Қоян өсіру, қоян шаруашылығы мал шаруашылығының бір саласы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРЛІГІ

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық - техникалық университеті

«Экономика және аудит» жоғары мектебі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

«Бизнес-жоспарлау» пәні бойынша

тақырыбы

«Қоян шаруашылығы»

Орындаған:

Тексерген:

Орал 2020

Мазмұны

Кіріспе бөлім . 2

Жобаның түйіндемесі . . . 4

Өнімнің сипаттамасы . . . 5

Нарық пен басекелестерді талдау. 6

Маркетингтік жоспар9

Өндірістік жоспар. 10

Ұйымдық-басқару жоспары14

Қаржылық жоспар15

Қорытынды . . . 16

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 17

Кіріспе

Бизнес-жоспар - кәсіпорынның алдына қойған экономикалық мақсаты мен оны жүзеге асыру жолдары, міндеттері мен әдіс-тәсілдері баяндалған құжат. Бизнес жасау үшін нарықтық орта жан-жақты зерттеледі. Нарықтық ортаның ағымдағы жағдайы, болуы мүмкін өзгерістер мен кедергілер, жобаны іске асырудан түсетін табыс мөлшері, т. б. нақты көрсетіледі. Бизнес-жоспар, көбінесе, банктен кредит алу және оның қайтарылуын қамтамасыз ету үшін жасалады. Меншік иесінің қатысуымен кәсіпорынның стратегиялық дамуының бағыт-бағдары анықталады, осы арқылы жобаның тиімділігі мен қажеттілігі айқындалады

Сөз бастауын қоян шаруашылығының мұнай пен доллар еместігін ескертейін. Әрине бұл бірақта арзанға шығар жалдың ақысы да емес.

Бұл бар болғаны өмірлік қажеттіліктеріңді қанағаттандыру үшін жасалған шағын кәсіпкерлік бизнес жоспары болып табылады. Қоян шаруашылығын

қолға алу өзегімде жүрген мәселелердің бірі болып табылады. Қоян еті - диетикалық тағамдар қатарынан болып табылады, және де оның пайдасының өте зор екендігін көптеген ғалымдар дәлелдеп шығарды.

Қоян шаруашылығын қолға алуға негізгі мәселелердің бірі, Қазақстанда семіздік дертінің етек алуы. Қазіргі таңдағы жағдай және шағын бизнес туралы қысқаша ақпарат Қазақстан семіздік дерті бойынша Орталық Азиядағы ең семіз адамдар қатарынан болып тұр. Жасөспірімдер қатарын қозмағанның өзінде де, ересек адамдардың 24, 4% - семіздік дертіне шалдыққан. Семіздік жүректалмасы, миға қан шабу, қан қысымының көтерілуі, холецистит, артрит, панкреатит сияқты ауруларды қоздырады деседі. Үй қояндарының биологиялық ерекшеліктеріне тез жетілгіштігі, өсімталдығы, буаздығының қысқа мерзімі, т. б. жатады.

Тез жетілгіштігі. Үй қояндарының жыныс мүшелері 4-5 айлығында жетіледі. Ет бағытындағы үй қояндары (бройлер) үш жарым айлығында 2, 8 кг салмақ тартады.

Өсімталдығы. Үй қояндары басқа қолда өсірілетін хайуанаттармен салыстырғанда әлдеқайда өсімтал. Ересек ұрғашы қоян әр туғанда 6-9-ға дейін, кейде 14 көжекке дейін, кейде 14 көжекке дейін береді . Бір туғанда 21 көжектеген жағдайда болған.

Буаздығының қысқа мерзімі: Ұрғашы қоянның буаздық мерзімі 30 күндей болады. Сондықтан бір жылда 6-9 рет көжектеп, 40-қа дейін көжек береді.

Азықтың қайтарылымы өте жоғары. Етті бағыттағы қояндарды бордақылағанда, 1 кг қосымша салмаққа 4, 2-4, 5 азық бірлігі жұмсалады.

Қоян шаруашылығы агросектордағы ең кірісті саланың бірі болуы тиіс деп

есептеймін. Сөздің шыны керек, жылдар күткізбей жылдам өнім беретін өндірісті дамыту керектігін дәлелдеудің қажеті жоқ.

Басқа ауыл шаруашылық малдарына қандай азықтың түрлері берілсе, сондай азықтар үй қояндарына да беріледі. Қоян өсіретін шаруашылықтарда

пайдаланатын азықтардан бірнеше негізгі топтарға бөледі: балауса азық-көк шөп, ағаш бұталары; шырынды азықтар-тамыр және түйнекті жемістер, капуста, сүрлем; ірі азықтар - пішен, құрғақ бұтақтар, пішендеме, құнарлы азықтар, астық дәндері, бұршақтар, тамақ өнеркәсібінің қалдықтары, құрама азықтар; жануарлардан алынатын азықтар - сүт, қаймағы алынған сүт, жұлдыз құртының қуыршағы, балық майы, ет-сүйек және балық ұны, минералдық азықтан - ас тұзы, сүйек ұны, бор; витаминнен балық майы, құнарланған витаминдер.

Расында жылдар күткізбей жылдам өнім беретін өндірісті дамыту керектігін дәлелдеудің қажеті жоқ. Қалқанқұлақтардың көл-көсір табыс көзі екеніне енді көз жетіп, қолға алына бастағанына көп уақыт өте қойған жоқ. . Кезінде қоян өсірумен айналысқан адамдар бұл саланың экономикалық тұрғыдан өте тиімді екендігін айтады.

Қоян шаруашылығына қолдау қажет. Расында жылына 3-4 мәрте төлдейтін қоянның еті де терісі де тиімді, яғни, «басынан бақайшағына» дейін тұнып тұрған ақша. Қоян шаруашылығының тағы бір артықшылығы егер жаңа технологиямен өңдесе, қоян терісі құнды шикізатқа айналады. Одан түрлі сырт киімдер тігуге болады. Осылайша «бір оқпен екі қоянды атып алуға» болады. Демек, «Бір жылға қоянның терісі де жарайды» деген қазекемнің ескілікті көзқарасының күні өткен. Бүгінде Алматының түбіндегі «Қоян» ЖШС-ның ісмерлері қоян терісінен балалар тонын тігуді меңгергендігі соның айғағы іспетті. Қоян терісінен тігілген тондардың қай кезеңде де сәннен қалмайтынын ескерген де артықтық етпес

Менің бизнес жоспарымның тақырыбы қоян шаруашылығы ол қазірге кездегі дамып келе жатқан және болашағы бар бизнес түрі болып табылады.

Қалқан құлақтардың көл-көсір табыс көзі екеніне енді көз жетіп, қолға алына бастағанына көп уақыт өте қойған жоқ. Өз уақытында қоян өсірумен айналысқан адамдардың пікірінше, бұл саланың экономикалық тұрғыдан өте тиімді екендігін атап өткен.

1. ЖОБАНЫ ТҮЙІНДЕМЕСІ.

1. ҚАРЫЗ АЛУШЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛӘМЕТ.

Атауы

Сомасы,

теңге

Несиелік/гранттық

қаржы

Жеке меншік

қаржы

Сомасы,

теңге

%

Сомасы,

теңге

%
Атауы: Қоян сатып алуға жұмсалатын қаражат
Сомасы,теңге: 810 000
Несиелік/гранттыққаржы: 810 000
Жеке меншікқаржы: 27, 6
-
-
Атауы: Керекті құралдар мен азық шығындары
Сомасы,теңге: 867 000
Несиелік/гранттыққаржы: 867 000
Жеке меншікқаржы: 29, 5
-
-
Атауы: Еңбек ақы және басқа да шығындар
Сомасы,теңге: 1 260 000
Несиелік/гранттыққаржы: 1 260 000
Жеке меншікқаржы: 42, 9
-
-
Атауы: Барлығы
Сомасы,теңге: 2 937 000
Несиелік/гранттыққаржы: 2 937 000
Жеке меншікқаржы: 100
-
-

2. ӨНІМНІҢ СИПАТТАМАСЫ

Қоян өсіру, қоян шаруашылығы мал шаруашылығының бір саласы. Еті, терісі, түбіті үшін өсіріледі. Еті - диеталық тағам, терісі - бағалы шикізат ретінде, түбіті тоқыма өнеркәсібінде қолданылады. Қазақстанда үй қоянының шиншил, ақ алып, сұр алып, күміс түсті, қара-бурыл, веналық көгілдір, мардер, көбелек, рекс, калифорниялық, ангор мамықты, т. б. тұқымдары өсіріледі. Қояндар өсімтал келеді. Әдетте аналығы жылына төрт рет 6 - 12 көжек туады. Ал еті мен терісі үшін өсірілетін шаруашылықтарда ұрғашы қоян 20-ға жуық көжек туады, олардың бір тобынан 40 - 50 кг ет алынады. Ет үшін өсірілетін көжектер 2 - 2, 5 айдан кейін салмағы 2 кг-ға жеткенде бөлек бағылады. Түбіт алу үшін өсірілетін шаруашылықтарда әрбір ірі қояннан жылына 350 - 500 г түбіт алынады. Қояндар әдетте таза ауада торша ішінде, қораларда және механикаландырылған қораларда өсіріледі. Үй қояндарын өсіруде торша ішінде ұстау жүйесі кең тараған, онда жерден биіктігі 0, 5 м жылжымалы және жылжымайтын торшалар болады. Жеке торшалардың көлемі: ұзындығы 100 - 130 см, ені 60 - 70 см, алдыңғы жағының биіктігі 50 - 65 см, артқы жағы 35 - 45 см болады. Қояндар жасына, жынысына қарай бөлек ұсталады. Қоян өсіретін фермаларда бір мезгілде 1000 - 3000 аналық және 240 - 260 аталық қоян ұстауға болады. Мұндай фермаларда қыста орташа температура 14 - 16°С, ылғалдылық 60 - 75%, тор ішіне ауа жіберу жылдамдығы 0, 3 м/с болуы керек. Қоян көжектер алдында кеудесіндегі және бауырындағы түбіттерін жұлып төсеніш жасайды. Аналығы көжектеген кезде торшада су мен жемі болмаса жаңа туған көжектерін жеп қояды. Көжектер 16 - 20 күнге дейін сүт ішеді, одан кейін өздігінен қоректенуге көшеді. Үлкен қояндарға және 3 айдан асқан көжектерге күніне екі рет, ал қалғандарына күніне үш рет белгілі бір уақытта шөп (қырыққабат, қызылша, сәбіз, т. б. жапырақтары, көкөніс қалдықтары), шырынды жем (сүрлем, бақша өсімдіктері, картоп, капуста, сәбіз, т. б. ) және құрама жем (майлы дақылдар тұқымдары), ірі дақылдар (пішен, шөп ұны, ағаш бұтақтары, т. б. ), минералды, витаминді қоспалар (сүйек ұны, үшкальцийфосфат, ас тұзы, балық майы, т. б. ) беріледі. Жазда әр түрлі шөптермен, қыста ірі дақылдармен және шырынды азықтармен қоректендіреді. Қояндар үшін ең тиімді дақыл - сұлы. Қояндардың күндізгі азық рационына минералды азықтар (0, 5 - 1, 5 г тұз, 1 - 2 г бор, 0, 4 - 1, 6 г фосфор) қосылады. Қыс. та және көктемде витаминдер беріледі. Күніне екі рет таза су беріледі, оның температурасы жазда 18 - 20°С, ал қыста 30 - 35°С болуы керек. Қоян өсіретін фермаларда ауру қояндарды оқшаулап ұстайтын бөлмелер болады. Қазіргі уақытта қоян өсірумен көбіне жеке шаруа қожалықтары айналысады. Қазақстанда шаруашылықтың барлық түрлерінде 105, 2 мың қоян өсіріледі

3. НАРЫҚ ПЕН БАСЕКЕЛЕСТЕРДІ ТАЛДАУ.

Жалпы қоян шаруашылығы елімізде енді дамып көркейіп келе жатқан шаруашылықтың түрі болып табылады. Бұл шаруашылық негізі Еуропада және Америка да өте жақсы дамығын шаруашылықтың түрі. Сондықтан мен бұл бизнесті бастап елімізде бұл шаруашылық түрін дамытқым келеді. Өзім тұрып жатқан БҚО облысы Орал қаласының шет жағында қоян фермасын ашатын жерді таптым. Жалпы нарықта қоян етіне деген сұраныс бар. Сондықтан қоян етін өңдіріп шет елдерге экспорттап және Қазақстанды қамтамсыз ететін шаруашылық ашқым келеді. Елімізде қоян етіне деген сұраныс артып келеді. Мысалы Ақмола облысындағы қоян шаруашылығымен айналысатын шаруашылық жетекшісінің айтуынша: «Ірі қара етімен салыстырғанда қоян етіннің бағасы қымбаттау болғанымен жеңсік ас. Сондықтан, қоян етіне сұраныс артып келеді, тұрақты тұтынушыларымыздың арасында Астана қаласындағы бірқатар мейрамханалар мен дәмханалар, сауда орындары және дүкендері бар. Өткен жылы барлығы 4 тоннадан астам қоян етін өндірдік.

Ресей нарығында қоян мен қоян етінің отандық өнімдерінің үлесі қазіргі уақытта шамамен 72% құрайды (шағын фермаларда және жеке қосалқы шаруашылықтарда өндірілетін өнімдерді ескере отырып) және күткендей, орта мерзімді перспективада ол импортты алмастыру бағдарламасын дамыту аясында өседі, іске қосылады. Инвестициялық жобалар, сондай-ақ қоян мен қоян етін өндірушілерді қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалар мен гранттар.

Қоян және қоян етінің ірі өндірушілерінің ішінде қазіргі уақытта KROL и K (Смоленск облысы), Ковровский қоян ЖШС (Владимир облысы), Татарстан Республикасындағы асыл тұқымды қоян фабрикасы, ЖШҚ, SVK Agro шаруа қожалығы (СВК Агро) Брянск облысы), Ресейлік «Раббит» ЖШҚ (Кострома обл. ), Рощинский агроөнеркәсіптік кешені (Тюмень облысы), «Рабит» ЖШҚ (Свердловск облысы), «Полюс» ЖШҚ (Черкесск) .

1-график. Ресейдегі қоян етіне деген сұрныс

Ресейдегі қоян етіне деген сұраныс:

2013-2017 жылдардағы қоян мен қоян етінің нарығының динамикасы мен құрылымы (O) және 2025 жылға дейінгі болжам, мың тонна

2014 жылдан бастап ресейлік ет өндірісі және қоян мен қояндарды өндіру көлемінің тұрақты өсу үрдісі байқалады. Негізгі себептер импорттың төмендеуі болды, бұл отандық тауар өндірушілерге ішкі нарықтағы қатысуын кеңейтуге мүмкіндік берді және ресейлік тұтынушылардың қоян етіне деген қызығушылығы біртіндеп артып келеді. 2016 жылы Ресей Федерациясындағы өндіріс көлемі (жеке шаруа қожалықтары мен шағын фермалардағы ет өндірісі, олар Ресейлік қоян етінің жалпы өндірісінің шамамен 70% құрайды) 4, 0 мың тоннаны құрады, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 82% -ға көп жылы; 2017 жылдың алдын-ала нәтижелері бойынша өндіріс 4, 2 мың тоннаға дейін артады.

Таяу жылдары қоян мен қоян етін тұтынудың жылына орта есеппен 1-2% -ға артуы күтілуде, бұл тұрғындар арасында қоян етін тұтынуды одан әрі кеңейту есебінен өнімге сұраныстың артуымен қамтамасыз етіледі. Күтілгендей, сұраныстың өсуіне отандық өндірісті одан әрі дамыту қолдау көрсетілетін болады, өйткені қоян мен қоян етінің нарығында импортты алмастырудың айтарлықтай мүмкіндігі бар.

Қазақстанадағы қоян шаруашылықтары немесе бәсекелестер.

Қазақстандағы қоян өсіретін шаруашылықтар:

1-кесте. Еліміздегі қоян шаруалықтарының саны

Барлығы43:

Барлығы43

Барлығы43:

Алматы облысы

18
Барлығы43:

Қапшағай қ.

2
Барлығы43:

Талдықорған қ.

8
Барлығы43:

Ескелді ауданы

2
Барлығы43:

Қаратал ауданы

4
Барлығы43:

Райымбек ауданы

2
Барлығы43:

Жамбыл облысы

1
Барлығы43:

Тараз қ.

1
Барлығы43:

Қостанай облысы

1
Барлығы43:

Әулиекөл ауданы

1
Барлығы43:

Оңтүстік Қазақстан облысы

23
Барлығы43:

Бәйдібек ауданы

5
Барлығы43:

Сарыағаш ауданы

3
Барлығы43:

Созақ ауданы

7
Барлығы43:

Шардара ауданы

8

Ең үлкен шаруашылық Ақмола облысында орналасқан. Қоян өсірумен айналысатын «Астана МИАКРО» асыл тұқымды шаруашылық» ЖШС-і 2012 жылы құрылған болатын. Алғашында Ресейдің Новосібір қаласынан және Оңтүстік Қазақстан облысынан 70 аналық және 10 аталық қоян сатып әкелінген. Серіктестік басшыларының айтуынша, мұндай жаңа жоба нарықтағы сұраныс жан-жақты ескеріліп, зерттелген соң ғана қолға алынған көрінеді.

Қазақстанда қоян шаруашылымен айналастын фермалар өте коп емес. Батыс Қазақстан облысында 1-2 ферма бар, соның бірі Круглоозерный ауылында орналасқан. Ал Алматыты мен Шығыс Қазақстан облыстарында жақсы дамыған және сол облыстарда қоян етіне деген сұраныс жоғары.

2-график. Еліміздегі қоян етінің сұранысы

4. МАРКЕТИНГТІК ЖОСПАР

Қазіргі кезде қоян шаруашылығы өзіміздің облысымызда дұрыс дамымаған. Қаламызда жалпы 1-2 қоян өсірумен айналысатын шаруашылық бар екенін айтып өттік. Яғни қоян етіне деген сұранысты арттыру үшін оны жарнамалау арқылы, халыққа таныту керек. Базарлардағы және улкен супермаркеттерге ұсыну арқылы сұранысты арттыру қажет. Қоян етін қолданатын клиенттік аудиторияны анықтадық. Яғни 35-40 жастағы адамдар аудиториясы болып табылады. Ол кісілерге жарнамалау үшін газет, радио және баннерлерді супермаркеттерге ілу арқылы ұсынар едім. Ал, көп көлемде қоян етін өткізу үшін қоян етінен үй жануарларына арналған тамақ жасайтын <Wiscas> секілді компанияларға өткізуді көздеп отырмын.

Тауарды баяндау . Жарнамаларда қоян етінің пайдасын айқын жазып көрсету қажет. Қоян еті аллергиямен ауыратын адамдар үшін пайдалы, сол сияқты қоян етінің пайдасы көрсету арқылы алушыларды қызықтыру қажет.

Баға тағайындау . Жалпы қазіргі кезде нарықтағы таза қоян етінің салмағы 2000-2500 тг құрайды. Бастапқы кезде көп көлемде ет сату үшін 1кг етті 1500тг сатуды көздеп отырмын.

Үлкен сауда орындарына қоян етін ұшасын, арнайы ферманың атымен мекенжайы және байланыс телефондары жазылған қаппен қаптап өткіземіз. Ол қапта қоян етінің құрамы салмағы жазылып тұрады.

  • Сапалы қоян еті
  • Төмен баға
  • Тегін жеткізу

SWOT- талдау нарыққа шығуға тұрарлық па, нарықта еркін нарықтық қуыс бар ма деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді талдау барысында алынған деректер компанияның стратегиялық дамуы, мақсатты саясаты, ұсынылатын қызметтердің тізбесі бойынша қорытынды жасауға мүмкіндік береді, сондай-ақ ашу кезіндегі кәсіпорынның орналасқан жерін таңдауға көмектеседі. Сондай-ақ бұл талдау кәсіпорынның күшті және әлсіз жақтарын, сыртқы ортаның шектеулерін және мүмкіндіктерін анықтауға және өзара байланыстыруға көмектеседі

2-кесте. SWOT-талдау

Күшті жақтары жақтары
Әлсіз жақтары
Күшті жақтары жақтары: Бәсекелестер жоқтың қасы
Әлсіз жақтары: Сұраныс БҚО әлсіз
Күшті жақтары жақтары: Аз уақытта қоян басының тез көбеюі
Әлсіз жақтары: Тері өткізетін цехтар жоқтың қасы
Күшті жақтары жақтары: Басқа етке қараған да қоян еті өте пайдалы
Әлсіз жақтары: Қоян етінің басқа мал еттеріне қарағанда пайдалы екенін халық білмейді
Күшті жақтары жақтары: Мүмкіндіктер
Әлсіз жақтары: Қауіптер
Күшті жақтары жақтары: Қоян терісін, жүнің өңдейтін цех ашу
Әлсіз жақтары: Сатылмның болмай қалуы
Күшті жақтары жақтары: Қоян етінен үй жануарларына арналған өнім өңдіру
Әлсіз жақтары: Ауру шығуы
Күшті жақтары жақтары: Немесе қоян етің көп мөлшерде қолданатын өңдіріспен келісім шартқа отыру
Әлсіз жақтары: Цикл уақытының созылып кетуі

5. ӨНДІРІСТІК ЖОСПАР

Ет және тері үшін өсірілетін тұқымдары жылына 4 рет көжектейді, әр ретте орта есеппен 5 көжек табады. Көжектері тез жетілгіш 65 -70 күнде шағылыстыруға, 100-135 күнде союға жарайды (2-2, 5), яғни әр ұрғашы қояннан 20 көжек өсіріп, олардан 40-50 кг ет, 20 тері өндеуге болады. Әрекетті ұйымдастыру үшін 50 кіші ферма қажет, олардың құны 40 000 тенге әрқайсысы. Осы кіші фермалар үшін 120 ұрғашы және 20 еркек қоян қажет. Кіші фермалар ашық аспанда орналасады. Кіші фермаларды орналастыру үшін бетонмен жабылған жер керек, себебі жердің ағаш едендері шіріп, астында лай жабысады.

Орындар мен жерді жалға алу. Бір кіші ферма 6 м2 ауданды алатын болса, онда барлық кіші фермаларды орналастыру үшін 300 м2 жер ауданы керек.

Қояндарды сатып алу шығындары. Әдеттегідей ұрғашы мен еркек қояндар керек. «Ақ алып» тұқымы атақты, себебі оның салмағы жоғары.

Соны біз өсіреміз. Бір ұрғашы қоянның құны 5000 тенге. Бізге қажет:

150 бас * 5000 тенге = 750 000 тенге

Бір ерекетің құны 3000 тенгені құрайды.

120 қоян ұрғашысы үшін 20 еркек қоян жеткілікті.

Олардың құны: 20 бас * 3000 тенге = 60 000 тенге.

Жалпы қоян сатып алуга: 810 000 тенге қажет

Өндірістік циклдың жалпы сипаттамасы.

Өндірістік цикл 122 күнді немесе 4 айды құрайды. Осы уақытта балапаны 4, 5 кг тірі салмаққа жетеді, соның ішінде 2, 4-2, 5 кг таза ет. Осыдан кейін өнімді сою және өткізу басталады. Бір жылда 3 өндірістік цикл бар, оның ішінде ұрғашы қоян 24 қоянды шығарады.

Кәсіпорынның жоспарлы өнімділігі -жылына 2880 бас . Айналым қорларын талдау. Айналым қорларына келетін болсақ, оларға өнімнің қорытынды шығуына қажетті материалдар жатады. Осы кәсіпорында айналмалы қорларға қоянға арналған жемдер жатады. Қояндар тек шөп пен құрама азықпен қоректенеді. Бір қоянға 14 кг құрама жем мен 7 кг шөп бір циклға (122 күн) қажет.

3-кесте. Өнімнің көрсеткіштері

Көрсеткіштер
1-жыл
2-жыл
Көрсеткіштер: 6-айдағы өнім саны, кг
1-жыл: 1720
2-жыл: 5160
Көрсеткіштер: Бір жылдағы өндірілетін өнім саны, кг
1-жыл: 3450
2-жыл: 6880
Көрсеткіштер: Өнім бірлігінің бағасы, тенге
1-жыл: 1500
2-жыл: 1500
Көрсеткіштер: 6-айдағы сатудан тускен түсім, мың тг
1-жыл: 2 580
2-жыл: 7 740
Көрсеткіштер: Бір жылдағы сатудан түскен түсім, мың тг
1-жыл: 5 175
2-жыл: 10 320

Жобаның технологиялық жоспары

Әртүрлі мұздатқыш камералары және қоймаларының типтері үшін сақтау, салқындату және өнімді қатыру үшін арналған, кең диапазонды және жинақты Copeland компрессор базасында мұздатқыш қондырғысын орнату. Мұздатқыш камерасы «сэндвич-панелей» жинастырылатын, жинақталатын - бұзылатын құрастырылымды ұсынады. Камера төбелік, сөрелік, қабырғалық төсемдерден, есік жақтауынан және бұрыштық тіректерден тұрады, Төсемдер құйылған жылу өткізбейтін (көбікполиуретаннан) қабаттан тұрады. Ол екі жағынан да металл төсемімен қапталған. Қабырғалық және төбелік панел дері өндірісінде ыстықтай құйылған, полимермен қапталған қалыңдығы 0, 5 мм болат орамдарықолданылады. Еден панел дері үшін ыстықтай құйылған қалыңдығы 1, 2 мм болат орамдары қолданылады. Болған металл қорғаныш қалыңдығы 70 мкм полт тиленді қабатпен қапталған.

Жалпы жобаға қасапханаға арналған жабдықтар керек. Себебі цикіл аяқталған кезде қоян сою кезеңі басталады. Сойылған етті тасымалданбас бұрын мұздатқыштарда қатырып сақтауға мүмкін болады. Вакцина жылыны бір рет егілсе болады. Себебі үй жануарларының ішінде қоян аурумен өте сирек ауырады.

Жоба үшін қажетті жабдықтар тізімі (инвестициялар),

4-кесте. Жабдықтар тізімі

Атауы
Саны, дана
Бағасы, тг
Сомасы, тг
Атауы: Қоянға арналған торлар
Саны, дана: 140
Бағасы, тг: 1000
Сомасы, тг: 140 000
Атауы: Азықтандырғыш
Саны, дана: 140
Бағасы, тг: 500
Сомасы, тг: 70 000
Атауы: Вакцина
Саны, дана: 140
Бағасы, тг: 300
Сомасы, тг: 42 000
Атауы: CopelandКомпрессор базасындағы мұздатқыш
Саны, дана: 1
Бағасы, тг: 150 000
Сомасы, тг: 150 000
Атауы: Қасапханаға арналған жабдықтар жиыны
Саны, дана: 1
Бағасы, тг: 15 000
Сомасы, тг: 15 000
Атауы: Қораға арналған жабдықтар
Саны, дана: 1
Бағасы, тг: 5 000
Сомасы, тг: 5 000
Атауы: Барлығы
Саны, дана:
Бағасы, тг:
Сомасы, тг: 422 000

1-сурет. Қоян ұстауға арналған тор

2-сурет. Қоян етін сақтауға арналған мұздатқыш

5-кесте . Бір қоянды ұстауға кететін шығындар

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоян өсіру, қоян шаруашылығы мал шаруашылығының бір саласы
Қазақстанның терісі қымбат және кәсіптік аңшылықтың аңдары. Тиімді пайдалану және қорғау
Үдемелі өсіру технологиясы бойынша әр түрлі қоян тұқымдарының өнімділігі
Қоян үшін жасалатын үйшіктер
Қоян шаруашылығын дамыту
Сойыс малдарының қоңдылығын анықтау
ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА АУЫЛШАРУАШЫЛДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ АРҚЫЛЫ ЕҢБЕК СҮЙГІШТІК ҚАБІЛЕТТЕРІН АРТТЫРУ
Көжек азықтандыру нормасы
Үлбір және үлбір шикізаттарын консервілеу әдістері
Қоян өсіруге арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық- санитариялық гигиеналық талаптар, қояндарды күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz