Оқыту процесін ұйымдастыратын педагог



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
ҚAЗAҚCТAН РECПУБЛИКACЫ ТУРИЗМ ЖӘНE
СПОРТ МИНИСТРЛІГІ
СПОРТ ЖӘНЕ ДEНE ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ КOМИТEТІ РECПУБЛИКAЛЫҚ CПOРТ КOЛЛEДЖІ РМҚК

Курстық жұмыс

Тaқырыбы: Оқытуды басқару және көшбасшылық

Oрындaғaн: Сұлтанбай Т.
Тeкceргeн: Педагогика пәні оқытушысы
Жумашева Ж.

Алматы, 2024 ж.
ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
5
І ОҚЫТУ ПРОЦЕСІ - БІРНЕШЕ ЭЛЕМЕНТТЕН ҚҰРЫЛАТЫН ЖҮЙЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

5
1.1 Оқыту процесі, оның құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
5
1.2 Оқыту түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
7
ІІ ОҚЫТУДЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
12
ІІІ КӨШБАСШЫЛЫҚ - ТӘЖІРИБЕНІ ЖЕТІЛДІРУ ҚҰРАЛЫ ... ... ... ...
16
3.1 Басқару стильдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
19
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
24
ПАЙДАЛЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .
25

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың жалпы сипаттамасы.
Көшбасшылық (ағылшын тілінен lead - басқару, ал leadership - басқара алу қабілеті деген мағынаны білдіреді) - бұл адамдарды өз-өзін белгілі бір мәнерде ұстауына мәжбүр ету арқылы олардың мінез-қылықтарына әсер ету үшін басқарушының қолданатын құралы.
Көшбасшы (ағылшынша leader - басқарушы деген мағына білдіреді) - бұл басқа адамдарды, олардың алғашқы ниеті қандай болғанына қарамастан, өзі қалаған нәрсені жасауға көндіре алатын адам болып табылады, сонымен қатар топтағы адамдардың қасиеттері мен қабілеттерін қолдана отырып, оларды көшбасшы мақсатын іске асыруға бағыттай алады. Көшбасшылықты әдетте ақыл, сауаттылық деңгейі, сенімділік пен әлеуметтік қатысу, әлеуметтік-экономикалық статус түсініктерімен байланыстырады
Көшбасшы мен Басшы деген ұғымдардың мағынасы ажырата білу керек. Басшы - бұл жұмысты беруші және сол жұмыстардың орындалуына жауап беруші адам. Бұл адамның лауазымы. Жақсы басшы қызметкерлері орындаған жұмысты реттеп қабылдап отырады. Ал, Көшбасшы адамдарды жандандырады, мақсатқа жетуде болашақты көр қасиеті арқылы адамдарды ортақ мақсатқа бағыттайды.
Курстық жұмыстың өзектілігі.
Оқыту - екі жақты процесс. Оқыту - оқушы мен мұғалімнің өзара бірлесіп жасайтын әрекетінен тұратын күрделі процесс. Өйткені, оқыту - мұғалімнің білім берудегі негізгі іс - әрекеті болса, оқу - баланың өзінің танымдық, практикалық әрекеті. Сөйтіп, оқушының таным әрекеті мұғалімнің басшылығы арқасында ғана жүзеге асады.
Оқыту - жоспарлы процесс. Мұғалім оқушылардың жалпы рухани дамуын жүйелі қамтамасыз етуі үшін оқыту процесін жоспарланған, ұйымдастырылған түрде жүзеге асырады. Оқушы білімді қысқартылған, педагогикалық тұрғыдан өзгертілген жолмен мұғалімнің және арнайы жазылған оқу құралдарының көмегіне сүйене отыра меңгереді. Сөйтіп, оқыту процесі оқушылардың жас ерекшеліктерінің сәйкестігін ескере отырып, таным қызметінің формасы мен әдістерін соған орай өзгертіп отырады.
Оқыту - бұл күрделі процесс. Ол тұлғаға білім беру, тәрбиелеу және ақыл - ойы мен творчестволық қабілетін, демек біліктілігі мен дағдысын дамыту негізінде жүзеге асырылады. Мұның мәнісі, жеке тұлғаға біртұтас (комплексті) ықпал жасауды көздейді. Осы негізде, оқыту процесінің бірінші қызметі - оқушыларға білім беру.
Курстық жұмыстың мақсаты: Оқытуды басқару және көсбасшылықты меңгеру,
Зерттеу міндеттері:
1.Оқыту туралы меңгеру.
2. Оқытуды басқаруды маңыздылығы білу.
3. Көшбасшылық туралы түсінік.
Зерттеу нысаны: оқыту, білім беру, бағалау, бақылау, көсбасшылық.
Курстық жұмыстың пәні- педагогика
Зерттеу әдістері: Ғылыми әдебиеттер, баспа материалдары, жаңа педагогикалық технологиялар, қорытындылар.
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І ОҚЫТУ ПРОЦЕСІ - БІРНЕШЕ ЭЛЕМЕНТТЕН ҚҰРЫЛАТЫН ЖҮЙЕ
1.1 Оқыту процесі, оның құрылымы
Оқыту процесі - тәлім - тәрбиелік қарым - қатынастарды ұйымдастырудың тәсілі. Оқыту процесін ұйымдастыратын педагог. Оқыту процесі - бірнеше элементтен құрылатын жүйе. Педагогикалық процестің үш құрылымы болады: педагогикалық, әдістемелік, психологиялық.
Педагогикалық процесің педагогикалық құрылымы: мақсат - принциптер - мазмұн - әдістер - құралдар - түрлер.
Мақсат - ұстаз бен шәкірт арасындағы педагогикалық қатынастардың нәтижесі. Принциптер мақсатқа жету жолдарын анықтайды.
Мазмұн - мақсатқа жету жолында оқушыларға берілетін тұлғалар тәжірибесінің бөлігі. Әдістер - мұғалім мен оқушының мазмұнды жетілдіру - қабылдауға арналған іс - әрекеттері.
Құралдар - мазмұнмен жұмыс жасайтын материалдық тәсілдер мен әдістер.
Педагогикалық процестің әдістемелік жүйесін жасау үшін мақсат бірнеше міндеттерге бөлінеді. Әрбір міндет ұстаз бен шәкірт іс - әрекеттерінің кезеңдерін анықтайды. Мысалы, сабақтың әдістемелік құрылымы: сабаққа дайындалу, сабақты өткізу, сабақты талдау; экскурсияның әдістемелік құрылымы: дайындық, керекті жерге бару, бақылау, көргенді бекіту, нәтижелі талдау.
Педагогикалық процестің психологиялық құрылымы: танымдық процестер (қабылдау, ойлау, есте сақату, ақпарат сіңіру), оқуға қызығушылық (оқуға қызығуды, қабілетті, ынтаны айқындау), қуат (көтеріңкі не түсіңкі дене мен жан күш - қуаты, белсенділік, еңбекқорлық не шаршау динамикасы).
Оқытудың мазмұны. Жас ұрпақты ғылымның жетістіктерін меңгеруді, білімдерін дамытуды міндеттейді.Оқыту мазмұнын қандай амал - тәсілдермен, нақтылы практикалық жолдармен меңгеруді баяндайды. Мұғалімнің және оқушының оқу әрекетінің құрылымын бірлесе отыра сараптама жұмыстарын жүргізуі, оқушылардың оқу әрекетінің сапасына көзқарасын білдіріп, бағалап және білім деңгейін тексеріп отыруы. Оқушылардың өзін - өзі қадағалап, тексеріп отыруы.
Мектеп тарихының бастапқы кезеңінен оқыту, білімдер жүйесін оқушылардың меңгеруі белгілі бір дидактикалық буындардан немесе кезеңдерден тұрады:
* Оқушыға берілетін білім мақсаты мен қажетін түсіндіру және оларды әрекетке бағыттайтын мотивтерді туғызу. Осыған орай оқу міндеттерін (тапсырмаларды) анықтау.
* Оқушыға жаңа берілетін білімді баяндау және оны қабылдауға жағдай туғызуы.
* Оқушының білімді қабылдауы және оның санасында жаңа білімнің қорытылып, ғылыми ұғымдар мен тұжырымдардың қалыптасуына мүмкіндік беру.
* Берілген білімді бекітуге басшылық ету.
* Білімді практикада қолдануға қаракет ету.
* Оқушының білімі мен дағдысының сапасы және деңгейін есепке алу, тексеру және бағалау.
* Жаңа оқу материалын танымдық қабылдау
Оқушының білімді меңгеруі жаңа оқу материалын қабылдаудан басталады. Қабылдау - адамға тікелей әсер ететін заттардың немесе құбылыстардың адам санасында бейнелеу процесі. Сабақ үстінде оқушылардың жаңа материалмен танысуы түйсіктен және қабылдаудан басталады. Ал түйсік сананың сыртқы әлемімен байланысты. Сезім мүшелерімізге әсер етіп, оның миымызда бейнелеуін түйсік деп атайды.
Білімді жан - жақты меңгеру және түсіну үшін оқу материалын қабылдау - бақылау жеткіліксіз. Одан әрі оқушылар қорытындылар жасауға тиіс. Бұл оқушылардың білім мазмұнын жете түсініп, ұғынуы және белсенді де терең ойлау әрекетінің нәтижесінде ғана жүзеге асады.
Ұғыну - бұл саналы түрде ғылыми білімді, заңдылықтарды ұғу, фактілерді жинақтау процесі, қорытынды шығару. Ұғыну процесінде оқылатын материал терең ойластырылады, дәлелденіледі және бекітіледі.
Ұғым, қарапайым және ғылыми ұғым болып екіге бөлінеді. Қарапайым ұғым дегеніміз баланың оқудан емес, өмірден көріп - білгендерінен туатын әртүрлі құбылыстар жөніндегі түсінігі. Ғылыми ұғымдар тек оқыту процесінде жинақталатын мәліметтер, қағидалар мен құбылыстар туралы білім, түсінік.
Ұғымның қалыптасуы - өте күрделі процесс, ол - оқушылардан белгілі ойлау амалдарын қолдануды талап етеді. Ойлау - талдау анализ, синтез, дерексіздендіру абстракция, жалпылау сияқты операциялардан тұрады.
Оқушыларға ұғымды қалыптастыру үшін мұғалім оларды осындай ойлау операцияларын қолдауға үйретеді.
Абстракциялау деп заттардың негізгі қасиеттерін, оның екінші дәрежелі қасиеттерінен бөліп алып, жалпылап қарауды айтады.
Білімді бекіту. Оқыту процесінде оқушылардың алған білімдерін бекітіп отырудың маңызы ерекше.
Бекіту - бұл оқушылардың білімді берік ұғынуының тиімді әдіс - тәсілі. Сабақта жаңа материалды қабылдаудан кейін, бекіту әр түрлі практикалық, лабораториялық жұмыстар негізінде жүзеге асады.
Бекітудің бұдан да басқа әдіс - тәсілдері бар. Өтілген оқу материалын бөліктерге бөліп қайталап отыру: күнделікті қайталау, тақырыптық қайталау, есте қалдырудың тәсілдерін үйрету т.с.с.
Білім мен дағдыны практикада қолдану. Білімді жан - жақты меңгеру, оны практикада қолдануды қажет етеді. Білім мен дағдының сапасы мен нәтижесінің көрсеткіші практика. Егер оқушы білімді практикада қолдана алмаса, бұл оның білімді үстірт қабылдағанынан, жете түсінбегенінен болады. Білімді практикада қолданудың оқу процесінде екі түрі жиі кездеседі. Бірінші - білімді жаңа материалды ұғыну үстінде қолдану, екіншісі - жаңа оқу міндеттерін шешу үстінде қолдану.
Бұл кезде оқушы бұрын алған білімін жаңа мәселелерді шешуге байланыстырып, өздігінен әрекет жасай алады. Білім мен дағды оқыту процесінде түрлі практикалық және лабораториялық жұмыстарда кеңінен қолданылады. Мұндай жағдайда оқушылар өздігінен бақылау, тәжірибе жасау, іздену әрекеттеріне негізделген жұмыстарды орындайды.
Оқушылардың білімі мен дағдысын тексеру, оны талдау және бағалау. Оқыту процесінде бұл жұмыс өз алдына дербес практикалық буын болып табылады және оқытудың әрбір кезеңінің құрамынан да орын алады. Оқытудың білім алудағы жетістіктерін, табыстарын және мүмкіндіктерін талдап, айтып берудің және оны бағалаудың маңызы ерекше. Мұғалім мен оқушы үшін мұндай жұмыс, кибернетикалық тілмен айтқанда кері байланыс болып табылады. Мұны мұғалім оқытудың әрбір кезеңінде: жаңа білімді қабылдау, оны ұғыну, бекіту, практикада қолдану кездерінде іске асырады. Сонымен қатар бұл жұмыс оқыту процесінің белгілі кезеңіндегі тоқсан және жыл аяғында дербес буын ретінде де қолданылады.
Бағаны дұрыс қоюдың оқушылар үшін тәрбиелік маңызы ерекше: ол - оқуға деген стимул, мотив функцияларын атқаруы мүмкін.
Оқыту процесінің жоғарыда айтылған жеке буындарының маңызы мен орнын білумен қатар, олардың бір - бірімен өзара тығыз байланысты болатынын, біртұтас процесс екенін ұмытпау керек. Сондықтан оқушының білім мен дағдыны меңгеру жолын біртұтас процесс деп қараған жөн. Ол - қабылдау, түсіну, бекіту, қолдану сияқты өзара байланысты құрамнан тұрады.

1.2 Оқытудың түрлері
Оқыту теориясы мен тәжірибесі дамуының жалпы заңдылықтарының бірі - дидактикалық жүйелердің бірізділігі, ұрпақтылығы. Әрбір жаңа жүйе дәстүрлі жүйелердің күшті қасиеттерін, идеяларын, тәжірибесін өзіне сіңіріп алады. Дидактика тарихында оқытудың үш түрі қалыптасқан: түсіндірмелі - иллюстрациялы (дәстүрлі), проблемелы, бағдарламалы (компьютерлік). Енді осылардың жетістіктері мен кемшіліктеріне тоқталайық:
Түсіндірмелі - иллюсрациялы оқыту дәстүрлі оқыту деп аталатыны тарихта ұзақ уақыт бойы өміршең болғанына байланысты. Дәстүрлі оқыту жаңадан пайда болған түсіндіру жолдары мен көрнекіліктерді өзіне кіріктіріп ортырады. Бұл жүйедегі негізгі оқыту әдіс - тәсілдеріне көрнекіліктерді пайдалана отырып түсіндіру жатады. Оқушылардың негізгі іс әрекеті: берілген білімнің мазмұнын тыңдау, қабылдау, естерінде сақтау. Мұндай оқытудың талабы: оқушылар есте сақтаған өткен оқу материалының мазмұнын қатесіз қайталап айтып беруі.
Түсіндірмелі - иллюстрациялы оқытудың ғасырлар бойы нығайтылған пайдалы жақтары:

Түсіндірмелі - иллюстрациялы оқытудың кемшіліктері:

Бағдарламалы (компьютерлік) оқыту.
Бағдарламалы оқытудың негізгі мақсаты - оқыту процесін басқаруды жетілдіру, тексеруден өзін - өзі тексеруге, оқытудан өзін - өзі оқытуға көшу. Бағдарламалы оқытуда жаңа бағдарланған оқулықтар, оқыту құжаттары, үйрету (оқыту) машиналары қолданылды. Оқытудың бұл түрі 1960 жылдан бастап Б.Скиннер, Н.Краудер бастамасынан кейін, педагогика, психология және кибернетиканы ұштастырып пайдаланылады.
Бағдарламалы оқытудың ерекшеліктері:

Оқытудың бұл түріне негіз болған оқу бағдарламасы оқу материалын, оны меңгеру барысындағы оқушының іс - әрекетін, тексеру түрлерін бір тәртіппен ретке келтіреді.
Бағдарламалап оқытудың үш принципі бар: сызықты, тармақты және аралас. Сызықты бағдарламада оқу материалы бірізділікпен беріледі. Тармақты бағдарламада әр оқушы керекті тармаққа өтіп, қайтадан оқып, қосымша түсініктеме алып, қатені жойып, негізгі сызыққа қайтып оралады. Мықты оқушылар негізгі сызықпен жүрсе, әлсіз оқушылар тармақтарға кіру арқылы нәтижеге жетеді. Аралас бағдарламада қиын тақырыптар тармақтарға бөлінеді, басқалары сызық бойынша орналасады.
Бұл оқыту машинасыз және машиналы болып екіге бөлінеді. Машинасыз бағдарлама оқыту үшін арнайы оқулықтар, перфокарталар пайдаланылады, негізгі деректер көзі қағаз болады. Оқу нәтижесі біраз уақыттан соң бағаланады. Соңғы кезде машиналы бағдарламалап оқыту үшін компьютер кең қолданылуда. Тапсырмалар, мәтіндер, сұрақтар, жауаптар дисплей дидарында жазылып, сол мезгілде бағаланып тұрады.
Оқу бағдарламасы оқыту алгоритміне негізделген. Алгоритм - дұрыс жауапқа жетелейтін бірізді ақыл - ой және оқу іс - әрекеттерінің жүйесі. Білім мен біліктерді толық меңгеру үшін алгоритм оқушыларға оқу әрекетінің құрамы мен орындау тәртібін белгілейді. Оқу бағдарламасын құрастырудан алдын - ала оқу барысын басқару үшін алгоритм жасалынады. Алгоритм сапасы компьютерлік оқытудың сапасына тікелей ықпал жасайды. Сондықтан, компьютерлік оқытудың сапасы оқу бағдарламасы мен техника сапасына тәуелді.

Бағдарламалап оқытудың күшті жақтары:

Бағдарламалап оқытудың кемшіліктері:

Проблемалық оқыту.
Заманауи білімдендірудің мақсаты мамандарды шығармашылыққа дайындау екені даусыз. Шығармашылық дегеніміз жаңалықты (жаңа нысана, жаңа білім, жаңа проблема, жаңа әдіс) ашу. Осыған орай, проблемалық оқытудың өзі де шығармашыл процесс: бейқалыпты ғылыми - оқу мәселені бейқалыпты әдістермен шешу. Соңғы кезде кең тараған оқу түрінің мәні: мұғалім жаңа білімді дайын түрде баяндамай, оқушылардың алдына проблемалық сұрақтарды қойып, оларды шешудің жолдары мен тәсілдерін іздеуге бейімдейді.
Аталмыш оқыту жаңадан ғана пайда болған жоқ. Кезінде бұған өз үлесін қосқан педагог - ғалымдар Сократ, Руссо, Дистервег, Ушинский. Мысалы, Дистервегтің дәлелдеуінше, "жаман ұстаз ақиқатты айта салады, жақсы ұстаз оны іздеп табуды үйретеді".
Проблемалық оқытуды ойдағыдай іске асыру үшін шәкірттерге ұсынатын проблемалық сұрақтар жүйесін жасап шығу қажет. Ескеретін жайт: кез келген сұрақ проблемалы бола бермейді. Проблемалы сұрақтың жауабы дайын болмайды, оны оқушы міндетті түрде өзі іздеуі шарт. Ол сұрақ баланың сана - сезіміне қиындық туғызуы қажет. Оқушы іштей түйсінген ойлау қиыншылығы проблемалық жағдаят деп аталады. Проблемалық сұрақ, бір жағынан, қиын болуы, екінші жағынан, оқушының шамасына лайық болуы керек. Осындай проблемалық жағдаят туғызу, проблемалық сұрақ қою - проблемалық оқытудың алғашқы кезеңі.

Келесі кезеңде бала іштей өз білімін талдап, таңдап, олардың жауап алуға жеткіліксіз екенін анықтайды да ізденіс жолына белсенділікпен түседі. Үшінші кезеңде ол сұрақтың жауабын дұрыс шеше білу амалдарын, жаңа білімді меңгереді. "Мен білдім!" деген қуанышты жағдайға жетеді. Кейінгі кезеңдерге дұрыс жауапты тексереді, алғашқы гипотезамен салыстырады, алынған білім мен білікті қорытындылайды, жинақтайды.
Мұғалім проблемалы оқытудың барысында оқушы ойына, пікір қайшылықтарына дұрыс бағдар жасай отыра, жауап табу әдістерін үйретеді. Әдетте, оқытудың бұл түрі жаңа оқу материалын түсіндіру кезеңінде қолданылады. Сонымен, проблемалы оқытудың ерекшелігі: оқушыға дайын білім берілмей, одан проблемаларды ізденіс арқылы шешу талап етіледі.

Проблемалық оқытудың күшті жақтары:

Проблемалық оқытудың кемшіліктері:

Қазіргі мектептерде түсіндірмелі және проблемалық оқыту түрлері бірге қатар қолданылады.

ІІ ОҚЫТУДАҒЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ КӨШБАСШЫЛЫҚ
Педагогикалық дамуды қамтамасыз ету үшін кәсібилікті түсінудің нақты тәсілі талап етіледі.Бізге таза жеке тұлғаға немесе сыныпқа бағытталған тәсілден босауымыз керек.Себебі бұл кезде белгілі бір бекітілген стандартқа сәйкес әрекет етеміз.оның орнына мұғалім оқу қоғамдастығының бір бөлігі болып табылатын,кәсібилікке бағытталған ұжымдық және кешенді тәсіл қажет.Бұл тәсілдің аясында көшбасшы- мұғалім ұсынған зерттеулер мен инновацияларға негізделе отырып,мұғалімнің тіжірибесі жетілдіріледі.Мұндай тәсілде кәсіби біліктілік пен білім жай қабылданбайды,мұғалімдер оны өз қолымен жасайды.Адамгершілік мақсаттағы мұғалімдер өздерінің әріптестері мен айналасындағыларға әсер ету үшін,көшбасшылық қасиеттерін көрсетеді.Олардың көңілінде үнемі талапқа сай оқыту тұрады.[1.87б]
Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңының 8-бабында Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу деп атап көрсеткен.
Мектеп - үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі - педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық , зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы,коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.
Мұғалімнің көшбасшылығын дамыту жұмыстары:
· Іс-тәжірибені жетілдіру жұмыстарын өз қолына алуға;
· Өзгерістер енгізу үшін әріптестерімен стратегиялық шешімдер қабылдауға;
· Бірігіп жұмыс істеуде фактілерді жинауға және қолдануға;
· Кәсіби білімді құруға және таратуға атсалысуға міндетті деп анықталуы мүмкін.
Дамыту жұмыстарын зеттеумен шатастыруға болмайды.МКДЖ бағдарламасы мұғалім-зерттеуші түсінігіне емес мұғалім- дамыту жұмысының көшбасшысы түсінігіне негізделе құрылған.Дамыту бойынша жұмыс белгілі бір құбылыстардың пайда болу себептерін анықтау немесе тәжірибені талқылаудан тұрмайды.Шын мәнісінде ол мұғалім, ата-ана, оқушылар,жалпы мектеп өз тәжірибелерін жетілдіру үшін қатысатын үдерісті басқару мен басшылық етуден тұрады.Дамыту бойынша жүргізілетін жұмыс басқаларды серіктестікке тартып,рефлекция мен өзін-өзі бағалауға қатыстыратын тапсырмаларды қамтиды.Мұндай іс-шаралар жиі өткізіліп тұрады,мысалы:әріптестер арасындағы пікірталастар.желіде орналастырылған есеп беруді оқу,оқушылардың өздерінің іс-тәжірибелері туралы пікірлерін жинау,әріптестерімен іс-тәжірибе алмасу мақсатында басқа сыныптардың сабағына қатысу.Дәл осы жағдайда зерттеу үдерісті аяқтау үшін емес,диалог үшін ізденістің негізгі стратегиясы болып табылады.
Көптеген мұғалімдер өз тәжірибесін жетілдіру жұмысын жақсы бастама деп санайды,егер жоба басынан нәтижелі болып,әріптестерін қызықтыра алса,онда бұл өзгерістер мектепте кеңінен қолдау тауып отырады.Басқаша айтқанда,мектеп басқаша жұмыс істеуге үйренеді.Сол себепті әріптестерді қызықтырып,оларды бірлесе жұмыс істеуге шақыру қажет.[1.88б]
Әрбір технология жаңа әдіс-тәсілдермен ерекшеленеді. Осы тәсілдерді мұғалім іздену арқылы жетілдіре түседі. Қызықты сабақ болса оқушының сол пәнге қызығуы артын қоймай, мұғалім жаңалығы, ізденісі, қолданған әдісі арқылы ерекшеленіп, оқушы жүрегінен орын алады. Қазіргі сабақтардың басты ерекшелігі бірлесе жұмыс істеу атмосферасын орнату ,оқушыларды оқуға, ұстаз еңбегіне араластыру болып табылады. Сондықтанда ұстаз күш-жігерін оқушылардың өздігінен білім алуына,танымдық әрекеттерін өздігінен ұйымдастыруды үйретуге жұмсауы керек.
Оқыту сияқты көшбасшылық та адамның тұрақты дамуға жетелейтін негізгі қабілеті болып табылады.Өзгеріс үдерісі өз даму жолында қолайсыздық пен келіспеушілік тудыруы ықтимал.Мұндай кезде өзгеріс үдерісін басқару оңай емес.Мұғалім ретінде,біз кейде өзіміздің әрекет ету мүмкіндігіміз бен күш-қайратымызды жоғалтып жатқанымызды сеземіз.Бірақ тәжірибе көрсеткендей,жоғары лауазымсыз да жақсы мұғалімдердің кәсіби шеберліктері мен адамгершілік сенімдерін қолданып,адамдарға әсер етуге болады.Біз өзіміздің тактикалық дағдыларымызды жетілдіріп,стратегиялық тұрғыдан ойлауды үйрене аламыз.[1.87б]
Қазіргі сабаққа қойылатын талап тұрғысынан техникалық құралдарды, кестелер, сызбалар, үнтаспа жазбаларын пайдалану арқылы оқушылардың есту, көру сезімдеріне әсер ете отырып, олардың ойлану қабілетін дамытуға көңіл болінеді.Қолданылатын көрнекіліктер оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырады, түсіндірілген материалдарды саналы меңгертуге ықпал жасайды.
Мұғалім сабақта әдіс - тісілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс - пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Әдіс - тәсілдер арқылы өткізген әрбір сабақ оқушылардың ойлануына және қиялына негізделіп келеді, баланың тереңде жатқан ойын дамытып оларды сөйлетуге үйретеді. Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы қабілеті әртүрлі балардың ортасынан қабілеті жоғары баланы іздеп, онымен жұмыс жасау, оны жан - жақты тануды ойлап, оқушылардың шығармашылық деңгейін бақылап отыру әрбір мұғалімнің міндеті.
Оқушылардың өзіндік жұмысы - мұғалімнің қажетті нұсқаулары бойынша оқушының оқу жұмысының жеке дара және ұжымдық түрі. Өзіндік тапсырмаларды орындау барысында оқушылардан белсенді ойлау талап етілді. Осының нәтижесінде оқушылар өздігінен бақылауды үйренеді, олар да тапсырылған істі орындаудағы жауапкершілік сезім, еңбексүйгіштік, табандылық, ұйымшылдық, бір - бірімен деген жолдастық көмек қалыптасады. Өзіндік жұмыстың негізгі мақсаты оқушылардың танымдық міндеттерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын жетілдіру, білімге қүштарлығын ояту..
Әртүрлі әдіс-тәсілдер тиімді қолдану балалардың тілін дамытып, тілді меңгеруге мүмкіндік береді. Жаңа әдіс-тәсілдер арқылы оқушының нені білетітін, нені меңгеретін, нені меңгергенін білуге болады. Соның нәтижесінде оларда намыс пайда болып, жанындағы оқушыдан қалып қалмау үшін сабаққа дайындалу ынтасы арта түседі.
Бір қарағанда мұғалімнің көшбасшылыққа оның дауысын күшейту мен жеке басының жетекшілік мүмкіндіктерін жек де,ұжымда да кеңейту арқылы жететіндігі оғаш болып көрінуі мүмкін.Ұстаздардың жетекші топтардағы және желілік қоғамдастық шеңберінде өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ету үшін мұғалімдер бірлесе жұмыс істеулері қажет.
Мұндай бірлескен жұмыс өз мектептерінде тәжірибені таратуға ғана емес,сонымен бірге басқа мұғалімдерді иландыра алатын кәсіби білімнің негізін құрастыруға көмектеседі.Білімнің бұл негіздері-зерттеулерге негізделген білім емес,бұл басқаларға дем беретін және ары қарай іс - әрекет жасау үшін оларды қажетті бағытпен қамтамасыз ететін инновацияға негізделген жанды диалогтік үдеріс.
Жоғарыда айтылғандардың барлығы: адамдар тек білім арқылы ізгілікті бола алады; білім беру- адамдардың зерделеп үйренуіне қажет көмектердің жиынтығы;жалпы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік педагогтың әртүрлі санаттағы балалармен жұмысы
Оқыту үдерісінде интерактивтік әдістерді тиімді пайдалану
Тәрбие процесін ұйымдастырушылардың педагогикалық статустары мен функциялары
Оқыту үдерісінде интерактивті әдістерді тиімді пайдалану жайлы
Мүмкіндігі шектеулі балалардың білімділік нәтижелерін қадағалау әдістерінің мінездемелері
Дамыта оқытудың мәселелері
Педагогикалық іс-әрекет және оның құрылымы
Мектепке дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамуының ғылыми - теориялық негізі
Білім беру процесінің сатылары
Кәсіби педагогиканың негізгі категориялары
Пәндер