Тұтас мәтіннің мысалы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:   
«Оқу сауаттылығы»

(5-9- сынып оқушыларын дайындауға арналған факультатив курсының бағдарламасы)

Ескермесқызы Айзат

2021 жыл

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ. 4

  1. PISA ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУІ 7
  2. PISA ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ 7
  3. Оқу сауаттылығы 8
  4. Мәтін және мәтін типтері 10
  5. ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ БОЙЫНША ҮЛГІЛІК ТАПСЫРМАЛАР 16

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 76

Түсінік хат

Жаңартылған оқу бағдарламасы қазақ тілін функционалдық- коммуникативтік тұрғыдан оқытуға назар аударылып, төрт дағдыға (тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым) негізделген. Оқу бағдарламасында коммуникативтік әрекеттер мен дағдыларды жүзеге асыратын оқу мақсаттары ұсынылған. Оқу мақсаттары әр сынып деңгейіне сәйкес динамикалық даму бағытында жасалған. Бағдарлама «спиральді оқыту» тәсіліне негізделе құрылған. Әр сынып сайын оқу мақсаттары қарапайымнан күрделіге қарай өсіп, қайталанып отырады. Бағдарлама мазмұны әдебиет, тарих, биология, география, физика сияқты өзге пәндермен тығыз байланысты. Бағдарлама оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға, сыни тұрғыдан ойлау дағдысын дамытуға ықпал етеді. Оқу сaуaттылығы - оқушылaрдың жaзбa мәтіндерді түсінуі және қолдaнуы, мәтін бaрысындa ой-толғaуы, жaңa білім игерудегі әдіс- тәсілдерді қолдaнуы, әлеуметтік ортaғa бейімделуі. Оқу іс- әрекетін орындaу реті:

  • Мәтінді оқу, aқпaрaтты қaбылдaу;
  • Aқпaрaттaн түйінді ойды жинaқтaу;
  • Мәтін ішінен іс-әрекетті белгілеу; Мaзмұнын бaғaлaу.

PISA зерттеулерінде оқу сaуaттылығы мәтіннен қaжет aқпaрaтты тaбумен бaғaлaнaды:

  • мәтіннен қaжет болaтын мейлінше көп aқпaрaт тaбу;
  • мәтіннен ең қaжетті aқпaрaтты тaбу;
  • мәтіндегі aқпaрaттaрды жіктеу;
  • бұрыннaн тaныс және жaңa aқпaрaттaрғa жіктеу;
  • терең мaзмұнды aқпaрaтты тaбу;
  • күрделі мәтінді қорытындылaу;
  • мәтіннен ой түю.

Курстың мақсаты - оқушылардың мәтін мазмұнын түсіне білуі және оларға ой жүгірте білу, мәтін мазмұнын өзіндік пайымдау жасауға пайдалана білуге баулу.

Курстың міндеттері:

  • мәтіндерге өз тұжырымын жасай отырып, белсенділік таныту,
  • шығармашылық тұрғыда ойлау, шешім қабылдай алуға даярлау;
  • тілдік жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсе алу даярлығын білдіретін
  • құзыреттілікті қалыптастыру жолдарын қарастыру;
  • ана тілін жетік білетін, ұлттық мәдени құндылықтарды бағалай

алатын тұлға даярлау.

КІРІСПЕ

Дүниежүзілік Экономикалық Форум «Білімге жаңа көзқарас» Халықаралық есебінде ХХІ ғасырдың табысты адамының 16 түрлі білімі мен дағдысын айқындады. Мұнда үш негізгі блок анықталды:

«Базалық дағдылар» (қаржылық, мәдени және азаматтық сауаттылық, АКТ дағдылары),

«Құзыреттер» (креативтік, байланысқа бейімділік, мәселелерді шешу ),

«Мінез-құлық түрлері» (топта жұмыс істеу дағдысы, лидерлік қасиеті, ынталылығы) . 15 жастағы білім алушылардың оқу жетістігін бағалайтын PISA халықаралық зерттеуі аталған құзыреттіліктерді кешенді бағалауды қарастырады.

Зерттеу мәртебесі - әрбір кезеңдегі қатысушы елдер санының артуымен дәлелденеді. Біздің ел PISA зерттеуінің үш цикіліне (2009, 2012 және 2015 жылдар) қатысудан тәжірибесі бар. Алынған нәтижелер бойынша білім беру бағдарламаларын жетілдіруге және оқытудың жаңа технологияларын енгізуге ықпал жасады. Нәтижесінде педагогтер қауымы мектеп оқышуларының функционалдық сауаттылығы деңгейлерін өлшейтін бірегей құралдарға қол жеткізді.

Қазіргі таңда PISA жобасы әртүрлі опциларды, оның ішінде«қаржы сауаттылығы», «мәселені бірлесіп шешу»,

«жаһандық құзыреттілік» бағыттарын ұсынуда. Қазақстан PISA- 2018 алғаш рет математикалық, жаратылыстану және оқу сауаттылығымен қатар жаңа«жаһандық құзыреттілік» бағытына қатысуды жоспарлауда. Сонымен қатар тестілеудің компьютерлік форматына өтеді.

Мұғалімдер мен білім алушыларды PISA халықаралық жобасының жаңартылған концепциясымен таныстыру мақсатында«Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ, айтарлықтай ақпараттық материалдарды өңдеуден өткізді. Әлемдік білім беру жүйесінің сапасын зерттейтін жетекші жобаның бірегей әдістемесін түсіну қазақстандық білім беру саласының жаңа деңгейде дамуына мүмкіндіктер береді.

PISA ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУІ.

PISA (Programme for International Student Assessment) 15 жастағы білім алушылардың оқу жетістігінің деңгейін бағалайды. Нақты осы жастағы оқушыларды іріктеудің себебі, әлемнің көптеген елдерінде бұл жастағы балалардың мектепте міндетті білім алуыаяқталатындығымен түсіндіріледі. Жастар осы жаста өздерінің мамандықтарын таңдау мен болашақ білім алу траекториясын анықтай алады.

PISA жобасының басымдылығы қатысушы елдер санының артуымен (PISA-2000 - 32 ел) расталады. Ал PISA-2018 жобасына қатысуға әлемнің 80-нен астам елі өтініш білдірген.

Жоба үйлестірушісі Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымы (ЭЫДҰ) болып табылады. PISA зерттеуі Консорциум арқылы алдыңғы қатарлы халықаралық ғылыми ұйымдардың қатысуымен іске асырылады. Олар: АҚШ педагогикалық тестілеу қызметі (Educational Testing Service, ETS), WESTAT Америкалық ұйымы , Pearson Education Британдық білім баспасы және бағалау қызметі, cApStAn Linguistic Quality Control Белгиялық лингвистикалық орталығы.

Оқушылардың математикалық, оқу және жаратылыстану сауаттылықтарын бағалайтын негізгі бағыттары болып қала береді. Сонымен қатар, PISA зерттеуінің әр кезеңінде үш облыстың біріне басымдылық беріледі. «Оқу сауаттылығы» 2018 жылы білім жетістіктерін бағалаудың басты бағыты болып табылады.

PISA ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

PISA сұрақтарының рамкасы білім алушылардың оқу жетістіктерінің деңгейін бағалаудың ең жаңа технологияларын есепке ала отырып дайындалған. СВА форматы PISA тест тапсырмаларының ауқымды спектрін ұсынады. Бұл анимациядан мен мультипликациядан тұрады және сұрақтар визуалды түрде берілген.

Алғаш рет PISA-2012 зерттеуінде компютерлік форматта жаңа интерактивтік тапсырмалар қолданылды. Мұндай тапсырмалар білім алушылрадың компьютерлік жүйемен тікелей жұмыс жүргізуін талап етеді. Зерттеуге қатысушылардың функционалды сауаттылық деңгейі таблица, диаграмма, график,

сурет және сызбалар түрінде берілген тапсырмалармен анықталады.

Тест тапсырмалары жауаптың үш түрін қарастарады: еркін құрастырылған (толық және негізделген жазбаша жауап), жабық құрастырылған жауап (оқиғаны ретімен орналастыру, қажетті сөзді немесе цифрды жазу) және берілген жауап нұсқасынан таңдау жасау ((a, b, c, d) жауап нұсқаларының бірін таңдау) .

Тапсырма жауаптары оқушылардан бірнеше таблица мен графиктерде берілген ақпараттармен бір уақытта жұмыс істей білу қабілеттерін талап етеді. Тапсырма мазмұнында артық ақпараттардың берілуімен де сұрақтар күрделене түседі. Сонымен, 15 жастағы оқушылардың ұсынылған проблема мен ситуацияға талдау жасауы үшін қажетті ақпаратты таба білу біліктілігі бағаланады.

Халықаралық бағалау 15 жастағы білім алушылардың құзыреттілігін алты деңгей бойынша бағалауды қарастырады. Халықаралық бағалаудың «Ең жоғарғы» (5 және 6 деңгей) бағасын ақпаратты сыни тұрғыдан бағалай білуі, мәтінді ұғыну мен интерпретациялау, қорытындыны дәлелдеп, өзінің болжамдарын ұсына алатын, дағдыларын көрсете білетін оқушылар иелене алады.

3 - 4 деңгейге жаңа ақпаратты табу үшін білімі мен шеберліктерін қолдана алатын қабілеттері сәйкес келеді. 2 - деңгейде қарапайым күнделікті өмірде өз білімі мен дағдысын қолдана білу ептілігі бағаланады. Оқушылардың қарапайым базалық білімін көрсете білуі«Ең төменгі» 1-ші және 1-ден төмен деңгейге сәйкес.

Оқу сауаттылығы

Оқу сауаттылығы - адамның ақпараттың мазмұнын бағалау, түсіну және интерпритациялау қабілеті болып табылады. Оқушының бұл басты төрт оқырмандық құзыреттілігі оның коммуникативтік дағдыларын анықтайды. PISA тесттері оқу сауаттылығын бағалаудың екі негізгі параметрін қарасырады.

Бірінші. Мәтін (көркем әдебиет, ғылыми мәтіндер, кестелер, графиктер, диаграммалар мен ақпараттық материалдар) . Олар форматтары бойынша ерекшеленді, мысалы, тұтас, дискретті, аралас және құрама мәтіндер болып бөлінеді. Тұтас мәтінде

ақпаратты табу әрекеттері қаріп түрі мен өлшемдері тәрізді ерекшеліктермен оңайлатылған. Дискретті мәтіндер оқу дағдыларының кейбір әрекеттерін талап етеді. Олардың мазмұнында диаграмма, кесте, график және хабарландыру түріндегі материалдарды қамтиды. Аралас - тұтас және дискретті мәтіндердің түрлерін біріктіреді. Журналдар мен веб-беттердегі материалдардың көпшілігі аралас мәтін түрлеріне жатады. Құрама мәтін - әрқайсысы бір-біріне тәуелсіз және бірнеше мәтіннен құрастырылған, негізгі ойы аяқталған мазмұндағы форматта беріледі.

Екінші. Ахуалдар (жеке, қоғамдық, оқу мақсаты және іскерлік) . Жеке өмірлік ахуалдарға берілген мәтіндер мазмұны хат, беллетристика, өмірбаян және ақпараттық хаттар түрін құрайды. Электрондық форматтағы мәтіндер хабарлама, күнделікті жаңалық блоктарын қамтиды. Қоғамдық мақсаттар үшін оқу - ресми құжаттар, газет жаңалықтары, Интернеттегі форумдар жатады. Оқу ахуалы мәтіндеріне классикалық мысал ретінде оқулықтар және электронды интерактивтік оқу бағдарламалары кіреді. Іскерлік ахуалдар мәтіні - газеттің немесе Интернеттің сәйкес беттерінен қажетті ақпаратты іздеуі, хабарландыруды, нұсқаулықтарды және т. б. қарауы болып табылады.

Тестілеуге қатысушылар тапсырмаларды орындау барысында мәтіннің негізгі ойын анықтап, оны жалпы мәтін контекстінен бөліп алып, өз қөзқарасын дәлелдермен негіздеу қабілеттерін көрсете білуі қажет.

PISA тапсырмаларының ерекшелігі - ол шындыққа жақындатылып құрастырылуы болып табылады. Әрбір жағдаят- өмірден алынған мысал. Тест тапсырмаларының құрылымы оқушылардың оқу ептіліктері мен оларға сәйкес әрекеттерін анықтауға негізделген.

PISA-2018 кезеңіндегі тест тапсырмаларының шеңбері білім алушылардың оқу сауаттылығы жетістіктерін бағалаудың келесі түрлерін қарастырады. Олар: мәтінге көз жүгірте қарап негізгі ойды анықтау; мазмұнын түсінуі; қажетті мәліметтерді табу және таңдай білуі; синтез және талдау дағдысы; мәселені шешу және айқындауы; ақпараттың нақтылығын анықтау мен сапасын бағалай білуі.

Қорытындылай келе, тестілеуге қатысушы өзінің әртүрлі форматта берілген мәтіндермен жұмыс істей алу ептілігін, ақпаратты біріктіру мен ұғына білу дағдысын және сыни ойлау құзыреттерін көрсете білуі қажет.

Мәтін және мәтін типтері

«Мәтін» сөзі шынайы тіл қолданылған баспа түрде немесе бейнелік мәтіндерді білдіреді. Мұндай мәтіндер диаграмма, сурет, карта, кесте, график түріндегі визуал бейнелерді қамтуы мүмкін. Бір ғана мәтіннің өн бойында әртүрлі мәтін типтері кездесе береді. Мәтіннің (формасы) нысаны 4 - ке бөлінеді.

  1. Тұтас мәтін( көркем әдебиет мәтіндері, репортаж, өлең, пьеса, мақала, жұлдыз жорамал, техникалық мәтін, заң, ғылыми негіздемелер, нұсқау)
  2. Жадағай (тұтас емес) мәтін(графика, кесте, сурет, диаграмма, жарнама, сканворд, хабарландыру, карта, анкета, құттықтау, комментарий)
  3. Аралас мәтін(тұтас және тұтас емес мәтіндердің сипатын біріктіреді, авторлық веб - парақтар) .
  4. Құрамдас мәтін(бір тақырып, бірақ әр автордың пікірі, ойы. Мысалы, аққу тақырыбына жазылған әрбір ақынның туындысы немесе әр газеттегі бірдей тақырыпқа жазылған материал және бірнеше тақырыпты қамтитын үзік -үзік мәтіндер) .

PISA оқу сауаттылығы бойынша оқушыларға ұсынылатын тест сұрақтары әртүрлі мәтін түрлерінің негізінде ұсынылады.

  1. Көркем әдебиеттен алынған үзінділерден тұратын тұтасмәтіндер, құрылымы мәтіннің ірі бірліктерін құрайды. Мағыналық абзацтар белгілі бір тәртіппен ұйымдастырылған және мәтіннің логикалық құрылымын тез қабылдау үшін тақырыптар мен тақырыпшалардан тұрады.

Тұтас мәтіннің мысалы

Жақсылардың жақсысы

Баяғыда бір адам бірнеше бөлмелі жарық, биік, өте әсем үйде тұрыпты. Үйдің айналасы бау-бақша екен. Бір күні оның кішкентай қызы бақшаны, барлық бөлмелерді аралайды. Кірмеген жалғыз ғана бөлме қалыпты. Ол ылғи да жабық тұрады екен.

Сонда әкесіне қызы:

  • Әке, маған жабық тұрған бөлмеге кіруге рұқсат етіңіз. Осы бөлме басқа бөлмелерге қарағанда жақсы ғой деп ойлаймын, - дейді.
  • Оның дұрыс, қызым. Жақсылардың ең жақсысы сонда. Бірақ сен әлі жассың, өскенде бұл бөлмені саған берем. Сен оған өмір бойы риза боласың, - деп жауап қайтарады әкесі.

Қыз есейіп, бойжеткен атанады. Әкесі қызына жабық бөлменің кілтін береді. Қыз есікті ашқанда, тек ұршық пен кітапты көреді. Қыз әкесіне:

  • Әке, сен жабық бөлмеде «жақсылардың жақсысы бар» деген едің. Мен ұршық пен кітаптан басқа ештеңе таппадым, - дейді.
  • Міне, жақсылардың жақсысы деген - осылар, қызым! Ұршық болса, өнерің жанады. Ал кітап оқысаң, білімің артады. Жарық дүниеде бұлардан жақсы нәрсе жоқ. Дүниедегі мүліктің бәрі еңбекпен, өнермен, біліммен табылады, - деп түсіндірді әкесі.
  1. Тұтас емес мәтіндербасқа оқу дағдыларын талап етеді, себебі мәтіннің ақпараттық бірліктерінен, яғни кесте, графика, диаграммалардан тұрады.

Тұтас емес мәтіннің мысалы (1-сурет)

1-сурет

  1. Аралас мәтіндердіңбір ерекшелігі - мәтіннің ойын өзара толықтырып тұратын вербалды және вербалды емес элементтерден тұрады. Бүгінгі таңда көптеген ақпараттық мәтін таныстырылымдық форматта болады, мысалы, веб парақшалар, журналдар және т. б.

Аралас мәтіннің мысалы (2-сурет)

2-сурет

  1. Құрамдас мәтіндермазмұны жағынан ғана емес, форматы жағынан да әртүрлі бірнеше мәтінді бір тақырып аясында біріктіреді. Сондықтан олар мағыналық тұрғыдан өзара байланысты және аяқталған болып есептеледі. Оның мұндай қыры мәтіннің болжамды мақсатын көрсетеді.

Құрамдас мәтіннің мысалы (3-сурет)

https://bilimcenter.kz/upload/online_mektep/lesson/3aec8b370e55d3b0ba179d4b910ee312/3.jpg?v1613234358307

3-сурет

PISA-2012 тестінде жоғарыда аталған форматтар бойынша тест сұрақтарының бөлінісі келесідей: тұтас мәтіндер 39%, тұтас емес мәтіндер 30%, аралас мәтіндер 23%, құрамдас мәтіндер 8%.

Электрондық мәтіндер

PISA-2018 халықаралық зерттеуінде қазақстандық оқушылар алғаш рет компьютерлік форматта тест тапсырды. ХХІ ғасырдағы сауаттылық деңгейіне қойылып отырған жаңа талаптар оқырманға қатысты әлеуметтік-экономикалық сенім артып отыр.

  • Электрондық технологиялармен жұмыс жасаудағы әмбебап дағдылар.
  • Ақпараттық сауаттылық - ақпаратты өз бетімен табу, талдау, сын тұрғысынан ойлану.
  • Әлеуметтік медиадағы ақпараттар туралы сын тұрғысынан ойлану.
  • Бірнеше дереккөзден алынған ақпараттарды жалпылай алу және өз сөзімен түсіндіре алу.
  • Интернеттегі этикет нормалары мен желілік қауіпсіздік негіздерін түсіну.

PISA электронды мәтіндік материалдары сызықтық немесе сызықтық емес мәтіндер түрінде ұсынылуы мүмкін. (4-сурет)

  1. сурет. Мәтіндік материалдардың ұйымдастырылуы

https://bilimcenter.kz/upload/online_mektep/lesson/3aec8b370e55d3b0ba179d4b910ee312/15.jpg?v1613234358307

Көптеген электронды мәтін гипермәтін үлгісінде беріледі. Сызықтық емес мәтіндерді осылай да атайды, себебі мәтіндер арасында байланысты орнату үшін бір бөлімнен басқа бір бөлімге ауысуға болады, яғни оқу ретін оқырман таңдай алады. Мәтін материалын осындай үлгіде ұйымдастыру кезінде оның бірліктерінің арасындағы ықтимал өзара байланыс бір жүйе ретінде көрсетіледі. Осы байланыстарды басшылыққа ала отырып, сызықтық жүйе жасауға, яғни мәтінді кез келген ретпен оқуға болады. «Сызықтық емес мәтіндер» бірнеше кері шегінісі бар,

шашыраңқы байланыстар мен комментарийлерден тұрады. Мысалы, сілтемелерден тұратын сөздік. Гипермәтінге тән сілтемелер, бір жүйеде баяндаудың жоқтығы ойнақы әсер қалдыру үшін қазіргі таңда постмодернистік әдебиеттерде қолданылады.

Оқырман өзінің ойына сай құрылымдай отырып (яғни гиперсілтемелер мен түйінді сөздер бойынша), өзінің мәтінін құрастырады. Оқу ретін оқырман өзі таңдайды. Сызықтық емес құрылым гиперсілтемелер бойынша ақпаратты тез іздеп-табуға көмектеседі. Мұндай іздеу жолын метаіздеу деп атайды. Сондықтан электронды анықтамалық басылымдармен жұмыс істеу баспа нұсқалардан қарағанда тиімдірек болып саналады, яғни көлемінің ықшамдылығы, жылдамдық, салыстыру үшін бірнеше қосымша басылымды қарау мүмкіндігі бар.

Жиі кездесетін гипермәтіннің үлгісі - бірнеше тармақтан тұратын құрылымдағы гипермәтін. Ол бірнеше мәтіннің басын біріктіріп, бірнеше оқу нұсқасына жағдай жасайды (мысалы, Википедияны оқып отырғанда бір сілтемеден бір сілтемеге ауысу; не болмаса рет-ретімен оқып шығу, мұндайда сілтемелерді не басынан, не аяғынан бастау талабы жоқ және с. с. ) . Төменде Википедиядан алынған «өнер» ұғымымен танысуға болады. Бір ұғымның аясында бірнеше сілтеменің көрсетілгеніне назар аударыңыз. (5- сурет)

  1. сурет. Гипермәтін үлгісі

https://bilimcenter.kz/upload/online_mektep/lesson/3aec8b370e55d3b0ba179d4b910ee312/16.jpg?v1613234358307

БАҒДАРЛАМАНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЛАНУЫ АПТАСЫНА - 1 САҒАТ, БАРЛЫҒЫ - 34 САҒАТ

Мазмұны

Сағат саны

№:

1

Мазмұны:

Кіріспе.

Сағат саны:

1

№:

2

Мазмұны:

PISA халықаралық зерттеуі.

Сағат саны:

1

№:

3

Мазмұны:

PISA тест тапсырмаларының құрылымы.

Сағат саны:

1

№:

4

Мазмұны:

Оқу сауаттылығы.

Сағат саны:

1

№:

5

Мазмұны:

Мәтін және мәтін типтері.

Сағат саны:

1

№:

6

Мазмұны:

Оқу сауаттылығы бойынша үлгілік тапсырмалар. 1-мәтін. Бақыт.

Сағат саны:

1

№:

7

Мазмұны:

2-мәтін. Табиғатты сақтау - болашақты сақтау.

Сағат саны:

1

№:

8

Мазмұны:

3-мәтін. Болашақ - ғаламтор-журналистикада.

Сағат саны:

1

№:

9

Мазмұны:

4-мәтін. Болашақтың мамандықтары.

Сағат саны:

1

№:

10

Мазмұны:

5-мәтін. Роботтар әлемі.

Сағат саны:

1

№:

11

Мазмұны:

6-мәтін. Ғаламтор ғаламаты.

Сағат саны:

1

№:

12

Мазмұны:

7-мәтін. Цифрлық инфрақұрылым.

Сағат саны:

1

№:

13

Мазмұны:

8-мәтін. Жастар жадына ғаламтор жау.

Сағат саны:

1

№:

14

Мазмұны:

9-мәтін. Жадынама.

Сағат саны:

1

№:

15

Мазмұны:

10-мәтін. Үнпарақ.

Сағат саны:

1

№:

16

Мазмұны:

11-мәтін. Тағылым отбасынан басталады.

Сағат саны:

1

№:

17

Мазмұны:

12-мәтін. Достық уақытпен сынала ма?

Сағат саны:

1

№:

18

Мазмұны:

13-мәтін. Жарнама.

Сағат саны:

1

№:

19

Мазмұны:

14-мәтін. Қазақтардың ежелгі баспанасы - киіз үй.

Сағат саны:

1

№:

20

Мазмұны:

15-мәтін. Кітапхана.

Сағат саны:

1

№:

21

Мазмұны:

16-мәтін. Тамақтың құндылығы.

Сағат саны:

1

№:

22

Мазмұны:

17-мәтін. Екі дос.

Сағат саны:

1

№:

23

Мазмұны:

18-мәтін. Қасиетті Түркістан қаласы.

Сағат саны:

1

№:

24

Мазмұны:

19-мәтін. Тұмау.

Сағат саны:

1

№:

25

Мазмұны:

20-мәтін. Хельга Хилтунен.

Сағат саны:

1

№:

26

Мазмұны:

21-мәтін. Қымызмұрындық.

Сағат саны:

1

№:

27

Мазмұны:

22-мәтін. Жүргіншілер.

Сағат саны:

1

№:

28

Мазмұны:

23-мәтін. Морелэнд.

Сағат саны:

1

№:

29

Мазмұны:

24-мәтін. Ит жетектеген әйел.

Сағат саны:

1

№:

30

Мазмұны:

25-мәтін. Аралар.

Сағат саны:

1

№:

31

Мазмұны:

26-мәтін. Чад көлі.

Сағат саны:

1

№:

32

Мазмұны:

27-мәтін. Маконда.

Сағат саны:

1

№:

33

Мазмұны:

28-мәтін. Күн.

Сағат саны:

1

№:

34

Мазмұны:

Қорытынды сабақ.

Сағат саны:

1

1 - МӘТІН. БАҚЫТ

Ерте, ерте, ертеде жайқалған үлкен алма ағашы болыпты. Бір кішкентай бала үнемі сол алма ағашының көлеңкесінде ойнағанды жақсы көретін. Ағаштың ең басына шығып, нәрлі жемісін жеп, көлеңкесінде ұйықтайтын еді. Ағашты жақсы көретіні анық еді. Ағаш та баланы жақсы көретін. Уақыт өте, бала ер жетіп, ағаштың көлеңкесінде көп ойнамайтын болды. Бір күні бозбала көңіл күйі болмай, алма ағашына келеді.

  • Менімен ойнашы, - деп өтінеді ағаш.
  • Ағаштың көлеңкесінде ойнайтын кішкентай бала емеспін. Қазір мені басқа заттар қызықтырады, бірақ оларды сатып алуым үшін ақшам жоқ, - деп жауап береді жігіт.
  • Қап, менде де ақша жоқ . . . Бірақ сен барлық алмаларымды жинап алып, оларды сатсаң, табыс таба аласың.

Бозбала қуанып, ағаштың барлық жемісін жинап алады да, тағы да ұзақ уақытқа жоқ боп кетеді. Бірер жылдан соң ғана қайтып келеді. Кешегі бозбала ендігі азамат болды. Ағаш оны көріп қатты қуанады.

  • Менімен ойнашы! - деп өтінеді ағаш.
  • Ойынға еш уақытым жоқ. Жұмыс істеуім керек, балашағамды асырауым керек. Үй керек, жай керек. Көмектесе аласың ба? - Кешір . . . Менің үйім жоқ. Бірақ бұтақтарымды кесіп, солардан үй жасауыңа болады . . .

Адам қуана келіседі де, ағаштың бұтақтарын кесіп алады. Адамның қуанғанын көріп, ағаш та қуанады. Содан адам тағы да ұзақ уақытқа көрінбей кетеді. Көп жылдардан соң адам қайтадан ағаштың жанына келеді.

Ағаш:

  • Досым, кешір. Саған беретін еш нәрсем қалмады. Алма да жоқ . . .
  • Керегі де жоқ. Алма жейтін тісім де қалмады, - дейді

адам. Ағаш:

дейді.

  • Үстіме шығарып ойнатайын десем, бұтақтарым да жоқ, -
  • Ойын үшін тым кәрімін, - дейді адам.
  • Саған ешбір нәрсемен пайдалы бола алмайтыным мені

қатты мұңайтады. Бар қалғаны - кәрі, қурап бара жатқан тамырларым ғана, деді ағаш мұңайып.

  • Маған көп нәрсенің керегі жоқ. Демалатын бір орын болса, болғаны. Өткен жылдар шаршатыпты, - деді адам.
  • Кәрі ағаштың тамырлары - демалу үшін жақсы жер, жантайып демала ғой, - дейді кәрі ағаш. Кәрі адам ағаштың түбіне отырып, жанына тыныштық тапқандай болады. Ағаш болса адамның бақытын көріп, тағы бір қуанды.
  1. тапсырма. БАҚЫТ

Мәтін мазмұнына сәйкес мақалды анықтаңыз. А) Адамның сұлулығы - шыншылдығында.

В) Ары таза жігіттің ары таза. С) Уақыт - көшкен керуен.

Д) Бақыт белгісі - білім.

Е) Кең болсаң - кем болмайсың.

  1. тапсырма. БАҚЫТ

Ағаштың отбасылы жігітке берген көмегін белгілеңіз. А) Арманын тыңдады

В) Алмасын берді

С) Гүлдерін сыйлады Д) Тыныштық сыйлады

E) Бұтақтарын кесіп берді

  1. тапсырма. БАҚЫТ

Адамның ағашты риясыз жақсы көретіні қай өмір кезеңінде суреттеледі?

А) 2

В) 3

С) 4

Д) 1

E) 3, 4

  1. тапсырма. БАҚЫТ

Мәтін мазмұнына сәйкес келмейтін нұсқаны табыңыз. А) Ағашты үнемі күтіп-баптады.

В) Ағаштың жемісін сатты.

С) Ағаштың жемісін жинап алды.

Д) Бала кезінде ағаштың нәрлі жемісін жейтін.

E) Ағаштың бұтақтарын кесіп алды.

  1. тапсырма. БАҚЫТ

Мәтін соңында ағаштың мұңаю себебін түсіндіріңіз.

  1. тапсырма. БАҚЫТ
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөйлеу жанрлары мен мәтін жанрлары
Оқушылардың әдеби тіл стильдеріндегі мәтін бойынша жазбаша сөйлеу әрекетін дамыту әдістемесі
Сауат ашудан кейінгі кезеңде мәтіндермен жұмыс істеу ерекшеліктері.
Ауызша мәтін артикуляциясы
Пайымдаудың коммуникативтік- мағыналық статусы
Мәтін арқылы қазақ тілін танымдық тұрғыдан оқытудың әдістемесі
Т. Ахтановтың Шырағың сөнбесін шығармасының тілдік ерекшелігі
Мәтінді оқыту әдістемесі
Әңгімелеу мәтінінің тілдік-стилистикалық сипаты
Мәшһүр Жүсіп шығармаларын лингвостилистикалық талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz