Мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін дамыту


КЕЛІСЕМІН: БЕКІТЕМІН: ҚКТ: Г. Елшибекова Мектеп директоры
Б. Баскарова
Түркістан облысы Арыс қаласының «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
«Б. Кенжебаев атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
МЕКТЕПТІҢ ДАМУ БАҒАРЛАМАСЫ
Бекітілген уақыты 28. 08. 2023ж. №1 педагогикалық кеңес
Даму бағдарламасы білім беру ұйымында болуы заңмен бекітілген міндетті жергілікті акт болып табылады.
Даму бағдарламасы-орта мерзімді перспективада білім беру ұйымын дамытудың стратегиялық бағыттарын
айқындайтын стратегиялық құжат.
МАЗМҰНЫ І. ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ . . . 1. 1. Кіріспе 1. 2. Ағымдағы жағдайы мен ұзақ мерзімді мақсаттарды ескере отырып, дамыту перспективаларының сипаттамасы;
ІІ. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ТАЛДАМАЛЫҚ ЖӘНЕ БОЛЖАМДАУ НЕГІЗДЕМЕСІНІҢ БЛОГЫ, SWOT-ТАЛДАУ . . .
2. 1. Ағымдағы қызметінің жай-күйін, негізгі проблемаларды және олардың себептерін талдау: 2. 2. Инновациялық әлеуетін бағалау; 2. 3. Педагогтар мен олардың кәсіби бірлестіктерінің дамытудың перспективалары мен бағыттары туралы пікірлерін зерделеу;
2. 4. Білім беру ұйымдарында ұсынылған өзгерістерінің күтілетін салдарын болжау, өзгерістер тәсілдері мен нысандарын ұсыну; 2. 5. Білім беру процесінің мазмұнына қанағаттану дәрежесін зерделеу үшін тәрбиеленушілердің/білім алушылардың ата-аналарынан сұхбат алу және сауалнама жинау:
ІІІ. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАЙЫМЫ. БАҒДАРЛАМА ҚАРАСТЫРАДЫ . . . 3. 1. Өзекті (анықталған проблемаларды шешуге және белгіленген мақсатқа жетуге бағытты) ; 3. 2. Реализм (қолда бар ресурстарды ескере отырып, білім беру ұйымының мүмкіндіктері) ; 3. 3. Кешенділік
IV. БАҒДАРЛАМАНЫҢ МИССИЯСЫ . . . 4. 1. Мектептің барлық тұтынушыларының мүдделерін ескере отырып, тағайындаудың стратегиялық нысаналы қондырғысы; 4. 2. Мектеп қызметінің бірегейлігі.
V. БАҒДАРЛАМАНЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ БЛОГЫ : . . . 5. 1. Мектептің орны және рөлі; 5. 2. Болашақта білім беру ұйымын тиімді жұмысты қамтамасыз ету мақсатында дамытудың стратегияларын таңдау және кезеңдерін болжау; 5. 3. инновациялық әлеуетін дамыту және оған қол жеткізу;
VI . БАҒДАРЛАМАНЫҢ ҚОЙЫЛАТЫН МАҚСАТЫНА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ЖОЛДАРЫ : . . . 6. 1. Бағдарламаны іске асыру жоспарын әзірлеу; 6. 2. Бағдарламаның мақсаттарына, міндеттеріне уақтылы және толыққанды қол жеткізу және күтілетін нәтижелерге қол жеткізу үшін оны іске асыру жөніндегі іс-қимылдарды ұйымдастыру және үйлестіру.
VIІ. БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУ БАРЫСЫНДА КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕРДІҢ СИПАТТАМАСЫ: . . . 7. 1. Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде қол жеткізілетін оң өзгерістер; 7. 2. Күтілетін нәтижелер Бағдарламаны іске асыруды аяқтау мерзіміне сапалық және/немесе сандық түрде тұжырымдалады. VIІІ. Бағдарламаның нысаналы индикаторлары туралы ақпарат
І. ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
1. 1. Кіріспе
Даму бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) - бес жылдық кезеңге «Б. Кенжебаев атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде дамытудың жолдары мен негізгі бағыттарын айқындайтын стратегиялық құжат болып табылады. Қазақстандық білім жүйесі жаңғыру мен даму кезеңіне белсенді түрде қадам басты. Білім мазмұнын жаңарту, жоғары сыныптарда жаратылыстану ғылымдарын ағылшын тілінде оқыту, жан басына шаққандағы қаржыландыру, критериалды бағалау жүйесінің енгізілуі, білімнің қолданбалылығын қамтамасыз ету жолдары, техникалық шығармашылықты дамыту мектептерде табысты іске асуда. Осындай өзгерістер мен жаңғыру процесі әрбір мектептің жекелей даму траекториясын анықтауды талап етеді. Бағдарлама «Б. Кенжебаев атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2029 жылға дейінгі даму кезеңдерін, даму бағыттарын және нақты іс-шаралар жүйесін қамтиды.
1. "Білім Туралы" Қазақстан Республикасының Заңы
2. "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы
3. Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 249 қаулысы.
4. "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" (ҚР Білім Министрінің 2022. 08. 03 № 348 бұйрығы, 2022. 09. 23 № 406 өзгертулерімен) https://adilet. zan. kz/rus/docs/V2 200029836#z8
5. "Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" (ҚР БҒМ 17. 06. 2015 ж. № 391 бұйрығы) https://adilet. zan. kz/rus/docs/V1 500011716
6. "Білім беру деңгейлері бойынша сапаны қамтамасыз ету жөніндегі басшылықты бекіту туралы" (ҚР БҒМ 2022. 06. 23 № 292 бұйрығы) https://online. zakon. kz/Docume nt/?doc_id=37431780
7. «Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын дамыту бағдарламасының құрылымын және оны әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 28 тамыздағы № 273 бұйрығы.
8. «Түркістан облысы білім басқармасы Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Б. Кенжебаев атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің жарғысы.
«Б. Кенжебаев атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ
1. Мектеп әкімшілігі
2. Әдістемелік бірлестік жетекшілері.
- Оқу мен оқытудың инновациялық ортасын құруда педагогикалық ұжымның кәсіби дамуы мен шеберліктерін жетілдіру;
- Бәсекеге қабілетті, өмірлік дағдыларын қалыптастыра алатын оқушы тұлғасын дайындау
Міндеттер:
1. Сапалы білімге қол жеткізетін тиімді оқыту;
2. Мектептің тұрақты дамуына қажетті материалдық-қаржылық ресурстарды қамтамасыз ету.
3. Білім алушылардың үйлесімді дамуы үшін эмоционалды-интеллектуалды орта құру;
4. Педагогикалық процессті цифрландыру;
5. Ата-аналармен, қоғаммен, сыртқы ортамен тиімді коммуникация орнату;
6. Ұлттық құндылықтар негізінде жаһандық жаңалықтарға үлес қосатын патриот азаматтар қалыптастыруға бағытталған тәрбие кеңістігін қалыптастыру;
7. Педагог қызметкерлердің кәсіби потенциалын арттыру: іс-әрекеттегі зерттеу (AR), коучинг, менторинг, LS, т. б.
2023-2028 оқу жылдарына арналған бағдарламаны іске асыру мерзімдері
1 кезең 2023-2024 жж.
-Оқу жоспарының, бағдарламаның орындалуын ұйымдастыру.
-Мектеп мұғалімдерінің үздіксіз әдістемелік және психологиялық оқытужүйесін құру;
-Оқушыны психологиялық, педагогикалық тұрғыда диагностика арқылы зерделеу;
-Талдау жасау, ақпарат банкін құру.
2 кезең 2024-2026 жж.
- Мұғалімдердің ғылыми-әдістемелік деңгейін, кәсіби біліктілігін, шеберлігін дамыту;
-Педагогикалық және инновациялық технологияларды меңгеру және енгізу;
- Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мақсатындажүйелі жұмыстар жүргізу;
3 кезең 2027 -2028 жж.
-Шығармашылықпен жұмыс істеген мұғалімдердің шығару, іс-тәжірибелерін тарату;
-Бағдарламаны жүзеге асыру барысындағы нәтижелерді жинақтау, сараптама, талдау жасау, нақты ұсыныстар енгізу.
- Нәтижелерді рәсімдеу, қорытындылау.
- Оқу жетістігі артады (үлгерімі, білім алу деңгейі, білім сапасы) ;
- Эмоционалды-интеллектуалды орта қалыптасады;
- Цифрландырылған білім беру желісі құрылады;
- Қоршаған ортамен, ата-аналармен үйлесімді байланыс орнайды;
- Жүйелі іске асатын іс-әрекеттегі зерттеу, коучинг, менторинг, LS әрекеттері арқылы оқушылардың сыни ойлау, туындап жатқан мәселелерді көру және заманауи технологияларды қолдана отырып оларды шешу жолдарын табу іскерлігі қалыптасады.
- Ұлттық мәдениетті құрметтейді, салт-дәстүрлерді біледі, оны сақтайды.
1. 2. Ағымдағы жағдайы мен ұзақ мерзімді мақсаттарды ескере отырып, дамыту перспективаларының сипаттамасы;
Мектептің санитариялық -эпидемиологиялық сараптау бойынша
№X14XKZ41VWF00064857 03. 05. 2022 жыл қорытындысы бар.
«Арыс ауданының төтенше жағдайлар бөлімі» республикалык мемлекеттік мекемесінің 17. 03. 2023 жылғы №21 өрт қауіпсіздігінің нормаларын тексеру актілері бар.
Мектептің жабдықталған медициналық пунктпен қамтамасыз етілген. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау минстрінің «Білім беру ұйымдарының білім алушылары және тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсету қағидаларын бекіту тұралы» 2017 жылғы 7 сәуірдегі №141 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 0610DX болып тіркелген) (бұдан әрі -141 бұйрық) сәйкес медициналық қызметке лицензияның немесе балаларға медициналық қызмет көрсету құқығымен медициналық қызметке лицензиясы бар. Медкабинетке лицензия берілген лицензия нөмері №23012783 02. 06. 2023 жыл.
Мектеп мұғалімдерінің сапалық құрамы: барлығы 29 мұғалім, 1 кітапханашы, оның 28 % ерлерді, 72 % әйелдерді құрайды. Жас ерекшеліктер бойынша:
20-30 жастағы мұғалім -6 мұғалім- 20, 6%, 31-40 жастағы мұғалім -8 - 27, 6%, 41-50 жастағы мұғалім - 7- 24 %, 51-ден жоғары-8 мұғалім - 27, 5%
Еңбек өтілі бойынша :
0-3 жыл- 3 мұғалім-10, 3 %, 4-5 жыл - 3 мұғалім- 10, 3 %,
6-10 жыл - 3 мұғалім -10, 3 %, 11-15 жыл - 3 мұғалім-10, 3 %,
16-20 жыл- 5 мұғалім- 17, 2 %, 21-30 жыл - 6 мұғалім 16%,
30-дан асқан мұғалімдер 6 -20, 6% құрайды.
Педагогикалық еңбек өтілі:
№
6 жылдан
10 жылға дейін
1
№
30 жылға дейін
Педагогикалық
ұжымның орташа жасы
1
5
15
7
2023-2024 оқу жылында түрлі байқаулар, олимпиадаларға қатысқан оқушылар, мұғалімдердің жетістіктері есептелініп, мониторингтер шығарылды, қолдау мақсатында марапатталынды.
2023 жылдың 25 қыркүйек күні «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялар байқауының қалалық кезеңіне 9-сынып оқушысы Мұсағали Дінмұхаммед қатысып, жүлделі ІІ дәрежелі диплом иеленді. Жетекшісі физика пәні мұғалімі Г. Шадибекова.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аймақтық кезеңіне 9-11 сыныптардан 16 оқушы қатысты, ал қалалық кезеңіне 7 оқушы жолдама алды. Облыстан 2 оқушы жүлделі орын иеленді.
2024 жылы 07 наурыз күні (қыздар) арасында өтетін «Ұлттық мектеп лигасы» жарыстарының футбол спорт түрінен аймақтық кезеңіне 11 оқушы қатысып, облыстық кезеңінен жүлделі ІІ дәрежелі диплом иегері атанды.
Қалалық
орны
ІІ. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ТАЛДАМАЛЫҚ ЖӘНЕ БОЛЖАМДАУ НЕГІЗДЕМЕСІНІҢ БЛОГЫ
Мектеп оқу-тәрбие процесінің жай-күйіне аналитикалық талдау жүргізілді. Талдау келесі категориялар бойынша сауалнамалар мен сұхбаттар негізінде:
- Мектеп әкімшілігімен сұхбат;
- Педагогикалық ұжымға сұрақ қою;
- 7-11 сынып оқушыларының сұрақтары;
- Ата-аналарға сұрақ қою.
Әрбір санат бойынша жүргізілген сауалнама мен сұхбаттың қорытындысы шығарылып, қазіргі кездегі мектептегі оқу-тәрбие жағдайы туралы анықталып, қорытынды жасалды.
Анықталған проблемалар:
- Педагогтарды қолдау көрсетудің төмендігі
- Педагогтардың кәсіби ынтымақтастығының әлсіздігі
- Мектепте педагогтердің өзін-өзі бағалауы және әдістемелік қызметінің өзіндік талдауының жүйелі болмауы.
- Білімділік дағдыларын қалыптастыруда оңайдан қиынға, қарапайымнан күрделіге қарай оқыту жүйесінің бұзылуы.
Не істеу керек?
1. Мектептегі педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы жұмысын жандандыру; 2. Зерттеу арқылы оқыту идеясы бойынша семинарлар өткізу; 3. Мектепішілік оқыту семинарлары мен коучингтерді жиі, әрі сапалы мазмұнда ұйымдастыру; 4. Түрлі жобаларды жүзеге асыру арқылы мониторинг үдерісін жандандыру; 5. Мұғалімдердің кәсіби дамуына мониторинг жүргізу; 6. Lesson study арқылы мұғалімдердің зерттеу құзіреттілігін дамыту;
7. Оқушылардың білім сапасын зерттеу, мониторингтеу, бақылау жұмыстарын ұдайы қадағалау; 8. Ата-аналар мен жүйелі түрде жиналыстар мен тренингтер өткізіп отыру, мектеп жұмыстарына тарту; 9. Авторлық бағдарламалар жұмысын жандандыру.
Не болады?
- Мотивацияны арттырудың жаңа әдістері енеді.
- «Lesson study» зерттеу сабақтарын жүргізу арқылы мұғалімдердің кәсіби ынтымақтастығы қалыптасады, үлгерімі төмен оқушылардың саны кемиді.
- Түрлі жобаларды жүзеге асыру арқылы цифрлы сауатты, табиғатқа жанашыр, құндылықтарды бойына жинақтаған тұлға қалыптасады.
Білім беру ұйымының инновациялық әлеуетін бағалау:
Ішкі күшті жақтары
Ішкі әлсіз жақтары
-Жұмыс істеуі - әдістемелік кеңес, проблемалық шығармашылық топтар;
-Облыстық және республикалық деңгейде мұғалімдердің озық тәжірибесін ұсынбау. - Мектеп мұғалімдерінің ғылыми-әдістемелік зерттеу жұмыстарға тартылуы төмен деңгейде.
-Авторлық оқу-әдістемелік құралдардың,
бағдарламалардың, әдістемелік ұсынымдардың тым аздығы.
Қолайлы мүмкіндіктер
Сыртқы қауіптер (тәуекелдер)
Аудандық, облыстық семинарлар өткізуге
Шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдерді марапаттауды жүзеге
асыру
Жаңа білім беруді игеруде кейбір педагогтердің қиындыққа ұшырауы
Кадрлық ресурстар
Ішкі мықты жақтары
Ішкі осал жақтары
Барлық пән бойынша мұғалімдер дипломда көрсетілген біліктіліктері бойынша білім береді
Жалпы мектеп бойынша біліктілік санаттары бойынша:
Педагог-зерттеуші-3
Педагог-сарапшы -12
Педагог-модератор - 5
Яғни, мұғалімдердің біліктілігі 69%
Жоғарғы буын мұғалімдерінің АКТ- ны төмен меңгеруі;
Қолайлы мүмкіндіктер
Сыртқы қауіптер (тәуекелдер)
Мұғалімдердің біліктілігін арттыруға мүмкіндіктері бар Курстық және курсаралық қайта даярлау арқылы
мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін арттыруға жағдай жасау.
Білім сапасының төмендеуі
Материалдық-техникалық ресурстар
Ішкі мықты жақтары
Ішкі осал жақтары
Мектепте интернет желісіне әр кабинеттің қосылуын жолға қою;
- оқу орындарында ақпараттық жүйелердің жетілмегендігі
-Пән кабинеттерінің жабдықталмауы
Қолайлы мүмкіндіктер
Сыртқы қауіптер (тәуекелдер)
Сабақтарда және сабақтан тыс уақытта интернет желісін пайдалану
Мектептің материалдық-техникалық базасының жетілдірілмеуі;
Ақпараттық ресурстар
Ішкі мықты жақтары
Ішкі осал жақтары
АКТ-ны қолдану құзыреттілігінің меңгерілуі: интернет желісінде bilimclass. kz, мектеп сайттарымен жұмыс болуы
Сабақтан тыс уақытта ақпараттық ресурстарды қолдану деңгейі төмен
Қолайлы мүмкіндіктер
Сыртқы қауіптер (тәуекелдер)
Пәндер бойынша түрлі сырттай сайыстарға (қашықтық, зияткерлік орталығы, түрлі тақырыптық оқуларға) қатысу мүмкіндігі
- Ата-ананың қадағалауының аздығы түрлі қауіпті сайттар мен әлеуметтік желілерге кіруі
- Компьютерлік құрылғылардың әр оқушыға
келетін үлесінің артпауы;
Білім беру ұйымдарында ұсынылған өзгерістердің күтілетін салдарын болжау, өзгерістер тәсілдері мен нысандарын ұсыну
Ішкі күшті жақтары
Ішкі әлсіз жақтары
Оқушылардың оқу жетістіктерінің нәтижелілігінің мониторингі.
Оқыту жүйесінің өзгеруіне қатысты кейбір педагогтардың консервативті тәсілі.
Қолайлы мүмкіндіктер
Сыртқы қауіптер (тәуекелдер)
ЖОО әдіскерлерімен өзара іс-қимылды кеңейту.
-Кейбір оқушылар мен олардың ата-аналарының білім берудің жаңартылған мазмұнын қабылдауға дайын болмауы.
-Демографияға байланысты ауылдағы бала санының азайуы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz