Информатикадан зертханалық және практикалық жұмыстарды өткізу әдістемесі


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 5
1. ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1. 1. Информатика пәнінің әдістемесі мен оқыту технологиясы . . .
1. 2. Информатиканы оқыту формалары мен әдістері . . .
1. 2. 1 Информатиканы оқыту әдістері және олардың жіктелінуі . . .
1. 3. Қазіргі оқытуды ұйымдастырудың формалары, олардын әртүрлілігі мен
дамуы . . .
1. 3. 1 Замануи сабақтарды ұйымдастыру формалары . . .
1. 3. 2 Замануи сабақтың құрылымы . . .
2. ИНФОРМАТИКАДАН ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ӨТКІЗУ ӘДІСТЕМЕСІ
2. 1 Зертханалық жұмыс - информатика сабағын ұйымдастыру әдісі ретінде
2. 1. 1 Зертханалық жұмыс туралы түсінік . . .
2. 2 Зертханалық жұмыстардың жіктелуі және оны өткізу әдістемесі . . .
2. 3 Зертханалық жұмыстың мақсаты мен міндеттері . . .
2. 4 Информатикадан практикалық сабақтарды өткізу әдістемесі . . .
3. ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . .
ҚОСЫМШАЛАР . . .
КІРІСПЕ
Қоғамның қазіргі даму кезеңіндегі ізгілендіру мен демократияландыру еліміздің білім беру жүйесіндегі негізгі қағидалар болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында « . . . орта білім беру жүйесін қазақстандық қоғам дамуының және әлемдік білім беру кеңістіне кірігу шарттарының қазіргі заманғы талаптарға сәйкес жаңғыртуды талап етеді» деп атап көрсетілген.
Ақпарттың, интеллектуалды өнімнің және идеялардың еркін қозғалысы жаһандандырудың бір факторы, сонымен қатар нәтижесі болып табылады. Жалпы тәуелсіздік алған жылдары ескі стереотиптердің шайқалуы мен жаңа демократиялық құндылықтардың және жаңа саяси және құқықтық мәдениеттің қалыптасуына байланысты қазақстандықтардың көпшілік көзқарасы өзгерді. Жас ұрпақ жаңа идеяларға ашық, жаһанша және болашақ санатында ойлайды.
Осындай себептерге байланысты қазіргі педагогтардың алдына қойылған мәселелердің бірі, оқушылардың бойында оқу үрдісіне деген жаңа көзқарасты қалыптастыру.
Білім беру процесі - ақпараттық қоғам жағдайындағы жас өспірімдерді жан-жақты даярлайтын үрдіс болуы керек. Сондықтан білім беру жүйесіндегі компьютерлерді пайдаланудың маңызы зор. Өйткені компьютер адам қызметінің барлық саласында еңбек өнімділігін арттыру құралына айналады. Компьютерді мектепте оқытуды практикаға енгізу әлеуметтік, экономикалық, теориялық және практикалық сипаттағы түйінді мәселелерге жол ашып отыр. Атап айтқанда, ғылыми-техникалық прогрестің тез өсу қарқынды жоғары деңгейлі мамандар даярлауда жаңаша оқыту әдістерінің қажеттігін алға қоюда.
Қазіргі замандағы ақпараттық технологиялар білім беру үрдісінде оқушының қабілетін дамытуға мүмкіндік береді, және оқушының танымдық іс-әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері артады. Қазіргі кезде информатика курсын мектепте оқытудың айтарлықтай тәжірибесі жинақталды. Дегенмен, информатиканы оқыту барысында оқушылардың зертханалық және практикалық жұмыстарын өткізу әдістері бүгінгі күні өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Әдістемелік тұрғыдан алғанда зертханалық және практикалық жұмыстар - оқушылардың құралдармен жұмыс істеу біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру әдісі. Информатикадан оқушылардың зертханалық және практикалық жұмыстары пәнді оқыту үрдісінің негізгі құрауыштары болып табылады. Информатика пәнінде негізгі құрал ретінде компьютер пайдаланылады және соның көмегімен оқушылар әртүрлі құбылыстар мен заңдылықтардың өзгеруін байқайды. Осы жұмыстарды орындау барысында олардың бойында өз бетіндік, істеген жұмыстарын талдауға, оған қорытынды жасауға қабілеттері байқалады. Жеке тұлғаның шыдамдылық, табандылық, жаңалық ашуға ұмтылыу, зерделеушілік тәрізді жақсы мінез ерекшеліктері көрініс алады.
Сондықтан, дипломдық жұмыстың тақырыбын « Информатикадан зертханалық және практикалық сабақтарды өткізу әдістемесі» деп алуымыздың себебі осындай өзекті мәселелерді шешу жолдарын көрсету болып табылады.
Зерттеу мәселелері: информатикадан зертханалық және практикалық жұмыстарды өткізу барысында қандай психологиялық - педагогикалық және әдістемелік ахуалдарға көңіл бөлу керектігін анықтау.
Зерттеу нысаны: зертханалық және практикалық жұмыстарда информатиканы оқыту үрдісі.
Зерттеу пәні:
Зерттеу пәні ретінде орта мектептің 7-11 сыныптарында информатикадан өткізілетін зертханалық және практика сабақтары.
Зерттеу мақсаты:
информатикадан зертханалық және практикалық жұмыстарды жоғары деңгейде өткізуде психологиялық - педагогикалық және әдістемелік ұйымдастырудың қажетті және жеткілікті шарттарын анықтау.
Зерттеу міндеттері:
1. Зерттеу мәселелеріне байланысты ғылыми-әдістемелік, психологиялық және педагогикалық әдебиеттерге талдау жасау.
2. Информатикадан зертханалық және практикалық жұмыстарды тиімді түрде өткізуге септігін тигізетін жағдайларды анықтау.
3. Информатикадан зертханалық және практикалық жұмыстарды жоғары деңгейде өткізуге септігін тигізетін негізгі әдістемелік критерийлерді ашып көрсету.
Зерттеу гипотезасы: Информатикадан зертханалық және практикалық жұмыстарды өткізу тиімділігі артады, егер оқу үрдісінде төмендегідей шарттар орындалса:
- Оқушылардың жас ерекшеліктеріне, бағдарламалар мен талаптардың арасында сәйкестіктер қойылса;
- Оқушылардың таным белсенділік әрекеттерін арттыру үшін оқу-тәжірибелік қызметтің әртүрлі әдістері, тәсілдері мен түрлері қолданылса;
- Сабақтағы қойылған мәселелерді шешуге бағытталған, оқушылардың қызығушылықтарын арттыратын жеке және ұжымдық әрекеттері дұрыс ұйымдастырылса.
Диплом жұмысы үш бөлімнен тұрады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, суреттер және кестелермен қамтылған екі бөлімнен, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
1. ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1. 1. Информатика пәнінің әдістемесі мен оқыту технологиясы
Оқытуды ұйымдастырудың негізгі қағидалары. Оқытуды ұйымдастырудың негізіне мына айқындалған қағидалар жатады:
- үздіксіздік - оқытудың барлық кезеңдеріндегі сабақтастықты есепке ала отырып, оқытудың мазмұндылығы мен білімді бақылаушылық жүйесін құру арқылы жасалады;
- сызықты емес - білім беру үрдісінің қатысушыларының мүмкіндіктері мен әлеуметтік тапсырысқа қатысты, оқыту мен бақылау жүйесінің дамуы мен мазмұнын өзгертуге рұсат етіледі;
- өзін-өзі ұйымдастыру - оқытуды ұйымдастырудың оңтайлы өзін-өзі жоғарылытатын моделін таңдау мүмкіндігін ұсыну арқылы жасалады;
- ашықтылығы - пәнаралық тәсілде оқытудың мазмұнын құрумен негізделеді және бағдарлама мен бақылау жүйесін дайын ақпараттық блоктардан жобалау мүмкіндігін болжайды.
Қазіргі білім берудің ең басты мақсаттарының бірі - оқушыларды өмірге бейімдеу, өз бетімен білім алуға дағдыландыру, алған білімін жасампазды қолдануға икемдеу екені белгілі.
Педагогикада, дәстүрлі педагогикалық, әдістемелік және дидактикалық жүйелерге қарағанда, педагогикалық технологиялар немесе оқыту технологиялары зор маңызға ие болып озық дамуда.
«Педагогикалық технология» термині шетелде, өткен ғасырдың 60-жылдарында пайда болды. Содан бері әр елдерде, мысалы АҚШ-та, Жапонияда «Педагогикалық технология», Англияда «Педагогикалық технология және оқыту процесі» журналдары баспаға шыға бастады. Ал ЮНЕСКО-ң халықаралық білім беру бюросының бюллетені «Педагогикалық технологиялар» топтамасын шығарды.
«Оқыту технологиясы» ұғымы 60-жылдардың аяғында пайда болып, 70-жылдары көптеген жақтаушыларға ие болды. Қазіргі уақытта, ол педагогикалық сөздікке бекем енді. Әйтсе де, оны түсіну және қолдану әртүрлі болуда.
Қазіргі заманның педагогикалық теориясында жаңа оқыту технологиясын мектепке енгізуде бірінші зерттеу жүргізген академик В. Беспалько болатын. Оның айтуы бойынша - «Педагогикалық технология - бұл оқу үрдісін жүзеге асырудың мазмұнды техникасы».
Ал жаңа технологияның жеке сұрақтарын зерттеген және «Модульді оқыту технологиясын» енгізген В. М. Монаховтың пайымы бойынша - «Педагогикалық технология - бұл оқушы мен мұғалімге барлық жағдай жасау арқылы оқу үрдісін жобалау, ұйымдастыру және өткізу бойынша бірлескен педагогикалық іс-әрекеттің жан-жақты ойластырылған моделі».
«Педагогикалық технология - техникалық және адами ресурстарды, олардың өзара байланысын ескере отырып, оқыту және білімді игерту үрдістерін құрайтын, қолданатын және белгілейтін, білім беру түрлерін оңтайландыруды міндет санайтын жүйелі әдіс» (ЮНЕСКО) .
Дегенмен, әдебиеттерде, мысалы: «массив ұғымын енгізу әдістемесі», «бағдарламалауға оқыту әдістемесі», «ақпараттық технологияларды оқыту әдістемесі» және т. б сөз тіркестері кездеседі. Мұндағы «әдістеме» ұғымы мүлдем басқа мағына беретіні анық, ол «алгоритм», «әдіс», «технология» түсініктеріне жақын.
Осыған байланысты, «әдістеме» және «технология» ұғымдарын бөлу мәселесі туындайды.
А. В. Хуторской айтқандай, «оқыту теориясы бәріне барлығын (жалпы дидактика) және жеке оқу пәнін оқыту немесе белгілі типті мекемелерінде оқыту теориясы (дербес дидактикалар) болып ажыратылады. Дербес дидактикалар оқыту мәселелерін сәйкес оқу пәндеріне қарай үйлестіреді және де әр түрлі деңгейде - бала-бақшадан бастап орта және жоғарғы оқу орындарына дейін. Дербес дидактикаларды оқыту әдістемелері деп те атайды. Олардың мақсаты - сәйкес оқу пәнін немесе пәндер тобын оқыту үрдісінде оқыушыларды дамыту және тәрбиелеу, оқыту құралдары және жолдары заңдылықтарын зерттеу».
Г. К. Селевко педагогикалық технология ұғымын үш иерархиялық деңгейін бөліп көрсетеді:
- бүтіндей білім беру үрдісін сипаттайтын жалпы педагогикалық немесе жалпы дидактикалық (аймақта, оқу орнында, оқу деңгейінде), синонимі - «педагогикалық жүйе»;
- бір пән, сынып, мұғалім және т. б аясындағы білім беру үрдісін сипаттайтын жеке әдістемелік немесе пәндік деңгей, синонимі - «жеке әдістеме»;
- оқшауланған немесе модулдік деңгей, яғни оқу тәрбиелік үрдістегі жеке элементтер технологиясы (ұғымдарын қалыптастыру, бақылауды ұйымдастыру, жаңа білімді игеру және т. б) .
Сонымен мынадай бастапқы тұжырымды қабылдайық:
Информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесі (информатиканы оқыту әдістемесі) - кез келген жас шамасында және кез келген ұйымдастырушылық-әдістемелік оқыту түрінде инфорамтиканы үйрету объектісі болып табылатын педагогикалық ғылым.
«Технология» сөзі грек тілінде «techne» - өнер, шеберлік және «logos» - ғылым, заң дегенді білдіреді. Сөзбе-сөз аударғанда, технология - шеберлік туралы ғылым болып табылады. Кез келген технологияның негізхгі өзіндік белгілері болады: ол процессуалды категорияға жатады; объектінің жағдайын өзгерту әдістерінің жиыны түрінде ұсынылуы мүмкін; экономикалық үрдістерді тиімді жобалауға және пайдалануға бағытталады.
Сонымен, технологияның әдістемеден айырмасы, мына сипаттамалардың болуымен анықталады:
- аспаптылығы- яғни, мақсатқа кепілді жеткізетін, қатал анықталған орындау нұсқамалар жүйесінің болуы;
- жаңғырталамдығы(орысша - воспроизводимость) ;
- кепілді және өлшемдінәтиженің болуы.
Технологиялық оқытудың мәселелерін қарастырудың осыған ұқсас сипаттамалары М. Е. Бершадскийдің, И. П. Волковтың, В. ВГузееваның, М. В. Клариннің, В. Ю:Пиюкованың, В. П. Тихомированың, П. М. Эрдиневтің және басқа да ғалымдардың еңбектерінде ұсынылған.
Қазақстандық педагог зерттеушілерден М. Ж. Жадрина, Н. Н. Нұрахметов, Ж. А. Қараев (деңгейлеп оқыту технологиясы), Ж. У. Кобдикова, М. М. Жанпейсова (модульді оқыту технологиясы) атауға болады.
Ресейлік және шетел авторларының (Б. П. Беспалько, Б. С. Блум, М. В. Кларин, И. Марев, Г. К. Селевко және т. б) педагогикалық технологиялар мәселері бойынша еңбектерін сараптаудың нәтижесінде, педагогикалық технологияға ғана тән белгілер анықталды, олар:
Тұжырымдамалық
(орысша - концептуальность, ғылыми негіз) - әрбір педагогикалық технологияда білім беру мақсаттарына жетудің өзіне лайық белгілі бір ғылыми негіздемесі, ғылыми концепцияға тірегі болуы тиіс.
Жүйелілік - педагогикалық технологияда жүйенің барлық: үрдістің логикасы; барлық бөліктерінің арасындағы байланыс тұтастық белгілеріне ие болуы керек.
Диагностикалық мақсатты құру және нәтижелілігі - мақсаттарға кепілді жету және оқыту үрдісінің тиімділігі.
Басқарушылық - диагностикалық мақсатты тұжырымдау мүмкіндігі; жоспарлау; оқыту үрдісін жобалау; сатылық диагностика; нәтижелерді түзету үшін құралдармен және әдістермен түрлендіру.
Тиімділік - нәтижелер тиімділігі мен шығынның оңтайлылығы, қысқа мерзімде оқытудың жоспарланған нәтижелеріне жету кепілдігі.
Іс-жүзінде қолданымдылығы (алгоритмденуі, жобалануы, бүтіндігі, басқарымдылығы) - педагогикалық технологияларды басқа да ұқсас білім беру мекемелерінде, басқа субъектілермен қолданылу мүмкіндігі.
Түзетімділігі - тұрақты түрде жедел кері байланысу мүмкіндігі.
В. П. Беспалько тіпті басқа қағиданы ұстанып: «белгілі бір шартпен өтетін кез келген үрдістер осы шарттармен бірлесіп, жүйе деп аталады. Педагогикалық үрдістерді іске асыратын жүйелерді, педагогикалық жүйелер деп атайды. »- дейді.
Ол педагогикалық жүйелер құрылымын өзара байланысқан екі топқа бөледі: педагогикалық қалыптастыратын элементтер тобы (оқушылар, білім беру мақсаттары, білім мазмұны) және педагогикалық технологияларды түзетін элементтер тобы (оқу үрдісі, оқытуды ұйымдастыру, мұғалім және/немесе оқыту құралы) .
Педагогикалық технологиялардың терең мағынасын В. П. Беспалько былай тұжырымдайды:
- кездейсоқтан шығып, алдын ала жобалауға көшу;
- оқушылардың оқу-танымдық әрекетінің құрылымын және мазмұнын дайындау;
- оқушылардың жаңа материалды игеру және диагностикалық мақсат қою;
- оқу-тәрбиелік үрдіс компоненттерінің мазмұны мен құрылым бүтіндігінің қағидасын жүзеге асыру.
Қазіргі педагогикада білім беру жүйесі компоненттерінің (мақсаттардың, мазмұнның, әдістердің, оқыту түрлері мен құралдарының) тұтастығы туралы түсінік қалыптасты. Білім беру мазмұны білім беру технологиясының маңызды бөлігі ретінде, көп жағдайда оның процессуалдық бөлігін (әдістер мен құралдар жиынтығын) анықтайды.
Нақты пән саласында білім беру мазмұны өзгерген кезде, тиісінше оқыту мақсаттары да өзгереді, ал оған байланысты әдістемелер мен оқыту технологиялары да өзгерері анық.
1. 2. Информатиканы оқыту формалары мен әдістері
Оқытуды ұйымдастырудың формалары - белгілі бір тәртіпте және мезгілде жүзеге асырылатын оқытушы мен білім алушылардын бірлескен іс-әрекетінің сыртқы көрінісі. Олар әлеуметтік тұрғыда шартты, дидактикалық жүйелердің дамуымен байланысты пайда болып жетілдіріліп отырылады.
Білім берудің даму тарихында әртүрлі оқыту жүйесінде оқыту фармасының біреуі басымдықта қолданылды: жекелік-топтық (орта ғасыр мектептерінде), өзара оқыту (Англиядағы бёлланкастер жүйесі), білім алушылардың қабілетіне қарай саралап оқыту (мангеймдік жүйе), бригадалық оқыту (кеңес мектебінің 20 жылдары), американдык «Трамп жоспары», онда уақыттын 40% - үлкен топтарда (100-150 адам), 20% - кіші топтарда жэне 40% - жеке оқуға бөлінді.
Дүниежүзінде ең көп тараған оқытудың сынып-сабақ жуйесі болды. Ол XVII ғасырда пайда болып, міне, үш ғасырдан астам уакыт бойы дамып келеді. Оның сұлбасын неміс педагогы И. Штурм (1537- 1582) жасады ал, Я. А. Коменский (1592-1670) оның теориялық негізін салып, практикада жүзеге асырды.
Оқытудың сынып-сабақ формасының ерекшеліктері: шамамен бір жастағы және даярлык деңгейі бірдей білім алушылардын тұракты кұрамы; әрбір сынып өзінің жылдык жоспарына сәйкес жұмыс істейді (оқытуды жоспарлау) ; оқыту үрдісі жекеленген өзара байланысты, бірінен кейін бірі жүретін бөліктер (сабақтар) түрінде жүзеге асырылады; әрбір сабақ тек бір пәнге арналады (монизм) ; сабақтардың тұракты түрде ауысып отыруы (сабақ кестесі) ; педагогтің жетекші рөлі (педагогикалық басқару) ; білім алушылардың танымдык іс-әрекетінде әрқилы түрлерді және формаларды колданады (іс-әрекеттің вариативтілігі) .
Оқыту формалары - мұғалім мен оқушы арасында мақсатты, нақты ұйымдастырылған, мазмұны толыққан және әдістемелі қамтамасыз етілген, танымдық және тәрбиелік қарым-қатынастың өзара әрекеттестік жүйесі. Оқыту формасы мазмұнның, оқыту құралдары және әдістердің мақсатты ұйымдастыру тұтастығы негізінде жүзеге асырылады.
В. Г. Крысько оқыту формаларын үш топқа: жоспарлы-оқыту (сабақ, дәріс, семинар, үй жұмысы, емтихан және т. б), жоспардан тыс (бригадалы-зертханалық сабақтар, консультация беру, конференциялар, үйірмелер, экскурсиялар, ілгерілету бағдарламасы бойынша сабақтар) және қосымша (топтық және жеке сабақтар, теңестіру топтары, репетиторлық) деп бөледі.
Қазіргі көптеген басылымдарда жалпы оқу формалары және оқу-тәрбиелік процесті ұйымдастыру формалары болып ажыратылады.
Жалпы оқу формалары - жаппай, ұжымдық, топтық, жұптық, жеке және оқушылардың ауысымды құрамы деп бөлінеді. Жалпы оқу формалары негізін - оқушылардың өзара және мұғаліммен оқушылар арасындағы ерекше коммуникативті әрекеттестіктері құрайды.
Жаппай оқыту формасы - оқушылардың бәрі бір мақсатта, бірыңғай екпінмен бір мазмұнды немесе бірдей әрекеттерді игергенде қолданылады, мұғалімнің бүкіл сыныппен жұмыс жасауы болжанады. Бұл, ауызекі, көрнекі, практикалық әдістерді, сондай-ақ білімді бақылау үрдісінде жүзеге асырғанда қолданылатын, оқуды ұйымдастырудың дәстүрлі түрі, информатика сабағында өз мәнін жойған жоқ.
А. И. Бочкин айтқандай, компьютердің ықпалы мұғалімнің көрсеткенін оқушылардың дереу жаңғыртып орындау мүмкіндігімен айқындалады. Бұл ретте, мұғалім оқушылардың жаппай және жеке жұмыс әрекеттерін ұйымдастыру және бағдарламалық басқарумен қатар, олардың компьютерлерін сәйкес режимдерге (жаппай немесе жеке әрекеттерін) ауыстырып, сондай-ақ ортаның бірыңғай жағдайын орнатады.
Оқытудың жаппай формасында оқуышлардың іс-әрекеттері мұғалімнің басқаруымен жүзеге асатыны айқын. Бірақ, әрекеттердің жалпы тәсілдерін игерген сайын, оқушылардың жұмысы да жекелене түсетінін (көмек сұрамайды) айта кету керек.
Ұжымдық оқыту формасының жаппай оқытудын айырмашылығы, сынып оқушыларының арасында лидері бар қарым-атынас ерекшеліктерімен қалыптасқан жеке ұжым ретінде қарастырылады.
Топтық оқыту формасында - оқушылар әртүрлі негізінде, алуан түрлі мерзімге құралатын топтарда жұмыс жасайды. Бұл компьютерлік техниканы қолданғанда оқытудың әдеттегі түрі, мысалы, жаңа бағдарламалық өнімдерді игергенде, жобалармен жұмыс жасағанда, компьютер тапшы болғанда және т. б жағдайларда. Топтың ішінде қарқынды ақпарат алмасу пайда болады, сондықтан деңгейі және ынтасы әртүрлі оқушылардан құралған топтарда топтық оқыту түрін қолдану тиімді болады.
Жұптық оқыту - негізгі іс-әрекет тапсырманы өзара талқылап, бірін-бірі оқытып, бірін-бірі бақылап отыратын екі оқушы арасында жүзеге асады. Белгілі бір кезекпен оқушылардың жұптарын ауыстырып оқыту формалары бар, сол арқылы жұптық оқыту түрін ұжымдық оқытумен біріктіруге мүмкіндік береді.
Жеке оқыту формасы - мұғалімнің бір оқушымен ғана жұмыс жасауы (сабаққа қосымша дайындық, тьюторлық жұмыс, кеңес беру және т. б) . Зертханалық жұмыс кезінде сабаққа дайындықсыз келген оқушыларды теориялық материалды қосымша оқыту үшін ЭЕМ-нен алшақтату да кейде пайдалы. Оқытуды ұйымдастыру түрі - уақытпен шектелген оқыту үрдісінің жеке буынының құрылымы.
Оқытуды ұйымдастыру формасы - бұл тарихи қалыптасқан, өзіне тән жүйелілік пен тұтастық, өздігінен даму, жеке тұлғалық пен әрекеттілік сипаты бар, қатысушылардың құрамы тұрақты, сабақты өткізудің белгілі бір тәртібі бар, орнықты және логикалы аяқтаған педагогикалық үрдістің ұйымдастырылуы.
ЭЕМ жекелеп оқыту формасын қайтадан жаңғыртты. Педагогикалық бағдарламаларды және мультимедиа курстарының таралымын көбейту мен Интернет ресурсын пайдалану арқылы оқытудың жаппай формаларының мына: ең үздік мұғалімдерден сабақ алу, ақпараттың әртүрлі көздерін пайдалану артықшылықтары сақталады. Компьютер жаппай және жеке оқыту арасындағы қайшылықты жояды. Мұғалімнің ең маңызды міндеті - оқушылардың өзіндік танымдық дағдыларын қалыптастыру .
Оқытудың сыртқы формалары - сабақтың белгілі бір түрін - сабақ, дәріс, семинар, саяхат, практикум, факультативтік сабақ, емтихан, пәндік және техникалық шығармашылық үйірмелер, оқушылардың ғылыми қауымдастықтары және т. б білдіреді. Олар мақсаттан, мазмұннан, әдістерден, оқыту құралдарынан, оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынастардан тұратындықтан, өзара біріктіруші рөлін атқарады.
Оқытудың қосымша ұйымдастыру формалары , білімдегі кемшіліктердің орнын тьолтыру, біліктілікті және дағдыларды қалыптастыру, оқу пәніне жоғары ынтаны қанағттандыру мақсатына арналады. Қосымша сабақтарда әртүрлі көмектесу формалары ұйымдастырылуы мүмкін: жеке сұрақтарды түсіндіру, нашар оқушыларды жақсы оқушыларға бекіту, тақырыпты қайта түсіндіру.
Пәнді тереңдетіп оқу және танымдық қызығушылығын арттыру үшін, жеке оқушылармен жоғары қиындықты есептер шығарылады, бағдарламадан тыс ғылыми проблемалар талданады, қызығушылықты тудырған проблема бойынша өз бетімен игеруге бағытталған нұсқаулар беріледі.
Қосымша сабақтармен кеңес беру тығыз байланысты. Олар ағымды, тақырыптық және жалпылама (мысалы емтиханға немесе сынаққа дайындалғанда) болып бөлінеді.
Сабақта компьютерді пайдаланудың ұйымдастыру формалары - көрсету (демонстрациялау), жаппай зертханалық жұмыс және жаттықтыру (практикум) сабақтары болады.
Көрсету (демонстрациялау) . Көрсету экранын пайдалана отырып, мұғалім оқушыларға курстың алуан түрлі оқу элементерін (ингфтерфейс элементін, бағдарламалардың үзінділерін, сызбаларды, мәтіндерді және т. б) көрсетеді. Оқыту барысында мұғалім ЭЕМ-де жұмыс істесе, оқушылар оның әрекеттерін бақылап отырады немесе өз компьютерінде мұғалімнің соңынан қайталап отырады. Көрсетудің негізгі дидактикалық қызметі - оқушыларға жаңа мәліметті жеткізу.
Зертханалық жұмыс (жаппай) информатика кабинетіндегі негізгі жұмыс түрі болып табылады. Оқушылар бір мезгілде өз жұмыс орындарында тиісті бағдарламалық құралдармен жұмыс істейді.
Жаппай зертханалық жұмыс кезіндегі мұғалімнің басты рөлі- оқушылардың жұмысын бақылау (оның ішінде жергілікті желі арқылы), оларға шұғыл көмек көрсетіп отыру.
Пайдаланылатын бағдарламалық құралдардың әртүрлі дидактикалық мақсаты болуы мүмкін: жаңа тақырыпты меңгерту (мысалы, оқытушы бағдарламалардың көмегімен), жаңа тақырыпты бекіту (мысалы, жаттықтырушы бағдарлама арқылы), алған білімдерін немесе операциялық дағдыларын тексеру (бақылаушы бағдарламалардың немесе компьютерлік тестілердің көмегімен) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz