Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің алғашқы қадамдары


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРҒЫ БІЛІМ

МИНИСТРЛІГІ

Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ КеАҚ

Педагогикалық институт

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

«Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәнінен

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы :Қазақ әдебиеті әдістемесінің даму тарихы

Мамандық цифры
Оқу бөлімі
Мамандық цифры: 6В01707-Қазақ тілі мен әдебиеті
Оқу бөлімі: Күндізгі

Орындаған: Бейсенбекова. А. Б

Тексерген: ф. ғ. к., қауымдастырылған профессор Смагулова Н. К.

Бағасы:

Көкшетау, 2024

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

І ТАРАУ. ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ ЖӘНЕ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ . . . . . . …… . . . 6

1. 1Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің алғашқы қадамдары . . . 6

1. 2 Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің негіздері . . . 18

ІІ ТАРАУ. ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ БАҒЫТТАРЫ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ . . . . . . . . . . . . 21

2. 1 Қазақ әдебиетін оқытудағы жаңа-әдіс тәсілдер . . . 21

2. 2 Қазақ әдебиетін жетілдірудің болашағы мен перспективалары . . . … 26

ҚОРЫТЫНДЫ . . . … . . . 32

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 33

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. "Қазақ әдебиеті әдістемесінің даму тарихы" тақырыбы қазақ әдебиеті мен тілін оқыту әдістемесінің тарихи қалыптасуын зерттеу тұрғысынан өте өзекті болып табылады. Бұл тақырып жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды, әдеби мұраларды дұрыс жеткізу және қазіргі заман талаптарына сай оқыту әдістерін әзірлеу үшін маңызды.

Әдебиет пәні ұлттың рухани байлығын, мәдениетін, салт-дәстүрін және ұлттық құндылықтарын сақтау мен насихаттаудың негізгі жолдарының бірі болып табылады. Сондықтан қазақ әдебиеті әдістемесінің қалыптасуы мен дамуын зерттеу арқылы ұлттық білім беру жүйесін дамытуға үлкен үлес қосуға болады. Қазақ әдебиеті әдістемесінің тарихы ұзақ жолды қамтиды. Ол кезең-кезеңімен дамып, әрбір тарихи сатысында белгілі бір өзгерістер мен жаңашылдықтарға ұшырады. Кеңестік дәуірге дейінгі кезеңде қазақ әдебиетін оқыту дәстүрлі жолмен, ауыз әдебиетіне негізделген оқыту тәсілдері арқылы жүзеге асты. Сол уақытта халық ауыз әдебиеті, эпостық жырлар, тарихи дастандар мен ақын-жыраулардың шығармашылығы басты рөл атқарды. Қазақ әдебиетіндегі алғашқы әдістемелік ізденістер де осы кезеңнен бастау алады. Ұлттық әдебиетті оқытуда халық мұрасын дәріптеу, әдеби шығармалар арқылы жас ұрпақтың бойында ұлттық сана мен ұлттық рухты қалыптастыру басты мақсат болды.

Кеңестік кезеңде қазақ әдебиеті әдістемесі марксистік-лениндік идеологияның ықпалына түсті. Бұл кезеңде қазақ әдебиетінің мазмұнын, идеясын коммунистік идеологияға сай етуге бағытталған өзгерістер орын алды. Қазақ әдебиетіндегі ұлтшылдық, ұлттық сана-сезімге негізделген шығармалар цензураға түсіп, мектеп бағдарламасына енгізілмеді. Соған қарамастан, қазақ әдебиеті әдістемесін қалыптастырудағы кейбір тұлғалардың еңбегі ерекше болды. Ахмет Байтұрсынұлы, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев сынды ағартушылар әдебиет пәнін оқытуға ерекше мән беріп, өздерінің әдістемелік еңбектерін қалдырды. Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілін оқытудағы еңбектері осы кезеңдегі әдебиет әдістемесінің негізін қалады. Ол оқу құралдарын жазып, грамматиканы үйрету мен әдебиет сабақтарын оқытуда өз әдістемесін ұсынды. Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін қазақ әдебиеті әдістемесі де жаңа кезеңге қадам басты. Ендігі мақсат - ұлттық құндылықтарды жаңғырту, тәуелсіз қазақ елінің мәдениетін, тарихын, тілін оқытуда жаңа тәсілдерді әзірлеу.

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі уақытта қазақ әдебиеті әдістемесінде түбегейлі өзгерістер орын алды, ұлттық болмысқа, ұлттық мәдениетке, салт-дәстүрлерге бағытталған әдістемелер мен бағдарламалар дайындала бастады. Бұл кезеңде әдебиетті оқыту әдістемесінде ұлттық әдебиетке ерекше көңіл бөлініп, халықтың рухани мұрасына баса назар аударылды. Әдебиет пәнінің мазмұны қайта қаралып, Алаш қайраткерлерінің шығармалары оқу бағдарламаларына енгізілді. Бұл тақырыптың өзектілігі,

ең алдымен, қазақ әдебиеті әдістемесінің әр кезеңдегі даму бағыттарын тереңірек зерттеуге негізделген. Тарихи кезеңдердегі қазақ әдебиеті оқыту әдістерін қарастыра отырып, қазіргі заманға сай тиімді әдіс-тәсілдерді қалыптастыруға болады. Қазіргі білім беру саласында ұлттық құндылықтарды насихаттау мен жастардың рухани-мәдени деңгейін көтеру өте маңызды. Қазіргі уақытта жаңа білім беру стандарттары, оқыту әдістері мен технологиялары енгізіліп жатыр. Осындай жаңашылдықтардың арасында ұлттық әдебиет әдістемесінің тарихын зерттеу арқылы қазақ әдебиетін оқытуда қолдануға болатын тиімді тәсілдерді анықтау қажет. Бұл жас ұрпақты отансүйгіштікке, өз халқының тарихына деген құрметке тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады. Әдебиетті оқыту әдістемесі педагогика саласында ерекше орын алады. Әдебиет пәні арқылы оқушылардың ой-өрісін кеңейтуге, сыни тұрғыда ойлау қабілетін дамытуға, көркем шығармаға деген қызығушылығын арттыруға болады. Сондықтан қазақ әдебиеті әдістемесінің даму тарихын зерттеу арқылы педагогикалық ғылымның дамуына ықпал етуге болады. Әдебиетті оқыту әдістемесі - оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын оятудың, олардың танымдық қабілеттерін арттырудың, сыни тұрғыдан ойлауын дамытудың бірден-бір құралы. Тарихи тұрғыда әртүрлі әдістер қолданылды, олардың тиімділігі әртүрлі болды.

Қорыта айтқанда, "Қазақ әдебиеті әдістемесінің даму тарихы" тақырыбы бүгінгі білім беру саласында ерекше маңызды. Бұл тақырыпты зерттеу қазақ әдебиетін оқытудағы әдістемелердің қалыптасу жолдарын қарастырып, олардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Тақырыптың маңыздылығы, біріншіден, ұлттық құндылықтарға негізделген білім беру жүйесін қалыптастыруда, екіншіден, жас ұрпақтың әдебиетке деген қызығушылығын арттыруда, үшіншіден, педагогика саласының дамуына ықпал етуде жатыр. Курстық жұмыс қазақ әдебиеті әдістемесінің қайнар көздері мен даму кезеңдерін, алғашқы ғылыми еңбектерді, оқыту әдістері мен тәсілдерін, сонымен қатар қазіргі таңдағы жаңашыл әдістерді қарастыруға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда білім беру саласында ұлттық құндылықтарды дәріптеп, жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру маңызды болып отыр. Әдебиет әдістемесінің даму тарихын зерттей отырып, ұлттық болмысымызды сақтап, оны жас ұрпаққа жеткізу жолдарын қарастыру - біздің басты міндетіміз.

Зерттеу нысаны - Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің қалыптасуы

мен тарихи даму кезеңдері.

Зерттеу пәні -Қазақ әдебиеті әдістемесінің даму тарихы.

Зерттеудің мақсаты - Қазақ әдебиетін оқытудағы әдіс-тәсілдердің қалыптасу, даму жолдарын анықтау, әр кезеңдегі ерекшеліктерін талдау және қазіргі оқыту әдістемесіне тигізген ықпалын ашып көрсету.

Зерттеу мақсатын жүзеге асыру үшін жұмыстың жалпы гипотезасын

тұжырымдап алу керек. Зерттеудің жалпы гипотезасы -қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі тарихи кезеңдерге байланысты өзгеріп, әр кезеңде ұлттық мәдениет пен құндылықтарды жеткізуге, оқушылардың әдеби сауатын ашуға бағытталған; қазіргі заманғы әдістер осы тарихи тәжірибенің нәтижесінде қалыптасқан.

Зерттеудің міндеттері:

• Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің тарихи кезеңдерін саралау және олардың ерекшеліктерін анықтау.

• Қазақ ағартушылары мен әдіскерлерінің әдістемелік үлесін талдау.

• Әдебиет әдістемесінің қазіргі заманғы оқыту үдерісіне ықпалын көрсету.

Зерттеудің практикалық маңызы -әдебиет оқыту әдістерінің тарихи кезеңдерге байланысты өзгеруін зерттеу әдістемені жаңартып, қазақ әдебиетін оқыту жүйесін жетілдіруге аса қажет. Ыбырай Алтынсарин мен Ахмет Байтұрсынұлы сияқты ағартушылардың әдістемелері мен қазіргі әдістерді салыстыру арқылы тиімділік талданады. Заманауи әдістер, мысалы, сын тұрғысынан ойлау және жобалық әдіс сияқты тәсілдер оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру үшін қолданылады. Әдістемелік құралдар мен сабақ жоспарлары, шығармашылық тапсырмалар әзірлеу арқылы оқыту процесін жақсарту жолдары көрсетіледі.

Зерттеудің құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

І ТАРАУ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ ЖӘНЕ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ

  1. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің алғашқы қадамдары

Қазақ әдебиеті әдістемесі - бұл қазақ әдебиетін оқытудың теориясы мен практикасын зерттейтін ғылыми пән. Оның негізгі мақсаты - қазақ әдебиетінің мектеп бағдарламасы мен оқу процесінде тиімді оқытуды қамтамасыз ету үшін әдіс-тәсілдер мен әдістемелік құралдарды әзірлеу. Бұл пән әдебиеттану мен педагогика ғылымдарының қиылысында орналасып, оқу мен тәрбие ісін біріктіреді. Қазақ әдебиеті әдістемесінің құрамына оқу материалдарын таңдау, оқу жоспарларын әзірлеу, әдеби шығармаларды талдау әдістері, оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру жолдары сияқты аспектілер кіреді. Сонымен қатар, бұл пәнде оқытудың мақсаттары, міндеттері, әдіс-тәсілдері мен құралдары, оқу процесіндегі пәнаралық байланыс, бағалау және оқыту нәтижелері қарастырылады. Әдебиетті оқыту әдістемесінің басты міндеті - оқу процесінде оқушыларға әдебиет туралы терең білім беру және олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту болып табылады. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің ғылыми пән ретіндегі мазмұны мен құрылымын анықтау аса маңызды. Әдебиет әдістемесі басқа пәндермен салыстырғанда белгілі бір жүйеге негізделіп, дамиды. Оның бай мазмұны мен әртүрлі пікірлері оқыту процесінің түрлерін, әдіс-тәсілдерін, мақсаттары мен міндеттерін қарастыруда көрініс табады. Әдебиет әдістемесінің теориясы мен практикасы көпқырлы болып, әр кезеңнің, әлеуметтік және мәдени өзгерістерінің әсерінен үнемі жаңартылады. Осылайша, әдебиет әдістемесі үнемі зерттеліп, оның әдіснамалық негіздері өзгеріп отырады. Әдістемеліктің қолданбалы ғылым екендігін және ол жалпы дидактиканы негізге ала отырып, алуан түрге ене алатынын көрнекті педагог Ж. Аймауытұлы айқындап айтқан. Қазақ әдебиетінің пән ретіндегі жолы 1930 жылдардан басталады десек, одан бергі ғылыми жарты ғасырдан астам уақытта қаншама күрделі шешілгенін айқын пайымдаймыз. Бағдарламалар мен оқулықтар жасаудағы тәжірибенің болмауы, әдебиетті, оның тоериясы мен оқыту әдістемесін жақсы білетін мамандардың аздығы осы бағыттағы жұмыста көптеген қиындықтар туғызды. 1939-1940 жылын қазақ әдебиетінің пән ретінде қалыптасқан мерзімі деп санаймыз. Ойынымызды тұжырымдай келе айтарымыз, Ыбырай Алтынсарин ашқан қазақ мектептерінен бастап оқытыла бастаған әдебиет пәні 1927 жылға дейін жеке пән болып саналмады, Тарихи деректерге сүйене отырып қазақ әдебиеті пәнінің мектепте пән болып қалыптасуы мектеп тарихымен бүтіндей сабақтас мәселе екендігіне көз жеткізуге болады. Пәннің бастапқы қалыптасу кезеңінде мектеп сұраныс көзі қызметін атқарды.

«Қазақстанда он сегізінші ғасырдың аяғында қазақ балалары үшін мемлекет құзырына қарасты мектептер пайда бола бастады. Атап айтқанда, 1789 жылы Орынборда мешіт жанынан мектеп ашылса, келесі қадам 1825 жылы Орынбор қаласында Неплюев кадет корпусы, 1825 жылы Омск кадет корпусы, 1841 жылы Ішкі Бөкей Ордасында Жәңгір хан ашқан қазақ мектебі ашылды.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында 1861 жылдан бастап орыс-қазақ мектептері Троицкіде, Торғайда, Ырғызда, қазанда, Перовскіде ұйымдастырылды. 1876 жылы Қазақ мұғалімдер семинариясының директоры Н. И. Ильминский идеясы бойынша қазақтарды орыс алфавиті көмегіменоқыту қолға алынып, бұл жұмысқа Торғай облысы мектептерінің инспекторы болып тағайындалған Ы. Алтынсарин тартылды.
Ы. Алтынсарин орыс сауатын оқытатын бірнеше ауылдық мектептер ашты. 1898 жылға қарай Қазақстанда 730 бастауыш мектеп жұмыс істеген, оның ішінде 262 діни мектеп болған. Бұл мектептерде оқу орыс тілінде жүргізіліп, қазақ балаларының саны өте аз болған, ал орысша сауат ашу мақсатында олардың білім деңгейі көбіне тілмаштыққа бағытталған. Т. Тәжібаевтың зерттеуінен алынған бұл деректер қазақ балаларын орысша сауаттылыққа бейімдеуге бағытталған оқыту процесінің басты ерекшелігін көрсетеді. Бұл кезеңде қазақ балалары үшін мектептерде білім алу мүмкіндіктері шектеулі болды, себебі олардың білім алуы көбіне орыс тілінде жүргізілген, әрі тек белгілі бір деңгейде ғана. Оқытудың сапасының төмендігін сипаттайтын деректер 1882 жылы Түркістан өлкесінде халық училищелерінің бас инспекторы Забелиннің: «Басқа ұлттарға білім беру ісінің дамуы мен нәтижесінің шектентыс төмендегі сатыда тұрғанына менің көзім жетті»-деп жазғанынан айқын көрінеді. Сондай-ақ, Ішкі Орда халық училищелерінің инспекторы Н. Леванов мектептерде оқу құралдарының жоқтығын, балалардың орысша жазу мен оқу дағдыларын нашар меңгергенін және толық сауаттылықты дамыту мәселелерін көтерген. Бұл жағдайларда, бодандықтың саяси және рухани шектеулері салдарынан, қазақ балалары үшін қазақ тілінде алғашқы оқулықты - «Қазақ хрестоматиясын» жазып, оны мектеп тәжірибесіне енгізу Ы. Алтынсариннің тарихи бастамасы болды.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ресей педагогтарының арасында мектептің басты мақсаты тек ақпарат беру емес, ойлау, сөйлеу, жұмыс қабілеті мен тәртіптілік сияқты дағдыларды қалыптастыру болатын. Осы себепті оқу құралдары хрестоматиялық сипатта болды, себебі олар оқушыларға жалпы дағдыларды меңгеруге көмек беретін еді. бұл оқулық бастауыш оқу сатысыны арналған еді.

Ы. Алтынсарин Торғай, Ырғыз, Ақттөбе, Николаев уездерінде уездік екі кластық мектептер ашады, бұлардың кейінгі екеуінде тек қазақ балалары оқыды, кейін Бөрте, Қарабұға, Обаған, Жетіқара, қаратоғай

болыстарында да осындай мектептер1881 жылы Омбы қаласынан қазақтың тұңғыш оқытушылар мектебі ашылған. Ы. Алтынсарин өзі ашқан жаңа мектептердің жұмысына ждұрыс бағыт беріп, үнемі көмек көрсетіп отыратын рухани басшысы да болды. Өзінің бір хатында Ыбырай Алтынсарин оларға яғни, мектеп жастарына адамгершілік жағынан әсер етуге де бар күшімді салып отырмын», -деді. Ы. Алтынсарин өзінің ағартушылық идеяларын халыққа кеңінен жеткізу мақсатымен жаңа мектептерді қаншама көп ашқанымен, бүкіл қазақ балаларын толық қамти алмайтынына көзі жетіп, жаңа оқулықсыз бұл мектептерде де күткен нәтижелерге қол жетпейтінін байқады. Олар үшін ендігі жерде оқулық жасауға кірісіп, 1876-1879 жылдары бұл мақсатына да жетіп, 1879 жылы Орынборда «Қырғыз (қазақ) хрестоматиясы атты оқулық жазып, баспаданшығарады. Қазақтың алғашқы оқулығы шыққан қарсаңда Қазақстанда қазақ тілінде оқулықтың болмағанынан Ы. Алтынсариннің өз жазғаны да хабардар етеді.
Қазақ халқының сауатсыздығынан, қазақ тілінде басылған бірде-бір кітаптың жоқтығынан оқу орындарының мұғалімдері қазақ балаларын оқытқанда, амалсыздан қазақ тілінің орнына татар тілін пайдаланып жүр. Сондықтан шәкірттерге амалсыздан татар тілінен ешқандай кемдігі жоқ ана тілін тастап, татар тілін үйренуге туракеледі.
Екінші жағынан татардың кітап тілі араб, парсы сөздеріне толған, сол себепті ол сауатсыз қазақтарға түсініксіз. Бұл тілде басылып шыққан кітаптардың бәрі де тек дін туралы жазылған кітаптар, сондықтан олар осы жағынан алып қарағанда, дүниелі мақсаттарды көздейтін орыс-қазақ мектептерінде пайдалану үшін қолайсыз»- деп жаздыол.
Ұлы ағартушының халқының сауатсыздығы үшін күйзеле отырып перзенттік сезімінен туған, үлкен өкінішпен айтылған бұл сөз, оның оқулық жазуына түрткі болғанеді.
Мұндағы мақсаты туралы ол тағы да былай деп жазды:
«Бұл кітапты құрастырғанда мен біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш рет шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы болу жағын, сонымен қатар жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап болу жағын көздедім». [1]
Хрестоматия орыс әрпімен басылып шықты. Ол туралы: «бұл шығарған кітабіміз көздеген мақсатпен сәйкес болып, орыстың ғылыми кітаптарын пайдалана білуге тікелей жол салып беру үшін және сол орыс кітаптарына мағынасы жағынан да, әрпі жағынан да қайшы келмеуін көздеп, орыс әрпімен бастырғанды қолайлы деп таптық»- деп жазды автордың өзі.
Ы. Алтынсариннің қазақ әдебиеті үлгілерін енгізіп алғаш жазған қазақ

қазақ оқулығының дүниеге келу себебінің өзі біріншіден, қазақ балалары үшін оның өзі ашып ұйымдастырған мектептердің қажеттігінен, сұранысынан туған еді. Ы. Алтынсаринге дейін әдеби мазмұндағы қазақ оқулығы былай тұрсын, таза қазақ тілінде оқытатын мектептің де болмағанын жоғарыда келтірген едік. Ондағы мақсат қазақша әдеби оқулық жазуға қоғамдық сұраныстың болмағанын дәйектеу еді. Ендігі жерде Ы. Алтыгсарин екі бірдей маңызды, қажетті тарихи бастама жасады:
а) қазақ тіліндегі оқулықты қажет еткен таза, қазақ мектептерін ашты;
ә) ашылған қазақ мектептерінің сұранысын қанағаттандырды, алғашқы оқулық жасап шығарды.
Ы. Алтынсарин өзі бастаған ұлы істің жалғасы үзілмеуін қалады және солай болатынына сенгендіктен де оның тарихи маңызына өте зор мән берген болатын.
«Мазмұны балалардың білімін көтеретін, тақырыбы оларды қызықтыратын кітаптарды асықпай, бірақ алған бағыттан қайтпай, қазақ өз тілінде шығара беру керек», деп жазды Ы. Алтынсарин. [2]
«Қазақ хрестоматиясы» қазақ әдебиеті пәнінің атасы, әдебиет оқулығын жасаудағы алғашқы тәжірибе деп бағаланады. Басталған іс үзіліп қалмай, ыбырай оқулығы үлгісінде қазақ тілінде әдеби мазмұндағы оқулықтардың шығып, бүгінгі кәсіби педагогикалық сападағы әдебиет пәніне ұлғасуымен ұштасты.
«Қазақ хрестоматиясы» кейін біраз қысқартылып 1889, 1896, 1899 жылдары «Махтуба» деген атпен, араб алфавитімен басылды. «Махтуба» арабша «хаттар» деген мағынада 1906 жылы А. Васильев редакциясымен едәуір толықтырылып, орыс алфавитімен қайта жарияланды.
Кітаптың құрылымы жөнінде «Сөз басында» Ы. Алтынсарин былай деп жазды:
Бұл басылып отырған бірінші кітаптағы мақалалар мынадай тақырыптарға бөлінеді:
1. Балалар өмірінен алынған әңгімелер. Бұлар түрлі орыс хрестоматияларынан, көбінесе, М. Паульсонның хрестоматиясынан алынды.
2. Әр түрлі жинақтардағы адамдар өмірінен алынған әңгімелер.
3. Қазақ ақындарының ең жақсы өлең жырларынан үзінді.
4. Қазақтың мақал-мәтелдері.
Ы. Алтынсарин оқулығында балаларды қазақтың әдеби мұраларымен ғана таныстыруды мақсат етпеген, ол кітапты басқа әдебиет үлгілерімен де қамтамасыз еткен.
Ол адамзаттың игілікті озық құндылықтарының қазақ қауымының да рухани игілігіне айналуын армандаған, әлемдік қауымдастықты аңсауды

кемеңгерлікпен мәдени инетеграцияны сезіне білген.
Ы. Алтынсарин аударған, Л. Н. Толстой, К. Д. Ушинский, И. Паульсон т. б. педагогтардың шығармашылық тәжірибесінде бар құбылыстың кейбірі «Қазақ хрестоматиясының» басылымдарына енгізіліп отырады. Атап айтқанда әйгілі «Азбуканың» авторы Л. Н. Толстой оқулық құрастырғанда таза дидактикалық мақсатта балаларға арнап әлем әдебиетінің үлгілерін сұрыптап өңдеген.
Ә. Дербісалин зерттеуі бойынша «Қазақ хрестоматиясына» енген шығармалардың отыздан астамының түпнұсқасы табылған.
«Ы. Алтынсарин жасөспірімдерге адамгершілік рухта тәрбие бере алатын еңбектерді ғана аударды және осы аудармалары арқылы оның қандай нақтылы тәрбие мәселелеріне көңіл бөлгендігін де біле аламыз. Ағартушы аудармаларының негізгі тақырыптары еңбек, адамды сүйе білу, кішіпейілдік, қарапайымдылық, үлкенді сыйлау, жолдасты қадірлеу т. б. болды. Бұлмәселелер Алтынсариннің педагогикалық идеяларының озық сипатын танытады», деген Ә. Дербісалиннің пікірінн Алтынсариннің ұлттық талғам мен адамзаттық құндылықтарды үйлестіре білген, жоғары мәдениетті, аса білімді педагог болғанын аңғарамыз.
Алтынсариннің өзі бұл істе көп еңбектенгенің айтады. «Бұл кітапта келтірген әңгімелердің қазақтар үшін ұнамды болуы жағын көздедім. Сондықтан бұл кітапқа енгізілетін әңгімелерді тергенде көп қиыншылықтарға кездестім, әрбір мақаланы әр жағынан ойлап барып қосу керек болды», - дейді. Алайда Алтынсарин орыс тіліндегі мәтін-дерді жөнсіз қазақыландыра бермеген, олардың түпнұсқадағы стильдік ерекшеліктері мен оқиға тартысына байланысты барлық қасиеттерін толық сақтай аударған.
Ы. Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясында» халқының әдебиетін мәдени мұра ретінде тани білді, оны жинап бастыруға талаптанып «Хрестоматиясының» екінші кітабында қазақтың төл әңгіме, аңыздарына кеңірек орын беруді ойластырған.
Ы. Алтынсарин «Қазақ хрстоматиясына » енгізген ауыз әдебиеті үлгілерін төрт түрге бөліп қарауға болады: аңыз әңгімелер - «Лұқпан әкім», «Таза бұлақ», «Жиренше шешен» т. б ертегілер - «Қара батыр», «Тазша бала» т. б. ; эпостық шығармалар - «Қобыланды» және басқа да жырлардан үзінділер, мақалдар мен мәтелдер, жалпы саны - 69.
Осыларға қоса сол кездегі қазақ әншілері мен жыршылары шығарған кейбір өлең, айтыстарды да кездестіруге болады.
Ы. Алтынсариннің оқулығында өзі жазған қысқа да өнегелі әңгіме, өлеңдер бар: «Кел, балалар, оқылық!», «Өнер- білім бар жұрттар» сияқты өлеңдерінде оқу-өнерге шақырса, «Қыпшақ Сейтқұл», «Киіз үй мен ағаш

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
5-сыныпта әдеби теориялық ұғымдарды қалыптастырудың ғылыми негіздері мен оны оқытудың әдіс-тәсілдері
Әдебиет сабағында қолданылатын әдіс - тәсілдер жүйесімен танысу
ҰЛТТЫҚ МЕКТЕПТЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Әдебиетті оқыту әдістемесі пән ретіндегі мақсаты
Қазақтың атақты біртуар ақыны Мағжан Жұмабаев
Әдебиетті оқыту әдістерінің топтары
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Қазақ әдебиетін оқыту тұжырымдамасы
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің зерттелуі
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН БАСҚА ҰЛТТАРҒА ОҚЫТУ ТАРИХЫ, ЗЕРТТЕЛУІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz