Түбі жадағай шыны колбалар


Ф. 7. 03-12
Құрбанова Күнсулу Саимқызы
Құрбанова Айсулу Саимқызы
« Ветеринариядағы зертханалық іс » пәнінен
Дәрістер жинағы
Шымкент, 2024
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

Коммерциялық емес акционерлік қоғам
«М. ӘУЕЗОВ атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті»
Құрбанова Күнсулу Саимқызы
Құрбанова Айсулу Саимқызы
«ВЕТЕРИНАРИЯДАҒЫ ЗЕРТХАНАЛЫҚ ІС» ПӘНІНЕН
ДӘРІСТЕР КОНСПЕКТІСІ
6В09111- «Ветеринарлық медицина» БББ студенттеріне арналған
Шымкент , 2024ж .
ӘОЖ 636. 09/619
КБЖ 28
Қeрбанова К. С., Құрбанова А. С. «Ветеринариядағы зертханалық іс» Дәрістер конспектісі - Шымкент: М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, 2024 -72 б.
ISBN
Бұл дәрістер жинағында малдардың ауруын дұрыс анықтау, малдар мен өсімдіктерден алынатын өнімдердің сапасына дұрыс баға беру т. б. көптеген мәселерді дұрыс шешу лабораториялық зерттеулердің негізінде жүргізіледі. Лабораториялық зерттеулердің нақтылығы мен бағалылығы зерттеу үшін таңдап алған әдістемелікке; аспаптар мен құралдарды, ыдыстар мен реактивтерді дайындауға; биологиялық материалдарды, антикоагулянттарды, консерванттарды және т. б. заттарды алу, сақтау, тасымалдау мәселелерін дұрыс шешуге тікелей байланысты.
Сонымен қатар малдәрігері мамандықтарына лабораториялық ыдыстардың, аспаптар мен құралдардың түрлерін білу және оларды жұмысқа дайындау; әртүрлі ертінділердің концентрацияларын дұрыс есептеп шығару; зерттеу үшін лабораториялық жануарларды таңдап ала алу олардың тәжірибеде нәтижелі жұмыс істеулеріне жақсы көмегін тигізеді.
Пікір берушілер: Өсербай А. Ж. - а. ш. ғ. к., М. Әуезов атындағы ОҚУ аға оқытушысы
Қалтаев А. -директор ЮК Регионального филиала РГП РВЛ
Дәрістер жинағы М. Әуезов атындағы ОҚУ Оқу-әдістемелік кеңесімен баспаға ұсынылған, хаттама № «» 2024 ж.
@ М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, 2024 ж
АЛҒЫ СӨЗ
Қазіргі кезде мал шаруашылығының өркендеу технологиясының негізінде ауруларды емдеу мен олардан сақтандыру мәселелерін шешу үшін көптеген жаңа препараттар, приборлар және аспаптар мен құралдар ұсынылуда. Мал организмінің өмірінде болатын өзгерістерді толық қанды түрде зерттеу үшін қазірде белгілі зерттеу әдістері мен әдістемеліктерді, аспаптар мен құралдарды үнемі жетілдіре түсіп отыру қажет екені сөзсіз. Ол үшін , физиканың, оптиканың, биологияның және т. б. ғылымдардың жетістіктерін пайдалана отырып шығарылған күрделі аспаптар мен құралдарды кеңінен пайдалану қажет.
Мұндай күрделі аспаптар мен құралдарды зерттеу жұмыстарында дұрыс пайдалану үшін қосымша білім мен әдістемеліктерді үйрену қажеттілігі сөзсіз. Малдәрігерлік салада экспериментті зерттеу жұмыстарын жүргізуде және оны жоспарлауда зерттелетін заттарды, аспаптар мен құралдарды таңдап алу көптеген қиындықтар тудырады. Себебі, ветеринариялық және биологиялық зерттеулерде қолдануға болатын жаңа приборлар, аспаптар мен құралдардың жүйеленген анықтамалары әркімнің қолына түсетін әдеби деректерде кездесе бермейді. Олардың негізгі көздері арнайы жұрналдардағы жеке мақалаларда, министрліктер мен ведомстволықтардың шығарылымдарында және шет елдердің фирмаларының жарнамаларында кездеседі. Оларда кездесетін қысқаша техникалық мінездемелер зерттеушіні оған қажетті мағлұматтармен толық қамтамасыз ете алмайды. Кей кезде техникалық білімділіктің жеткіліксіздігі де кедергі жасайды.
Бір қарағанда қарапайым болып көрінетін ыдыстарды зерттеу жұмысына дайындау; реактивтерді, бояуларды, бактериялық ортаны рет-ретімен дайындау ерекшеліктерін де еске алып отыру қажет. Оларды дайындау сапасынан зерттеу жұмысының нақтылығы мен дұрыстығы пайымдалады.
Сонымен, қорыта келгенде, малдардың ауруын дұрыс анықтау, малдар мен өсімдіктерден алынатын өнімдердің сапасына дұрыс баға беру т. б. көптеген мәселерді дұрыс шешу лабораториялық зерттеулердің негізінде жүргізіледі.
Лабораториялық зерттеулердің нақтылығы мен бағалылығы зерттеу үшін таңдап алған әдістемелікке; аспаптар мен құралдарды, ыдыстар мен реактивтерді дайындауға; биологиялық материалдарды, антикоагулянттарды, консерванттарды және т. б. заттарды алу, сақтау, тасымалдау мәселелерін дұрыс шешуге тікелей байланысты.
Сонымен қатар малдәрігері мен биологиялық мамандықтарына лабораториялық ыдыстардың, аспаптар мен құралдардың түрлерін білу және оларды жұмысқа дайындау; әртүрлі ертінділердің концентрацияларын дұрыс есептеп шығару; зерттеу үшін лабораториялық жануарларды таңдап ала алу олардың тәжірибеде нәтижелі жұмыс істеулеріне жақсы көмегін тигізеді.
Жоғарыда айтылған мәселелерді ескере отырып 1998 жылдан бастап малдәрігерлерін дайындайтын жоғарғы оқу орындарының бағдарламасына «Лабораториялық іс» пәні еңгізілген. Бұл сабақ бұрын тек медицина саласында дәрігерлерді жетілдіру курстарында ғана жүргізіліп келген. Тәжірибе жүзінде медицина саласындағы мұның өзінің жеткіліксіз екендігін өмір көрсетіп отыр.
Біздің алға қойған мақсатымыз болашақ малдәрігерінің барлық мамандықтарының кез келген лабораториялық зерттеулерді толық меңгеріп шығуларын қатаммасыз ету. Міне, сондықтан да, болашақ мал мамандары «Лабораториялық іс» пәнін игергенде келещекте өз жұмыстарында кездесетін зерттеу аспап-құралдарымен, техникамен, лабораториялық жануарлармен, оларды жұмысқа дайындап, пайдалана білу әдістерімен жәнеде осының бәрін өздіктерімен шешу мәселелрімен танысады.
К І Р І С П Е
Азық-түлік проблемасын шешу кез келген елдің алдында тұрған ғылыми-техникалық прогресс жолында дамуының негізгі келелі мәселелердің бірі болып табылады. Ол үшін халық шаруашылығында, оның ішінде ауыл шаруашылығында түпкілікті өзгерістер, қайта құру мәселелері дұрыс жолға қойылуы қажет. Кейінгі жылдары елімізде мал, құс шаруашылықтары ақырындап аяғынан тұрып келеді. Қазіргі кезде ғылыми жұмыстағы ең негізгі мақсат - асыл тұқымды малдарды өсіру, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Бұл мәселені шешуде мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми-өндірістік орталығының басшылары мен мамандары белсене ат салысуда.
Республикамыздағы ауылшаруашылық өндіріс кешендерінің алдында тұрған мақсат - өндірістерге экономикалық әдістерді еңгізу, шаруашылық қарым-қатынастарды жаңа деңгейге көтеру, жаңа технологияларды тиімді пайдалану, өндірудің мөлшері мен сапасын бүгінгі күннің талабына сай нәтижеге жеткізу болып табылады. Бұл мәселелерді шешуде мал және құс шаруашылықтарының алатын орындары ерекше, тіпті шешуші негізгі роль атқарады десек артық айтқандық емес. Міне сондықтан да мал және құс шаруашылықтарының өнімдерін өндіруге аса зор көңіл бөлінуі керек. Республикамыздың халқын мал шаруашылығының өнімдерімен қамтамасыз ету үшін малдан алынатын өнімердің мөлшерін ғана көбейтіп қоймай, олардың сапасын үнемі жақсартып отыру қажет. Шаруашылықтарда кездесетін кемшіліктерді жойып, алдыңғы қатардағы технологияны іске асыру арқылы жұмсалған қаржының қайтарымдылығын жоғарылату керек.
Мал және құс шаруашылықтарының дұрыс өркендеуі ветеринариялық ғылыми-зерттеу жұмыстарының дұрыс іске асуына тікелей байланысты. Бұл жерде мал басының сақталуын қадағалай отырып, олардың өнімділігін жоғарылату, санитарлық және тауарлық сапасын жақсарту, барлық жерлерде эпизоотиялық жағдайды, әсіресе адамдар мен малдарға бірдей аурулардан сақтандыру мәселесін, дұрыс уақытында шешеіп отыру негізгі мақсат. Мәселен, бүгінгі таңда індетті аурулардың 300-ге жуық нозологиялық түрлері белгілі. Олардың көпшіліктері өте қауіпті аурулар. Қазірде малдар арқылы адамдарға берілетін аурулардың 184 түрлері анық. Олардың ішінде жылқылардан - 50, ірі қарадан -50, шошқадан -46, құстардан - 26, балықтардан - 14 және т. б.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұжымының деректері бойынша жыл сайын 1, 5 млрд. адамның тағамдар арқылы уланулары тіркелетін көрінеді. ТМД елдерінде бұл көрсеткіш 6, 5 - 33 млн. болса, олардың 6000 - 9000 адамы өледі екен. Міне сондықтан да, мал дәрігерлері мен адам дәрігерлерінің және санитарлардың алдында тұрған негізгі мақсаттар - адамдар мен малдарды індетті аурулардан сақтандыру, бола қалған жағдайда уақытында нақтылы диагноз қоя білу және тез арада ғылыми тұрғыда дәлелденген емдеу, жою шараларын дұрыс пайдалану.
Бұл мәселелерді іске асыру тек қана қазіргі кездегі жаңа технологияны және диагностикалық әдістерді, әртүрлі лабораториялық зерттеулерді жете білгенде ғана дұрыс орындалады. Биология және ветеринария салаларында кеңінен жүргізілетін зерттеулер көптеген техниканы, жаңа технологияны, аспаптар мен әртүрлі лабораториялық жануарлар мен ыдыстарды қолдануды талап етеді.
Қазіргі кезде мал шаруашылығының өркендеу технологиясының негізінде ауруларды емдеу мен олардан сақтандыру мәселелерін шешу үшін көптеген жаңа препараттар, приборлар және аспаптар мен құралдар ұсынылуда. Мал организмінің өмірінде болатын өзгерістерді толық қанды түрде зерттеу үшін қазірде белгілі зерттеу әдістері мен әдістемеліктерді, аспаптар мен құралдарды үнемі жетілдіре түсіп отыру қажет екені сөзсіз. Ол үшін , физиканың, оптиканың, биологияның және т. б. ғылымдардың жетістіктерін пайдалана отырып шығарылған күрделі аспаптар мен құралдарды кеңінен пайдалану қажет.
Мұндай күрделі аспаптар мен құралдарды зерттеу жұмыстарында дұрыс пайдалану үшін қосымша білім мен әдістемеліктерді үйрену қажеттілігі сөзсіз. Малдәрігерлік салада экспериментті зерттеу жұмыстарын жүргізуде және оны жоспарлауда зерттелетін заттарды, аспаптар мен құралдарды таңдап алу көптеген қиындықтар тудырады. Себебі, ветеринариялық және биологиялық зерттеулерде қолдануға болатын жаңа приборлар, аспаптар мен құралдардың жүйеленген анықтамалары әркімнің қолына түсетін әдеби деректерде кездесе бермейді. Олардың негізгі көздері арнайы жұрналдардағы жеке мақалаларда, министрліктер мен ведомстволықтардың шығарылымдарында және шет елдердің фирмаларының жарнамаларында кездеседі. Оларда кездесетін қысқаша техникалық мінездемелер зерттеушіні оған қажетті мағлұматтармен толық қамтамасыз ете алмайды. Кей кезде техникалық білімділіктің жеткіліксіздігі де кедергі жасайды.
Бір қарағанда қарапайым болып көрінетін ыдыстарды зерттеу жұмысына дайындау; реактивтерді, бояуларды, бактериялық ортаны рет-ретімен дайындау ерекшеліктерін де еске алып отыру қажет. Оларды дайындау сапасынан зерттеу жұмысының нақтылығы мен дұрыстығы пайымдалады.
Сонымен, қорыта келгенде, малдардың ауруын дұрыс анықтау, малдар мен өсімдіктерден алынатын өнімдердің сапасына дұрыс баға беру т. б. көптеген мәселерді дұрыс шешу лабораториялық зерттеулердің негізінде жүргізіледі.
Лабораториялық зерттеулердің нақтылығы мен бағалылығы зерттеу үшін таңдап алған әдістемелікке; аспаптар мен құралдарды, ыдыстар мен реактивтерді дайындауға; биологиялық материалдарды, антикоагулянттарды, консерванттарды және т. б. заттарды алу, сақтау, тасымалдау мәселелерін дұрыс шешуге тікелей байланысты.
Сонымен қатар малдәрігері мен биологиялық мамандықтарына лабораториялық ыдыстардың, аспаптар мен құралдардың түрлерін білу және оларды жұмысқа дайындау; әртүрлі ертінділердің концентрацияларын дұрыс есептеп шығару; зерттеу үшін лабораториялық жануарларды таңдап ала алу олардың тәжірибеде нәтижелі жұмыс істеулеріне жақсы көмегін тигізеді.
Жоғарыда айтылған мәселелерді ескере отырып 1998 жылдан бастап малдәрігерлерін дайындайтын жоғарғы оқу орындарының бағдарламасына «Лабораториялық іс» пәні еңгізілген. Бұл сабақ бұрын тек медицина саласында дәрігерлерді жетілдіру курстарында ғана жүргізіліп келген. Тәжірибе жүзінде медицина саласындағы мұның өзінің жеткіліксіз екендігін өмір көрсетіп отыр.
Біздің алға қойған мақсатымыз болашақ малдәрігерінің барлық мамандықтарының кез келген лабораториялық зерттеулерді толық меңгеріп шығуларын қатаммасыз ету. Міне, сондықтан да, болашақ мал мамандары «Лабораториялық іс» пәнін игергенде келещекте өз жұмыстарында кездесетін зерттеу аспап-құралдарымен, техникамен, лабораториялық жануарлармен, оларды жұмысқа дайындап, пайдалана білу әдістерімен жәнеде осының бәрін өздіктерімен шешу мәселелрімен танысады
Дәріс 1 -2
Тақырып 1. Кіріспе.
1. Лабораториялық зерттеудің маңызы. Жалпы техникалық қауіпсіздік талаптары.
Тақырып 2.
1. Лабораториялық істің дамуы. Анықтамасы, пәннің мақсаты.
2. Тарихи деректер
«Лабораториялық іс» пәні лабораториялық зерттеулерді әдістемелік, техникалық, ұйымдастыру мәселелерімен қамтамасыз етуді және зерттеулерді тәжірибе жүзінде іске асыруды қарастырады.
Негізгі қарастырылатын мәселелер:
-ауруларды анықтау, олардан сақтандыру және емдеу процессінің нәтижесін бақылау үшін адамдар мен малдардың организміндегі биологиялық сұйықтарды зерттеу;
-қоршаған ортаның биологиялық, химиялық агенттермен ластану деңгейін анықтау және физикалық факторлардың әсерін зерттеу;
-сыртқы ортаны қорғау; мал шаруашылығының жұмысшыларын тиімді санитарлық-гигиеналық жағдаймен қамтамасыз ету; малдардың, олар тұратын қора жайларының, жайлымның, азықтардың, судың және т. б. мәселелерді дұрыс, уақытында шешу;
-малдан, өсімдіктерден алынатын шикізаттардың сапасын анықтау;
-індетті және тоғышарлар тудыратын адамдар мен малдарға ортақ аурулардан сақтандыру шараларын қамтамасыз ету.
Бұл мәселелерді шешуде «Лабораториялық іс» пәні барлық клиникалық, ветеринариялық, жалпы биологиялық және т. б. пәндермен тығыз байланыста болады. Қандай лабораториялық зерттеулер болмасын, оларды жүргізу үшін белгілі бір приборлар, аспап-құралдар және реактивтер қажет. Сондықтан да «Лабораториялық іс» пәнінің негізінде техникалық (физика, химия) және іргелі (фундаментальды) ғылымдардың қазіргі кездегі жетістіктері жатыр.
Республикамызда мал шаруашылығының дамуын зерттеу бастапқы кезде ара-тұра әртүрлі ғылыми-зерттеу экспедициялары арқылы жүргізілді. Мәселен, ХІХ ғасырдың 15-20 жылдары доктор Бунге ірі қара малының сібір жарасы мен оба ауруларының таралу себептерін анықтады. Кейіннен 1872-1874-1888 жылдары осы ауруларды зерттеп, болдырмау мәселелерін жетілдіре түсу үшін кешенді экспедициялар құрылды. Ал 1893 жылдан бастап Қазақстанда обылыстық ветеринариялық қоғамдар құрыла бастайды. Бұл қоғамдар көп жылдар бойы ғылыми мекемелердің ролін атқарып келді. Олар ветеринария ғылымының алғашқы кезеңіндегі ғылыми ізденістердің жолы мен көлемін анықтап отыратын негізгі ұйымдастырушы күшке айналды. Қоғамның негізгі қызметтері үш мәселені шешуге бағытталды:
- Ғылыми, тәжірибелік және ұйымдастыру жұмыстарын;
- Әдістемелік-кеңес мәселелерін;
- Үгіттеу және оқытушылық бағыттарды.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ресейде басқа да Еуропа елдеріндегідей медициналық, ветеринариялық және ауылшаруашылық микробиологияның дамуы негізінде медициналық және ветеринариялық бактериологиялық лабораториялар мен станциялар ашыла бастады. 1887 жылы Харьковтік және Дерптік (Юрьевтік) бактериологиялық станциялар ұйымдастырылды, ал 1890 жылы Саратовтың ветеринариялық-бактериологиялық лабораториясы құрылды. 1897 жылы Ресейде 25 ветеринариялық-бактериологиялық лабораториялар мен станциялар жұмыс істеді.
1898 жылы 22 қаңтарда Петербургта ветеринариялық-бактериологиялық лаборатория мен ішкі істер министрлігінің жанынан ветеринариялық басқарма ашылды. Лабораторияның алдына қойылған мақсаттар:
-губерниялардың талаптары бойынша сібір жарасына қарсы вакцинаны және басқа да егілетін материалдарды дайындап, жіберіп отыру;
-жаңа биопрепараттарды тексеруден өткізіп отыру;
-сырттан келетін патологиялық материалдарды диагностикалық тұрғыдан зерттеу;
-әртүрлі эпизоотологиялық сұрақтарды ғылыми зерттеуден өткізу;
-малдәрігерлік курстарда білімдерін жетілдіруге жіберілген мал дәрігерлеріне бактериологиядан сабақ беру.
Осы лабораторияның негізінде Қазан революциясынан кейін Мемлекеттік эксперименталды ветеринария институты құрылды. Кейіннен, 1930 жылы ВИЭВ болып аталды.
Қазақстанда ветеринариялық-бактериологиялық лабораторияларды ұйымдастыру мәселесін бірінші рет обылыстық ветеринария инспекторы А. П. Петровскийдің ұсынысы бойынша Орал ветеринариялық қоғамы көтерді. Оған негізгі себеп болған сол жылдары Оралда түйелердің белгісіз аурудан көптеп қырылуы. 1897 жылы Оралда төрт далалық бөлімшесі және бес сапарға дайын лабораториясы бар ветеринариялық-бактериологиялық лаборатория құрылды. Бұл лаборатория кезінде індетті, тоғышарлар тудыратын және басқа да ауруларды анықтауда; бактериялық улар мен вакциналарды дайындауда, белгісіз түйе ауруларын зерттеуде қомақты жұмыстар жүргізді. Лаборатория мамандары қазіргі Батыс-Қазақстан, Ақтөбе, Манғышылақ және Атырау обылыстарына қызмет көрсетті.
Орал ветеринариялық-бактериологиялық лабораториясының ғылыми-зерттеу жұмыстары тек Қазақстанда ғана емес бүкіл Ресейдің барлық түкпір-түкпірлеріне дейін белгілі болды. Осы лабораторияның оңды тәжірибелеріне сүйене отырып көптеген мал дәрігерлері осындай лабораторияны Қазақстанның басқа да обылыстарында ашуға ұсыныстар жасады. Бірақ сол кездегі патша үкіметі ол ұсыныстарды, сондай-ақ орталық малдәрігерлік ғылыми-зерттеу станциясын ашу туралы берілген ұсынысты да ескерусіз қалдырды.
Азамат соғысы кезінде малдәрігерлерінің күрт азаюы, мал өнімдеріне қызығушы топтардың көбеюі малдәрігерлік жұмыстың нашарлауына және Қазақстанда эпизоотияның таралуына әкеп соқты. Осындай құлдырап кеткен малдірігерлік істің дұрыс жолға қойылуына 1921 жылғы қараша айында болған малдәрігерлік мамандардың Бүкілресейлік съезі түпкілікті әсер етті. Онда эпизоотиямен күрестің бірыңғай мемлекеттік жоспарлануы анықталды; жылқылардың маңқа ауруын жоюдың жолдары, ірі қараның және шошқаның оба және өкпе ауруларына, сібір жарасы, қотыр және т. б. ауруларға қарсы күресу шаралары белгіленді.
Съезд губерниялық және обылыстық маңыздағы ветеринариялық қызметтің біртекті құрылымын шешті, «Ветеринариялық-бактериологиялық институттар» және «Губерниялық ветеринариялық-бактериологиялық лабораториялар» туралы ережелерді бірінші рет бекітті.
1921 жылы В. С. Бобровский жер туралы халық комиссариатының ветеринариялық басқармасының бастығы болып тағайындалады. Оның басқаруымен арнайы комиссия Ветеринария заңының (Жарғы) бірінші жобасын дайындауға кіріседі. Бұл жоба 1923 жылғы қараша айында өткен ВЦИК-тің сессиясында қаралып, Заң ретінде бекітіледі. В. С. Бобровский басқарған орталық ветеринариялық басқарма ветеринариялық ұжымдардың тармақтануына, оның ішінде бактериологиялық лабораториялардың дамуына ерекше қамқорлық жасады.
Қазақстанда ветеринариялық ұжымдар Қырғыздық орталық атқару комитеті мен Қырғыз республикасының советтік халық комиссариаты құрылғаннан бастап заңды ұжым ретінде хаттала бастады. 1920 жылы 18 қырқүйекте Қырғыз республикасының халықтық жер комитетінде Орталық ветеринариялық бөлім ұйымдастырылды. Оның бірінші ұйымдастырушысы және бастығы болып 1904 жылы Қазанның малдәрігерлік институтын бітірген А. П. Сейдалин тағайындалады.
1924 жылы ветеринариялық ұжымдар мен ветеринария мамандырының саны недәуір көбейеді. Малдәрігерлік бөлімдер, пункттер, институттар ұйымдастырылады. Қазақстанда ветеринария саласының дамуы әсірее соғыстан кейінгі жылдары жылдамдай түседі. Обылыстық, аудандық малдәрігерлік лабораториялар құрылады. Қазақстанда малдәрігерлік лабораториялардың қызметін ұйымдастыруда үлкен үлес қосқан ғалымдар: У. Б. Базанов, И. А. Квятковский, Т. И. Исенгулов, С. А. Аманжолов, А. Р. Абишев, Н. Ж. Жанузаков, академик З. К. Кожебеков және т. б. .
Диагностикалық әдістемеліктер мен препараттар дайындауда көп еңбек сіңірген ғалымдар: К. Н. Бучнев, А. А. Росляков, Б. А. Матвиенко, Б. Т. Толысбаев, К. Б. Бияшев, Т. С. Сайдулдин, Н. П. Иванов, М. С. Сабаншиев, И. Белобаб және т. б. көптеген ғалымдар.
Лабораториялық зерттеу әдістемеліктерін шығаруда Е. Ф. Дымко, З. К. Кожебеков, Н. Ф. Шуклин, Т. М. Тлеуғали, С. Қ. Қырықбай ұлы, Г. Х. Габидуллин, В. Н. Квятковский, К. Н. Қожанов және т. б. көптеген ғалымдар өз үлестерін қосты.
Дәріс 3 -4
Тақырып 1.
1. Жалпылай қолдануға арналған ыдыстар;
Тақырып 2.
1Арнайы қолдануға арналған ыдыстар
Лабораториялық ыдыстар - анализдік, препараттық және басқа лабораториялық жұмыстарда жалпылай және арнайы қолданылатын ыдыстар. Олар негізінен химикалық-лабораториялық шынылардан, фарфордан, пластикалық заттардан, платинадан, металл тотықтарынан және басқа да материалдардан жасалады. Химикалық-лабораториялық шынылар жоғарғы химиялық және температуралық төзімділігімен, аз кристаллданатын ерекшелігімен сипатталады. Оның мұндай қасиеттері оларды шыны үрлеу оттықтарында өңдеуге мүмкіншілік береді. Оларды 5 топқа жіктеуге болады:
- Кварц шыныдан жасалған лабораториялық ыдыстар.
- № 23, 20, 52, Ц 32, ЦЛ, КС-№; және т. б. натрий-кальций силикатты шыны маркаларынан жасалған лабораториялық ыдыстар.
- Сілтісі аз алюминийбор және бор силикаттарынан дайындалған лабораториялық ыдыстар.
- Борсыз және аз борлы алюминий силикатынан дайындалған лабораториялық ыдыстар.
- Сілтіге төзімді цирконды шынының Щ-14, Щ-23, Щ-26 маркаларынан дайындалған лабораториялық ыдыстар.
Кварц шынылардың құрамында 96 %-дан жоғары кремнезем болады. Оны кварцтың ең таза сортынан электр пештерінде немесе оттегі-сутегі жалынында балқыту арқылы алады. Кварц шынысы температураға ең төзімді, оның температурада ұлғаю коэффициенті төмен, отқа төзімділігі жоғары, көптеген химиялық реагентерге инертті, көзге көрінетін, ультракүлгін және инфрақызыл сәулелерді өткізе алады. Бірақта ол шынылар өте нәзік; сілтілерде, сілтілік металлдардың карбонаттарында және фторлы-сутегі қышқылында тұрақсыз; 1200ºС-дан жоғарғы температурада мөлдірлігін жоғалтады. Негізгі түрлері: мөлдір, мөлдір емес, оптикалық, ерекше таза, керамикалық және легирленген. Мөлдір шынылардан колбалар, тигелдер, реторттар, стақандар, табақтар, әртүрлі диаметрлі түтікшелер дайындалады.
Бұл топқа кварционидті шынылар да жатады. Оларды құрамында натрий, бор, оттегі, кремний бар шынылардан натрий боратын қышқыл ертінділерімен сілтісіздендіру арқылы алады. Бұл шынылардан өте жұқа химиялық лабораториялық ыдыстар, түтікшелер, ультракүлгін сәулесін шашатын кварц жанғыштары дайындалады.
Екінші топтағы шынылардың құрамында 13-20 % сілті тотықтары, 5-10 % кальций тотығы және 1, 5-4 % аллюминий тотығы болады. Олардан жұқа лабораториялық ыдыстар, приборлар, аппараттар және қалық қабырғалы эксикаторлар, газ өлшегіштер, өлшегіш цилиндрлар және т. б. ыдыстар дайындалады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz