
көретін болады. Әлгі сөздің мәні осылай еді, шырағым! – деп,Жамбыл ата
алаңсыз ойнап отырған бөбектерге күле қарап қалған еді.

(М.Етекбаев

1.6. Орфоэпия

Сөз дыбыстары – тілдің табиғи материалы. Яғни дыбыс – сөздің
материалдық қабығы, егер ол болмаса, тіл де өмір сүрмек емес. Сөз, сөз
тіркесін құрайтын дыбыстардың айтылу нормасы тілдің фонетикалық құрылысына
сай келуі керек. Айталық, қазақ тілінде сөйлейтіндер негізгі дыбыстардың
сапалық қасиетін, белгілі жағдайда, тіркестерде айтылғанда өзгеріске
ұшырайтынын айыра біледі. Мысалы, ерін үндестігі заңы бойынша: түбірдегі
еріндік дауысты дыбыстың өзінен кейінгі езулік дауысты дыбысқа әсер етіп,
айтуда өзіне ұқсата үйлестіріп естіртеді: өжет-өжөт; жүрек-жүрөк, ұтыс-
ұтұс, өлең-өлөң болып айтылуы қазақ әдеби тілінің орфоэпиясына тән құбылыс.
Сөйлегенде, дауыстап оқығанда бұл қалыптасқан заңдылық мұқият сақталуы
тиіс.
Сондай-ақ, қазақ тілінің орфоэпиялық нормасы бойынша сөздердің
аралығында келген екі дауысты дыбыстың бірі түсіп қалып айтылады. Мысалы:
сарала (сары ала); аротыр (ары отыр); білсекен (білсе екен) т.б.
Сөйтіп әр халықтың әдеби тілінде айтылудың жалпыға бірдей ортақ
қалыптасқан нормасы болады. Осылар жайындағы ережелердің жиынтығы орфоэпия
деп аталады. Орфоэпияның практикалық мәні зор. Мәдениеттілік, сауаттылық
тек дұрыс жазуда емес, сонымен бірге ана тілінің сиқырлы сазын құлаққа
жағымды, өзінің жағымды қалпын бұзбай жеткізуде деп түюіміз керек. Өйткені
тіл қоғамда қатынас құралы болғандықтан, оның әлеуметтік қызметі өз дәреже-
деңгейінде тұрып қана іске асады, жалпыға бірдей қатынас құралы қызметін
атқарады.
Балалар бақшасындағы тәрбиеші-педагогтардың сөзі ешбір мүлтіксіз
болуға тиіс. Сәбилер сөйлеуді үлкендерден үйренеді. Олардың бұрыс ұққан
сөздерін түзеу қиынға соғады, сондықтан балалар бақшасында істейтін
адамдардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тіл дыбыстарының түрлері. Дауысты, дауыссыз дыбыстар
Тіл дыбыстарының түрлері
Дауысты дыбыстар кестесеі
Дыбыстар бойынша талдау
Ринолалияның түрлері
Буынның жасалуы, түрлері Екпіннің түрлері. Бунақ-ритмикалық топ.Дыбыстардың алмасуы.Сингармонизм заңы
Ринололия
ФИО ФОНЕТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Үндестік заңы туралы мәлімет
Ринолалиясы бар балаларды түзету жұмыстарының негіздерін талдау
Пәндер