Шаруашылық субъектінің түрлері
бухгалтерлік есеп
SYLLABUS
Глоссарий
Бухгалтерлік баланс - кәсіпорынның активтерімен олардың қорлану көздерінің белгілі бір мерзімге бір жүйеге келтіріліп, ақшалай өлшем түрінде теңестіріліп екі жақты кестеде бейнеленуін бухгалтерлік баланыс деп атайды.
Актив - кәсіпорынның қаржылары, заттай және ақшалай шығындары көрсетіледі.
Пассив - кәсіпорынның қорлану көздері қарастырылады.
Тартылған капитал - кәсіпорынның міндеттемелері, яғни кредитор берешек борыштары болып табылады.
Пассивті шот - кәсіпорынның меншікті капиталы мен міндеттемелерін есептеуге арналған
Есептеу приципі - кәсіпорындағы кез келген операциялар (кірістер, шығыстар) есептеліп отырылуы қажет.
Мәнділік принципі - ұйымның бухгалтерлік есеп ақпараттары пайдаланушылардың кәсіпорын жұмысына баға беруіне көмектесуі керек.
Бағалау әдісі - бухгалтерлік есепте материалдық құндылықтар ақшалай өлшеммен есептеленеді. Кәәсіпорындағы мүліктердің және міндеттемелердің құнын ақшалай өлшемге айналдырып есептеу әдісін бухгалтерлік есептің бағалау әдісі деп атайды.
Қорытынды есеп - ұйымның қандайда бір өткен уақыт аралығындағы, есепті кезеңдегі операцияларының, белгілі бір есеп беретін күнге бір жүйеге келтірілуі қорытынды есеп деп аталады.
Ішкі құжаттар - белгілі бір кәсіпорында толтырылып оның ішінде жүргізілетін құжаттар болып табылады.
Калькуляция - бухгалтерлік есеп әдісінің бір элементі бола отырып, басқа элементтермен тығыз байланыста болады.
Ақша баламалары - бұл ақшаларға ұқсас, бірақ басқа жіктелетін активтер болып табылады.
Овердрафт - кәсіпорынның иелігіндегі, яғни активті шоттың қалдығындағы сомадан артық сомада төлем төлеу нәтижесінде пайда болған кредиттік қалдық.
Акредитив - кәсіпорынның заңды немесе жеке тұлғаға акредитивтерге көрсетілген келісімшарттың орындалғандығына қарай белгіленген соманы төлеу туралы тапсырмасы.
Дебиторлық борыштар - кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлғалардан оларға сатқан тауарлары, көрсеткен қызметтері, сондай - ақ аванс ретінде алдын ала төлеген төлемдері үшін алашақ борыштары.
Шикізаттар - бұрын азды көпті еңбек сіңірілген заттарды атайды.
Жартылай фабрикаттар - өндірістік үдерістің бір сатысынан толық өтіп әрі қарай өңдеуді қажет ететін материалдар.
Материалдардың номенклатурасы - өндірісте пайдаланатын материалдардың белгілі бір түрлеріне олардың аты, сапасы, мөлшері тағы да басқа көрсеткіштері бойынша жасалған жіктеу тізімін атайды.
Несие - бір заңды тұлғаның екінші бір заңды тұлғаға немесе жеке адамның заңды тұлғаға әдетте келісілген мөлшерде пайыз немесе ақшалай уақытша қаржы беруге байланысты пайда болатын экономикалық қарым - қатынас жүйесі болып табылады.
Банк несиесі - ұйымға ақша түрінде өндірісін ұлғайтуға, ағымдағы қызметтеріне байланысты қарыздарын төлеу үшін беріледі.
Бюджет - жалпы мемлекеттік тұрғыдан бөлініп пайдалану, жұмсау құрылатын қаржы қоры болып табылады.
Әлеуметтік салық - заңды тұлғалардың бюджетке төлейтін салықтарының бірі.
Мерзімді еңбекақы - жұмысшылар мен қызметкердің жұмыс істеген уақытына, сағаттық немесе күндік еңбекақы мөлшері бойынша өнім өндіргені немесе өндірмегеніне қарамастан, яғни оның жұмыста болған уақытына төленеді.
Қосымша төленген капитал - қоғамның өзінің акцияларын олардың атаулы құнынан артық бағаға сатқан жағдайда пайда болған құн айырмашылығынан туындайды.
Қосымша төленгенбеген капитал - кәсіпорынның өзінің меншігіндегі негізгі құралдары мен инвестицияларын қайта бағалаған уақыттағы олардың құнының өскен сомасынан және тағы да басқа жағдайлардан туындайды.
Резервтік капитал - келешекте болуы мүмкін зияндармен шығындардың орнын толтыруға арналып кәсіпорынның өзінің таза пайдасынан бөлінген меншікті капиталының бір бөлігі.
Бөлінбеген пайда (табыс) - кәсіпорынның жалпы кірісінен барлық жұмсалған шығындарды басқадай бағыттарға пайдаланған сомаларын шегеріп тастағандығы қалған бөлігі болып табылады.
Құжаттау - барлық ұйымдарда өздерінің күнделікті жұмысы барысында әр түрлі шаруашылық операциялары орындалады.
Түгендеу - ұйымның шаруашылық операцияларының орындалуы барысында барлық операцияларын сол сәтінде құжатқа жазуға мүмкіндік бола бермейді.
Шоттар - шаруашылық құралдары мен олардың қорлану көздерін белгілі бір ұқсастықтарына және маңызы мен көрсеткіштеріне сәйкес жинақтап топтау болып табылады.
Дәріс №1
Тақырыбы: Информациялық жүйесі ретіндегі бухгалтерлік есеп
Мақсаты:
білімділігі: бухгалтерлік есеп пәнін, атқаратын қызметін түсіндіруде қызығушылық тудыра отырып, шығармашылық қабілетін дамыту.
дамытушылығы:бухгалтерлік есептің негізгі қағидаларының тұжырымдамасын дәлелдемелер арқылы меңгеру
тәрбиелік: білімгерлердің шығармашылық мүмкіндігін арттыру, алға қарай ұмтылуға баулу
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі - 3 мин.
2.Алдыңғы тақырыпты қайталау - 3 мин.
3.Дәріс оқу - 34 мин.
4.Қорытындылау - 5 мин.
5.Сабақты сұрақтар қою арқылы бекіту - 5 мин.
Жоспар:
1.Бухгалтерлік есеп туралы түсінік және оның атқаратын қызметі
2. Бухгалтерлік есеп пәні
1. Адамзат қоғамының тіршілігі мен дамуының негізі материалдық өндіріс процесін құрайды, соның барысында тұтыну заттары мен еңбек құралдары жасалады. Өндірісте жасалынған материалдық игілік жеке адамдар мен өндірістік тұтыну кезінде бөлініске түсіп, пайдаланылады. Осы процестерге басшылық жасау үшін олар туралы ақпаратқа ие болу керек. Шаруашылық қызметтің шынайы жағдайын сипаттайтын ақпарат шаруашылық есеп жүйесінде пайда болып, беріледі және ол экономиканы басқарудың, демек ұдайы өндіріс процестерін басқарудың маңызды функциясына жатады.
Шаруашылық жүргізудің қазіргі заманғы жағдайында дер уақытылы, әрі шынайы экономикалық ақпаратсыз шаруашылық субъектілерінің күрделі экономикалық тетігін басқару қиын.
Шаруашылық есептің алғашқы құрамы - субъектілердің шаруашылық қызметтерінің фактілері мен құрлыстарын бақылау болып табылады. Бақылау дегеніміз - осы жұмыстың мақсатынан туындайтын объективтік шындықты түйсіну.
Шаруашылық қызметтегі болып жатқан шынайы құбылыстар мен процестерді бақылай отырып біз басқаруға қажетті қаржылық экономикалық анық ақпаратқа деген сұранысты қанағаттандыра алмайтын олардың сапалық сипаттамасын аламыз. Сондықтанда шаруашылық есеп бақылауға қоса субъектінің шаруашылық қыземтіндегі фактілер мен құбылыстарды өлшеуге тиіс, яғни олардың сандық сипаттамасын анықтауға тиіс. Шаруашылық есепті жүргізудің осынау екі кезеңі бір - бірімен ажырамас бірлікте болып, басшылықты есеп объектілері туралы қажетті деректермен қамтамасыз етіп тұруға тиіс.
Бақылау мен өлшеу арқылы алынған мәліметтерді есте ұстап, сақтап қою қажет. Шынайы қызметтің фактілері мен құбылыстарының сапалық және сандық сипаттамалары туралы деректерді тіркеп отыру қажеттілігі туады және осы кезеңдерге шаруашылық қызмет туралы алғашқы ақпарат қалыптасады. Сөйтіп, шаруашылық есеп дегеніміз - шаруашылық қызметтің басқару мен аудит үшін керекті кешенді көрінісі мен сапалық сипаттамасы, яғни шаруашылық жүргізуші әрбір субъект экономикасында болып жатқан процестердің дамуы туралы жаңа білім беретін ақпараттар.
Демек, шаруашылық - экономикаға басшылық жасау үшін қажетті шаруашылық қызметтегі бақылау жүйесі, өлшем, фактілер мен құбылыстар туралы ақпаратты өңдеу және дайындау.
Шаруашылық есептің тарихи шарттылығы. Шаруашылық есепті шаруашылық қызметті басқаруға ақпараттық база жасайтын жүйе ретінде түсіну бүкіл қоғамдық - экономикалық формациялар үшін ортақ. Алайда шаруашылық есепті ұйымдастырудың нақты мақсаттары мен міндеттері, сондай - ақ түрлері мен принциптері жалпыға бірдей емес, тарихи сипат. Бүкіл экономика сияқты, олар да қоғамдық құрылысқа түбегейлі тәуелді.Тарихи категория ретінде шаруашылық есеп материалдық өндіріс қажетінен туындайды. Ол адамзат қоғамы дамуының ерте сатысында пайда болған. Пифагор: бастама - тұтастың жартысы деген. Салсытырмалы түрде мұны есептің пайда болуына да айтуға болған. Ол адамзат өркениетімен бірге 6 - мың жыл бұрын пайда болған. Шаруашылық өмірінің мұқтаждары есептің дамуын туғызды, ал есептің дамуы өркениеттің әсіресе жазу мен математика сияқты ажырамас бөліктерінің өсуіне ықпал жасады.
Шаруашылық өмір фактілерін тіркеу техникасы көптеген білімді адамдардың назарын аударған. Соның қатарында математиктер ерекшеленіп шықты. Бухгалтерлік есеп жөніндігі алғашқы баспадан шыққан кітапты 1494 жылы атақты математик Луко Пачоли (1445 - 1515) жазды. Есеп пен жазбалар туралы трактат бөлімінде қайталанбалы бухгалтерияны енгізу тәсілдері түсіндірілді.
Есіпті ұйымдастыруды І Петр кезінде елеулі өзгерістер болды. Ол арнаулы мектептерде есеп жүргізе білетін және есеп кітабын толтырып отыра білетін сауатты адамдар даярлауға аса көңіл бөлді.
Шаруашылық есеп нарықтық қатыныстардың яғни нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңінде ерекше маңызды.
Қазіргі дәуірдегі негізгі заңдылықтардың бірі - барлық елдердің халықаралық өзара қарым - қатынастағы сыртқы экономикалық байланыстар рөлінің арта түсуі
Ұлттардың шаруашылық жағынан жақындаса түсуі экономикалық дамудың қарқыны мен сипатына бірте - бірте басымырақ ықпал етіп, мемлекеттердің бейбіт түрдегі ынтымақтастығына, тәжірибе алмасуына өскелен мүмкіндіктер ашуда.
Белгілі дәрежеде бұл басқару мен талдау, аудит пен қаржылық шешім қабылдау саласындағы маңызды құрал болып табылатын есеп жұмысына да қатысты.
Нарықтық қатынастардың дамуы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қалыптасып, олардың экономикалық мүдделерін неғұрлым сындарлы түрде білдіреді, демек тұтынушылардың ақпараттық талаптарының сипатын да білдіреді. Жекелендірудің жүргізілуі, қор рыногының қалыптасып, дамуы, күйзіліске ұшыраған кәсіпорындарға қаржылық жағынан көтермелу (санациялау) және тағы басқа да шаруашылық жүргізудің жағдайлары іскерлік ақпарат пен рынок субъектілерінің қаржылық - экономикалық мүдделерінің сәйкестендірілуін қажетсінеді. Ондай ақпараттың негізгі көзі шаруашылық есеп пен есеп беру жүйесі болып табылады.
2. Қазақсатан Республикасы Президентінің заңды күші бар Бухгалтерлік есеп туралы занының жасалып, қабылдануы шаруашылық есепті дамытудағы жаңа саты болады, нарыққа дейінгі барлық есеп жұмыстарынан түбегейлі айырмашылығы бар дүние болып шықты. Ол Қазақсатан Республикасының шаруашылық есептің жүйесі түбегейлі, ал бухгалтерлік есепті ішінара белгілеп, экономикалық өзгерістер талаптарына жауап бере алатын бухгалтерлік есептің ұйымдық, заңдылық, әдістемелік және басқа да жаңа жүйелерінің негіздерімен байланысты есептің негізгі принциптері мен жалпы ережелерін тұжырымдап береді.
Шаруашылық есеп нарықтық шаруашылық жағдайында бәрінен бұрын нарықтық экономика талаптарына бағынған мүлде жаңа мақсатпен ерекшеленеді. Осы мақсатқа орай нарықтық шаруашылық есеп елдің әлеуметтік - экономикалық даму жолдарын іздестіруді ақпараттық жағынан қамтамасыз етуге тиіс. Сондықтан нарықтық шаруашылық есеп, атап айтқанда, әкімшілік-әміршіл экономика жағдайына қарағанда шаруашылық қызметтің мүлде жаңа ақпаратық үлгілері талап етеді.
Әрине, осынау мүмкіндік қазірдің өзінде аяғына дейін жүзеге асты деп санауға болмайды, өйткені шаруашылық есептің аталған сапалық тұстарына деген талап үздіксіз өсіп отыр, сондықтан да ол үнемі жетілдірілу үстінде болады.
Шаруашылық есеп жүйесі үш шағын жүйеден, есептің үш түрінен тұрады. Олар: жедел, бухгалтерлік және статистикалық есеп. Бұлардың әрқайсысы экономикалық объектіні басқарып, сол бойынша шешім қабылдауда ерекше рөл атқарады.
Жедел есеп деп есеп жұмыстарының жиынтығын айтады. Ол субъектінің шаруашылық қызметінің жекелеген учаскесіндегі ағымдығы бақылау фазасын ақпаратпен қамтамасыз етіп отыру мүдделі органдарға экономикалық объекті іс-әрекетіндегі жағымсыз ауытқушылықты дер уақытында анықтап, оны жоюға шұғыл араласуға мүмкіндік береді.
Мұндай жағдайда субъектінің шаруашылық қызметінің белгіленген түпкілікті қаржылық нәтижесі өзгертілуі де ықтимал. Мысалы, сауда субъектілерінде тауар айналысының тауар ресурстарымен қамтамасыз етілуін ағымдағы бақылаудан өткізу үшін әрбір тауар тапсырушының тауар әкеліп тұру келісімшартын қалай орындайтынын білу үшін жедел есеп жүргізіледі, ал тауар айналысының жоспарын ағымдағы бақылаудан өткізу үшін - тауарлардың сатылуы жедел есепке алынады және т.б.
Жедел есеп (немесе шұғыл есеп деуге де болады - аудармашы) мейілінше нақты, бақыланылатын фактілерге, құбылыстарға тән өлшемдер бойынша (дана, теңге, тонна және т.б.) сандық мөлшерлер тіркеледі. Жедел есеп субъектінің шаруашылық қызметтерінің тұтастай жағдайын көрсетіп бере алмайды.
Экономикалық объектінің құрылуының біріңғай үлгісін жедел есеп сияқты шаруашылық қызметінің жекелеген оқиғаларын анықтайтындар есеп, керісінше, шаруашылық қызметті оның бүкіл учаскелері мен бөліктерінің серпінді өзара байланысы ауқымында көрсететін бухгалтерлік есеп қана жасай алады. Бұлай болатын себебі - осынау қызметті құрайтын фактілердің кез - келгені бірден немесе біршама уақыттан кейін тікелей немесе жанама түрде, бірақ міндетті түрде объектінің қаржылық ресурстарында белгі береді. Не оның жалпы ауқымы өзгертеді, немесе оның шынайы өмір сүру формасын, әйтпесе бағыныштылығын өзгертеді.
Экономикалық объектінің қаржы ресурстарының қозғалысы мен жағдайы туралы ақпарат алуды қамтамасыз етіп отыратын есеп жұмыстарының жиынтығы бухгалтерлік есеп деп аталады. (немістің Buchhaltund - кітап жүргізуші деген сөзінен шыққан, өйткені осынау есеп пайда болғаннан бергі бірнеше ғасырлар бойы оны арнаулы кітапқа (журналға) бір адам жазып отыратын болған).
Сөйтіп, бухгалтерлік есеп дегеніміз - экономикалық пайданы бақылап және оны дамытып отыруға ықпал жасау мақсатындағы фактілер мен құбылыстарды тұтастай, үздіксіз және құжаттар негізінде түбегейлі көрсетіп отыру.
Бухгалтерлік есепті пайдаланушылардың талаптарына сәйкес ол: өндірістік, қаржылық және салықтық болып үш түрге бөлінеді.
Есептің өзге түрлеріне қарағанда бухгалтерлік есептің өзіндік ерекшеліктері болады. Атап айтқанда:
- Құжаттылық жағынан негіз болып табылады.
Уақыты жағынан үздіксіз (күннен - күнге) және қамтуы жағынан біртұтас (шаруашылық субъектісінің қаржы - шаруашылық қызметіндегі брлық өзгерістердің бір де бірін қалдырмау).
Мәліметтерді өңдірудің ерекше, тек өзіне ғана тән әдістерін қолдану (бухгалтерлік шот, екі ретті жазу, қаржылық есеп беру, бухгалтерлік баланс және т.б.).
Бухгалтерлік есеп - есеп теориясы, қаржы мен өндірістік есеп, салықтық есеп болып бөлінеді.
Бухгалтерлік есеп теориясы - бұл бухгалтерлік есеп жүйесін ұйымдастырудың теориялық, әдістемелік және практикалық негіздері.
Қаржылық есеп - бұл шаруашылық операцияларын бухгалтерлік жағынан ретке келтіріп, тіркеуді қамтамасыз ететін есептік ақпаратты жинастыру жүйесі.
Қаржылық есеп шаруашылық жүргізуші субъектінің мүлкі мен міндеттемелері туралы ақпаратты топтастырады (материалдық және материалдық емес активтер, жалға алынған мүліктер, қаржылай және заттай, салынған жарна, ағымдағы активтер (ТМЗ)), субъектінің міндеттері несие, дебиторлық және кредиторлық берешектер, ақша қаражаты, меншікті капитал, бөлінбеген табыс (шығын) және т.б.
Қаржылық есептің деректерін шаруашылық жүргізуші субъект ішінде әртүрлі деңгейдегі басшылар мен сыртқы пайдаланушылар пайдаланады (қазіргі және болашақтағы инвесторлар, кредиторлар, банктер, салық және қаржы ұйымдары).
Өндірістік есептің міндеті-өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құны туралы деректер жинастырып, өңдеу. Бұл ақпарат субъектінің коммерциялық құпиясы болып табылады, сондықтан ол тиісті басшы адамдардың өз іштерінде пайдалануына бағытталған. Өндіріске және өнімді (жұмысты, қызметті) өткізуге шығарылған шығындар туралы неғұрлым тиімді де жедел ақпарат жинастыру үшін субъект өзінің дербес бухгалтерлік есеп жүйесін құрады, ал ол аталмыш субъектінің ерекшеліктеріне неғұрлым жақындау келеді.
Салықтық есеп-салық салуға қажетті ақпаратты зеріттеп, тіркейді. Салықтық есепте пайдаланылатын ақпарат бухгалтерлік және жедел есептерден алынады.
Бухгалтерлік есептің өндірістік, қаржылық, салықтық болып бөлінуі нарықтық экономикалық жағдайындағы есептің маңызды бір ерекшелігі болып табылады. Алайда ол субъектінің міндетті түрде өндірістік, әрі жеке қаржылық бухгалтерия құруы керек дегенді білдірмейді. Алайда ең маңыздысы - ақпараттың қандай мақсатқа, кім үшін жиналатынында. Шаруашылық есеп жүйесінің құрамдас үшінші-статистикалық есеп деп аталатын бөлігі - есеп жұмыстарының жиынтығы. Ол жалпылама сипаты бар, өзінің мәні жағынан біркелкі келетін экономикалық фактілердің саны туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді.
Статистикалық есеп құбылыстардың қарапайым есебін (орташа) анықтау үшін, олардың қайталану жиілігін, оқиғалардың уақыт бойынша даму серпінділігін анықтау үшін, әртүрлі үлгідегі фактілердің пайда болу аралығындағы байланысты анықтау, осы байланыстардың тығыздығы мен мүмкіндік дәрежесін өлшеу үшін, оның сипатын үлгіге түсіріп, сол негізде бақылаудағы объектінің сапалық бағасын жасап, оның даму тенденциясын белгілеу үшін қажет. Статистикалық деректер ерекше тәсілдер арқылы өңделеді. Мұның өзі жекелеген бақылаудың нақты нәтижелерін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Шаруашылық есеп жүйесіне статистикалық есептің экономикалық объектіні бақылауға байланысы бар саласы ғана кіреді.
Шаруашылық есептің үш түрі мен шағын жүйелерінің бірлігі және органикалық өзара байланысы мынада: Экономикалық фактілерді бақылаудың бірінші фазасында бастапқы құжаттар, негізінен есептің барлық түрлеріне ортақ құжаттар пайдаланылады; екіншіден фазада есептің осы түрлері арқылы экономикалық көрсеткіштердің өзара байланысты жүйесі қалыптасады, сондай - ақ барлық есеп жұмыстары бірыңғай ұйымдастырушылық және әдістемелік принциптер жүйесіне келтіріледі. Техникалық жағынан есептің осы үш түрі де бір - бірімен тығыз сабақтас: Жедел есеп арқылы берілген деректер бухгалтерлік ақпараттық үлгіге енгізілу үшін немесе статистикалық қорытынды жасау үшін пайдаланылады; жедел есептің дұрыстығын бухгалтерлік есептер арқылы мезгіл бақылаудың тәсілдері жасалады; жедел және бухгалтерлік есеп жұмыстары кезінде пайда болатын көптеген ақпараттық мәліметтер статистикалық өңдеуге түседі.
Қорытынды
Шаруашылық жүргізудің қазіргі заманғы жағдайында дер уақытылы, әрі шынайы экономикалық ақпаратсыз шаруашылық субъектілерінің күрделі экономикалық тетігін басқару қиын. Шаруашылық есептің алғашқы құрамы - субъектілердің шаруашылық қызметтерінің фактілері мен құрлыстарын бақылау болып табылады. Бақылау дегеніміз - осы жұмыстың мақсатынан туындайтын объективтік шындықты түйсіну. Осындай бірлік нәтижесінде экономикалық объект қызметін бақылаудың жедел, статистикалық есеп арқылы алынған қорытындыларды бір - біріне өзара толықтырып, есеп беру көрсеткіштерінің бірыңғай жүйесіне айналады, бұларды статистикалық жағынан ең жоғары деңгейге - ел экономикасының даму сипаттамасын жасауға дейін жеткізеді.
Бекітуге арналған сұрақтар
Салықтық есеп дегеніміз не?
Өндірістік есептің міндеті?
Жедел есеп?
Дәріс №2
Тақырыбы: Бухгалтерлік есептің концепциялары мен қағидалары
Мақсаты:
білімділігі: бухгалтерлік есептің стандарттарын, бухгалтерлік есептің принциптерін түсіндіруде қызығушылық тудыру
дамытушылығы: бухгалтерлік есептің негізгі қағидаларының тұжырымдамасын дәлелдемелер арқылы меңгеру

1. Бухгалтерлік есептің стандарттары және тұжырымдамалық негізі
2. Бухгалтерлік есептің принциптері
1. Кез - келген басқару жүйесі - мейлі ол әкімшілік немесе нарықтық жүйе болсын бәрібір, тиісті ақпараттық жүйеге мұқтаж болады. Ақпаратты жинайтын, қорытып, өңдейтін неғұрлым маңызды тетіктердің бірі бухгалтерлік есеп. Алайда әр алуан басқару жүйелеріндегі бухгалтерлік есеп әртүрлі қызмет атқарады, сондықтан бір экономикалық система екіншісіне ауысқанда бухгалтерлік жүйе де өзгереді.
Нарықтық экономикада бухгалтерлік есеп мүлде өзгеше міндет атқарады. Ол мынадай жағдайларға бойланысты:
Нарқытық жағдайда меншік түрі өзгереді. Мемлекеттік меншікке қоса көптеген меншік иелері пайда болады, олар өз қаржысын салған шаруашылық қызмет субъектісінің шаруашылық қызметінің нәтижесіне мүдделі.
Шаруашылықпен айналысушы субъект өзін жоғары қаржы нәтижелерімен қамтамасыз ететін басқарушылық шешімдерді іздейді. Сол мақсатта ол нарық конъюнктурасын зерттейді, өз қызметін өзінше дербес жоспарлайды, өнім берушілер мен сатып алушыларды табады, бағаны өз бетінше қояды және т.б.
Шаруашылық жүргізуші субъект нарық жағдайында коммерциялық банктердің несиелік ресурсатры үшін, сонадай - ақ басқа да пайдалы инвесторлардың қаржысы үшін, яғни қаржы ресурстарының көзі үшін күреске түседі. Соның нәтижесніде шаруашылық жүргізуші субъекті де басқарушылық шешім қабылдап, соның нәтижелерін бағалау үшін қажеті дер уақыттылы ақпаратқа деген мұқтаждық пайда болады. Ал екінші жағынан, субъект өзіне қаржы берген (немесе бермекші) инвесторға да тиісінше ақпарат беруге міндетті.
Нарық жағдайында да салықтар мен төлемдердің дұрыс аударылғаны туралы мемлекет алдында есеп беру қажеттігі сақталады.
Нарықтық экономикаға көшуге байланысты шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп ерекше маңызды бола түседі. Бухгалтерлік есептің мақсаты бухгалтерлік есеп стандарттарында, субъектілердің қаржы - шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есебі есепшоттарының Бас жоспарында бекітілген жалпы принциптер мен ережелер негізінде Қазақсатан Республикасының Бухгалтерлік есеп туралы , Салық және бюджетке міндетті түрде басқада төлемдер туралы заңына сәйкес басылып шығарылды. Сондай - ақ Қазақсатын Республикасының бухгалтерік есеп жөніндегі Ұлттық комиссиясы басып шығарған нұсқаулар, ережелер, ұсыныстар бойынша мынадай тұтынушыларды қажетті қаржылық ақпаратпен қамтамасыз ететіндей есептеу мен есеп беру жүйесін жасау керек:
Сөйтіп, шаруашылық қызмет фактілері туралы алғашқы деректер бухгалтерлік есепте көрініс тауып, қортындыланатыны соншалық, қаржылық ресурстардың (активтердің) жекелеген түрлерінің жағдайы, олардың көзі немесе туындаған міндеттемелер туралы көптеген ақпараттық көрсеткіштер қалыптасады. Бухгалтерлік есепті жекелеген фактілер туралы бытыраңқы деректер шаруашылық қызметтің жинақталған көрінісін, оның нәтижесін сипаттайтын ақпаратқа жүйеленеді. Бухгалтерлік есептегі экономикалық көрсеткіштер шаруашылықтың жағдайын өзгертетін жекелеген бүкіл фактілер туралы деректерді көрсетудің, қортындылаудың және салыстыра өлшеудің нәтижесі іспетті. Нақтылы фактілер туралы деректер орнына шаруашылық процестері мен құбылыстары туралы ақпарат беріледі.
Басқару міндетіне қарай экономикалық ақпарат жүйесі нормантивтік, жоспарлы, есептік, аналитикалық ақпараттар болып бөлінеді. Бухгалтерлік есеп ақпарат қашан басқарушылық шешім үшін өңделуге қажет болғанша оны жинақтап, сақтаушы болып табылады. Ал есеп дегеніміз деректерді жинаудың, өңдеудің, сақтау мен іздестірудің регламентті бағдарламасы бар өзінше бір дербес ақпараттық жүйе.
Ақпарат деген ұғымды Дерек дегеннен айыра білу қажет. Бұлардың арасында күрделі диалектикалық тәуелділік бар.
Шаруашылық ресурстарының қозғалыс формасы ретіндегі шаруашылық процестері көптеген шаруашылық түрінде жүзеге асады.
Әрбір шаруашылық операциясы - бұл белгілі уақыт пен кеңістікте өтетін процесс. Оның өте нақты белгіленген басталуы мен аяқталуы, орындалынатын жері болады. Шаруашылық операциясын жүзеге асыру үшін еңбек пен күш - қуат жұмсалады, материалдық, ақша ресурстары жұмылдырылады және басқа. Бухгалтерлік есеп объектісі әдетте аяқталған шаруашылық операциясы болады. Онда, тәртіп бойынша, операцияның аяқталу фактісі мен оның нәтижесі көрініс табады. Шаруашылық операция туралы деректерді бақылап және қортындылай келе бухгалтерлік есеп шаруашылық ресурстары мен шаруашылық процестерінің үздіксіз қозғалысы туралы ақпарат түйседі. Нақты шаруашылық процестеріне жататын көптеген шаруашылық операциялары мен басқа да шаруашылық фактілері сияқты шаруашылық процестері арқылы жүзеге асырылатын шаруашылық ресурстардың (активтердің) бүкіл айналысы бухгалтерлік есепте көрініс табады.
Шаруашылық операцияларының орныдалуын белгілі бір шаруашылық ресурстарының қозғалысы қамтамасыз етеді. Бұл тұрғыда әрбір шаруашылық операциясы нақтылы және бухгалтерлік есептің белгілі бір түріне жатады. Солай бола тұрса да шаруашылық операциялары мен фактілерінің өздерін бухгалтерлік
есептің өзге объектілерінен бөлекше қарайтын жалпылама дербес қасиеттері болады.
Шаруашылық операциялары мен фактілерінің жалпы қасиеттеріне операцияның басталған немесе аяқталған сәтінде олардың құжаттандырылуы, сондай - ақ олардың ақшалай бағалануы (бухгалтерлік есептің тәсілдері мен әдістері) жатады.
2. Қолданылып жүрген стандарттар мен салық салу жүйесіне бағдар ұстаған шаруашылық жүргізуші субъект нарықтық экономика жағдайында есеп пен салық саясатын қалыптастырады.
Есеп саясаты - бұл бухгалтерлік және салық есебін жүргізу әдістерінің, принциптерінің, ережелер мен процедураларының жиынтығы және солардың негізінде қаржылық есеп беру.
Есеп саясатының қалыптасу тіртібі, оның мақсаты мен қызмет аясы, оның ашылуы Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі ұлттық комиссия бекіткен Есеп саясаты және оның ашылуы туралы №1 бухгалтерлік есеп стандартында белгіленген.
Қазақстан Республикасының экономикасын басқарудың қазіргі жүйесінде есеп саясатын қалыптастырудың екі деңгейі пайда болады: оның бірі - ауқымды
(глобальный, жалпы мемлекеттік), екіншісі - жергілікті (локальный).
Есеп саясатын мыналар белгілейді:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бухгалтерлік есеп және аудит методологиясы жөніндегі департаменті, ҚР-ның бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы, ұлттық статистика агенттігі, Қаржы министрлігі, Қаржы министрлігінің Салық комитеті, Экономика министрлігі, ҚР- ның Ұлттық банкі, ҚР - ның Аудиторлар палатасы, Салалық министрліктер, Акционерлік қоғамдар ж .б.
Бұл органдар өз құзіреттерінің шегінде әртүрлі ережелер, нұсқаулар және басқа да нормантивтік құжаттар шығарады, осылардың бәрі қосыла келе есеп саясатын қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер есеп, салық салу және қаржылық есеп мәселелерін қозғайтын ұлттық бухгалтерлік сатндарттарға, қолданылып жүрген заңдылықтарға сүйене отырп өзінің есеп саясатын қалыптастырады.
Есеп саясаты бухгалтерік есеп пен салық салудың ағымдағы, сондай - ақ болашақтағы міндеттерін жүзеге асыратындай шешімдер белгілеуге тиіс.
Есеп саясатын қалыптастырып, пайдалану барысынада бухгалтерлік есептің мынадай принциптерін сақтаған жөн:
Есептеу. Табыс - нақтылы қолға келген сәтте басталады, ал шығын да солай, шығарылған сәтінен есептелінеді, яғни ақша қаражатының түскен немесе төленген сәтінен емсе, пайда болған сәтінен. Есептеу әдісінің артықшылығы сол - ол субъектінің шынайы қаржылық жағдайы мен қызметін неғұрлым дұрыс көрсетеді.
Үздіксіз қызмет. Субъект алдағы уақытта да жұмысын жалғастыра береді және онда өз қызметін тоқтату немесе елеулі түрде қысқарту ниеті болмайды, демек міндеттеме белгіленген мерзім мен тәртіп бойынша өтелінеді.
Мәнділік. Бір жағынан, егер ақпарат болжамдық жөнінен құнды болса, онда шешім қабылдау нәтижесіне ықпал ету мүмкіндігін білдіреді. Екінші жағынан, ақпарат бұдан бұрындары күтілген үмінттің қаншалықты дұрыс болғаны туралы бірдеңелер біледі. Ақпараттың тұтынушыға дер уақытында түсуі өте маңызды. Егер ақпарат керек уақытында табылмаса, оның ешқандай маңызы болмайды. Ақпараттың мәнділігі оны алуға жұсалған шығыннан жоғары тұруға тиіс. Міне, алынған ақпартты тиімділігі бойынша анықтайтын өлшем осы.
Түсініктілік. Қаржылық есептен туындайтын ақпарат барлық тұтынушыларға түсінікті болуға тиіс. Есепті түсінікті түрде берудің формасы оның заң бекіткен сатандартты мазмұны мен форматына бйланысты.
Дұрыстығы. Ақпарат дұрыс болуға тиіс, яғни елеулі қателіктер мен ағаттықтарға жол бермейді, өйткен оған тұтынушылар сенуге тиіс.
Шынайы және әсірелеусіз ұғыныс. Шынайлылық - мынадай шаруашылық процесстерімен сәйкестілік дәрежесі: тексерілуі және оның дәлелдену мүмкіндігі. Есеп ақпаратты белгілі бір шығын топтың мүддесін білдірмеуге тиіс, яғни ол әсерлеусіз, әрі бейтарап болуы керек.
Бейтараптылық. Қаржылық есеп арқылы берілетін ақпарат әрқашан бейтарап, әрі сенімді болу үшін үстірттіктен адал болуға тиіс.
Сақтық. Ол шаруашылық жағдайы әлі беймәлім күйде тұрғанда шешім қабылдауға сақтықпен қарауды білдіреді, яғни активтер мен табыс артықтау, ал міндеттеме немесе шығындар кем бағаланбау керек. Мысалы, ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияны қайыра бағалау сол кезеңнің табысы емес, төленбеген қосымша капитал болып табылады. Демек, қаржы - шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте жүзеге асырылған қаржылық инвестициядан түскен табыс қана көрсетіледі. Ал аталмыш қайра бағалау тек оларды жүзеге асыру сәтінде ғана табыс деп танылады.
Салыстырмалылық. Ақпарат бір есепті кезеңнен екіншісіне салыстырмалы болуға тиіс. Есеп саясаты бойынша қабылданған методология мен таңдап алынған есеп процедуралры оларға өзгеріс енгізілгені туралы және жаңа пинцип неге арты саналғаны туралы тұтынушыларға хабарланып, түсінік берілгенше өзгермеуге тиіс.
Тиянақтылық. Қаржылық есеп ақпараты үзіліп қалуға немесе қате түсінік беруге тиіс емес. Мұның арты қандай да бір шешімнің қабылдануына ықпал етуі мүмкін. Әрине, толық ақпаратсыз ахуалы аңдап отыру мүмкін емес, яғни егер ақпарат аяқталағн, тиянақталған болмаса.
Сабақтастық. Субъект өзі тандап алған есеп саясатын бір есепті кезеңнен екінші есепті кезеңге сабақтастыра қолданады.
Аталған принциптерді сақтамау шаруашылық субъектісінің мүліктік жағдайын бұрмалып көрсетеді. Есептік ақпарат пен активтер мен міндеттемелердің статьяларын бағалауда бұрмалауға жол берген, есептік деректерді әдейі теріс көрсеткен басшылар мен бас бухгалтерлер қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Қорытынды
Нарықтық экономикаға көшуге байланысты шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп ерекше маңызды бола түседі. Бухгалтерлік есептің мақсаты бухгалтерлік есеп стандарттарында, субъектілердің қаржы - шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есебі есепшоттарының Бас жоспарында бекітілген жалпы принциптер мен ережелер негізінде Қазақсатан Республикасының Бухгалтерлік есеп туралы , Салық және бюджетке міндетті түрде басқада төлемдер туралы заңына сәйкес басылып шығарылды. Сондай - ақ Қазақсатын Республикасының бухгалтерік есеп жөніндегі Ұлттық комиссиясы басып шығарған нұсқаулар, ережелер, ұсыныстар бойынша мынадай тұтынушыларды қажетті қаржылық ақпаратпен қамтамасыз ететіндей есептеу мен есеп беру жүйесін жасау керек.
Бекітуге арналған сұрақтар
Шаруашлық операцияны жүргізу
Бухгалтерлік есептің қағидалары
Дәріс №3
Тақырыбы: Бухгалтерлік баланс
Мақсаты:
білімділігі: бухгалтерлік балансты түсіндіруде қызығушылық тудыру
дамытушылығы: бухгалтерлік баланстың қағидаларын дәлелдемелер арқылы меңгеру
тәрбиелік: білімгерлердің шығармашылық мүмкіндігін арттыру

1. Бухгалтерлік баланс туралы түсінік және оның құрылымы
1. Бухгалтерлік баланстың шаруашылық ресурстарының қолда бар мөлшері мен жағдайын және көздерін, олардың құралуын қортындылайтын тәсіл ретіндегі қызмет туралы жалпы түсінік береді.
Бухгалтерік баланс шаруашылық субъектісінің жылдық қаржылық есебінің негізгі формасы болып табылады.
Баланс жасау тәртібін бухгалтерік баланс және қаржылық есеп берудегі негізгі ашылымдардың №2 бухгалтерлік есеп стандарты, бухгалтерік есеп жөніндегі ұлттық комиссияның 1996 жылғы 13 қарашадағы №3 қаулысы және ҚР Қаржы министрлігінің бухгалтерлік есеп және аудит методологиясы департаментінің 1997 жылғы 21 мамырдағы бұйрығымен бекітілген қаржылық есеп беру жөніндегі методологиялық нұсқауы белгіленген.
Баланс дегеніміз - бұл шаруашылық субъектісінің ресурстары мен олардың құралу көздерінің жағдайын ақшалай формада және белгілі бір уақыт сәтінде көрсетіп беруге мүмкіндік жасайтын бухгалтерлік есеп әдістемесі. Баланста бұл екі категория - ресурстар мен көздер, яғни актив пен пассив мейлінше анық ерекшеленеді. Баланстың негізгі бухгалтерлік есептің классикалық:
Актив - пассивке (міндеттемелер+жеке меншік капитал) теңдеуі болып табылады.
Активтер субъектісінің қолында не бар екенін, яғни барлық құны бар мүмкін, мүліктік және мүліктік емес жеке игілігімен құқын көрсетеді.
Міндеттеме дегеніміз - борышкердің несие берушінің пайдасына белгілі бір іс - қимыл жасау немесе одан бастарту міндеті, ал несие беруші борышкерден өз міндетін орындауды талап етуге қақылы.
Жеке меншік капитал дегеніміз - бұл меншік иесінің активінен оның міндеттемелерін ұстағаннан қалған капитал.
Жұмыс істеп тұрған субъектінің балансы белгілі бір мерзімге құрылады. Сонымен қоса баланстардың бірнеше түрлері болады, олар бір - бірінен елеулі айырмашылақтарымен ерекшеленеді.
Бұл ұйымдық (алғашқы) баланс, ол субъект қызметінің басталуына бағындырылған. Субъектінің бағыныштылығына қарай баланс. Жаңадан құралған субъектілер және бұрындары жұмыс істеген субъектілердің ізбасарлары болып бөлінеді. Бірінші жағдайда субъект баланс қарапайым болып келеді, өйткені мүліктердің көпшілігі негізінен тек ақша қаражатынан тұрады.
Бастапқы баланс субъектісінің шаруашылық қызметінің басталуын білдіреді. Мүліктер тізімін инвентатрь деп атайды және ол тізімге алынатын инвентатрь түрінде тіркеледі, оның варианты төменде келтірілген.
Субъектілерге тиісті шаруашылық ресурстарының жалпы ауқымы 240000 теңге (165000+75000), ал ресурстар - 40000 таңге, демек субъектінің құрылу сәтіндегі жеке меншік капиталы 200000 теңге (240000 - 40000). Бұлардың жаңадан құрылған субъектісінің жарғылық капиталына баланстық көрсеткішке айналады. Ол бастапқы баланс активті мен пассивті ауқымының теңесуіне мүмкіндік береді.
Инвентатрлық тізім.
Объектілер атауы
сомма
Негізгі құрал
Ағымдағы активтер, соның ішіндегі:
Қосалқы тауар - материалдар қоры
Банктерге есеп айырысу есеп шотындағы ақша
Дебиторлық берешек
Жұмылдырылған ресурстар, соның ішінде
Банк несиесі
Жұмысшылар мен қызметкерлер жалақысына берешек
Әлеументтік қорғаныс органдарына берешек
165 000
50 000
20 000
5000
40 000
25 000
14 000
1000
Бұл жерде теңестіруші ретіндегі қаржылық нәтиже (табыс пен шығын) көрсетілмейді, Өйткені субъект шаруашылық қызметін әлі жүзеге асырған жоқ.
Бастапқы баланс.
Актив
Сомма (теңге)
Пассив
Сомма
Негізгі құралдар
Қосалқы тауар -
Материалдар қоры
Қолдағы қаржы
4. Дебиторлар
165 000
50000
20 000
5000
Жарғылық капитал
жұмысшы - қызметшілермен есеп айырысу
Әлеументтік қорғаныс бойынша есеп айырысу
Банк несиесі
200 000
14 000
10 000
25 000
Баланс
240 000
Баланс
240 000
Екінші жағдайда бастапқы ресурстар тек қана ақша қаражаттарынан емес, сондай - ақ қайыра құрылған субъектілер баланысындағы басқа да құндылықтардан: шикізаттар мен құрал жабдықтардан және т.б. құрылады.
Қорытынды
Баланс дегеніміз - бұл шаруашылық субъектісінің ресурстары мен олардың құралу көздерінің жағдайын ақшалай формада және белгілі бір уақыт сәтінде көрсетіп беруге мүмкіндік жасайтын бухгалтерлік есеп әдістемесі. Баланста бұл екі категория - ресурстар мен көздер, яғни актив пен пассив мейлінше анық ерекшеленеді.
Бекітуге арналған сұрақтар
Міндеттеме дегеніміз не?
Жеке капитал дегеніміз не?
Дәріс №4
Тақырыбы: Бухгалтерлік шоттары және екі жақты жазу
Мақсаты:
білімділігі: бухгалтерлік есеп шот туралы түсінік беруде білімгерлердің қызығушылығын тудыру
дамытушылығы: бухгалтерлік есеп шоттың түрлерін дәлелдемелер арқылы меңгеру
тәрбиелік: білімгерлердің шығармашылық мүмкіндігін арттыру, тез ойлауға баулу

Бухгалтерлік есеп шот туралы түсінік
Бухгалтерлік есеп шот құрылымы мен түрлері
1. Есепті кезең ішінде кәсіпорындарда (шаруашылық субъектілерінде) жүргізілетін шаруашылық операция санының көптігіне байланысты шаруашылық операцияларын тікелей бухгалтерлік баланста жазып отыру тиімсіз, әрі техникалық жағынан қиын жұмыс болып табылады. Оның үстіне шаруашылық қызметке басшылық жасау үшін шаруашылық ресурстары мен олардың құралу көздерінің жағдайы туралы ғана дерек алып отыру жеткіліксіз. Бұларға қоса шаруашылық ресурстарының қым - қуыт айналасында жүргізіліп жатқан барлық процестер туралы, осы процестердің нәтижелері туралы ақпаратта қажет. Осылар арқылы субъекті мен оның жекелеген бөліктерінің қызметтеріне баға беріледі.
Осы мақсатта бухгалтерлік есеп жекелеген амалдар пайдаланылып, солар арқылы шаруашылық операциялары көрініс табады.Бухгалтерлік есеп әдістемесінің элементтері есеп шоттарын болып табылады. Бухгалтерлік есеп есеп шотарының жүйесе сапалық бірыңғай белгідегі ресурстардың, олардың көздері мен шаруашылық процестерінің қозғалысын көрсетеді. Өздерінің атаулары мен нөмірлері (шифрлары) бар есепшоттар жүйесінің ресми тізімі бухгалтерлік есеп шоттарының бас жоспары деп аталады. Ол экономиканың барлық салаларындағы кәсіпорындарға (банктер мен бюджеттік ұйымдардан басқа) арналған. Солай бола тұрса да бухгалтерлік есептің көптеген есеп шоттары субъектілердің қаржы шаруашылық қызметтінің ерекшелектеріне қарай оны пайдалану да мүмкін. Бұл жұмыс жоспарын есепке алуда бірінші бөлімдегі жекелеген есеп шоттардың мазмұның ашатын субсчеттар жүйесіне қоса есеп шоттар жасап, қолдануды қажет етеді.
Қаржы ресурстарының әр түрінде болатын өзгерістерді тіркеу тиісті есеп шотқа олардың өсу (ұлғаю) немесе кему ауқымын түсіру жолымен жүзеге асырылады. Бухгалтерлік есеп есеп шоттарының жүйесі ресурстардың (активтердің), олардың көздері мен сапалық жағынан бірыңғай белгідегі шаруашылық процестерінің қозғалысын білдіреді. Соған қоса ресурстардың және олардың көздерінің түрлі топтары үшін, сондай - ақ шаруашылық процестерінің әр қилы деңгейлері үшін жеке есеп шоттары болады. Ол біркелкі белгі бойынша ресурстар мен олардың көздерінің, шаруашылық процестірінің қозғалысын көрсетуге мүмкіндік береді.
Сөйтіп, бухгалтерлік есеп есеп шоттарын енгізу жекеленген шаруашылық операцияларын экономикалық жағынан топтастырудың, шаруашылық ресурстарының (активтерінің) қозғалысы мен олардың құралу көздерінің өзгерісіне ағымды бақылау жасаудың, сондай - ақ есеп жұмысында барлық шаруашылық процестерінің өзара байланысын қалыптастырудың тәсілі болып табылады.
Сондықтан бухгалтерлік есептерді шаруашылық ресурстарының жағдайы мен қозғалысын олардың құрамына да, сондай - ақ көздеріне де қатысты ағымдағы және үздіксіз топтастырудың тәсілі деп қарастырған жөн. Топтастыру ресурстардың дұрыс пайдаланылуына басшылық жасау, сондай - ақ субъктінің өз міндеттемелері үшін жауапкершілігінің қажеттілігінен туындаған.
Ағымдағы есепті дұрыс ұйымдастыру үшін шаруашылық процестерінің көрінісі мен шаруашылық ресурстарының құрамындағы өзгерістерді (байланыстырып) ұштастырып субъект қызметі процесінің барысына өзара сабақтас сипаттама беру қажет. Бұған баланстың әрбір статьясы үшін ашылатын, алайда олар балансқа қатыстылығына қарай бір - бірімен өзара байланысты, демек баланстық қортындылауға қосылатын есеп шоттар жүйесін пайдалану жолымен қолжеткізуге болады. Осы арқылы баланста берілген есеп объектілерінің топтастыру бекітіледі. Шындығында есеп шоттар топтарына сәйкес келетін баланс статьялары да болады, сонымен қатар бірнеше баланстық статьялар сәйкес келетін есеп шоттар да болады. Сөтіп, баланыстарында субъектінің бүкіл шаруашылық-қаржы қызметінің процесі бүтіндей де, оның жекелеген бөліктері бойынша да көріне алады.
Бухгалтерлік есеп шоттары жүйесінің мәнісі - ол шаруашылық ресурстарының жекелеген әрбір түрінің немесе олардың көздерінің қозғалысын көрсетуге, ресурстардың әрбір түрінің құрамы мен орналасуындағы өзгерістер туралы ақпарат алып тұруға және бухгалтерлік баланс жасауда қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызады. Мұндай бақылау бухгалтерлік есептің негізгі талаптарының бірі және оған есеп шоттар жүйесінің көмегімен қол жеткізіледі.
Әрбір бухгалтерлік есеп шотта ресурстардың жекелеген түрінің немесе олардың құралу көздерінің, сондай - ақ шаруашылық процестерінің жекелеген түрінің қозғалысы көрсетіледі. Есеп шот атауы есепке алынатын объектігі байланысты
беріледі. Мысалы, субъект кассасындағы қолма - қол ақшаның қозғалысын есепке алау үшін Кассадағы қолма - қол ақша есеп шоты, ал тауарлар қозғалысы үшін - Алынған тауарлар есеп шоты, сатып алушылар мен заказ берушілердің дебиторлық берешектерінің өзгерісіне Алынуға арналған есеп шоттар есеп шоты ашылады және осылайша жалғаса береді.
2. Шаруашылық ресурстары, олардың көздері және операциялары бухгалттерлік есеп шоттарында үздіксіз, өзара байланыста әрі белгілі бір жүйеде көрсетіледі. Бұған әрбір шаруашылық операциясын пшоттарға екі рет жазу тәсілі арқылы қол жеткізіледі. Екі рет жазу шоттар арасындағы ақпараттар қозғалысының бағытын көрсете отырып олардың өзара байланысын сипаттайды.
Есеп шоттар арасындағы байыланысты көрсете отырып екі рет жазу бухгалтерлік есеп шоттарының жалпы құрылымын туғызады.
Бухгалтерлік екі рет жазу амалының мәнісі мынады: шаруашылық операциясы бірдей уақытта және өзара сабақтастырыла бір шоттың дебеті мен келесі шоттың кредитіне бірдей сомада қатар жазылады. Шаруашылық операцияларының шоттарда екі ден көрсетілуі бухгалтерлік есепте екі рет жазу деп аталады.
Жүргізілген шаруашылық операцияларынан туындаған баланстық өзгерістердің төрт үлгісіне немесе топтарына сәйкес операцияларды есеп шоттарға екі рет жазудың мынадай тәртібі белгіленген.
баланстық өзгерістердің бірінші үлгісіндегі немесе тобындағы операция бір активті шоттың дебеті мен келесі активті шот кредитіне жазылады;
екінші үлгідегі операция бір пассивті шоттың дебеті мен келесі пассивті шот кредитіне жазылады;
үшінші үлгідегі операция бір активті шоттың дебеті мен келесі пассивті шоттың кредитіне жазылады;
төртінші үлгідегі операция пассивті шот дебеті мен активті шот кредитіне жазылады.
Есеп шоттарға екі рет жазу бухгалтерлік жазуладың дұрыстығын автоматты түрде тексерудегі, сондай - ақ шаруашылық ресурстары мен олардың құралу көдерін тексерудегі ағымдық бухгалтерлік есептің маңызды тәсілі.
Екі рет жазу амалының ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz