ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ЭТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ


Омарова А. Т., Мамытканов Д. К.
ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ЭТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Алматы 2018
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия және саясаттану факультетінің Ғылыми кеңесі және Редакциялық баспа кеңесі шешімімен ұсынылған.
Пікір жазғандар:
PhD Беймишева Айгүл Сейтжанқызы
Соц. ғ. к. Авсыдыкова Құралай Әділжанқызы
Оқу құралында әлеуметтік жұмыстың этикалық негіздеріне талдау жасалынып, кәсіби мамандарды дайындауға бағытталған кәсіби - этикалық құзыреттіліктер ұсынылған. Әлеуметтік саладағы іс-әрекеттің кәсіби ерекшелігі жөнінде жүйеленген теориялық білім қарастырылған. Бұл еңбек студенттер мен магистранттарға, оқытушыларға, және халықтың аталмыш санатының проблемаларына назар аударушы оқырмандарға арналған.
АЛҒЫ СӨЗ
Әлеуметтік жұмыстың этикалық негіздері» пәні әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы бакалавр мамандарын дайындауға, жеке - тұлғалық және кәсіби қабілеттерін дамытуға бағытталған. Әлеуметтік жұмыс кәсіби қызмет түрлеріне жатқызылуына байланысты кәсіби - этикалық құзыреттілігі мамандықтың маңызды компоненті болып табылады және практикалық әлеуметтік жұмыстың біртұтас кәсіби ойлау қабілеттерінің қалыптасуына ықпал етеді.
Әлеуметтік жұмыстың кәсіби маңызды құндылықтары, оның құндылықтарының қалыптасуы мен дамуы, әлеуметтік жұмыстың деонтологиялық және аретологиялық мәселелері, әлеуметтік қызметкердің іс-әрекетін реттеудегі этикалық-аксиологиялық аспекжағдайын зерттеуге бағытталған.
Оқу құралы логикалық және құрылу тізбегі кәсіби қызметті ұйымдастыруда этикалық-аксиологиялық көзқарас мәні мен әлеуметтік жұмыс саласындағы жалпыадамзаттық моральдық принциптерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, әлеуметтік жұмыстың этикалық-аксеологиялық негіздерін меңгеруге, әлеуметтік жұмыс құндылықтары жүйесінде қызмет ету қабілеттерін ашуға, клиентке, қоғамға қатысты әлеуметтік қызметкердің этикалық міндеттерін орындауға, құндылықты-этикалық өзін-өзі бағалау дағдыларын қалыптастыруға жағдай жасайды.
Болашақ мамандар бойында этикалық-аксиологиялық көзқарасты жүйелі жүзеге асыруда әлеуметтік жұмыстың әдістері мен формаларын, құбылыстардың, жағдайлардың этикалық - аксиологиялық нәтижелерін, кәсіби іс - әрекетті этикалық реттеу, әлеуметтік жұмыс тәжірибесінде этикалық нормалар мен прициптерді жүзеге асыруда қажетті кәсіби біліктіліктерін қалыптастырады.
Әлеуметтік жұмыстың этикалық-аксиологиялық негіздерін меңгеруге, әлеуметтік жұмыстың құндылықтар жүйесінде бағыттық көзқарасын қалыптастыруға, қоғамға, клиентке қатысты әлеуметтік қызметкердің этикалық жауапкершілігін іске асыруға, құндылықтық - этикалық өзін - өзі бағалау дағдыларын студенттердің толыққанды игеруіне көмектеседі.
«Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша кәсібилік қабілеттіліктерді қалыптастыратын этикалық негіздер кешенді қарастырылған. Қазіргі қоғамда кәсіби іс- әрекеттің барлық салаларына, әсіресе адамдарға әлеуметтік көмек көрсету арқылы адамның өзін-өзі жетілуімен сипатталатын салалардағы кәсіби іс-әрекетті этикалық бағалау критерийлерін енгізу талпынысы жүргізілуде. Осы пән әлеуметтік жұмыс тәжірибесінде және ғылыми қызметінде қажетті болатын кәсіби этикалық-аксиологиялық білімдерді қамтиды. Курс студенттерде гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық пәндерді оқу барысында қалыптасқан жүйелі білімдерді, қазіргі әлеуметтік жұмыс мамандығының жалпы және өзіндік ерекшеліктерін ескере отырылып жасалынған.
- ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТАҒЫ КӘСІБИ ЭТИКА, ҚҰРЫЛЫМЫ, МӘНІ
1. 1 Қоғамда, әлеуметтік ортада адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасай отырып, әр ортада белгілі бір этикетті сақтайды. Этикет дегеніміз - тәртіп сақтау ережелері. Ол - қоғамда белгілі бір нормаларға сай өмір сүретін қағидалардың жалпы жиынтығы. Ал бұл нормалар адамдардың мораль және адамгершілік қасиеттерінің жиынтығы болып табылады. Мораль және адамгершілік туралы ілім этика болып табылады. Сондықтан, этикет этика ілімінің негізінде қалыптасқан, яғни, адамгершілік құндылықтарды сақтай отырып, адамдардың бір-біріне нұқсан келтірмейтін қоғамда тәртіп сақтау ережелері қалыптасты.
Қоғамда этикалық талаптар, норма, тәртіптер сақталмайтын болса, адамдардың арасындағы қатынас бейтараптыққа айналып кетуі мүмкін. Сондықтан, әр қоғамда адамдардың тәртібін адами тұрғыдан бақылайтын, теріс қылықтарды азайтатын белгілі бір нормалар жиынтығы құрылған. Мысалы, үлкендерге құрмет көрсету, қоғамдық орындарда тәртіп сақтау және т. б.
Этиканы сақтау өмірдің әр саласында әр түрлі. Күнделікті өмірдің өз этикасы, әр қызметтің өз этикасы, белгілі бір ортаның өз этикасы, әр халықтың жеке этикасы және әрбір таптың өздері ұстанатын жеке этикасы және этикет принциптері болады. Этикетті сақтау қызмет бабында өте маңызды мәнге ие болып табылады.
Соның ішінде әлеуметтік қызметкердің этикасы, оның этикеті басты назарды аудартады. Әлеуметтік қызметкер әр түрлі қоғам мүшелерінің өкілдерімен жұмыс істейтіндіктен аса үлкен дайындықпен қызмет атқаруы тиіс. Сонымен қатар адамгершілік құндылықтар, адамға деген мейірімділік, оның жанын түсіну, көмек беруге ұмтылу, әр жұмысына адал болу және т. б. адамгершілік қасиеттері оның басты этикалық құндылықтары болып табылады. Клиенттің алдында өзін-өзі ұстай білу, сыртқы бейнесі мен киімінің тәртіпке сай болуын қадағалау, қимыл-әрекеттері мен ым-ишараларды әңгіме кезінде қолдана білу, анық әрі түсінікті, жүйелі түрде сөйлей білу - осылардың барлығы әлеуметтік қызметкердің кәсіби-этикалық құндылықтарына және жалпы қабылданған этикет жүйелеріне жатады.
«Этика» термині көне грек тіліндегі «ethos» сөзінен шыққан, бастапқыда «бірлескен тұрғын үй», «тұрақ» дегенді білдірген. Кейінірек сөздің жаңа мағынасы пайда болды: ойдың, мінездің, табиғаттың, салттың бейнесі. Бұл ұғымдардың мағыналық айырмашылықтарына қарамастан, бірлескен тұрақта ойдың, мінездің, табиғаттың, салттың бейнесі қалыптасады, сонымен қатар өзін көрсетеді.
Этика (грек тілінде ethika, от ethos - дәстүр) - философиялық ғылым. Бұл философиялық ғылымның обьектісі - мораль, оның дамуы мен қоғамдағы рөлі мен нормалары болып табылады. Этика философияның бір бөлігі ретінде пайда болып, өте ерте қалыптасқан, ежелгі шығармашылық пәндердің бірі. Философияда мораль мен танымды оқып үйренуде белгілі грек философы Аристотельдің «этика термині» ұсынылған болатын.
Аристотель этика («ethos») сөзінің негізінде «ethicos», яғни, этикалық деген мағынаны білдіретін анықтауыш сөз қалыптастырды. Бұл ұғыммен ол әділдік, батылдық, мейірімділік, жұмсақтық, жомарттық, достық, сыпайылық және шындықты қамтитын рухани қасиеттердің жиынтығын түсіндіріп көрсетті. Этикалық ізденістерді, сондай-ақ ізгі істерді зерттейтін ғылым «Аристотельдің этикасы» деп аталды. Осылайша, б. д. д. IV ғасырда пайда болған этикалық ғылымның «этика» атауы осы күнге дейін келіп жетті. Грек тіліндегі «этос» сөзінің латынша аналогы - «moris» (морис) ұстаным, әдет-ғұрып, мінез-құлық деп аударылады. Цицерон Аристотельдің тәжірибесіне сүйене отырып, «moralis» (моральдық) деген анықтауыш сөз қалыптастырды. Осы анықтауыш сөзден кейінірек «мораль» деген зат есім пайда болып, ол мағынасы жағынан «этика» терминіне сәйкес келді. Осылайша, этимологиялық мағынасы жағынан гректің «этика» және латын тілінің «мораль» сөздері бір- біріне балама болып табылады. Кейінірек орыс тілінде «нравственность» (адамгершілік) сөзі пайда болды, оның мағынасы гректің «этика» және латынның «мораль» сөзімен сәйкес келеді. Осы уақытқа дейін «этика» және «мораль» терминдері бір-бірінің орнына ауызекі тілде қолданыла береді.
Этика білімінің объектісі - мораль, оның дамуы, қоғамдағы нормалар мен рөлі. Этика адам өмірінде күнделікті кездесетін мораль мен таным сұрақтарын шығармашылық деңгейде шешуге бағытталған.
Этика - философиялық категория. Ол педагогика, психология, филология және заң ережелерімен сабақтас. Ол - теориялық тұрғыдан қарағанда заң-ережелерден тұратын құрылым, қоғамның, жалпы бүкіл адамзаттың дамуының қозғаушы күші.
Мораль - күрделі құбылыс. «Мораль» сөзі латын тіліндегі «mores» сөзіне сәйкес келеді, «ұстаным» деген мағынаны білдіреді. Сондықтан «мораль» және «адамгершілік» деген ұғымдар синоним ретінде пайдаланылады. Адамның ой-өрісінің дамуы кезеңдерінде мораль сипаты «дүниелік даналықтың тәжірибесі», адамға ізгілік тәрбиесін беру мектебі ретінде әр түрлі түсіндірулерге ие болды. Этикалық ой тарихында осы тұжырымдама әр түрлі мағына береді. Мораль бақытқа жетудің тәсілі ретінде, рахаттану міндетін орындау, қоғамдық игілікке сұраныс ретінде және т. б. түсіндірілді. Моральдың бірегейлігін анықтаудың күрделілігі адам өмірінің кез келген саласына байланысты болды.
Моральдің жалпы теориясы - мораль құрылымының, оның қоғамдық дамуындағы адамдардың өмір қызметіндегі рөлінің жиынтығы туралы ғылыми білімдердің жүйесі. Жалпы теория моральдің әлеуметтік мәнін анықтау үшін негіз қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мораль дамуындағы нәтижелерге
60-жылдары көптеп жете бастағанын айта кету керек. Осы уақытта
О. Г. Дробницкийдің алғаш рет күрделі мәселесі: «теориялық рамкадағы рөлді» атқаратын моральдің жалпы түсінігі немесе пәнді оның тарихында көру тәсілі қарастырылған «Мораль түсінігі» деген негізгі еңбегі жарық көрді.
60-жылдары моральдің теориялық анықтамаларына әр түрлі көзқарастар пайда болды, моральдің пайда болуы және теориясы мәселелеріне қатысты дискуссиялар болды. Осы уақытта С. Ф. Анисимовтың, В. Г. Ефимованың,
А. А. Гусейкованың, В. П. Кобляковтың, А. И. Титаренконың,
Г. Г. Акмамбетованың және тағы басқа ғалымдардың моральдің жалпы теориясы және этиканың теориялық мәселелерін қарастыратын еңбектері жарық көрді.
Моральдің жалпы теориясын қалыптастырудың қажеттілігі әр түрлі себептермен түсіндіріледі. Біріншіден, мораль қатынастардың ерекше аясын, қызметтің ерекше түрін сипаттамайды, дегенмен, ол қызметтің өзіндік нысаны болып табылады.
Моральдің «таза күйінде» бөлінуі - теоретикалық абстракция мәселесі. Екіншіден, моральдің ішкі байланысының қажеттілігі моральдік сана тарихи типінің тарихи жағдайлармен әлеуметтік шектелуімен байланысты, бірақ сана қоғамдық өмірге кері әсер тигізеді. Мораль әрқашанда қоғамдық өмір сферасымен байланысты болды, дегенмен, оның әсер ету күші дәуірге және топтық қатынастарға байланысты ауысып отырды. Моральді зерттеу үшін әр түрлі ғылым өкілдері: политологиялық теория, мәдениет теориясы және тағы басқа әлеуметтанушылары өз мүдделерін білдірді. Мораль - қоғамдық сана ретінде адамдардың әрекеттерінде басшылық ететін және қоғамдық пікірмен және адамдардың нанымдарымен мақұлданатын нормалар мен принциптер жиынтығы.
Дегенмен, бұл анықтама ары қарай мамандарды қанағаттандырмады немесе гносеологиялық, социологиялық көзқарас бойынша моральдік сананы нақты бейнелемеді. 70-жылдары К. Маркстың моральді әлемді танудың рухани- практикалық тәсіліне жатқызуына назар аударылды. Мораль теориясы жалпы философиялық түсінік ретінде: «қоғамдық қатынастар», «қарым-қатынас», «мүдде», «қажеттілік», «әлеуметтік бейнелеу» қолданылады. 60-70-жылдары этика саласындағы мамандар моральдің қоғамдық сана ретіндегі ерекшеліктерін айқындады және рухани-практикалық қызметтің осы түрінің ерекшеліктерін қарастырды. Мораль - қоғамдық қатынастың нысаны. Қоғамдық сана қоғамдық тұрмыс ретінде анықталады және гносеологиялық көзқарас бойынша үш түрі: логикалық, эстетикалық және нормативтік болатын әлеуметтік бейнелеу ретінде қарастырылады.
Моральдің нормативтік-бағалау бейнелеуіне «жалпы ережелерді қорытындылайтын және жинақтайтын, адамдар әрекеттерін бағалау түсініктері, яғни қоғамдық құндылықтар және қағидалар бойынша жүріс-тұрыс актілерін бағалауы» жатады. Норманың моральдік бағасы сананың күрделі жұмысының өнімі және бір уақытта субъектінің (қоғамның, топтың, индивидтердің) моралі тәжірибені және өмір жағдайын бейнелеудің нәтижесі болып табылады. Сонымен, мораль - қоғамдық сананың нысаны, адамдардың әрекеттерін реттеу қызметін атқаратын институт. Адамдардың әрекеттері әрқашан келісімді болуы керек. Қанша көп түрлі болғанымен, олар жалпы әлеуметтік заңдарға сүйенеді. Осындай келісім қызметін қоғамдық тәртіптің басқа да нысандарымен бірге мораль де атқарады. Моральдің ерекшелігі ол адам әрекеттерін реттейді. Моральді түсінудің күрделілігі адамның мораль талаптарын орындауын бақылаумен анықталады.
Мораль ерекшелігін түсіну үшін оның құрылымы мен функцияларын анықтау қажет. Көптеген зерттеушілер моральдің ішінен моральдік сана мен моральдік белсенділікті бөліп қарастырады. Енді моральдің осы екі компонентін қарастырайық. Моральдік сана - моральдің рухани жағы және эмоцияның, сезімнің, тәжірибенің, нормалардың, мінез-құлық қағидаларының жиынтығы. Моральдік сананың ұтымды деңгейі этикалық қағидалар, мінез-құлық нормаларын білу, моральдің теориялық негізі болып табылады. Моральдік сананың ұтымды деңгейін қалыптастырудың ең жоғары көрінісі - сенімдер. Қолжетімділік сенімі адамның моральдік жағынан мұқият болу қажеттілігін дәлелдейді. Моральдік сезімнің эмоциялық-сенсорлық және ұтымды деңгейлері бір-бірімен өзара әрекеттеседі. Осы деңгейлердің әрқайсысында көптеген моральдік нормалар мен қағидалар көрініс табады. Кейбір моральдік ұғымдар (жақсылық, жамандық, міндет, жауапкершілік және т. б. ) сезім деңгейінде ғана емес, сонымен қатар сенім деңгейінде де көрінеді. Сезімдер мен ойлардың маңызы моральдік санада бірдей рөл атқарады. Сократ пен Платон адамның адамгершілік өмірінде ақылдың маңызды рөлін атап өтті. Шынында да, моральдік сананың ұтымды деңгейінде жақсылық пен зұлымдыққа қатысты түсініктер, нанымдар, әділдік, міндет, жауапкершілік қалыптасады. Мораль тек сана деңгейінде ғана емес, моральдік сезімдер, ұғымдар мен нанымдар әр түрлі іс-әрекеттерде, яғни, адамның нақты әрекеттерінде, оның ішінде кәсіби қызметінде көрінеді. Моральдің практикалық аспектісі адам қызметінің барлық салаларында (өнеркәсіп, саяси, күнделікті өмірде және т. б. ) көрініс табады. Моральдік сана мен моральдік әрекет өзара байланысты. Моральдік белсенділік (әрекет) - адамгершілік сана құндылықтарын (жақсылық, әділдік, міндет және т. б. ) жүзеге асыру. Дегенмен, нақты өмірде бұл әрекетті адамгершілік немесе азғындық деп бағалау оңай емес. Іс-әрекетті талдау және осы актінің санатына (оң моральдік маңызы бар іс) немесе құқық бұзушылыққа (теріс моральдік мәнге ие әрекет) жатқызу келесі факторлардың орындалуын ескеруі керек. Ең алдымен, бұл әрекеттің анықталған себептерін анықтау керек. Дегенмен, кейде ақылға қонымды мотивация нәтиже бермеуі мүмкін. Сондықтан, іс-әрекеттің салдарының нәтижесін көру өте маңызды: бұл әрекет басқа адамдарға пайда әкелді ме? Аяқталған әрекетті бағалаңыз, яғни, адам белгілі бір мақсатқа жету үшін пайдаланған құралдарды бағалаңыз. Көріп отырғанымыздай, адамның мінез-құлқын моральдік бағалауы күрделі болмауы керек.
Мораль - әр түрлі әлеуметтік қызметті атқаратын күрделі қоғамдық құбылыс. Қоғам және тұлға туралы әр түрлі ғылымда: әлеуметтануда, этикада, педагогикада ізгіліктің әр түрлі анықтамалар беріледі. Мораль құрылымы негізгі үш элементтен немесе блоктан тұрады: ізеттілік қызметі, ізеттілік қатынастары, моральдік сана. Құрылым жүйе элементтерінің байланыс тәсілін құрайды.
Әдептiлiктiң утилитарлық-ағартушылық тақырыбында адамның iскерлiк өмiрiнде экономикалық iс әрекетiне дiннiң, моральдiң, мәдениеттiң әсер етуi.
Құрама Штаттар мен Батыс Еуропада бизнес әдебi ғылыми тәртiп ретiнде бұрыннан өмiр сүредi, менеджмент, экономика, стратегиялық жоспар, қаржы, есеп, маркетинг ракурсына сәйкес зерттелетiн. Бизнес этикасы бiлiм саласының қолданбасы ретiнде Құрама Штат пен Батыс Еуропада ХХ ғасырдың 1970 жылдары құрылды.
Ғылыми қауымдастық және iскерлiк әлем кәсiби бизнесмендер iскерлiк операцияларды жүргiзуде, сондай-ақ, «Қоғам алдындағы корпорациялық жауапкершiлiктер», «Әдептiлiк сана-сезiм» қажеттiгiн жетiлдiру туралы келiсiмге келдi. 1980 жылдардың басында АҚШ-та бизнес мектебiнiң көпшiлiгi, сонымен бiрге кейбiр университеттер өздерiнiң оқу бағдарламасына әдеп бизнесiн кіргізген. Бизнес этикасында бизнестiң мораль мәселелерiнiң
3 негiзгi әдiсi бар. Үш негiзгi жолдамаға тiрелетiн утилитаризм, деонтикалық әдеп және «әдiлеттiлiк әдебi» америка ғалымдары М. Валаскес, Дж. Ролза,
Л. Нэш еңбектерiңде көрсетiлген. Қазiргi уақытта бизнес әдебiнiң курсы Ресей және Қазақстан оқу орындарының кейбiр оқу жоспарына кiредi.
Бизнес әдебiнде ең негiзгi лауазымдардың бiрi утилитаризм тұжырымдамасы болып табылады. Моральді ақтаған ең аз пайдалы тиiмдiлiкке әкелетiн әрекет болып табылады.
Барлық мүмкiн болатын iс-әрекет нұсқалары негiзiнде табыс пен шығын түрiнде жағымды не негативтi тиiмдiлiгiн ескеру қажет, сондай-ақ оның салдарын болжау, оның iшiнде, әрбiр жалған нәтижелерiн теориялық утилитаризм ережесiн қолдану толыққанды мәселелермен байланысты, оның қатарындағы ең негiзгiсi - «қоғамдық пайданы» толығымен анықтау қажеттiлiгi. Кейбiр жағдайда табыс пен шығын өлшемге берiлмейдi. Көп жағдайда табыс пен шығын мөлшерiн болжау, сондай-ақ оларды сан жағынан бағалау мүмкiн болмайды.
Сонымен, белгiлi фундаментальдi ғылыми зерттеулердiң табысы мен шығынын анықтау мүмкiн емес.
Теориялық нормалар утилитаризмiнiң жағдайларын келесi принцптермен көрсетуге болады:
1) тек қана мораль нормаларының реализациясының қажеттiлiгi болған жағдайда ғана әдеп көзқарасы жағынан қандай болмасын акция заңды;
2) онымен жүретiн табыс альтернативтi норманы қадағалау нәтижесiндегi жалпы табысынан жоғары көрсеткiштi болса мораль нормасы түзу.
Iскерлік өмiрдiң мәселелерiне басқа тұрғыдан қарау деонтикалық әдептi және борыштық әдептi ұсынады. Осы тұрғыда түсiнiк орталығы құқық болып табылады. Бұл түсiнiктi кез келген бизнесмен кездестiредi. «Құқық» терминi адамның қарым-қатынасында кез келген нәрсеге моральдi түрде қолданылады. Индивид кез келген адаммен немесе нақты бейнемен қарым-қатынас жасағанда қандай да бiр құқықтарды игередi.
Моральдi құқықтың 3 ерекшелiгi бар. Олар: жауапкершiлiкпен, автономды және тең құқықты мүмкiндiктi қамтамасыз ететiн мақсатты таңдау, iс-әрекет және қамқорлық жасаумен немесе басқа адамдарға көмектесумен байланысты.
Утилитарлық тұрғы және моральдық құқықтық позициялық тұрғының арасындағы басты екi айырмашылықты бөлiп қарауға болады. Моральдiк құқық моральдiк талаптардың бейнесi болып табылады, ал утилитарлық-моральдiк нормалар мәнi бойынша ұжымдық болып табылады да, онда нормативтiк базалар қоғамдық пайдалы және сапалы факторлар ретiнде бейнеленедi. Әлеуметтік қызметкердің іс-әрекеті оның адамгершілік және тұлғалық қасиеттерімен анықталады.
Әдептілік (адамгершілік) - адамның қоғамдағы әрекетін реттеудің нормативтік тәсілдерінің бірі. Адамгершілік адам өмірінің барлық салаларында адамның мінез-құлқы мен санасын басқарады. Адамға ерекше моральдік талаптар қойылған әлеуметтік өмір салаларының бірі еңбек болып табылады. Әмбебап моральдік қағидаттармен қатар, адамның еңбегі үшін адамгершілік деп аталатын ерекше моральдік талаптар қалыптасады. «Еңбек моралі» ұғымы халықтың өмірлік тәжірибесі барысында қалыптасқан, әлеуметтік маңызы бар еңбек жұмыстарына мүмкіндік беретін жалпы моральдік талаптар (нормалар) жиынтығы ретінде түсініледі. Еңбектегі мораль кәсіби әрекеттерде нақты көрініс табады. Сондықтан ұзақ уақыт бойы еңбек пен кәсіптік моральді тану тек жаппай адамның санасында ғана емес, этикалық әдебиетте де орын алды. Жалпы мағынада кез келген кәсіптік мораль еңбек моралі болып табылады, өйткені, негізгі еңбек, адамгершілік ұстанымы барлық мамандықтарға бағытталған: адалдық, тәртіп, жауапкершілік, еңбектегі шығармашылық бастама. Дегенмен, «кәсіби мораль» ұғымы еңбек моралі ұғымын мүлдем кемітпейді. Кейбір мамандықтарда еңбек моралі ретінде жіктелетін болса да, мамандықтың «мөрі» (медициналық, педагогикалық және т. б. ) болуы мүмкін моральдік тәртіптің нақты мәселелері бар. Мәселен, кейбір мамандықтарда ұзақ уақыт бойы моральдік талаптарға сай келетін кәсіби моральдік кодекстер жасалды:
- өздерінің қызметіне бағытталатын адамдарға қатысты мамандық өкілдерінің міндеттерін реттеу;
- кәсіби топтағы қарым-қатынастарды реттейді, кәсіби-моральдік стандарттар кәсібінде, кәсіпқой топ пен кәсіби топтың қызметі бағытталатын қоғамның арасындағы қарым-қатынасты реттеуге арналған. Осылайша, кәсіби мораль белгілі бір мамандық бойынша әлеуметтік маңызды мінез-құлықты қамтамасыз етеді.
Адамның еңбектік қызметі тәжірибелік қызметтің негізгі үлгісі болып табылады. Осыдан бастап кәсіби этика феномені туралы айтуға болады. Кәсіби этика қандай да болсын кәсіптік қызметтің шығармашылық негізгі тірегі болып табылады. Кәсіби этика - идеалдар мен құндылықтардың өзіндік ерекшеліктері ретінде кәсіби мораль туралы ғылым, міндеттердің идеясы, этикалық принциптер мен өзін-өзі қажетті жағдайда ұстай білу нормалары. Адамның өзін-өзі ұстай білуі сол кәсіптің мән-мағынасын көрсетіп, жұмыс жасау процесінде байқалатын және олардың кәсіби қызметінің аясынан шығатын адамдар арасындағы қарым-қатынасты қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, кәсіби этика - кәсіби топтың адамгершілік сана-сезімі, оның психологиясы мен идеологиясы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz