Информатиканы оқытуды ұйымдастыру


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 5

1. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУДЫҢ ФОРМАЛАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ

1. 1. Қазіргі оқытуды ұйымдастырудың формалары, олардын әртүрлілігі мен

дамуы . . . 7

1. 1. 1 Оқытуды ұйымдастыру формалары . . . 7

1. 1. 2 Сабақтың құрылымы . . . 10

1. 2. Оқыту үрдісінде қолданылатын әдістер . . . 15

1. 2. 1 Оқытудағы инновациялық әдістер . . . 16

1. 3 Педагогикалық технологиялардың жіктелуі . . . 19

2. ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

2. 1. Информатика пәнінің әдістемесі мен оқыту технологиясы . . . 21

2. 2. Информатиканы оқыту формалары мен әдістері . . . 24

2. 2. 1 Информатиканы оқыту әдістері . . . 28

2. 3. Информатика пәні бойынша үй жұмысы . . . 30

2. 3. 1. Үй жұмысын ұйымдастыру әдістемесі . . . 32

2. 4. Информатиканың заманауи сабағы . . . 35

2. 4. 1. Информатика сабағының құрылымы . . . 37

2. 4. 2. Информатикадан заманауи сабақтардың формалары мен

құрылымдары . . . 38

  1. Сабақтың үшбірлік мақсаты . . . 42
  2. Сабаққа қойылатын талаптар . . . 43

2. 5. Танымдық ойындар түрінде өткізілген сабақтар үлгісі . . . 46

3. ҚОРЫТЫНДЫ . . . 78

4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 79

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы 2015 жылғы дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында нәтижеге бағытталған білімге тек мұғалімнің кәсіби біліктілігі арқылы жетуге болатындығы айрықша сөз етілген. Яғни өмірге жаңа тұрпатты педагог керек. Ал бүгінгі жаңа формациядағы педагог ізденімпаз, өзіне-өзі талап қоя білетін, кәсіби-құзырлылық және шеберлік деңгейі жоғары, рухы биік, даралық сапалары жетілген, шығар тауы биік маман болу қажет. Бүгінгі педагог білім мен ақпаратты тасымалдаушы ғана емес, ол Тәуелсіз Қазақстанның білім жүйесін әлемдік деңгейге бағыттау мақсаты туындап жатқан қазіргі таңда педагогтік мамандыққа қойылатын талаптарға жауап бере алатын, білім мен іс-әрекетін ұйымдастыру іскерлігінің жоғары деңгейіне ие маман болуы тиіс. Сондықтан да 12 жылдық мектеп мұғалімдерінің алдында күрделі міндеттер тұр.

Бүгінде жаһандану заманында жас ұрпаққа әлемдік стандартқа сәйкес білім беру мәселесі республикамызда ғылыми-педагогикалық тұрғыда ізденіспен әлемдік жинақталған тәжірибеге, отандық қол жеткен табыстарды саралай отырып, ұлттық ерекшеліктерді ескере, оқыту мен тәрбелеуді жаңаша ұйымдастыруымен көкейкесті мәселе болып отыр.

Қазіргі орта мектеп орынында оқытудың белгілі бір әдістемелік дәстүрлері қалыптасуына қарамастан, оқытудың жаңаша әдістері мен формаларын іздестіру, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту жолдарын, коммуникативтік қабілетін, адамдарды басқара білу қабілетін дамыту жолдарын іздестіру әрекеттері жүріп жатыр. Атап айтқанда, іргелі пәндерді оқыту мәселесіне жаңаша әдістер керек, өйткені, бүгінгі әлемдік өндірістік технология барысында ғылыми жетістіктерді пайдалануда.

Жаңа 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге байланысты «Информатика» пәнін оқытудың әдістемелік жүйесі қайта қарастырылуда. Соңғы он шақты жыл ішінде информатика негіздері мен есептеу техникасы, программалау курстарын оқу процесіне енгізудің алғашқы қадамдарынан бастап оқытуды ұйымдастырудың әр түрлі мәселелеріне дейін шешілуде, оларға байланысты ғылыми-әдістемелік тұжырымдар жасалуда.

Сондықтан бұл проблеманы шешу мәселесі ұсынылып отырған « 12 жылдық мектеп жағдайында информатиканы оқытуды ұйымдастырудың формалары» атты дипломдық жұмыстың өзекті мәселесі болып отыр.

Зерттеу нысаны - жалпы білім беретін мектептегі және 12 жылдық білім беруге көшу жағдайында пәндерді оқыту үрдісінің әдістемесі.

Пәндік зерттеу - Информатика пәнін оқытуды ұйымдастыру формаларын қалыптастыру проблемалары.

Зерттеу мақсаты - информатиканы оқытуды ұйымдастыру әдістері мен формаларының педагогикалық негіздемесін жасап, оларды оқу үдерісінде қолдану жолдарын ұсыну, осы мәселелерді шешу бойынша электрондық әдістемелік нұсқауды жобалау және құру.

Зерттеу міндеттері:

  • Жалпы білім беретін орта мектепте информатиканы оқытудың әдістемелік жүйесін қалыптастыру принциптерін зерттеп, анықтау;

- информатиканы қосымша оқытудың мақсаттары мен міндеттерін анықтау;

- информатикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру мазмұны мен құрылымын анықтау;

  • 12 жылдық білім беруге көшуде информатика пәні бойынша оқушылардың сыныптан тыс жұмыстарын ұйымдастыру формаларын анықтап, оларды өткізудің әдістемелік жолдарын көрсете отырып, пән мұғалімдері мен мамандық бойынша оқитын жоғарғы курс білімгерлеріне арналған әдістемелік электрондық құралын жобалау және құру.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, суреттер және кестелермен қамтылған екі бөлімнен, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

1. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУДЫҢ ФОРМАЛАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ

1. 1. Қазіргі оқытуды ұйымдастырудың формалары, олардын әртүрлілігі мен дамуы

Білім берудің теориясы мен практикасында көптеген формалар жинакталган. Форма (латын сөзі «Ғогmа» - сыртқы бейнесі, сыртқы көрінісі дегенді береді) - бұл белгілі бір мазмұнның сыртқы бейнеленуі. Ежелгі заманда педагог бір білім алушымен жеке айналыскан, сондықтан оқытуды жеке ұйымдастыру - ең ежелгі форма болып та- былады.

Қогам қажеттіліктерінің өзгеруіне байланысты жекелей-топтық формасы пайда болды. Жекелей-топтық форманың дамуының көрінісі ретінде сынып-сабақ жүйесі енгізілді.

Дальтон-план формасы АҚШ-та кең таралып, сабақтар кітапханада жекеше арнайы тапсырмалар аркылы жүргізілді.

Сабақты ұйымдастырудың Бригадалық-зертханалық әдісінде білім алушылар бригадаларға немесе топтарға бөлініп, педагог берген тапсырмалармен бірігіп жұмыс жасады. Педагог алдымен, кіріспе сабақ өткізіп, содан соң бригадалар өз бетімен шұғылданады. Тапсырмаларды орындау барысында білім алушыларға кеңес алуға болады.

Жобалау әдісі - білім алушылар педагогтің басқаруымен белгілі бір жоба тақырыбын таңдап, осы жобаның айналасында танымдық кызметті жүзеге асырады.

Жоғарыда келтірілген әдістердің барлығының кемшіліктері де бар, сондыктан олар үнемі әрі карай жетілдіріліп дамытылмады.

Трамп жоспары - бұл оқытуды ұйымдастырудың үш формасын: жеке, топтық жэне бұкаралыкты біріктіреді. Бұл форма негізінен жеке мектептерде кең қолданылады. Кеңестік мектептерде негізінен сынып-сабақ формасы кен таралған болатын [1] .

  1. Оқытуды ұйымдастыру формалары

Оқытуды ұйымдастырудың формалары - белгілі бір тәртіпте және мезгілде жүзеге асырылатын оқытушы мен білім алушылардын бірлескен іс-әрекетінің сыртқы көрінісі. Олар әлеуметтік тұрғыда шартты, дидактикалық жүйелердің дамуымен байланысты пайда болып жетілдіріліп отырылады.

Оқытудың ұйымдастыру формалары әртүрлі өлшемдер бойынша жіктеледі:

  • білім алушылардың санына қарай: бұкаралық, ұжымдық, топтық, шағын топтық, жеке;
  • оқу орнына қарай: аудиторияда жэне аудиториядан тыс формалар;
  • колледждегі, ЖОО-ғы оқыту формалары: дәріс, семинар, практикалык және зертханалық сабақтар, СОӨЖ, СӨЖ, т. б. жұмыс;
  • оқыту уақытының ұзақтығына қарай: кредиттік жүйеде (50 минут), сызыктық жүйеде қосарланған сабақ (80-90 минут), әр түрлі ұзақтықтағы сабақтар.

Білім берудің даму тарихында әртүрлі оқыту жүйесінде оқыту фармасының біреуі басымдықта қолданылды: жекелік-топтық (орта ғасыр мектептерінде), өзара оқыту (Англиядағы бёлланкастер жүйесі), білім алушылардың қабілетіне қарай саралап оқыту (мангеймдік жүйе), бригадалық оқыту (кеңес мектебінің 20 жылдары), американдык «Трамп жоспары», онда уақыттын 40% - үлкен топтарда (100-150 адам), 20% - кіші топтарда жэне 40% - жеке оқуға бөлінді.

Дүниежүзінде ең көп тараған оқытудың сынып-сабақ жуйесі болды. Ол XVII ғасырда пайда болып, міне, үш ғасырдан астам уакыт бойы дамып келеді. Оның сұлбасын неміс педагогы И. Штурм (1537- 1582) жасады ал, Я. А. Коменский (1592-1670) оның теориялық негізін салып, практикада жүзеге асырды.

Оқытудың сынып-сабақ формасының ерекшеліктері: шамамен бір жастағы және даярлык деңгейі бірдей білім алушылардын тұракты кұрамы; әрбір сынып өзінің жылдык жоспарына сәйкес жұмыс істейді (оқытуды жоспарлау) ; оқыту үрдісі жекеленген өзара байланысты, бірінен кейін бірі жүретін бөліктер (сабақтар) түрінде жүзеге асырылады; әрбір сабақ тек бір пәнге арналады (монизм) ; сабақтардың тұракты түрде ауысып отыруы (сабақ кестесі) ; педагогтің жетекші рөлі (педагогикалық басқару) ; білім алушылардың танымдык іс-әрекетінде әрқилы түрлерді және формаларды колданады (іс-әрекеттің вариативтілігі) .

Оқытуды ұйымдастырудың сынып-сабақ жуйесінің негізгі компоненті - сабақ болып табылады. Сабақ - бұл аяқталған мәндік-уақыттық және ұйымдастырушылық қатынастағы оқыту үрдісінің кесіндісі (кезеңі, буыны, элементі) .

Қазіргі сабаққа қойылатын жалпы талаптар:

  • ғылымның жаңа жетістіктерін, педагогикалық практиканың озат тәжірибесін пайдалану, сабақты оқу-тәрбие үрдісінің заңдылықтарының негізінде кұру;
  • сабақта барлық дидактикалық принциптерді және ережелерді тиімді арақатынаста жүзеге асыру;
  • білім алушылардың қызығушылықтарын, ынталарын және сұраныстарын ескере отырып, өнімді танымдық іс-әрекетке кажетті жағдайды қамтамасыз ету;
  • білім алушылар ұғынатын пәнаралық байланысты орнату;
  • бұрыннан оқылған білімдермен және іскерліктермен байланыс, білім алушылардың даму деңгейіне сүйену;
  • тұлғаның барлык аясын дамытуды өзектендіру және белсендету;
  • оқыту-тәрбиелеу іс-әрекетінің барлық кезеңдерінің логикалық байланысы және эмоционалдылығы;
  • педагогикалық құралдарды тиімді пайдалану; өмірмен, өндірістік іс-әрекетпен, білім алушының жеке тәжірибесімен байланыс;
  • практикаға кажетті білімдерді, іскерліктерді, дағдыларды, ойлауды және іс-әрекеттің тиімді тәсілдерін қалыптастыру;
  • оқи білу іскерлігін, тұрақты түрде білім көлемін толтыруға деген сұранысын калыптастыру;
  • әрбір сабақты тиянақты диагностикалау, болжау, жобалаушы және жоспарлау.

Қазіргі сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар:

әрбір сабақтың білім беру мақсатын дәл аныктау;

  • сабақтың ақпараттылығын реттеу, әлеуметтік және жекелік сұраныстарды ескере отырып, тиімді мазмұнды тандау;

танымдык іс-әрекеттің жаңа технологияларын енгізу; оқытудың әркилы түрлерін, формалары мен әдістерін тиімді ұштастыру;

сабақтың құрылымын калыптастырудағы шығармашылық ыңғай;

білім алушылардың әртүрлі ұжымдык іс-әрекетінің формаларын дербес іс-әрекетімен ұштастыру;

жедел кері байланысты, әрекетті кадағалауды және басқаруды камтамасыз ету;

  • сабақты өткізудегі ғылыми есеп және шеберлік.

Сабаққа қойылатын тәрбиелеушиік талаптар :

сабақтағы іс-әрекеттің, оқу материалының тәрбиелеушілік мүмкіншіліктерін анықтау;

  • оқу жұмысының мақсаты мен мазмұнынан ғана шығатын тәрбиелік міндеттерді қою;
  • білім алушыларды жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу, ұкыптылықты, жауапкершілікті, зейінділікті, ұжымшылдықты, т. б. қалыптастыру;
  • білім алушыларға зейінді және сезімталдық қатынас, олармен ынтымақтастыққа жұмыс істеу;

Сабаққа қойылатын дамытушылық талаптар :

  • оқу-танымдық іс-әрекеттің оң мотивін, қызығушылықты, шығармашылық бастамашылықты және белсенділікті калыптастыру;
  • білім алушылардың даму деңгейін және психологиялық ерекшеліктерін зерттеу және есепке алу;
  • сабақтарды «озу» деңгейінде жүргізу;
  • білім алушылардың интеллектуалдық, эмоционалдык, элеуметтік дамуындағы «секірістерді» болжау;

Осы талаптардан баска сабаққа: ұйымдастырушылық, психологиялық, басқарушылық, санитарлық-гигиеналык, этикалык т. б. талаптар қойылады.

Сабақты жіктеудің негізіне оқу мақсаты, оны өткізудің әдісі немесе оқыту үрдісінің кұрамдас буындары жатады. Осыған қарай сабақтың әртүрлі типтері ажыратылады.

Танымдық іс-әрекеттің кезеңдеріне қарай сабақтың типтері:

  • кіріспе сабақтар;
  • материалмен бастапкы таныстыру сабақтары;
  • ұғымдарды қалыптастыру, заңдарды орнату сабақтары;
  • алған білімді практикада қолдану сабақтары; дағдылар сабағы;
  • жалпылау және қорытындылау сабақтары;
  • бакылау сабақтары;
  • аралас сабақ.

Оку орыны тәжірибесінде бір типті сабақтар болмайды. Сондықтан оқыту жұмысын жүйелі әрі нәтижелі жүргізу үшін, оны топтастырудын мәні орасан зор.

Оқыту әдістеріне қарай сабақтың типтері:

  • сабақ-әңгіме;
  • сабақ-дәріс;
  • кино сабағы;
  • зертханалық сабақ;
  • әртүрлі іс-әрекет сабағы.

Дидактикада сабақты жіктеуді анықтауға айрықша маңыз беріледі. Сол себептен әрбір педагог сабақтың жіктелуін ойдағыдай білуі шарт.

Дидактикалық міндеттерге қарай сабақтың типтері :

  • білім алушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы;
  • іскерлікті және дағдыны қалыптастыру сабағы;
  • білімді жалпылау және жүйелеу сабағы;
  • қайталау, бекіту немесе білімді, іскерлікті, дағдыны кешенді колдану сабағы;
  • бақылау-тексеру сабағы;
  • аралас сабақ.

1. 1. 2 Сабақтың құрылымы

Сабақтың қүрылымы - оқу міндеттерін орындауға септігін тигізетін сабақтың бөліктерінің, кезеңдерінің өткізілуінін аракатынасы және бірізділігі. Оқу сабағынын типіне қарай онын белгілі бір кұрылымы жасақталады.

Сабақтың негізгі элементтері:

Сабақтың басталуын ұйымдастыру бір минуттан бірне- ше минутка созылады және онын дербес бөлігі ретінде өткізіледі. Сабақтын басында іскер және дұрыс талап кою бүкіл сабақтың сәтті өтуіне сегітігін тигізеді. ¥йымдастырушылық бөлімінде: педагогтың сабаққа кіруі, өзіне деген сенімі, сөйлеуі, өзін ұстау калпы, талаптарды орынды коюы және білім алушыларға деген шынайы ыкыласы, сыйластығы маңызды.

Оқыған материалдың меңгеруін тексеру (әдетте, үй тапсырмасы), оның мәнін тексеру және кадағалау, сонымен бірге жаңа материалды меңгеруге даярлау болып табылады. Педагог білім алушылардың зейінін үй тапсырмасын орындауға негіз болған басты идеяларға, ережелерге, т. б. аударады. Үй тапсырмасын бәрі орындаған, орындамағанын аныктайды, кандай киыншылықтар кез- дескенін біледі.

Сабақтың мақсаттарын және міндеттерін қою. Сабақтың нақты міндеттерін және оны жүзеге асырудың жолдарын үғыну педагог пен білім алушылардың іс-әрекетін анықтығын, жүйелілігін және бірізділігін қамтамасыз етеді. Максат пен міндеттерді кою әдетте, көп уақыт алмайды, бірақ ол оқу іс-әрекетіне бағытталғандық береді және үлкен тәрбиелік әсері болады.

Түсіндіру - оқу материалының мазмұнын ғылыми баяндау. Білім алушыларға жаңа материал түсінікті болу үшін педағог ғылыми дәлелдерді, білім алушыларда бар білімге сүйенуді, анык жэне түсінікті баяндауды жүзеге асыруы керек.

Бекіту жаңа материалды түсіндіріп болғаннан кейін жаттығулардың, дербес жұмыстардың, арнайы тапсырмалардың жүйесі арқылы окылған материалдың бастысына, сүйенетін идеясына білім алушылардың назарын аудартады, теориялық қағидаларды оку іс-әрекетінің практикасымен байланыстырады. Бекіту аркылы педагог білім алушылардың материалды меңгергені туралы акпарат алады.

Қайталау . Оку материалын тақырып, бөлімдер, курс бойынша жүйелеу, жалпылау, қайта айту. Мұнда оқу материалындағы күрделісі негізгі идеяларды бөліп шығару және жаттығулар мен тапсырмаларды таңдау болады.

Сабақтың нәтижесін шығару, қорытындылау . Сабақтың өтілу барысына, білім алушылардың жұмысына қысқаша баға беру, окығанның басты идеясын еске салу.

Үй тапсырмасы. Педагог үй тапсырмасын хабарлайды, кыскаша орындалу жолын түсіндіреді. Үй тапсырмасын орындау туралы нұскау анық, қыска, бірізділікпен берілуі қажет.

Оку міндетіне және мазмұнына карай сабақтың бөліктерінін аракатынасы ауысып отырады. Сабақтардың әртүрлі типтерінің кұрылуында ерекшеліктер пайда болады [2] . .

Жаңа білімді меңгеру сабақтарының құрылымы: сабақтың басталуын ұйымдастыру; сабақтың максаттары және міндеттері; жаңаны түсіндіруге даярлык жүмыс (үй тапсырмасын тексеру, бұрыннан окыганды кайтадан айту, т. б. ) ; түсіндіру; сабақты корытындылау және үй тапсырмасы элементтерінен тұрады. Басты бөлімі - түсіндіру, бекіту косымша роль аткарады және диагностикалык мақсатты жүзеге асырады. Педагог білім алушылардың жаңа білімді калай меңгергендігі туралы ақпарат алады.

Бекіту сабағының құрылымы: сабақтың бастауын Ұйымдастыру:сабақтың мақсатын және міндеттерін қою; бекіту корытындылау және үй тапсырмасы. Сабақтың басында әрбір білім алушының жұмыска даярлығын тексеру керек. Мақсатты кою барысында педагог негізгі кағидалар мен ережелерді еске салады, себебі олар практикалык оқу іс-әрекетіне негіз болады. Үй тапсырмасын тексеруді бекіту- мен байланыстырған дұрыс. Сабақтың негізгі бөлімі - практикалык тапсырмалар, проблемалық жағдаяттар мен сұрақтарды шешу, жаттығуларды орындау, дербес жұмыстар. Жаттығуларды дұрыс таңдау үлкен роль атқарады, олардың қиындығы бағдарламаның, стандарттың талабына сай болғаны абзал.

Жалпылау немесе қайталау сабагының құрылымы: сабақтың басталуын ұйымдастыру; сабақтың мақсатын және міндетін кою; оқу материалын жалпылау және жүйелеу; сабақтың корытындысы және үйге тапсырма.

Бұл сабақтың ерекшелігі және күрделілігі мынада: оку материалының шеңберін дәл аныктау, негізгі ұғымды, ережені, идеяны шебер бөлу, сәйкесті жаттығуларды таңдау. Қайталауда сабақтың тәрбиелеушілік жағына үлкен мэн беріледі. Мұнда оқу материалы көп дәрежеде қызықты фактілермен, оқиғалармен, сезімдермен тығыз байланысты. Бұл сабақтың ерекшелігі педагог аз түсіндіреді де, көбіне, білім алушылардың танымдык іс-әрекетін баскарады.

Аралас сабақтың құрылымы: сабақтың басталуын ұйымдастыру; үй тапсырмасын тексеру; сабақтын мақсатын және міндеттерін кою; жаңа материалды түсіндіру, бекіту, қайталау. сабақты корытындылау және үй тапсырмасын беру. Сабақтың бүл типі бүкіл элементтердің комбинациясын кұрайды. Әрбір бөлімі баскалардын арасында тең бағалы мәні бар. Сабақтың осы типі бастауыш мектепте жиі колданылады.

Қадағалау сабағының құрылымы: тексерудін мақсатын түсіндіру және жұмысты ұйымдастырудың нүскауын беру: бакылау тапсырмасының мазмұнымен және оны орындаудың тәсілімен таныстыру; білім алушылардың дербес жұмысы; сабақтың нәтижесін бастапкы корытындылау. Сабақтың басы нүскаудан және білім алушылардың жұмыска даярлығын тексеруден басталады. Бірден бакылау жұмысының сипатын айтып, кандай білімдер, кандай такырыптар тексерілетіні хабарланады. Педагог білім алушыларга ойлау іс-әрекетінің: теориялык талдауды қалай колдануға болатындығын, теорияны практикалық жұмыспен байланыстыруды, өзін-өзі кадағалаудың тәсілдері т. б-да көрсетеді. Әдетте, үй тапсыр- малары берілмейді. Бірак әдебиет тізімін, іздеушілік сипаттағы тапсырмаларды беруге болады.

Оқытуды ұйымдастырудың дәстүрлі емес формаларының пайда болуы және оларды талдау.

XX ғасырдың 80-жылдарында түсіндірмелі-иллюстративтік оқытудың тұткасы - сыныптық-сабақтық жүйе коғамның жаңа талаптарына сай болу үшін жетілдіруді талап ететіні белгілі болды. Осы жүйені модернизациялау кезінде дәстүрлі емес сабақ пайда болды. Онда білім алушыларды белсенді позицияға қойып, сабақты даярлап өткізуде іс-әрекетке қосып, ойындық, жағдайды шешушілік, жарыстық функцияларды жүзеге асырады.

Дәстүрлі емес сабақты өткізуде: жалпы сабақтар жүйесінде алатын орны, функциясы, оны таңдап алу шарттары, қойылатын талаптары қандай, мұндай сабақтарды талдау немен ерекшеленеді т. б. сияқты сұрақтар пайда болды.

Дәстүрлі емес сабақ - бұл орнатылмаған құрылымы бар импровизациялык оқу жұмысы.

И. П. Подласыйдың, Г. К. Селевконың, т. б. еңбектерінде дәстүрлі емес сабақтардың 30-дан астам түрі келтірілген.

Сабақтың дәстүрлі емес технологиясына жататындар:

  • пәнаралык байланыска негізделген интегралды сабақтар;
  • жарыс және ойын формасындағы сабақтар: байкау, турнир, іскер немесе рөлдік ойындар;
  • карым-қатынастың көпшілік формаларын имитациялау сабақтары: пресс-конференция, аукцион, ауызша журнал т. б. ;

мемлекеттің және үйымдардың іс-әрекетін имитациялауға негізделген сабақтар: сот, парламенттегі дебаттар;

коғамдык-мәдени шараларды имитациялаудың сабақтары: өткенге сырттай экскурсия, жорык, әдеби серуен;

сабақтан тыс дәстүрлі формаларды сабақ шеңберіне енгізу, көңілділер, тапкыштар клубы, «Не? Қайда? Қашан?», инсценировка.

Дәстүрлі емес сабақтар қандай дидактикалык міндеттерді шешуде колдануға болады деген сұракка, іскерлікті және дағдыны қалыптастыруға, білімді жалпылауға және жүйелеуге, кайталауға және бекітуде, бакылау-тексеруде колдануға болады деген корытынды жасаймыз. Ал, интегралды және конференция сабақтары аркылы жаңа білім меңгеру міндетін де шешуге болады. Сонда дәстүрлі емес сабақтар оқытудың басты формасы - дәстүрлі сабақтардың функцияларын аткарып, оның көмекші формасы болады.

Дәстүрлі емес сабақтың түрін таңдап алғанда такырыптын мазмұнын, білім алушылардың даярланғандық дәрежесін, материалдык базаны, педагогтің мүмкіншілігін, оқулыктардын, көмекші оқу құралдарын, тағы басқаларды есепке алу керектігін тәжірибе көрсетті [3] .

Дәстүрлі емес сабақтарға дидактикалық, тәрбиелеушілік, дамытушылық, ұйымдастырушылық, психологиялық, басқарушылық, санитарлық-гигиеналық, этикалық, т. б. талаптар қойылады. Кейбіреулерін көрсете кетелік:

  • білім алушылардың қызығушылығын, ыкыласын т. б-ды ескере отырып, дәстүрлі емес сабақты өткізуге қажетгі жағдайды қамтамасыз ету;
  • білім алушының барлық аясын дамытуға себептендіру және белсендету жұмысын жүргізу;
  • дәстүрлі емес сабақта жедел кері байланысты, пәрменді қадағалауды және басқаруды қамтамасыз ету;
  • педагогикалық әдепті сақтау, білім алушылармен қарым- қатынасты, бірге іс-әрекет жасауды жоғары дәрежеде жүргізу;
  • білім алушылардың дамуында жаңа сапалы өзгерістерді жүзеге асыруды ынталандыру.

Дидактикада сабақты талдаудың әдістемесі баршылық.

Дәстүрлі емес сабақтар үшін, әрине, арнайы сабақ талдаудың сызбасын жасаудың кажеті жоқ. Біздің пікірімізше, бар сызбаның бөлімдерін тереңдетіп, жан-жақты қолданса жеткілікті. Дәстүрлі емес, сабақтарды талдағанда жалпы сұрактармен бірге мына сұрактарға жауап алудын кажеті бар сиякты:

сабақты даярлауға білім алушылардың катысуы, белсенділігі;

колданылатын жадығаттың кызығушылык, еліктеушілік әдеттен тыс дәрежесі;

  • білім алушылардын танымдык іс-әрекетін стимулдаудын тәсілдері, жолдары қандай болды;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектептегі информатика курсының тәрбиелік мақсаты. Қазақстандағы бейіндік оқытуды ұйымдастыру тәжірибесі
Информатиканы оқытудың нақты мақсаттарын анықтау
Оқытудың интерактивті технологиялары
Жаратылыстану-математика бағытындағы информатикадан жүргізілетін қолданбалы курстар
Информатиканы мектепте оқытудың жалпы мәселелері
Қазақстанның білім беру жүйесін 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшірудің негіздемесі
Информатиканы дербес оқыту әдістемесі
Информатиканы оқыту формалары мен әдістері
ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Оқушылардың жеке ерекшеліктерін есепке алу негізінде орта мектепте информатиканы саралап оқытуды ғылыми негіздеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz