Ақпараттық технологияны оқыту процесінде пайдалану


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:
КІРІСПЕ
Қазіргі кездері компьютерлік технологияның даму деңгейі жаңа дәуірдің мультимедиялық, телекоммуникациялық мүмкіндіктері мен артықшылықтарын көрсететін алғы шарттар болып табылады. Бұндай мүмкіндіктері жүзеге асыру үшін білім саласында да, қазіргі кездегі ақпараттық технологияны дамыту саласында мамандар біріктіруге күш салуда. Бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютер көмегімен оқыту нәтижелілігін зерттеудегі ғылыми мәселелерді шешу ең басты орын алды. Зерттеу нәтижесі көрсетіп отырғандай, мектеп пәндерін оқыту процесінде компьютерді қолдану мұғалім мен оқушы қарым-қатынасы жүйесінде олардың іс-әрекеті мазмұнына, құрылымына өзгеріс әкеледі, түрлендіреді. Демек, оқыту процесінде компьютерді қолдану білім мен біліктілікке қоятын талаптарды жетілдіріп, жүйелеуді талап етеді.
«Информатика» оқу пәні ретінде Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің базистік оқу жоспарының мемлекеттік компонентін құраушылардың бірі болып табылады.
Информатика курсы білім алушыларға осы курсты оқыту саласындағы іргелі білімдердің жеткілікті деңгейдегі толық көлемін беруді, оқушылардың ойлау, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуды, ақпараттық қоғам өміріндегі информатиканың ролі туралы түсінігін қалыптастыру және жалпыадамзаттық құндылықты дамытуды, табиғатқа ғылыми көзқарасын, адамның дүниетанымдық көзқарасына алғы шарт болып табылатын әлеуметтік маңызды бағдарларын, түрлі мәселелерді шешуде алған білімін шығармашылықпен қолдану дағдыларын қалыптастыруды көздейді.
Қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалім қажет. Ол оқушының шектеусіз қабілетін дамыта алатындай білім берудің әлемдік кеңістігін құруға қабілетті бола білуі шарт.
Сондықтан да қазіргі таңда оқытудың жаңа формалары талданып, оқушыларға білім беруді жоғары деңгейге көтеру жұмыстары жүргізілуде. Ұсынылып отырған жұмыстың өзектілігі - осы мәселелер төңірегінді, яғни орта мектептерде информатиканы оқытудың жаңа формаларын айқындау, солар арқылы сабақтың тиімділігін арттыру. Жеке тұлғаға бағытталған педагогика қазіргі заманғы мектептерде оқыту процесін ұйымдастырудың дәстүрлі емес тәсілдерін қолдануды ұсынады.
Ұсынылып отырған «Информатикадан дәстүрлі емес сабақтарды жүргізу ерекшеліктері» атты дипломдық жұмыстың мақсаты - информатика пәні бойынша өткізілетін жаңа сипаттағы сабақтардың ерекшеліктерін айқындап, олардың тұлғаны қалыптастырудағы дидактикалық шарттарын теориялық және практикалық тұрғыда негіздеу. Дипломдық жұмыс үш бөлімнен тұрады: бірінші бөлімде қазіргі кездегі елімізде білім беру жүйесін ақпараттандыру мәселелері, екінші бөлімде оқу үрдісіндегі ақпараттық технологиялардың білім сапасын арттырудағы, білім алушының ақпараттық кеңістіке жұмыс істеуінедегі тиімділігі қарастырылған. Жұмыстың үшінші бөлімінде тақырыптың мағынасын ашу мақсатында информатикадан өткізілетін дәстүрлі емес сабақтардың үлгілері берілген.
Дәстүрлі емес сабақтар оқушылардың интеллектуальдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуда, пәнге деген қызығушылығын арттыруда әсері мол. Оқушылар өз бетінше мұғалім ұсынған әдебиеттер бойынша жұмыс істеп, жауабын алғысы келген сұрақтарды дайындайды. Мұндай сабақ түрлері оқушыны әртүрлі әдебиеттерді қарастыру нәтижесінде білімін тереңдетуге ынталандырады.
Егер мұғалім оқыту процесін ұйымдастырудың жаңа формасын таңдап, жақсы дайындықпен келсе, онда бұл процестің қызықты әрі қажетті екендігі дәлелденеді, ал оқушылар берілген мәселені шешуге белсенді түрде атсалысып, оқу сапасы жоғарылар еді. Білім беру мазмұны білім, білік, дағды, шығармашылық қызметтің, тұлғаның дүниетанымдылық және тәрбиелік сапасының жүйесін құрайды, ал оның өзі білім алушының жоғары деңгейде білім алуына бағытталған қоғам талаптарын қанағаттандыруы қажет [1] .
1. ҚАЗАҚСТАНДА БIЛIМ БЕРУ ЖҮЙЕСIН АҚПАРАТТАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1. 1. Бiлiм беру жүйесiн ақпараттандыруды дамытудағы тұжырымдамалық көзқарастар
Қазақстан Республикасында бiлiм берудi ақпараттандырудың негiзгi мақсаты бiртұтас бiлiмдiк ақпараттық ортаны құру болып табылады. Олай болса, бiлiм беру саласында жаңа ақпараттық технологияны пайдалануға, Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңiстiктi әлемдiк бiлiм беру кеңiстiгiмен сабақтастыруға мүмкiндiк бередi
Бiлiм берудi ақпараттандырудың негiзгi мiндеттерi:
- ақпараттық және телекоммуникациялық техникалық құралдармен қамтамасыз ету;
- бiлiм берудi ақпараттандыру бойынша практикалық шараларды анықтап, жүзеге асыру;
- оқу-тәрбие процесiне жаңа ақпараттық технологияны енгiзудi қамтамасыз ету бойынша ғылыми-iзденушiлiк және оқу-әдiстемелiк жұмыстарын жүргiзу;
- мектеп пәндерi бойынша жасақталатын жалпыға мiндеттi бiлiм стандарттарының және оқу-әдiстемелiк кешендерiнiң мазмұнын ақпараттық технологияны пайдалану мүмкiндiктерiмен жетiлдiру бiлiм берудi басқаруда ақпараттық жүйенi құру;
- бiлiм беру мекемелерiнiң қызметкерлерi үшiн программалық-техникалық құралдарды қамтамасыз ету және мультимедиялық программаларды, электрондық оқулықтарды жасақтау;
- педагог кадрларды жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтерiне еркiн пайдалана бiлуге дайындау және жүйелi түрде бiлiктiлiктерiн көтеру.
Бiлiм берудi ақпараттандырудың қағидалары :
- қоғамның әрбiр мүшесi үшiн алынатын бiлiмдер мен мәлiметтердiң түсiнiктiлiгi ;
- жеке тұлғаның интеллектуальдық және шығармашылық қабiлеттерiн дамыту;
- бiлiм мен тәрбиенiң бiрiздiлiгi;
- жалпы компьютерлiк сауаттылық;
- оқыту мен тәрбиелеудiң жылдамдығы (интенсификация) .
Нәтижелер:
- жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы бiлiмнiң сапасын көтеру;
- жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды енгiзу арқылы бiлiм беру мазмұнын жаңарту;
- жаңа ақпараттық технологияны қолдану саласы бойынша оқушылардың мамандыққа баулу механизмiн құру;
- бiздiң елiмiздегi және шет елдердегi жинақталған ақпараттық ресурстарға жедел ену;
- мультимедиялық электрондық оқулықтарды, виртуальдық лабораторияларды және бақылау программаларын жасақтап, қамтамасыз ету;
- отандық бiлiм беру жүйелерiн бiртұтас әлемдiк ақпараттық бiлiмдiк кеңiстiкке ену арқылы сабақтастыру;
- бiлiм берудiң телекоммуникациялық желiлерiн құру;
- республиканың бiлiм беру мекемелерiн басқарудың бiртұтас ақпараттық желiсiн құруға негiздеп, бiлiм берудiң басқару салаларының ақпараттық желiсiн құру.
Бiлiм берудi ақпараттандыруды дамыту индикаторлары:
I. Нормативтiк-құқықтық қамтамасыз ету;
1. Орта бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың мемлекеттiк бағдарламасы
2. Қазақстан Республикасы бастауыш және орта кәсiптiк оқу мекемелерiн ақпараттандыру бағдарламасы 3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 6 тамыздағы
№ 1037 қаулысымен қабылданған “Қазақстан Республикасының бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың 2002-2004 жылдарға арналған тұжырымдамасы”
II. Оқу жоспары және бағдарламасы;
1998 жылы “Информатика 7-11”, “Информатика 8-11”, “Информатика 10-11” оқу бағдарламалары;
2001, 2003 жылдар “Информатика -7” оқу бағдарламасы
III. Аппараттық және техникалық жағынан қамтамасыз ету;
Жаңа типтi компьютерлермен қамтамасыз етiлдi (1998-2001жж)
IҮ. Программалық жағынан қамтамасыз ету;
Қолданбалы программалық құралдар (үйрету программалары, жаттықтырушы, ойын, бақылау (тест) программалары), электрондық оқулықтар, виртуальды лабораториялар (физика, химия)
Ү. Мамандармен қамтамасыз ету;
Кезеңдер бойынша мамандардың ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру: I-кезең “Ақпараттық технология негiздерi” (компьютермен жұмыс жасау технологиясы) .
II-кезең “Электрондық оқулықтармен жұмыс жасау технологиясы” III-кезең “Интернет-технология. Web-сайтты құру технологиясы”
IҮ-кезең “ Жаңа қолданбалы программалық құралдардың мүмкiндiгiн шығармашылық бағытқа пайдалану технологиясы”
ҮI. Глобальды коммуникациялық құралдар.
Интернетке қосылу арқылы әлемдiк бiлiмдiк кеңiстiкке шығу. Қашықтықтан оқыту формасына көшу.
1. 2. Ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін қолданудың қысқаша мазмұны
Негiзгi ұғымдар
- Мемлекеттiк ақпараттық саясат- ақпараттық қоғам жағдайында түрлi қызмет салаларын ақпараттандыру және бiртұтас әлемдiк ақпараттық кеңiстiкке енудi қалыптастыруға бағытталған құжаттардың мемлекеттiк органдарда бекiтiлiп, жүзеге асыру механизмдерiн реттеу.
- Бiлiм берудi ақпараттандыру- бiлiм беру саласының теориясы мен практикасына жаңа ақпараттық технологияны жан-жақты пайдалану және оқыту мен тәрбиелеудiң психологиялық-педагогикалық мақсаттарын жүзеге асыратындай жағдайда оның мүмкiндiктерiн қолдану процесi.
- Ақпараттық кеңiстiк- белгiлi бiр ереже мен қағидаға негiзделiп ақпараттық субъектiлердiң өзара әрекетiн және ақпараттық тұтынушылардың қызметiн толығымен қанағаттандыруды қамтамасыз ететiн ақпараттық ресурстар мен жүйелер және телекоммуникациялық жүйелер мен желiлердiң жиынтығы.
- Ақпараттық ресурстар- ақпараттық жүйелердегi жекелеген құжаттардың немесе құжаттар жиынтығы (кiтапханалардағы, архивтердегi, деректер қорындағы және басқа да ақпараттық жүйелердегi) .
- Ақпараттық жүйе- ақпараттық процестердi жүзеге асыратын ақпараттық технологиядағы реттелген құжаттар мен бiрнеше құжаттар жиынтығы.
- Ақпараттық процестер- ақпаратты жинау, өңдеу, алу, сақтау, iздеу және тарату процестерi.
- Ақпараттық орта-ақпараттық процестермен қарым-қатынас кезiнде пайда болатын ақпараттық ресурстар мен жүйелердiң жиынтығы.
- Ақпараттық процестер субъектiсi-ақпараттық ресурстар иегерi және меншiгi ретiнде ақпараттық процестерге қатысушы жеке және заңды тұлғалар, ақпаратты қолданушылар, басқарудың инфрақұрылымына қатысушылар.
- Ақпараттық процестер объектiсi-ақпараттық ресурстар мен жүйелер, технологиялар мен оларды қамтамасыз ету құралдары.
- WWW (World Wide Web) - гипермәтiн құрылғысы көмегiмен мультимедиялық құрылғыларға өту мүмкiндiгi мен iздеу навигациялар жүйесi.
- Гипермәтiн- басқа мәтiндермен байланысты жүзеге асыру мәтiнi.
Электрондық оқулық және оның құрылымы
Орта бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың мемлекеттiк бағдарламасының негiзгi бағыттарының бiрi - оқыту процесiн ақпараттандыру. Аталған бағытты жүзеге асыру үшiн жаңа буын оқулықтарын электрондық вариантқа аудару қажет.
Электрондық оқулықтың мазмұны оқушының интеллектiлiк ойлау қабiлетiн дамытуға бағытталуы қажет және оның мына қасиеттердi қанағаттандыруы жеткiлiктi: жинақтылық, жүйелiлiк, эстетикалық көркемдiлiгi, жылдамдылығы және т. б.
Электрондық оқулықтар ара қашықтықтан оқыту формасына негiзделiп жасақталады және оны жүзеге асыру үшiн қолданылады.
Осы уақытқа дейiн бақылаушы, жаттықтырушы, модельдеушi, дидактикалық ойындар сияқты қолданбалы программалар қолданылып келдi. Бұл программалар оқушының өздiгiнен оқып-үйренуiне және өзiндiк жұмыс жасау қабiлетiн дамытуға мүмкiндiк бередi.
Электрондық оқулықты құрастырған кезде оның мәтiндiк ақпараттан гөрi графиктiк ақпарат көбiрек қамтылуы керек, себебi ол оқушының ақпаратты тез, әрi көрнекi түрде қабылдауына жағдай жасайды.
Электрондық оқулықтың құрылымы
Бiз оқулықтың сыртқы құрылымын қарастыратын боламыз. Оқулықтың сапалылығы тақырыптық мазмұнның баяндалуымен анықталады. Егер аталған оқулық бойынша үйренушi сынақ немесе емтихан тапсыратын болса, онда оның мазмұндық материалы келесi үш түрде өрнектелетiн болады:
- материалдың мәтiн, сурет, график, кескiн, кесте және т. б. түрлерде баяндалуы. Ол оның дәстүрлi оқулықтан ерекшелiгiн көрсетедi.
- материалдың кескiн түрiнде баяндалуы - оқулық мазмұнының графиктiк-мәтiндiк түрде бейнеленуi. Онда оқу материалының негiзгi идеясын айқындайтын үзiндiлерiн оқушының меңгеруiне ыңғайлы етiп, графиктiк түрде бейнелеу.
- Өзiндiк тексерудiң (өзiндiк бақылаудың) тестiлiк жүйесi. Онда оқу материалын қаншалықты деңгейде меңгергенiн айқындайтын сұрақтар мен тапсырмалар берiледi.
Материалдың мұндай түрде бейнеленуi оқушының есте сақтау қабiлетiнiң дамуына және өткен материалды ұмытпай, оны дамытуына игi әсерiн тигiзедi.
Ал ендi электрондық оқулықтың құрылымдық элементтерiне жан-жақты тоқталайық:
- сыртқы бетi;
- титульдық экран;
- мазмұны;
- аннотация;
- оқу материалының толық баяндалуы (кескiндер, кестелер, графиктер, бейнелер) ;
- оқу материалының қысқаша мазмұны (кескiн курс түрiнде берiлуi) ;
- қосымша әдебиеттер (оның тiзiмiн ғана емес, мәтiндердi де енгiзу қажет) ;
- өзiндiк бiлiмдi тексеру жүйесi;
- өзiндiк бақылау жүйесi;
- мәтiндiк үзiндiлердi iздеу функциясы;
- авторлар тiзiмi;
- терминдiк сөздер;
- оқулықтың элементтерiн басқару бойынша анықтамалық жүйе;
- оқулықпен жұмысты басқару жүйесi.
Әрбiр құрылымдық элементке жеке-жеке тоқталып, сипаттама берейiк:
Сыртқы бетi түрлi-түстi бояулармен боялып, эстетикалық тұрғыдан әдемi безендiрiлуi қажет. Ол үшiн графиктiк қойылымдар мен түстер қолданылады. Оқулықты көрмеге қою мақсатында анимациялық құбылыстармен безендiрiлуi қажет.
Титульдық экран. Онда оқулықтың атауы, жоғарғы бiлiм мекемелерi (мысалы, Қазақстан Республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi), авторлық құқық, оқулықтан лицензиядан өткен белгiсi, баспаға тапсырылған күнi, оқулық авторларының мекемелерi туралы ақпараттар жазылады.
Мазмұны . Ол оқулықтың негiзгi құрылымдық элементтерiнiң қатарына енедi. Оқулық мазмұнының негiзгi құрылымдық бөлiктерiн шағын түрде үйренушiнiң оқуына жеңiл болатындай етiп көрсету қажет.
Электрондық оқулықты жасақтаушылар алдына мынадай мәселелер қойылады: неден бастау керек? электрондық оқулықтың типi қалай таңдалады? оны құрудың негiзгi мақсаты қандай? оқулықтың бөлiмдерiн үйренушiнi ынталандыру бағытында қалай таңдап алуға болады? оқулықтың сценарийiн қалай жазуға болады? оның құрылымдық мазмұнын қалай құруға болады? электрондық оқулықпен оқытуда үйренушiнiң қызметiн қалай ұйымдастыруға болады? оқытудың нәтижелерiн қалай бақылауға болады? электрондық оқулықты құруды қалай сипаттауға болады? және т. б.
Электрондық оқулыққа қойылатын талаптар :
- Жан-жақтылығы.
- Iзгiлiктiлiк. Онда кез келген орындаушы өзiне қажеттi бiлiмдi ала алады.
- Бейiмдiлiгi. Ұсынылып отырған оқу материалы барлық орындаушылар үшiн бiрмәндi болуы керек. Бiрақ оқу материалы әр түрлi формада берiлуi мүмкiн.
- Модульдiк. Кез келген электрондық оқулықты дәстүрлi оқулықтар негiзiнде құрылымын жасақтау.
- Экономикалық тиiмдiлiгi. Аталған оқулыққа сұраныс көп болуы қажет және сәйкес түсетiн пайданы да қарастыру қажет.
- Тұтынушыға бағдарлау.
Электрондық оқулықтың құрамы:
- аннотация;
- пән туралы қысқаша ақпарат;
- жұмыс бағдарламалары;
- электрондық оқулықпен және оның бөлiктерiмен жұмыс жасау туралы әдiстемелiк нұсқаулар;
- ұсынылатын бiлiм беру бағдарламалары;
- теориялық материалдар (лекция конспектiлерi) ;
- теориялық материалдарға негiзделген оқу құралы;
- практикалық жұмыстарды орындауға негiзделген әдiстемелiк құрал;
- практикалық жұмыс пен бақылау жұмыстарының тапсырмаларының тiзiмi;
- бақылау тапсырмалары;
- лабораториялық жұмыстардың әдiстемелiк нұсқалары;
- бiлiмдi бағалау критерийлерiн айқындайтын тапсырмалар;
- бақылау тестiлерiнiң жинағы;
- телекоммуникациялық құрылғыларды қолдану арқылы консультация түрлерi мен графигi;
- глоссарий;
- әдебиеттер тiзiмi және Интернеттiң ақпараттық ресурстарына сiлтемелер;
- озат мұғалiмдердiң жасақтаған қосымша авторлық материалдары;
- үйренушiнiң жұмыс папкасы;
- мұғалiмнiң жұмыс папкасы.
Аталған құрам арқылы электрондық оқулықтың құрылымы тұрғызылады.
Электрондық оқу курсының құрылымы
Электрондық оқулықты құрастыру мына алгоритм бойынша жүзеге асырылады:
- Оқу пәнiнiң мазмұндық көлемiн бағалау.
- Оқу элементтерiн үйренушiнiң бiлiмдiлiк, икемдiлiк дағдыларын қалыптастыру деңгейiне сай анықтау.
- Оқу материалын өзiндiк бiлiм алу деңгейiне бөлу.
- Оқу материалының мазмұнының негiзгi элементтерi (тарау, тақырып, сабақтар) аралығындағы мағыналық байланыстар жүйесiн айқындау.
- электрондық сөздiк-анықтаманы (глоссарий) дайындау.
- Әрбiр тақырыптар бойынша динамикалық және статистикалық компьютерлiк слайдтар жиынтығынан құралған лекциялар конспектiсiн дайындау.
- Тест материалдарын дайындау (тест тапсырмалары қиындықтары бойынша 3 деңгейде - жабық, ашық және типтiк емес есептердi шешу) .
- Көрнекi материалдарды электрондық түрде дайындау.
- Өзiндiк және практикалық сабақтарды жүргiзетiн материалдарды дайындау.
- Электрондық баспаны дайындау жұмыстарын мультимедиялық лабораториялардың мамандары (программалаушы, дизайнер, инженер) жалғастырады.
Жаңа ақпараттық технология құралдарын пайдалану
Қашықтықтан оқыту компьютерлiк техника мен телекоммуникациялық желiлердi қолдану барысында ұйымдастырылады. Телекоммуникациялық желiлер мұғалiм мен үйренушi арасында қашықтық проблемасын шешедi және жедел байланысты ұйымдастырады. Қазiргi ақпараттық технология құралдары материалдарды әр түрлi формада (графика, дыбыс, анимация, видео) пайдалануға мүмкiндiк бередi. Компьютерлiк үйрету және бақылау программалары тыңдаушыға, бiр жағынан, оқу материалын жедел меңгеруге көмектессе, ал екiншi жағынан, оқу материалдарын қандай деңгейде жедел меңгергенiн бақылауға көмектеседi.
Оқыту процесiн қашықтық режимiнде ұйымдастыру барысында барлық ақпараттық қызмет типтерi пайдаланылады:
Электрондық пошта телеконференция:
- мәлiметтердi жiберу (FTP-сервер)
- гипермәтiндiк орта (WWW-сервер)
- Интернет желiсiнiң әлемдiк ресурстары (WWW кеңiстiгi, деректер қоры, ақпараттық iздеу жүйелерi)
- видеоконференциялар
Аталған типтердiң көмегiмен тыңдаушы мен мұғалiм арасында оқыту мен дидактикалық мiндеттер шешiледi. Бұл құралдар WWW-сервер арқылы хаттар мен файлдарды жiберу мен телеконференция типi түрлi талқылауларды жүзеге асырады.
Электрондық пошта көмегiмен мұғалiм мен тыңдаушы арасында оқу материалдарын жiберу мен мұғалiмге өздерiне түсiнiксiз болған материалдар бойынша сұрақтар жiберуiне мүмкiндiк алады. Бiр жағынан, ол мұғалiмнiң жұмысын жеңiлдетедi. Бұл жағдайда, мұғалiмнiң жұмысы материалдар мен тыңдаушылардың сұрақтарына жауаптарына жiберу қызметтерiн атқарумен шектеледi.
Телеконференция оқу тақырыптары бойынша үйренушiлер арасында жалпы пiкiрталасты ұйымдастыруға мүмкiндiк бередi. Телеконференция мұғалiмнiң басқаруымен өткiзiледi. Мұғалiм пiкiрталастың тақырыбын белгiлейдi, конференция барысында өткiзiлетiн мазмұндарды бақылайды. Телеконференцияға қатынасушылар түскен хабарламаларды қарап, конференцияға өзiнiң хабарламаларын (хаттарын) жiбере отырып, пiкiрталасқа қатынасады.
FTP-серверлерiнiң қызметi өте үлкен көлемдегi файлдарды (ақпараттарды) жiберуге мүмкiндiк бередi. Мұндай жiберулердi ұйымдастыру мен оны бақылауда FTP-серверлерiнiң қызметiн атқаратын функциялар орналасады. Ал WWW-серверi оқу материалдарын орналастыруға мүмкiндiк бередi. Бұл материалдар гипермәтiн түрiнде ұйымдастырылатын болады. Гипермәтiн материалдарды жүйелеп құруға, атап айтқанда, оқу материалдарының бөлiмдерiн гипербайланыс арқылы бiр-бiрiмен байланыстыруға, материалдарды бiр-бiрiмен толықтырып отыруға мүмкiндiк бередi. WWW-құжаттарында тек мәтiндiк ақпаратты ғана емес, сонымен бiрге, графиктiк, дыбыстық және видеоақпараттарды да орналастыруға болады.
WWW-желiсiнiң әлемдiк ресурсында гипермәтiн түрiнде көрнекi және анықтамалық материалдар орналастырылады. Мұғалiм iздеу жүйелерiнiң көмегiмен WWW-беттерiнде Интернет ресурстары бойынша анықтамалар арқылы сiлтемелер жинағын дайындауға болады. Педагог мамандардың үйренетiн материалдарын да осы құжатқа енгiзедi және ол жөнiнде оған хабарлама берiледi. Егер олар Интернетке шыға алатындай мүмкiндiк алса, онда ол осы берiлген материалдарды оқи алады.
Оқыту ортасын дамыту құралдары
Жаңа ақпараттық технология құралдары оқыту құралы қызметiн атқарады. Дәстүрлi оқу құралдарынан басқа тыңдаушыға мына типтегi материалдар ұсынылады:
- компьютерлiк үйрету бағдарламалары
- электрондық оқу құралдары
- компьютерлiк тестiлеу жүйесi мен бiлiмдi бақылау
- электрондық анықтамалар мен энциклопедиялар
- аудио және видеоматериалдар
- Интернет желiсiндегi ақпараттық материалдар
Аталған құралдар оқу материалдарын жеделдетiп меңгеруге және оқытудың сапасын арттыруға игi әсерiн тигiзедi. Қашықтықтан оқыту материалдарын жасақтаушылар осы құралдарды негiзге алуы қажет. Оқу құралдарын жасақтау ұзақ процесс. Оқу құралдарын жасақтау қашықтықтан оқыту формасының тиiмдiлiгiн арттырудың негiзгi көзi болып табылады.
1. 3. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдануда пән мұғалiмдерiн дайындау
Ақпараттандырудың негiзгi мiндеттерiнiң бiрi - мектепте компьютердi оқыту құралы ретiнде қолдану: оның мүмкiндiктерiн жаңа материалды баяндауда (бiлiмдi виртуальды өмiрде қолдану), үйрету программаларын қолдану арқылы виртуальды лабораториялық жұмыстарды жүргiзу, баяндалған материалды бекiту (тренинг), Интернет-технологияларды қолдану.
Ендi мұғалiмдердi оқушылардың үйрететiн мезгiлi келдi. Соңғы кезде уақыт көрсетiп отырғанындай, мұғалiммен салыстырғанда оқушыда көп ақпарат болатыны кейiнгi көрсетiлген тәжiрибелер дәлелдеп отыр. Сондықтан әрбiр мұғалiм өз қызметiне ақпараттық технологияны пайдалана бiлуi қажет. Бұл мәселе - бiлiм берудi ақпараттандырудың қажеттi шартына айналып отыр.
Мектеп мұғалiмдерiн ақпараттық технологиямен алғаш танысу институт базасында өткiзiлетiн салаларының бiрi ретiнде қарастырылған.
Негiзгi мақсаты : бiлiм мекемелерi қызметкерлерiнiң ақпараттық мәдениетiн қалыптастыруға жағдай жасау, оның iшiнде, жаңа технология құралын пайдалану арқылы өзiндiк жұмыстарды ұйымдастыру.
Егер мұғалiм компьютермен таныс болмаса, онда оған психологиялық тұрғыдан зияндылық жасамау керек. Ақпараттық технология құралдарын пайдаланудың алғашқы ұғымдарын, оны дамытудың дағдысын қалыптастыру және мультимедиялық құралдарды пайдалану арқылы оқу ақпараттарын беру әдiстемесi элементтерiн демонстрация жасау.
Еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалык өзгерістерге сай білім беруді жетілдіру бағыттарының бірі-білім беруді акпараттандыру.
Осы бағыттағы жұмыстар 1997 жылы қабылданған Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылуда.
Қазіргі таңда республика мектептерін жаңа компьютерлік технологиямен қамтамасыз ету жұмыстары іске асьш, енді сол ақпараттық технологияны қолдану мен оны мектептерге енгізу саласында, оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру мақсатында информатика оқытуды жетілдіру жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютер көмегімен оқыту нәтижелілігін зерттеудегі ғылыми проблемаларды шешу ең басты орын алады. Бұған себеп психологиялық-педагогикалық проблемараның оқыту процесін компьютерлендірудің барлық бағыттарын жан-жақты қамтуы болып табылады.
Зерттеу нәтижелері көрсетіп отырғандай, мектеп пәндерін оқыту процесінде компьютерді Қолдану мұғалім мен оқушы қарым-катынасы жүйесін, олардың іс-әрекеттерінің мазмұнын, құрылымын өзгерте отырып, түрлендіре алады және осы әрекет мүшелерінің мотивіне әсер ете отырып, олардың мотивациялык, эмоционалдық ортасына, сезімнің өсуіне әсер етеді.
Демек, оқыту процесінде компьютерді қолдану білім мен біліктілікке қоятын талаптарды қайта қарап, жетілдіріп, жүйелеуді талап етеді.
Оқушылардың жалпы оқу біліктілігіне жататын оқу-компьютерлік біліктіліктерін «клавиатурамен жұмыс, программа тізу, принтермен жұмыс істей білу, дайын программаларды қолдана білу, текстік, графикалық редакторлармен жұмыс істей білу» жүйелі түрде қалыптастыру бүгінгі күннің кезек күттірмес талабына айналуда.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz