Сан компонентті фразеологизмдер



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Филология факультеті
Қазақ тіл білімі кафедрасы

Курстық жұмыс
Тақырыбы: Сан компонентті фразеологизмдер

Орындаған: Акылбекова Назым Мұратбекқызы
Тобы: КИ-21-22
Тексерген: Саменова Света Нуртаевна

Қарағанды-2023

Жоспар:
Кіріспе
І Сан компонентті фразеологизмдер
Фразеологизмдер туралы қысқаша сипаттама
Фразеологизмдерге қатысты жүргізілген зерттеулер
Үш сан есімі қатысуымен жасалған фразеологизмдер
Жеті сан есімі қатысуымен жасалған фразеологизмдер
Тоғыз сан есімі қатысуымен жасалған фразеологизмдер
Қырық сан есімі қатысуымен жасалған фразеологизмдер
Сан есімдер арқылы жасалған лексикалық варианттар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Тіліміздегі фразеологизмдер халықтың ерте заманнан бергі өмірінен мәлімет береді. Халықтың байырғы күн көрісі мен тұрмысы бойынша қалыптасқан түсініктері мен пайымдаулары, соған байланысты дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары тілдік қолданыстағы тұрақты тіркестерден көрініс табады. Кез келген ұлтта өзіне тән, өзіндік түсінікті білдіретін сөздері болатыны анық. Ал қазақ тілінде ондай тіркестер легі көп.
Тілімізде фразеологизмдер елеулі орын алады. Тұрақты тіркестерсіз сөздік қорымыз құрғақ болар еді. Халқымыз байырдан-ақ астарлы мәнмен бейнелі сөйлей білген. Сол тұрақты тіркестердің қатарында санау мәнді, мезгіл мәнді білдіретін қатары аз емес.
Тақырыптың өзектілігі: Ойды бейнелі, мәнерлі жеткізу үшін тіліміздегі дайын қалпында қолданылатын тұрақты тіркестерді білу, оның қалыптасқан уәжін, шығу тарихын зерттеу - қазақ тіл біліміндегі өзекті мәселелердің бірі деп білеміз. Фразеологизмдер - халқымыздың әр кезеңдегі өмір тарихынан сыр шертеді. Соның ішінде сан компонентті фразеологизмдер зерттеуді талап ететін, өзекті тақырыптардың бірі.
Курстық жұмыстың мақсаты: Зерттеу жұмысының басты мақсаты - тіліміздегі сандарға негізделген тұрақты тіркестерді зерттей отырып, сан компонентті фразеологизмдердің шығу тегін, жасалу жолын анықтау және ұлттық-мәдени негізін айқындау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Тұрақты тіркестердің қалыптасуына негіз болған ұлттық деректерді этнолингвистикалық талдаулар арқылы айқындау;
- фразеологизмдердің зерттелу тарихына шолу жасау;
- сан компонентті фразеологизмдердің құрылымдық-мағыналық ерекшеліктерін айқындау;
- фразеологизмдердің құрамындағы сандардың этномәдени жүйенің сандық коды ретінде жұмсалуын зерделеу.
Курстық жұмыстың нысаны: Сан компонентті фразеологизмдердің мағыналық ерекшеліктерін айқындау.
Курстық жұмыстың дереккөздері: Қазақ тілінің 10 томдық түсіндірме сөздіктерінен, І.кеңесбаевтың редакциясымен жарық көрген Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінен материалдар алынды. Сонымен қатар, қазақ фразеологиясына қатыст жазылған ғылыми еңбектер, этнолингвистикалық зерттеулер негіз болды.

1.1 Фразеологизмдер туралы қысқаша сипаттама

өйлеуіміз сөйлемнен тұрады да, сөйлем әлденеше сөзден тұрады. Жеке сөздің сөйлемге айналуы сирек екенін білеміз. Синтаксистік тұрғыдан алып қарасақ, сөз бен сөйлем арасында топ бар, ол - сөз тіркестері. Сөз тіркесі дегеніміз - екі не бірнеше сөздерден құралған грамматикалық бірлігі бар топ. Сөз тіркестері еркін және тұрақты болып екіге бөлінеді. Еркін тіркестер қолдану барысында, қажеттілікке орай қайта жасала береді. Мұндағы сөздер ажырамастай қалыпта емес, керегі болса алмастырылып, орындары ауыстырыла береді. Ал еркіндігі жоғалған, ажырамастай кірігіп кеткен тіркестерді тұрақты тіркестер деп атайды. Оларды ғылымда фразеологизмдер деп атаймыз.
Бір тіл - бір ұлт. Өмірде күллі тіршілік атаулының бар саласын қамтитын әр ұлттың тілінде өзіне тән, бейнелі сөз орамдары, тұрақты сөз тіркестері - фразеологизмдер көп кездеседі.
Сөз өз табиғатында тілдің заңдылығы тұрғысынан фонетикалық, морфологиялық өзгерістерге ұшырап отырады. Мұндай құбылыс фразеологизм құрамындағы компоненттерге тән.
Фразеологизмдердің тек өзіне ғана тән өзгеше белгілері бар. Осы белгілер тілдің бұл категориясын өз алдына жеке сала ретінде қарастыруға алып келеді. Бұл белгілердің түрі төмендегідей:
лексикалық мәні;
компоненттік құрамы;
грамматикалық категориялардың түрі.
Бұл белгілердің тек фразеологизмдерге тән екенін дәлелдеу үшін сол фразеологизмдерді, тілдік единица сөзбен және сөз тіркесімен салыстыру керек. Екеуінің де фразеологизмдермен ортақтасып кететін тұстары бар. Сөз тіркесі дегеніміз фразеологизмдер жасалатын ұяның бірі.
Лексикалық мәні және грамматикалық жасауы жағынан сөз бен фразеологизмдердің ұқсасатын белгілері көп. Фразеологизм мен сөздің лексикалық мәнін ашқанда, олар бір-біріне синоним болып келетінін байқаймыз. Мысалы: қас пен көздің арасы - лезде, тез; жермен жексен қылу - бірдей, тегіс; төбе шашы тік тұру - үрейлену; жерден жеті қоян табу - қуану; ит жеккен жер - алыс; үріп ауылға салғандай - сұлу т.с.с
Фразеологиялық тіркестердің жеке сөздер тектек стилистикалық өңі ажарлы келеді. Сөйлемдегі орнына, қоланылу жүйесіне қарай фразеологиялық тіркестер кейде еркін тіркесіп, кейде тұрақтанып қалатын тұстары болады. Мысалы, ат үсті деген фразаны алайық. Бұрын көлік мініп көрмеген адамға ат үсті жайсыз көрінді. Мұнда фразалық мән жоқ. Ал, олар мәселені ат үсті қарады десек, бұл фразеологиялық мәні бар тіркес.
Фразеологизмдер тіл-тілдің бәрінде бар құбылыс. Бұларды тілдік бөлекше бір сипаттағы, шырыны мен сөлі таусылмайтын дәмді элементтері деп айтуға болады. Тілдің байлығы, тілдің сұлулығы, тілдің өткірлігі дегеніңіздің айрықша көрінер жері осы фразеологизмдер маңы.
Фразеологизмдер - тіліміздің бөлінбес бір бөлшегі. Өзінің көнелену жағынан да, тұлға, мағына тұрақтылығы жағынан да, стиль жағынан да оларға тән ерекшеліктер бар.
Тілімізде көкейге қонымды, көркем, орамды алуан түрлі тұрақты сөз тіркестері кездеседі. Тіл қазынасына жататын қат-қабат тіркес, тізбектерді халық орынды пайдаланады. Мақал-мәтелдермен парапар жоғары бағалап, оларды қастерлей сақтап келеді.

1.2 Фразеологизмдерге қатысты жүргізілген зерттеулер

Қазақ тіл білімінде фразеологизмдерді арнайы, теориялық тұрғыдан зерттеу XX ғасырдың ортасынан басталып, бүгінгі күнге дейін толастамай келеді. Осы уақыттағы зерттеулерді төмендегідей 4топқа бөліп қарастыруға болады:
1. XX ғасырдың ортасы - 40-50 жылдар - қазақ фразеологиясын теориялық жағынан зерттеудің алғашқы кезеңі.
2. 60-70 - жылдар қазақ фразеологизмдерін классификациялау, жеке авторлар еңбектеріндегі фразеологизмдер жайы.
3. 80-жылдар - фразеологизмдерді жан-жақты зерттеу. Қазақ фразеологизмдерінің өзге тілге аударылуы мен басқа тілдегі фразеологизмдердің қазақ тілінде берілуі.
4. XX ғасырдың соңғы он жылы - 1990-2000 жылдар - фразеологизмдерді этнолингвистикалық, этномәдени тұрғыдан зерттеу және салғастырмалы фразеологизм.
Қазақ фразеологиясын тілдік тұрғыдан зерттеуге алғашқы кезеңде ұлттық тіл білімін қалыптастырудағы аса көрнекті тілші ғалымдарымыздың дені түгел назар аударған еді. Қазақ филологиясының тілші ғалымдары Н.Сауранбаев, І.Кеңесбаев, С.Аманжолов, Ғ.Мұсабаев, Қ.Аханов, Р.Сәрсенбаевтар фразеологизмдердің теориялық-практикалық мәселелері бойынша алғаш тұжырым жасаушылар болды.
Қазақ фразеологиясы мәселесімен шұғылданып, арнайы зерттеу жүргізген, сол жайында еңбек жазған І.Кеңесбаев болса, С.Аманжолов фразеологиялық тіркестердің сөйлем мүшесіне қатысы жайлы, Н.Сауранбаев фразеологияға не жатады деген сұраққа көңіл аударды. Қазіргі қазақ тілі оқулығына (1954 ж.) фразеология бөлімін енгізген Ғ.Мұсабаев та фразеологиялық ерекшеліктерге көп көңіл бөлген. К.Аханов өзінің Тіл біліміне кіріспе атты жоғары оқу орындарына арналған оқу құралының лексикология тарауында қазақ тілі фразеологиясына В.В.Виноградовтың классификациясы бойынша жіктеу жасады, Р.Сәрсенбаев тұрақты тіркестердің бір түріне жататын мақал-мәтелдердің тілдік ерекшеліктеріне тоқталды.
Қазақ фразеологизмін зерттеудің екінші кезеңінде 60-жылдары ғалымдар фразеологизмдер мен тұрақты тіркестер бір ме, оларға не жатады деген сұрақтарға көңіл аударды. Р.Сәрсенбаевтың Қазақ мақал-мәтелдерінің стилистикалық ерекшеліктері атты кандидаттық диссертациясында, С.Исаевтың Қазақ тілінің тұрақты тіркестерінің бір типі жөнінде мақаласынды осы ерекшеліктер сөз етіледі. Осы жылдарда жеке авторлар шығармаларындағы фразеологизмдердің қолданылуына да көп көңіл аударылып, сөз таптарына жүйеледі, сөйлемдегі беретін мағынасына қарай топтады.
70-жылдарда фразеологизмдерді өзге құбылыстардан айыру жөнінде А.Байталиев кандидаттық диссертация қорғап, Ә.Қайдаров пен Р.Жайсақова, А.Елешова қазақ фразеологизмдерін классификациялау мәселесіне көңіл бөлді. Екінші кезеңнің тағы бір ерекшелігі 70-жылдардың аяғында қазақ фразеологизмдерінің өзге тілдерде берілуі және өзге тілдердегі шығармаларды қазақ тіліне аударғандағы фразеологизмдердің берілу жайы тілші ғалымдар назарын аударды. Бұл ретте Ө.Айтбаевтың, К.Дүйсетаеваның зерттеу еңбектерін айтуға болады.
І.Кеңесбаевтың көп жылдық еңбегінің нәтижесі - он мыңнан аса фразаны қамтыған Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі шықты.
Үшінші кезең - қазақ фразеологиясын жан-жақты зерттеу кезеңі. Қазақ фразеологизмдерін өзге тілдердегі тұрақты тіркестермен салыстыра зерттеу, аударма мәселесі жайында кандидаттық диссертация қорғалды. Ж.Қонақбаева антоним фразеологизмдерді қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде салыстыра зерттесе, Д.Алтайбаева фразеологизмдердің аудармадағы берілу жолдарына назар аударды.
Осы жылдарда қазақ фразеологиясын зерттеуде М.М.Копыленко мен З.Д.Попованың жаңа әдісін (семемный анализ) қолдану тәжірибелері жүзеге асты. Р.М.Таева мен Ф.Р.Ахметжанованың ғылыми еңбектерінде фразеологизмдердің семантикалық табиғатына талдау жасағанда сол әдіс - компоненттердің денотатив және конотатив мағынасын айқындау әдісі пайдаланылған.
Бұл кезеңдегі тағы бір ерекшелік - тұрақты тіркестердің тарихи қалпын (диахронды зерттеу) зерттеуге көңіл аударылды. Р.Сыздықованың Қ.Жалаиридің Жами-ат-Тауарих атты шығармасындағы тұрақты тіркестер еңбегі - диахронды фразеологиялық зерттеу.
Қазақ фразеологиясын зерттеудің төртінші кезеңі 90-жылдардан бастап бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді. Бұл кезеңде тіл білімінің осы саласында өте көп ізденістер болып жатыр. Фразеологизмдердің этимологиясына көп көңіл аударылып, олардың шығу төркініне талдау жасалды. Фразеологизмдердің этимологиясы мен жасалу көздерімен тығыз байланыста жатқан этнопсихологиялық және мәдени-танымдық аспектідегі зерттелуі кейінгі онжылдықта академик Ә.Қайдаров пен оның шәкірттерінің еңбектерінде көрініс табуда.
С.Сәтенова қазақ тілінде мал шаруашылығына байланысты қалыптасқан тұрақты тіркестердің табиғатын зерттесе, Ш.Сейітова өсімдікке байланысты тұрақты тіркестерге этнолингвистикалық сипаттама береді, ал Қ.Ғабитханұлы наным-сенімге байланысты тұрақты тіркестерге талдау жасайды, Б.Уызбаева соматикалық-етістік фразеологизмдерді зерттейді.
Фразеологизмдердің тұлғалық сипаты мен мағыналық сырына үңіле зерттеу - қазақ фразеологизмдерінің ұлттық тіл табиғатын ашуға қосылған үлес. Осындай еңбектердің қатарына С.Сәтенованың Қос тағанды фразеологизмдердің тілдік-поэтикалық табиғаты, Г.Смағұлованың Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-мәдени аспектілері докторлық диссертацияларын айтар едік.
Төртінші кезеңдегі қазақ фразеологиясын салыстырмалы зерттеудің нәтижелерінің көрінісі - Түрікше-қазақша фразеологиялық сөздік, Қысқаша қытайша-қазақша сөздік, Краткий англо-русско-казахский словарь.

1.3 Үш сан есімі қатысуымен жасалған фразеологизмдер

Жалпы қазақ халқында үш,жеті,тоғыз және қырық сандары киелі саналады. Киелі ұғымдардың көбі осы сандар төңірегінен туындап жатады. Бұны халқымыздың сөздік қорынан да, даналық қазынан да байқаймыз. Қазақ халқы ерте заманнан-ақ сан түрлі заттар мен құбылыстарға баға беріп, олардың өзді-өздеріне ғана тән қасиеттеріне, сондай-ақ келесі бір заттармен, құбылыстармен ұқсас тұстарына, ерекшеліктеріне көңіл бөліп, бақылау жасап, баға беріп, ойға тоқып, көңілге түйгендерін тілі арқылы сипаттап, суреттеп, сақтады десек, киелі сандарға қатысты этникалық білім қорындағы бейнелі пайымдар мақал-мәтелдерде былайша көрініс береді: Үшеудің бірі шарана, төртеудің бірі қаймана; Үш тағанның бірі қисайса, қалғандары құлайды; Үш нәрсе тұрақтамайды: Бірі - саудаға түспеген мал, екіншісі - таласқа түспеген ғалым, үшіншісі - саясаты жоқ патша; Үш болмайтын екілік жоқ; Түйе мінген адам үш бүктетіле алмайды; Жаман мерген теке атқан жеріне үш мәрте барады; Жыланды үш кессе де кесірткелік әлі бар т.б. үш санына қатысты мақал-мәтелдер арқауына басы бір нүктеде тоғысатын үш тірек бағандық және үш қаттық дүние моделі алынып, үш саны кез келген құбылыстың тұрақтылығы мен орнықтылығын бейнелейтін сан қилы үштік одақтар мен өзара тығыз байланыстағы үштік құрылымдардың (триада) символикасы ретінде жұмсалатыны байқалады. [7, 57-61]
Үш санының символдық мәні ерекше. Мысалы: үш жұрт, үш күндік пәни, үш қайтара сәлем беру, үш қайнаса сорпасы қосылмау т.б. Сонымен қатар, түркі тілдес халықтарда өмірден өткен адамның үш күннен кейін үшін өткізу дәстүрі сақталған.
І.Кеңесбаев фразеологилық сөздігінде үш санымен келетін фраземалардың бірнеше мағынасын көрсетеді және қазақ тіліндегі сан компонентті фразеологизмдердің көбін үш саны фразеологизмдері құрайды:
1. Ер кезегі үшке дейін;
2.Үш күндік пәни - қысқа өмір, өтпелі өмір. "Үш күндік бұл пәниге келген пенде, Байлама күрегіңді пейіл берме" (Ш.Ж.)
3. Үш қайнаса(қайнатса) сорпасы қосылмайды - бір-бірімен жуыспайды, байланыспайды, мүлде бөлек. "Жоқ мен айттым, жарықтығым, енді басымдв отқа салма, сенімен менің енді үш қайнаса сорпам қосылмайтын болған! - деп Айша таймай қасарып тұрып алды. (М.Ә)
4. Үш мүйіз болды, үш топқа бөлінді, үш топ құрды - (әскери шеп құрудың бір түрі). "Қамбар батыр майсары етіп қыпшақ, арғын жігіттерін, маймене етіп үйсін, дулат және өзге ру ойылшыларын тұрғызды. Өздері, Шыңғыс ұрпақтары, төленгіттермен орта шепті алды. Келе жатқан жауға осылай үш мүйіз боп қарсы шабуды ұйғарды. (І.Е)
5.Үш тоғыз(айыбы,сыйлығы). "Әрқайсысы тоғыздан тұратын үш топ сыйлық(айып). Байболатқа берген қалың малына үш тоғыз айыбын қосып алды да, ұпайым түгел дегендей көкіректегі ызаны ішке түйіп қала берді. (І.Е)
6. Үш ұйықтаса ойда жоқ(ойға кірмеді), үш ұйықтаса түсіне кірмеген - солай болады деп мүлде күтпеген, ойламаған. "Аты жоқ құс болады көкек деген, Алдындп терезенің секектеген, Ойымда үш ұйықтасам бар ма менің, Айырылып сені,сәулем, кетед(і) деген" (Б.Қож.) [1,552]
"Үш" сөзімен байланысты ойын аты, ырым, салт, түрлі сенім, жыл маусымы( кей халықтарда ай аттары) тәрізді сөздер бар. Қазақта "үш табан" деген асық ойынында "үш-пен" келетін сөз тізбектері (синтагмалар) бар. Мысалы: бесті -бірдін үчү, алтыны- бірдін үчү бір, жетіні- бірдін үчү екі, онды - екінін үчү, он төртті - екінін үчү төрт, жиырма бесті - бештін үчү дейді.
Қырғыз тілінде "азын-аулақ,"шағын" дегенді де "бірдін үчү" дейді. Мысалы: бірдін үчү еле малы бар - азын-аулақ малы бар. Ұйғыр тілінде бұрынғы уақыт бойынша жылдың үшінші айын "үшінді ай" деген. Жыл айларын осы ретпен санау басқа түрік елдерінде де болған. Мұсылман елдерінің ауыз бекітетін "Ражаб", "Шабан", "Рамазан" айларын басқа айлардан бөліп алып, айрықша "үш айлар" деп атаған. Шағатай тілінде үш деген жақын туған, қаны бір туысқан деген ұғымды берген. Әбілғазы өзінің шежіресінде мына мысалын келтіреді: " Хасан Қалидың жақын туғандары, туысқан кісілері жоқ".

1.4 Жеті сан есімі қатысуымен жасалған фразеологизмдер

Едәуір сөздер (фразеологиялық тізбектер) жетімен, жеті туралы ұғыммен байланысты. Қазақ тілінде әртүрлі идиомдар, нақыл сөз, тақпақ, мақалдар, түрлі діни ұғымды сөздер, әдет-ғұрып, елдің дәстүрін, ескі салт-сананы айқын көрсете алатын сөздер осы жетімен ұласып жатыр.
Әрбір елдің идеологиясында, бұрынғы өмірі, тұрмысында бұл санның үлкен орын тепкенін байқаймыз, барлық елдің ұғымында өзгеден өзгеше қасиетті,киелі екенін аңғарамыз. Барлық елге ортақ жеті күндік апта болудың өзі де кездейсоқ нәрсе емес. Н.Я.Марр өзінің Сан есімдер туралы еңбегінде былай дейді: Прежде всего создание этапов последовательной связанности не одной смены дня днем, получившего свое округление с течением времени сначала в пяти, затем в семи днях, не одного года, с последовательностью месяцев, в его круговращении по сезонам, ... это в целом мерило одинаково и времени, и пространство ...
Маррдың бұл пікіріне қарағанда жеті санының адам баласының ертедегі өмірінде-ақ уақыт өлшемі, көлемдік өлшемі жағынан ерекше қызмет атқарған о баста, бес күндік бертін келе жеті күндік апта болған деген пікірдің дұрыс, бұрысытығын былай қойғанның өзінде де, осы күнгі сандаған халықтардың өмірі мен тілдерінде жеті күндік апталық дегеннің болуы бұл санның айрықша екендігіне айғақ болса керек. Демек, мағынасыз сөз, арнаулы бір ұғымға ие бола алмайтын неғайбыл сөз туа алмақ емес, ондай сөз тілден орын тауып дамымақ емес.
Алғашқы дәуірде жеті шекті, дәл сан болса, бертін келе шексіз немесе тиянақсыз әйтеуір бір көп сан ретінде айтылып кеткен. Бұл тәрізді құбылмалы, өзгермелілікті тілдің лексикалық саласының басқа тарауларынан да байқаймыз.
Жетімен байланысты сөздердің бір тобы ертеден келе жатқан мақал, мәтелдермен ұласып жатады. Мәселен: жерден жеті қоян тауып алғандай қуанды; бала жетіге келгенше жерден таяқ жейді; алып алты, жеп жеті болмайсың; жетімнің құрсағы жеті қабат (жетімнің жеті қарны болады); кедейдің жеті қаңтаруы бар ( ... кесірі бар деген мағынада) т.б.
Баланың жерден таяқ жеуі жетімен байланысты болмаса да, негізгі өлшем жеті болуы, әрине, кездейсоқ, қалай болса солай айтыла салған дүние емес. Баланың сана-сезімі оянып, естияр адам болуға аяқ басуын жеті жастан бері есептеуде өмір шындығы бар. Алып алты, жеп жеті болмайсың дегендегі жеті болмайсың дегеннің жетісу (кемеліне келу, баю) сынды мағынасы бар. Бұл санды негізгі шек деп санағанда ... жеп жеті болмайсың деген фразаның қазіргі тіліміздегі семантикалық рөлі бізге түсінікті болуы керек. Кедейге біткен жеті қаңтару бұрынғы үстем тапқа кесір, тосқауыл екені анық. Бұл фраза бертін келе кедей екеш кедейде де кесірлік,кесапаттылық болады деген мағынада айтылып кеткен.
Қазақ халқының ескі қоғамдық қарым-қатынасында қалың мал мөлшері қырық жеті, отыз жеті, он жеті болып өлшеніп келеді. Біреудің әйелі қыз туса, қырық жеті құтты болсын деп, қыз дегенді малмен теңеп қыздың құны қырық жеті деп келді. Осы фразаларда сан есімдердің соңы үнемі жетіге бітіп тұр. Қызды малға сату, құдандалы болу қазақ сынды халықтардың сүтпен еніп, сүйегіне сіңген салтынан да жеті сөзінің әсері байқалып тұр.
І.Кеңесбаевтың фразеологиялық сөздігінен жеті саны қатысуымен жасалған фразеологизмдерді қарастырайық:
1. Жеті ата -арғы ата, ата-баба. (Қазақтың ескі рулық жігінде ата, аталастық негізгі орынға ие. Бір кісіден тараған аталас қауым жеті атаға жеткенде ақ түйе, боз қасқа сойып, үлкен жиын жасап, бұдан былайғы жерде қыз алысып, қыз берісуге болады деп баталасып отырған. Аталастық, туыстық жік осы жерден тоқтап, енді қыз алысуға көшкен қауым, жеке-жеке ру болып есептелген). "Алаштан азап көп көрдім,Өлген соң батыр қапыда. Әлді болған адам жоқ, Өзім түгіл жұрағат, Жеті атадан затымда" (О.Ш)
2. Жеті атадан жау - ежелгі дұшпан;
3. Жеті атадан, жеті түптен бері қарай - үрім-бұтағынан, жұрағатынан бері қарай. Жеті атаң жеті түптен бері қарай, Орнаған қыдыр төніп, есіл бегім! (Ш.Ж)
4. Жеті атасына бітпеген - өмірінде көрмеген. Жеті атасына бітпеген дәулет Құдайменде мен Тәңірбергенге арнап тұр (Ә.Н.)
5. Жеті атасынан қара көк - арғы аталарынан бері аты шулы бай, шынжыр балақ, шұбар төс.
6. Жеті атасынан түк көрмеген - ата тегінен бері қарай өмірі аузы жарымаған.
7. Жеті атасын білмеген мұрт (құл) - өз аталарының шежіресін білмеген кәпір, жеті атасын білмеген діннен шыққан, тексіз құл деген мағынада.
8. Жеті бүзірік (мүдірік) - әулие.
9. Жеті ғалам, жеті ғылым - ел, әлем, дүние. ( Осы жердегі ғылым гректің ықылым - ел, әлем деген сөзінен ауысқан)
10. Жеті дария - алыс, қиыр шет. Жерінен жеті дария арман етіп, Апарып алтын тауда жатсам құшып (І.Ж.)
11. Жеті дуан ел - байтақ ел, дүйім жұрт.
12. Жеті дұспан - жеті түрлі жау, жеті түрлі қырсық-кедергі.
13. Жеті жасынан - ежелден, әуел бастан, қаршадайынан, бала шағынан.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Неміс және қазақ тілдерінің құрамында “ақ” және “қара”атаулары бар фразеологиялық бірліктер (салыстырмалы-салғастырмалы тұрғыда)
Бата, тілек, алғысқа байланысты айтылатын фраземалар және олардың мағыналық – тұлғалық ерекшеліктері
Сан компонентті тұрақты тіркестердің ұлттық дүниетанымдағы, халық өміріндегі маңызы
Сын есім компонентті фразеологизмдер
Фразеологизмдердің зерттелуі
ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ СТИЛИСТИКАЛЫҚ ҚОЛДАНЫСТАРЫ
Сан компанентті фразеологизмдер
Жетімнің құрсағы жеті қабат
Дүниенің тілдік бейнесі
Қазақ тілінде фразеологизмдердің зерттелуі
Пәндер