Жаратылыстану-математика бағытындағы информатикадан жүргізілетін қолданбалы курстар


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 5

І. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАҒДАРЛЫ ОҚЫТУДЫ

ДАМЫТУ ЖАҒДАЙЛАРЫ

1. 1. Қазақстандағы бағдарлы оқытуды ұйымдастыру . . . 6

  1. 12 жылдық білім беру моделіндегі бағдарлы оқытуды ұйымдастыру мақсаты мен басшылыққа алу ережесі . . . 7
  2. Бағдарлы оқытудың білім беру мазмұны . . . 9

1. 1. 3. Бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың мүмкіншілік түрлері . . . 11

1. 1. 4. Бағдаралды даярлық . . . 12

I. 2. Қазақстанда 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасын іске

асыру жолдары . . . 13

1. 3. 12 жылдық білім берудегі бағдарлы және бағдаралды дайындықты

ұйымдастырудағы психологиялық қолдау . . . 21

1. 4. 12-жылдық оқытуға көшу барысында информатиканы оқытудың негізгі бағыттары . . . 28

ІІ. ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-МАТЕМАТИКА БАҒЫТЫНДАҒЫ ИНФОРМАТИКАДАН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ҚОЛДАНБАЛЫ КУРСТАР

2. 1. 12-жылдық білім беру жағдайында информатиканың мазмұны мен оқытудың әдістемелік жүйесі . . . 32

2. 1. 1. Орта жалпы білім беретін мектептің 10-11 сыныптарына арналған

бағдарлама . . . 38

2. 2. Қолданбалы курстар туралы түсінік . . . 42

2. 2. 1. Қолданбалы курстың маңызы мен формасы . . .

2. 3. Информатикадан қолданбалы курстарды жүргізуде қолданылатын

әртүрлі бақылау түрлері мен құралдары . . . 45

III. ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-МАТЕМАТИКА БАҒЫТЫНДА ИНФОРМАТИКАДАН ҚОЛДАНБАЛЫ КУРСТАРДЫ ДАЙЫНДАУ

3. 1. Қолданбалы курстарды дайындау әдісі . . . 52

3. 2. Информатикадан қолданбалы курстардың түрлері . . . 54

  1. «Компьютерлік кескіндеме және дизайн» қолданбалы курсының

оқу бағдарламасы . . . 59

3. 4. “Adobe Photoshop ортасындағы графика ”атты элективті курс . . . 64

ІV. ҚОРЫТЫНДЫ . . . 67

V. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 69

КІРІСПЕ

Еліміздегі жаңа білім беру реформасы 12 жылдық білім беруге көшу арқылы шығармашылықпен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық үлгіні жасауды, «жалпыға арналған білімнен», «білім әркімге өмір бойы» үлгісіне көшуді және әлемдік білім беру кеңістігіне жедел енуді қамтамасыз етуді мақсат етеді. 12 жылдық білім мазмұнының негізгі мақсаты - қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі қоғамда өмір сүруге икемді, жеке басының, сондай-ақ қоғам пайдасына қарай өзін-өзі толық жүзеге асыруға дайын, білімді, шығармашылыққа бейім, құзіретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру.

Қазақстан Республикасында 2011 -2020 жылдар аралығында білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында және 12 жылдық білім беру тұжырымдамасында бағдарлы оқытудың үш бағыты анықталған: оның біріншісі, жаратылыстану-математикалық , екіншісі, әлеуметтік-гуманитарлық , үшіншісі, технологиялық.

Бағдарлы оқыту - оқу бағытының ішінде оқушы таңдап алатын, оқушының танымдық сұранысын және ынтасын қанағаттандыруға әрі оның жеке білімдік траекториясын іске асыруға бағытталған бағытты пәндердің және қолданбалык курстардың жиынтығы. Бағдарлы оқу мазмұнының вариативтік бөлігіне оқушылардың таңдауы бойынша қолданбалык және қолданбалы курстар кіреді. Қолданбалы курстар - бағдарлы оқытудың құрамына кіреді. Оқушылар бұл курстарды міндетті түрде өтуі керек.

Ұсынылып отырған «12 жылдық мектептің жаратылыстану-математика бағытында информатикадан қолданбалы курстарды дайындау» атты дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты : жалпы білім беретін орта мектептің жоғарғы сатысында оқушыларды мамандық бойынша бағдарлы оқытудың ғылыми негізін нақтылау, оның практикада қолданысын анықтау, сондай-ақ осы қолданбалы курстарды құру ерекшеліктерін белгілеу болып табылады. Жұмыстың өзектілігі : Жалпы орта білім беретін мектепте информатика пәнін бағдарлы оқытудың оқу-әдістемелік жүйесі әлі нақты қалыптасқан жоқ. . Осыған байланысты информатика пәні бойынша өткізілетін бағдарлы курстардың оқу бағдарламасы мен қолданбалы курстарды оқыту әдістемесін даярлап, оларды құру ерекшеліктерін қарастыру.

Дипломдық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде Қазақстандағы бағдарлы оқытудың жағдайлары, педагогикалық теориялық негіздемесі жасалынды. Екінші бөлімде 12 жылдық білім беру жағдайында информатиканың әдістемелік жүйесінің ерекшеліктері қарастырылып, жаратылыстану-математика бағытындағы информатикадан жүргізілетін қолданбалы курстар туралы мағлұматтар берілді. Үшінші бөлімде жоғарыда аталған бағыттағы информатикадан қолданбалы курстарды дайындау әдісі қарастырылып, «Компьютерлік кескіндеме және дизайн» атты қолданбалы курстың оқу бағдарламасы ұсынылып отыр.

І. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАҒДАРЛЫ ОҚЫТУДЫ

ДАМЫТУ ЖАҒДАЙЛАРЫ

1. 1. Қазақстандағы бағдарлы оқытуды ұйымдастыру

Қазақстанда бағдарлы оқытуды ұйымдастыруды оқушылардың оқуын саралап жіктеу және даралау әдісі ретінде екі кезеңге бөліп қарастырамыз. Республикадағы білім берудің бірінші кезеңі, ХХ ғасырдың 90-жылдарынан бастап, барлық посткеңестік елдер кеңістігінің тәжірибесіндегі бір, бірыңғай жалпы білім беретін кеңестік мектептерді өзгерту қажеттігі туындады. ХХ ғасырдың соңғы он жылдығы оқу орындары (лицей, гимназия, арнаулы мектептер, дарынды балалар мектебі, халықаралық мектептер) моделінің дамуы және қалыптасуымен, мемлекеттік емес сектордағы оқу орындарының құрылуымен, авторлық оқу курстарының бағдарламасын әзірлеумен, қолданылатын білім беру дамытушылық технологиясы және т. б. спектрлардың кеңейуімен ерекшеленді. Қазақстанда бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың негізгі идеялары Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінің даму тұжырымдамасында (1996 ж), жалпы орта білім берудің мазмұнының Тұжырымдамасында (1996 ж) көрініс тапты. Сондай-ақ жалпы білім беретін мектептердің даму тұжырымдамасы орта білім (толық) беретін мектептердің жоғары сатысында аяқтауды анықтады. Сонымен қатар оқушылардың қызығушылығын ескеру саралап жіктеу негізінде: жаратылыстану-математикалық, гуманитарлық-эстетикалық және кәсіптік-техникалық бағыттар бойынша ұйымдастыру жоспарланған. Оқушылардың белгілі таңдау деңгейін қалыптастыруда таңдалған білімді іріктеу мен игеру мүмкіндігін қамтамсыз ету және оқу процесіндегі таңдау құқығы «білім беру мазмұнын гуманизациялау мен даралау қазіргі мектептегі шешімді бетбұрысқа» талаптануын көрсетті [1] .

«Білім» (2000) Мемлекеттік бағдарламасы «бағдарлы оқытуды деңгейлеп саралап жіктеу мен даралауды жүзеге асыруда, соның ішінде сыныптың сыйымдылығының аздығы жағдайы» үшін «педагогикалық қызметкерлердің дайындық деңгейін мазмұнды жақсарту мен оқу процесін өзгеше негізде ұйымдастыру» қажеттігімен түсіндіріледі. Қазақстандағы бағдарлы оқыту идеясын жүзеге асырудың екінші кезеңі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті жалпы орта білім беру стандарты «Негізгі ережелер» ҚР МЖБС 2. 003. - 2008 енгізумен байланысты [2] . Бұл құжатта жалпы орта білім берудің жоғары сатысына сипаттама беріліп, 2006-2007 оқу жылындағы Қазақстандағы бағдарлы оқытудың ұйымдастырудың негізі болып есептелді. 2 жыл (10-11 сыныптар) оқытудың нормативтік мерзімімен анықталған. Бағдарлы оқытудың міндеттеріне оқушылардың танымдық қызығушылығын, шығармашылық қабілетін дамыту, саралап жіктеп оқыту негізінде өзіндік оқу қызмет дағдысын қалыптастыру жатқызылды. Бағдарлы оқыту мазмұнын іріктеу базалық білім беруді қамтамасыз ету үшін толық функционалдық негізге, сонымен қатар жалпы орта білім беру сатыларының сабақтастығына (бастауыш, негізгі, жоғарғы) сәйкес іске асырылады. МЖБС 2. 003. - 2002 сәйкес 10-11 сыныптардағы бағдарлы оқыту қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттар бойынша әзірленеді. Осындай сипатта ұйымдастырылатын бағдарлы оқыту бастапқы кәсіптік, орта кәсіптік, жоғары білім алуды қарастыратын болады.

Бүгінгі күнде Қазақстанда 11 жылдық білім беру стандарттарын іске асыру жағдайында екі деңгейлік оқу бағдарламалары мен бағдарлы оқытудың 10-11 сыныптардағы оқу пәндері бойынша қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттарының оқу-әдістемелік кешендері дайындалды. Республиканың педагогтары инновациялық қызмет жағдайында 10-11 сынып оқушыларының бағдарлы оқыту мазмұнының вариативті компонентін жүзеге асыратын курстар бойынша оқу бағдарламаларын әзірледі. МЖБС 2. 003. - 2002 мазмұнының Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңымен ара қатынасын, әлеуметтік тәжірибенің дамуын ескере, қоғамдағы жаңа құндылықтарды, жоғары сыныптағылардың оқуын ұйымдастырудың халықаралық тәжірибесін зерделей, 12 жылдық білім беруге көшуде бағдарлы оқыту моделін құрастыруға қажетті, төрт ұстанымды көрсету маңызды :

  • Бағдарлы оқытудың міндеттерін жетістікпен іске асыру жағдайында негізгі орта білім беру деңгейінде оқушылардың Бағдаралды дайындық жүйесін ұйымдастыруды қарастыру қажет.
  • Бағдарлы оқыту міндеттеріне оқушылардың кәсіби бағдары мен кәсіби бағдарламаларын жетістікпен игерудегі даярлығын жатқызуға болады.
  • Бағдарлы оқытуды ұйымдастыруды орта білім берудің барлық деңгейінде, соның ішінде-техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында қарастыру қажет.
  • Бағдарлы оқыту моделі оқу орындары моделдерінің деңгейінде білім беру вариативтілігін, білім беру мазмұнын, оқыту процесін, 11-12 сынып педагогы инновациялық қызметін одан әрі даму қажеттілігін алдын-ала ескеру керек [1] . 12 жылдық білім беру моделіндегі бағдарлы оқытуды ұйымдастыру мақсаты мен басшылыққа алу ережесі

Бағдарлы оқыту - кәсіптік білім беру бағдарламаларын игеруге даярлау, олардың кәсіптік бағдарлары үшін жағдай жасау, оқушылардың арнаулы бейімділігі мен қызығушылығын, танымдық қабілетін ескеруге бағытталған білім беру процесінің құрылымы мен мазмұнын ұйымдастыру түрі, жоғары сыныптағылардың оқуын даралау мен саралап жіктеудің педагогикалық жүйесі.

Бағдарлы оқытуды ұйымдастыру мақсаты:

1. Оқушылардың әлеуметтену мүмкіндігін кеңейтіп, Қазақстан азаматтарының сындарлы ролі ретінде базалық құзыреттер түріндегі білім беру жүйесінің ұлттық мақсаттарына жетуге мүмкіндік туғызу.

2. Жалпы орта білім беру жеке оқу жоспарларын жобалау мен іске асыру мүмкіндігін, 11-12 сынып оқушыларының білім беру мазмұнын саралап жіктеу үшін нормативттік және ұйымдастырушылық педагогикалық жағдай жасау.

3. Оқушылардың сапалы білімге қол жеткізуін, олардың қабілеті мен қызығушылығын, танымдық және өмірлік қажеттіліктеріне, бейімділіктеріне сәйкес қамтамасыз ету.

4. Жоғары кәсіби және орта білім деңгейінің сабақтастығын қамтамасыз ету.

Білім берудің тұлғаға бағдарланған парадигмасын іске асыру бағдарлы оқытуды ұйымдастыру ережесіне байланысты. Бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың басқарушы ережелері төмендегідей ұстанымдарды білдіреді :

1. Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру деңгейінің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты жалпы орта білім берудің жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық, технологиялық бағдарлы оқыту бағыттарын анықтайды. Білім беру мазмұны мен оқыту процесі түйінді және пәндік құзіреттер жүйесіне жету қажеттігін ескере құрылады.

2. Ұйымдастырылатын бағдарлы оқыту моделі оқу орнының білім беру процесін ұйымдастырудағы мүмкіндіктеріне сәйкестендіріліп, оқытуды саралап жіктеумен қамтамасыз етуде сыртқы серіктестіктерді қатыстыру мен аймақтың күш-қуатын ескереді.

3. Бағдарлы оқыту бағдарламасын жүзеге асыруда, оның ішінде үш ұстанымы ескеріліп, оқу орындарының түрлері анықталады :

а) республикада бағдарлы оқыту тәжірибесімен қалыптасқан, жалпы білім беретін мекемелердің әр түрлі орындары бар;

б) Қазақстандағы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің дамуымен орта буынның білікті мамандарын даярлауға әлеуметтік тапсырыс;

в) Негізгі білім беру бағдарламалары бойынша үлгермеген оқушылар үшін жоғары сатыдағы бағдарламаларды шығару білім берудің Халықаралық стандартының (1997 г. ), топтастыру ережесімен келісілген.

Бағдарлы оқыту міндеттерін іске асыру мақсатында 3 деңгейде вариативтік білім беру жүйесі құрылады: институционалдық, мазмұнды және технологиялық.

Институционалдық деңгей 11-12 сыныптарда жалпы орта білім беретін оқу орнының көп қыры мен түрлі деңгейін анықтаған. Әр түрлі жалпы білім беретін мектептер, гимназиялар (1-12 сыныптар), академиялық лицейлер (5-12 сыныптар), бағдарлы мектептер (11-12 сыныптар)

Ауылдық жердегі мектептердің әлеуметтік маңызы ескеріле жалпы білім беретін мектептер сақталады және одан әрі дамиды. Жалпы білім беретін мектептер 1-4, 5-10 сыныптардың бағдарламаларына және 11-12 сынып оқушыларының бағдарлы оқыту бағдарламаларына толықтыруларды іске асырады. Қалалық жерлерде тек қана 11-12 сыныптардың бағдарламалары жүзеге асатын Қазақстан үшін жаңа типті оқу орны институционалды- бағдарлы мектептер құрылатын болады. Бағдарлы мектепті «мектеп-колледж», «мектеп-ЖОО» кешені жүйесінде жасау мүмкіндігі қарастырылуда. Арнаулы білім беру ұйымдарының желісі сақталуда және дамуда (хореграфиялық, спорттық, көркем өнер, кадеттер мектебі және т. б. ) [3] .

Бірінші Президенттің Интеллектуалды мектебі, «Дарын» дарынды балаларға арналған арнаулы мектептер жүйесі дамуда. Оқу орындарының көп қырлы жағдайында бірыңғай білім беру кеңістігі білім беру стандарттарымен қамтамасыз етіліп, онда білім берудің базалық мазмұнының құрамы мен құрылымының жалпы талаптары, жалпы орта білім берудің күтілетін нәтижелері көрсетіледі.

Мазмұнды деңгей оқу бағдарламалары мен оқу әдебиеттерінің вариативтілігін, кіріктірілген оқу курстарын енгізуді, мектептің бағдарлы оқыту бағыттарын, оқушының- таңдау бойынша курстар құрамын таңдау мүмкіндігін қарастырады. Оқу процесі - оқытудың жинақталған жүйесі негізінде құрылады.

Технологиялық деңгей оқытудың тиімді технологиясын енгізумен анықталған. Оқу бағдарламалары тек қана оқылатын материалды ғана емес жоғары сыныптағылардың қызмет түрлерін көрсетеді: зерттеу, пікірталас, құрастыру, жобалау және т. б.

Жоғары сыныптағылардың бағдарлы оқытуын ұйымдастыру мен дамыту негізі педагогтың технологиялық мәдениетінің дамуын, педагогтың кәсіби ойлауын өзгертуді, білім беру процесінің барлық субьектілерінің ақпараттық мәдениетінің қалыптасуы мен дамуын қарастырады.

1. 1. 2. Бағдарлы оқытудың білім беру мазмұны

Бағдарлы оқыту үш бағыт шеңберінде: жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық және технологиялық бағытта жүзеге асырылады.

Бағдарлы бағытын мәлімдеген білім беру мазмұны екі бағытты ескере анықталды. Біріншіден бағдарлы оқытуды анықтау бойынша 11-12 сынып оқушыларының жекелеген қабілеті мен қызығушылығын ескеру үшін білім беру мазмұнының құрамы мен құрылымы педагогикалық жағдай жасауға бағытталу керек.

Екіншіден, үш бағыт шеңберінде білім беру мазмұнын анықтауда оқушылардың базалық жалпы білім беру даярлығын аяқтауды қамтамасыз ететін міндетті оқу пәндерінің көлемін азайтып, базалық мазмұндағы пәндер үшін оқу-әдістемелік кешендердің саны оңтайландырылып, республикада қалыптасқан вариативті білім берудің және т. б. деңгейінің мүмкіндігі ескеріледі.

Бағдарлы оқыту жүйесінің үйлесімділігі аралас оқу пәндерінің (курстар) есебінен қамтамасыз етіледі және оқу мазмұнының элементтерінің келесідей типтерін: базалық мазмұндағы жалпы білім беретін пәндер (инвариантты компонент), жалпы білім беретін бағдарлы пәндер және таңдау бойынша міндетті пәндер (вариативті компонент), таңдау бойынша курстар (оқушы компоненті) енгізеді.

Базалық мазмұндағы жалпы білім беретін пәндер оқытылу тіліне қарамастан барлық оқушылар үшін үш бағыт (жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық және технологиялық) міндетті болып табылады.

Базалық мазмұндағы жалпы білім беретін пәндердің инвариантты компонентінің тізімі: ана тілі, қазақ тілі (оқытылу тілі қазақ тілінде емес мектептер) / орыс тілі (оқытылу тілі орыс тілінде емес мектептер), шетел тілі, математика, Қазіргі әлемдегі Қазақстан, адам және қоғам, өзін-өзі тану, жаратылыстану, дене шынықтыру, АӘД/ӨҚН, ақпараттық технологиялар мен жүйелер.

Жалпы білім беретін бағдарлы мазмұндағы пәндер жоғары сыныптағылардың бағдарлы оқыту бағытын, мамандандыруды қамтамасыз етеді. Жаратылыстану-математикалық бағдарлы бағыты келесідей пәндер құрамымен: химия, биология, география, физика, информатика қамтамасыз етілетін болады. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы оқушылар әдебиет, әлемдік көркем мәдениет, қоғамтану, мемлекет және құқық негіздері, риториканы оқиды. Бағдарлы оқытудың технологиялық бағытының мазмұны үшін келесідей пәндер құрамы анықталған: химия, биология, физика, технология, графика и жобалау.

Жалпы білім беретін базалық және бағдарлы мазмұндағы пәндердің құрамы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының деңгейін қамтамасыз етеді.

12 сыныптың түлектерінің жетістігі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптары деңгейімен біріңғай ұлттық тестілеу нәтижесі бойынша анықталады.

Таңдау бойынша міндетті пәндерге оқушылар үшін қатысу міндетті. Берілген компонент білім беру мазмұнының вариативті элементімен қарастырылып, мектеп өздігінен ұйымдастырады. Міндетті пәндер «толықтыру» қызметін орындап, «өзге» бағыттағы мазмұн есебінен білім беруді толықтырады. Оқушылар басқа бағыттағы жалпы білім беретін бағдарлы пәндердің тізімінен екі оқу пәнін таңдау мүмкіндігін алады.

Қызығушылығы бойынша курстар оқу жоспарының оқушы компонентінің есебінен іске асырылады және екі міндетті орындайды. Біріншісі - жалпы білім беретін бағдарлы пәндердің қолданбалы сипатын қамтамасыз ету. Екінші міндет -оқушылардың жеке қызығушылығын қанағаттандыру бойынша таңдаған бейіні шеңберінде білім беру мазмұнын іске асыруды қамтамасыз ету.

Базалық мазмұндағы жалпы білім беретін пәндердің, бағдарлы жалпы білім беретін пәндердің, таңдау бойынша міндетті пәндердің, таңдау бойынша курстардың шамамен көлемдік ара-қатынасы 56:26:10:8 пропорциясымен анықталады [2] .

1. 1. 3. Бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың мүмкіншілік түрлері

11-12 сыныптардағы бағдарлы оқытудың қалыптасқан мақсаттары мен үш бағытта ұйымдастыру құрылымы, ұйымдастырудың әр алуан түрлерін ұсынады. Бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың оқу жоспарларын іске асыру кезінде оқу мекемелерінің білім беру қорларымен қамтамасыздығы бағдарлы оқытудың түрлерін анықтаудың негіздемесін қарастырады. Бағдарлы оқытудың негізгі ұйымдастыру түрлеріне мектепшілік және желілік бағдарлы оқыту жатқызылады.

Мектепшілік бағдарлы оқыту

Жалпы білім беретін оқу орны оқушылардың білім алу қажеттілігіне, кадрлық және оқу-әдістемелік күш-қуатына байланысты бағдарлы оқытудың ұйымдастырылатын бағыттарын өздері анықтайды.

Бірбейінді оқыту кезінде (грек сөзі. мonos- біреу, жалғыз) оқу орны бағдарлы оқытудың бір бағытын іске асырады. (жартылыстану-математикалық немесе қоғамдық-гуманитарлық немесе технологиялық)

Көпбейінді оқыту кезінде (грек сөзі. polys - көптеген, есепсіз, көлемді) оқу орны бағдарлы оқытудың 2-3 бағытын іске асырады (жаратылыстану-математикалық немесе қоғамдық-гуманитарлық немесе технологиялық) .

Сол немесе өзге бағдарлы оқыту шеңберінде оқу орны сондай немесе өзге бағдарлы оқытуды ұйымдастырады. Бағдарлы оқыту мазмұнын мектеп компонентін таңдау бойынша Міндетті пәндер және жалпы орта білім беру оқу жоспарының оқушы компонентіндегі қызығушылығы бойынша Курстар есебінен қамтамасыз етіледі. Пәндер мен курстарды араласу шеңберінде түрліше бағдарлы оқыту ұйымдастырылуы мүмкін, сол оқу орнымен көлемді бағдарлы оқыту ұйымдастырылады.

Желілік бағдарлы оқыту

Бағдарлы оқытудың мақсаты мен міндеттері басқа білім беру ұйымдарының білім беру қорларына оқу орындарының қатыстырылу есебінен іске асырылады. Бірінші нұсқада бірнеше жалпы білім беретін оқу орындары желіге бірігеді, неғұрлым оқу-әдістемелік, кадрлық және материалдық қорларымен қамтамасыз етілген оқу орны, оның орталығына айналады. Оқу орны желі бойынша іске асырылатын, білім беру мазмұны тізбегін және механизімін өздері анықтайды: базалық мазмұндағы жалпы білім беретін пәндер, бағдарлы жалпы білім беретін пәндер немесе таңдау бойынша міндетті пәндер, таңдау бойынша курстар.

Екінші нұсқада оқу орны мекеменің қосымша техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру қорларын қатыстырады. Оқушылар білім берудің мемлекеттік стандарты шеңберінде тек қана оқу орны «негізінде» ғана емес, желілік мекемелерде қашықтықтан оқыту курстарынан, сырттай мектептерден жалпы орта білім алуға мүмкіндіктері бар.

1. 1. 4. Бағдаралды даярлық

11-12 сыныптарда бағдарлы оқытудың мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мектептің жоғарғы сатысында оқыту мазмұнын таңдауға 9-10 сыныптың оқушыларын даярлау үшін мақсатқа бағытталған педагогикалық жұмысты ұйымдастыру қарастырылады.

Бағдаралды даярлығы 9-10 сыныптың оқушыларын орта білім беру деңгейінде білім беруді жалғастыру жолын қамтамасыз етуге бағытталған педагогикалық ұжымның психологиялық-педагогикалық, ақпараттық және ұйымдастырушылық қызметінің жүйесі ретінде ұсынылады. Білім берудің екі жолы: не жалпы білім беретін оқу орнының 11-12 сыныптарында, немесе техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында қарастырылады.

Бағдаралды даярлығының міндеттері:

  1. Құзыреттер жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік беретін, оқушылардың қабілетін, бейімділігін, қызығушылығын айқындай білу.
  2. Оқушының болашақ кәсіптік қызметін жетістікпен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, танымдық және кәсіптік қызығушылығы кең спектрын дамыту.
  3. Кәсіптік қалыптасуына байланысты, соның ішінде өмірлік, әлеуметтік құндылықтар туралы ұғымдарды меңгеруге психологиялық-педагогикалық көмек беру.
  4. Мамандық алу жолында, білім алу бағытын жалғастыруды таңдау туралы саналы шешім қабылдау қабілетін қалыптастыру.

Бағдаралды даярлығы құрылымы педагогикалық қызметтің бірқатар бағыттарын өзіне кірістіреді: ағартушылық, насихат, диагностика, кеңес беру. Бағдаралды даярлығының мақсаты мен міндеттеріне жетуде 9-10 сыныпты оқушылары оқытудың институционалдық, мазмұнды бағалау жайымен қамтамасыз етіледі [3] .

Бағдаралды даярлығын білім беру желісін құру мүмкіндігі ретінде қарастырылып, нағыз түрлі типтегі оқу мекемелерін: мектептер, Бағдаралды даярлығы мен бағдарлы оқытуды өткізу үшін қорлары бар қосымша білім беру мекемелерін, техникалық және кәсіптік, жоғары оқу орындарын өзіне қосатын болады.

Бағдаралды даярлығының мазмұнды жайы 9-10 сыныптарда вариативті компоненттегі таңдау бойынша курстардың мазмұны мен оқушы компонентімен анықталған оқу жоспарларындағы жалпы көлемі аптасына 4 сағат сабақтар арқылы іске асырылады.

Бағдаралды даярлығын бағалау жайы негізгі ора білім беру деңгейіндегі түлектердің аралық және қортынды аттестациясының жаңа түрін әзірлей, негізгі мектептің курсы үшін мектеп бітіру емтихандарын «сыртқы» өткізу тәртібіне көшіру:

Аралық - Портфолио жүйесі яғни негізгі мектеп оқушыларының сабақтағы және сабақтан тыс қызметіндегі (жеке «Портфель оқу жетістігі») жеке білім беру жетістіктерінің жиынтығы.

I. 2. Қазақстанда 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасын іске асыру жолдары

12 жылдық жалпы орта білім беру Тұжырымдамасын іске асыру жолдары мынадай:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бейінді оқытуды ұйымдастыру жолдары
Информатиканы продуктивті оқыту әдістері
Бейінді оқыту - оқушының жеке тұлғасын дамыту құралы
Бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың негіздері
Информатиканы мектепте оқытудың жалпы мәселелері
Мектептерде информатиканы оқытуды стандарттау
Мектеп информатика курсы бойынша өткізілетін дәстүрден тыс сабақтың мақсаты
Информатика бағдарлы курсында компьютерлік графика курсын оқыту бағдарламасы
Құрылысшы мамандар даярлау негізінде студенттердің таңдау курсы ретінде ұсынылатын «Қатпарлы серпімді бет теңдеуінің математикалық моделін жасау» технологиясы мен пайдалану әдістемесін жасау
Мектептегі информатика курсының тәрбиелік мақсаты. Қазақстандағы бейіндік оқытуды ұйымдастыру тәжірибесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz