Поэма жанрының зерттелуі



Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 76 бет
Таңдаулыға:   
Ф.Оңғарсынова поэмаларында шындық көрініс табуы

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

1 ӘДЕБИ ШОЛУ. ТАРИХИ ТАҚЫРЫПҚА АРНАЛҒАН ТУЫНДЫЛАРДАҒЫ КӨРКЕМДІК КӨРІНІСІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
Поэма жанрының зерттелуі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.2 Көркем шындық - өмір шындығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
1.3 Ф.Оңғарсынованың тарихи тұлғаларды арқау еткен туындылары ... ... ... ...16
1.4 1 тарау бойынша қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17

2. Ф.ОҢҒАРСЫНОВА ПОЭМАЛАРЫНЫҢ ТАРИХИ, СЮЖЕТТІК НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
2.1 Сайраған Жетісудың бұлбұлымын поэмасындағы Сара бейнесі ... ... ... ...19
2.2 Майра Уәлиқызына арналған поэмадағы көркем шындық ... ... ... ... ... ... ... . 23
2.3 Ф.Оңғарсынованың поэмасындағы Махамбет тұлғасы ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
2.4 Ақан сері аңыздары поэмасындағы Ақан сері бейнесі ... ... ... ... ... ... ... ...33
2.5 Дыбыстар әлемі поэмасындағы көркем сыр ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34
2.6 Ақбөбек жырлары - тарих сыры ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..36
2.7 Әлия мен Мәншүкке арналған ескерткіш ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...39
2.8 Дала тағдыры поэмасы - толғаныстар жемісі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .42
2.9 Қырдағы айқас поэмасындағы тарихи шындық ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..51
2.10 Қазақтың бір қызы бар Кәмшат деген поэмасындағы тағылым ... ... ... ...55
2.11 2 тарау бойыншы қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 57

ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТАЛҚЫЛАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... 59
3.1 Ф.Оңғарсынованың өнер тақырыбына арнаған поэмалары ... ... ... ... ... ... .. ..59
3.2 Ф.Оңғарсынованың тарихи тұлғаларды арқау еткен поэмалары ... ... ... ... ...63
3.3 3 тарау бойынша қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..70

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...72

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..74

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі. Қазақ әдебиеті тарихында дара қолтаңбасымен ерекшеленетін Қазақстанның Халық жазушысы, көрнекті ақын Ф. Оңғарсынова поэзиясы хақында әдебиеттанушы-ғалымдардың өзіндік ғылыми талдау-тұжырымдары, бағам-байлаулары бар. Ф. Оңғарсынова поэзиясының табиғатын тану - алыптардан бастау алады. Көрнекті сөз зергерлері Ғ. Мүсірепов (Екі ауыз сөз), Ә. Тәжібаев (Ой мен сезім нақыштары) айтқан бағалы ойлармен қоса М. Қаратаев, Ә. Шәріпов, С. Сейітов, З. Ахметов, З. Қабдолов, Ә. Жәмішев, С. Қирабаев, Т. Тоқбергенов, Р. Нұрғали, т.б. ғалымдар өз еңбектерінде Ф. Оңғарсынова поэзиясына аса үлкен ықылас танытқан болатын. Ақынның өз замандас-қаламдастарынан, жолын қуған іні-сіңлілерінен Б. Асылжанов (Менде бір тебіреніс бар), К. Ахметова (Ақынсыз бір сәті, бір күні аңыз), С. Жұмабеков (Жырлары жанарында жарқылдаған), Н. Оразалин (Асқақтық пен Рухты аялаған жыр), Ә. Кекілбаев (Нұрлы жүрек туғызған Жыр-құдірет), У. Қалижанов (Уақыт үндестігі), Ә. Бөпежанова (Өжет жырға өлім жоқ), Т. Медетбек (Қасіреттен тұрады бақытым да) оның өлеңдеріне тоқталмағандары, жоғары бағаламағандары кемде-кем. Мұндай әдеби-сын мақалалар, зерттеу еңбектер ақын шығармашылығының зерттелу аясын кеңейте түсті. Жыр жазу деген - азап, от, Әйел боп туған болмысқа, - деп бар өмірін өлеңге сыйғызған Ф. Оңғарсынова поэзиясының қазақ поэзиясынан ойып орын алуы да заңдылық.
Алайда, Ф. Оңғарсынова мұрасында әлі де жүйелі арнада зерттелмеген, ғылыми тұжырымға енбеген саланың бірі - ақынның поэмалары. Поэма - жалпы әдеби процестегі көрнекті қызмет атқарып келе жатқан күрделі жанрдың бірі. Ұлттық, жанрлық, стильдік, көркемдік ерекшелігі мол, үздіксіз дамып отырған қазақ әдебиетінің үлкен саласында Ф. Оңғарсынова оқырман жүрегіне жол тапқан өлеңдерінен тыс әртүрлі тақырыпта, әртүрлі жанрда оннан астам поэмалар жазды. Сайраған Жетісудың бұлбұлымын, Тартады бозбаланы магнитім, Тыңдаңдар, тірі адамдар, Қасірет пен ерлік жыры, Сырласу немесе ақын әйелдің анасымен диалогы, Дала тағдыры, Мүшәйра, Қырдағы айқас, Мен өмірді сен деуші ем, Алмас қылыш немесе мен Махамбетпен қалай кездестім, Ақбөбек жырлары, Қарғыс, Дыбыстар әлемі, Қазақтың бір қызы бар Кәмшат деген сынды поэмалары оның ақындық диапазонының кең және терең екендігін дәлелдеді. Ф. Оңғарсынова поэмалары уақыт пен заман сырын, оның тарихи-әлеуметтік мәнін көркем бейнелеуде, шындықтың қоғамдық - философиялық сипатын ашуда көрнекті қызмет атқарады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты - Ф.Оңғарсынова поэмаларындағы тарихи, сюжетік негіздерін байыптап, поэмаларының жанрлық-тақырыптық, көркемдік-эстетикалық ерекшеліктеріне тоқталу. Ақынның поэмаларындағы көркем шындықты зерделей отырып, қазақ поэзиясына қосқан үлесін анықтау. Осы мақсатқа жету үшін зерттеу жұмысының алдына мынадай міндеттер қойылды:
Ф.Оңғарсынова поэмаларының идеялық-көркемдік ізденістерін анықтау;
ақын поэмаларының тарихи-тақырыптық сипатына баса назар аударып, ондағы образ жасау ерекшеліктерін талдау;
ақынның өзгеше тағдырлы өнер иелері мен тарихи тұлғалар өмірін арқау еткен поэмаларындағы тың тәжірибелер мен түрлі ізденістерді саралау;
Ф. Оңғарсынованың Сайраған Жетісудың бұлбұлымын поэмасындағы ақын Сара, Тартады бозбаланы магнитім поэмасындағы әнші Майра, Тыңдаңдар, тірі адамдар! поэмасындағы қазақтың қос батыр қызы Әлия мен Мәншүк, Алмас қылыш немесе мен Махамбетпен қалай кездестім поэмаларындағы Махамбет бейнелерінің сомдалуындағы, Дала тағдыры поэмасындағы ақындық шеберлік мәселелерін байыптау;
ақынның тарихи тұлға тағдырын арқау ете отырып, олардың көркем бейнесін сомдаудағы тың ізденістерін зерделеу;
ақынның жаңаша көркемдік арнада шешім тапқан соғыс тақырыбына арналған Қасірет пен ерлік жыры, Тыңдаңдар, тірі адамдар! сияқты поэмаларындағы бірінші кезекте адам жанының көрініс табуы ақын ізденісінің бір қыры ретінде бағалау.
Зерттеудің нысаны мен пәні. Зерттеудің негізгі нысаны ретінде Ф.Оңғарсынованың Сайраған Жетісудың бұлбұлымын, Тартады бозбаланы магнитім, Тыңдаңдар, тірі адамдар, Қасірет пен ерлік жыры, Сырласу немесе ақын әйелдің анасымен диалогы, Дала тағдыры, Мүшәйра, Қырдағы айқас, Мен өмірді сен деуші ем, Алмас қылыш немесе мен Махамбетпен қалай кездестім, Ақбөбек жырлары, Қарғыс, Дыбыстар әлемі, Қазақтың бір қызы бар Кәмшат деген поэмалары алынды.
Зерттеу әдістері. Диссертациялық жұмыста алға қойған мақсаттар мен міндеттерді орындау үшін жүйелеу мен жинақтау, сипаттау мен тұжырым жасау, обьективті-аналитикалық, салыстыру, талдау жасау әдістері пайдаланылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Ф.Оңғарсынова поэмаларын тұтас қамти отырып, зерттеу жұмысының ғылыми жаңалықтарын мынадай түйіндерге жинақтауға болады:
- ақын туындыларындағы уақыт үндестігі, көркемдік дәстүр жалғастығы сараланады;
- зерттеуде әр поэманың жазылуы дәйекті деректермен дәлелденеді;
- ақынның тарихи тұлға тағдырларын арқау еткен поэмаларының көркемдік кестесіне ғылыми баға беріледі;
- поэмалары жанрлық-тақырыптық сипатына қарай топтастырылады.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:
Зерттеу барысында мынадай тұжырымдар жасалғандығын айтуға болады:
- Ф.Оңғарсынова дастандарында патриоттық және ұлттық идеяны азаматтық пафоспен жырлаған;
- ақынның эпикалық поэмалары саяси-қоғамдық, тарихи-тақырыптық, идеялық-эстетикалық құндылығы жоғары мәнді туындылар;
- ақын туындыларында дәуір шындығы мен замана келбетінің болмыс-бітімі шынайы көрініс тапқан;
- ақынның тарихи тақырыпты жырлаудағы тың ізденістері анық байқалады;
- ақын өлеңдерінде фольклорлық сарындар мен ұлттық таным тұтастық тауып, сөз өнерінің мағыналық тереңдігін өз туындыларымен түрлендіре байытқан;
- Ф.Оңғарсынова поэмаларының ұлттық ұстанымы мен көркемдік-эстетикалық сипаты жоғары, онда заман, қоғамдық-әлеуметтік өмір шындығы терең қамтылған.
Жұмыстың практикалық маңызы. Қазіргі қазақ поэзиясындағы символдық бейнелеулерді талдау барысында қол жеткізген жаңалық-нәтижелерді қазақ әдебиетінің тарихын жасауда, орта, арнаулы және жоғары мектептер үшін оқулықтар мен оқу құралдарын жазуда, сол сияқты жоғары оқу орындарының филология факультеттерінде Қазіргі қазақ поэзиясына мен Әдебиеттануға кіріспеге, Әдебиет теориясына, Қазіргі қазақ әдебиетіне қатысты жалпы және арнаулы курстарда, дәріс оқуда, сондай-ақ оқулықтар мен оқу құралдарын жазуда кеңінен пайдалануға болады деуге негіз бар.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу. Зерттеу нәтижелері зерттеу практикасы кезінде және ғылыми тағылымдама барысында сынақтан өткізілді.
Диссертациялық жұмыс Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің Қазақ филологиясы кафедрасында талқыланып, қорғауға ұсынылды.
Зерттеу нәтижелерінің дәйектілігі. Зерттеу нәтижелеріне авторлық ізденіс барысында нақты ғылыми еңбектерге сүйеніп, ғылыми еңбекті орындау талаптары тұрғысынан дәйектеу арқылы қол жеткізілді. Зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері Қазақ филологиясы кафедрасының ғылыми семинарларында, халықаралық, республикалық, ғылыми-практикалық конференцияларда баяндалды.
Зерттеу тақырыбы бойынша жарияланымдар:
1. Сәтбергенова А. Ф.Оңғарсынова поэмаларының сюжеттік негіздері. Аса көрнекті түркітанушы ғалым Ғұбайдолла Айдаровтың туғанына 100 жыл толуына арналған Қазіргі заманғы түркологияның ғылыми даму миссиясы және Ғұбайдолла Айдаров феномені халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары - Ақтау: Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті, 2021. - 161 б. - 94-99-бб.
ISBN 978-601-308-543-2
2. Сәтбергенова А. Ақын Фариза Оңғарсынованың шағын сюжетті поэмаларының мәні. Әдебиеттанудың жаңа бағыттары мен әдебиетті оқыту әдістемесі атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференцияның материалдары. - Алматы: Қазақ университеті, 2022. - 373 б. - 309-316-бб. ISBN 978-601-04-5834-5

ӘДЕБИ ШОЛУ. ТАРИХИ ТАҚЫРЫПҚА АРНАЛҒАН ТУЫНДЫЛАРДАҒЫ КӨРКЕМДІК КӨРІНІСІ

Поэма жанрының зерттелуі

Поэма - әлем әдебиетінде ежелден қалыптасып, жан-жақты салалана дамыған, әрі әдебиеттану ғылымында біршама кешенді зерттелген жанрлардың қатарына жатады. Қазіргі қазақ поэмасы да дамудан кенде емес.
М.Жұмабаев, І.Жансүгіров, Қ.Аманжоловтардың ізгі дәстүрін жалғастырған бүгінгі поэма шеберлерінің қарымы бұған дәлел бола алады.
Жалпы ішкі мазмұндық сипатына, немесе композициялық құрылымына қарай, әлемдік әдебиеттану тәжірибесінде поэманы сюжетсіз лирикалық, публицистикалық және сюжетті поэмалар деп бөлу үрдісі бар.
Поэзия жанрына жатады дегенімізбен, поэманың ұзақ та қысқа өлеңдерден, лирикалық балладалардан айырмашылығы - көлемділігінде, қамтитын оқиғаның ауқымдылығында, нақты құрылған идеясы мен сюжеттік жүйесі болуында. Сонымен бірге поэманың өзіне тән ырғағы, ұйқасы, мазмұны, түрі, динамикасы болатындығын да ескерген дұрыс.
Поэма туралы анықтамалардың өзі де сан алуан, әрі бірізді емес. Сюжетті поэма оқиға желісін ширақ өрістетіп, кейіпкерлердің іс-әрекетін бейнелеуге негізделеді, ал сюжетсіз поэмада лирикалық сарын басым болады, көлемі жағынан шағындау келеді. Поэманың алғашқы нұсқалары деп ауыз әдебиетіндегі уақиғалы жырларды айтуға болады. Олардың баяндау тәсілі, кейіпкерлер бейнесін суреттеу өзгешелігі де ауыз әдебиеті дәстүрлерімен тығыз байланысты[1, 168].
Әрбір зат пен құбылыс негізсіз, себепсіз туындамайтыны сияқты, қазақ әдебиетіндегі поэма жанрының арғы тегі ұлттық фольклорымыздың аса өнімді де бай саласы - батырлық, ғашықтық эпостарда жатқандығы анық. Сондықтан да поэма жанрының тууы мен қалыптасуы, этногенезисін қарастыруда халық ауыз әдебиетінде ғасырлар бойы жасап келе жатқан эпикалық дастандарымызды зерттеудің маңызы зор.
Еуропалық әдебиеттанушылар ежелгі грек заманында туған Гомердің Иллиадасы мен Одиссеясын көне поэмалардың қатарына жатқызады. Олардың генезистік пайда болу жағдаяттары мен мүмкіншіліктерімен салыстырғанда, қай жағынан алғанда да ешбір кем соқпайтын түркі (қазақ) эпостарын да көне поэмалардың қатарына жатқызуға болады деп білеміз. Дегенмен, көне гректің аталған эпостық поэмаларын Соқыр Гомер атты ақын (біздіңше жырау) шығарыпты-мыс, - делініп, авторлық шығарма ретінде танылса, түркілік (қазақ) бірде-бір эпостық поэма авторлық шығарма ретінде қарастырылмағандығын ескеруіміз керек. Мысалы, Қобыланды батыр жырын үлкен бір эпикалық дастан деп қарастыратын болсақ, оның авторы ретінде Марабайды да, Жанақты да, Біржан Толымбаевты да тани алмайтынымыз анық.
Әуел баста қара сөзбен жазылған Қорқыт ата кітабынан бастау алып, қоңырат руы арасында кең тарап, кейіннен бірнеше түркі халықтарына ортақ сипат алған ұзақ жыр - Алпамыс батырдың қысқаша, үзік-үзік сұлбасы байқалатынына қарап, біз эпостық поэманың тууы мен даму динамикасын аңғарамыз. Осы құбылысты бағамдаған академик Қ.Жұмалиев былай деп тұжырым жасайды: Қазақтың батырлар жыры бірден-ақ бір бүтін ұзақ бола салған емес. Бұлар әуелде батырлардың әртүрлі оқиғаларда істеген ерліктері жөнінде жеке жырлардан құрастырылған. ...әрбір батырлардың әр кездегі ерліктері жөнінде шығарылған жырлар, бір батырдың не бір оқиғаның маңына жинастырылып, біріктіріліп жазылғаннан кейін, эпостық поэма атағын алады [2, 158].
Қазақ поэзиясындағы сарқылмас қуаттың көзі, бүгінгі және болашақ ақындардың айқын бағыт алар нысанасы - ұлттық жадымен суарылған эпосттық поэмалар болып табылады және ғаламдасу дәуірінде ұлт ретінде жойылып, жұтылып кетпеудің басты амалдарының бірі де осы болмақ.
Поэманың жоғарыда біз прототегі ретінде алған эпостық поэмадан өзге де түрлері болғандықтан және олардың біріне тән анықтаманың екіншісіне қатысты дәлме-дәл келе бермейтіндігін де секергеніміз жөн. Осыған байланысты, нақты сипатын ашатындай, дәл анықтамасы жасалған деп айта алмаймыз. Поэманың негізгі құндылығы - оның көлемінде емес, өлеңмен жазылғандықтан, поэзияға тән ұтқырлық пен айқындыққа құрылған көркем поэтикасында, оқырманға әсерлілігінде деп қарастыруға әбден болады.
Жазба әдебиетте поэманы тектік тұрғыда эпостық, лирикалық, драмалық деп бөлу үрдісі (аристотельдік-гегельдік теория) ежелден қалыптасқандығы белгілі. Стильдік әдіс тұрғысында, яғни өмір шындығын бейнелеу қалпына қарай реалистік, фантастикалық, романтикалық, психологиялық, педагогикалық поэмалар туып қалыптасқандығын белгілі бір қоғамның даму кезеңдеріне, ондағы сұраныс пен таным-түсініктерге негізделгендігімен түсіндіруге болады. Кеңестік дәуірдегі коммунистік мұраттарды жүзеге асыру жолындағы ұраншыл пафосқа құрылған қызыл жалынды поэмалардағы өмір шындығын бейнелеу тәсілі бұған мысал бола алады.
Ал романтикалық дастандарда күнделікті өмірдегі ұсақ-түйек хал-ахуалға көңіл бөліне бермейді. Мысалы, қазақ эпостарының сонау ежелден бергі үздіксіз ұласқан романтикалық үрдісін тартымды жалғастыра білген Мағжан Жұмабаевтың Батыр Баянынан өз әулетінің бақытын туған халқының ар-намысы жолында құрбан етуден тайынбайтын, рухы күшті, нанымды қаһарманды көреміз.
- Поэманың барлығы сюжетті бола ма? - деген сұрақ та туындайды. Әрине, бола бермейді. Қазақ әдебиетіне тән толғау жанрының кейбір көлемділерінен лирикалық сезім басты орынға шығатын, аз көлемді сюжетсіз поэма сипаты көрініс тауып жататындығын айқын аңғарамыз. Бұл Қазақ хандығы тұсында өмір сүріп, шығармашылығымен танылған көптеген ақын-жыраулар толғауларына тән құбылыс.
Поэма жанрының теориялық негіздері жөнінде академик Зейнолла Қабдолов мынадай тұжырым жасайды: Поэма - ...өмірде болған, не болуға тиіс күрделі құбылыстар мен келелі оқиғаларды, алуан-алуан адам тағдыры мен заман шындығын көлемді, желілі, эпикалық не лирикалық сипатты өлеңмен суреттеу. Поэмалар түрлі-түрлі: сюжетті поэмалар да, сюжетсіз поэмалар да болады. Поэмаларда жасалатын адам образдары да әралуан: эпикалық образ да, лирикалық образ да, реалистік образ да болады.
Поэма - қазіргі қазақ поэзиясындағы мол өркендеп, кең өріске шыққан шешуші жанрлық түрлердің бірі [3, 313]. Поэма жанрын ұлттық әдебиетіміз ауқымында жіктеп, саралауда әлемдік әдебиет теориясының зерттеу үрдісін көзжұмбайлықпен қотара салуға болмайтын көптеген жағдаяттар болса, соның бірегейі - жоғарыда атаған, ұлттық әдебиетімізге ғана тән толғаулар мен дастандардың, қиссалардың болуы дейміз. Поэма жүгін көтеріп тұрғандықтан, Еуропа әдебиетінен келген балладалардың да ара-жігін ажырату кейде қиынға соғып жатады. Авторлардың да балладалық деңгейдегі жүк көтеріп тұрған туындысын поэма дей салатыны ара-тұра көрініс тауып қалып жататынын көріп жүрміз.
Сюжеттік-композициялық түріне қарай фольклорлық сюжеттерге және нақты оқиғаларға құрылатын дастандар қазақ әдебиетінде ежелден орын алып келді және Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ақыт Үлімжіұлы сияқты ақындар шығармашылығынан осы екі түрді де байқауға болады.
Поэманың ерекше бір түрі - сюжетсіз поэмалар. Сюжетті поэмадан ерекшелігі - сюжетсіз поэмалар адамдардың араларындағы тартысты емес, сол тартыстардан туындайтын нәтижені образдап көрсетеді. Дегенмен, сюжетсіз поэма жазу - бұл кез келген ақынның қолынан келе бермейтін, үлкен шеберлікті қажет ететін күрделілік. Қаламгер кейіпкер күресінің нәтижелерін ықшам әрі қызықты етіп бейнелей алмаса, ой қайталаушылыққа ұрынып, шығармасы жалаң схема қуушылыққа айналады да, сенімсіз, өлі туынды болып шығады. Жалпы поэма дегеннің өзі сюжеттердің шеберлікпен қиюласқан тізбегі екендігін мойындағанымыз жөн.
Поэма да өзге жанрлар тәрізді қоғамдық сана сұранысына бейімделетіні, қоғамдық көркем ойлаудың сөз арқылы сыртқа шыққан көрінісі іспетті болғандықтан, қазіргі күні постмодерндік көңіл-күйді танытатын туындылар да көптеп ұшырасып жатады.
Дегенмен, қазіргі кейбір ақындардың поэмаларынан тамырында батыстық христиандық пен жапондық дзен-буддалық жатқан постмодерндік үлгіге саламын деп, жалаң символизмге орынсыз ұрыну, күйректікке бой ұру, ұлттық, мұсылмандық танымның шеңберінен шығып кету халдері жиі ұшырасатыны да дәуір шындығы. Қазіргі поэма тарихи-әдеби және теориялық аспектіде толық зерттеліп болған жоқ деп сеніммен айта аламыз және де жалпы поэманың, оның ішінде лирикалық поэманың анықтамасы әлі күнге айқын еместігін көптеген әдебиеттанушы ғалымдар атап көрсетеді, әрі бұл Отандық ғылымға ғана тән құбылыс емес.
Ресейлік әдебиеттанушы ғалым В.Е.Гусев поэма туралы тек жалпылама түрде айтуға болатындығын, оның тек тарихи-теориялық сюжет қана екендігін, әдеби үдерістің шындығы бола алмайтындығына ерекше тоқтала отырып: Существуют жанры поэмы, но нет жанра поэмы[4, 5] - деп ой түйеді. Яғни, поэманы жанрға бөліп қарастырудың ешқандай мәні жоқ дегенге саяды.
Қазіргі қазақ поэзиясын, оның ішінде поэма жанрын өзіндік бояу-реңкімен даралап көрсетумен қатар, әлемдік поэзиямен жымдаса кіріккен, біртұтас бірлікте алып қарастыруға да болады. Яғни, әлемдік эпикадағы поэтикалық кеңістік пен талғам - қазақ әдебиетіне де ежелден тән. Оған соңғы жылдары қазақтың қарымды ақындары қаламынан туған поэмалар айғақ.
Эпикалық поэмалар көбінесе басты қаһарманның айналасына құрылатындығын және оны шығарма арқылы қалай көрсететіндігі басты мәселе десек дұрыс болар.
Арғы бастауын эпикалық жырлардан алатын қазақ әдебиетіндегі поэма жанры бүгіндері жанрлық мазмұны мен құрылымы тұрғысында заманға сай жаңарып, жаңғыруды бастан кешуде. Сондықтан да поэманы типологиялық тұрғыда зерттеу үдерісі бүгінгі заман сұранысы тұрғысында зерттелуі тиіс деп білеміз. Осы тұрғыдан алғанда, қазақ поэзиясындағы поэма жанрының пайда болуына тек эпикалық дастандар ғана ықпал етті десек, қазақ қаламгерлерінің Батыс, Шығыс әдебиетінен алған үлгі-өнегесін, белгілі бір дәрежеде еліктеуін де мүлде жоққа шығара алмаған болар едік. Сондықтан да поэма жанрларының әлемдік әдебиеттегі алғашқы көріністері туралы мәлімет деректерді де қарастыу - қазақ поэмасының да эволюциясын айқынырақ тануға мүмкіндік туғызатындығы анық.
Қазіргі қазақ әдебиетінде поэма жанрының түрлі салалары игерілді деуге толық негіз бар. Кейбір санаулы түрлері ерте кезеңде пайда болғанымен де, әлем әдебиетінде кеңінен дәстүрге ене қоймауы - ондағы мазмұндық жүктің тым ауырлығы болса керек.
Орыс әдебиетімен ХІХ ғасырдан бастап етене араласып, үйрену, игеру нәтижесінде қазақ әдебиетінде поэма жанры ХХ ғасырдың басында жаңа беталысқа ие болғандығын біз мойындауымыз керек әрі мұның өзі қазақ поэмасының арғы бастауы тек қана Батыс, Ресей әдебиетінде жатыр дегенді білдірмесе керек. Тіпті орыс әдебиеттану ғылымының өзінде поэма термині ХІХ ғасырда ғана пайда болғанына В.Г.Белинскийдің мына сөзі айғақ болмақ: В новейшей поэзии есть особый род эпоса, который не допускает проза жизни, который охватывает только поэтические, идеальные моменты жизни и содержание которого составляет глубочайшие миросозерцания и нравственные вопросы современного человечества. Этот род эпоса один удержал за собой имя поэмы. Таковы все поэмы Байрона, некоторые поэмы Пушкина (в особенности Цыганы, Голубь), также Лермонтова Демон, Мцыри и Боярин Орша [5, 410].
Қазақ әдебиеті Батыс, Ресей мәдениетінен де ерте араласқан рухани байланыс әлемі - араб, парсы өркениеті. Әсіресе, парсы, яғни Иран өркениеті мен Тұран өркениеті арасындағы мыңдаған жылдық тарихи, рухани байланысқа қатысты деректер аса мол.
Түркі халықтары ҮІІІ ғасырлардан бастап жаңадан түскен хак дін - исламға мойынұсына бастаған тұстан бастап, араб мәдениеті түркілік мәдениетке бірте-бірте дендеп кіріп, айыра танығысыз, ажырамастай кірігіп кетті. Бұл аса озық араб әдебиеті, оның жанрлық, поэтикалық жүйесіне де қатысты. Діни қиссалар - пайғамбарлар мен әулие-әмбиелер, періштелер мен сахабалар, т.б. өмірі мен олардың дін жолындағы іс-әрекетін бейнелеген шығармалар. Діни қиссалар сюжеті "Құран Кәрімнен алынған. Өйткені, Құран Кәрім тек діни кітап қана емес, сонымен бірге, араб классикалық әдебиетінің де ғажайып үлгісі. Негізінен, қарасөз түрінде айтылатын ертегілер мен әңгімелерді, аңыздар мен әпсаналарды араб тілінде қисса десе, парсы тілінде дастан деп атайтыны мәлім. Алайда қазақ қауымы Шығыс хикаяларының өлең жырға айналдырған үлгілерін ғана қисса немесе дастан деп таныған [6, 76], - деп атап көрсетілген Ислам анықтамалығында.
Яғни, жыр-дастан түрінде келетін, қазақ әдебиетінің ертеден келе жатқан жанры ретінде қалыптасып үлгерген қисса немесе дастаны - қазіргі қазақ поэмаларының ілкі бастауларының бірі ретінде қарастырылуы заңды құбылыс болып табылады. Қазақ тілінде жыр-дастан, немесе қисса дастан, жыр-қисса деп қосақтап айта береді.
Бұл арада ескеретін жағдай - қазақ, тіпті жалпы түркі халықтарының әдебиетінде поэма терминінің орнына әдетте дастан термині қолданыла береді. Әрі дастан аталған поэзиялық, эпикалық шығарманың өзі сюжеттік құрылымы, поэтикалық қуаты, лирикалық иірімдері тұрғысында поэманың жүгін толық көтере алатындығын көреміз. Бұдан біз түркі дастандарының еуропалық поэмадан өзіндік ерекшелігін байқаймыз. Біз атап көрсеткен мәселе жөнінде өзбек ғалымы Д.Қуббатова былай деп атап көрсетеді: Исследования показали, что термины достон и поэма используются как синонимы народного эпоса восточно-классических и современных лиро-эпических произведений. Нельзя отрицать роль народных дастанов, созданных в лиро-эпическом жанре. Они имеют своеобразные композиции, что и послужило почвой жанра поэма. Появление в письменной литературе жанра достон тесно связано устными народными дастанами [7, 3-4]. Ғалым халық ауыз әдебиетінің жазба поэзияға тигізген әсерін дұрыс бағамдаған және бұл пікір тек өзбек әдебиетіне ғана емес, қазақ әдебиетіндегі дастан мен поэманың ара қатынасына да тікелей қатысты.
Қазіргі поэмалар генезисінің бастауы ретінде халық эпостарын қарастырушы ғалымдардың бірі, литван әдебиеттанушысы В.Киканс былай деп атап көрсетеді: Халық эпосы, романтикалық және реалистік поэмалар осы заманғы ақиқат болмыс жағдайында жеке жанр ретіндегі өзінің тарихи негізін жоғалтты. Бірақ олар эпостың әсіресе романтикалық және реалистік поэмалардың элементтері ретінде өмір сүруін жалғастыра береді [8, 227-228].
Өзбек әдебиеттанушылары ауызша тараған дастандар мен қазіргі түркі жазба поэмаларының түп-тамырын тым бағзыдағы түркі жәдігерліктерінен іздейді. Мысалы, академик Б.Валиходжаев Мұхамед Қашғаридің Диуани - лұғат ат-түрік еңбегінде келтіріліген өлең-жырлардағы поэма элементтерін қарастырады. Мысалы, аталған еңбектегі Алып Ер Тұңға туралы жырда поэмаға тән элементтер кездеседі деп біледі [9*, 6-8] және бұл пікірді қазақ ғалымы Мәлік Ғабдуллин де айтқан болатын.
Әдебиеттанушы ғалым В.Киканс поэмалардың стильдік жүйесі туралы қарастыра отырып, мынадай пікір білдіреді: Өз тарихында поэма тарихында мифологиялық эпос, қаһармандық эпос, қаһармандық поэма, романтикалық поэма, реалистік поэма сияқты тұрақты жанрларға бөлінеді. Бұл жанрлардың барлығы да мазмұндық-пішіндік категориялардың нәтижесі болып табылады, яғни бұл мамзұндық формалардың барлығы - біртұтас стильдік жүйеге енеді, - деп атап көрсетеді [8, 187].
Өзбек фольклортануында да мифологиялық эпос, халықтық эпос, романтикалық және реалистік эпостар бар деп қарастырылған және олардың өзіндік ерекшеліктері бар деп танылған.
Келесі бір өзбек әдебиеттанушысы Ш.Хасановтың пікірінше, поэма деп - барынша реалистік сипатқа ие шығармаларды жатқызу керек, ал дастан деп романтикалық сипаттағы шығармаларды атау керек. Бірақ ешбір әдебиеттегі жанрлар реалистік немесе романтикалық бағыттар бойынша бөлінбейтіндігін ескерсек, автордың тұжырымдамасымен келісу қиын болмақ. Бірақ автордың поэма - дастан терминінің батыстық баламасы. Қазіргі заманғы дастан - бұл классикалық дастанның көлемі мен сапасы тұрғысында өзгерген, жаңа моделі [10, 18], - деген пікірімен толықтай келісеміз.
Қазіргі күннің өзінде дастан мен поэма терминдері арқылы қамтылатын поэзиялық туындыға қатысты түсінік мидай араласып кеткен деп айтуға болады. Өткен ғасырдың басында, яғни 30-жылдарына дейін дастан термині кеңірек қолданылып келсе, 30-жылдар соңынан бастап, поэма термині алға шыққанын байқаймыз. Мұның бір себебі - көптеген ғалымдардың аатап көрсетуінше, дастанның жоғарыда біз атап көрсеткен қисса-дастан деген тіркеспен қатыстылығы.
Демек, 30-жылдардағы қуғын-сүргін кезінде дінге еш қатысы болмаса да дастан жанрында жазылған туындылардың ескілікті жырлау сипатындағы туынды ретінде билік пен партия тарапынан жазаға ұшырауы мүмкін болған. Сол себепті де авторлар өз шығармасын дастаннан гөрі поэма деп атауды жөн санағандықтан, поэма атауы жиі қолданыс тапса керек. Бұл жөнінде өзбек ғалымы В.Хализов былай деп көрсетеді: Әдебиет дамуының әрбір жаңа кезеңінде және сол жанрдағы әрбір жаңа шығарма барысында жанр қайта жаңғырады, түлейді [10, 259].
Осы тұста тығыз ішкі жақындықтағы дастан мен поэманың мынадай айырмашылықтарын да тануға болады:
Халық дастаны - бұл ұжымдық еңбектің жемісі. Классикалық дастан мен осы заманғы поэмалар - жеке тұлға еңбегінің жемісі. Халықтық дастандарда лирика өлең түрінде көрініс тапса, эпикалық дастанда проза түрінде де көрініс таба береді; Классикалық дастандарда лиро эпикалық күй өлең түрінде келеді; Осы заманғы поэмаларда екұшты әдіс қоданылады, яғни кейбірі лиро-эпикалық стильге құрылса, енді бірі лирикалық (немесе эпикалық) құрылымға ие болады.
Қазақ әдебиетіндегі поэма жанрының генезисі заман ағымына сай зерттеу нысаны ретінде алынып, айқындала түсері даусыз.

1.2 Көркем шындық - өмір шындығы

Тарихи шындық - өмір шындығының тарихи тақырыпқа арналған шығармадағы көркемдік көрінісі. Тарихи шындыққа қоғамдық өмірдегі нақтылы құбылыстар, болған уақиғалар, өмір сүрген тұлғалар арқау болады. Тарихтың, халық өмірінің шынайы болмысын елестету арқылы өткеннің сипаты танылады. Алайда, әдеби шығармадағы тарихи шындық - көркемдік бейнелеу тәсілмен берілетін өмір шындығы, яғни, көркемдік шындық. Тарихи шығармада өмірде болған уақиғалармен қатар ойдан шығарылған жайлар аз болмайды, тарихи тұлғалармен бірге көркем қиялдан туған кейіпкерлер араласып жүреді. Мәселе шындап келгенде оқиғаның, кейіпкердің өмірде болған не болмағанында емес, шығарманың барлық мазмұны, оқиғалары, кейіпкерлері көркем ой көрігінен өтіп жиынтықталып, өзгеше бейнелілік сипат алып шығатындығында. Тарихи шығармада айтылмақ уақиғаның өзегі негізінен өмірде болған уақиғалардың аясында алынады, сондықтан жазушы маңызды тарихи жайларды, көптеген нақтылы деректерді анық білуі қажет. Ол қанша көркем суреттеулерге барса да тарихи шындықты аттап өтіп, бұрмалауға хақысы жоқ. Өткен дәуір қалай суреттелмесін, бәрібір сол кездің өз болмысын білдіруі керек,шындыққа сай нанымды шығуы тиіс. Бұл үшін тарихи дерек көздеріне сүйену шарт. Сонда ғана бұрынғы қоғам өмірі, халық тұрмысы өз қалпында сенімді бейнеленбек. Қоғамның даму процесі, саяси таптар мен топтар, кейіпкерлердің мінезі, іс-әрекеті өз уақытының қалпына орай алынуы керек. Осының бәрі суреткерлікпен жанды түрде көркем бейнеленіп берілсе, тарихи шындықтың әсері, оқырманға берер танымдық мәні арта түседі.
Тарихи шындықты әдебиетте көрсету әдістері, тәсілдері бірте-бірте қалыптасып, өрістеп келеді. Орыс әдебиетінде бұл саладағы шоқтығы биік шығармалар - А.С.Пушкиннің Борис Бодунов атты драмасы, ал көркем проза саласында Л.Толстойдың Соғыс және бейбітшілік атты роман эпопеясы. Қазақ әдебиетіндегі үздік тарихи туынды М.Әуезовтың эпопеясы - Абай жолы, І.Есенберлиннің Көшпенділерін де танымдық мәні үлкен әдеби туындылар қатарында атаған жөн. Тарихи жанр қазақ әдебиетінде соңғы кезеңдерде елеулі жетістіктерге жете алды дей аламыз.
Тарихи шындықты көп әсірелемей, негізін сақтай отырып суреттеу тәсілін болжау деп таниды. Тарихи романдар жөніндегі зерттеулердің қомақты тізіміне көз салсақ, шығармадағы көркем қиял мен тарихи шындықтың арақатынасы мәселесіне соқпай өтетіні жоқ. Бұл жұмыстарды қиял мен болжалдың жалпы теориясы оның әдебиеттегі ролі, жанрдың типологиялық белгілерін анықтаудағы қызметін анықтауға талпыныс жасады. Көркем қиял өнердегі дүниені танудың өзінше ерек құралы. Көркем образ өмірлік негіз бен көркемдік қиялдың тоғысынан тұрады. Әдеби шығарманы жазуда жазушы өзінің творчестволық қиялында образ туғызады, содан кейін барып оны көркем бейнелеуге қажетті құралдарды таңдайды. Тіпті жазушы өмірде нақты болған тарихи тұлға жөнінде жазып отырған күннің өзінде, оның барлық сипатын өмірде болған күйінде шығармаға көшірмек емес, оның басты қасиеттерін, өміріндегі үлкен әрекеттерін негіз ете отырып, өз прототипін көркемдік құралдардың құзырына бағындырып жаңа әдеби тұлға жасайды. Сондықтан да, көркем қиял - өнердің табиғатын анықтайтын басты сипат болып табылады. Ал, көркемдік болжам көбіне документті шығармаларға тән. Дегенмен, ел тарихи шағармалар табиғатына етене жақын. Көркемдік қиял мен көркемдік болжал бір-бірімен тығыз байланысты болғанмен екеуінің арасындағы елеулі айырмашылықты да есте тұтқан жөн. Яғни көркем қиял -- әдеби образды тудырудың негізгі тәсілі, көркем ойлаудың ерекшелігін айқындайтын сипат.
Ал, көркемдік болжал болса документтерге, тарихи деректерге құрылған тарихи шығармалардың жанрлық ерекшелігін көрсетеді. Демек, көркемдік болжал белгілі бір фактілер төңірегінде туындайды. Тарихи романдардың жанрлық ерекшеліктерінің ең басты көрсеткіші дәуір шындығын тарихи деректерге, фактілерге, документтерге сүйене отырып ашуында дегенге қол қояр болсақ, роман табиғатындағы сол тарихи деректерге негізделген көркемдік болжалдың табиғатын ашудың ролі зор. Ол үшін әрине, ең алдымен сол кезеңдегі сақталып қалған деректерді роман табиғатымен салыстыру қажеттігі туады.
Тарихи факт - ол біздің санамыздан тыс өмір сүретін және өзіне ғана тән белгілі мазмұны бар объективті шындық. Көркем шығармалардағы тарихи деректермен көремдік шеберліктің жігін ажырату ежелден келе жатқан және болашақта да жалғаса беретін шексіз, қызық та, күрделі мәңгілік проблема. Тарихи шығармадағы тарихилық пен көркемдіктің ара қатынасы, айналып келгенде жазушының шеберлік қырын ашады.
Мәңгілік ұғымы көркем шы - ғарманы ғана емес, жаратылыс атаулыны түгел қамти - тын - дық - тан ең әуелі оның адам сана - сын - дағы нақты көрінісін айқын - дап алу керек. Неміс философы Эммануиль Кант өз кезінде мәңгілік туралы: Санадан биік шек - сіз ұғымды ақылмен ай - қын - дап, сөзбен жеткізуге бола ма? деген сұрақ қойған еді. Мәң - гілік сөзінің анықтамасын біз әдет - те философиялық, теология - лық, теософиялық зерттеулерден жиі ұшырастырамыз. Біреулер оны шексіздікке баласа, тағы бір ойшылдар ешқашан бітпейтін тіршіліктің күйбеңіне теңейтіні де рас. Қасиетті кітаптар мен діни әдебиеттердегі Ғалам мен Жара - тушының мәңгілік сипаты туралы интерпретациялық тал - пы - ныс - - тар өз алдына бір әлем. Қыс - қа - сын айтқанда, мәңгілік ұғы - мын адам баласы өз ақыл-ойы - ның шегінен тысқары тылсым дүние деп есептейді. Жал - пыға ортақ бұл көзқараспен ке - - - ліспейтіндер ғұламалар мен ақын-жазушылар, классикалық музыка мен қылқалам шеберлері ғана. Өйткені, олар өз туынды - лары - ның бірнеше ғасырды көктей өтетініне сенеді. Ондай сенім бол - - маса ғылымға, әдебиетке, өнер - ге келудің де қажеті шамалы. Қадым заманнан бері көркем туын - дының мәңгілік сипаты ту - ра - лы айтылмаған сөз қалған жоқ. Бұл жаңа тақырып емес. Солай десек те, ұлы уақыттың тезінен сү - рінбей өтіп, ұрпақтан ұрпаққа ми - рас болып келе жатқан әдебиет жауһарлары өзі үшін өзі жауап береді. Адам өледі, Адамзат өл - мей - ді. Ақын өледі, поэзия мәң - гі - лік! Уақыт пен Кеңістіктегі қоз - ға - лыстың мәнін дәл таныған ұлы тұл - ғалар мәңгілік сырын ма - ғы - налы іс-әрекеттерден, даналық сөз - дерден, ойшылдықтан іздеген дер едім. Ойлы дүние ғана мәң - гі - лік - ке жол алады. Осы күнге дейін жеткен көне жәдігерлердің бәрі де бұл ойымызды растай тү - седі. В.Белинскийдің Ойсыз сөз - жансыз тән дейтін қанатты сө - зі бекер айтылмаған. Демек, мәң - гіліктің жолына ат қосатын нәр - се - ойлы шығарма. Меніңше, кез келген шығармашыл тұлға - ның ең негізгі міндеті (миссиясы) - келешекке ойлы, мінсіз мұра қал - дыру. Мінсіз мұра - бұл дара та - ланттардың ғана маңдайына жа - зылар бақ екенін мойындауымыз керек. Мұраты биік өлең ақын - ды өлтірмейді. Мысал үшін, Абайдың кезінде кімдер өмір сүр - меді? Мыңдап мал өргізген бай - лар, шіренген шонжарлар, азуын айға білеген аға сұлтандар. Бү - гін солардың бірі жоқ, Абай бар. Мұқағалидың тұсында кер - гіп жүрген министрлер, бір өзін жар - ты патша, жарты құдай сана - ған обкомдардың бірінші хатшылары аз болды ма? Солар қайда кет - ті? Бірі жоқ, Мұқағали бар. Абай мен Мұқағали мұрасы уа - қыт өткен сайын халық санасында жаңа қырынан жарқырай бе - ре - ді. Міне, шынайы өнер құдіреті де - ген осы! Мәңгіліктің еншісіне ай - налған мінсіз мұра деген де осы!
Кез келген талантты ақын - ның жауһар жырлары халықтың қазынасына айналады. Демек ол халықтық мұраны байытады. Ха - лықтың ақын-жазушыларды ерекше қастерлейтіні де сон - дық - тан. Халық өз кезегінде сүйікті перзенттерін аспанға көтереді, даңққа бөлейді. Реті келсе, құрмет көр - сетеді. Сөз зергерлерінің мұра - сын көзінің қарашығындай қас - терлеп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуге қызмет етеді. Халық - тың жүрегінен орын алған көркем туын - ды өз авторының өмірден өт - кеніне қарамай, сол халықпен бірге жасай береді. Көркем шы - ғар - маның өміршеңдігі мен мәң - гілік сипаты халықтың ыстық іл - типатымен астасып жатады.
Әлем әдебиетінде де, соның ішінде қазақ әдебиетінде де мәң - гі өмір сүретін шығармалар бар ма? деген сұрақ туындауы әбден мүм - кін. Әрине, сөзсіз ондай шы - ғар - малар баршылық. Егер де әлем - дік деңгейдегі туындыларды ала - тын болсақ, мәңгілік шы - ғар - ма - лар қатарында Шекспирдің, Абай - дың шығармаларын алуға бо - лады. Біріншіден, бұл автор - лар - дың туындылары мәңгілік, се - бебі, олар әр қоғамда да өзекті, адам - зат тағдырының әр дәуірінде де өміршең мәселелердің жүгін кө - теруде, екіншіден, олар шынайы да көркем шығармалар. Мәң - гілік шығармалар қатарында діни мазмұндағы кітптарды да қа - растыруға болады. Гегельдың ай - туынша, діни әдебиеттерде ежел - гі заманда өмір сүрген адам - дардың жан-жақты білімдері жи - нақ - талған. Ал білімге сусындау - алға, болашаққа қарыштап жүріп, прогрессивті түрде даму үшін өте қажет нәрсе. Мы - са - лы, Ин - дия елінің Махабхарата , Ра - маяна атты діни кітаптарында бір - неше мыңжылдықтар бұрын бо - лып өткен оқиғалар бейнеленген, бұл кітаптар сол халық үшін мәң - гілік шығармалар. Сонымен қа - тар, оларда міндетті түрде көр - кем шындық бар. Заманауи ға - лым - - дардың пікіріне сүйенсек, Ма - хабхаратада ежелгі индия - лы - қ - тардың ұшатын аппарат-тары -вимандар қазіргі реактивтік ұшақ - тарға ұқсайды...
Ал өзіміздің отандық әдеби туын - дыларына жүгінсек, хал - қы - мыз - дың бетке ұстар, маңдайал - ды шығармаларының бәрі де, Абай жолынан бастап, көркем шын - дықтың арқасында мәңгі - лік деген мәртебеге ие бола ала - ды.
Меніңше, көркем шындықтың бірнеше критерийлері, бірнеше сипаттары бар. Оларда, бірінші - ден, типтік образдар сомдалуы шарт .
Мысалы, әр халықтың, ал нақ - тырақ алсақ, этностың тек өзі - не ғана тән типтік образы бар. На - ғыз француздың образын Ромен Роллан өзінің Кола Брюньон атты шағын ғана шығар - ма - сында сомдаған, ал нағыз қа - - зақ - тың образын өмірден ерте кет - кен өте талантты жазушы Ақан Нұрманов Құланның ажалы атты Құланның образында бей - нелеген. Бір қызығы, көптеген жазушылар, олардың ішінде ұлы классиктеріміз де бар, нағыз қа - зақ - тың образын сондай сұңғыла - лық - пен, сондай көрегендікпен, жан-жақты сипаттау арқылы бұ - рынды-соңды бере алмаған сияқ - ты. Мүмкін, мен субъективті пі - кір айтып отырған болармын, бірақ көркем шындық пен мәңгілік шығарманың астасатын жері - тек қана шынайы, бірде- бір жалған жасушасы жоқ, жақсы мен жаманның тепе-теңдігі сақ - талған типтік образды сомдай білу. Сонымен қатар,нағыз талантты қаламгер тілдік, мәтіндік, ком - позициялық әдіс-тәсілдерді толық меңгеріп, интуициялық ша - быт пен шынайы сезімнің та - биғи жағдайда ұштасқан тылсым нүктесінде ғана мәңгілік шы - ғар - маны дүниеге әкеле алады.

1.3 Ф.Оңғарсынованың тарихи тұлғаларды арқау еткен туындылары

Ф. Оңғарсынова поэмаларының басым көпшілігінде тарихи тұлғаларды арқау еткен. Сол арқылы ақын тарих пен бүгінгі күннің өзара сабақтастығын тауып, тарихи дәуірдің шындығын көрсетуді мақсат тұтады. Сондай-ақ, ақын өлең сөзбен тарихқа айналған тұлғалардың рухани портретін сомдайды. Осы тұста тарихи тұлға дегеніміз кім? деген заңды сұрақтың туары анық. Қазақ әдебиетіндегі тарихи тұлға проблемасы атты монографиясында Ә. Тарақ осы мәселені жан-жақты қарастыра келе, В.Г. Белинскийдің мынадай анықтамасын ұсынады: Тарихи тұлға бұл қашанда белгілі бір дәуірдің құбылысы, бірақ оны әрбір жазушы өзінің уақыты және дербес психологиясы тұрғысындағы көзқарас бойынша қарастырады [11, 274]. Ал ғалым Қ.Әбдезұлы Тарих және тағдыр атты зерттеу еңбегінде: Ең алдымен, тұлға деген ұғым - тарихи өлшем. Яғни, тарихи тұрғыдан ел үшін, халық үшін орасан маңызы зор, тарихи мәні терең іс-әрекеттерге барған, немесе аса жауапты тарихи сәттерде халық тағдырында айрықша орны болған адамға халықтың өзі осындай тұлғалық деңгейге көтеретін бағаны беріп отырған [12, 158], - дейді. Демек, тарихи тұлғаға арнап шығарма жазу - ақынның биік интеллектін, терең танымы мен биік парасатын байқататын күрделі процесс.
Қазақ поэмаларының өткеніне көз жүгіртсек, поэмадағы тарихи тақырып отызыншы жылдардан бастап идеялық шеберлік тұрғысынан кемелдене түсті. Тарихта болған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сонет жанрының тарихы
ХІХ ҒАСЫР ӘДЕБИЕТІ ЖӘНЕ МЫСАЛ ЖАНРЫ
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ҚИССА МЕН ДАСТАН ЖАНРЛАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ЗЕРТТЕЛУІ
Ежелгі түркі тілді ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнерін түсіндіру
Орта ғасыр әдебиетіндегі «қисса – дастандар» үрдісі
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Қазақ әдебиеті сабақтарында ертегі жанрын оқыту әдістемесі
Алтын Орда әдебиетінің көрнекті ақыны Хорезмидің Махаббатнаме дастаны
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің жай-күйі
ХХ ғасыр басындағы қазақ поэмасы
Пәндер