Шартты бағыңқы сабақтас құрмалас


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ» ПӘНІНІҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН МАЗМҰНДАҒЫ ҮЛГІЛІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің қандас тыңдаушылар дәрісханасына арналған

(оқыту қазақ тілінде)

Алматы, 2020

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ФАКУЛЬТЕТІ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫ

Наралиева Рахила Тұрсыновна Султанова Бибигуль Мынбаевна Идрисова Гульжан Асановна

«ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ» ПӘНІНІҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН МАЗМҰНДАҒЫ ҮЛГІЛІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің қандас тыңдаушылар дәрісханасына арналған

(оқыту қазақ тілінде)

6 кредит

Алматы, 2020

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ЖАСАЛҒАН ЖӘНЕ ЕНГІЗІЛГЕН

Авторлары:

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы Наралиева Р. Т.,

Қыздар Мемлекеттік Педагогикалық Университетінің қауым. профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Султанова Б. М.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы Идрисова Г. А.

РЕЦЕНЗЕНТТЕР:

Тымболова А. О., филология ғылымдарының докторы, ҚызМемПУ-дің профессоры,

Зайсанбаев Т., филология ғылымдарының кандидаты, С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың доценті.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің

« » 202 мақұлданған

жылғы №

бұйрығымен бекітілген және

БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ ҮДЕРІСКЕ ЕНГІЗІЛГЕН

Оқу сауаттылығы» пәнінің жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) ; ҚР Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 15 шілдедегі № 281 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу бағдарламасы; ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы №

292 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі - ҚР МЖМБС-2016) ; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 23 қарашадағы № 668 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламаларының мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

Республикалық Оқу-әдістемелік Кеңесінде қаралған

« » 2020 жылғы № Хаттама

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы

« » № бұйрығымен бекітілген.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылы

« » № тіркелген.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы

« » № бұйрығымен оқу бағдарламасына өзгерістер

мен толықтырулар енгізілді.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылы

тіркелген.

Оқу сауаттылығы: Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің қандас тыңдаушыларына жалпыға міндетті орта білім беру деңгейіндегі даярлық бөлімдеріне арналған үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде) . - Астана:, 2020. - 28 б.

© Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, 2020

АЛҒЫ СӨЗ
  1. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіәзірлеген, ұсынған.

Авторлар: Наралиева Р. Т. - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық

университетінің аға оқытушысы.,

Султанова Б. М. - Қыздар Мемлекеттік Педагогикалық Университетінің қауым. профессоры, филология ғылымдарының кандидаты.

Идрисова Г. А. - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы

Пікір жазғандар:

Тымболова А. О., филология ғылымдарының докторы, ҚызМемПУ-дің профессоры,

Зайсанбаев Т., филология ғылымдарының кандидаты, С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың доценті.

  1. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы

« » № бұйрығымен БЕКІТІЛДІ, КҮШІНЕ ЕНДІ.

  1. Үлгілік оқу бағдарламасыоқу сауаттылығы пәнібойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сай жасалған.

Республикалық Оқу-әдістемелік кеңестің мәжілісінде 2020 жылғы

« » № ҚАРАСТЫРЫЛДЫ , хаттама № .

ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің қандас тыңдаушылар дәрісханасына арналған

«ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ» ПӘНІНІҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН МАЗМҰНДАҒЫ ҮЛГІЛІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(оқыту қазақ тілінде)

ТҮСІНІК ХАТ

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасында қандас тыңдаушыларға «Оқу сауаттылығы» пәнінен білім беру үдерісі ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі - ҚР МЖМБС-2016) ; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 23 қарашадағы № 668 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламалары мен оқу жұмыс жоспарының негізінде және «Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 400 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 3 мамырдағы № 192 бұйрығымен бекітілген оқу басылымдары негізінде жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнына дейінгі білім беру саласының басым бағыттарын әлемдік білім беру үдерістерін дамыту жолына сәйкестендіру мақсатында, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру қазіргі таңда отандық оқу-ағарту ісінде өзекті мәселелердің бірі болып табылады. «Оқу сауаттылығы” пәнін Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті мен даярлық курстарында оқыту мемлекеттік жалпыға міндетті білім берудің стандартына сәйкес «Филология» білім беру саласына енгізілген және даярлық курстарында жалпы орта білім беру мектептің негізгі деңгейінде міндетті түрде оқытылатын пән. «Оқу сауаттылығы» пәнін оқытудың маңыздылығы қазақ тілінің Мемлекеттік тіл мәртебесімен дәйектеледі.

«Оқу сауаттылығы» пәнін оқытып, білім берудің негізгі құзыреттілігі мен оқыту барысында күтілетін нәтижеге қол жеткізу мынадай жағдайларға байланысты:

  • «Оқу сауаттылығы» пәнін оқыту - оқу үдерісінде қазақ тілін функциональды-коммуникативтік бағытта оқыту жүйесіне - «тілден - тілдік формаға және тілдің функциясына» және «тілдің функциясынан - тілге» қарай ойысу логикасына негізделеді; Пәнді оқыту барысы жекеге тұлғаның қабілетінің ерекшелігіне қарай

бағдарлау негізінде ұйымдастырылады;

  • Пән мазмұнын тілдік бағдармен қатар тыңдаушының таңдаған болашақ мамандықтарына қатысты берілген мәтіндердің типтік когнитивті- лингвомәдени кешен түрінде ұсынылады;

«Оқу сауаттылығы» пәнін оқып меңгерудің нәтижесінде тыңдаушы мынадай индикатор жетісітігіне қол жеткізуі керек:

  • «Оқу сауаттылығы» пәнін оқу барысында тыңдаушылардың теориялық білім алумен қатар, жазбаша мәтіндерді ұғына оқу қабілеттілігі қалыптасады;
  • оларға рефлексия жасау арқылы жұмыстың нәтижесін, мазмұнын өз мақсаттарына қол жеткізу үшін қолдана, білімдері мен дағдыларын қоғамның белсенді өміріне араласуы үшін дамыта алады;
  • Оқу сауаттылығын тексеруге бағытталған білім мониторингі - білім алушының оқу техникасы немесе мәтіннің мазмұнын нақты түсінуін бағалауға емес, оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайттарда қолдана білуге икемділіктерін бағалауға бағытталады;

«Оқу сауаттылығы» пәнінің мақсаты білім алушының мәтіндегі ақпараттың мазмұнын бағалау, түсіну және интерпритациялау қабілеті болып табылады.

PISA анықтамасы бойынша, сауатты оқу - бұл мақсатқа қол жеткізу, білім мен әлеуетті дамыту, қоғамдық өмірге белсене араласу үшін жазбаша мәтінді түсіну, пайдалана алу, көрсету және жұмыс жасау болып табылады;

  • Оқу барысындағы шығармашылық рефлексия - жеке тұлғалық құндылық сапаларын қалыптастыруда және өзіндік даму бағытын айқындауда маңызды рөл атқарады және адамды, білімді дамытуға, білім алушының жеке тұлға болып қалыптасуына, өзіндік талдау кезінде ғана байқалатын өзіндік жеке дара ерекшеліктерін тануына мүмкіндік туғызады.
  • Мәтіндердің жанрларымен жұмыс жасайды;
  • Мәтіндерде берілген ақпараттарды жүйелей және пайымдай алады;
  • Мәтіндердегі ақпараттар мен мәліметтерді, деректерді негізгі мәні мен мазмұнын нақтылау барысында жинақтау-талдау секілді т. б. негізгі әдіс- амалдарды тиімді қолдана алады;
  • Негізгі және қосымша әдебиеттермен жұмыс істей алу машығы қалыптасады;
  • Негізгі тапсырма талабына қатысты ақпараттарды өздігімен әдебиеттерді, ғаламторларды пайдалана отырып таба алатын ізденістік дағдысы болады;
  • Дереккөздерін қолдану арқылы тыңдаушының функциональдық сауаттылығы дамиды;
  • Ана тілінде еркін қарым-қатынас жасау үшін қажетті сөйлеу

коммуникациясының стратегиясы мен тактикасын, сөйлеу әдебінің нормаларын меңгереді.

Қазақстан Республикасының қазіргі уақыттағы әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің артуы, алыс және таяудағы шет мемлекеттермен халықаралық байланысының нығаюы, әлемдік біліми-ғылым кеңістігінде ықпалының артуы, отандық білім беру саласының жаңа сапалық кезеңге көтерілуі, біліктілік деңгейі әлемдік оқу стандарттарына сәйкес және заман талабына сай келетін халық ағарту саласының алдына жаңа мазмұнды білім беру міндеттерін қойып отыр. Туған елінің тарихи құндылықтарына, тілі мен тарихына, мәдениетіне құрметпен қарап, жаһандану үдерісінде мемлекетіміздің жедел дамуына үлес қосатын білімді де білікті, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды даярлаудың қажеттігін туғызып отыр. Мемлекеттік тілді меңгерген білікті мамандарды қалыптастыру жаңартылған оқу мазмұнының міндетті құрамдас бөлігі болуы тиіс. Бұл мәселе отандық жоғары оқу орнына дейінгі білім беру мекемелерінде қазақ тілін оқыту үдерісін қайта қарап, еліміздің даму деңгейі мен халықаралық стандарт талаптарына сай құруды талап етеді. Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде тыңдаушыларға алғашқы апталарда «Оқу сауаттылығы» пәні бойынша қазақ тілінің бастапқы бөлімін: қазақ әліпбиін, фонетиканы оқытуды қамтыса, ал келесі кезеңдерде қазақ тілінің грамматикасының негізгі бөлімдерін оқытылады да, тыңдаушылардың функциональдық сауаттылығын, коммунакативтік құзыреттіліктің тілдік дағдыларын қалыптастыру мақсатында лексика-грамматикалық тақырыптарға сай мәдени-танымдық, патриоттық тәрбие беруге бағытталған мәдени- танымдық, тәрбиелік мәні зор оқу материалдары сұрыпталып ұсынылады. «Оқу сауаттылығы» пәнін оқытуда негізгі бағытта тыңдаушылардың функционалдық сауаттылығын арттыра отырып, қазақ тілінің тілдік дағдыларын функционалдық-коммуникативтік тұрғыдан меңгерту басты назарда болады.

МАЗМҰНЫ

Бағдарламаның мазмұны тарихи отанында білім алып жүрген шетелдік қандас тыңдаушылардың ана тілінде қажетті коммуникативтік құзыреттіліктермен, тілдің адамзат қарым-қатынас маңызды құрал ретіндегі қазақ тілінің бір саласы «оқу сауаттылығы» негізінде ғылым-білім кеңістігінде бәсекеге қабілетті функциональды сауатты тұлға болуының негізін меңгертудің білімдік, мәдениі- танымдық, әлеуметтік-тәрбиелік мақсаттары мен міндеттерін айқындайды.

«Оқу сауаттылығы» пәнін қандас тыңдаушыларға практикалық тұрғыдан меңгертудің мақсаттары мен міндеттері - өзекті және басты мәселе болып саналады. ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің тыңдаушылары оқу сауаттылығы пәнін жаңартылған мазмұндағы оқыту жүйесі мен коммуникативтік өзгешеліктерін меңгеру барысында тренигтермен, мәтін жанрларымен жұмыс істеу машықтары мен жаттығуларды, тест тапсырмаларын орындау арқылы ана тілінде жетік сөйлеу, ойын еркін жеткізу құзыреттілігіне және мәтіндегі ақпараттарды терең түсіну, талдау, жинақтау, пайымдау әрекеттерінің нәтижесінде сапалы білім алады.

«Оқу сауаттылығы» пәнінің негізгі мақсаты - шетелдік қандас тыңдаушыларының қазақ тілінің негізгі төрт аспектісі бойынша тілдік дағдыларын, сөйлеу әдебін, тіл мәдениетін қалыптастыру, білімдік дағдыларын бекіту мен оларды таңдаған болашақ мамандығы бойынша отандық жоғары және арнайы оқу орнына түсу үшін бірыңғай ұлттық тест даярлау.

Пәннің негізгі міндеттері:

  • білім алушының функциональдық оқу сауаттылығы мен коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру;
  • білім мен ғылым кеңістігінде және еңбек нарығында бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасуы үшін қажетті білім дағдыларының негіздерін беру;
  • шетелдік қандас тыңдаушылар ана тілінде ойын еркін жеткізуі, жетік сөйлеуі үшін тілдік жағдаяттарға қажетті дайындығын қамтамасыз ету;
  • мәтіндердің мазмұндарын, мағыналарын, жанрлық, стильдік ерекшеліктерін, құрылымдық жақтары талдау және жинақтаған нәтижелерді практикада, нақты іс жүзінде қолдана білу дағдысын қалыптастыру;
  • Тәуелсіз Қазақстанның геосаяси және экономикалық-әлеуметтік, мәдени жағдайына бейімдеу;
  • Атамекенін шетелдік тыңдаушы қазақ жастары тарихи отаным деп танып, туған елінің дамуына үлес қосуға, туған халқына жан аянбай адал қызмет теуге шақыру.
Оқу сауаттылығы - тыңдаушының функциональдық сауаттылығын, пәндік-тілдік материалды қалыптастырудың негізгі бастауы.
  1. Тілдік бағдар. Қазақ тілінің фонетикасы.
Қазақ тілінің лексикасы.
  1. Сөзжасам және морфология. Бейтарап сөздер.
Синтаксис. Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің синтаксисі.
  1. Стиль және стиль түрлері.
Шешендік сөздер және сөз бедері.
  1. Оқу-әдістемелік саладағы базалық категориялық-ұғымдық ақпарат. Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді талдау, саралау деңгейінде білім дағдыларын қалыптастыру.
Оқу сауаттылығы бойынша пәндік салаға қатысты тілдік бағдарды, білім мазмұнын, түсініктерді, ұғымдарды сипаттау.

Әртүрлі жағдаяттарға қатысты әртүрлі жанрдағы, түрлі мазмұндағы мәтіндермен жұмыс істеу дағдысын дамыту және мемлекеттік стандартқа сай қазақ тілінің жалпыға бірдей міндетті орта білім деңгейін меңгерту.

Оқу сауаттылығының басқа пәндермен байланысы.

Оқу сауаттылығы пәнінің трансформациясы мен дифференциясы. Тілдік жағдаяттарға орай шетелдік қандастардың ана тілінде еркін сөйлеу машығын қалыптастыру ерекшеліктері. Білім алушының қабілетіне қарай жеке тұлғаға бағдарлап білім беру барысында оның психологиялық, физологиялық ерекшеліктерін бағдарлау үшін психология пәнімен, әртүрлі жанрлардағы, түрлі мазмұндағы оқу материалдарын ұсыну, жаттығуларды, тренингтерді, тапсырмаларды, сабақтарды ұйымдастыру барысында Қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті және тілдік бағдарды меңгерту жолында қазақ тілі пәндерімен тығыз байланыста болады.

  1. «Оқу сауаттылғы» пәнінің жаңартылған мазмұндағы тақырыптық жоспары. Пәннің тілдік бағдары айқындалып, оқу материалдарының негізгі мазмұны, басты бағдары ұсынылады.
  2. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

Пәннің тақырыптық жоспары

«Оқу сауаттылығы» пәнінің жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу

бағдарламасы

Тілдік. Бағдар. Тақырыптардың атаулары
№: 1
Тілдік. Бағдар. Тақырыптардың атаулары:

Қазақ тілі тарихына кіріспе. Қазақ тілінің фонетикасы туралы

түсінік

№: 2
Тілдік. Бағдар. Тақырыптардың атаулары:

Дауысты және дауыссыз дыбыстардың жіктелуі және

олардың емлесі

№: 3
Тілдік. Бағдар. Тақырыптардың атаулары: Кірме дыбыстар мен кірме сөздердің емлесі
№: 4
Тілдік. Бағдар. Тақырыптардың атаулары: Буын және оның түрлері. Тасымал. Екпін және оның түрлері
№: 5
Тілдік. Бағдар. Тақырыптардың атаулары:

Орфография мен орфоэпея заңдылықтары. Пунктуация мен

тыныс белгілері

№: 6
Тілдік. Бағдар. Тақырыптардың атаулары:

Қазақ тілі лексикасы және лексиология.

Сөздің тура және ауыспалы мағыналары. Актив және пассив лексика. Кітаби лексика

№: 7
Тілдік. Бағдар. Тақырыптардың атаулары:

Көп мағыналы сөздер мен омоним сөздер. Олардың негізгі белгілері мен айырмашылықтары. Синонимдер мен

антонимдер. Синонимдік қатар мен антонимдік жұп.

№: 8
Тілдік. Бағдар. Тақырыптардың атаулары:

Неологизмдер мен көнерген сөздер. Олардың ерекшеліктері мен ұқсастықтықтары. Неологизмдердің жасалу жолдары.

Кірме сөздер. Кірме сөздердің тілімізге ену кезеңдері . Әр

кезеңдегі олардың қолданылу ерекшеліктері, себептері

№: 9
Тілдік. Бағдар. Тақырыптардың атаулары:

Диалекті сөздер - жергілікті тіл ерекшелігі. Олардың

фонетикалық, лексикалық, морфологиялық ерекшеліктері

№:

10

Тілдік. Бағдар. Тақырыптардың атаулары:

Кәсіби сөздер мен терминдер. Олардың ұқсастықтары мен

айырмашылықтары

№:

11

Тілдік. Бағдар. Тақырыптардың атаулары:

Арго мен жаргондар, олардың қазақ тілінде алатын орны мен қолдану аясы. Олардың пайда болу жолдары мен себептері. Варваризмдер. Олардың күнделікті өміріміздегі көрінісі мен

зиянды жақтары

№:

12

Тілдік. Бағдар. Тақырыптардың атаулары:

Табу мен эфвемизмдер. Олардың сөйлеу тілімізде атқаратын қызметі. Қазақ халқының ат тергеу дәстүрі.

Тұрақты сөз тіркестері. Фразеологизмдер мен идиомдар

№:

13

Тілдік. Бағдар. Тақырыптардың атаулары:

Морфология және сөзжасам туралы түсінік. Сөз. Негізгі

және көмекші морфемалар. Сөзжасам. Сөз тұлғасы. Негізгі түбір және туынды түбір.

Сөз құрамы. Дара сөз және күрделі сөз. Қос сөздер, біріккен сөздер, қысқарған сөздер. Олардың түрлері мен

ерекшеліктері, емлесі

14

Сөз таптары мен олардың түрлері. Атауыш сөздер, негізгі сөздер, көмекші сөздер және олардың ерекшеліктері мен

негізгі белгілері

14:

15

Сөз таптары мен олардың түрлері. Атауыш сөздер, негізгі сөздер, көмекші сөздер және олардың ерекшеліктері меннегізгі белгілері:

Зат есім мен оның мағыналық түрлері, грамматикалық категориялары. Көптік мағына мен көптік жалғауы. Септеу: жай септеу мен тәуелді септеу. Тәуелдік жалғау, тәуелдеудің меншіктік пен қатыстық формасы, -нікі, -дікі, -тікі, -ікі тұлғалары. Жіктік жалғауы. Жекеше және көпше түрде

жіктеу. Жалғаулардың жалғану тәртібі.

14:

16

Сөз таптары мен олардың түрлері. Атауыш сөздер, негізгі сөздер, көмекші сөздер және олардың ерекшеліктері меннегізгі белгілері:

Сын есім және оның мағыналық түрлері. Сын есімнің шырайлары, олардың емлесі.

Сын есімнің заттануы, субстанция құбылысы

14:

17

Сөз таптары мен олардың түрлері. Атауыш сөздер, негізгі сөздер, көмекші сөздер және олардың ерекшеліктері меннегізгі белгілері:

Сан есім және оның мағыналық түрлері. Сан есімнің өзіндік ерекшеліктеріне тоқталу. Араб пен рим цифрларын қолдану аясы мен қолданудағы өзгешеліктерін түсіндіру. Сан есімдерді біресе сөзбен жаздырту, біресе цифрмен жаздыртуға арналған жаттығу жұмыстарын ұйымдастыру. Мысалы, қазақ Сан есімдердің сөйлемдегі атқаратын қызметтері. Сан есімнің

жазылу емлесі

14:

18

Сөз таптары мен олардың түрлері. Атауыш сөздер, негізгі сөздер, көмекші сөздер және олардың ерекшеліктері меннегізгі белгілері:

Есімдік және оның мағыналық түрлері. Есімдіктің өзіндік ерекшеліктері мен сөйлемдегі атқаратын қызметіне тоқталу.

Жазылу емлесі.

14:

19

Сөз таптары мен олардың түрлері. Атауыш сөздер, негізгі сөздер, көмекші сөздер және олардың ерекшеліктері меннегізгі белгілері:

Етістік және оның етістікке тән негізгі тұлғалық белгілері.

Негізгі және туынды етістіктер. Болымды және болымсыз етістіктер. Салт және сабақты етістіктер. Қалып етістіктер.

Етіс категориясы. Есімше мен көсемше. Етістіктің шақтары.

Рай категориясы. Тұйық (қимыл-атау) етістік. Етістіктің жіктелуі. Етістіктің сөйлемдегі қызметі.

14:

20

Сөз таптары мен олардың түрлері. Атауыш сөздер, негізгі сөздер, көмекші сөздер және олардың ерекшеліктері меннегізгі белгілері:

Үстеу және оның мағыналық түрлері. Үстеудің сөйлемдегі қызметі. Үстеудің тұлғалық түрлері. Үстеудің жасалу жолдары. Өзге сөз таптарының үстеуге айналуы,

адбервализация құбылысы. Үстеудің жазылу емлесі

14:

21

Сөз таптары мен олардың түрлері. Атауыш сөздер, негізгі сөздер, көмекші сөздер және олардың ерекшеліктері меннегізгі белгілері:

Шылау сөздер және оның мағыналық түрлері. Жалғаулықтар, септеуліктер, демеуліктер. Олардың өзіндік ерекшеліктері

мен жазылу емлесі. Шылау сөздердің байланыстырғыш

қызметі

14:

22

Сөз таптары мен олардың түрлері. Атауыш сөздер, негізгі сөздер, көмекші сөздер және олардың ерекшеліктері меннегізгі белгілері:

Оқшау сөздер туралы түсінік. Одағай сөздер. Одағайдың мағыналық түрлері. Одағайдың өзіндік ерекшелігі.

Одағайдың айтылудағы интонациясы мен жазылу емлесі

14:

23

Сөз таптары мен олардың түрлері. Атауыш сөздер, негізгі сөздер, көмекші сөздер және олардың ерекшеліктері меннегізгі белгілері:

Еліктеу сөздер, олардың түрлері: дыбыстық еліктеуіш пен

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құрмалас сөйлемдерді жіктеу мәселесі
Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас
Сөйлем және пайымдау
Құрмалас сөйлемнің қалыптасуы
Сәрсен Аманжолов
Құрмалас сөйлемнің қкалыптасу мен даму жолдары
Құрмалас сөйлемнің зерттелуі
Жүсіпбек Аймауытовтың "Ақбілек" романындағы құрмалас сөйлемдер
Ахмет Байтұрсынұлының термин қалыптастырудағы рөлі
Қазақ ертегілеріндегі құрмалас сөйлемдер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz