Жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуы


Тақырыбы:
«Жүйке жүйесінің құрылымы. Нейрон-жүйке жүйесінің құрылымдық бірлігі ретінде. »
Орындаған:Сейдкасимова А.
Қабылдаған оқытушы:
Түркістан 2024 жж.
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
- Жүйке жүйесінің құрылымдық-функционалдық құрылысы және оның жас ерекшеліктері
- Жүйке жасушалары (нейрондар)
- Жүйке орталығы туралы түсінік.
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Жүйке жүйесі - адам ағзасындағы ең күрделі әрі маңызды жүйелердің бірі. Ол барлық мүшелер мен жүйелердің жұмысын үйлестіреді, сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерге жауап беруді қамтамасыз етеді, сондай-ақ адамның ойлау, есте сақтау және қоршаған ортамен өзара әрекеттесу сияқты жоғары деңгейдегі психикалық қызметтерін басқарады. Жүйке жүйесі адам ағзасының біртұтастығын сақтап, сыртқы ортаға бейімделуіне және өмірлік маңызды процестердің үздіксіз жүруіне мүмкіндік береді. Жүйке жүйесінің құрылымы орталық және шеткі бөлімдерден тұрады, олардың әрқайсысының өзіндік атқаратын міндеттері мен функциялары бар.
Жүйке жүйесі организмнің сыртқы ортамен байланысын жүзеге асырып отырады, айналадан келетін тітіркендіргіштерге жауап қайтарады. Бұлармен қатар жүйке жүйесі түрлі дене мүшелерінің, ұлпалардың, клеткалардың қызметін, зат алмасу мен қан айналымын басқарып, сыртқы ортаның үнемі өзгеріп отыратын жағдайларына оларды бейімдеп, үйлестіріп отырады. Жүйке жүйесі нейрон деп аталатын жеке клеткалардан құралған. Бұл нейрондардың әрқайсысының екі түрлі тармағы болады. Олардың бірі - ұзын тармақты нейрит (немесе аксон), ал екіншісі - көптеген қысқа тармақты дендрит деп аталынады. Нейрондардың тарамдала келіп, өзара түйінделіп бітетін жерін жүйке орталықтары дейді. Бұлар орталық, перифериялық (шеткі) және вегетативтік (ішкі) жүйке жүйелерінің өне бойына орналасқан. Орталық жүйке жүйесіне жұлын мен ми, ал перифериялық жүйке жүйесіне ми мен жұлын жүйкесінен тарайтын әр түрлі шеткі жүйкелер жатады.
Орталық жүйке жүйесінің бөліктерінің орналасуы көп қатарлы үйдің құрылысына ұқсас, яғни олар бірінің үстіне бірі орналаса біткені, осы бөліктердің жоғарысы төменгісінен құрылысы жөнінде, атқаратын қызметі жөнінде де күрделірек болып келуі, осы жұмыстың басты мақсаты болып табылады.
Орталық жүйке жүйесінің бөліктерінің жоғарысы төменгісінен құрылысы жөнінде, атқаратын қызметі жөнінде де күрделірек болып келеді. Орталық жүйке жүйесінің төменгі бөлімі - жұлын (жуандығы 1 сантиметрдей) омыртқа қуысының ішіне орналасқан, оның ұзыңдығы ересек адамдарда орта есеппен 45 см дейін жетеді. Жұлынның, ішкі жағында сұр зат орналасқан. Мұның көлденең кесіндісінің пішіні көбелектің бейнесіне ұқсайды. Сұр зат нейрондардың ұзын бұтақтарынан тұратын ақ затпен қоршалған. Жұлыннан жан-жаққа 31 жұп жүйке талшықтары тарайды, олардың бір тобы ортаға тебетін, екінші бір тобы - шетке тебетін жүйке деп аталады.
Жұлын біздің саналы әрекетіміздің орталығы емес, ол қарапайым қозғалыстарымыздың (аяқ-қолды бүгу, керіп-созу т. б. ) жұмысын басқаратын орталық болып табылады. Мәселен, жаңа туған нәресте емуге әрекеттенеді, аузына сүт барғанда, ол сілекей бөледі. Мұның бәрі жұлынның шартсыз рефлекстері, олар организмге туысынан тән болады.
Орталық жүйке жүйесінің екінші бөлігі - ми. Оның орташа салмағы ересек адамдарда 1400 грамдай. Мұндағы сопақша, ортаңғы және аралық ми - бәрі қосылып ми бағанасын құрайды. Ми бағанасы, әсіресе, омыртқалы жануарлардың өмірінде ерекше қызмет атқарады.
Сопақша ми - жұлынның тікелей жалғасы. Мұнда жүрек қызметінің, қан айналысы мен ас қорытудың жүйке орталықтары бар. Біздің дем алу, түшкіру, шайнау, жұтыну сияқты түрлі реакцияларымыз сопақша мидың қызметі.
Сопақша мидың сырт жағында, формасы ағаштың жапырағына ұқсас мишық орналасқан. Мишық организмнің қозғалысын, оның бірқалыпты жүріс-тұрысын басқарып отырады, ол шартсыз рефлекстік сипаттағы қозғалыстардың үйлесімділігін қамтамасыз етеді. Бұлардан жоғарырақ орналасқан орта мида құлақ пен көзден баратын тітіркендіргіштерді, скелет еттерінің қалпын реттейтін жүйке орталықтары бар.
Аралық ми көру төмпешіктерінен және төмпешік асты аймағынан тұрады. Мидың осы бөлігін тор тәріздес құрылым деп те атайды. Бұл бөлім дененің барлық рецепторларын ми қабығымен байланыстырады, ал мұндағы көру төмпешігі - афференттік талшықтардың жиынтығы болып табылады.
Мидағы осы орталық, оның төменгі бөліктеріне (жұлын т. б. ) басшылық ету процестерінің жұмысын реттестіріп отырады. Ми қызметінің белсенділігін арттыру не төмендету, оған баратын импульс-терді іріктеп, електен еткізу де осы бөлімнің қызметі. Оны миды энергиямен қамтамасыз ететін аккумулятор не басқару пульті деуге болады. Ретикулярлық формация ми қабығы астындағы орталық миды қажетті энергиямен қамтамасыз етіп тұрады. Мәселен, адам күрделі ой-әрекетімен айналысқанда адам миына біраз энергия қажет болады. Мұндайда мидың осы бөлігінің жұмыс қабілеті арта түседі. Аталмыш жүйке орталығы эмоция, ерік процестерін басқаруда, сондай-ақ адамды ширатып, зейінін арттыра түсуде елеулі қызмет атқарады.
Афференттік - латынның афференс деген сөзі, қазақша жеткізуші деген мағынаны білдіреді. Бұл жерде миға тітіркендіргіштерді жеткізіп отыратын жүйке талшығы ретінде айтылып отыр.
Егер осы айтылған ми бағанасының құрамдары эволюциялық дамудың төменгі сатысында тұрған жануарлардың психикасы үшін елеулі орын алатын болса, жоғары сатыдағы жануарлар мен адамдардың өмірінде негізгі қызметті ми қабығы атқарады. Денеде болатын барлық құбылыстарды өз қарамағында ұстайтын ми қабығы адамдарда ерекше жетілген.
Негізгі бөлім
- Жүйке жүйесінің құрылымдық-функционалдық құрылысы және оның жас ерекшеліктері
Жүйке жүйесі - ағзаның барлық мүшелері мен жүйелерін біріктіретін және олардың қызметін реттейтін күрделі құрылым. Жүйке жүйесі денені біртұтас жүйе ретінде үйлестіреді, қоршаған ортадағы өзгерістерге бейімделуін қамтамасыз етеді. Жүйке жүйесі орталық және шеткі жүйке жүйесі болып екі негізгі бөлікке бөлінеді.
- Орталық жүйке жүйесі (ОЖЖ)
Орталық жүйке жүйесі - ағзаның негізгі басқару орталығы, ол ми мен жұлыннан тұрады. Бұл бөлім бүкіл жүйке жүйесінің жұмысын реттейді және барлық ақпаратты өңдейді.
- Ми: Бас сүйектің ішінде орналасқан және адамның ойлау, есте сақтау, эмоциялық реакциялар сияқты күрделі функцияларын атқарады. Мидың бірнеше бөліктері бар, олардың әрқайсысы арнайы функцияларды орындайды:Үлкен ми сыңарлары: Ойлау, сөйлеу, қозғалыс, есте сақтау және сенсорлық ақпаратты өңдеу орталығы болып табылады. Мишық: Тепе-теңдік пен қозғалыс үйлесімділігін қамтамасыз етеді. Ми діңі: Өмірлік маңызды функцияларды (жүрек соғуы, тыныс алу) бақылайды, сонымен қатар, жұлын мен ми арасындағы байланыс арнасы болып табылады.
- Жұлын: Омыртқа өзегінде орналасқан және ми мен дененің басқа бөліктері арасындағы сигналдарды тасымалдайды. Жұлынның негізгі функциясы - рефлекстерді жүзеге асыру және сигналдарды миға жеткізу.
- Шеткі жүйке жүйесі (ШЖЖ)
Шеткі жүйке жүйесі орталық жүйке жүйесімен дененің әртүрлі мүшелері мен жүйелері арасындағы байланыс арнасы ретінде қызмет етеді. ШЖЖ екі негізгі бөлімге бөлінеді: соматикалық және вегетативті жүйке жүйесі.
- Соматикалық жүйке жүйесі: Сезім мүшелерінен (мысалы, көз, құлақ, тері) орталық жүйке жүйесіне ақпарат жеткізеді және бұлшықеттерге қозғалыс сигналдарын жібереді. Соматикалық жүйке жүйесі ерікті қозғалыстарды реттейді, яғни адамның өз еркімен басқара алатын әрекеттерін қамтамасыз етеді.
- Вегетативті жүйке жүйесі (автономды жүйке жүйесі) : Ішкі мүшелердің қызметін (жүрек соғысы, ас қорыту, тыныс алу) автоматты түрде реттейді. Бұл жүйе екі бөлімнен тұрады:Симпатикалық жүйке жүйесі: Ағзаның стресске немесе төтенше жағдайларға реакциясын қамтамасыз етеді (мысалы, жүрек соғысын жылдамдатады, тыныс алуды күшейтеді, қан қысымын арттырады) . Бұл бөлім «соғыс немесе қашу» реакциясына жауап береді. Парасимпатикалық жүйке жүйесі: Ағзаны тыныштық жағдайына қайтару және қалпына келтіру қызметін атқарады (мысалы, жүрек соғысын бәсеңдетеді, ас қорытуды белсендіреді) . Бұл бөлім ағзаны тыныштық күйде ұстайды.
Жүйке жүйесінің жұмыс істеу механизмі
Жүйке жүйесінің жұмыс істеу механизмін түсіну үшін рефлекстік доғаға тоқталып өтейік. Рефлекстік доға - сыртқы немесе ішкі тітіркендіргіштерге жауап беру реакциясының ең қарапайым механизмі.
- Тітіркендіргішті қабылдау: Мысалы, қолыңыз ыстық затқа тигенде, терідегі сезімтал рецепторлар сигнал береді.
- Импульс жұлынға беріледі: Бұл сигнал шеткі жүйке арқылы жұлынға келеді.
- Реакцияның орындалуы: Жұлында импульс тиісті моторлы нейронға беріледі, содан кейін бұлшықетке жетіп, қолыңызды ыстық заттан тартып алуға мәжбүр етеді.
Бұл рефлекстік жауаптың өте жылдам жүруінің арқасында ағза өзін қорғайды және әртүрлі жағдайларға икемделеді.
Жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуы
Жүйке жүйесі өте күрделі және сезімтал жүйе болғандықтан, оған әртүрлі факторлар әсер етуі мүмкін. Көптеген жүйке жүйесінің ауруларының себебі инфекциялар, жарақаттар, генетикалық факторлар немесе психологиялық бұзылыстарға байланысты болуы мүмкін. Жүйке жүйесі аурулары адамның жалпы денсаулығына, қозғалыс, танымдық қабілеттеріне және психикалық жағдайына айтарлықтай әсер етеді.
- Жүйке жасушалары (нейрондар)
Жүйке жүйесінің негізгі құрылымдық және функционалдық бірлігі - нейрон . Нейрондар электрлік және химиялық сигналдар арқылы ақпаратты тасымалдауға маманданған жасушалар. Нейрондар үш негізгі бөліктен тұрады:
- Дендрийлер: Басқа нейрондардан немесе сезім мүшелерінен сигналдарды қабылдайды.
- Дене (сома) : Нейронның негізгі бөлігі, онда жасушаның өміршеңдігін қамтамасыз ететін органоидтар орналасқан.
- Аксон: Сигналдарды басқа нейрондарға немесе мүшелерге тасымалдайды.
Жүйке жүйесінің маңызы:
- мүшелерді бір-бірімен байланыстырып, организмнің біртұтсатығын жүзеге асырады;
- денедегі барлық мүшелердің және мүшелер жүйелерінің қызметін реттейді;
- организмді сыртқы ортамен байланыстырады.
Жүйке жүйесінің құрамына нейрондардан басқа глиалдық жасушалар да кіреді. Нейрондар мен глиалдық жасушалардң жиынтығы Жүйке ұлпасын құрайды. Глиалдық жасушалар жүйке ұлпасын қоршап, тірек, қоректік және электроизоляциялық қызмет атқарады.
Жаңа туған нәрестеде глиалдық жасушаларға қарағанда нейрондардың саны көп болады. 20-30 жаста олардың мөлшері теңесіп, кейін нейрондардың саны азайып, глиалдық жасушалар көбейеді. Жүйке ұлпасының негізгі қасиеттеріне қозғыштық, өткізгіштік және лабильділік жатады. Бұл қасиеттер өз кезегінде тітіркенгіштікпен тығыз байланысты.
Нейронның негізгі қызметі алынған Жүйке импульстерін талдаумен байланысты. Нейронның денесі және қысқа өсінді - дендрит, ұзын өсінді - аксон болады. Нейронның денесі сома деп аталады, оның пішіні әртүрлі. Сомада күрделі зат алмасу процестері жүреді, нейронның қалыпты жұмыс істеуіне қажетті энергия түзіледі. Сомада ядро айқын көрінеді және онда көптеген органоидтар болады. Дендриттердің ұшы күшті бұтақтанып, нейронның басқа клеткаларымен жанасу ауданын үлкейтеді. Дендриттер қозуды қабылдаушы негізгі бөлік. Бір нейронда бір ғана аксон болады. Сырты қабықшамен қапталған аксон Жүйке талшығы деп аталады. Бірнеше Жүйке талшығы бір Жүйкеті түзеді.
Нейрон 1. Дендриттер 2. Жасуша денесі 3. Аксон
Нейронның денесіне қозу (хабар, сигнал) дендриттер арқылы келеді. Құрылымы мен қызметіне қарай нейрондар 3 топқа бөлінеді: 1) сезгіш (қозу шеткі мүшелерден орталық жүйке жүйесіне өтеді) ; 2) байланыстырғыш - қозуды сезгіш нейрондардан қозқалтқыш нейрондарға өткізеді; 3) қ озғалтқыш - қозуды бұлшықеттер мен бездерге жеткізеді.
Рефлекс (латынша «reflexus» - жауап қайтару) сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерге орталық жүйке жүйесі арқылы ағзаның жауап қайтару реакциясы. Рефлекстер рефлекстік доға, қозу өтетін жолдар арқылы жүзеге асады.
Рефлекстік доға рецептордан басталады. Рецепторлар (жұйке ұштары) әр түрлі тітіркендіргіштерді (ыстық, суық, қышқыл, дыбыс және т. б. ) қабылдайды. Рецептордан сезгіш нейрондар арқылы қозу орталық жүйке жүйесіне өтеді. Қозу орталық жүйке жүйесінен қозғалтқыш нейрондар арқылы жұмыс атқаратын мүшелерге беріледі. Оны тізені жазу рефлексінен де байқауѓа болады.
Рефлекстік доғаның барлық бөлімдері толыққызмет атқарса ғана рефлекс болады. Егер рефлекстік доғаның бір бөлімі зақымданса, рефлекс жойылады (болмайды) .
Рефлекстік доға 5 бөлімнен тұрады: 1) жүйке ұштары - рецепторлар (латынша «receptor» немесе «recіpіo» - қабылдаймын, қабылдаушы) ; 2) сезгіш нейрондар (қозуды орталық жүйке жүйесіне өткізеді ) ; 3) жүйке орталығы (орталық жүйке жүйесі) ; 4) қозғалтқыш нейрондар; 5) тітіркендіруге жауап қайтаратын мүшелер (бұлшықеттер және т. б. ) .
Рефлекстік доға
Жүйке талшықтары мен Жүйкетердің негізгі қызметі - Жүйке импульстерін өткізу. ОЖЖ-ге Жүйке импульстерін өткізетін сезгіш (афферентті, орталыққа тепкіш) Жүйкетерді, ОЖЖ-ден шеткі органдарға Жүйке импульстерін өткізетін қимыл (Эфферентті немесе орталықтан тепкіш) және сезгіш қимыл Жүйке талшықтарынан тұратын аралас Жүйкетерді ажыратады. Кейбір Жүйке талшықтарының май тәрізді зат - миелиннен тұратын қабықшасы болады. Миелин қабығы талшықты толық қаптамай, үзілістер жасайды. Үзілістер Ранвье белдеуі деп аталады. Миелиннің атқаратын қызметі қоректік, қорғаныштық және электризоляциялау. Миелинмен қапталаған Жүйке талшығы миелинді талшық, миелин қабықшасы жоқ талшық миелинсіз деп аталады. Миелинді талшық бойымен қозу жылдам өтеді. Онтогенездің алғашқы этаптарында миелинді қабықша болмайды да, бала 2-3 жасқа келгенде дами бастайды. Қабықшаның қалыптасуы баланың өмір сүру жағдайына тәуелді. Қолайсыз жағдайларда миелиндену процесі бірнеше жылға баяулап, ол Жүйке жүйесінің басқарушы және реттеуші қызметін қиындатады. Жекелеген нейрондар арасындағы байланыс синапс арқылы жүзеге асады.
Синапстың:
- пресинапстық мембранасы (аксонның ұшы түзеді) ;
- постсинапстық мембранасы (басқа нейронның участогы)
- синапс саңылауын ажыратады.
Химиялық синапстарда қозу арнайы химиялық белсенді заттар - медиаторлардың көмегімен беріледі.
Егер рефлекстік доға 2 нейрон 1 синапстан тұрса, ол 2 нейронды немесе моносинапстық деп аталады. Егер рефлекстік доға көп нейроннан тұрып, олардың арасындағы байланыс көптеген синапстармен қамтамасыз етілсе, онда рефлекстік доға көп нейронды немес полисинапстық деп аталады. Дененің барлық органдарында тітіркендіргіштерге сезімтал Жүйке ұштары - рецепторлар орналасқан. Рецепторлар құрылысы (көз, құлақ және т. б. ), орналасуы және атқаратын қызметі бойынша әртүрлі.
Орналасуына байланысты рецепторларды:
1) экстерорецепторлар (көздің торлы қабықшасы, құлақ, иіс, дәм сезу органдары, тері рецепторлары) тітіркенуді сыртқы ортадан қабылдайды;
2) интерорецепторлар ішкі органдардың ұлпаларында орналасып, тітіркенуді ішкі ортадан қабылдайды;
3) проприорецепторлар - бұлшықеттерде, сіңірлер мен буындарда орналасып, бұлшықеттің жиырылуын, созылуын қабылдап, дененің қозғалысы туралы белгі береді.
- Жүйке орталығы туралы түсінік.
ОЖЖ-нің әртүрлі бөлімдерінде орналасқан нейрондардың күрделі функционалдық бірлестіктері Жүйке орталығы деп аталады. Жүйке орталығы рефлекторлық реакциялардың және функциялардың реттелуіне қатысады. Жүйке орталығының өзіне тән қасиеттері болады. ОЖЖ-нің қозу мен тежелу процестері:
- қозуды бір жақты ғана өткізеді;
- ОЖЖ-нің синапстарында қозудың өту жылдамдығы төмендейді (синапстық кешігу) .
Синапстардың қозудың өткізу жылдамдығы Жүйке бойымен өту жылдамдығынан 200 есе төмен.
Жүйке жүйесінің барлық бөлімдерінің қызметінде қозумен қатар тежелу процесі де маңызды роль атқарады. Тежелу процесінің нәтижесінде қозу бәсеңдейді немесе өшеді. ОЖЖ-гі тежелу құбылысын И. М. Сеченов ашқан. Тежелу құбылысы кез келген рефлекстің жүзеге асуына қатысады. Қозу және тежелу процестерінің өзара қатынасы. Қозу және тежелу процестерінің өзара әрекеті Жүйке жүйесінің барлық күрделі қызметі мен адам организміндегі барлық мүшелердің келісімді қызмет етуін қамтамасыз етеді. Сыртқы және ішкі ортадан түскен әсерлерге организм біртұтас құрылым ретінде жауап береді. Организмнің әртүрлі жүйелері қызметінің біртұтас құрылымға бірігуін интеграция , ал олардың организмнің қоршаған ортаның әртүрлі жағдайларына бейімделуіне әкелетін келісімі, өзара қатынасы координация деп аталады. Интеграция мен координация ОЖЖ-нің қызметімен байланысты. ОЖЖ-дегі иррадиация мен индукция. Қандай да бір тітіркену кезінде туындаған қозу импульстері ОЖЖ-не түскеннен кейін көрші участоктарға тарайды. Бұл - иррадиация құбылысы . Иррадиация кішкене балаларда жақсы көрініс табады. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы оқушылар әдемі ойыншықты көрген кезде ауыздарын ашып, секіріп, күлуін иррадиация құбылысымен түсіндіруге болады. Бірақ ОЖЖ-де қозу белгілі бір шеңберде ғана таралады. ОЖЖ-не түскен қозуды тежелу шектеп тастайды. Нәтижесінде қозу нейронадардың белгілі бір топтарында тұрақтанады. Ал, олардың айналасындағы нейрондардың қозуы төмендеп, олар тежелу күйіне көшеді. Бұл құбылыс бір уақыттағы теріс индукция деп аталады.
Қозу болған нейрондарда қозудан кейін тежелу пайда болады және керісінше, тежелуден кейін сол нейрондарда қозу туады. Бұл ізді индукция. Мысалы, оқушылардың сабақтан кейін үзілістегі белсенділігі.
Орталық жүйке жүйесі ми мен жұлыннан тұрады. Жұлын омыртқа өзегінде орналасқан, ұзындығы ересек адамда жарты метрге жуық, салмағы 37-38 г. жұлынның жоғарғы жағы сопақша мимен жалғасады да төмеңгі ұшы шашақтанып омыртқа тұсында бітеді. Жұлын арасы қосылып кеткен симметриялы оң және сол жақ екі жарты бөлімдерден тұрады. Адамның жұлыны 31-33 сегменттен (лат. сегментум - бөлік, кесінді) тұрады: 8 мойын, 12 кеуде, 5 бел, 5 сегізкөз және 1-3 құйымшақ бөлімдері. Әрбір бөлімнен қос-қостан шыққан Жүйке түйіндері екі жұлын Жүйкетеріне айналады (орталыққа тебетін немесе сезгіш және орталықтан тебетін немесе қозғаушы Жүйкетер) . Жұлын омыртқа жотасынан қысқалау болғандықтан аталған бөлімдер омыртқаның аттарына сәйкес келмейді. Жұлын Жүйкетері жұлын өзегінен шығып (І-жұптан басқасы) дененің терісін, аяқ-қолдарын, дене тұлғасының еттерін Жүйкепен қамтамасыз етеді. Әрбір бөлім дененің өзіне тән жерлерін Жүйкетендіреді. Жұлын 10 жасқа келгенде екі есе ұзарады. Оның өсуі алғашқы жылы өте күшті болады да, 2-3 жасқа келген баланың жұлыны 14 г болады (жаңа туған нәрестеде не бары 2, 8 - 2, 9 г), 4-6 жасқа келгенде жұлынның дамуы аяқталуға жақын деуге болады. Дегенмен оның толық жетілуі 20 жаска жуықтағанда аяқталады. Осы мерзімде жұлын 8 есе көбейеді. Жұлын жүйке жүйесінің маңызды бөлімдерінің бірі - түрлі Жүйке әрекеттерінің бағытталуы мен реттелуі жұлын арқылы іске асады. Себебі жұлын өткізгіштік қызмет атқарады да, оның бойымен дененің барлық жерінен миға Жүйке импульстері тасылады, ал мидан бүкіл дененің еттерін қозғайтын Жүйке импульстері мүшелерге барып, олардың кызметін реттейді. Бұларға қоса, жұлында адамның қарапайым рефлекстерінің орталықтары орналасқан (айталық, тізе рефлексі) . Адам өмірі үшін маңызды зәр шығару, жыныс мүшесінің эрекциясы, эякуляция (шәуһет шығару) т. с. с. рефлекстер жұлынның қатысуымен орындалады.
Дененің қаңқасының бұлшықеттерінің тонусын сақтайтын организм үшін аса маңызды рефлекстер де осы жұлындағы орталықтардың қатысуына байланысты. Жұлынның қозғаушы орталықтарынан үнемі келіп тұратын Жүйке импульстеріне байланысты адам кеңістікте белгілі орын алып қозғала алады.
Ішкі мүшелердің вегетативтік рефлекстері де жұлын арқылы орындалады (жүрек-қан тамырлары, ас қорыту, зәр шығару т. б. рефлекстер) .
Адамның миы орталық жүйке жүйесінің ең негізгі маңызды бөлігі. Одан 12 жұп Жүйкетер шығып, миды көптеген ішкі мүшелермен, беттің, мойынның еттерімен, тілмен, көзбен байланыстырады және сезім мүшелерінен келетін мәліметтерді жеткізеді. Бұларға I иіс, II көру, III көз қимылдатқыш, IV шығыршық, V үшкіл, VI бүру, VII бет, VIII дыбыс, IX тіл-жұтқыншақ, X кезеген, XI қосымша, XII тіласты Жүйкетері жатады.
Адамның миы ми сауытында орналасқан. Ми сопақша ми, көпір, мишық, ортаңғы ми, аралық ми және екі ми сыңарларынан тұрады.
Сопақша мидың арт жағында мишық орналасқан. Мишық 3 бөлімнен тұрады: мишықтың құрты деп аталатын ортаңғы бөлім және мишықтың екі жарты шарлары. Мишықтың жарты шарларының үстіңгі сыртқы қабаты сұр затты мишықтың қыртысынан тұрады, оның қалыңдығы 1-2, 5 мм. Мишықтың қыртысы 3 қабат болып орналасқан нейондардан (Жүйке клеткаларынан) құралған: І-сыртқы, молекулярлық; П-ортаңғы, ганлиялық; III-ішкі, түйіршік баттары. Мишықтың жарты шарларының қалған жері ақ заттан құралған. Ақ затында сұр заттың түйірлері - тісті, тығын пішінді және шар тәрізді ядролар орналасқан. Мишықтың құртында сұр заттан құралған екі ядро бар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz