Шығармашылық қабілетті дамыту



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
ҚAЗAҚCТAН РECПУБЛИКACЫ ТУРИЗМ ЖӘНE
СПОРТ МИНИСТРЛІГІ
СПОРТ ЖӘНЕ ДEНE ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ КOМИТEТІ РECПУБЛИКAЛЫҚ CПOРТ КOЛЛEДЖІ РМҚК

Курстық жұмыс

Тaқырыбы: Оқыту әдістері туралы ұғым, топтастыру

Oрындaғaн: Сейілхан А.
Тeкceргeн: Педагогика пәні оқытушысы
Жумашева Ж.Т.

Алматы, 2024 ж.
ЖOСПAP

КIPIСПE ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3
І ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
4
1.1 Оқыту әдістерінің жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4
1.2 Оқыту әдістерінің маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
6
1.3 Оқыту әдістерінің негізгі ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..
8
ІІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МЕТОДОЛОГИЯНЫҢ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ ... ... ... ... ... ... .
9
2.1 Оқу әдістерін топтастыру ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
9
2.2 Оқыту әдістерінің категориялары ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
12
2.3 Оқу құрал -жабдықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
15
ІІІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІНІҢ ТИІМДІЛІГІ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...
16
3.1 Оқыту әдістерінің тиімділігін арттыратын факторлар ... ... ... ... ... ... ..
16
3.2 Оқыту әдістерінің тиімділігін анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
17
3.3 Оқыту әдістерінің тиімділігіне әсер ететін факторлар ... ... ... ... ... ... ..
18
3.4 Оқу әдістері мен құралдарын іріктеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
18
ҚOPЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
20
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДEБИEТТEP ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...
21

КIPIСПE
Курстық жұмыстың жалпы сипаттамасы.
Оқыту - бұл білім беру мен тәрбиелеу үдерісінің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Ол адамның жеке тұлғалық және кәсіби дамуында маңызды рөл атқарады. Оқыту әдістері - оқушының ақыл-ой қабілеттерін дамытуға және білім алу үдерісін тиімді ұйымдастыруға бағытталған тәсілдер мен әдістердің жиынтығы. Оқыту әдістерін дұрыс таңдау оқытушының педагогикалық шеберлігіне, оқушылардың жас ерекшеліктеріне, білім беру мақсаты мен тапсырмаларына байланысты болады.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Оқыту әдістері - білім беру үдерісінің негізгі элементі болып табылады және оларды дұрыс таңдаудың маңызы өте зор. Оқытушы әр түрлі әдістерді пайдалану арқылы оқушылардың ақыл-ойын, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, оқу процесінің тиімділігін арттыруға болады. Оқыту әдістерін жүйелі түрде пайдалану арқылы білім беру сапасы жоғарлайды, ал оқу нәтижелері жақсарады.
Педагогикалық методологияның маңыздылығы:
Курстық жұмыстың мақсаты: оқыту әдістері туралы түсінік қалыптастыру, олардың негізгі топтарын зерттеу, әрбір әдістің ерекшеліктерін анықтау.
Курстық жұмыстың пәні- педагогика
Зерттеу әдістері: Логикалық талдау, салыстыру әдісі, статистикалық деректерді зерттеу және әдебиеттерге шолу жасау.
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
1.1 Оқыту әдістерінің жалпы сипаттамасы
Оқыту әдістері -- бұл оқушының ақыл-ой қабілеттерін дамыту, танымдық белсенділігін арттыру және білім алу үдерісін тиімді ұйымдастыру мақсатында мұғалім қолданатын тәсілдер мен амалдар. Оқыту әдістері білім беру үдерісінің негізгі құралы болып табылады және олар оқу мақсатына, оқушының жас ерекшеліктеріне, оқу пәнінің мазмұнына байланысты әртүрлі болады. Оқыту әдістері арқылы мұғалім білімді беріп қана қоймай, сонымен қатар оқушылардың бойында сыни ойлау, шығармашылық, өзіндік пікір қалыптастыру дағдыларын дамытады.
Оқыту әдісі - дидактиканың ең басты құрамды бөлігінің бірі. Оқыту әдістері, білім берудің мазмұны сияқты, оқытудың жалпы мақсаттары және міндеттерімен анықталлады. Оқыту процесінің нәтижелі және сапалы болуы оқыту әдістерін тиімді шығармашылықпен жүзеге асыруына байланысты. Бүгінгі күн шындығы оқыту әдістері туралы жаңаша ойлауымызды қажет етеді. Оқыту әдістері туралы әртүрлі анықтамаларға тоқталып өтейік: Оқыту әдістері дегеніміз - оқытушы мен оқушылардың жұмыс істеу әдісі, оның арқасында білім, іскерлік дағды қалыптасып, оқушылардың танымдылығы мен қабілеттілігі артады.
Оқыту әдістері дегеніміз - мұғалім мен оқушылардың бірлесе жасайтын әрекеті Г.И.Шукина. Оқыту әдістері дегеніміз - мұғалім мен оқушылардың өзара әрекеттерінің барысында білім алу жолдары И.Д.Зверев. Оқыту әдістері дегеніміз - мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің негізінде білім, тәрбие және таным процесін жетілдіру. Дегенмен, осындай анықтамалардың көптігіне қарамастан олардың арасында принциптік қарамақайшылық жоқ Ю.К.Бабанский. Білімдену процесінің табысты болуы көбіне қолданылатын оқу әдістеріне тәуелді.
Оқу әдісі - білім игеру мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған оқытушы мен оқушының бірлікті іс -әрекеттік қимыл - тәсілдері. Оқу мақсаты жолындағы ұстаздың оқыту жұмысы мен шәкірттің оқып- үйрену әрекеттерінің өзара байланыстылығы және анайылығы осы оқу әдісінен көрінеді. Дидактикада кең қолданым тауып жүрген және бір түсініктер легі - бұл "оқу тәсілі" және "оқу ережелері". Оқу тәсілдері- оқу әдісінің құрамды бөлігі немесе бір қыры, яғни жалпы "әдіс" түсінігіне байланысты жалқы ұғым. Бұл екі ұғымды өз алдына шектеп болмайды, олардың ара қатынасы ауыспалы, өзгермелі. Кей жағдайларда әдіс педагогикалық міндетті шешудің дербес жолы есептелсе және бір ықшам оқутәрбие мәселесіне орай- тәсіл болуы мүмкін. Мысалы, егер мұғалім жаңа білімдерді сөздік, ауызша әдіспен (түсіндіру, әңгімелеу, сұхбат) ұсыну барысында көрнекі құралдарды пайдаланса, онда бұл көрнекілік - тәсіл ретінде қабылданады. Егер де көрнекіліктер білім игертудің негізгі құралы болып, солар негізінде оқушылар жаңа білім ақпараттарын қабылдаса, онда көрнекілік - әдіс, ал мұғалімнің қалған оқу іс-әрекеттерінің бәрі тәсіл болып есептеледі. Сонымен, әдіс көптеген тәсілдерден құралады, бірақ олардың жәй жиынтығын білдірмейді. Тәсілдер арқылы оқытушы мен оқушының оқу жұмыстарын орындаудағы өзіндік ерекшелігі көрініп, оқу субъекттері ісәрекеттеріне даралық сипат береді. Оқу ережелері (дидиактикалық ережелер) - оқу процесінің қалыпты педагогикалық жағдайларында қандай және қайтіп әрекет жасау қажеттігін көрсететін нақты ұсыныс. Ереже әрқандай тәсілдің сипаттамасы, норматив моделі есебінде қолданылады. Нақты міндет шешіміне пайдаланатын ережелер жүйесі - әдістің норматив-сипаттама моделін құрайды.
Оқу әдістері - тарихи категория. Өндіріс күштерінің деңгейі мен өндірістік қатынастар сипаты педагогикалық процестің мақсаттарына, мазмұнына, құрал жабдықтарына өз ықпалын тигізеді. Олардың ауысуымен оқу әдістері де өзгеріске келеді. Қоғамдық дамудың алғашқы кезеңдерінде өскелең әулетке тәжірибе өткізу ересектер мен балалардың бірлікті іс-әркеттік процесінде орындалып жатты. Бұл дәуірлердегі басты оқу әдісі еліктіру, еліктеу жолымен іске асты. Ересектер қалай әрекетке келсе, балалар соны қайталап, қорек табу, от жағу, киім-кешек дайындау ж.т.б. үйренді. Негізгі оқуды өзгертпей, қайта жасау (репроедуктив), ("мендей етіп істе") әдісі алынды. Кейінгі замандардағы барша әдістер осы қайталай жасау әдісінен өз бастауларын алды. Мектептердің ресми формаларының ұйымдастырылуы заманынан оқудың сөздік (ауызша) әдістері пайда болды. Мұғалім дайын ақпаратты сөзбен жеткізіп отырды, оқушылар оны есіте отырып, игерумен болады. Қоғамға жазудың келуі, кітап баспасының өркендеуі, білімді жария етуде, жинақтауда және әулеттен әулетке жеткізуде (код) таңбаны пайдалануға мүмкіндік берді. Енді сөз негізгі ақпарат ұсыну құралына айналып, ал кітап бойынша оқыту мұғалім мен оқушының ең көп тараған өзара ықпал жасау әдісі болды. Кітап әрқилы қолданылды. Ортағасыр мектебінде оқушылар негізінен діни мазмұндағы мәтіндерді қарадүрсін жаттаумен шектелді. Осыдан жалаң, жаттанды оқу (догматикалық) әдісі үрдіске айналды. Бұл әдістің сәл жетілген түрі сұрақ қою, дайын жауаптар берумен (софистика) байланыстырылды. Ұлы жаңалықтар ашу және ойлап табу дәуірінде бұрын оқытудың жалғыз- ақ жолы болған сөздік әдіс өз маңызын жоғалта бастады. Өркендеудегі қоғам қажетіне орай оқу процесіне бақылау, эксперимент, өзіндік жұмыс, жаттығу, яғни оқушыда белсенділік, саналылық, ынталылық оятуға бағытталған әдістер ене бастады. Көрнекі оқу әдісі де кең тарады. XІХ-ХХ ғ.ғ. шектерінде сөздік әдіске балама ретінде бала қажеттері мен қызығуларын біршама толық ескеретін, оның өзіндік әрекеттерінің дамуына жол ашатын эвристикалық (шығармашылдық) әдіс маңызды орын иелей бастады. "Кітаби" әдістердің орнына "табиғи " әдістер келді. Яғни оқу шынайы болмыс, қоршаған дүниемен байланыстырылатын болды. Ұстаз бен оқушыны енді оқудың практикалық әдістерін қажет ететін "іс-әрекет арқылы оқып- үйрену" әдісі қызықтыра бастады. Мұндай оқуда қол еңбегіне, еңбекпен байланысты ісәрекеттерге, сонымен бірге оқушылардың кітаппен жұмыс істеуіне көп мән беріліп, балалардың өз тәжірибесі негізінде дербестік қабілетін дамыту басты назарға алынды. Шамалап ізденіс, зерттеу әдістері қалыптасты. Дегенмен, білім дамуының әр кезеңдерінде қолданымға келген әдістердің қай-қайсысы да өз бетінше жеке қажетті педагогикалық нәтижені қамтамасыз ете алмайды. Оқу әдістерінің әрбірі өз алдына әмбебап қызмет атқармайды. Оқу барысында әрқилы әдістерді өзара байланыстыра қолдану, пайдалану ғана тиімді өнімін береді.

1.2 Оқыту әдістерінің маңызы
Оқыту әдістерінің маңызы өте зор, себебі олар оқушылардың білім алуға деген ынтасын оятып, оқу процесінің сапасын арттырады. Оқыту әдістері оқушыларды жаңа білімді қабылдауға, оны тәжірибеде қолдануға және нәтижесінде терең білімді меңгеруге бағытталған. Әрбір әдіс оқушының жеке қажеттіліктеріне және оқу жағдайына сәйкес келуі тиіс.
Оқыту әдістері -- бұл оқушылардың білім алу процесін тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік беретін педагогикалық тәсілдер мен амалдар. Олар мұғалімнің білімді оқушыға жеткізу жолдарын сипаттайды, сонымен қатар оқушылардың ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және білімді терең меңгеруге бағытталған. Оқыту әдістерінің маңызы зор, себебі олар оқу үдерісінің тиімділігін арттырып, оқушының дамуына және білім алуына үлкен әсер етеді.
Оқыту әдістерінің маңызының негізгі аспектілері:
1. Оқушының белсенділігін арттыру
Оқыту әдістері оқушылардың белсенділігін арттыруға ықпал етеді. Белсенді әдістер (топтық жұмыс, пікірталас, зерттеу жұмыстары) оқушының оқу үдерісіне қатысуын арттырады, ол өз ойын білдіріп, жаңа ақпаратты талқылайды. Бұл, өз кезегінде, оқушының ақпаратты тереңірек түсінуіне және ұғынуына мүмкіндік береді.
2. Танымдық қабілеттерді дамыту
Оқыту әдістері оқушының ақыл-ойын дамытудың тиімді жолы болып табылады. Әрбір әдіс белгілі бір ойлау қабілетін, мәселе шешу дағдыларын және сыни ойлауды дамытуға ықпал етеді. Мысалы, зерттеу әдістері оқушылардың анализ жасау, нәтижелерді бағалау қабілеттерін арттырса, жобалау әдісі шығармашылық қабілеттерін дамытуға көмектеседі.
3. Білім сапасын арттыру
Оқыту әдістері оқу материалын меңгеру сапасына тікелей әсер етеді. Оқу әдістері таңдау арқылы мұғалім оқушылардың жаңа білімді түсінуін, есте сақтауын және оны күнделікті өмірде қолдануын қамтамасыз етеді. Тиімді әдістер қолдану арқылы оқушылардың білім деңгейі жоғарылайды.
4. Оқу мотивациясын күшейту
Оқыту әдістері оқушылардың оқу мотивациясын қалыптастыруға және нығайтуға мүмкіндік береді. Белсенді әдістер оқушыларға оқу процесін қызықты әрі тартымды етеді. Мұғалім әртүрлі әдістерді қолдану арқылы оқушылардың назарын аударып, оқу процесіне деген қызығушылықтарын арттыра алады.
5. Жеке тұлғаны дамыту
Оқыту әдістері тек білім берумен ғана шектелмейді, сонымен қатар оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыруға көмектеседі. Әрбір әдіс оқушылардың әлеуметтік, эмоционалдық және шығармашылық дамуына әсер етеді. Мысалы, топтық жұмыс немесе рөлдік ойындар оқушылардың коммуникациялық дағдыларын дамытса, іздену әдісі олардың жеке бастамаларын қалыптастырады.
6. Оқушылардың әртүрлілігін ескеру
Оқыту әдістері әр оқушының жеке ерекшеліктеріне сай қолданылуы керек. Әрбір оқушының қабылдау, ойлау және жұмыс істеу тәсілі әртүрлі болғандықтан, тиімді оқыту әдістері әртүрлі оқушыларға бейімделіп таңдалады. Оқушылардың білім алу стилдерін ескеру оқытудың тиімділігін арттырады.
7. Шығармашылық қабілетті дамыту
Оқыту әдістері шығармашылық дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Әр түрлі әдістер арқылы оқушылар проблемаларды шешу жолдарын іздеп, жаңа идеялар ұсынады, жаңа көзқарастар қалыптастырады. Шығармашылықты дамыту үшін көбінесе жобалау әдістері, миға шабуыл, пікірталас сияқты әдістер қолданылады.
8. Өзіндік білім алу дағдыларын қалыптастыру
Оқыту әдістері оқушыларға тек дайын білім берумен шектелмей, оларды өзіндік ізденуге, ақпаратты өңдеуге, зерттеулер жүргізуге үйретеді. Бұл олардың болашақта өз бетінше білім алу дағдыларын қалыптастырады, әрі білімнің тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
9. Әлеуметтік дағдыларды қалыптастыру
Оқыту әдістері оқушылардың әлеуметтік дағдыларын дамытуға да ықпал етеді. Топтық жұмыстар, пікірталастар, рөлдік ойындар оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынас жасау қабілетін арттырады, топта жұмыс істей білуге үйретеді.
Оқыту әдістерінің маңызы - білім беру үдерісінің негізгі бөлігі болып табылады. Олар оқушылардың білім деңгейін, танымдық қабілеттерін арттырып, оқу процесін тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Әрбір әдіс оқушының жеке ерекшеліктеріне, оқу мазмұнына, мақсаттарына сай болуы керек. Тиімді таңдалған оқыту әдістері оқушылардың оқу мотивациясын арттырып, шығармашылық және сыни ойлау дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, олар оқушының жеке тұлғалық дамуына және әлеуметтік қабілеттерін жетілдіруге бағытталған.

1.3 Оқыту әдістерінің негізгі ерекшеліктері
1. Оқушының танымдық іс-әрекетіне бағытталған
Оқыту әдістері оқушының белсенділігін арттыруға, оның жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға ықпал етеді. Бұл әдістер оқушының ойлау қабілетін, шығармашылық дағдыларын, сын тұрғысынан ойлауын қалыптастыруға бағытталған.
2. Оқыту мазмұны мен мақсаттарына сәйкес болуы тиіс
Әдіс таңдау оқу мазмұны мен мақсатына сай болуы қажет. Мысалы, жаңа тақырыпты түсіндіру үшін түсіндіру әдісін, білімді терең меңгеру үшін тәжірибелік немесе зерттеу әдістерін қолдануға болады.
3. Мұғалімнің шығармашылық әлеуетін арттыру
Оқыту әдістерін таңдау мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне, оның оқыту үдерісін ұйымдастыру қабілетіне байланысты. Мұғалімдер оқушылардың оқу мотивациясын арттыру үшін әр түрлі әдістерді үйлестіріп қолданады.
4. Оқушылардың белсенді қатысуын қамтамасыз ету
Оқыту әдістері оқушының оқуға белсенді қатысуын қамтамасыз етуі керек. Белсенді әдістер (мысалы, топтық жұмыс, пікірталас, жобалар жасау) оқушылардың белсенділігін арттырып, оқу процесінің нәтижелі болуына ықпал етеді.

ІІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МЕТОДОЛОГИЯНЫҢ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ

2.1 Оқу әдістерін топтастыру
Осы заманғы педагогикалық процесте қолданылатын әдістер саны, түрі орасан көп. Осыдан, оларды ғылыми топтастыру қажеттігі туындайды. Бұл оқу әдістеріндегі жалпылық пен жалқылықты мәнділік пен кездейсоқтықты анықтауға жәрдемдеседі, оларды мақсатқа орай әрі тиімді пайдалануға себін тигізеді.
Қазіргі күнде педагогикада әдістерді топтастырудың үш жолы кең танылған.
1. Оқу әдістерін дидактикалық мақсаттарға орай топтастыру. Мұндай топтастыруға байланысты әдістерді бөлу ең алдымен оқу мақсатын назарға алады. Бұл жағдайда оқу мақсатына қол жеткізуге бағытталған мұғалім әрекетіне көп көңіл бөлінеді. Мақсатты көздеген әдістер тобына енетіндер: - білім жинақтау әдісі; - ептілік және дағды қалыптастыру әдісі; - білімді қолдану, пайдалану әдісі; - білім, ептілік, дағдыларды бекіту мен тексеру (бақылау) әдістері.
2. Оқу әдістерін білім көзі бойынша топтастыру. Тәжірибеде негізгі үш білім көзі нақты танылған: сөз, көрнекілік, ісәрекеттік (практика). Осыған орай ажырататынымыз: сөздік әдістер (білім көзі ретінде ауызша не жазба сөз қызмет етеді); көрнекі әдістер (білім көзі- бақылауға түскен заттар, құбылыстар, көрнекі құралдар) және іс-әрекеттік әдістер (білім және ептіліктер ойын, оқу, қарапайым еңбектік істер процесінде қалыптасады). Оқу әдістері жүйесінде басты орын сөздік әдістерге беріледі. Оларәңгімелеу, түсіндіру, сұхбат, сөз-жарыс, пікір-талас, дәрісбаян (лекция), кітаппен жұмыс. Әңгімелеу - оқу материалын тыңдарманға сипаттама не баян формасында монологты, бірізді сөйлеп жеткізу. Түсіндіру - бұл игеруге қажет обьект, құбылыс, кейбір ұғымдар заңдылықтары мен мәнді қасиеттерін талқы, талдау, мысал келтіру жолымен дәлелдеп, оқушы санасына енгізу. Сұхбат - оқудың диалогтық әдісі: педагог бірізді сұрақтар қоя отырып, оқушыны жаңа материалды түсіну, ұғу деңгейіне көтереді не ұсынылған материалдың қаншалықты меңгерілгенін тексереді. Дәрісбаян (лекция) - көлемді материалды монологтық жолмен баяндау. Дәрісбаянның басқа сөздік әдістерден өзгешелігі - қатаң құрылымды, мол ақпаратты, баяндалуы қисынды, білім мәнін ашу жүйелікке негізделеді. Дәрісбаян ғылыми-көпшілік және академиялық болып ажыралады. Өткен материалды қорытындылауға, қайталауға шолу дәрісбаяндары қолданылады. Қазіргі кезеңде дәрісбаян әдісін қолданудың көкейкестілігі ірі бөлімдер мен жеке тақырыптарды игеруде оқу материалын топтап ұсыну (блок) тәсілін пайдалану қажетттігінен туындап отыр. Оқу сөз-жарысы (дискуссия) әдіс ретінде нақты проблема бойынша пікір алмасуға, жекеленген көзқарастар білдіруге негізделеді. Сөз-жарыс барысындағы оқушының ой-пікірі өзінің меншікті шешімі не басқа тұлғалардың ғылыми - теориялық ұсыныстары болуы мүмкін. Оқу сөз - жарысының басты қызметі - шәкірттердің танымдық ұмтылыстарына дем беру. Сөз жарыс жәрдемімен оған қатысушылар жаңа білімдерді игереді, өз пікірлерінің дұрыстығына не қателігіне көзін жеткізеді, өз көзқарастарын қорғап қалуға үйренеді, басқалар ой топшылауларымен есептесу қажеттігін түсінеді. Кітаппен (оқулықпен) жұмыс - кітап оқу сөздік әдісінің аса маңызды түрлерінің бірі. Бұл әдістің тиімділігі - оқушы өзіне қолайлы жағдайда, өз түсініміне орай оқу материалын қалауынша қайталап игеруге мүмкіндік алады. Баспа көздерімен оқу жұмысын атқарудың бірнеше жолы бар: - конспектілеу - оқылған ақпараттың қысқаша жазбасы не баяны. Конспектілеу түрлері- түгелдей көшіру, іріктеумен таңдап жазу, толық не қысқа конспект түзу. Оқушы конспектіні үшінші тұлғаның атынан емес, өз атынан жасағаны жөн, осы жағдайда оның дербес ойлау қабілеті дамиды; - тезистер түзу - негізгі идеяларды белгілі бірізділікпен қысқаша баяндау; - реферат құрастыру - тақырып бойынша бірнеше ақпарат көздеріне шолу беріп, олардың мазмұны мен формасына өз бағасын беру; - мәтін жоспарын жасау - мәтінді бөлімдерге келтіріп, әрқайсысына атама беру; жоспар жай не күрделі болуы мүмкін; - сілтемелер беру (цитирование)- мәтіннен өзгертілместен бөліп алынған көшірме. Сілтемеге байланысты қойылатын талаптар: әдептілік болуы, мағынаның өзгеріске түспеуі, сілтеме алынған еңбектің авторын, атамасын, баспа орыны мен атын, жария жылын, бетін дәл келтіру; - түсініктеме беру (аннотация)- оқылғанның мәнді тараптарын жойып алмастан, қысқа, ықшам баяндау (ауызша не жазба); - пікір беру (рецензирование)- оқылған жөнінде өз ойын білдіруге арналған қысқаша ауызша не жазба баян. - анықтама (справка) түзу - ізденіс нәтижесінде жинақталған ақпарат бойынша мәлімет. Анықтамалар түрі - өмірнамалық дерек, сандық- статистикалық, жағрапиялық, терминологиялық және т.б. - формальды - қисынды модель жасау - оқылғанды сөз-сүлбе (схема) күйінде жеткізу; - тақырыптық тезаурус құрастыру - тақырып, бөлім не түгелдей пән бойынша тірек ұғымдардың реттелген жиынтық тізімін жасау; - идеялар матрицасын жасау - біртекті заттар, құбылыстар жөнінде келтірілген түрлі авторлар еңбектеріндегі салыстырмалы сипаттамаларда кесте формасына келтіру; - пиктографиялық жазба - сөзсіз бейнелеу. Білім көзіне орай топтастырудың және бір реті - бұл көрнекілік әдістер. Көрнекі әдістерді пайдалану барысында ақпараттық материалды игеру оқу процесінде көрнекі құралдар сүлбе (схема), кесте, сурет, модельдер, приборлар, техникалық құралдарды тікелей қолдануға тәуелді. Бұлардың бәрі оқушының сезім тетіктеріне ықпал жасауға негізделіп, сөздік және практикалық әдістермен бірге пайдаланылады. Оқудың практикалық әдістері - оқушының іс-әрекетіне, оқу қызметтеріне негізделеді. Бұлардың басты міндеті - тәжірибелік ептіліктер мен дағдылар қалыптастыру. Мұндай топтастыруда жаттығу, лабораториялық және тәжірибелік әдістері бірігеді. Жаттығулар - материалды игеру не игерілгеннің сапасын көтеру мақсатында оқу әрекеттерін (ақыл не қызметтік) көп мәрте қайталаумен орындау. Жаттығулар ауызша, жазба, графикалық және оқу-еңбектік болып ажыралады. Ауызша жаттығулар оқушылардың сөйлеу мәдениетінің, қисынды ойлау, ес, зейін, таным мүмкіндіктерінің дамуына ықпал жасайды. Жазба жаттығулардың басты міндеті игерілген білімді бекіту және олар бойынша қажетті ептіліктер мен дағдыларды қалыптастырып, қолдануға бейімдеу. Оқу-еңбектік жаттығулар ерекше әдістер тобын құрайды. Бұларды пайдалану нәтижесінде оқушылар теориялық біліктерін еңбек іс-әрекеттерінде қолдануға үйреніп, еңбек құрал-саймандарымен, лабораториялық жабдықтармен қатынас жасауға дағдыланады, құрастырушылық-техникалық ептіліктерін дамытады. Оқушылардың өзіндік әрекеті мен дербес жұмыс істеуіне байланысты қалаған жаттығу қайта жасау, дағдылану, шығармашылдық сипатына ие. Оқу процесінің белсенділігін көтеру, оқу тапсырмаларының сапалы орындалуына түсіндірмелі жаттығулардың тиімділігі орасан. Бұлардың мәні - оқушы орындап жатқан әрекетіне сипаттама береді, осыдан жаттығу ісі мен білімі көтеріңкі саналылықпен меңгеріледі. Лабораториялық жұмыстар әдіс ретінде оқушылардың өз бетінше арнайы приборлар мен құралдарды пайдалана отырып, тәжірибе не эксперимент жүргізуіне негізделген. Жұмыс дара не топта жүргізіледі. Бұл әдісті қолдану барысында оқушылар жоғары белсенділік және дербестікпен қатысып, зерттеу істеріне етене араласуға мүмкіндік алады.
3. Оқу әдістерін шәкірттердің танымдық әрекеттеріне орай топтастыру Танымдық іс-әрекет сипаты оқушының ойлау белсенділігінің деңгейінен көрінеді. Мұндай топтастыру тұрғысынан келесі әдістер түрі ажыралады: түсіндірме - көрнекілі (ақпаратты - рецептивті, іштей түсіну), қайталай жасау (репрадуктивті), проблемді баяндау, бөлшектеп ізденіс (эвристикалы) және зерттеу. Түсіндірме - көрнекілі әдістің мәні - оқытушы әрқилы құрал-жабдықтар көмегімен дайын ақпаратты хабарлайды, ал оқушылар оны қабылдайды, түсінеді және есте қалдырады. Оқушылардың танымдық іс-әрекеті дайын білімдерді есте қалдыруымен еленеді, бірақ бұл бейсаналық деңгейде де болып, ақыл-ой белсенділігіне ешқандайда әсер етпеуі ықтимал. Осыдан түсіндірме, яғни ақпаратты- іштей түсіну әдісі әрдайым тиімді бола бермейді. Қайта жасау (репродуктивті) әдісте оқытушы ақпаратты дайын күйінде хабарлап, түсіндіреді, ал оқушылар оны меңгеріп, ұстаз тапсырмасымен сол күйінде қайталап айтып береді. Білім өзгеріске түспейді, оқушыдан шығармашыл белсенділік талап етілмейді. Қайта жасау әдісінің, ақпараттық іштей түйсіну әдісіндегідей басты тиімділігі- уақыт, күш қуат үнемділігі. Бұл әдіс қысқа уақытта, көп күш жұмсамай ауқымды көлемдегі білім қоры мен ептіліктерді түсіндіріп жеткізуге мүмкіндік береді. Сабақ барысындағы көп қайталаудан білім бекімі бірқанша жоғары болады. Бірақ бұл әдіс те оқушылардың ой белсенділігін көтеруде өзінің тиімсіздігімен байқалады. Проблемді оқу әдісі - оқу процесіндегі орындаушылық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту тақырыбында
Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Дарынды балаларды анықтау
Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылетін дамыту жолдары
Қабілет мәселесінің психологиялық – педагогикалық мазмұны
Бейнелеу өнері арқылы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту
Математика пәнін оқытуда оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың тиімді жолдарын айқындау
Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін қалыптастыруды ғылыми тұрғыда айқындау
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Пәндер