Дене тәрбиесі жүйесінің қағидаларының рөлі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
ҚAЗAҚCТAН РECПУБЛИКACЫ ТУРИЗМ ЖӘНE
СПОРТ МИНИСТРЛІГІ
СПОРТ ЖӘНЕ ДEНE ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ КOМИТEТІ РECПУБЛИКAЛЫҚ CПOРТ КOЛЛEДЖІ РМҚК

Курстық жұмыс

Тaқырыбы: Тәрбиенің заңдылықтары, принциптері. Дене тәрбиесі жүйесінің қағидалары

Oрындaғaн: Ибрахим Н.
Тeкceргeн: Педагогика пәні оқытушысы
Жумашева Ж.Т.

Алматы, 2024 ж.
ЖOСПAP

КIPIСПE ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3
І ТӘРБИЕ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
5
1.1 Тәрбие мәні және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
5
1.2 Тәрбиенің заңдылықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
7
1.3 Тәрбиенің принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
10
1.4 Тәрбие процесінің кезеңдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
12
ІІ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАҒИДАЛАРЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ..
13
2.1 Дене тәрбиесінің негізгі қағидалары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..
13
2.2 Дене тәрбиесі жүйесінің қағидаларының рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
15
ІІІ ТӘРБИЕНІҢ ҚОҒАМДАҒЫ РӨЛІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
18
ҚOPЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
20
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДEБИEТТEP ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...
21

КIPIСПE
Курстық жұмыстың жалпы сипаттамасы.
Тәрбие -- бұл адамның тұлғалық және рухани қасиеттерін қалыптастыру мен дамыту процесі. Бұл процесс қоғам мен адам арасындағы қарым-қатынасты, әрбір жеке адамның өмірлік көзқарасы мен өмір сүру қабілетін нығайтуды қамтамасыз етеді. Тәрбие барлық деңгейде жүзеге асады -- отбасында, мектепте, қоғамда және мемлекет деңгейінде. Ол адамның физикалық, моральдық, интеллектуалдық дамуына әсер етіп, оның өміріне бағдар беріп, дұрыс шешімдер қабылдау қабілетін қалыптастырады.
Дене тәрбиесі жүйесінің қағидалары қазіргі әлемде маңызды рөл атқарады. Бұл қағидалар адамның физикалық және психикалық денсаулығын сақтауға, спортқа деген қызығушылықты арттыруға, сондай-ақ жастардың тәрбиесіне ықпал етеді.
Біріншіден, дене тәрбиесі адамның денсаулығын нығайтуға көмектеседі. Заманауи өмірдің қарқыны мен стресстері дене белсенділігінің төмендеуіне әкеледі, сондықтан дене тәрбиесі жүйесінің қағидалары адамдарды қозғалысқа, спортпен шұғылдануға ынталандырады.
Екіншіден, дене тәрбиесі әлеуметтік байланыстарды нығайтуға ықпал етеді. Спорттық шаралар мен командалық ойындар адамдар арасында достық, ынтымақтастық және бірлік сезімін қалыптастырады.
Үшіншіден, дене тәрбиесі жүйесі жастардың тәрбиесінде маңызды рөл атқарады. Ол жастарды тәртіпке, жауапкершілікке, мақсатқа жетуге үйретеді. Спорттық жарыстар мен жаттығулар жастардың психологиялық және әлеуметтік дамуына оң әсер етеді.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Тәрбиенің мәні мен маңызы адам өміріндегі ең маңызды факторлардың бірі болып табылады. Адамның дұрыс қалыптасуы мен дамуы тәрбиенің сапасына тікелей байланысты. Бұл курстық жұмыста тәрбиенің заңдылықтары мен принциптерін және дене тәрбиесі жүйесінің қағидаларын қарастырамыз. Дене тәрбиесі -- адамның физикалық және рухани дамуында маңызды рөл атқарады. Бұл пәннің мақсаты дене тәрбиесінің жеке тұлғаны қалыптастырудағы маңыздылығын және тәрбиенің негізгі заңдылықтарын түсіндіру болып табылады.
Дене тәрбиесі жүйесінің қағидалары тақырыбының өзектілігі бірнеше аспектілермен байланысты.
Дене тәрбиесі адамның физикалық және психикалық денсаулығын сақтауға, нығайтуға және дамытуға көмектеседі. Заманауи қоғамда адамдардың дене белсенділігі төмендеп, отырықшы өмір салтына көшуі денсаулық мәселелерін туындатады. Сондықтан, дене тәрбиесі қағидаларын түсіну мен қолдану жастардың денсаулығын жақсартуға ықпал етеді.
Дене тәрбиесі жүйесінің қағидалары әлеуметтік интеграция мен командалық жұмыс дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Спорттық іс-шаралар мен командалық ойындар адамдар арасында ынтымақтастықты, жауапкершілікті және лидерлік қасиеттерді қалыптастырады.
Дене тәрбиесі арқылы адамның өзін-өзі бағалауы, тәртіптілігі және мақсатқа жету қабілеті артады. Бұл қасиеттер өмірдің басқа салаларында да пайдалы болып табылады.
Сондықтан, дене тәрбиесі жүйесінің қағидаларының маңызы тек спортпен шұғылдану ғана емес, сонымен қатар жастардың жан-жақты дамуына, денсаулықтарын нығайтуға және қоғамда белсенді азамат болып қалыптасуына да үлкен әсер етеді.
Курстық жұмыстың мақсаты: Тәрбиенің заңдылықтары, принциптерін білу, дене тәрбиесі жүйесінің қағидаларын талдау.
Курстық жұмыстың пәні- педагогика
Зерттеу әдістері: Логикалық талдау, салыстыру әдісі, статистикалық деректерді зерттеу және әдебиеттерге шолу жасау.
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І ТӘРБИЕ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
0.1 Тәрбие мәні және түрлері
Тәрбие -- бұл адамның тұлғалық және рухани қасиеттерін қалыптастыру мен дамыту процесі. Бұл процесс қоғам мен адам арасындағы қарым-қатынасты, әрбір жеке адамның өмірлік көзқарасы мен өмір сүру қабілетін нығайтуды қамтамасыз етеді. Тәрбие барлық деңгейде жүзеге асады -- отбасында, мектепте, қоғамда және мемлекет деңгейінде. Ол адамның физикалық, моральдық, интеллектуалдық дамуына әсер етіп, оның өміріне бағдар беріп, дұрыс шешімдер қабылдау қабілетін қалыптастырады.
Тәрбие адамның әлеуметтену процесінің маңызды бөлігі болып табылады. Тәрбие арқылы адам өз халқының мәдениетін, дәстүрін, әлеуметтік нормаларын, этикалық және моральдық құндылықтарын меңгереді. Тәрбиенің негізгі мақсаты -- адамды тұлға ретінде қалыптастыру, оның ішкі әлемін байыту, өзінің мінез-құлқы мен іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауға дағдыландыру.
Оқу орындарындағы тәрбие ұстаз бен шәкірттің саналы түрде жүзеге асыратын,ұйымдастырылатын үрдіс.Тәрбиеленуші шәкірттен алдын ала жобаланған әлеуметтік ,рухани тәжірибелерді, тәлімдік құндылықтарды меңгеріп, оны бойына дарытуы үшін белсенді түрде ынталанып әрекеттенуі талап етіледі.Ал іс-әрекеттің жүзеге асуы жөніндегі педагогикалық теория тұлғаға біржақты емес,жан-жақты әсер етуді қуаттайды.Осы орайдан келгенде қазіргі тәрбие теориясы бала тәрбиесінің өркендеп жетілуі педагогтің жобалаған жоспарының тұлғаға әсерлі ықпал етерліктей болуы-оның сапалы да саналы болуын қамтамасыз етеді деп қарайды. Сондықтан да мұндағы басты тұжырымдама - өзара қарым- қатынас сыйластыққа негізделген болуы, ынтымақтастық, әлеуметтік даму барысындағы ситуацияның тәлімдік өнеге аларлықтай және өзара ұғыныса білуге бейім болуына ерекше мән береді. Сонда тәрбие баланың өмірі саналы да мазмұнды, дамуы қалыпты жағдайда болуы жүзеге асырудағы ересек адамдармен бірлесе жүргізілген іс- әрекет. Әрине, бұлардың әрқайсының атқаратын қызметі, мақсаты, қарым-қатынасындағы өзінік орны бар.
Тәрбие үрдісіне әсерлі ықпал ететін факторлар өте көп те жан- жақты. Олардың бастылары мыналар: тұлғаның дамуына алдымен ықпал ететін отбасы - семья, мектеп, өмір сүріп отырған айналасы, қоғамдық ұйымдар, көпшілік бұқаралық ақпарат, өнер, әлеуметтік-экономикалық жағдайлар, маңындағы жеке адамдардың тәлімі т.б. Мұндай көп жақтылық тәрбие үрдісін жедел дамытып өркен жаюына игі ықпал етумен бірге кері әсер етіп, теріс жолға бастайтын ықпалы да аз емес. Тәрбие бір сәттік немесе бір күнік, бір жылдық іс емес, тоқтаусыз жүріп отыратын, ұзаққа созылатын құбылыс болуымен қатар оның тірелетін жері тұлғаның өзін- өзі тәрбиелеу. Сондай-ақ тәрбиенің нәтижесі де барлық адамға бірдей емес, уақыт жағынан қарағанда белгіленген бір мезгілде әсер етеді деп қарауға келмейді.
Тәрбие кездейсоқ оқиға емес, ол қоғамның пайда болуына тән қасиет.
Тәрбие жеке тұлғаның санасына, мінез-құлқының дұрыс қалыптасуына әсер ететін құрал.
Тәрбие - халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, олардың айналамен қарым-қатынасын, өмірге көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру құралы.
Тәрбие - кең мағынасымен алғанда, қандай да болса бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз. Ал енді, адамзат туралы айтылғанда, адамның баласын кәміл жасқа толып, өзіне-өзі қожа болғанша тиісті азық беріп, өсіру деген мағынада жүргізіледі (М. Жұмабаев).
Тәрбие - бұл адам жанын жетілдіру өнері. Тәрбиеде адам табиғатын жетілдірудің ең күшті сыры бар(Иммануил Кант).
Тәрбие - тұлғаны мақсатты түрде дамуын басқару процессі(Х. Й. Лийметса).
Олай болса, тәрбие процесінде жеке тұлғаның сана-сезімі мен ақыл-ойына жүйелі түрде әсер етіп, оның дүние танымының дамуына, ерік-жігері мен моральдық бейнесінің қалыптасуына оң ықпал етеді.
Сонымен қатар тәрбие - адамдарды қоғамда еңбекке және басқа да пайдалы әрекеттерді орындауға, көптеген әлеуметтік қызметтерді атқаруға дайындаудың табиғи заңдылық процессі.
Н. К. Крупская Тәрбие атты мақаласында (1929 ж.): Тар мағынада алып қарағанда, тәрбиедеген сөз арқылы балалар мен жеткіншектердің мінез-құлқына әдетте ересек адамдардың алдын ала ойластырылған және жүелі түрде жасайтын белгілі бір ықпалы, ал кең мағынасында ...қоғамдық мекемелер, айналаны қоршаған бүкіл жағдай, бүкіл қоғамдық құрылыс тәрбиелейді - деп түсіндіреді.
Осы жағдайға байланысты К. Д. Ушинский ... мектеп, тәрбиеші және ұстаздар - адамның тіпті жалғыз ғана тәрбиешілері емес, оның сонша күшті, ал мүмкін және әлдеқайда күшті әдейі тәрбиешілері: табиғат, отбасы, қоғам, халық ...және оның тілі болады, - деген осы мәселеге қатысты тұжырымдамасы тәрбие жайындағы ұғымның мәні зор екенін дәлелдейді.
Олай болса, тәрбие көптің ісі. Тәрбие мәселесімен қоғамдық ұйымдар, мекемелер және жұртшылық болып айналысқан жағдайда ғана ол нәтижелі болмақ. Соған сай тәрбие туралы ұғымға тар мағынада емес, кең мағынасында, бір жақты емес, кең көлемде, яғни табиғат және әлеуметтік ортаның, мектеп пен ата-аналардың жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына мақсатты түрде ықпалы, өзара әрекетінің нәтижесі ретінде қараған жөн.
Сондықтан да тәрбиенің мәнісі, біріншіден, қоғам үшін саналы, белсенді, ізгіленген, іскер азаматты қалыптастыру болса, екіншіден, жеке адам үшін - оны өмір сүре білуге, өзінқоршаған ортамен қарым - қатынас жасай білуге үйрету.
Тәрбиенің түрлері. Тәрбие бірнеше түрге бөлінеді, олар әртүрлі салаларда адамның дамуын қамтамасыз етеді:
Адамгершілік тәрбие: Адамның моральдық құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған. Бұл тәрбие түрі адамның қоғамда дұрыс қарым-қатынас жасауына, әділдік пен адалдықты сақтауға, басқаларға құрмет көрсетуге үйретеді.
Интеллектуалдық тәрбие: Адамның ақыл-ой қабілеттерін дамытуға бағытталған. Бұл оқу, зерттеу, өзін-өзі дамыту және интеллектуалдық белсенділікті арттыруды қамтиды.
Физикалық тәрбие: Адамның денсаулығын сақтау, физикалық қабілеттерін дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған тәрбие.
Эстетикалық тәрбие: Адамның көркемдік талғамын, шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған тәрбие. Бұл музыкалық, әдеби, сурет өнері арқылы жүзеге асырылады.
Экологиялық тәрбие: Адамды табиғатты сақтауға және экологиялық жауапкершілікке тәрбиелеу.
Еңбек тәрбие: Адамға еңбекке деген дұрыс көзқарасты қалыптастыру, еңбекке құрмет көрсету және кәсіпке дайындықты дамыту.

0.2 Тәрбиенің заңдылықтары

Тәрбие процесі күрделі және көп қырлы болумен қатар, оның тиімділігін қамтамасыз ету үшін белгілі бір заңдылықтар мен ережелерге негізделуі қажет. Тәрбиенің заңдылықтары -- бұл тәрбие процесінің объективті және тұрақты заңдылықтары, олар тәрбие жұмысының тиімділігін арттыруға, тәрбиеленушінің тұлғасын қалыптастыруға және оның дұрыс дамуына ықпал етеді. Тәрбие заңдылықтары педагогика ғылымының негізін құрайды және тәрбие жұмысының әдіс-тәсілдерін дұрыс таңдап, оларды тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Тәрбие үрдісін табысты, нәтижелі ұйымдастыру тәрбиешілерге, алдымен заңдылықтарын жете түсінуді қажет етеді.
Философия ғылымында заңдылық деген ұғымды құбылыстар мен үдістер арасында дамуды сипаттайтын мәнді байланыс деп түсіндіреді. Олай болса, педагогикалық құбылыстар мен процестер арасындағы байланыс мәселесін қарастырайық.
Педагогикалық құбылыстар деп - тұлғаның өмір сүруі, әрекеттері барысында жеке басында, айналасында кездесетін, ықпал ететін табиғи немесе табиғи емес әртүрлі жағдайларды айтуға болады.Жалпы заңдылық ауқымынң әрекеті тәрбие үрдісінің жүйесіне таралады. Жалпы заңдылық осы үрдістің маңызды және ірі бірліктерінің арсын байланыстырып отырады. Жүйе ішіндегі бірліктерінің байланысын анықтайтын заңдылық жеке (нақты) заңдылық деп аталады. Тәрбие үрдісі жалпы педагогикалық үрдістің бөлігі ретінде осы үрдістің заңдылықтарына бағынады. Тәрбиелеу тәжірибесі үшін тәрбие үрдісінің кейбір бірліктерін тәрбие сапасына ықпал жасайтын заңды қатынастар пәрменділігімен байланыстыру қажет.
Тәрбиелеу пәрменділігі мыналарға байланысты:
1) қалыптасқан тәрбиелік қатынастарға;
2) әрекеттерді ұйымдастыру мен оған қойылған мақсаттардың бір - біріне үйлесуіне;
3) тәрбиелік әсердің әлеуметтік тәжірибесі мен сипатының (бағыттылығы, мазмұны) тәрбиеленушіге ықпал етуіне;
4) объективті және субъективті факторлар әрекетінің байланысына;
5) тәрбиелеудің және өзіндік тәрбиенің қарқындылығына;
6) педагогикалық өзара әрекеттегі тәрбие процесіне қатысушылардың белсенділігіне;
7) тәрбиемен ұстасушы дамыту және оқыту процестерінің пәрменділігіне;
8) тәрбиелік ықпалдың сапасына;
9) тәрбиеленушінің ішкі жан дүниесіне әсер ету қарқындылығына;
10) тәрбиеленушілердегі сөздік және сезімдік процестердің даму деңгейі мен педагогикалық әсер етудің үлесуіне;
11) тәрбиеленушіледің өзара бір - бірімен қарым - қатынасының қарқындылығы мен санасына байланысты болады.
Кезінде К. Д. Ушинский тек педагогикалық ережелерді жаттап алу тәрбие процесінде оң нәтиже бермейтіндігін, керісінше тәрбиенң ғылыми заңдылықтарын жете танып білудің қажеттілігіне баса назар аударуға кеңес берген. Сондықтан да тәрбие заңдылықтарын жетік білмейінше тәрбиені жетілдіру, дамыту мүмкін емес.
Тәрбие заңдылықтары төмендегідей:
1. Тәрбиенің мақсаттылығы заңдылығы. Тәрбие әрқашан белгілі бір мақсатқа бағытталады. Бұл мақсаттар тәрбиешінің, қоғамның және тәрбиеленушінің жеке қажеттіліктеріне негізделеді. Тәрбие процесінің нәтижесі, яғни тәрбиеленушінің тұлғалық қасиеттерінің дамуы, қоғамның талаптарына сәйкес болу үшін мақсатты түрде жоспарлануы керек. Мақсаттың анықтылығы тәрбие процесінің барлық кезеңдерін жүйелеп, тәрбиеленушінің дамуында нақты бағытты қамтамасыз етеді.
2. Тәрбиенің үздіксіздігі заңдылығы. Тәрбие процесі үздіксіз және өмір бойы жүзеге асырылады. Ол адамның жас ерекшеліктеріне байланысты түрлі кезеңдерге бөлінеді, әр кезеңде жаңа міндеттер мен мақсаттар қойылады. Бұл заңдылық бойынша тәрбие тек балалар мен жасөспірімдерге ғана емес, ересектерге де жүргізілуі керек. Тәрбие адамның өмір бойы дамып отыруын қамтамасыз етеді, ол әрқашан жаңа білім мен тәжірибені жинақтау, өзіне және қоғамға жауапкершілікпен қарау үшін қажет.
3. Тәрбиенің саналық және белсенділік заңдылығы. Тәрбие процессі саналы түрде, тәрбиеленушінің белсенді қатысуымен жүзеге асырылуы қажет. Бұл заңдылық бойынша тәрбие тек сыртқы әсер ғана емес, ішкі сезімдер мен қажеттіліктерді де ескеруі керек. Тәрбиеленуші өз іс-әрекетінде саналы түрде қатысып, өзінің тәрбие процесіне деген жауапкершілігін сезінуі тиіс. Тәрбиенің саналық аспектісі -- адамды өз әрекеттері мен таңдауына жауапкершілікпен қарауға үйрету.
4. Тәрбиенің қоғаммен байланысы заңдылығы. Тәрбие үдерісі қоғамның қажеттіліктеріне және құндылықтарына сай болу керек. Бұл заңдылық бойынша тәрбие қоғамда қалыптасқан моральдық және этикалық нормаларға, дәстүрлер мен әлеуметтік құндылықтарға негізделуі тиіс. Қоғамдық тәртіп пен дәстүрлердің сақталуы тәрбие процесінде маңызды орын алады. Әрбір тәрбие әрекеті қоғамның дамуындағы қажетті өзгерістер мен жаңа талаптарға сай болуы керек.
5. Тәрбиенің жүйелілігі заңдылығы. Тәрбие әрқашан жүйелі түрде жүзеге асырылуы керек, яғни оның барлық компоненттері өзара байланысты болып, белгілі бір тәртіппен орындалуы тиіс. Бұл заңдылық бойынша тәрбие жүйелі түрде жоспарланып, әрбір кезеңде жаңа білім, дағды, мінез-құлық үлгілері ұсынылып, оларды игеру кезеңдері нақты белгіленеді. Сонымен қатар, тәрбие жұмысында жекелеген компоненттердің өзара үйлесімділігі маңызды, өйткені әрбір әрекет немесе оқиға басқа әрекеттерге әсер етіп, тәрбиеленушінің жеке тұлғасын қалыптастыруға ықпал етеді.
6. Тәрбиенің белсенділігі мен шығармашылық заңдылығы. Тәрбие тек рутинді, біркелкі әрекеттерді орындау ғана емес, сонымен қатар шығармашылық көзқарасты қажет етеді. Тәрбиелеу процесі жаңа әдістер мен тәсілдерді қолдану арқылы белсенді және шығармашылық тұрғыда жүргізілуі тиіс. Бұл заңдылық бойынша тәрбиеші өз жұмысында әртүрлі әдістер мен технологияларды пайдаланып, шығармашылықпен жұмыс істеуі керек. Тәрбиеленушінің де өздігінен ізденуі, жаңа шешімдер табуы маңызды.
7. Тәрбиенің қарым-қатынас пен байланыс заңдылығы. Тәрбие процесі әрқашан қарым-қатынастың және өзара әрекеттестіктің негізінде жүзеге асады. Тәрбиеші мен тәрбиеленуші арасындағы байланыс ерекше рөл атқарады, өйткені тәрбиеші өзінің іс-әрекеттерімен ғана емес, сонымен қатар қарым-қатынасы арқылы да әсер етеді. Бұл заңдылық бойынша тәрбиеші мен тәрбиеленуші арасында сенім, құрмет және түсіністік қалыптасуы тиіс. Педагогтың мақсаты -- тәрбиеленушіні тек өзінің іс-әрекеттері мен сөйлеген сөздері арқылы ғана емес, өзінің тұлғалық қасиеттері арқылы да тәрбиелеу.
8. Тәрбиенің жеке ерекшеліктерді ескеру заңдылығы. Әр адамның жеке тұлғалық ерекшеліктері, өмірлік тәжірибесі мен қабілеттері әртүрлі. Сондықтан тәрбие барысында әрбір тәрбиеленушінің жеке психологиялық және физиологиялық жағдайы ескерілуі тиіс. Бұл заңдылық бойынша тәрбие әрбір жеке тұлғаға бейімделіп, оның жеке қасиеттеріне қарай реттелуі керек. Жеке қажеттіліктер мен ерекшеліктерді ескеру арқылы ғана тиімді тәрбиелеу мүмкін болады.
9. Тәрбиенің үнемі бағалау және кері байланыс заңдылығы. Тәрбиенің тиімділігі үнемі бағалануы қажет. Тәрбие процесінде кері байланыс өте маңызды, себебі ол педагогқа тәрбиеленушінің жетістіктері мен кемшіліктерін бағалауға, өз жұмысын түзетуге мүмкіндік береді. Кері байланыс арқылы тәрбиеші тәрбиеленушінің мінез-құлқын, дағдыларын және даму деңгейін анықтап, қажетті түзетулер енгізуі тиіс.
Тәрбиенің заңдылықтары -- бұл тәрбие процесінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажетті негіздер мен ережелер болып табылады. Бұл заңдылықтар тәрбие жұмысының дұрыс ұйымдастырылуына, тәрбиеленушінің жеке тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына және оның қоғамдағы рөліне әсер етеді. Тәрбиенің заңдылықтарын дұрыс түсіну және оларды практикада қолдану тәрбиенің нәтижелі болуына, ұрпақ тәрбиесінің сапасын арттыруға ықпал етеді.

0.3 Тәрбиенің принциптері

Принцип деген ұғым латын тілінде бастапқы, негізгі деген түсінікті білдіріп, белгілі бір әрекет барысында басшылық ету идеясын көздейді.
Олай болса, тәрбие принциптері деп - тәрбие үрдісінде оның мазмұнын, ұйымдастыру тәсілдері мен формаларын жүзеге асыруда тәрбиешілердің қолданатын басты тәрбие идеяларының жиынтығын айтамыз. Болмаса, бұны кейбір педагогикалық әдебиеттерде негізгі талаптар немесе ережелер жүйесідеп те түсіндіреді.
Тәрбие процесінде оның тиімділігі мен нәтижелілігін қамтамасыз ететін негізгі ережелер мен бағыттар бар. Бұл ережелер тәрбие жұмысының дұрыс ұйымдастырылуын және педагогикалық мақсаттарға жетуді көздейді. Тәрбие принциптері -- бұл қоғамның талаптарына, адамның жеке ерекшеліктеріне және тәрбиенің мақсаттарына сәйкес болуы керек ережелер. Тәрбиенің негізгі принциптері мыналар:
1. Тұтастық принципі. Бұл принцип тәрбиенің барлық аспектілерін қамтуға негізделген. Яғни, тәрбие тек бір ғана бағытта емес, адамның барлық тұлғалық қасиеттерін -- физикалық, психикалық, адамгершілік, интеллектуалдық дамуын қамтиды. Тұтастық принципі тәрбиенің барлық салаларының өзара байланысын қамтамасыз етеді. Мысалы, дене тәрбиесі мен адамгершілік тәрбиесі бірге жүзеге асуы керек.

2. Жүйелілік принципі.Тәрбие -- үздіксіз процесс. Ол бір кезеңмен шектелмей, жеке тұлғаның өмір бойы дамуына әсер етеді. Бұл принцип бойынша тәрбие үздіксіз, жүйелі түрде жүргізілуі керек. Тәрбие жұмысы белгілі бір тәртіппен жүргізілуі тиіс, әр кезеңде жаңа тапсырмалар мен міндеттер қойылып, оларды жүзеге асыру кезеңдері анықталады. Сонымен қатар, тәрбиенің барлық кезеңдерінде бірізділік пен сабақтастық сақталуы тиіс.

3. Жекелеген көзқарас принципі. Әр адам -- жеке тұлға, оның өзіндік ерекшеліктері, қабілеттері, қажеттіліктері бар. Бұл принцип бойынша тәрбие әр адамның жеке қасиеттеріне сәйкес, оның ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастырылуы тиіс. Әр адамның жеке мүмкіндіктерін, темпераментін, қызығушылықтарын ескеру тәрбие үдерісінің тиімділігін арттырады.

4. Қоғамдық бағыттылық принципі. Тәрбие қоғамның қажеттіліктеріне, оның әлеуметтік құрылымына, мәдениетіне және даму талаптарына сәйкес болуы керек. Әрбір тәрбиелік шара қоғамда қалыптасқан құндылықтарды, ережелерді ескере отырып жүзеге асырылуы тиіс. Бұл принцип қоғамдық және әлеуметтік жауапкершілік сезімін қалыптастыруға бағытталған.

5. Салауатты өмір салтын қалыптастыру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене әдістемесінің теориясы мен әдістемесі, пәні
Дене тәрбиесі теориясының жалпы мәселелері
Дене тәрбиесі теориясы және әдістемесі пәні
Адамгершілік құраушы сапалық қасиеттерін анықтау және оларды қазақтың салт - дәстүрі арқылы жастардың тәрбиесіне ықпалын жетілдіруге ұсыныс беру
«Дефектология және логопедия негіздері»
Дене тәрбиесінің әдіс- тәсілдері
Мектеп жасына дейінгі баланы қалыптастырудағы дене тәрбиесінің ролі
Оқушыларға еңбек және дене тәрбиеін беруде халық педагогикасының озық үлгілерін пайдаланудың педагогикалық – психологиялық сипаты
Балалардың шыңығуы мен денесінің жетілуін дамытуда спорттық жаттығуларды пайдаланудың рөлі
Оқу-тәрбие процесінде эстетикалық тәрбиесінің алатын орнын анықтау
Пәндер