Педагогтың кәсіби мәдениетін қалыптастыру жолдары



Мазмұны

Кіріспе

1. Педагогтың тұлғалық бейнесі

ІІ Негізгі бөлім

2.1. Педагогтың кәсіби мәдениетінің құрамды бөліктері
2.2. Педагогтық әдеп және педагогтық қарым.қатынас
2.3. Педагогтық шеберлік .негізгі сапа

ІІІ Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе:
Алдыменен жұмысымның кіріспелі бөлігіне шолу жасағаным, өзім жазған ісіме дұрыс көңіл аударатын шығар деп ойлаймын. Осы тақырыпты таңдағаным қазіргі заманғы білім беру жүйесінің уақыт талабына сай алдында тұрған күрделі міндеттерінің бірі- білім жүйесін қайта құру, білім мазмұнын жаңартып модернизациялау. Сондықтанда халықтық педагогикаға ден қойып технология сабақтарының сабақтастығы негізінде салт-сана, әдет-ғұрып, дәстүрлерді жаңғырта отырып ұрпақ тәрбиесінде халқымыздың өнерін, оның нәзік те көркем сырын ескеріп болашақ мұғалімдерге мәдениеттілікті, көркемдікті, әсемдікті, сұлулықты түсіндірудің және эстетикалық талғамын арттырудың бірден-бір жолы осы мәселені ұлттық үрдісте көптеген ғылым салаларының тоғысқан тұсынан жаңа педагогикалық талапқа сай қарастыру болып табылады.
«Ұстаз адамның жан-жақты түсінігі мол, қандай істі болса да тез шешіп, тұжырымдай алатын, ұшқыр ойлы, көреген, батыл һәм шешен болуы керек. Ұстаз шындық пен әділдіктің қажымас жақтаушысы, қайратты күрескері болуы тиіс», - деп Әбу Насыр әл-Фараби айтқандай ұстаздың қай жерде болса да, мектепте де, халық ортасында да ерекше адам екені жүріс-тұрысынан, сөйлеген сөзінен байқалып тұратыны кімге болса да аян. Ал, мектеп ішінде мұғалім- ең басты тұлға. Өнер-білімі жағынан жоғары, тәрбиелік жағынан тағылымы мол, қабілетті, эстетикалық талғамы ерекше әсерлі, практикада өз ісінің шебері, халықтың сенген ой-пікірін, тапсырған жұмысын зор бағалап, орынды аяқтайтын қасиеттерді бойына сіңіре білуі қажет. Өйткені заманымыз да, халқымыз да, әрбір ата-анада өзінің көзінің қарашығындай сақтайтын баласын берсе, халқымыз өзінің болашақ ұрпағын тәрбиелейді деп сенім артып тапсырып отырғанын әр ұстаз жақсы біледі.
Қазақстан Республикасының жаңа білім арналарын қалыптастыра бастаған игі қадамы күннен күнге өрістеп келеді. Оқытуды 12 жылдық жүйеге көшірудің өмірлік қажеттілігі мен талаптарын ғылыми деңгейде танып, қоғамымыздың сан салалы деңгейінен үйлесімді орнын қалау үшін білім беруді ұйымдастырушы басты тұлға – мұғалімнің кәсіби шеберлігін алдыңғы орынға қою қажеттілігі туындап отыр.
Педагогтың тұлғалық сапаларын жете бағаламау оның еңбегінің нәтижесіне кері әсерін тигізері сөзсіз. Педагогтың тұлғалық сапасы «педагог-оқушы» қатынас жүйесінде оның әрекетінің психологиялық құрылымына әсер ететін шешуші бөліктердің біріне жатады.
Педагогикада, негізінен, оқыту, тәрбиелеу және дамыту әдістеріне, сондай-ақ оларда білік пен дағдыларды қалыптастыруға көбірек көңіл бөлінеді. Әрине олардың мәнділігін кемітуге болмайды.
Тұтастай алғанда мұнда осы критерийлерге сай психология мен педагогика ғылымдарының негізімен қаруланған, шығармашыл ойды табысты іс-шараларға ұластыра алатын қазіргі заман мамандарын даярлау –ең басты әрі өзекті мәселелердің бірі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

1.Атенова, З. Мектеп-білім тірегі Ұстаз -оның жүрегі
: Ұстаз ұлағаты// Мектептегі сыныптан тыс
жұмыстар.- 2006.- № 9.- 12-13 б.

2.Әмзеев, Қ. Мұғалімдердің психикалық саулығын сақтау
- білім беру нәтижелігін кепілі [Мәтін]: Ұстаз
ізденісі// Психологияны мектепте және ЖОО-да оқыту -
Преподование психологии в школах и ВУЗах.- 2006. - № 5.
- 5-8 б.

3.Бабамұратов, Д. Мұғалімдердің қадір-қасиетін
бағалай білейік... [Текст]: [Сұхбат] / Шүкірбекова, Ә
// Түркістан.- 2005.- 6 қазан.- 9 б

4. Бөлеев, Қалдыбек.Болашақ мұғалімдерді оқушыларға
ұлттық тәрбие беруге кәсіби дайындау [Мәтін]: теориясы
және практикасы.- Алматы: Нұрлы Әлем, 2004.- 304 б.


5.Бұзаубақова, К. Мұғалімнің инновациялық даярлығын
қалыптастыру [Мәтін]// Қазақстан мектебi.- 2007.- № 4.-
11-15 б.

6.Жүніс, Н. Мұғалімнің кәсіби мәдениеті [Текст]: [Ел
тілегі - білімді ұрпақ]// Сынып жетекшісі.- 2005.- N
1.- 36-39 б

7.Қайдарова, А. Мұғалім тұлғасына қойылатын негізгі
талаптар// Бастауыш мектеп.- 2005.- N 2.- 5-6 б.

8.Қаратаев, Н. Қ. ХХІ ғасыр: ұстаз бейнесі [Мәтін]:
Педагогикалық мінбе// Білімдегі жаңалықтар.- 2005.-
№4.- 39-43 б.

9.Құтпанбаев, Ә. Мұғалім мәртебесін көтеру керек:
[Мұғалімге көмек]// Білім.- 2005.- N 2.- 13-16 б.


10.Профессиональное развитие: из опыта учителей
/ под ред.: С. Мирсеитовой, А. Иргебаевой ;
Казахстанская ассоциация по чтению.- Алматы:
ИздатМаркет, 2004.- 288 с.: ил.-(Школа
профессионального развития)


11.Рсқалиева, Алмагүл. Мұғалім-басты тұлға: [Тамыз
мәслихатында айтылған еді]// Сыныптағы тәрбие.- 2005.-
N 4.- 3-4 б.

12.Сейталиев, Қадыржан. Педагогиканың жалпы негіздері
оқу құралы.- Ақтөбе: А-Полиграфия, 2004.- 240
б.

13. Түсіпова, К. Мұғалімнің әлеуметтік мәртебесі мен
кәсіби біліктілігі: [Оқыту мен тәрбие]// Мектеп
директоры.- 2005.- N 3.- 22-23 б.

14.Шәбжантайқызы, Мақтым. Ұстаз - мектептегі басты
тұлға[Мәтін].- Көкшетау: [Б.ж.], 2004.- 158 б.

15.Чинибекова, Б ж.б. Ұстаз - халық анасы: [Мұғалімдер
күніне арналған тәрбие сағаты] / Чинибекова, Б,
Молдақұлова, Ж, Бирбаева, С// Мектептегі сыныптан тыс
жұмыстар.- 2005.- N 4.- 36-37 б

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі

“ Экономика және құқық ” факультеті

“Экономика” кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: “Педагогтың кәсіби мәдениетін қалыптастыру жолдары

Орындаған:____________
Қабылдаған: ___________

Мазмұны
Кіріспе
1. Педагогтың тұлғалық
бейнесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ІІ Негізгі бөлім

2.1. Педагогтың кәсіби мәдениетінің құрамды бөліктері ... ...
2.2. Педагогтық әдеп және педагогтық қарым-қатынас ... ... ... .
2.3. Педагогтық шеберлік –негізгі
сапа ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ІІІ
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...

Кіріспе:
Алдыменен жұмысымның кіріспелі бөлігіне шолу жасағаным, өзім жазған
ісіме дұрыс көңіл аударатын шығар деп ойлаймын. Осы тақырыпты таңдағаным
қазіргі заманғы білім беру жүйесінің уақыт талабына сай алдында тұрған
күрделі міндеттерінің бірі- білім жүйесін қайта құру, білім мазмұнын
жаңартып модернизациялау. Сондықтанда халықтық педагогикаға ден қойып
технология сабақтарының сабақтастығы негізінде салт-сана, әдет-ғұрып,
дәстүрлерді жаңғырта отырып ұрпақ тәрбиесінде халқымыздың өнерін, оның
нәзік те көркем сырын ескеріп болашақ мұғалімдерге мәдениеттілікті,
көркемдікті, әсемдікті, сұлулықты түсіндірудің және эстетикалық талғамын
арттырудың бірден-бір жолы осы мәселені ұлттық үрдісте көптеген ғылым
салаларының тоғысқан тұсынан жаңа педагогикалық талапқа сай қарастыру болып
табылады.
Ұстаз адамның жан-жақты түсінігі мол, қандай істі болса да тез шешіп,
тұжырымдай алатын, ұшқыр ойлы, көреген, батыл һәм шешен болуы керек. Ұстаз
шындық пен әділдіктің қажымас жақтаушысы, қайратты күрескері болуы тиіс,
- деп Әбу Насыр әл-Фараби айтқандай ұстаздың қай жерде болса да, мектепте
де, халық ортасында да ерекше адам екені жүріс-тұрысынан, сөйлеген сөзінен
байқалып тұратыны кімге болса да аян. Ал, мектеп ішінде мұғалім- ең басты
тұлға. Өнер-білімі жағынан жоғары, тәрбиелік жағынан тағылымы мол,
қабілетті, эстетикалық талғамы ерекше әсерлі, практикада өз ісінің шебері,
халықтың сенген ой-пікірін, тапсырған жұмысын зор бағалап, орынды аяқтайтын
қасиеттерді бойына сіңіре білуі қажет. Өйткені заманымыз да, халқымыз да,
әрбір ата-анада өзінің көзінің қарашығындай сақтайтын баласын берсе,
халқымыз өзінің болашақ ұрпағын тәрбиелейді деп сенім артып тапсырып
отырғанын әр ұстаз жақсы біледі.
Қазақстан Республикасының жаңа білім арналарын қалыптастыра бастаған
игі қадамы күннен күнге өрістеп келеді. Оқытуды 12 жылдық жүйеге
көшірудің өмірлік қажеттілігі мен талаптарын ғылыми деңгейде танып,
қоғамымыздың сан салалы деңгейінен үйлесімді орнын қалау үшін білім беруді
ұйымдастырушы басты тұлға – мұғалімнің кәсіби шеберлігін алдыңғы орынға қою
қажеттілігі туындап отыр.
Педагогтың тұлғалық сапаларын жете бағаламау оның еңбегінің нәтижесіне
кері әсерін тигізері сөзсіз. Педагогтың тұлғалық сапасы педагог-оқушы
қатынас жүйесінде оның әрекетінің психологиялық құрылымына әсер ететін
шешуші бөліктердің біріне жатады.
Педагогикада, негізінен, оқыту, тәрбиелеу және дамыту әдістеріне,
сондай-ақ оларда білік пен дағдыларды қалыптастыруға көбірек көңіл
бөлінеді. Әрине олардың мәнділігін кемітуге болмайды.
Тұтастай алғанда мұнда осы критерийлерге сай психология мен педагогика
ғылымдарының негізімен қаруланған, шығармашыл ойды табысты іс-шараларға
ұластыра алатын қазіргі заман мамандарын даярлау –ең басты әрі өзекті
мәселелердің бірі.

1.1 Педагогтың тұлғалық бейнесі.
Мектептегі оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырушы және іске асырушы жеке
тұлға бұл мұғалім болып табылады. Ол тәрбиенің мақсаттары мен міндеттерін
іске асырады, оқушылардың жан-жақты жеке тұлғалық сапаларды дамыту мен
қалыптастыруға бағытталған, белсенді оқу-танымдық, спорттық сауықтыру және
көркемдік-эстетикалық қызметін ұйымдастырады.
Білім беру мен тәрбие берудегі мұғалімнің шешуші қызметін мектеп
тәжірибесінен алынған көптеген мысалдар мен белгілі педагогтардың айтқан
қағидалары дәлелдейді.
Ян Амос Коменский балаларға тәлім-тәрбие беріп, ұстаздық қызметті
атқаратын мұғалімді өте жоғары бағалады. Ол мұғалімнің ролін жоғары бағалай
келіп, былай деп жазды: мұғалім- мәңгі нұрдың қызметшісі. Ол барлық ой мен
қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын
иесі, мұғалімдерге тамаша қызмет тапсырылған, күн астында одан жоғары еш
нәрсе болмақ емес.
Қазақ халқының белгілі ағартушы –педагогі, қазақ топырағында тұңғыш
Педагогика оқулығын жазған Мағжан Жұмабаев осы аталмыш оқулықтың
кіріспесінде мұғалім туралы: Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы-
мұғалім. Еліміздің аз ғана жылдық ояну дәуіріне баға беру үшін алты алаштың
баласы бас қосса, қадірлі орын мұғалімдікі- деп, қазақ мұғалімдерінің
рөлін ерекше бағалады.
Мұғалім- арнайы мамандығы бар және педагогикалық қызметпен кәсіби
айналысатын адам. Кәсіби емес педагогикалық қызметпен барлық адамдар
айналысады, ал тек ғана мұғалімдер педагогиканың заңдылықтарына сәйкес
шәкірттерді қалай, қайткенде дұрыс тәрбиелеуге болады, өзінің кәсіби
борышын сапалы орындау жауапкершілігін белгіленген тәртіппен алып жүруге
болатындығын біледі. Мұғалімдік мамандық әрбір шәкірттің, жас жеткіншек
ұрпақтың, қоғамның және мемлекеттің тағдырына жауапкершілікпен сезінумен
сипатталады.
Тәуелсіз елдің тірегі- білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің тәртібінде
тұрған күрделі мәселе- білім беру, ғылымды дамыту. Өркениет біткеннің өзегі
білім, ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Осы орайда білім
ордасы- мектеп, ал мектептің жаны – мұғалім екендігі баршаға мәлім.
Қазақ педагогикасының көрнекті қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы мұғалім
туралы былай деген болатын-ды: ...мұғалім қандай болса, мектеп һәм сондай
болмақшы. Яғни мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көп білім алып
шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі-білімді педагогика,
әдістемеден хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім. Қазіргі мектеп
жағдайында оқыту мен тәрбиенің соңғы тәсілдерін игерген, педагогикалық-
психологиялық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста
қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты
тәжірибелілік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді шығармашыл
педагог-зерттеуші, сондай-ақ интегративті ойлауға бейім мұғалім қажет.
Баланың бойына білім нәрін себетін басты тұлға – ұстаз. Яғни жас
ұрпақты оқытуда тиімді жағдайлар жасау көбіне мұғалімге тікелей
байланысты. Өйткені ұстаз алдында егеменді еліміздің болашағы- жас ұрпақты
оқыту және тәрбиелеу міндеті тапсырылған.
Халық мұғалімі- жасөспірімнің рухани дүниесінің мүсіншісі, қоғам
өзінің ең қымбаттысы, ең құндысы- балаларды, өзінің үмітін, өзінің
болашағын сеніп тапсыратын сенімді өкілі. Осы аса ізгі және аса қиын кәсіп,
бұған өз өмірін арнаған адамнан тұрақты шығармашылықты, ойдың тынымсыз
жұмысын, орасан зор жан жомарттығын балаларға сүйіспеншілікті, іске шексіз
адалдықты талап етеді.
Әркім өзінің мұғалімдерін біледі және есінде сақтайды, ең алдымен
тәжірибесі жоқ абыржыған сәбиге таяқша сызуды, ал сонан кейін әріптер мен
сөздер жазуды, оқып, санауды үйреткен, оның алдынан кітаптар мен
білімдердің құпия да тамаша дүниесін ащқан өзінің тұңғыш мұғалімін біледі
және есінде сақтап жүреді.
Бұдан кейін оқушының жолында көптеген мұғалімдер кездеседі. Олардың
ішінде жақсы көретіндері де, жақсы көрмейтіндері де, баланың жүрегінде
қайсыбір із қалдыратындары да, із қалдырмайтындары да болады.
Нағыз мұғалім деп тәрбиелеушінің ойы мен жүрегіне жол тапқан ұстазды
айтамыз. Бұл бас әріппен жазылатын мұғалім, оған сенгің келеді, ауыр
минуттарда онымен ақылдасқың келеді. Бәлкім, әрбір адамның мектеп
қабырғасында өткен өмірінде бейнесі көз алдында мәңгі-бақи сақталып қалған
әлгіндей мұғаліммен кездескен де болар.
Мұғалімнің қызметі өте күрделі, әрі жан-жақты. Ұстаздық қызметтің ең
негізгі міндеті- шәкіртті оқыту, тәрбиелеу, дамыту және қалыптастыру
үрдісін басқару. Оны оқу тәрбие үрдісіндегі басты тұлға ретінде
қарастыруымыз керек.
Мектеп оқушыларының дене және психикалық даму ерекшеліктерін, ақыл-ой
және адамгершілік тәрбиелілік деңгейін, сыныптық және жанұя тәрбиесінің
жағдайын, т.б. білмейінше, дұрыс мақсат қоюды іске асыру, оған жетудің
тәсілдерін таңдау мүмкін емес.
Мұғалімнің қызметі өте күрделі, әрі сан-салалы.
Мұғалімнің еңбегі өзінің мақсаты, мазмұны мен қоғамдағы алатын орны
жағынан ең құрметті деп есептеледі.
Сондықтан мұғалімнен жан-жақты терең ғылыми білім, жоғары
педагогикалық шеберлік, идеялық шыныққандық, саяси-моральдық қасиет,
табанды ерік-жігер, парасатты мінез-құлық талап етіледі.
Мұғалім еңбегінің негізгі объектісі әрі субъектісі бала, ал оның
дамуының, тәрбиесінің заңдылықтарын жете білу бірінші кезектегі міндет.
Осыдан мұғалімді адамтану мамандығының иесі деуге де болады. Мұғалім еңбегі
өте-мөте ептілікті, сезгіштікті, шыдамдықты әрі сергектікті талап етеді.
Мұғалім- бала жанын сезе білуге, түсінуге бейім, онымен үнемі бірге
болудан, араласудан жалықпайтын және одан өзіне зор ләззат алатын адам.
В.А.Сухомлинский Менің өмірімдегі ең басты нәрсе не болып еді? Деген
сұраққа ойланып жатпастан-ақ балаларға сүйіспеншілік деген болатын-ды.
Жоғары педагогикалық білім берудің қазіргі жүйесінің мақсаты жаңа
тұрпатты мұғалімнің үздіксіз, жалпы және кәсіптік дамуын қалыптастыру. Ол
төмендегі бағытта сипатталады:
- жоғары азаматтық белсенділік пен әлеуметтік жауапкершілік. Ондай
ұстаз еліміздің тыныс-тіршілігіне, балалардың тағдырына қалай болса солай
қарай алмайды. Оның қызметіндегі негізгі бағдары жоғары кәсіби борыш
сезімі;
- баланы сүю, балаға жүрек жылуын сыйлауға бейімділігі мен
қабілеттілігі. Баланы сүйе де, түсіне білетін ұстаз олармен, ата-аналармен,
әріптестерімен педагогикалық ынтымақтастыққа бейім келеді;
- шынайы интеллигенттілік, рухани мәдениеттілік, ұжымдық
педагогикалық шығармашылықта өз күші мен қабілетін орынды пайдалана білуге
бейім тұратын ұстаз ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық ахуал жасай
білуге көмектеседі. Ондай ұстаздар балалар үшін үлгі-өнеге болып табылады.
- өз пәнін жете білетін, ғылыми-педагогикалық ойлау стилінің
жаңалығы, жаңа құндылық пен шығармашылық шешімдерді алуға бейімділігі бар.
Бірсарандылық пен формализмге табиғатынан жат, шәкірттермен жұмыста әр
уақытта да дәстүрлі емес шешім алуға даяр тұратын, ізденіс үстіндегі ұстаз.
Қоғамды демократияландырумен қатар бүкіл жоғары педагогикалық білім
беру жүйесін түбірімен жаңартуды қажет етеді. Оның негізіне төмендегі
идеялар мен ұсынымдар жатады:
- жоғары педагогикалық білім берудің үздіксіздігі;
- кәсіптік-педагогикалық бағдарлау, базалық-кәсіптік даярлау,
мұғалімді кәсіптік жетілдіру;
- шығармашылық қызметке бағдарлау, әрбір мұғалімді қайталанбайтын
тұлға ретінде қарастыру, оны даярлауда саралап, жеке
шығармашылықпен қарауды қамтамасыз ету;
- жоғары педагогикалық білім беруді жаппай ізгіліктендіру жағдайында
мұғалімнің жеке басының әлеуметтік адамгершілік, жалпы мәдени және
кәсіптік дамуының бірлігі;
- жоғары педагогикалық білім беруді ізгіліктендіру, қарым-қатынас,
әлеуметтік шығармашылық субъектісі ретінде жеке тұлғаға құрметпен
қарау;
- қазіргі уақыт талабы болашақты жобалауға сәйкес мұғалім даярлаудың
мазмұны, түрлері мен әдістеріндегі өзгерістерінің ашықтығы,
икемділігі, әрнұсқалылығы.
Тәуелсіз ел тірегі- білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн
тәртібінде тұрған келелі мәселе- білім беру, ғылымды дамыту. Өркениет
біткеннің өзегі білім, ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Осы
орайда білім ордасы- мектеп, ал мектептің жаны мұғалім екендігі бәрімізге
мәлім.
Баланың бойына білім нәрін себетін басты тұлға – ұстаз. Яғни жас
ұрпақты оқытуда тиімді жағдайлар жасау көбіне мұғалімге тікелей байланысты.
Өйткені ұстазға егеменді еліміздің болашағы- жас ұрпақты оқыту және
тәрбиелеу тапсырылған. Сондықтан ХХІ ғасырдың мұғалімін дарлауға қойылатын
талаптар студенттерді- ертеңгі ұстаздарды оқытудың жаңа түрлерімен
қаруландыра отырып, қазіргі уақыттағы мектеп талабына сай кәсіптік
дағдыларын игеруге бағытталған оқытудың жаңа жолдарын енгізуді көздейді.

2.1 Педагогтың кәсіби мәдениетінің құрамды бөліктері.
Педагогтық әдеп, кең мағынасында алғанда – мұғалімнің әрбір нақты іс
үстінде тәрбие мәселесінің ең ұтымды әдіс-тәсілдерін қолданып, оқушыларды
еліктіріп әкететін кәсіптік сапасы.
Оқушыларға педагог тарапынан болатын әрбір педагогтық әдіс-тәсіл,
әрбір ескертпе мұғалімнің беделін жоғары көтеретіндей, не болмаса оған
нұқсан келтірмейтіндей болуы керек. Мұғалімдер өз талаптарын оқушылардың
қалай орындайтынына маңыз беріп қана қоймай, сонымен қатар, іреніш тумау
жағын да ойластырған жөн.
Ешқашанда не болса соған өз көзқарасын таңбайтын, оқушыларының теріс
мінез-қылықтарына көз жұмып қарамайтын, олардың кез келгеніне қатты ескерту
жасаудан қаймықпайтын, бірақ оқушыларына да, өзінің мұғалім атына да
ақылмен, құрметпен қарайтын, педагогтық әдептен хабары мол оқытушы,
ұстамды, бірақ талап қойғыш мұғалім, қайсар және өз дегенінен қайтпайтын
адам.
Әр нәрседен хабары мол әдепті мұғалім оқушылардың жүрегіне жол таба
біледі. Жол таба білудің нәзік жолдары: ерік-жігер, ұстамдылық,
ілтипаттылық, дәйектілік, талап қоя білушілік, зейінділік, қалжыңдай
білушілік, орынды мысқыл, ептілік, әзіл-оспаққа үйірсектілік, көзқарас және
дауыс ырғағының мол болуы...
Көптеген ықпал-әсер, әдіс-тәсілдерінен санаулысын ғана пайдаланатын
мұғалімдер оқушылармен байланыс жасау мүмкіншіліктерінің біразын жоғалтып
алады. Оқушылармен жұмыс барысында ешқандай ымыраны мойындамайтын
мұғалімдер де бар. Ондайлардың көбісі көтеріңкі дауыспен сөйлейді. Сабағын
түсінбегенде, күлкі буғанда, класта тақта сүртілмегенде... ондай мұғалімдер
шәкірттеріне өктем сөйлейді.
Сонда қалай, мұндай жәйттерге мән бермеу керек пе? – деген сұрақ
туындайды. Мән беру керек, бірақ түрліше мән беру керек. Белсенді емес деп
оқушыларды қыран жапқандай қылудың қажеті қанша? Одан да олардың
белсенділігін көтеріңіз. Оқушылар айтқанды ұғып алмаса, айқайдан пайда жоқ.
Сол материалды қайтадан түсіндіру керек. Күлді екен деп мен өзім, мысалы,
оқушыларға айқайламаған болар ем. Күлетіндей жағдай болса, олар күлкілерін
бәрібір жасыра алмайды. Мұғалім ашуланса, олардың күлкісі тіпті қозып
кетеді. Одан да оқушылардың күлуіне мүмкіндік беріп, өзің де қосылып күліп,
содан кейін құлаққа жағымды үнмен бір қызық әңгіме бастап, сөйтіп барып
жоспарланған материалдың мазмұнына көшу керек. Мысалы, тақта кір болса,
оқушыларға реніш білдіруге де болады немесе тақтаны үн-түнсіз сүрте бастап,
сәлден соң оларға естірте: Егер сіздерге тақта сүрту қиын болса, мен-ақ
сүртейін - десе де жеткілікті. Келесі жолы тақта айнадай жалтырап тұрады.
Оны, әрине, мұғалімнің беделі біледі.
Оқушыларға ықпал-әсер ететін әдіс-тәсіл қорының молдығы қажетті нәрсе
саналмағанымен, мұғалімнің педагогтық әдепке ие екенін білдірмейді. Оған
қоса, әрбір ықпал-әсер әдіс-тәсілін нақты іс-қимыл мен нақты жағдайға
сәйкес қолдана білу талап етіледі.
Әрбір әдіс-тәсілдің орынды қолданылғаны жақсы. Орнымен айтылса, әзіл-
қалжың ашу-ызаның бетін қайтарады.Педагогтық әдеп- творчество, ақыл-ой
әрекеті, айрықша іскерлік. Әдепті мұғалім педагогтық әр түрлі әдіс-
тәсілдердің мол арсеналын меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар оларды ақыл
таразысына салып өлшеп, орнымен пайдалана да біледі. Бір қарағанда көмекші
құрал ретінде елеусіздеу көрінгенімен, әдепті мұғалімнің бойындағы іскерлік
оқушыларға қозғау салатын әдіс-тәсілдерді іріктеу үстінде көрініс береді,
жалпы жұмыс барысында тік мінезді, көген-білгені шамалылау мұғаліммен
салыстырғанда оның артықшылығы байқалмай қоймайды. Дәнекерлік қызмет
атқаратын мұндай айла-тәсілдер айналаға жылу беріп, мұғалім мен
шәкірттердің ара қатыстарын жұмсартады. Жеңіл әзіл мен мұғалімнің
тапқырлығы осының ішінде.
Оқушылардың мінез-құлықтарының қыр-сырын нәзік түсінетін әдепті
мұғалім дөрекі, добал мұғалімге қарағанда өзін көтеріңкі сезінеді. Әдепті
мұғалімге оқушылардан көз айырмаудың қажеті жоқ. Оның оқушылармен байланысы
сенім мен өзара сыйластыққа құрылады. Сондықтан да, ондай мұғалім
оқушыларымен ара-тұра жеңіл әзілдесіп, қайсыбіреулеріне әзілдесіп,
қайсыбіреулеріне мысқылмен ескерту жасай алады. Әдепті мұғалімнің мінез-
құлқы түгелдей (дауысы, жүріс-тұрысы, қалпы) табиғи болады. Оқушыларымен
әдепті қарым-қатыста болу әдетіне, мінезінің ажырамас бір бөлігіне
айналады. Бойына осындай әдет-дағдылар сіңген ұстаз ғана шәкірттерінің
жүрегіне жол табады. Бұған әр педагог ие болуы қажет.
Педагогтың кәсіби мәдениетінің құрамды бөліктеріне анықтама беру
теорияда және педагогика практикасында үш түрлі көзқарасқа негізделеді.
Біріншісі- педагогикалық әдеп- оқушылармен қарым-қатысқа жалпы адамзаттың
әдептілікті сіңіру; екіншісі- мұғалімнің жеке басының психологиялық
ерекшелігі; үшіншісі – мұғалім шеберлігінің бір бөлігі.
Алғашқы екі көзқарас бойынша педагогикалық әдеп мұғалімнің оқушыларға
деген сүйіспеншілігі, олармен сыпайы қарым-қатынасы, олардың қадірін біліп
сыйлауы, қайырымдылық, ілтипаттылық, кеңпейілділік, шынайылық, ұстамдылық,
байсалдылық, сенімділік сияқты мінез сипаттары және қасиеттері қатарында
қарастырылады. Үшінші көзқарас бойынша педагогикалық әдеп оқушылармен
қажетті қарым-қатыстар орнату және оны сол қалпында ұстай білудегі арнайы
кәсіби іскерлік ретінде қарастырылады. Оған жалпы педагогикалық амал-
тәсілдердің едәуір бөлігі, жекелеп айтқанда педагогтық техника да енеді.
Педагогикалық техника бір-біріне мүлдем ұқсамайды. Оны барлық
жағдайда барлық педагогтар қолдана алатын белгілі бір нұсқауға, тіпті
ережеге айналдыру қиын. Оқушылармен тіл табысуды жолға қоюға, оларға әсер
етудің әр түрлі құралдарын қолдануға жалпы кеңес беруге ғана болады.
Адамдық қадір-қасиетті құрметтеу.Сөз оқушылардың адамдық қадір-
қасиетін құрметтеу жайында болып отыр. Педагогикалық әдеп мәнінің өзі
адамды кемсітпеуде. Адамдық қадір-қасиет – адам бойындағы ең қымбат байлық.
Оқушымен оның үлгерімі, тәртібі туралы сөйлесіңіз, екілік қойыңыз, екінші
жылға қалдырыңыз, бірақ сөзбен де, көзбен де оның адамдық қадір-қасиетін
қорламаңыз, оны күлкі етіп, мазақтамаңыз, ащы мысқылға үйір болмаңыз.
Оқушыны қалай ренжітуді емес, оған қалай жуысу, қалай көмектесу жолын
ойластырыңыз.
Тәрбиесі қиын балалармен жүргізілген жұмыста олардың адамдық қадір-
қасиетін кемсіту арқылы емес, керісінше оларды сүйемелдеу, көтермелеу,
дамыту арқылы табысқа жетуге болады.
Ықпал жасау шамасы. Ықпал ету құралдарын пайдалану- медицинада дәрі-
дәрмектерді жұмсаумен тең: оны дұрыс шамалай білу керек. Көп болса, жақсы
болады принципі мұнда жарамайды.
Педагогикалық әдептің өзі көбіне шаманы сезіне білу ретінде де
қарастырылады. Өйткені шамадан шығып кету әдептен озуға әкеліп соғады.
Әдепті мұғалім- салмақты, ұстамды, байсалды болады. Ол мінез-құлықтың да,
сөйлесудің де, әдет-қылықтың да, киім киюдің де, тым қалыптан шығып кетуіне
жол бермейді. Ол шамалап кейиді, шамалап кінәлайды, шамалап мақтайды. Бірақ
кейісті тоқтататын, әзілді тежейтін, ақыл айтудан бұлтаратын сәтті қалайша
дөп басып табасың? Міне осы сәтті шамалауды педагогтың өзі табуы, оны
оқушылардың көздерінен, олардың назарынан, үнсіздігінен білуі, жайт-
жағдайлардан ұғынуы, жалпы көңіл-күйден, жеке көріністерден сезінуі, арқылы
тәжірибесі негізінде іштей сезініп-түсінуі керек. Бұл мұғалімнің дара
творчествосы. Сол шаманы сезінсе – табысқа қолы жетеді.
Шешімге келу. Белгілі бір жағдайда ең қажетті шешімге келу –
педагогтық тактикадағы ең басты нәрсе. Ал ең жақсы шешім – байсалды
ойластырылған шешім болып табылады. Ашу, ыза үстінде көбіне оқушылардың
қылығына немесе жалпы тәртібіне сай келе бермейтін шешімдер қабылданады.
Педагогта адам, сондықтан оның да бар сезімге, ашулануға, буырқануға қақысы
бар. Кей жағдайда мұндай сезімдерді тежеудің қажеті де жоқ, ал кейде солай
ету керек те болады. Істің мәні олардың формасы мен көрініс беруінің
шамасында. Мұғалім өз сезімдерін шынайы , бірақ жалпы адам ретінде емес,
шебер педагог ретінде білдіруі керек. Сіз ренжіп тұруыңыз мүмкін, бірақ ол
қалайда педагогикаға жат формада болмауы тиіс, - А.С.Макаренконың бұл
кеңесінің мәні зор. Ал ашу кернеп бара жатса ше? Ең жөні сабаға түсу,
барынша өзіңді-өзің ұстау. Өзіңнің не өзіңмен сөйлесіп тұрған адамның
шамдана бастағанын байқасымен сөзді тоқтат деп кеңес береді Л.Н.Толстой.
Ашу нашар кеңесші. Біз өзімізге қойылатын талапты білгенімізбен
педагогикалық әдепті көбіне шамданған кезде бұзамыз. Ашуланғанда талап ұмыт
қалады.
Білімді бағалау. Оқушылардың басым көпшілігінде қанағаттанарлықсыз
(немесе күткендегіден төмендеу) баға теріс сезім тудырады. Ал кейбір
оқушылар үшін ол- барып тұрған қайғының өзі. Мұндай жағдайда оқушылар
ерекше кінәмшіл, ал олардың көрінер көзге немкеттілігі- кейбір
мұғалімдердің , дәл мұғалімдер тарапынан бой көрсетуі мүмкін әдепсіздіктен
қорғану ғана, өйткені оқушылар жолдастарына сенімді, олар бірге күйінеді.
Мұғалім де ондай оқушылардың күйінішіне ортақ болып, олардың
қанағаттанарлықсыз бағаны уақытша сәтсіздік деп қабылдауларына
көмектесулері керек.
Педагогикалық тактика. Ол мұғалімде оқушыға әсер етудің жағдайға
қарай орағытуға болатын әр түрлі құралдарының мол қоры болуын ескереді.
Онда бір сөз тіркесін сан құбылтып айтатын алуан түрлі дауыс ырғағы,
күлімсіреу, әсерлі көзқарас, ым-қимылдардың жинақталған шоғыры, тұрақты сөз
нұсқаларының, мәтелдердің айтарлықтай қоры, сондай-ақ бірқатар артистік
қимылқозғалыстар және шешендік тәсілдер қоры болуы тиіс.
Мұғалімнің сырттай қолайсыздығы да ішкі қолапайсыздық сияқты оқушыға
әсер ету мүмкіндігін шектей түседі. Сан құбылатын дауыс ырғағы байлығының
ішінен тек бажылдауды, ал бар сөздік құралдарынан: Қимылдама! Үніңді
шығарма! Сөйлемей отыр деген сияқты мезі болған сөздер жиынтығын
қолданатын, техникалық жағынан қаруланбаған мұғалімнің табысқа жетуі
шамалы болады. әсер етудің бірөңкей құралдарын ұзақ уақыт пайдалана беруге
болмайтыны белгілі. Олар тозады. Егер ондай педагог тактикасын
өзгертпесе, ол өз оқушыларының көңілін таппайды, силастығына жетпейді,
сүйіспеншілігіне ие болмайды. Бала жанын жараламау, ренжітпеу, әсер етудің
әдепке жат құралдарын қолданбау үшін мұғалімнің қаншама алуан түрлі
әдістерді меңгеруі қажет екенін елестетіп көруге болады.
Педагогтық әдеп пен педагогтық тактиканың оқушыларға ықпал етуі
мүмкіндіктері мол, оларды қолданудың өрісі кең. Сабақта және үзілісте,
мектепте және мектептен тыс жерлерде, оқушылардың оқуға деген ынтасы мен
моральдық көзқарастарын қалыптастыруда, сенімділік пен сыпайылыққа
тәрбиелеуде т.б. айнымас әрі ізгі көмекшілеріміз.

2.2 Педагоктық әдеп және педагогтық қарым-қатынас.
Оқушылармен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХХІ ғасыр педагогының педагогикалық тактісі және қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру жолдары
Болашақ педагогты жеткіншектердің көркемдік мәдениетін қалыптастыруға даярлау
БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРДЫҢ СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Педагогтық әдеп, шеберлік туралы жалпы түсінік
Педагогикалық шеберлік атты арнаулы курс
Педагогикалық мәдениеттің компоненттері
Сабақтарда педагогикалық қарым-қатынасты ұйымдастырудың технологиялық ерекшеліктері
Педагогикалық біліктілік
Педагогикалық шеберлік педагогикалық мәдениеттің компонентті ретінде мәні мен мазмұны
Педагогикалық шеберлік элементтері
Пәндер