Функционалдық сауаттылықты дамытудың тәжірибелік негіздері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Ƃілім және ғылым ᴍинистірлігі

А. Ƃайтұрсынов атындағы Қостанай ɵңірлік университеті

Жақсыбай А. С.

Функционалдық сауаттылықты дамытудың теориялық және практикалық негіздері 1- сынып негізінде

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСЫ

В03 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы

Костанай, 2022

Мазмұны

Кіріспе

  1. Функционалдық сауаттылықты дамытудың теориялық және практикалық негіздері теория

1. 1 Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың ғылыми -теориялық негіздері

1. 2 Бастауыш сынып оқушыларының оқу және жазудағы пәндік функционалдық сауаттылығын дамыту дидактикалық негіздерінің сипаты

2. Функционалдық сауаттылықты дамытудың тәжірибелік негіздері

2. 1 Бастауыш сынып оқушыларының оқу және жазудағы пәндік функционалдық сауаттылығын дамыту дидактикалық негіздерімен мектептегі 1-сынып оқу-тәрбие үдерісінде жүргізілетін эксперименттік -тәжірибелік жұмыстар

2. 2 Эксперименттік-тәжірибелік жұмыстары нәтижесінің сандық-сапалық көрсеткіштері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Зерттеудің тақырыбының өзектілігі : Болашақ - білім мен ғылымға тәуелді болатыны айдан анық нәрсе. Қазіргі жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесі қандай болса, елдің ертеңі де сондай дәрежеде болмақ. Сондықтан қоғам талабына сай, қоғамды көркейтетін, дамытатын, Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы істер байланысында мемлекеттің өркениеті үшінеңбек ететін, шетелдермен еркін ғылымим және мәдени қарым-қатынастар жасай алатын, оқығанын өмірде қолдана алатын, ана тілін жетік білетін, ұлтжанды азамат дайындау - бүгінгі ұстаз қауымының басты мақсаты.

Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту - бүгінгі заманның басты талабы. Болашақ азамат өз ұлтының асыл мұрасынан сусындау арқылы туған халқының тарихымен, мәдениетімен жете танысып, білімін кеңейтеді.

Туған тілінің бай қазынасын игеріп, грамматикасын терең меңгерген білім алушы қоғамның кез келген саласында қиналмай қызмет етіп, өзінің функционалды сауаттылығын көрсете алады. Себебі білім алушылардың берілген білімді игеруі мен іске асыру қабілеті, ойының дәлдігі, өмірге көзқарасының қалыптасуы, өз бетінше білім алуға дайындығы, басқа ғылым негіздерін меңгеру нәтижелері сауаттылық деңгейіне байланысты болғандықтан бүгінгі күннің мәні мен маңызы зор өзекті мәселелерінің бірі - оқытудың түрлі әдіс-тәсілдері арқылы білім алушының функционалдық сауаттылығын дамыту. Ал ол оқу сауаттылығына келіп соғары анық.

Сауатсыздық дерті адамға кішкентай кезінен бастап жұғады. Әсіресе, бүлдіршінді жазу мен оқуға баули бастаған 1-ден 3-сыныпқа дейінгі аралықта пайда болады, яғни үшінші сынып білім алушысы ешқашан кітапқанаға бармаса, оқулықтан басқа ешқандай кітап оқымаса, тағы бір ертеңгі сауатсыздықтың дүниеге келгені.

Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылықтарын қалыптастырудың психологиялық және педагогикалық негіздеріне келер болсақ, бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері ескерілуі керек. Оқу, жазу сауаттылықтарын қалыптастыруда, ең алдымен, кіші мектеп жасындағы балалардың ойлау мен сөйлеуі маңызды орын алады.

Бүгінгі таңда жер жүзінде білім саласындағы саясаткерлер мен мұғалімдер үшін ең маңызды болып отырғаны-«ХХI ғасырда нені оқыту керек және ХХI ғасырға оқушыларды қалай дайындайды?» деген мәселе. Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі - оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ал ХХI ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында. Сондықтан да қазір жаңа технологияларды меңгеру үшін ең басты қажетті құрал - білім.

«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары» атты құжатында « . . . тұлғаның ең басты функциялық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады» деп атап көрсетілген. [1] .

Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында анықталған, басты мақсаттардың бірі - жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез өзгеретін әлемде оның табысты болуын қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру болып табылады[2] .

Міне, сондықтан да жоғардағы келтірілген деректер мен мәліметтер білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуды көздейтін бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі. Сол себепті де білім алушылардың функционалдық оқу сауаттылығын дамыту үшін олардың мәтінді оқу және түсіну қабілетін арттыруымыз қажет, яғни білім алушылардың мектепте алған білімдерін өмірде тиімді қолдануына үйрете білуіміз керек.

Зерттеу мақсаты: Функционалдық сауаттылықты дамытудың (1-ші сынып негізінде) теориялық және практикалық негіздерін әзірлеу. 1-ші сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың жолдарын анықтау.

Зерттеудің міндеттері:

-бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы тиімді әдіс-тәсілдерді анықтау;

-функционалдық сауаттылықты арттырудың жолдарын анықтау;

-бастауыш сынып оқушыларында (1-ші сынып негізінде) функционалдық сауаттылықты арттыруда мектеп оқулықтарының рөлін анықтау;

-мектеп оқушыларының функционалды сауаттылығын қалыптастырудың тұжырымдамалық негіздерін жетілдіре түсу;

Зерттеу пәні: Функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың теориялық және практикалық негіздерін зерделеу.

Зерттеу нысаны: Функционалдық сауаттылыққа байланысты жүргізілетін жұмыстар.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер 1-ші сынып оқушыларының және бастауыш сыныптарының теориялық білімін практикада қолдана алу білігін, яғни функционалдық сауаттылығын қалыптастыратын болсақ, онда ол оқушылардың қоғамда өмір сүре білу және қоғам өзгерісіне қарай жетіліп отыру білігін, уақыт өте келе қалыптастырады.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

- функционалдық сауаттылық қалыптасқан жағдайда оқушылардың қоғамда өмір сүре білуі қалыптасады;

-жаңа қоғам өзгерісіне қарай жетіліп отырады;

Зерттеуді ң дерек : Оқулықтар, ғылыми мөлшерлік нұсқаулық кітаптар, педагогикалық-психологиялық әдебиеттер, әдістемелік мерзімді басылымдар, интернеттік сайт ресурстары т. б.

Зe рттe у әді стe рі : Функционалдық сауаттылық бойынша теориялық және практикалық талдау, педагогикалық тәжірибе.

Дипло мды қ жұмы сты ң құры лы мы : Дипло мды қ жұмы сты ң құры лы мы кі рі спеден, екі тараудан, қо ры ты нды дан және пайдаланы лған әдебиеттер ті зі мі нен, қо сы мшадан тұрады .

  1. Функционалдық сауаттылықты дамытудың теориялық және практикалық негіздері теория

1. 1 Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың ғылыми - теориялық негіздері

Жалпы функциональдық сауаттылық деген ұғымды таратып айтар болсақ, адамдардың (жеке тұлғаның) әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы және өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторы. Яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына қарай ілесіп отыруы. Сонымен, функциональдық сауаттылық адамның мамандығына, жасына қарамастан үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Мұндағы басшылыққа алынатын функциональдық сапалар: белсенділік, шығармашылық тұрғыда ойлау, шешім қабылдай алу, өз кәсібін дұрыс таңдай алуға қабілеттілік, т. б. Яғни, жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.

«Функционалдық сауаттылық» ұғымы алғаш рет өткен ғасырдың 60-шы жылдары ЮНЕСКО құжаттарында пайда болды және кейіннен зерттеушілердің қолдануына енді. Функционалдық сауаттылық, кеңінен алғанда, білім берудің (бірінші кезекте жалпы білім беруді) көп жоспарлы адамзат қызметімен байланысын біріктіретін тұлғаның әлеуметтік бағдарлану тәсілі ретінде түсіндіріледі. Қазіргі тез құбылмалы әлемде функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторлардың біріне айналуда[3] .

Функционалдық сауаттылық - адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа кіру қабілеттілігі және аса тез бейімделуі мен жұмыс істеуі. Тұлғаның оқу, ұғыну, қысқа мәтіндерді жасау және жеңіл арифметикалық амалдарды орындаудағы қарапайым сауаттылығына қарағанда тұлғалық сауаттылықтың айырмашылығы тұлғаның нақты мәдени ортада тіршілік ету үшін минималды қажетті болып саналатын әлеуметтік қарым-қатынас жүйесінде тұлғаның қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ететін біліктілік, икемділік пен дағдылар атомарлық деңгейі, яғни функционалдық сауаттылық болып табылады.

Орта білімнің бір тұтас жүйесіндегі бастапқы кезеңінің ерекшелігі дәл осы сатыда оқу іс-әрекетінің негізгі икемділіктерін игеру, оқудың қажеттілігі мен ықыласына тиісті жағдай жасау болып табылады. Баланың психикалық дамуында бала орындайтын нақты осы іс-әрекет басқа жұмыстардың түрлері кешенінде (ойын, спорттық, мәдениеттік, еңбектік) жетекші рөл атқарады [8] .

Психологиялық-педагогикалық зерттеулерден белгілі болғандай оқушының субъектілік қасиеттері пайда болуының негізгі көрсеткіші еріктілік болады. Оқу іс-әрекетінің біліктілігі, басқа танымдылық іс-әрекеттер түрлерінен айырмашылығы, оқу процесіне дейін және одан тыс қалыптаспауында. Сондықтан, бастауыш мектепте кез келген пәнге оқытудың мақсатты функциясының бірі, келешектегі функционалдық сауаттылықтың негізі ретінде алынатын, оқушылардың өзіндік оқулық іс-әрекеті дағдыларын қалыптастыру.

Функционалдық сауаттылық феноменінің пайда болуы адамның сауаттылық компоненттерін: білімдерін, дағдыларын, қабілеттерін, іс-әрекет тәсілдерін, тәртіптік және көзқарас қасиеттерін игеруде уақыттың шектелуін кеңейтті. Көп зерттеушілердің пікіріне сәйкес функционалдық сауаттылықтың компоненттерін игеру процесі іс жүзінде өмір бойы жалғасуы мүмкін. Функционалдық сауаттылық халық пен мемлекеттің толық әл-ауқатына байланысты әлеуметтік-экономикалық құбылыс болып табылады. Шартты түрде функцоналдық сауаттылық В. В Мацкевич пен С. А. Крупниктің атағанындай, олардың нақтылауында жазылған: «Қазіргі еуропалық (азамат) білуі және меңгеруі қажет . . . » және әр елдің мәдени және өңірлік ерекшелігін ескере отырып қалыптасады [4] .

Заманауи педагогикалық теориясы мен тәжірибесінде «функционалдық сауаттылық» ұғымы тұжырымдамалық тұғыр (тәсілдеме) шеңберінде қарастырылады. Өмірде және іс-әрекетте қажетті әмбебап дағдылары болатын функционалдық сауаттылыққа және құзыреттілікке басымды мағына беретін Болон келісімінің жүзеге асуы қазақстандық жоғары білім беру жүйесін модернизациялаудың негізі болды.

Функционалдық сауаттылық, адам іс-әрекетінінің көпаспекттілік құзыреттілігі болғандықтан, сауаттылық құрылымын талдауға жеке тұлға (индивид) айналысып атқаратын түрлі іс-әрекеттер көзқарасынан жақындауға болады. Бұл ретте білім мен ептілік, біліктіліктен және тәжірибелік оқулық пен өндірістік-техникалық есептер шығару әдістерінен тұратын іс-әрекеттердің түрлерін кең мағынада түсінуге болады. Адамның іс-әрекетінің құрамы мен тұлға қасиеттері өзара қатысты. Ю. Г. Фокин іс-әрекеттің құрамын төмендегідей сипаттайды: қажеттілікті сезіну; себепті қалыптастыру; іс-әрекетті жүзеге асыру әдісін таңдау; іс-әрекетті жоспарлау; іс-қимыл тізімі; іс-қимылды орындау [5] . Бұл ретте құрамдас деректердің тұлға қасиеттерімен байланысы дәлелденеді. Ю. Г. Фокиннің пікірі бойынша қажеттілікті сезіну және себепті қалыптастыру «қажеттілікті қанағаттандыратын, саналы таңдау адамнан нақты білгірлікті талап етеді.

Іс-әрекет субъекті өзінің қажеттілігін қанағаттандыратын әдіс таңдауында «өзінің құндылық бағдарына, әлеуметтік қөзқарасында не істеуге болатындығын, қайсы өнегесіз немесе заңға қарсы» екендігіне сүйенеді. Іс-әрекетті жоспарлау үшін «таңдалған әрекетті жүзеге асыру әдісінің заңдылықтарын және бұл ретте пайдаланылатын процестерді білу қажет» [6] . «Нақты іс-әрекеттің мақсатына жеткізетін және осы әрекетті жүзеге дұрыс асыратын саналы түрде таңдап алынатын операцияларымен белгіленетін білімдер жиынтығысыз» әрекеттерді орындау мүмкін емес. «Операцияларды жүзеге асыру үшін субъект нақты дағдыларды керек етеді».

В. Г. Онушкин мен Е. И. Огарёвтің көзқарасын есепке ала отырып, іс-әрекеттінің табыстығын қамтамасыз ететін функционалдық сауаттылық келесі 4 компоненттен тұрады:

  1. жалпы теориялық, арнаулы және қолданбалы қасиеттері бар білімдер;
  2. іс-әрекет процесіне тартылған немесе сонымен түйіскен іс пен нақтылықтың нәрселік мәнісін түсіну;
  3. қойылған мақсатқа сәйкес құралдарды таңдай білу және мақсаттың мазмұнына сәйкес іс жасай білу;
  4. шеберлі іс-қимыл жасау және ой-пікірлерін айту дағдылары [7] .

Оқушылардың функционалдық сауаттылығы құрылымының компонеттері ретінде зерттеушілер мыналарды нақтылады: мотивациялық, когнитивтік, әрекеттік және рефлексивтік компонеттер. Осымен функционалдық сауаттылық оқушылардың оқу-танымдылық құзыреттіліктерінің одан әрі даму негізін құрайды. Фунционалдық сауатты оқушының моделін ғалымдардың ғылыми еңбектерінде айтылған жағдайларынан анықтаймыз.

Функционалды сауатты оқушы - бұл пәндік, пәнаралық, интегративтік білімдер, ептіліктер, дағдылар және функционалдық мәселелерді шешу әдістері жиынтығы ретінде алынатын іс процесінде пайдаланылатын, қабылдау, ақпаратты өзгерту, типтік оқулық және қоғаммен қарым-қатынас есептерін шығару процесімен байланысты қажетті және жоғары деңгейдегі білімге ие болатын тұлға.

Әлемдік білім кеңестігіне кіру жағдайында қазақстандық білім беру жүйесінің алдында келесі міндеттер тұрады:

  • орта білім деңгейінде барлық оқу пәндерінің мазмұнына сәйкес компонетті жүйелі түрде енгізу арқылы функционалдық сауаттылықтың негізін қалау;
  • функционалдық сауаттылықты қалыптастыру және жетілдіру аспектінде бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлерінде білім мазмұнының бірізділігін қамтамасыз ету;
  • орта, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру деңгейлерінде функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың бірізділігін қамтамасыз ету.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығы оқу-танымдық құзыреттілігінің базалық құрылымы болып табылады. Тұжырымдамалық тұрғы шеңберінде функционалдық сауаттылықтың қалыптасуы оқу пәнінің негізгі мазмұндық компоненті ретінде алынатын оқулық міндеті арқылы пайда болады.

Функционалдық сауаттылық құрамының мотивациялық компоненті өзіндік білімділік қажеттерін, мақсаттарын, мазмұнының құнды-мағыналы көз-қарасын және іс-әрекеттің нәтижесін ұғынуға бағытталуымен, білім ұйымының білім кеңістігіне белсенді енгізілуімен, гуманитарлық пәндерді оқу шеңберінде жаңалықтармен танысу және құзыреттілікті білдіруде тиімді уәждемеге бағыттаумен сипатталады.

Функционалдық сауаттылық құрылымындағы когнитивтік компонент құзыреттілік өзегі болатын қолданбалы қасиетті қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыс және жалпытехникалық білімдердің жиынтығын игеруге бағытталып, оқу және тәжірибелік іс-әрекетіне сәйкес жүзеге асырылатын әдісін тандау заманауи ақпараттық қоғамның негізгі жүйесін айқындайды.

Функционалдық сауаттылықтың әрекеттік компоненті біліммен, өзіндік және ғылыми-зерттеу жұмыстарының бар білімдердің қорында орындалатын тиімді тәжірибесімен, оқу-танымдылық құзыреттіліктің дамуына мүмкіндік беретін түрлі есептер шығаруын жоспарлау және іске асыру әдісін таңдауымен сипатталады.

Функционалдық сауаттылық құрылымының рефлексивтік компоненті өзінің нақтылы мүмкіндігіне, мақсаттарына, жағдайларын түсінуіне сәйкес, түрлі жоспарлардың қалыптасуына қабілеттілігімен, жеке ісін аналитикалық қарастыруымен, жеке көзқарасын жаңа ақпаратпен бар білімді салыстыру процесінде өзіндік көзқарасын тудырумен сипатталады.

Жалпы, сауаттылық адамның білімділігіне қатысты ұғым екені белгілі. Яғни, сауатты деген сөздің түпкі мағынасы оқу, жазу, санау біліктіліктері қалыптасқан, грамматикалық тұрғыда таза, қатесіз жаза, сөйлей, оқи алатын, сондай-ақ дұрыс есептей білетін адам сауатты ретінде танылады. Ал «функционалдық сауаттылық» белгілі бір кезеңге сай субьектінің алған білімі мен білігі негізінде сауатты іс-әрекет ете алуы деген мағынаны білдіреді.

Қоғамның дамуына байланысты сауаттылық ұғымының мәні тарихи тұрғыдан өзгергенін, тұлғаға қойылатын талаптарда оқу, жазу, санай білу қабілеттерінен гөрі белгілі бір қоғамда өмір сүруге қажетті білім мен біліктердің жиынтығын игеру, яғни функционалдық сауаттылыққа жету деген сипатта ұғынылады. Қазіргі әлемдегі, еліміздегі өріс алып отырған түрлі бағыттағы дамулардың әсерінен қоғамның адамға қоятын талаптарының өзгеруі нәтижесінде функционалдық сауаттылық ұғымы кең тарала бастады.

Сауаттылық ұғымы оны білім берудің әрекеттік аспектісімен бірлікте алғанда ғана кеңейе түседі. Функционалдық сауаттылық - тұлғаның пәндік білім, білік, дағдыларын әлеуметтік-қоғамдық ортада кез келген жағдаятқа сәйкес еркін қолдана алу мүмкіндіктерінің қалыптасқан жүйесі. Қазіргі таңда функционалдық сауаттылық ұғымы білім кеңістігіндегі білімді құзыреттілікке бағыттау парадигмасына байланысты туындап отыр.

Қазіргідей пәндік білімге ғана негізделіп отырған оқу үдерісінде баланың жалпы дүниетанымының қалыптасуы, өміртанымдық дағдыларының жетілдірілуі, білімнің күтілетін нәтижеге бағытталуы қоғамдық-гуманитарлық пәндердің жаңарған мақсат-міндеттерінен бастап оқытудың әдістемелік жүйесінің әр бөлігінің (білім мазмұны, оқыту түрлері, оқыту әдістері, білім нәтижелері) түбегейлі өзгертілу деңгейіне қатысты екені сөзсіз. Мектептік білім беру жүйесін жаңа уақыт талабына орай жетілдіру білім беру жүйесін өзіміздің ұлттық болмысымызға, негізге алынған ұстанымдарымызға сай құруды қажет етеді. Осыған орай мектептегі берілетін білімді шынайы өмірмен ұштастырып, бастауыш мектепті бітіруші түлектерді үлкен өмірге дайындау қажеттігі туындайды. Сондықтан бастауыш мектеп оқушыларының меңгеруі тиіс білім, білік, дағдыларының жиынтығы ретінде, яғни оқытудың түпкі нәтижесі ретінде оқушылардың бойында қалыптасатын құзыреттіліктер алынады.

Білім берудің нәтижесі ретіндегі құзыреттілікті ғалымдар (А. Хуторской, М. Ж. Жадрина, Н. Н. Нұрахметов, Ж. Т. Дәулетбекова) белгілі бір пәнге қатысты оқушының игерген іс-әрекет тәсілдерінің жиынтығы ретінде анықтады. Сондықтан қазіргі кезеңде Қазақстандағы білім беруде жаңа нәтижеге жетудің басым бағыттарының бірі ретінде білімділік бағыттан оқушылардың бойында құзыреттерді қалыптастыру бағытына өту мәселесі қарастырылуда. Құзыреттілік бағыт - межелеген мақсаттарға жету үшін оқушының ішкі (білім, білік, дағды, құндылық, психологиялық ерекшеліктер және т. б. ) және сыртқы (ақпараттық, адами, материалдық және т. б. ) ресурстарды тиімді ұйымдастырудағы дайындығының қалыптасуын көздейді. Мектепте берілетін білім, ендігі жерде, негізгі мақсатқа жетудің құралы болуы керек деп тұжырымдалды. Дәстүрлі мектепте білім баланың білімді болуы үшін ғана беріліп, сол берілген білімнің болашақта бала өміріне қаншалықты қажет екендігі қарастырылмады. Педагогикалық мақсат нәтижесінде бала түсініктерді, мәліметтерді, ережелерді, заңдылықтарды, біліктіліктерді және т. б. меңгеруі тиіс, ал мұғалім сол білімді меңгертуі тиіс болды. Егер оқу нәтижесі құзыреттілік деп анықталса, онда пәнді меңгертуден күтілетін нәтижелер оқушының өмірлік дағдыларымен сабақтастырылуы қажет болып саналады[9] .

Сонымен, функционалдық сауаттылық - жеке тұлғаның әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы және өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына қарай ілесе отырып, меңгерген білімді тұрмыс тіршілікте қолдана алуы мен жетілдіре отыруы. Сонда, функционалдық сауаттылық ұғымына келесі анықтаманы беруге болады: адамның мамандығына, жасына қарамастан меңгерген білімді сауатты қолдана алуы мен үнемі білімін жетілдіріп отыру процесі. Мұндағы басшылыққа алынатын функционалдық сапалар: белсенділік, шығармашылық тұрғыда ойлау, шешім қабылдай алу, өз кәсібін дұрыс таңдай алуға қабілеттілік, т. б. Яғни, жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның өзгермелі әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.

Осыған орай, Ұлттық жоспарда функционалдық сауаттылықтың төмендегідей негізгі механизмдерін бөліп көрсетеді. Ұлттық жоспардың жоғарыда аталған мақсат, міндеттерін жүзеге асыруда төмендегідей тетіктері нақтыланып, мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін білім беру жүйесінде басшылыққа алынады.

Олар:

-білім беру мазмұны (ұлттық стандарттар, оқу бағдарламалары) ;

-оқыту нысандары мен әдістері;

-білім алушылардың оқудағы жетістіктерін диагностикалау мен бағалау жүйесі;

-мектептен тыс қосымша білім беру бағдарламалары;

-мектепті басқару моделі (қоғамдық-мемлекеттік нысан, мектептердің оқу жоспарын реттеудегі дербестігінің жоғары деңгейі) ;

-барлық мүдделі тараптармен әріптестікке негізделген достық қалыптағы білім беру ортасының болуы;

-ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеу процесіндегі белсенді рөлі.

Оның алғашқысы - оқыту әдіснамасы мен мазмұнын түбегейлі жаңарту. Яғни мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жалпы білім беретін орта мектептің Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын (МЖБС) жаңартудан бастау алуға тиіс. Ол үшін мұғалім білім алушының бойына алған білімін практикалық жағдайда тиімді және әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалана алатындай негізгі құзыреттіліктерді сіңіруі керек.

Олар:

- басқарушылық (проблеманы шешу қабілеті) ;

- ақпараттық (өз бетінше ақпарат көздері арқылы үнемі білімін көтеріп отыруы, сол арқылы танымдық қабілетін ұштау) ;

- коммуникативтік (үш тілде: қазақ, орыс, ағылшын (шет) ауызша, жазбаша қарым-қатынас жасау) ;

- әлеуметтік (қоғамда, өзі өмір сүрген ортада іс-әрекет жасай алу қабілеті) ;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру ерекшеліктерін қарастыру
Функционалдық сауаттылықтың сипаттамалық белгілері
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру
Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру және оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру
Қосымша білім беру ұйымдары - оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың тиімді ортасы
СӨЙЛЕУ ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУ АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ
Оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың тарихи-педагоги-калық негіздері
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту
КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ТАЛДАУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz